Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Қаржы саясаты және қаржы механизмі

1. 1Әлеуметтік - экономикалық процестердегі қаржы саясатының және қаржы механизмінің мәні мен маңызы . . . 8

1. 2. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары . . . 10

1. 3. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы . . . 13

2. Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы: бағалау әдістемесі мен даму серпіні

2. 1. Қазақстан Республикасының қаржылық дағдарыс кезіндегі сыртқы қарызы . . . 30

2. 2. Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару механизмдерін жетілдіру . . . 34

3 Қазақстан Республикасында қаржы секторын дамыту жолдары

3. 1. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған басымдықтары. . 38

Қорытынды . . . 61

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Қосымшалар . . . 69

Кіріспе

Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді.

Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен (жетіспеуімен) сипатталды.

Бұл несие капиталының сыртқы және ішкі нарығында мемлекеттік қарыз алу қажеттігін туғызды. Қаржы нарықтарынан қаражатты қарызға алу әлеуметтік-экономикалық даму мұқтаждары мен мемлекеттің өз қаржы қоры тапшылығының арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. Несиелер мен қарыздар алу арқылы қосымша мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың жағымсыз салдары ақша шығару практикасын қолданудан гөрі азырақ болды.

Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, қарызға алу саясатын ойластырылған түрде қолдану және мемлекеттік сектордың қарызын басқару мен жеке сектордың сыртқы қарызын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субьектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қара-жаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

Мемлекеттің қаржысы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Мемлекеттің қаржысы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ау-қымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-эконо-микалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжы-рымдамасын әзірлеу.

2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саяса-тының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау.

3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы (экономикалық қайта құрудың түбе-гейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) іс жүзінде жүзеге асыру.

Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық заңдрдың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.

Қазіргі кезде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері мнегізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыру отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Қаржы саясатының түбегейлі өзгеруімен байланысты қаржы механизмі қайта құрылуда. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты - нарықтық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржы механизмін қайта құрудың негізіне ұлттық шаруашылықта қаржылық өзара байланыстарды ұйымдастыруға деген қағидалы жаңа көзқарас қойылған, ол жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, аймақтардың шаруашылық ынтасы мен жауаптылығын барынша дамытуды қамтамасыз етеді.

Экономика дамуының қазіргі кезеңде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.

Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған.

Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.

Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, қарызға алу саясатын ойластырылған түрде қолдану және мемлекеттік сектордың қарызын басқару мен жеке сектордың сыртқы қарызын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.

Осыған байланысты дағдарыс кезінде қарызды басқару жүйесін негіздеу мен жалпы сыртқы қарызды басқару тетіктерін жетілдірудің тиімді нысандары мен әдістерін анықтау дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.

Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:

- нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;

- нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін, олардың экономикалық дамуға ықпалын бағалаудың көпшілік мақұлдаған тәсілдемелерін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;

- Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау, түйткіл мәселелерді анықтап, елдің дамуына қауіп төндіретін жағдайларды қарастыру;

- Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;

- елдің жалпы сыртқы қарызын, оның Қазақстан экономикалық жағдайларындағы ең шекті көрсеткіштерін неғұрлым дәл есептеудің әдістемесін анықтау;

- қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;

- сыртқы қарыздардың қалыптасқан деңгейі шеңберінде Қазақстанның қаржы және ақша-несие саясатын жүзеге асырудың ұсыныстарын дайындау.

Жұмыстың ақпараттық негізі ретінде ресми статистика, Қазақстан Республикасының үкіметтік және кепілдік берілген мемлекеттік борышы жөніндегі министрліктер мен ведомстволардың, халықаралық қаржы ұйымдарының (ХВҚ, ДБ, халықаралық рейтингілік агенттік және басқалары) деректері пайдаланылды.

1. Қаржы саясаты және қаржы механизмі

1. 1. Әлеуметтік - экономикалық процестердегі қаржы саясатының және қаржы механизмінің мәні мен маңызы

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарынқамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.

Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылды.

Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады(2. 1. сызбаны қараңыз) . Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.

Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.

Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.

Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттің қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, преспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясытының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.

Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны жамутудың негізгі тннденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынасатарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.

Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.

Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді. Тек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының кепілі. Экономикалық дамудың тәжірибесі қаржы саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономиккалық қиыншылықтарға ұрындыратынын, қоғамдық дамудың міндеттерін іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.

Қаржы саясаты ғылыми зерттемелерге негізделсе және ғылыми тәсілдеме қаржы саясатының нақтылы қаржы қатынастарынан үзілмейтіндігіне қызмет етсе, онда қаржы саясаты прогрессивті болуы мүмкін.

Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама - қайшылықты міндеттерді шешеді, демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.

Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысынң сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
  2. Дағдырысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
  3. Халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.

Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеушілерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып таблады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі және сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т. б. шешу үшінпайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.

Қаржы саясатын жасаған кезде оның бірнеше нұсқалары дайындалады. Олардың барлығы сараптық бағалаудан өткізіледі, неғұрлым оңтайлы нұсқасы үкіметке жіберіледі. Көп нұсқалы жоба математикалық үлгілеу мен жобалауды пайдалануды талап етеді. Мұнымен бірге үнемі өсіп отыратын қаржы ресурстарының босалқы қорын жасау қажет, сондай-ақ мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің табыстарын алудың неғұрлым оңтайлы үлестерін анықтау қажет. Қаржы саясатын жасаған кезде қаржы ресуерстарын бөлуге және оларды негізгі бағыттарға шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

Соңғы жылдардағы қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура келеді.

Тұрақтандырудың қаржы саясаты өзіне мына міндеттерді кіріктіреді:

  1. Инфляцияны тоқтату;
  2. Бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2% дейін төмендету;
  3. Мемлекет борышын ЖІӨ-нің 48% дейін жеткізу.

Қаржы саясатына ақша-кредит саясаты қосылады. Қаржы саясаты жетістіктерінің бірі - Ұлттық банк кредиттерін беру (эмиссия) жолымен мемлекеттік борышты жабудан заңнамалық түрде бас тарту.

1. 2. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субьектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қара-жаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.

Мемлекеттің қаржысы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Мемлекеттің қаржысы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ау-қымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

1) экономикалық заңдардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-эконо-микалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжы-рымдамасын әзірлеу.

2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып, қаржы саяса-тының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау.

3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы (экономикалық қайта құрудың түбе-гейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) іс жүзінде жүзеге асыру.

Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, эко-номикалық заңдрдың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.

Қазіргі кезде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері мнегізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;

ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыру отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды. [8, 23б. ]

Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағатандыру қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі. [8, 35б. ]

Таяудағы мақсат ретінде - мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;

қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі) ;

мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:

объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;

нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрлымын, қаржы қатынастарын жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;

қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі;

бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау;

салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;

негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;

қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.

1. 3. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласы кедендік бақылау департаменті бойынша кедендік әкімшіліктендіру қызметін ұйымдастыру мен жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеу
Орталық Кедендік орган
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі
Кеден органдарындағы кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізу тетіктерінің теориялық аспектілері
Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері
Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен принциптері
Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz