Төлем мерзімі басталғаннан несие мерзімі


Жоспар
Кіріспе6
1Тұтынушылық несиелендіру банктің бөлшек қызметіндегі стратегиялық бағыттардың бірі8
1. 1Тұтынушылық несиелендірудің мәні және оның әлеуметтік қырлары8
1. 2 Қазақстанда тұтынушылық несиелендіру жүйесін ұйымдастыру21
1. 3 Тұтынушылық несиелендірудің шетелдердегі ерекшелігі27
2«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның тұтынушылық несиелендіру тәжірибесінің бағалануы35
2. 1Банк қызметінің сипаттамасы және Қазақстанның банктік жүйесіндегі рейтингі35
2. 2«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ссудалық портфелінің талдануы41
2, 3 Коммерциялық банктердегі тұтынушылық несиелендіру бағдармаларының бағалануы50
2. 4Тұтынушылық несиені ұсыну механизмі59
3Банктік қызмет нарығындағы тұтынушылық несиелендірудің дамуы63
3. 1Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиелендірудің дамуының жағымды және жағымсыз жақтары63
3. 2«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ындағы тұтынушылық несиелендіру механизмін жетілдірудің негізгі бағыттары69
Қорытынды77
Қолданылған дереккөздер тізімі79
Қосымша А82
Қосымша Ә83
Қосымша Б84
Қосымша В85
Қосымша Г87
Кіріспе
Несие - экономика ғылымының басты категориясы болып табылады. Бұл тақырып ерекше маңызды, себебі қазіргі кезде несиелік қатынастар дамудың жоғарғы қызметіне жетті. Бүгінгі күнде ақша капиталының шешімін сөз етіп отырғанымыз жоқ, берілетін саудалар және несиелік қатынастардың субьектісіне, өсіп жатқан операциялардың әртүрлілігінде және тұтынушылық несиелендірудің ерекшелігінде несие операциялары-банк бизнесінің тиісті статьсы болып табылады. Көздердің есебінен кірістің негізгі есебін түрлендіру, резервті қорға жіберілетіндер және акционерлік банктің дивиденттік төлемдеріне байланысты.
Қазіргі кезеңде тұрғындарды несиелендіру банктің негізгі қызметі болып табылады. Бұл адамдардың тұтынушылық несиелендірудің тиімділігінде. Бұл несие түрі күнделікті өмірге қажетті тауарларды алуға, сондай-ақ тұрмыстық техника, автокөлік, тұрғын үй т. б. Жыл сайын жеке тұлғаларға берілген несиелерінің пайыздары өсуде. Сондықтан банктер тұтұнушылары үшін белсенді саясатын жүргізеді, несие берудің шарттарын жеңілдетеді және қызмет көлемін ұлғайтады. Мысалы: тұтынушылық несиелендірудің бастапқы кезеңдерінде, қарыз алушы қосымша қамтамасыз ету қажет, мысалы пәтер, автокөлік және т. б. сияқты. Бұл белгілі түрде несие беруді қиындатты, бұл адамдарға сенімсіздік тудырды. Қазір адамдар сатып алуға несие аларда, мысалға мұздатқышты алайық, кепілдікке сол алған тауарды қояды. Сонымен тағы бір жетістік банктердің дүкендермен, фирмалармен бірлесп, қызмет етуі. Бұл тұтұнушыға банктен несие алудың керек еместігін білдіреді. Дүкенге есепті банк төлейді, қарыз алушы тек несиені мезгілінде төлеуі керек.
Берілген тақырыптың өзектілігі: дипломдық жұмыстың басты мақсаты, халықты несиелендіру келешекте банк қызметтерінің ішінде жоғары дамыған және кең тараған болу керек. Соңғы кезде коммерциялық банктер, бұрын корперативті клиенттермен жұмыс істегендер, қазіргі кезде жеке клиенттерге аса көңіл бөлуде. Барлық банктер өздерінің жеке тұлғаларға несие беру бағдарламаларын ұсынды.
Өздерін диверсификациялау қызметінде қазақстандық банктердің тәжірибесінде тұтынушылық несиелендіру көптеп кездесуде. Тұтынушылық несиенің дамуы нарықтағы тауарлардың алуан түрлілігімен, тұрғындардың төлем төлеуге қабілетінің жоғары болуымен байланысты. Тауар айналымының өсуіне байланысты несиенің көлемі де артуда, себебі тауарға, несиеге деген сұраныс көбеюде. Сондықтан тұтынушылық несиені, тауарға деген сұраныс құралы деп қарастыруға болады.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан коммерциялық банктеріндегі, оның ішінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ тұтынушылық несиелендірудің теориялық және практикалық мәселелерін зерттеу болып табылады.
Осы қойылған мақсат барысында жұмыста келесі мәселелер қарастырылды:
- ҚР мен шетелдердегі тұтынушылық несиелендірудің теориялық ерекшеліктері;
- «Қазақстан Халық банкі» АҚ тұтынушылық несиелендіру жүйесіне анализ жүргізілді;
- зерттеу жүргізу нәтижесі бойынша тұтынушылық несиенің мәселелері айқындалды, оларды шешу жолдары және болашақ даму жолдары анықталды.
Зерттеу нысаны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несиелік қызметі болып саналады.
Бұл зерттеудің тірегі Қазақстан Республикасы тұрғындарын тұтынушылық несиелендіруде туындайтын экономикалық қатынастар.
Жұмыстың орындалуының ақпараттық базасы болып, Қазақстан ғалымдарының еңбектері болып табылады. Олардың ішінде келесідей салалардағы еңбектерді ерекшелеуге болады: қаржы, банк ісі, басқару, бәсекелестікке қабілеттілік Е. Арын, К. Сагадиева, Г. Гамарника, Н. Мамырова, В. Ли, С. Ауелбаева, М. Тусеева, А. Зейнельгабдина, А. Нұрымова, В. Мельникова, Г. Сейтқасымова, Г. Сигаева и т. д. Шетелдік еңбектерден келесідей еңбектерді атауға болады: Т. Коупленда, В. Круглова, И. Чепурного, П. Конюховского, Т. Коллера, Дж. Муррина, Питера С. Роуза, Э. М. Морсмана-младшего, Д. Стоуна, К. Хитчинга, Дж. Фридмана и т. д. Сол сияқты ҚР-дағы банк қызметі туралы нормативті құжаттар, заңды актілер пайдаланды.
1 Тұтынушылық несиелендіру банктің бөлшек қызметіндегі стратегиялық бағыттардың бірі
1. 1 Тұтынушылық несиелендірудің мәні және оның әлеуметтік қырлары
Кез келген банк қызметіндегі экономикалық білім мәнінен шығара отырып, дәстүрлі несиелеу- банк бизнесінің маңызды тірегі. Егер несие түрлерін тәжірибеміздегі несие қатынастары ретінде алып қарайтын болсақ, қазіргі заманғы экономистер арасында несиенің мазмұны, түрлерінің мәні және оның саны туралы көзқарас бір жақты емес.
Кейбір мамандардың көзқарасы бойынша несиелік қарым-қатынас елдің ішкі айналымында негізінен үш түрлі болып көрінеді: банктік, мемлекеттік және тұтынушылық. Өзінің даму барысында осы түрлердің әрқайсысы ұсақ түрлерге (рет-ретімен 2-ші, 3-ші), шарттары, мақсаты, әдістері және ссуданы беру және өтеу тәртібіне қатысты бөлінеді.
Тұтынушылық несие елдің тұтынушылық жағдайларын қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Ол тауарлы және ақшалай түрде болады. Тұтынушылық несиенің мазмұны, тұрғындардың несие алушылық қатысынан құралады. Тұтынушылық несие, несиелердің ішінде, жеке шаруашылықтың өндірісін дамытуын, сонымен бірге несиені құрылыс және жылжымайтын мүлікті қолдауды қамтитын несие. Тұтыну мақсатының ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын сипатымен байланысты болады. Ағымдық қажеттілікке арналған несие, тауар қорының сатылуын жылдамдатуға көмектеседі, тұрғындардың қажеттіліктерінің өсуін үнемі толық және дер кезінде қанағаттандырады. Ағымдық қажеттілікке арналған несие, сонымен қатар жеке шаруашылық өндірісін дамытуға ықпал етеді, содан келіп, шартты түрдегі «тұтынушылық несие» ұғымының мағынасы «тұрғындарды несиелендіру» деген нақты ұғымға айналады.
Коммерциялық банктің несие саясаты тұрғындармен өзара байланысты, мысалы, несиенің ең көп таралған түрі, тұтынушылық несие болып табылады.
«Тұтынушылық несие» терминіндегі шарттылықты ескерсек, бүгінде тұтынушылық белгісінен гөрі өнімділігінің басымдығы байқалады. Тұтыну мақсатындағы ссудасының өнімді белгісінің болуы мынадай: несие тек тұтынушының мақсатына, адамдардың өмір әрекетін жақсарту ( тағам, киім, демалыс және т. б. ) бағытына сәйкестеліп беріледі. Бір жағынан, банктер ұсынатын ағымдық қажеттілікке арналған несие, сол сияқты кәсіпорындардағы, сонымен бірге мекемелер мен ұйымдардағы өзара көмек кассасының қолма-қол ақшалары, бұлар тұтынушылық сипатындағы ссудалар болып табылады, ал үй сатып алу немесе үй құрылысы, шаруашылықтың қаражатын айналдыруға жұмсау үшін және және өндіріс мекемелеріндегі құрылысты жөндеуге арналған ссудалардың маңызын атап өтуіміз керек. Осы арқылы біздің еліміздегі және басқа да көптеген дамыған батыс елдерінде тұтынушылық ссудаларының сарындық ыңғайы, тек тұтынушылық деп аталатын ссудаларға бағытталады, онда тұтыну тауарларын алу немесе қызмет ету ақысы көрсетіледі. Ал, ипотекалық ссудалар, құрылысқа арналған, жөндеу және үй сатып алу ссудалары тұтынушылық болып саналмайды. Батыс банкирлерінің көзқарасы бойынша коммерциялық банктердің есептік көрсеткіштерінде олардың ұзақ мерзімді сипаты және маңызды қажеттілік мөлшерінің негіздеулері және бөлек балансты есеп қайта анықталады. Ссудаларға берілген «тұтынушылық» ұғымының батыстық түсінігі нақты емес, өйткені, ипотекалық ссудалармен алынатын тұрғын үй де, тұрғындардың тұтыну мақсатына қарай пайдаланатынын естен шығармау керек, онда өнімділік болмайды (өндірістік емес) .
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасында несиелік өзара қарым-қатынастың түрліше түрі қабылданған. Банктің жеке тұлғалармен несиелік қатынасын талдау мүмкіндігі, тұтынушылық, мемлекеттік, банктік, ипотекалық және халықаралық несие түрінің негізгісін зерттеу аймағын тарылта түскен.
Осылайша, коммерциялық банк несие саясатының зерттеу процесіне ерекше мән беріліп, тұрғындардың банктің тұтынушылық несиесінен туындаған өзара қатынасынан, банктің жеке клиенттермен несиелік өзара қарым-қатынасының түрі ерекшеленеді.
Коммерциялық банктің несие саясаты және тұрғындармен өзара қатынасы мынадай келесі логикалық тізбекшелерде қарастырылған.
Сурет 1 - Коммерциялық банктің несиелік саясатының тұрғындармен өзара арақатынасы
Банктің несиелік саясаты мен тұрғындарды өзара байланыстратын құрал тұтынушылық несие болып табылады, бір жағынан несие түрі болып, яғни банк пен несие алушының арасындағы экономикалық қарым-қатынас болады. Ал екінші жағынан нақты тұтынушылық ссуданы қабылдаушы ретінде қалады. .
Өзара байланыс базистік (несие) және құрылым категориясы (коммерциялық банктің несиелік саясаты), сонымен бірге субкатегориясы (несие түрі-тұтынушылық несие және несиелік саясаттың тұрғындармен арақатынасы), тұтынушының ссудалық түрінің тәжірибеде нақты көрсетілімі.
Несие саясатының пайда болуы тұрғындармен өзара байланысының тәжірибедегі көрінісі 2-ші суретте көрсетілген.
Тәжірибедегі көрініс.
Сурет 2 - Тәжірибелік тұрғыдағы несиелік саясаттың тұрғындармен өзара байланысы
Тұтынушылық несиесінің басты тағайындалу себебі - тұрғындар тауарларының сатылуын көтермелеу керек болғаннан шыққан. Бұл несие бөлшектік саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, несие көлемі тауар айналымының өсуімен несие көлемі көбееді, екінші жағынан- несиелеудің өсімі тұрғындардың өтемқабілеттілігінің сұранысын күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі кездегі нарық тауарларының жан-жақты шарттарымен ерекше айқындалады.
Банк ссудаларының басқа түрлерінен тұтынушылық ссудасының айырмашылығы, өндірістік және кәсіпкерлік мақсаттар үшін беріледі немесе кірісті активтерді алу, қарыз қаржыларының ақырғы тұтынушысы - жеке тұлғалардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылады. Сондықтан тұтынушылық ссудалары, тұрғындардың тіршілік-жағдайын жоғары көтерілуіне ықпал етеді. Тұтынушылық ссудалар қарыз алушының тауар тұтыну мен қызметтерді пайдалану, оның төлем жасауға мүмкіндігін қоса қарастырады, ондай жағдайдың нәтижесін қорытындыласақ, халықтың тұрмыс жағдайцы жақсара түседі. Тұтынушылық ссудалар әртүрлі мақсаттар үшін беріледі: қозғалмалы мүлік (автокөлік, жиһаз, тұрмыстық техника) және жылжымайтын мүлікті сатып алу, әртүрлі қызмет төлемдерін (тұрмыстық, медициналық және басқалар) жасау. Ссуданы алудың міндетті шарты болып, заем алушының болып табылады.
Тұтынушылық ссудалары ұсыну амалдарының қатысына қарай, тікілей және жанама тұтынушылық несиелері болып жіктеледі.
Ұсынылып отырған тікілей тұтынушылық несиесі берілгенде, банк пен ссуданы қолданатын қарыз алушы арасында несие келісімшарты бекітіледі. Жанама тұтынушылық несиесі делдалдылық арқылы банктің клиентпен арасындағы несиелік қатынасың болжайды. Осындай делдалылық бәрінен бұрын бөлшек сауда мекемелерінен жиі шығады.
Мұндай жағдайда несие келісімшарты клиент пен дүкендердің арасында банктік ссудаларды алудың жалғасты тәртібімен жүргізіледі.
Банктен тұрғындарға берілетін тұтынушылық қажеттілікті өтейтін тікелей және жанама несиелеудің өзіндік артықтығы мен кемшіліктері бар. Біріншісі, банктік тікелей несиелеу, жанама несиелеуден несие процесінің ұйымдастырылуының қарапайымдылығымен, несиелену обьектісінің нақты бағалану мүмкіндігін экономикалық мақсатбірлікті ссудаларды анықтау және ұйымдастыру әрекетін, оны қолдану және өтеу қайтарымын бақылайды. Бұның бәрі, еш шүбәсіз, банктің заем алушымен несиелік қатынасын ұйымдастыруға жағымды әсерін береді. Екінші жағынан, банктің көзқарасы бойынша, қолайсыз фактор ретінде банктік тікелей несиелендірулер аталады, әдетте жанама банктік несиелендірулеріне қарағанда, оларда бірнеше ең жоғары деңгейлі тәуекелділік тұрады.
Тұрғындардың тұтынушылық қажеттіліктерін банктік жанама несиелендіру, банкке тәуекелдік қысқартуға ықпалдық мүмкіндігі бар (несиелік, пайыздық, валютті, нарықтық және т. б. ), өйткені берілетін ссудалар, мысалы, заңды тұлғаларға (сауда мекемелеріне, заем алушылар жұмыс жасайтын кәсіпорындарға, фирмаларға және таға сондайлар) заем алушының несиетөлемінің сенімділігін және шынайылығын анықтайды, ссуданы өтеудің мерзімі мен толықтылығын, оның ішінде өтеу деңгейінің әрекеттерін бақылауды
Клиент көзқарасы бойынша, өте маңыздылары болып мына нәрселер белгіленген:
- ол ссуданы тұтыну қажеттілігі туған сәтте алады. (ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарды сатып алу кезінде, мысалы: несие картасы бойынша) ;
- осындай тығыз жағдайларда ол үшін банкке ссуданың берілуі жайында өтініш қажеттілігі және тағы сондайлар қажет емес. Әтүрлі банк қызмет нарығының қатысушыларына жанама тұтынушылық несиесі, кепіл арқылы диллерлік келісімшарттар мен саудалық индоскаментерді көрсетеді. Бұл банктік мекемлерге несие портфелі көлемінің мәнсіз операциялық шығындарын көбейтеді.
Жанама тұтынушылық несиенің, өтемі жабылмаған тәуекелдіктен қорғауына қатысты амалдары былай: тұтынушылық ссуданың «қайта өңделуге толық құқысы» және тұтынушылық ссуданың «қайта өңдеуге құқылы еместігі» болып ажыратылады.
Коммерциялық банктер үшін тұтынушылық несиенің «қайта өңдеуге құқылысы» ыңғайлы. Аталған жағдайда сауда мекемелері банктерден сатылған барлық міндеттемелері мен келісімшарттарға шартсыз кепілдіктер береді.
Банктің тәжірибесінде дамыған, оның көпбейнелілік түрлеріне қатысты тұтынушылық ссудалар жіктелісінің негізгі критериилері, мыналар болып табылады:
- субьект бойынша несиелік келісім (кредитордың және заем алушыныңбет бейнесі) тұтыну ссудаларының түрлерін былайша ажыратады;
- несие беруші мен алушылар (кредитор) бойынша - ссудалар, бұл банктерден, сауда мекемелерінен, ломбардтардан, жалға беру пунктерінен т. б. берілген;
- қарыз алушылар бойынша ссудалар: мекен-жайы бар және пәтерсіз т. б тұрғындардың бәрі, әртүрлі әлеуметтік топтар; түрлі жас ерекшеліктегі топтар; кірістің деңгейлік ажыратылымы белгіленген заем алушы тобымен; несиетөлеміне қабілеттілік пен төлеуқабілеттілігі; VIP-клиенттері; студенттер; жас отбасылар т. б. ;
- мақсатты бағыттағы ссудалар ( объектілерді несиелеу немесе қолдану бағытындағы) олар мақсатты (білім мақсатындағы ссудалар, құрылыс ссудалары немесе үй сатып алу, ипотекалық, тауарды ұзақ мерзімді пайдалану) және мақсатсыз (жедел жағдайлар, овердрафт) ;
- тұтынушылық ссудаларды мерзімді несиелендіру екіге бөлінеді: қысқа мерзімді (бір күннен бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан үш-бес жылға дейін), ұзақ мерзімді (үш-бес жылдан жоғары) деп бөледі.
Банктер ссудаларды бере отырып, әдетте оларды қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары) деп бөледі.
Қысқа мерзімді ссудаларды келісілген мерзімде (бір жыл ішінде) немесе талап еткен жағдайда құжаттандыруға болады. Талап етілгенге дейінгі мерзімді ссудалар уақыттың нақты белгіленуін жасамайды.
Талап етілгенге дейінгі мерзімді ссудалардың жиі қарастыратын мәселесі, заем алушының қарыз қаржысы, оның қысқа мерзімде ақшаға айналуы мүмкіндігінің салыстырмалы заңдылығы мен оның белсенділігі қарастырылады.
- қамтамасыздандыру ссудалары, екіге бөлінеді: , қамтамасыздандырылған;
- қамтамасыздандыру ссудаларына мыналар: кепіл, кепілдікті қолдаушы, кепілдікке ұсынушы, сақтандыру жатады. Кепіл қатысты әртүрлі активтер қолданылуы мүмкін, оның ішінде тауар-материалының бағасы, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік жатады.
Оған қойылатын негізгі талаптар - кепілге салынуы болып табылады. Негізгі себеп, банктің талабы бойынша қамтамасыз ету, тәуекелді заем алушының ссуданы уақытында және толық жабуды қаламаған жағдайында немесе қабілетсіздігінің арқасында әкелетін шығыны;
- қамтамасыздандыру ссуданы жабуға кепілдік бермейді, бірақ тәуекелді азайтады, банк кредиторлары кепілдің ақшаға тез айналу жағдайында және басқа да актив түрлері қатынасында басымдылық алады, солай ету арқылы банктік ссуданы қамтамасыздандырады.
Ссудалар банктің қатысынсыз мыналарды қамтамасыздандыра алады: қарыз алушының абыройлы беделі, тұрақты қаржылық жағдайы, келешектегі нақты кіріс дәйектемесі және өткен жылдың қанағаттанарлық төлемі болса, банк оларға жоғарыда аталған қамтамасыздану шарттарын қолданбайды;
- негізгі қарыз әдісі арқылы ссудалар ерекшеленеді, бірмерзімді жабу және бөліп төлеу; ссуда пайызының жіктелісін ұстау әдісі: ұсынылған ссуданың қазіргі ұсталған пайызы. Несиенің мерзіміне созылған пайызды жарналарды төлеуді пайдалану (үш ай сайын, жарты жылда бір рет немесе арнайы келісілген кесте бойынша келеді) . Бөлшектеп төлеу несиесі, төлеудің кезеңдік ссудаларды және пайыздық өсімді өтейді. Көптеген жағдайда қарыз алушы несиені тауар сатып алу үшін немесе басқа да шығындарды жабуы үшін және несиені тең үлестермен қайтаруға міндеттеме алады.
Банктік несиелеу, несиелендіру принциптерін қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылады, ол несие процесін ұйымдастыру талаптарын көрсетеді.
Несиелендіру принциптеріне мыналар жатады:
- қайтарылымды және жедел несиелендіру;
- дифференциялық несиелендіру;
- несиені қамтамасыздандыру;
- банктік ссудалардың ақылы төлемі;
- несиенің мақсатты сипаты.
Осы принциптердің әрқайсысына кейіңірек тоқталайық.
Банктер кәсіпорындар, мекемелер мен тұрғындардың уақытша еркін қаржыларымен қайтарылымды және жедел несиелендіруді қолданады. Бұл қаржы банктікі емес, жинақтап айтқанда, олар банкке әртүрлі нарық сегментері арқылы келген, олар қайтадан соларға жұмсалады (тұтынушылық, коммерциялық несиелендіру т. б. ) . Сондықтан «алтын» банктік ережеге бағынғандай, өз иелеріне қайтарылуы, жедел депозиттердің керегінде талабы орындалады. Мұндай қаржының негізгі міндеті - банкке жедел депозиттер шартымен салынған қаржыны иесіне салған көлемімен және мерзімімен алған міндеттемесіне сәйкес қайтаруы тиіс. Бұл негізі қаланған принциптің бұзылуы жағдайына және банктің банктік күйреуге әкеп соқтырады. Жедел несиелендіру несиені қайтарудың ерекше түрінің жетістігін көрсетеді. Бұл тек жай қайтарылмайды, несиенің қатаң белгіленген күні беріледі, онда нақты факторлар белгіленген. Сондықтан жедел несиелендіру несиенің уақытша белгіленген күнінде қайтарылады.
Қарыз иесіне қаржыны тар уақытты қолдануға, несиелендірудің мерзімі шектеліп беріледі, және сол іс-шара сандық өзгерістің уақыты арқылы сапасына қарай көшеді.
Егер ссуда мерзімі бұзылатын болса, онда несиенің жұмсалу, пайда табу қызметі бұрмаланады және өзінің түпкі тағайындамасын (уақыт тапшылығы) жоғалтады.
Дифференциялық несиелендіру. Дифференциялық әрекет жан-жақты несие мекемелері мен қарыз алушының әр түрлі потенциальдық категорияларын анықтайды. Нақты банктің жеке қызығушылығы, сала мен әрекет аясы (мысалы: шағын бизнес және т. б. ) мен мемлекеттік орталық саясатының қолдауы тәжірибе жүргізуге тәуелді болады.
Несиемен қамтамасыздандыру - ссудалардың негізгі тәуекелдік несиесінің бірі болады. Егер бұл принцип пайда болмаған жағдайда банк ісі алдамшылық іске айналар еді, басқарма операциясының жоғары тәуекелі қай жерде болса да, сонда пайыздық ставканың лезде өсуі байқалар еді.
Қаржы жағдайының ссудалық шарттары, қарыз алушы мен заем арасындағы қарым-қатынас, қамтамасыздандырудың көлемі мен түрінің пайда болуына қатысты болады. Әрекет етуші заң шығарушылар мынаны қарастырада: осы тәсілдер арқылы банктік ссудалар қамтамасыздандыруы аманат болып табылады.
Кредитор кепілдеме күші арқылы өзінің құқығын алады. Қарыз алушының кез келген жылжымайтын мүлкі, оның ішінде мекеме, тауар - материалдырының бағалылығы, тауар таратушының құжаттары, векселдер, басқа да міндеттер, құнды қағаздар (жарна қағаз, облигациялар, қазыналық міндеттер және т. б. ) шетелдік айырбастаулардың банк ссудаларындағы қамтамасыздандыруында, заем алушыдан қабылданады.
Кепілдемеге жылжымайтын мүлік, кепілдіктен бос адамдар қабылданады, Заем алушы меншігі немесе оған жаппай иелік жұмысы қаралады. Кепілдемеге алынған тауарлар заем алушымен сақтандырылуы керек.
Ақылы банктік ссуда дегеніміз- несие алушылардың өздері үшін уақытша пайдаланатын ақшалай құралдарын енгізу.
Бұл принциптің жүргізілуі банк пайызының механизмі арқылы жүзеге асады. Банк қойылымының пайызы - бұл несиенің «бағасының» шығу төркіні деп саналады. Пайыздарға байланысты депозиттегі бөтен қаржыны өзіне қарату, өзінің аппаратының мазмұны арқылы жұмсау, сол түсімдерді несиелендіру болады.
Несие мөлшерінің ақысын қарастырғанда, банктер мына факторларды қабылдайды:
- «ҚР ҰБ қайта қаржыландыру ставкасы», орташа пайыздық ставканы өзіне қарату (банкаралық несиелердің немесе әр түрлі депозиттер бойынша төленетін ставкасы) ; несие ресурстарының құрылымы (қаржының жоғары үлесін өзіне қарату; соған қарап, несие құндырақ болады) ;
- потенциальдық заем алушылар жағынан несиеге сұраныс ( аз сұраныс болса, несие арзандайды) ;
- мерзімге байланысты несие сұранымы, несие түрлері, ал оның банк үшін нақты дәрежесі тәуекелді қамтамасыздандыруға байланысты.
Елдегі ақша тұрақтылығы; (инфляция қарқыны жоғары, несие үшін ақы қымбаттырақ) . Банк өзінің тәуекел ресурстарын жоғалту барысында ақша құнсыздануы мүмкін) .
Несие келісім шартында несиенің пайыздық ставкасының тіркелуі мен сырғымалы болу жағдайы қарастырылады. Тіркелген пайыздық ставка ссуданың белгіленген мерзіміне дейін өзгеріссіз қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz