Н.А.Аристовтың «Түркі халықтары мен тайпаларының этникалық құрамы туралы жазбалар мен олардың саны жөніндегі мәлімет» атты еңбегіндегі түркі тайпалары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе

Н. А. Аристовтың «Түркі халықтары мен тайпаларының этникалық құрамы туралы жазбалар мен олардың саны жөніндегі мәлімет» атты еңбегіне сипаттама

ІІ. Негізгі бөлім

а) Түркі тайпасы қалай пайда болды және шығу тарихы жайлы түрлі аңыздар

ә) Түркі тайпаларының құрамына жеке талдау

б) Қазақ халқының тарихы жөнінде. Жүзге бөліну тарихы

в) Ен -таңбаларына талдау

ІІІ. Қорытынды

ХІХ ғасырдағы түркі тайпаларының саны

«Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті, тарихы, жол жорасы» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ел болып ертеңіңді бағамдау үшін өткеніңді анық та дәл білу шарт.

Өткен дәуірде отарлау саясатымен қатар бірге жүрген саясат қазақ жерінің тарихын тереңнен зерттеу болып орыс ғалымдары жеңін түре кірісіп, талай құнды еңбектер жазды. Соның бірі де бірегейі Н. А. Аристовтың «Түркі халықтары мен тайпаларының этникалық құрамы туралы жазбалар мен олардың саны жөніндегі мәлімет» атты еңбегі. Жалпы бұл кітапқа талдау жасамас бұрын «Аристов кім?» деген сұраққа тоқтала кетсем. Аристов 1847 жылы дүниеге келген, өлген жылы белгісіз. Шығысты зерттеуші этнограф, 1893 жылы Орыс геогра фия қоғамына мүше болған, Ресейдің Орта Азия және Қазақ халықтарының қарым-қатынасы жайында көп еңбек жазған. Жоғарыда атап кеткен еңбегін 1896 жылы Санк-Петербург қаласындағы Худековтың типографиясынан шығарған.

Енді еңбектің жалпы мазмұнына келер болсақ барлығы 14 тараудан тұрады. Аристовтың бұл еңбегінде аты атап тұрғандай түркі халықтарының шығу тегіне байланысты туған аңыз-әңгімелердің мағынасын, тайпалардың атауларының, таңбаларының мәнін, ХІХ ғасырда жүргізілген санақ бойынша халық санын нақты деректермен келтірген. Бірінші тарау «Түркі халықтары мен тайпалары жайлы аңыздардың мағынасы және рулық атаулар мен таңбалары» деп аталады. Бұл тарауда Охот теңізі мен Мұзды мұхит аралығында 26 миллион түркілер бір-біріне өте ұқсас тілде сөйлейді, тек қана диалектілерінде айырмашылық бар болғандақтан орта азиялық түркілерді якуттар да, осман түркілері түсінеді. Олардың тілі бірдей болғанмен физикалық жақтан әр түрлі. Мысалы, оңтүстік-батыстағы түркілер Орта Азиядағы түркі тайпаларымен азды-көпті ұқсастық болса, батыс сібір тайпаларымен мүлде ұқсастық жоқ. Оған тайпалардың географиялық орналасу аумағы, ауа райы әсер етеді.

Осы түркі тайпаларының шығу тарихына байланысты көптеген аңыз-әңгімелер бар. Солардың бірі керемет әрі көнеден келе жатқан аңыз қытай жазбаларында сақталған. Бұл аңыз түркілердің өздерінің пайда болуымен байланысты. Аңызда Түркілердің атасы (бабасы) ғұндардың солтүстігінде жатқан Со билеушілерінің руынан болған. Осы рудың бір ұрпағы Ичжини-нишыру қасқырдың аналағынан туған. Оның екі әйелі болады: бірі - аспан әлемінің қызы болса, екіншісі - жер қызы. Бірінші әйелінен ұл болады. Екінші ұлы Ци-гу Афу және Гынь өзендері аралығында өз мемлекетін құралы. Автордың бұл жерде Гынь өзені деп отырғаны Орхон өзені. Үшінші ұлы Чуси көлінің жағасында мемлекет құрады. Ал ең үлкен ұлы Надулуше Басы-чу-си-ши тауында өмір сүреді. Ол жер бүкіл түркілердің арғы тектері өткен жер болып табылады. Бір кездері сол жерде қатты суық болып, халық азап шегеді. Надулуше от әкеліп, халқының өмірін сақтайды, сол үшін орда оған бағынып, оның айтқанымен жүреді де, өздерін ту-кю, яғни, түркі деп атаған. Осы Надулушенің ұрпағы Бумын қаған қытай жылнамасымен 6 ғасырда түркі қағанатын басқарады.

Осы жерде ту-кю трансктипциясына тоқтала кетсек, Бичурин қытай транскрипциясындағы тугю сөзіне дұрыс анықтама берді. Ол бұл сөз дулга сөзінен шыққан, яғни бұл сөздің түп төркіні монғолдың дулулга деген сөзінен шыққан, ол ара деген мағынаны білдіреді дейді. Ал Клапрот пен Абел Ремюза тукю сөзін бас киіммен байланыстырып қате пікір айтты.

Со билеушілері, ғұндардың солтүстік бөлігінде жатушы әулет, яғни сыртқы монғолия жерін мекендегендер солтүстік Алтай бетінде өмір сүруі міндетті еді, өйткені, оның оңтүстік бөлігі ғұн жерінің құрамына кірді. Сол кезде билеуші рудың бірі жоғарғы-кумандар Би өзенінің бойында тұрса, Аққу өзенінің төменгі ағысында со әулеті мекендеді. Осыдан түркілердің арғы атасы со өмір сүретін халық саны тым аз және елеусіз ғана тайпа. «Қу» сөзі түркілерде аққу деген мағынаны беретіндіктен Аққу көлін мекендеушілер өздерін ку-киш деп атап кеткен, яғни «аққу адамы». Осыдан қытай тарихшыларының Ичжини-нишидудың ұлын бекер аққуға айналды дейді, ол үш ағасымен Қу өзенінің бойына өз биліктерін орнатты және ку тайпасының рубасы болды. Ку тайпасы қазіргі күнге дейін (сол кездегі санау бойынша, 18-19 ғасыр) Аққу жағалауын мекендейді. Мәселен, ки-ко қытай сөзінен аударғанда р әріпі түсіп калғандағы қырғыз баламасымен тура келеді. Енді Басы-чу-си тауының атауының шығуына байланысты аңызға тоқталсақ: Басы−чу түркі тіліне аударғанда «жоғарғы Чу» деген мағынаны білдірсе, «ши» қытайдың «тас» деген сөзінен шыққан. Яғни, бұл со әулетінің үлкен ұлы мекендеген Чу өзенінің жағалауындағы тасты биік таудың атауы осы сөзден шыққан» деген түркілердің арғы аталары туралы аңыз да тараған. Осы аңыз негізіне сүйенсек, түркілер солтүстік Алтайды мекендеуші со тайпасы болып табылады және Алтайға ауысқаннан кейін олар төртке бөлінеді. Бірі солтүстік Алтайды мекендеушілер «Ку» немесе «Куман» деп аталды. Негізі «ман» тіркесі «жер» деген мағынаны білдіретін секілді және бұл жерде жинақтау мәнде қолданылып тұр. Мәселен, түркман. Екінші бұтағы Енисей мен Абақанда негізі қаланып, қырғыз деп аталды. Үшіншісі ішкі Алтайда Чу өзені бойында көшпенді тайпа болып қалса, төртінші бұтағы түрік деп аталатын тайпаның негізін қалады» деп автор түркілердің шығу тарихына байланысты осындай да бір аңызды негізге алады. Аристов теле тайпасының шығу тарихы жайлы осы бөлімде қарастырады. Теле тайпаларының шығу тарихы туралы автор қытай жазбаларындағы мына жазбаны негізге алады: « олар қасқыр мен ғұн шаньюйінің қызынан тараған» деп 5 ғасырдағы жазбаларда айтса, 6 ғасырдағы қытай жазбаларында түркілердің пайда болуы жайлы былай дейді: «түркілер қасқырдың ұрғашысы мен он жастар шамасындағы ұлдан өрбіген. Қасқыр баланы жаудан аман алып қалып, Алтай тауының баурайында тұрады және екеуінің 10 ұлы болады. Олардан қазір түркі тайпалары тарап отыр» Бұл айтылғандардың көбі дерлік монғолдың «Небом рожденного бурого волка да сивой лани» аңызына ұқсас. Осымен қатар бұл аңыздар 13-15 ғасырлардағы мұсылман тарихшылары Жувейний, Рашид-ад-дин, Әбілғазы Баһадүр еңбектеріндегі аңыздарға да өте ұқсас екендігін автор анықтайды. Осымен қатар аталған тарихшылар еңбегінде тайпа атауларының шығу төркініне де төқталған. Мәселен, мифтегі Оғыз ханның кеңесшісі болған ұйғыр тайпаларының атауына былай түсінік береді: «ұйғыр» сөзі түркілерде «последователь», «соединитель» деген мағынаны береді. Меніңше бұл сөздің төркіні қазіргі тіліміздегі ұйғар, яғни, бір нәрсені ұйғару, кеңесу деген сөзде болса керек. Нәтижнсінде, көретініміз Оғыз ханға ақылшы болған бұл тайпаның атауының шығуына ұйғар сөзінің әбден келетіні хақ. Сонымен қатар, қарлұқ сөзінің түп тамыры деп мына аңызды негізге алады: «Оғыздардан бөлініп, қарды мекендегендіктен қарлық деп, яғни қарлұқ деп аталған» делінеді. Осы тарауда сонымен қатар автор ен−таңбаларға тоқталып отеді. Автор таңбалар жайлы: «Ру атауларынан басқа этникалық маңызы бар көрсеткіштер тұрмыспен әбден қатысты болды. Олардың формалары көбіне геометриялық фигураларға негізделді. Бағзы заманнан келе жатқан шығыс−фин руларының жаңадан қосылған немесе бой көтерген тайпаларға таңба бергенде бұрыннан келе жатқан тайпалардың таңбаларына сәйкестендіріп, тек бір ғана айырым белгі қосып отырған. Бұл жағдай ұлы жүздің дулат тайпасында да орын алған, дулаттардың жалпы таңбасы шеңбер ○ болған. Дулат тайпасынан тарайтын рулардың таңбаларына шеңбер негіз болып жалғаса береді. Мәселен, албандардікі, суадардікі, ботпайлардікі немесе, сейкымдардікі . Ал алғындардікі екі шеңбер болған, қаңлыларда, қыпшақтарда, керейлерде немесе, коңыраттарда, наймандарда болған. Орта жүздің бұл тайпаларына негңз болған фигура−сызықша. » Автордың бұл пікірінен түйеріміз, арғы тектері бір болып келетін ру, тайпалардың таңбалары да ұқсас болады деген ой келеді. Бұл таңбалардың барлығы да жануарлардың терісіне ойылып жазылған. Аристов осы тарау барысында «Шыңғыс хан мен Ақсақ Темірдің өмірбаяны» атты еңбектен Шыңғыс ханның қарамағындағы бектерге өз таңбасын, құсын, ағашын және ұранын қалай бөліп бергені жайлы қосымша мәлімет келтіреді. «Коңырат би−әл Сенкелеге: «Әй, Сенкеле, сенің ағашың−алма ағашы, құсың−сұңқар, ұраның−Қоңырат, таңбаң−ай болсын»−депті. Смирновтың айтуы бойынша жарты ай таңбасы ақшаны білдірген, яғни ол орыстың Э әріпәне ұқсайды. Смирновтың айтуына қарап қазіргі таңдағы еуро таңбасы сонау монгол дәуіріндегі Қонырат бектің таңбасымен сәйкес келетін секілді. Келесі Майқы бидің ағашын - терек, құсын−бүркіт, ұранын−Салауат, таңбасын−серке деп белгілеп береді. Тағы да Смирновтың зерттеуіне суйенсек, словяндарда немесе таңбасын серке деп ұғу керектігін, қой деген мағынада қолданғандығын баяндайды және Майқы бидің таңбасының сұлбасымен ұқсас келеді» деп монғол бектерінің таңбаларын орыс халқының белгілерімен де сәйкестендіреді.

Кітаптың екінші бөлімі «Орта Азиядағы түркілердің қысқаша тарихи бейнесі» деп аталады. Осы тараудың бірінші бөлімі түркі дәуіріне дейінгі түркі тайпалары жайлы айта келіп, гаогюй тайпасының атауына былайша тоқталады: «қытай жазбаларында гаогюйлер біздің заманымызға дейінгі 7 ғасырда Ордостың оңтүстік-шығысын мекендеген Чи-ди халқының, яғни «қызыл ди»-лердің ұрпағы дейді» Не себепті оларды гао-гюи немесе гао-че деп атаған деген сұраққа автор қытай жылнамаларына сүйене отырып былай жауап береді: «гао-че қытай тілінен аударғанда биік арба деген мағынаны береді немесе гилэ әдетте айтылатын теле сөзімен тығыз байланысты».

Осы тараудың екінші бөлімі түркі билігі келгеннен кейінгі түркі тайпаларына тоқталады. Ерекше атап өткен тайпасы−ұйғырлар. Томсеннің зерттеулеріне сүйене отырып, оғыздар мен ұйғырлар бір халық, бірақ оғыз халқтың ежелгі шынайы аты немесе түркілердің арасында өмір сүрген тайпа. Ал ұй, ыр сол тайпаның беріректегі саяси жаңа атауы дейді.

Қызғыздырдың оңтүстік батысында, Қара Ертістің маңын көшпелі қарлұқ тайпасы мекендеді. Олар 7 ғасырда белгілі бола бастады. Басқа да ықпалды тайпалардың келуінен қарлұқтар Алтайды босатып, өз туған жері болып табылатын Чарыш өзенінің саласы Қарлық өзенінің бойына ығысады. Олардың өте батыл халық болғындығынығ дәлелі Күлтегін ескерткішінің өзінде «құдіретті, азулы»жауы екені жазылғандығы болса керек.

Аристов Батыс Түрік қағанатын қытай жазбаларына сүйене отырып Юабань деп атайды.

Дулу

7 ғасырда батыс түрік аймағы дулу аймағына бөлінді және қазіргі таңдағы дулаттардың арғы аталары болып табылады. Дулу кеңесі ғұн дәуірінен бастау алған.

Нушеби

Батыс Түрік хандығының бір бөлігі. Батыс Тянь-Шаньді мекендеп, 5 аймаққа бөлінді де олар нушеби деп аталды. Бұл атау сол жердегі аймақтарға қатысты. Қытайдың ассык және кущу немесе кучук сөздерінен шыққан. Нушеби аймағы қырғыздардан дулат руына қалған. Нушибилықтар үйсіндіктер болған және оларды халық арасында қырғыз деп, қытайлықтар үйсіндер деп, кейін ру атауымен атаған. Түрік кезеңінде нушеби аймағын ресми түрде түркілердің жері деп саналған.

Аристов орта ғасырдағы мемлекеттердің бірінің орнын бірін жаулап алып отыру процесін өзімізге белгілі жүйеде жаза отырып, олардың атауларының шығу тарихына және мемлекеттердің мекен еткен жерлеріне аса мән береді.

2−бөлімнің 3−тарауында Монғол империясының құрамындағы халықтарға тоқталса, келеси тарауында Орта Азиядағы қазақ тайпалары мен руларының монғолдарға қарсылығы, Керей мен Жәнібек ханды 1455 жылы Әбілхайыр ханнан бөлінгендігін баян етеді.

Кітапта кең ауқымда баяндалған тақырып Сібірдегі және Монғолиядағы түркі тайпалары мен халықтары жайында. Сібірді мекендеуші якуттардың атауы жайында автор былайша баяндайды: «негізгі атаулары саха, якут атауы яко немесе еко сөздерінен шыққан. Негізі якуттар өздерін заха деп атайды. Якуттардың шығу тегі туралы Аристов В. Л. Приклонскидің айтқан пікірін өз еңбегңне арқау етеді. Қазіргі таңда 18 якут ұлысы, 934 ру өмір сүреді. Серошевскийдің айтуы бойынша якуттардың әр руының таңбасы, ұраны, әскери әні болған. Қанғалас руының белгісі бүркіт пен барыс болған. Олардың таңбаларында түлкі, аю, Шолпан жұлдызы, төрт түлік мал көп бейнеленген.

Келесі баяндалатын оңтүстік-сібір тайпалары, яғни, Алтайлықтар мен телеуіттер. Алтайлықтар жоғарғы Шарыш, Катуни жерлерін көшіп жүретін болған және оларды орыстар алтай таулықтары немесе ақ қалмақтар десе, өздері бірде ойраттар, бірде алтай-киши(алтай адамы) немесе Чу-киши деп атаған. Башкауста тұратындар өздерін ұлан десе, Чулышмандықтар телес деп атайды. Алтайлықтар тілі жағынан телеуіттерге ұқсас Телеуіттер өздерін төлеңгіттер немесе қара қалмақтар деп атаған. Алтайлықтар мен төлеуіттерге монғол сүйегінің қатысы бары анық. Оған дәлел, телеуіттерді телеуіт, теленғұт, теленгит деген атауларда теле сөзінің және монғолдарда көпше тұлғада қолданылатын уть немесе гуть қосымшасы арқылы жасалған. 1763 жылғы санақ бойынша алтайлық ер адамдардың саны 475, 1804 жылы 1, 204 болған. 60жылдардағы Радлов есебі бойынша 14-15 мың адам болса, Ядринцевтің (1880 жылы) есебінше 17, 014 болған. Төлеуіттердің жалпы саны 5, 782. Төлеуіттер мен Алтайлықтардың жалпы саны 22, 796 адам болған.

Аристов 2 бөлімнің келесі тақырыбын Енесейліктер мен жоғарғы Обь бассейніндегі көшпелілерге арнайды. Автор бұл топқа алтай диалектісіне ұқсас келетін келесі бірлестіктерді жатқызады.

Бірлестік атауы
саны
Мекен еткен жері
Құрамы
Басқа да белгілері
№: 1
Бірлестік атауы: кумандықтар
саны:

Жалпы: 3, 580 адам

Ер: 1, 023

Әйел: 2, 577

Мекен еткен жері: Би бассейні
Құрамы: -
Басқа да белгілері: -
№: 2
Бірлестік атауы: аққулықтар
саны: 1858 ж. санақ бойынша: 514 адам
Мекен еткен жері: Аққу өзенінің бойы
Құрамы: Якиш, шалман тайпалары
Басқа да белгілері: Кумандықтарға тіл жағынан ұқсас
№: 3
Бірлестік атауы: қара татарлар
саны: 3464 адам
Мекен еткен жері: Телес және Қатын теңізі
Құрамы:

Кюзен, тиргеш,

Комнош, торгул,

Юш тайпалары

Басқа да белгілері: Алтайлықтар оларды туба деп атаған.
№: 4
Бірлестік атауы: Шор
саны: 1869 ж. санақ бойынша: 10, 688 адам
Мекен еткен жері: Телес және Том өзенінің жоғарғы жағы
Құрамы: 22 әкімшілікке бөлінген
Басқа да белгілері: Радлов: оларды 12 ғасырдағы татар-кузнейцтердің ұрпағы
№: 5
Бірлестік атауы: Чулым татарлары
саны: 21, 044 адам
Мекен еткен жері: Солтүстік Маринскі
Құрамы: -
Басқа да белгілері: -

Зерттеуші келесі бөлімде Енисей түркілерін төмендегідей топтастырады:

атауы
саны
Мекен еткен жері
Құрамы
Басқа да белгілері
№: 1
атауы: Қызылдар
саны: 1859 ж. санақ бойынша: 5176 адам
Мекен еткен жері: Ақ және Қара Кос-тен Ки ж. Бож өзендері
Құрамы:

10 рудан тұрады. Қызыл, үлкен ж. кіші ачин, қалмақ,

курчук,

шю, т. б

Басқа да белгілері: Ачин тайпасының атауы Ачинск қаласымен байланысты
№: 2
атауы: Качинск татарлары
саны: 1892 ж. санақ бойынша: 11363 адам
Мекен еткен жері: 17 ғасырда Каче өзенін мекендеген
Құрамы: -
Басқа да белгілері: -
№: 3
атауы: Сагай татарлары
саны: 1890 ж. санақ бойынша: 18, 701 адам
Мекен еткен жері: 17 ғасырда Асқыз көлінің бойында өмір сүрген
Құрамы: -
Басқа да белгілері: -
№: 4
атауы: Қарағастар мен камасиндер
саны: 1888 ж. санақ бойынша: 413 адам-қарағастар. 1890 ж. с. б:137 адам-камасиндер
Мекен еткен жері: Оке, Уде, Бирюс, Кане өзенінің батысын мекендеген
Құрамы: -
Басқа да белгілері: Кастерн мен Катановтың айтуы бойынша олардың тілі урянхайлықтарға ұқсас жіне өздерін туба деп атаған.

Аристовтың аталмыш еңбегінде кең көлемде талқыланып, талданған тақырып - қазақ халқының шығу тегі. Автор кітапта қазақ халқын қырғыз-қазақтар деп атайды және «бұл халық түркі тайпаларының ішіндегі саны жағынан осман түркілерінен кейін екінші орын алса, жер көлемі жағынан бірінші орын алады. Аумағы Монғолдық Алтай мен Амудария және Каспий теңізін, батысында Орал тауы аралығын алып жатыр» дейді. Қазақтардың 18 ғасырдағы үш жүзге бөлінуі жайында тоқталып, үш жүз руларының атауларына, шығу тегіне аса назар аударады.

Ұлы жүздер Қаратал өзені мен Сырдария өзенінің аралығында өмір сүрген. Қаңлы және дулат секілді көне түркі тайпаларынан құралған.

Тайпа атауы
саны
құрамы
Мекен еткен жері
Басқа да белгілері
№: 1
Тайпа атауы: дулат
саны: 40 мың адам
құрамы:

Ботпай, шымыр,

сейқым, жаныс

Мекен еткен жері: Іле мен Сырдария аралығын мекендеген
Басқа да белгілері:
№: 2
Тайпа атауы:

Албан

Суан

саны:

15, 500 шаңырақ

4000 шаңырақ

құрамы:

Қызылбура, қоңырбура,

Сегізсары, құрман,

әлжан, қыстық

Мекен еткен жері: Іле жазығының орта бөлігі мен Шарын өзені аңғары
Басқа да белгілері: Чуйскі тайпасына жақын болып келеді
№:
Тайпа атауы:
саны:
құрамы:
Мекен еткен жері:
Басқа да белгілері:
№: 3
Тайпа атауы: Сары Үйсін
саны: 1500 шаңырақ
құрамы:

Жанай, жандосай,

күліке, қырық т. б

Мекен еткен жері: Іле өзенінің сол жақ жағалауы
Басқа да белгілері: -
№: 4
Тайпа атауы: Жалайыр
саны: 17000 шаңырақ
құрамы:

Қарашапан, андас, мырза,

Сыпатай, байшегір, сиыршы, балғалы, күшік, т. б

Мекен еткен жері: Қаратал бассейні
Басқа да белгілері: Дулаттардан кейін саны жағынан 2-тұр. Арықтыным, күшік, байшегір рулары арабтың жекір тайпасынан шыққан болуы мүмкін. Жалайырлар әр түрлі кірме рулардан тұратын тайпа
№: 5
Тайпа атауы: шапырашты
саны: 7 мың адам
құрамы: -
Мекен еткен жері: Верный уезі
Басқа да белгілері: -
№: 6
Тайпа атауы: ысты
саны: 6 мың адам
құрамы: -
Мекен еткен жері: -
№: 7
Тайпа атауы: сергелі
саны: 7 мың адам
құрамы: -
Мекен еткен жері: Сырдария маңында орналасқан
Басқа да белгілері: -
№: 8
Тайпа атауы: ұшақты
саны: -
құрамы: -
Мекен еткен жері: -

Барлығы 11 тайпадан тұратын Үлкен Орда Жетісу, Сырдария облыстарын алып жатыр. Олар жалпы саны 11 шаңырақтан тұрады. Әр отбасында орта есеппен 4-5 адамнан есептегенде 44-55 жан бар.

Орта жүз рулары туралы автор ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, төмендегідей мәліметтерді келтіреді. Орта жүз рулары Қапал уезінің солтүстік-шығысын, Жетісу облысының Лепсі уезін, Семей, Ақмола, Сырдария, Торғай облыстарының белгілі бір аймақтарын қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
Моғолстанның алғашқы хандары
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Теле тайпалық одағы
Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер
Қазақ этнонимдерінің этимологиясын айқындаудың танымдық негіздері
Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері
«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы
VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz