Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ3

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ6

Қазақстандағы балалар үйі туралы түсінік6

1, 2 Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары16

1. 3 Әлеуметтік педагогтың балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік психологиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері28

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ТӘРБИЕ ҮРДІСІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ38

2. 1 Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді тәрбие әдістері38

2. 2 Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру45

ЭКСПЕРИМЕНТТІК - ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ50

ҚОРЫТЫНДЫ55

Әдебиеттер тізімі57

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік жедел жаңаруында Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы бағытына сәйкес әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тәрбиенің шешуші факторы болуы заңдылық.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (1999 ж., 2007 ж. ) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыратын қазіргі балалар үйі - толық мемлекеттің қарамағындағы ұйым. Балалар үйінде негізінен жетім балалар, жалғызбасты аналардың баласы, жағдайы төмен отбасы балалары немесе денсаулығы нашар, кемтар балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетіні айтылса, «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы №1738 қаулысының жалпы бөлімінде: «Мемлекет сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды олардың білім алу кезінде ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету: тұруды, тамақтандыруды, киім-кешектерді, медициналық көмектер алуын, оқулықтармен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтиды» деп көрсетілген. [2. 37]

Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған, ғылым мен практика жетістіктерінен хабары бар ертеңгі азаматты тәрбиелеу - балалар үйінің және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері екені баршаға аян. Бұл жөнінде «Балалар үйінің жарғысының» 21-ші тармағында: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар үйі тәрбиеленушілері өмірінің және денсаулығының сақталуын, балалар денесінің дұрыс жетілуін, оларда мәдени-гигиеналық дағдылардың болуын, сөйлеу тілінің дұрыс дамуын және балалардың мектепке оқуына әзірлігін қамтамасыз етеді» - деп атап көрсетілген.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан Республикасы бойынша 18 мыңнан астам ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен тастанды балалар тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілердің 80% қазақ балалары. Олардың 4% ғана әртүрлі тағдыр тауқыметтерімен ата-анасынан айырылғандар болса, 96% ата-анасынан тірідей айырылғандар, яғни әлеуметтік жетімдер (әке-шешелерінің ішімдікке салынуынан, өз балаларын перзентханаларға немесе өзге орындарға тастап кетулеріне байланысты сәбилер үйі мен балалар үйлеріне қабылданғандар) . Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 78% - нан астамында физиологиялық, педагогикалық, психологиялық жағынан дамуында ауытқушылықтар байқалады. Оған себеп ата-ана өлімі, отбасының ұрыс-керістері, күнделікті күн тәртібінің балалар үйіне келгенге дейінгі уақытта дұрыс болмауының әсерінен болады. Мұның барлығы балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен жүйелі де, бірізді жылы қарым-қатынасты жағдай жасауды талап етеді. Себебі, аналарының ақ уыз сүтін бір тойып еме алмаған, ананың аяулы алақаны, әкенің жүрек жылуын сезіне алмаған, төңіректеріне тосырқап қарайтын, жандары жабырқау, көкіректері шерменде қаракөз бүлдіршіндердің тағдырын ел болып бір жақты реттейтін уақыт келген сияқты. Тарихқа көз жүгіртсек, бала тағдырын ұлт тағдыры деп қарап, келешек ұрпағының тексіз, түпсіз өсуіне жол бермеген, жесірлерін жерге қаратпаған, жетімдерін жылатпаған елдік дәстүрлер болған. Алайда, бүгінгі қозғап отырған мәселеде Отанымыздың келешек белсенді мүшелері - нәрестелерімізді қорғап, ұлттық тәрбиені ата-баба дәстүрлерінің озық үлгілерін баланың санасына орнықтырып, сәби кезінен бойына сіңіріп, ойына ұялату бүгінгі таңдағы ең басты мәселе ретінде қарастырылады. Сондықтан өмірге келген сәтінен бастап, ұлттық қасиеттерді сәбидің бойына ұялата білсек, сонда ғана біз өз ұлтын сүйетін, рухы дамыған, еліміздің гүлденуіне өз үлесін қоса алатын балалар үйінде нағыз қазақ азаматын тәрбиелеп өсіре аламыз. [1. 48]

Қай заманда болмасын, жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік тәлім-тәрбие, үлгі алатыны тарихи жеке тұлғалар екені белгілі. Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари секілді ғұламалар еңбектерінің, кемеңгерлік сөздерінің балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мәні ерекше.

Дамыған қоғамдағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас өздігінен қалыптаспайтындығын кеңес дәуіріндегі педагогтар П. П. Блонский, Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, К. Д. Ушинский т. б өз зерттеулерінде дәлелдеп берді.

Балалар үйіндегі тәрбиеленішілерді тәрбиелеу және де жеке тұлға ретінде қалыптастыру - өте күрделі процес. Бұл шет ел ғалымдары Х. Дейкер, Г. Н. Нойнер, З. Фрейд, Э. Эриксон еңбектерінде көрініс тауып, теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттелген.

Қазақстандағы арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалардың дамуы мен тарихын Л. Г. Акжаркенова, Ж. И. Намазбаева, А. К. Сатова, М. Ж. Смайловалар арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда білім беру мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін дамытуға өз үлестерін қосты. Соңғы жылдары мектепке дейінгі тәрбие беретін балалар үйі саласында бірқатар еңбектер жазылғанымен, оларда тек жан-жақты дамыту және тәрбиелеу әдістері мен мәселелері қарастырылады, тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері туралы мәселе көтерілмейді.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстан балалар үйі және ондағы тәрбиеленушілерді тәрбиелеуді ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибе арқылы тексеру.

Зерттеудің нысаны: Балалар үйі және ондағы тәлім - тәрбие процесі.

Зерттеудің пәні: балалар үйі және ондағы тәлім - тәрбие жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер балалар үйіндегі тәрбие процесі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделсе, олардың психологиялық ерекшеліктері айқындалса, онда тәлім-тәрбие берудің мазмұны халық педагогикасы негізінде жаңартылса, тиімді әдіс-тәсілдер жүйеленіп нақтыланса, тәрбиеленушілерді толық қанды тәрбиелеу процесі жүзеге асады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары анықтау;

2. Әлеуметтік педагогтың балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік психологиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері айқындау;

3. Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері және әдістерін жүйелеу.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері - Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің әлеуметтік мәні, ерекшелігі мен жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық әрекеті және тұлғалық қатынас туралы қазіргі философиялық, психологиялық, педагогикалық қағидалар; балалар үйі, табиғат, қоғам, адамдар мен балалар арасындағы өзара байланыс пен диалектикалық бірлігі туралы ілімдерді қамтып көрсететін таным теориялары жатады.

Зерттеу көздері - Философия, психология, педагогика ғылымдарының дүниетаным, білім, даму туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, «Неке және отбасы туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы, Бала құқықтарын қорғау туралы конвенция, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы-қарарлары, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық, алыс, жақын шет елдік философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, автордың әдіскерлік іс-тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының әдістері - Философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік зерттеулерге және мектеп жасына дейінгі балалар үйіндегі тәрбие бағдарламаларын талдау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, балалар үйіндегі тәжірибелік-педагогикалық эксперимент, диагностикалау, математикалық тұрғыда өңдеу, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыту.

Зерттеудің базасы - ШҚО, семей қаласы №3 балалар үйі.

Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, зерттеу бөлімінен және қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстандағы балалар үйі туралы түсінік

Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, белсенді іс-әрекеті мен ғылыми саналы көзқарасын қалыптастыру, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - балалар үйі педагогтарының, Үкіметтің және барша халықтың міндеті.

Бала бойындағы қабілет нышандарын дамытып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.

Балалар үйі - мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы тәрбиеленушілерді қоғам талабына сай тәрбиеленуін жүзеге асыратын ұйым, ол демократиялық қоғамның тұлғаларын даярлайды. Балалар үйі ұйымдарының өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше түрлері бар. Мұндай балалар үйінің негізгі түрлері:

  • мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бөбекжайлар (туғаннан - 3 жасқа дейінгі) ;

- аралас балалар үйі (мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған) ;

- арнаулы балалар үйі (денсаулығы нашар, кемтар балаларға арналған) ;

- жалғызбасты аналардың балаларына арналған «Үміт» балалар үйі.

Бұл арнаулы ұйымдар - тәрбиеленушілердің дағдыларын қалыптастырып, әлеуметтік тұрғыда бейімделуін қамтамасыз етеді.

Бұл мекемелердің негізгі міндеттері:

1. Жеке тұлғаның ақыл-ой, эмоциялық және денелік дамуына себеп болатын үй жағдайларына жақындатылған қолайлы жағдайлар жасау.

2. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық- психологиялық-педагогикалық жағынан оңалдыруды қамтамасыз ету.

3. Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін білім беру бағдарламаларын игерту, оқыту мен тәрбиелеу.

4. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету.

5. Тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқытудың әр түрлі нұсқалары бар.

1. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп -интернатта тұрып, оқиды. Бұл жағдайда мынадай

түр өзгерістер кездеседі:

• топтары жасы бірдей балалар мен қыздардан жас және жыныстық белгілері бойынша толымдалған мектеп-интернат. Сыныпты бұлайша толымдауда балалардың қарым-қатынас шеңбері шектеулі болады, бұл балалардың қатынастық-байланыстық дағдыларының айтарлықтай дамымай қалуына әкеп соғатыны күмәнсіз.

• топтары «отбасының орнын басу» қағидаты бойынша - жынысы мен жастары әр түрлі балалармен толымдалған мектеп-интернат. Сыныпты құру қағидаты да осындай, бірақ бір сыныпта «отбасының орнын басатын» бірнеше топтың балалары оқиды.

• жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардан сынып толымдау мен оларды оқытудың бірінші, екінші нұсқасы да мектеп-интернат жағдайларында олардың әлеуметтік-эмоциялық дамуына қолайлы жағдай жасамайды, өйткені «мекен ету ортасы», әсіресе отбасыларда тәрбиеленетін балалармен «шектелген». __ Бұл проблеманы шешудің бірнеше жолы бар:

• Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектеп-интернаттан тыс орналасқан қосымша білім беру мекемелерінің жұмысына белсенді қосу. Бұл олардың эмоциялық және қатынас-байланыстық тәжірибесін молайтады. Әр түрлі шағын әлеуметтік орталарда өз «Мені» позициясын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге егер бала бір емес, балалардың әр түрлі топтарымен өзара әрекеттестік болатын бірнеше үйірмеге (студияға, өнер мектептеріне) қатысса, онда өте жақсы.

• Мектеп-интернат көбінесе ықшамауданның, шағын ауылдың, кенттің балалары үшін мәдениет құрушы балалар орталығына айналды. Мектеп-интернатқа отбасылардағы балалар да келеді. Мұндай жағдаят жетім балалар үшін қарым-қатынас - байланыстар тұрғысынан емес, сондай-ақ олардың эмоциялық даму тұрғысынан да неғұрлым қолайлы. Оларда «қонақтың» емес, «қожайынның» сезімі; өз абыройын сезіну мен өзін және өзінің мектеп-интернатын жақсы жағынан көрсету ниеті қалыптасады.

• Балалардың жексенбі, мереке күндерінде, каникул күндерінде қамқоршы және қорғаншы отбасыларда; өз туысқандарында болуы. Баланың әлеуметтенуі мен оның әлеуметтік-эмоциялық даму проблемаларын шешудің бұл жолы бәрінен бұрын, баланың отбасындағы өмірлік жағдайларға тап болып, отбасылық қатынастардың әлеуметтік-тұрмыстық дағдылардың тәжірибесіне ие болатындығымен маңызды.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар балалар үйінде тұрады, өздерінің білім деңгейіне сәйкес келетін шағынаудандағы мектепке барады. Қазіргі уақытта балалар үйлерінің тәрбиеленушілері баратын мектептерде сыныптарды толымдаудың мынадай формалары орын алуда:

• мектепте тек балалар үйінің балаларымен толымдалған «жетімдер сыныптары» құрылады. Оларды жеке сыныпқа жасанды жолмен бөлу көбінесе бұл балаларда «отбасылық балалардың» ғана емес, сондай-ақ педагогтардың да көзқарасына байланысты ашу-ыза туындатады.

• жетім бала үшін сыныпта отбасында тәрбиеленетін құрдастарымен бірге оқитын жағдаят неғұрлым қолайлы болып шығады. Бұл кезде бала сыныптағы құрдастарының ұжымы мен балалар үйінде әр түрлі жағдаятта болады. Бұл жағдаяттардың әрқайсысы әр түрлі эмоциялық көріністерге: ашу-ызалы, жалған, бейімделгіш мінез-құлықтан «отбасылық» балалармен жақсы достық қатынастарға дейін әкеледі. [12. 117]

Бұл мәселе бала құқықтарын қорғау туралы конвенцияның 20-бабында: «Мемлекет отбасынан айырылған балаға әлеуметтік қорғау көрсетуге міндетті. Сондай-ақ мемлекет мұндай жағдайда балаға альтернативті, яғни «балама» отбасылық қамқорлық көрсетуі, болмаса тиісті ұйымдарға орналастыру қарастырылуы қажет. Мұндай әрекеттер баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын және оның этникалық шығу тегі, дінге, мәдениетке қатысы және ана тілі ескерілуі тиіс» - деп тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық құқықтарының қорғалуы нақты тұжырымдалған.

Қазіргі қоғамның тарихи даму тәжірибесі бала тәрбиесінде жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерінен туындауда. Осыған орай, бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы көзделініп отыр.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемалары ғылым мен іс-тәжірибенің ең әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеушілердің: дәрігерлердің, психологтардың, педагогтардың, философтардың, социологтардың назарын аударып келді және аударуда. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларын зерттеуді төрт топқа бөлуге болады. Біріншіден, жеке алғандағы балалар үйінің нақты тәжірибесіне кешенді талдау жасауға арналған бірқатар жұмыстар пайда болды ( Г. Ананьева, А. Андреева, Н. Анохина ) . Екіншіден, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің психологиялық бейімделу проблемалары белсенді түрде зерделенуде. Шетелдік психологтардың арасында жабық үлгідегі мекеме жағдайларындағы баланың жеке тұлғасы дамуының проблемаларын, аналық жылу мен аялаушылықтың жоқтығы салдарларын жою мүмкіндіктерін А. Адлер, А. Фрейд, Й. Лангмейер, З. Матейчик зерттеді. Үшіншіден, балалар үйі тәрбиеленушілерінің депривация проблемаларына отандық зерттеушілер И. В. Ежовтың, Ю. А. Евдокимовтың, И. В. Дубровинаның, А. М. Прихожанның, Н. Н. Толстыхтың, Т. Войтенконың еңбектері арналды. Төртіншіден, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтену проблемаларын өз еңбектеріндеИ. С. Кон, Л. М. Шипицына зерттеді. Олар жетім баланың әсіресе, интернаттық мекемелердің көмегі арқылы өмірге бейімделетін әлеуметтік-эмоциялық саладағы дамуының өзіндік тетіктерінің қалыптасуын атап көрсетеді. Мұнымен бірге балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің ересектік өмірге, балалар үйі қабырғаларынан тыс өмірге бейімделуіне байланысты көптеген зерттеулер жүргізілуде. Балаларды дербес өмір мен қызметке дайындаудың әлеуметтік-психологиялық қырлары И. С. Конның, А. В. Петровскийдің зерттеулерінде келтірілген. Жетім балаларды дербес өмірге дайындаудың бұл қыры П. П. Блонскийдің, А. С. Макаренконың, В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінен көрініс тапты. И. Ф. Дементьеваның, Ю. А. Евдокимовтың еңбектерінде жетімдіктің алдағы ересектік өмір үшін әлеуметтік салдарлары қарастырылады. Жоғарыда санамаланған авторлардың еңбектеріне талдау жасау балаға достастық ортаны қалыптастыру проблемасының көп қырлы екенін және кешенді зерттеуді талап ететінін дәлелдейді. Алайда, аталған проблемаға арналған жарияланымдардың жеткілікті екеніне қарамастан балаға достастық ортаны қалыптастыру технологиялары балалар үйлері жұмысының тәжірибесіне жеткіліксіз енгізілген және зерттелген, бұл қосымша теориялық арнаулы еңбектер мен іс-тәжірибелік зерттеулерді талап етеді. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаларды күтудің, қадағалаудың, бағудың, тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың ортақ міндеттері бар. Балалар үйі балаға отбасын қандай да бір мөлшерде алмастыруды көздейтін мемлекеттік әлеуметтік құрылым болып табылады. Отбасын алмастыратын әлеуметтік құрылым ретіндегі балалар үйі орындауы тиіс қызметтерді анықтау үшін отбасы орындайтын қызметтерді қарастырайық. [12. 120] Социолог А. Г. Харчев отбасының мынадай әлеуметтік қызметтерін бөліп көрсетеді:

қалпына келтірушілік - жеке тұлғалық тұрғыда балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, биологиялық қалпына келтіру;

тәрбиелік - жас ұрпақты тәрбиелеп, әлеуметтендіру;

шаруашылық-тұрмыстық - қоғам мүшелерінің тән саулығын қолдау, отбасындағы балалар мен қартаң мүшелерді күту;

экономикалық -кәмелет жасына толмағандар мен отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне қаржылық қолдау жасау;

бастапқы әлеуметтік бақылау - өмірлік қызметтің әр түрлі салаларында отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын моральдық жағынан реттеу, сондай-ақ жұбайлардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастағы жауапкершіліктер мен міндеттемелерді реттеу;

рухани қарым-қатынас - отбасы мүшелері жеке тұлғаларының дамуы, рухани жағынан өзара байытылу;

әлеуметтік-мәртебелік - отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беру; қоғамның әлеуметтік құрылымын қабылдау;

бос уақыттық - бос уақытты ұтымды ұйымдастыру, қызығушылықтардың өзара байытылуы;

эмоциялық- психологиялық қорғанысқа, эмоциялық қолдауға ие болу.

Егер отбасының бұл функцияларын балалар үйіне түсіретін болсақ, онда балалар үйі баланың әлеуметтік өмірге араласуының аса маңызды функциясын орындауы тиіс. Бұл функцияның басымдығына балалар үйінде тәрбиеленетін жетім балаларда аса маңызды әлеуметтік құрылым - отбасының ықпалы жоқтығы жағдай жасайды. Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі уақытша болатын жер, оқу аяқталған соң балалар өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік ортаға шығарылады. Балалар үйінің тәрбиеленушілерді бұл дербес өмірге қаншалықты дайындағаны олардың одан кейінгі өмір жолдарының ойдағыдай болуына жағдай жасайды. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың қолданыстағы формаларын төрт санатқа бөлуге болады:

отбасылық (қорғаншылдық, қамқорлық, асырап алу) ;

мемлекеттік (сәбилер үйлері, балалар үйлері, әр түрлі үлгідегі мектеп интернаттар) ;

• мемлекетте қорғаншылық міндеттердің бір бөлігін сақтай отырып, отбасылық тәрбиенің элементтерін үйлестіретін мемлекеттік-қоғамдық санат (балалар қабылдайтын отбасылар - отбасылық балалар үйі, патронаттық отбасылар, балалар баспанасы) ;

мемлекеттік емес (жекеменшіктегі балалар үйлер, баспаналар және басқалар) . [40. 218]

Тараз қаласындағы «Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұсынуға болады. 2007-2008 оқу жылында балалар үйі дамуының перспективалық жоспарымен мекеме жұмысының «Дербес өмірде өзін-өзі тану мен өзін өзі жетілдіруге қабілетті әлеуметтік бейімделген бала жеке тұлғасының дамуы, балаларды оңалту» тақырыбы анықталған, екі эксперименттік бағдарлама: «Табысқа апарар жол» және «Рухани- өнегелілік тәрбие: жалпыадамзаттық құндылықтарға бейімделу» әзірленіп, сынақтан өткізілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Тастанды балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік сипаттама
Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелері
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz