Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 8
1. 1 Қоғамдық бірлестік: ұғымы мен құқықтық реттелуі . . . 8
1. 1. 1 Қоғамдық бірлестіктің ұғымы, белгілері және қызметiнiң
негiздерi . . . 8
1. 1. 2 Қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату . . . 15
1. 2 Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы . . . 23
1. 2. 1 Қазақстан республикасындағы ар-ождан және дін бостандығына құқықты қамтамасыз ету . . . 23
1. 2. 2 Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары . . . 28
1. 2. 3 Дінге қатысты мемлекет саясатының мәселелері . . . 35
1. 3 Діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу
(қайта тіркеу) үшін құжаттарды рәсімдеу ережелері . . . 38
2 ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ БIРЛЕСТIКТЕ МЕНШIК
ҚҰҚЫҒЫНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ . . . 41
2. 1 Қоғамдық және діни бiрлестiктердің меншік құқығының мазмұны, формалары мен түрлері . . . 41
2. 2 Меншік құқығының субъектілері мен нысандары . . . 46
2. 3 Меншік құқығының объектілері . . . 52
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
КІРІСПЕ
Тақырыптын өзектілігі. Конституциямызда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген [1] .
Мемлекет пен қоғамның дамуы барысында қоғамдық бірлестіктердің өзіндік үлесі бар. Қоғамдық бірлестіктер өз кезегінде әрбір адамның түрлі ортақ мақсаттарға жетуіне, мүдделердің тоғысуына және қордаланған мәселелердің жағдайға сай жетілуіне мүмкіндік жасайды. Қоғамдық бірлестіктер - мемлекет дамуы барысындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани салалар бойынша белсенді ықпал етуші маңызды құрылым.
Ал осы қоғамдық бірлестіктердің ішінде - діни бірлестіктердің алатын орны зор. Өйткені әрбір адамның дінге байланысты ұстанымы, сенімі бар. Ал ол адамның жалпы өмірлік көзқарасы осы ұстанымдар мен сеніміне негізделген. Адамдардың діни сенімі, ұстанымы және көзқарасы бойынша топтасуы - бұл өте берік әрі рухани қаруланған қоғамдық белсенді топ. Мұндай белсенді топтар ел өмірі мен болашағы үшін, оның дамуы, өзгеруі немесе тығырыққа тірелуі бағыттарында мүмкіншілігі жоғары ықпалды күш. Демек діни бірлестіктердің қызметі, оның сәйкесінше құқықтық реттелуі өте маңызды сұрақ. Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсіп, Қазақстан Республикасы (әрі қарай - ҚР) өзін зайырлы мемлекет деп жариялады.
Қоғамдық бірлестік дегеніміз басқару, әлеуметтік, мәдени, саяси-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды іске асыру және қорғау табиғи ортаны қорғау, мәдени ағарту, патриоттық және адамгершілік тәрбиені беру денсаулық және спортты дамыту, халықаралық достықты дамыту мақсаты болып саналатын ортақ жетістіктерге жету үшін құрылған ерікті ұйым. Қоғамдық бірлестіктерге қатысты ережелер ҚР-ның қоғамның бірлестіктер туралы заңымен, саяси партиялар туралы заңымен, кәсіптік одақтар туралы заңымен және коммерциялық емес заңды тұлғалар туралы заңымен реттелінеді.
Діни бірлестіктер дегеніміз рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін құрылған ұйымды айтамыз. Діни бірлестіктің құрамында 10 адамнан кем болмауға тиісті. Діни бірлестік туралы жалпы ережелер діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңымен реттелінеді.
Қоғамдық пен діни ұйымдар құрылтайшы-қатысушыларының ешқандай мүліктік құқықтары болмайтын заңды тұлғаларға жатады.
Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатыныстардың субъектілері бола алады. Заңды тұлға дегеніміз-бұл мүліктік қатыныстардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады.
Жалпы алғанда «заңды тұлғалар» азаматтық құқық саласының негізгі бөлімдерінің қатарына кіреді. Қоғамның өмірі адамдардың, азаматтардың бір-бірімен қатысуынсыз, одақтарсыз бір-бірлерінің күштерін біріктірмесе еш жетістіктерге жетпес еді. Заңды тұлғалар азаматтық айналымның көптеген қатынастарына қатысады. Азаматтар күнделікті өмірде қандай қарым-қатынастарға түссе сол қатынастар негізінен көбінесе заңды тұлғалармен байланысты болады. Ол қатынастарға еңбек, саяси, нарықтық, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық және т. б. көптеген қатынастарды жатқызуға болады. Сол себепті заңды тұлғаларға қатысты мәселелер қай уақытта болмаса да өзектілігін жоғалтпайды және олар үнемі зерттеліп тұруы қажет.
Қызмет ету мақсаттарына заңды тұлғаларды жіктеу Қазақстан Республикасы Азаматтық қодексінің (әрі қарай - АК) 34-бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі [2] .
Коммерциялық емес ұйымдардың құқық қабілеттілігі туралы мәселені жеке қарастыру керек. Олардың құқық қабілеттілігін арнайы құқық қабілеттілік ретінде сипаттау керектігі даусыз, өйткені заң мұндай ұйымдардың белгілі бір-басқару, әлеуметтік, үйлестіру, қайырымдылық және т. б. с. мақсаттар үшін құрылатынын айқын көздейді. Сондықтан коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің жарғыларында көзделген қызмет түрлерімен ғана айналыса алады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары [3] Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы және өзара iс қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.
Қазақстандағы діни жағдайға оның ұлттық, демографиялық ерекшеліктері мен ішкі және шетелдегі саяси, экономикалық, рухани, әлеумет мәдениеті жағдайы белсенді ықпал етуде.
Қазақстан көп ұлттық және көп дінді мемлекет. Оның халқы дәстүр бойынша, дінге жуық емес және дінмен санасады. Сунниттік ислам мен орыс православиесінің басымдылығы екі ірі ұлттың басымдылығына сай келеді (қазақтар - 52% және орыстар - 36%) . Бірақ, ислам мен православиені ұстанушылардың нақты саны туралы сенімді мәліметтер жоқ. Мысалы, Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы (ҚМРБ) елде 11 млн. мұсылман бар, ал, Қазақстанның орыс православие шіркеуі (ҚОПШ) - елде 6 млн. Православие ұстанатын христиандар бар деп санайды. Барлығын санағанда, 17 млн адам болады [4] .
2010 ж 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәліметтерге сәйкес, елде 3500 астам діни бірлестіктер, 15 қайырымдылық қоры мен 50 конфессиялардың өкілдері ретінде діни қызметке байланысты басқа да қоғамдар қызмет атқарған. Мемлекеттік билік органдарында діни бірлестіктердің 85% жуығы тіркелген. Сенушілердің 2302 ғибадат үйлері бар, оның ішінде мұсылмандікі - 1587, православиенікі - 228, католиктердікі - 69, протестанттық - 40, иудаистік - 10 және басқа да діни бағыттағы - 7. Тәуелсіздік жылдары діни бірлестіктердің саны 5 есе өсті. Осы жылдарда республикада жаңа 30 астам конфессиялар мен деноминациялар пайда болды [4] .
Діни география жағынан қарасақ, ең діни аймақтар - Оңтүстік және Батыс Қазақстан, дінге онша жуық емес - Солтүстік, Шығыс және Орта Қазақстан.
Тәуелсіздік жылдары бұрын дін танушы мамандардың аз қатарына ғана белгілі болған әртүрлі миссиялар мен қауымдар елде пайда болды. Ең алдымен, ол методизм мен неопротестантизм, индуизм мен сунниттік емес ислам діни ұйымдары, Бахаи сенімі, Саентология, Бірлесу шіркеуі, Соңғы Өсиет шіркеуі, «Ұлы Ақ Бауырластық» («ЮСМАЛОС») сияқты қозғалыстар мен сенімдер т. б.
Жаңа діни қозғалыстар мен миссионерлердің Қазақстанды рухани жаулап алғаны туралы көбінесе, бұқаралық ақпарат құралдары қалыптастыратын пікірге қарамастан, объективті зерттеулер басқа діни конфессияларды ұстанушыларға қарағанда, оларды ұстанушылар санының аздығын көрсетеді.
Қазіргі көп жақтық діни жағдайда мемлекет саясатында діни қауымдар мен топтар қызметіндегі барлық ерекшеліктерді, жалпы және жеке бағыттарды ескеру керек.
Дипломдық жұмыстың жоспары - Қазақстан Республикасы Азаматтық заңнамасы бойынша қоғамдық және діни ұйымдардың меншік құқықтарының субъектілері мен объектілерін қарастыруі.
Жоспарға сәйкес автор есептерді құрастырды:
- қоғамдық және діни бірлестіктердің жалпы сипаттамасын зерттеу;
- қоғамдық бірлестік: ұғымы мен құқықтық реттелуін қарастыру;
- қоғамдық бірлестіктің ұғымы, белгілері және қызметiнiң негiздерiн зерттеу;
- қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, таратуын қарастыру;
- діни бірлестіктің жалпы сипаттамасын қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы ар-ождан және дін бостандығына құқықты қамтамасыз етуін қарастыру;
- Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастарын қарастыру;
- дінге қатысты мемлекет саясатының мәселелерін зерттеу;
- діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) үшін құжаттарды рәсімдеу ережелерін қарастыру;
- қоғамдық және діни бiрлестiктердің меншік құқығының құқықтық реттелуін қарастыру;
- қоғамдық және діни бiрлестiктердің меншiк құқығының мазмұны, формалары мен түрлерін қарастыру;
- меншік құқығының субъектілері мен нысандарын қарастыру;
- меншік құқығының объектілерін қарастыру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі заң ғылымы, нарықтық экономикада қолданыста бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалардың меншік құқығы туралы проблемаларға ерекше көңіл бөле отырып жаңа нормативтік актілерді қабылдау қажеттілігі негізінде зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстандық зангер-ғалымдардың арасында заңды тұлғалардың меншік құқығы туралы проблемаларды Ю. Г. Басин, И. В. Амирханова, Г. А. Жайлин, С. И. Климкин, М. К. Сүлейменов және тағы да басқа ғалымдар көп еңбек жазған. Сол еңбектер оның көп зерттелгендігінің дәлелі бола алады. Ресей зангер-ғалымдардың арасында Д. М. Генкин, А. В. Толстой т. б. атап өтуге болады.
Дипломдық жұмыстын авторы сол зангер-ғалымдардың жазған әдебиеттерін пайдаланған.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі. Автор дипломдық жұмысты орындауда құқықтық, тарихи, теориялық және статитстикалық әдістерді қолданған.
Автор дипломдық жұмысты орындауда мынадай Қазақстандық және Ресей зангер-ғалымдардың әдебиеттерін пайдаланған: Ю. Г. Басин, И. В. Амирханова, Г. А. Жайлин, С. И. Климкин, М. К. Сүлейменов, Г. М. Генкин, А. В. Толстой және тағы да басқа.
Сонымен қатар дипломдық жұмысты орындауда ресейлік заңгер - ғалымдардың еңбектерін пайдаланған. Және де азаматтық құқықтық қатынастыры мен коммерциялық емес заңды тұлғаларды реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерді - Қазақстан Республикасында казіргі қолданылатын Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексті және басқада қолданылатын заңдарының нормаларын қарастырған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, әр тарауға бірнеше сұрақтардан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың 1-ші тарауында «Қоғамдық және діни бірлестіктердің жалпы сипаттамасы» қоғамдық бірлестік: ұғымы мен құқықтық реттелуі; қоғамдық бірлестіктің ұғымы, белгілері және қызметiнiң негiздерi; қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта ұйымдастыру, тарату; діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы; Қазақстан республикасындағы ар-ождан және дін бостандығына құқықты қамтамасыз ету; Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары; дінге қатысты мемлекет саясатының мәселелері; діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) үшін құжаттарды рәсімдеу ережелері туралы сұрақтар қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың 2-ші тарауында «Қоғамдық және діни бiрлестiктердің меншiк құқығынің құқықтық реттелуі» қоғамдық және діни бiрлестiктердің меншiк құқығының мазмұны, формалары мен түрлері; меншік құқығының субъектілері мен нысандары; меншік құқығының объектілері туралы сұрақтар қарастырылды.
1 ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қоғамдық бірлестік: ұғымы мен құқықтық реттелуі
- Қоғамдық бірлестіктің ұғымы, белгілері және қызметiнiң негiздерi
Қоғамдық бірлестік дегеніміз басқару, әлеуметтік, мәдени, саяси-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды іске асыру және қорғау табиғи ортаны қорғау, мәдени ағарту, патриоттық және адамгершілік тәрбиені беру денсаулық және спортты дамыту, халықаралық достықты дамыту мақсаты болып саналатын ортақ жетістіктерге жету үшін құрылған ерікті ұйым. Қоғамдық бірлестіктерге қатысты ережелер ҚР-ның қоғамдық бірлестіктер туралы заңымен, саяси партиялар туралы заңымен, кәсіптік одақтар туралы заңымен және коммерциялық емес заңды тұлғалар туралы заңымен реттелінеді [5] .
Діни бірлестіктер дегеніміз рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін құрылған ұйымды айтамыз. Діни бірлестіктің құрамында 10 адамнан кем болмауы тиіс. Діни бірлестік туралы жалпы ережелер діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңымен реттелінеді.
Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілімі бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий "мемлекеттік ілімнің" авторы. Ол былай деп айтқан: Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды". Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған " . . . егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой" деген уәж айтады [6, б. 62] .
Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін" алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекет заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы [7, б. 14] .
Ал, ғалым Д. М. Генкин "әлеуметтік ақиқат теориясын" ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелінетінін айтады [8, б. 66] . Профессор Ю. К. Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады [9, б. 126] .
Азаматтық құқықтануда О. А. Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар ілімі", А. А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі" Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік" ілімі тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған [10, б. 45; 11, б. 78; 12, б. 19] . Сөйтіп, заңды тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен реттелінеді, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетімен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмлелерді жасауда оның еркі танылады. Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс-еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К. Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін қалады. К. Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады [13, б. 23] . Ал неміс ғалымы Гирке болса, "органикалық теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды. Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі [14, б. 55] .
Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртiбi мен қызметi өзге заң актiлерiмен белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.
Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Саяси партиялардың кәсiптiк одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бiрлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актiлерiмен реттелуi мүмкiн.
Қоғамдық бiрлестiктер жарғыда және Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейтiн басшы органдары арқылы құқықтарға ие болып, өздерiне мiндеттер алады.
Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
- өз қызметi туралы ақпарат таратуға;
- соттар мен басқада мемлекеттiк органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;
- бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
- жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге;
- баспа қызметiн жүзеге асыруға;
- халықаралық коммерциялық емес, үкiметтiк емес бiрлестiктерге кiруге;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.
Қоғамдық бiрлестiк:
- Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;
- өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге; - ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге;
- тұрақты жұмыс iстейтiн басшы орган орналасқан жердiң және бiрыңғай мемлекеттiк тiзбеге енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде басшылар туралы деректердiң өзгергенi туралы тiркеушi органға хабарлап отыруға мiндеттi.
Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметi. Қоғамдық бiрлестiктер жарғылық мақсаттарға қол жеткiзетiндей кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыра алады. Кәсiпкерлiк қызметтi қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
Қоғамдық бiрлестiктердiң кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын табысты қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) арасында қайта бөлуге болмайды және ол жарғылық мақсаттарға жету үшiн пайдаланылуға тиiс. Қоғамдық бiрлестiктердiң өз қаражатын қайрылымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.
Мемлекет және қоғамдық бiрлестiктер. Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге жол берiлмейдi.
Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.
Қоғамдық бірлестіктер аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қоғамдық бiрлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бiрлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттiк органдар шешуi мүмкiн.
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесіп амал-әрекет жасау үшін халықаралық, жалпы мемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz