Мәліметтер қорын басқару жүйелері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
I. ФАБЕРЛИК ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ ҚОЙМАСЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС
ОРЫНЫ
1.1. Тауарлы –материалдық қорлар 7
1.2. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және 8
бағалануы
1.3. Тауарлы –материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу 10
1.4. Тауарлы – материалдық қорларды босатқанда рәсімделетін 16
құжаттар
1.5. Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі 18
II. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНА СИПАТТАМА
2.1 Мәліметтер қорын басқару жүйелері 22
2.2 Мәліметтер қорының дамуы және түрлері 29
2.3 Delphi туралы жалпы мағлұмат 33
2.4 Delphi ортасында мәліметтер қорын құру 39
2.5 Мәліметтер қорының қосымшасын пайдалану механизмі 42
2.6 Өрістер туралы 42
2.7 SQL тілін мәліметтер қорымен жұмыс істеуде қолдану 45
III. ФАБЕРЛИК ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ ҚОЙМАСЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС
ОРЫНЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖОБАЛАУ
3.1 Есептің қойылымы 53
3.2 Кестелерге сипаттама 54
3.3 Бағдарламашы инструкциясы 55
3.4 Қолданушы интрукциясы 55
IV. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
4.1 Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау 60
4.2 Шығындарды есептеу 62
Бағдарламалық қамтамасыздандыруға кеткен жалпы шығын 63
Ағымдық шығындарды есептеу 64
4.5 Құрылытын бағдарламаның тиімділігі 64
4.6 Бағдарламаны құру мен оны функционалдауға кеткен шығындарды66
есептеу
4.7 Электронды оқыту құралын функционалдау тиімділігі 67
V. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
5.1 Еңбек қорғаудың заңдары және жалпы принциптері 70
5.2 Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу
ережесі 70
5.3 Дербес компьютермен жұмыс істеу қауіпсіздігі 71
5.4 Электр тогының адам организіміне әсер етуі 73
5.5 Қоршаған ортаны қорғау 73
5.6 Компьютермен жұмыс істегенде өрт қауіпсіздігі 75
ҚОРЫТЫНДЫ 77
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 79
ҚОСЫМША 81
КІРІСПЕ
Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі сферасы болып
табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорын басқару
жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдендіріліп
тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға
бейімделді, сондай-ақ глобальды желі бойында орналасқан және де
телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланатын компоненттердің бір-бірімен
байланыс жасауын қамтамасыз етті.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму
барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі.
Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу
орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және
жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандырылған
жұмыс орны деп мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын
автоматтандыру үшін қолданылатын профессиональды-бағытталған кішігірім
есептеу жүйесін айтуға болады.
Жұмыс орнын автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған
бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде
бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу,
қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да
басқалар бар. Ал қоймада жұмыс істейтін жұмысшылар тауарлар туралы
мәліметтерді, яғни тауарлардың кірісі мен шығысы, қалдығы және пайда және
т.с.с білу үшін осы бағдарламаны қолданса, керек мәліметтер алдында дайын
тұрады. Осыған байланысты қойма қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету
мақсатымен Фаберлик Қазақстан компаниясы қоймасының автоматтандырылған
жұмыс орыны бағдарламасы құрылды. Бұл бағдарлама бойынша жоғарыда айтылған
деректердің бәрін тез арада компьютер экранында көруге болады.
Дипломдық жұмыс Фаберлик Қазақстан компаниясы қоймасының
автоматтандырылған жұмыс орыны бағдарламалық өнімі Delphi 6 интегралдық
ортасында жазылды және мәліметтер қорын басқару жүйесін ретінде Microsoft
Access қолданылды.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access ақпаратты сақтау және
өңдеу үшін қолданылады. Қолдану шеңбері әртүрлі: жұмыс тобы деңгейі
жүйесінен бастап үлкен өндіріс деңгейіндегі жүйеге дейін. Мәліметтер қорын
басқару жүйесі Microsoft Access реляциялық мәліметтер қоры болып саналады
және де оны пайдалану жаңадан бастаған пайдалушыға да, сондай-ақ маманға да
қолайлы.
Қазіргі кезде Delphi корпоративтік қолдану үшін қолданылатын мәліметтер
қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таратылған құрылғы болып
есептелінеді. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді
және қолайлы. Оның көмегімен әртүрлі клиенттік орындарға арналған тиімді
(өнімділігі жоғарғы және салыстырмалы көп емес сиымдылығы) бағдарламалық
өнімдер құруға болады.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында электронды-есептеуіш машинасында
автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану мақсаты мен дамуының келешегі туралы
жазылды.
Екінші тарау мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access және
Delphi бағдарламалау ортасы туралы мағлұмат беруге арналған.
Үшінші тарауда есептің қойылымы, бағдарламаны жазу жолдары және
пайдаланушыға арналған нұсқау көрсетілген.
І. ПӘНДІК АЙМАҚТЫ СИПАТТАУ
1. Тауарлы –материалдық қорлар
Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз
қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті
тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған
кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның
міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу
тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика
жағдайында өте актуалды. Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу атты
№7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар
бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған
өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы
қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Осыған орай дипломдық
жұмыста мынадай талаптар қойылады:
1.Тауарлы –материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібін қарастыру.
2.Тауарлы –материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу және есепке
алу сұрақтарын зерттеу.
3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
1.2. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз
сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар
қорлары болуы қажет.
13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның
қаулысымен бекітілген 7 Тауарлы – материалдық қорлар есебі бухгалтерлік
есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен
бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық
қорлар – бұл:
1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар
және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық
заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен
қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен
тауарлдар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп
көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс
ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
II. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін
құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп
өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды.
Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және
көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды,
өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану
санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға,
наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы
және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын
жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін
береді.(қант, сүт, хош иіс)
III. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір
сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және
материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
IV. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары
бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және
шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын
болып бөлінеді.
V. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын
өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
VI. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған
бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
VII. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын
немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың
шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге
келмейтін ақшаларды енгізеді.
VIII. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт
ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің
өзіндік құнына қосылатын материалдар.
IX. Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын,
құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және
конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж
жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс
мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды
білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді
бағалай білудің үлкен маңызы бар.
Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында
әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, №7 БЕС
қарастырылған 4 әдістің бірін қолданамыз:
- арнайы (идентификациялау) әдісі
- орташа өлшемді әдіс – қорларды бастпқы сатып алу бағалары бойынша
бағалау әдісі (Фифо)
- қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Лифо)
1.3. Тауарлы –материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу
Тауарлы – материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін:
жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан,
аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорды алған кезде
алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады.
Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар
пайдалынады.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты
тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, Энергия
плюс ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты
бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. №
М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және
түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген.
Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге
жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім
шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы
сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер
оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол
қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың
артқы жағында жазылады.
Бір қоймаға жататын тауарлы – материалдық қорлар алынған жағдайда оған
бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне
болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны Сенімхаттарды есепке алу
журналына тіркейді және оның түбіршегіне пайдаланбаған деген белгісін
жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы – материалдық қорларды босатқан кезде,
әрбір жіберілген тауарлы – материалдық қорларды бақылау жасау үшін
пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық
қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге
сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.
Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен ( қосымша
№2) тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың
материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан
алған тауарлы –материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы –
көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер
олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол
қойып және штамп басып, тауарлы –материалдық қорлар қабылданды деп жазады.
Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер
сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып
жасалады және оған жауаптылары қол қояды.
Тауарлы – материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын
операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің
операцияларына ұқсас болып келеді.
Тауарлы – материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып
саналады:
- шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және
жабдықтау мен тауарлы – материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын
есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы – материалдық қорлардың
атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы – материалдық қорлардың сомасы
т.б.
Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды
есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға
келіп түскен кезде толтырылады. Қосымша №4.
Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе
құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды
қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен
қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін
бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін ,
жабдықтау бөліміне жіберіледі.
Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған
кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды
қабылдау жөніндегі Акт –ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия
мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал
екіншісі – бөлімшеді қалады.
Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда
сынудың, бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен
шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана
бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.
Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар
жеткізілген және ол қандай түрде – упаковка жасалған немесе упаковкасы
алынған күйде ме.
Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда
жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен,
онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.
Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса,
тауарлардың тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауыбекітілген
тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен
бекітілген
№ 1240 09.11.1994 ж және т.б. нормативтік актілерге байланысты.
Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және
куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат
алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды
қабылдағанда жатғқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа
сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса,
онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс Тауар массасы брутто және
орын мөлшері нақты тексерілмеген және Тауар құжаттама келтірілген сапаға
сәйкес нақты тексерілмей қабылданды, бұл құжат тапсырған және қабылданған
адамдардың қолдарымен рәсімделеді.
Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш – төрт тауарлы
– көлік накладнойымен жеткізеді.
Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы
және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды
қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан –
тауарлар станцияға түсу күннен кейін – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24
сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау
мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол
дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады.
Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе
жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма
меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:
Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны
және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.
Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып
саналады, сондықтан құжат санын азайтып, оларды құруға жұмсалатын
шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған
жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін
шешім комиссия шешімміен сәйкес шешіледі.
Тауарлы – материалдық қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі
құжаттар толтырылады:
Тауарлық, есептік жіне көліктік.
Тауарлық құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық
мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы – көліктік
накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.
Есеп айырысу құжаттары – бұл түскен тауарларды түсіргенде есеп айырысу
және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап –
тапсырмасы.
Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және
көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған
құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:
- теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
- Тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын
тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық;
- Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;
- Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын
тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет – фактураны сепке алу Счет –
фактураны тіркейтін журнал, бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі
түрде жүргізіледі.
Тауар түріне байланысты және оның счет – фактурасын немесе тауарлы –
көліктік накладнойына жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір
бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар санын, ал басқасы – сапасы
және т.б. тауарлар бірлігі.
ҚР заңына сәйкес Стандартизация және сертификация жайлы тауарлардың
халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті
тағайындайды.
1.4. Тауарлы – матениалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да
шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе
артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – материалды қорларды
цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды,
ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны
ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
Лимиттік – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап
–актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3
данада накладной (№5 қосымша) жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні
көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің
өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен
соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға
тапсырады.
Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын
құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды
босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы
материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола
алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе
жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір
данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың
қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік
– жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да
бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы
шығарылды.
Қоймашының лимиттік – жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік
– жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде
тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік –
жинақтама картаға қол қояды.
Материалдарды айырбастауға арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың
белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке
алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып
табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екіншісі –
қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен
мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма
меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды.
Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды
субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс
жердегі шаруашылықтарына, сондай – ақ басқа мекемелерге босатуды есепке
алғанда пайдалынады.
Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының
шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін – қоймаға, кейінірек
бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа
құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.
Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе
басқа мекемелерге материалдық құндылықтарды босатқан кезде талап –
накладной келісімдердің, нарядтардың және басқа тиісті құжаттардың
негізінде дайындалады. Бірінші данасы қоймаға материалды қоймаға босатуға
негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды
босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап-
накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса,
қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жібереді.
1.5. Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі
Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын
қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол
жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады.
Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды ееспке алуды
материалды жауаптыц немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер
(операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында
жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген
карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай
толтырылған күйінде беріледі.
Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын
реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде
жазылады. Материалдарды ескере алудың толтырылған карточкасы төменде
келтірілген.
Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген
нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы
жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген
нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы
қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды
есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді
енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі
белгілейді.
Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы
қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық
құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы
Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің негізінде қабылдайды. Тізім
реестрдің нысаны төменде келтірілген.
Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі
тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген
нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге
хабарлауы тиіс.
Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының
есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі
материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан
кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы
қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша
жиынтығын бухгалтерияға қайтарады.
Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың
карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп
кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті.
Есеп беру түрлері мен мәні. Материалды жауапты адам басшы тағайындаған
белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын
есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар
тауадың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы
көлемі мен жиілігіне байланысты болады.
Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар
түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан,
аналитикалық есепке алу тауарларды бухгалтерияда материалды
жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру реестрі немесе
тауарлап есеп беруді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының
аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін
көрсетеді. (қосымша №7) Реестр – тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер
болмайды. Көтерме сатуда көп тараған және МЖА тауар қозғалысының есеп беру
үлгісі Тауарлық есеп беру, ол тауарлардың қордағы қозғалысын және
қалдығын көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке қаржылық
– шаруашылық іс - әрекетке енгізгеннен бастап тауарлы операцияларды есепке
алу әдісі өзгерді. Тауар түскенде бір бөлек шотта салық қосылған сома
мөлшерін айқындайды, жіберушілерге орын толтыратын, сатып алғанда тауарлар
екі бағада көрініс табады. Сату құнымен және бұл тауарлар МЖА-н есеп
бағасымен алынып тасталады.
Кәсіпорында кіші көлемде тауар кезінде МЖА және тауар жіберіп тұрғанда
кіпріс- шығыс накладнойы екі көшірмеде жасалады. Бірінші көшірме тауар
қабылдаған адамға жіберіледі, ал екіншісі - қоймада қалады.
Әрбір МЖА есеп беруі аналитикалық тауарлар есебі, қаржы құралдардың
есебі, ол қол астындағы тауарлардың көлемін айқындап отырады.
МЖА есеп беруі кәсіпорында қандай үлгіде болмасын бірнеше бөлімнен
тұрады. Есеп беру бастапқы бөлімді толтырудан басталады, онда кәсіпорынға
аты мен нөмірі (бөлім, секция), фамилиясы және МЖА аты –жөні, айлық тауар
айналым жоспары және тауарлы қалдықтардың нормативі; ол норматив мекеме
басшының тағайындалған мөлшеріне сәйкесті келеді, есеп беру нөмірі және
есеп беру мерзімі, қай мерзімге есеп беру құралатыны көрсетіледі.
Есеп беру жыл басынан жыл соңына дейін МЖА-м бірінші нөмірден бастап
нөмірленеді. Егер МЖА жұмысқа жыл ьасынан кіріспесе, сол жұмыс бастаған
күннен бастап нөмірленеді.
Есеп берудің келесі бөлімінде есеп беруде тауарлар мен ыдыстардың есеп
беру жыл басына қалдығы жазылады, ол қалдықтар тексерілген және қабылданған
бекітілген тәртіпке өткен жыл бойынша Есеп беру мерзімінің аяғына қалдығы
немесе инвентаризациялық тексеруден алынады. Қалдықтар және тауарлар есеп
беруінде мекеме есептік саясатын аналитикалық есеп есептік бағасымен
көрсетіледі. МЖА көтерме кәсіпорында тауарлық есеп беруде бірінші бес
бөлімдерін кіріс және шығыс бөлімінде толтырады, онда жеке нөмірі және
кіріс және шығыс құжаттарының күні, жабдықтаушылардың және сатып алушыларды
аттары, тауарлардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс бөлімінде есеп беру әрбір кіріс құжатының әр бөлек жолда сол
күнде жасалған операцияларға сәйкес пайда болу көздерімен түсуі, нөмірі
және құжат күні, нақты өзіндік құн бойынша қабылданған тауарлар және
қабылданған ыдыстарды әрбір құжат бойынша. Барлық есеп беру мерзіміне кіріс
құжаттарын жазғаннан кейін түскен тауарлар және түскен ыдыстар саналады
және оларды тауарлық септе соңғы құжат түскенде береді.
Осылайша, шығыс құжаттарда шыққан материалдардың мөлшері анықталады.
Соңында тауар қалдығы есеп беру мерзімі аяғына бөлек есептеледі, бұл үшін
есеп беру мерзім басындағы қалдыққа қосамыз соңғы кіріс сомасы және соңғы
шығыс сомасын алып тастаймыз.
Айтып кететін жайт, Тауар мен Ыдыстар бөлімшелерінде түскен және
шыққан тауарлар бағасы мекменің есеп саясатындағы бағамен жазылады.
ІІ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫНА СИПАТТАМА
2.1 Мәліметтер қорын басқару жүйелері
Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп мәліметтер қорын құруға,
толтыруға, жоюға немес өзгертуге арналған программалқ жабдықтарды атайды.
Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің негізгі үш түрін атап көрсетеді:
әмбебап өндірістік, арнайы өндірістік және тапсырушыға арналып жасалатын
мәліметтер қорын басқару жүйелері. Арнайы мәліметтер қорын басқару
жүйелерін белгілі бір тапсырманы орындау үшін құрады. Әмбебап мәліметтер
қорын басқару жүйелері өмірдің барлық жағдайлары үшіп жасалған, сондықтан
олардың құрылымы біршама қиын болып келеді.
Өндірістік және әмбебап мәліметтер қорын басқару жүйелері арзан болып
табылады. Тапсырушыға арналып жасалатын мәліметтер қорын басқару жүйелерін
құруға көп уақыт кетеді. Бірақ алдыңғы екеуіне қарағанда тапсырушы
жұмысының ерекшеліктерін ескеріп жасалады.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері өзінің құрылымы бойынша бір,екі және
үш звенолы болып бөлінеді. Бір звенолы мәліметтер қорын басқару жүйелерінде
клиент звеносы ғана пайдаланылады. Екі звенолы мәліметтерді басқару
жүйелерінде мәліметтерді басқару логикасының басым бөлігін мәліметтер
қорының сервері алады. Үш звенолы аралық звено- қосымшалар сервері
пайдаланылады (2.1 сурет).
2.1.1 сурет. Мәліметтер базасының құрылымы
Мәліметтер қорының бөліктерінің орналасуына қарай мәліметтер қорын
басқару жүйелері жергілікті және желілік болып бөлінеді.
Жергілікті мәліметтер қорын басқару жүйелерінің барлық бөліктері
пайдаланушының компьютерінде орналасады. Бір ғана мәліметтер қорымен
бірнеше пайдаланушы жұмыс істей алуы үшін әрбір компьютерде жергілікті
мәліметтер қорының көшірмесі болуы керек.
Желілік мәліметтер қорын басқару жүйесіне файл-серверлік, клиент-
серверлік және таратылған мәліметтер қорын басқару жүйелері жатады. Бұл
жүйелерде компьютерлерді ақпараттық байланыстыратын желі міндеті болуы
керек.
Файл-серверлік жүйеде мәліметтер қорын басқару жүйесінің барлық
мәліметтерді мүмкіндігі жоғары бір компьютерде немесе бірнеше
компьютерлерде орналасады. Мұндай компьютер файл-серверлік компьютер деп
аталады. Жергілікті және файл-серверлік мәліметтер қорын басқару жүйелерің
арасында көп айырмашылық жоқ екенін көру қиын емес.Олар архитектурасы
бойынша бір звенолы болып келеді. Файл-серверлік жүйенің кемшілігі желіге
түсірілетін ауыртпалықтың үлкендігінде болып табылады. Мысалы, егер
клиентке бір фирма туралы мәлімет қажет бола қалса, желі бойынша алдымен
жүздеген фирмалар бойынша мәліметтрді қамтитын файл табылады, содан кейін
ғана керекті фирма туралы мәліметті алуға болады. Егер мәліметтермен
бірнеше ондаған пайдаланушы жұмыс істейтін болса, желінің мәліметтердің
жіберу мүмкіндігі өте кішкене болуы мүмкін, бұл әрине көптеген
қолайсыздықтар тудырады. Файл-серверлік мәліметтер қорын басқару жүйелерін
бірнеше ондаған жұмысшылары бар фирмаларда қолдануға болады.
Клиент-серверлік жүйе желіге түсірілетін ауыртпалықты азайтады, өйткені
клиент мәліметтерді мәліметтер қорының сервері арқылы алады. Мәліметтер
қорының сервері сұранысты қабылдап, қажетті мәліметті табады да, оны
пайдаланушыға жібереді. Сұраныстар арнайы сұраныстарды SQL тілінде
жасалады, сондықтан мәліметтер қорының серверін SQL сервері деп те атайды.
Мәліметтер қорының сервері әртүрлі фирмалар құратын біршама қиын
программалар болып табылады. Оларға Microsoft корпорациясының Microsoft SQL
Server,Sybase корпарациясының Sybase, Oracle, IBM корпарациясының DB2
серверлері жатады. Сонымен қатар Inprise корпарациясының InterBase серверін
атап өту керек.
Таратылған мәліметтер қорын басқару жүйесінің бірнеше ондаған немесе
жүздеген мәліметтер қорының сервері болуы мүмкін. Мұндай мәліметтер қорын
басқару жүйесі көбінесе мемлекеттік масштабтағы өндірісте қолданылады.
Бірақ таратылған мәліметтер қорын басқару жүйелеріне сұраныс интернеттің
дамуына байланысты өсе түсуде. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
көптеген кішігірім коммерциялық фирмалар да өздерінің жұмыстарын
ұйымдастыруда.
Мәліметтер қорының бірлігін кесте деп атайды. Әрбір кестенің бағаны мен
жолдары болады. Жолдар объектілерге, ал бағандар олардың атрибуттарына
сәйкес келеді. Мысалы, Abonent атты кесте құрайық:
№ Көшесі Үйі Пәтері Аты-жөні Телефон Аумағы
1 Шлеева 5а 4 Сайдахметов 534716 64
Мақсат
2.1.1 кесте
Мәліметтер қорынан өзімізге қажетті мәліметтерді алу үшін әртүрлі
сұраныстар құру керек. SQL тілі мәліметтер қорына жасалатын сұраныстарды
сипаттауға арналған [5].
Біріншіден, бұл тіл реляциялық мәліметтер қорының мәліметтерімен жұмыс
істейді. Сондықтан бұл тілдің логикасы мәліметтердің кестелік құрылымына
негізделеді.
Мысалы, Select операторын қолданған мынадай сұраныс мәліметтер қорын
басқару жүйесінен қосымшаға Country.DB барлық жазуларды табуды және жазуды
талап етеді.
Select*FromContru
Бұл кезде қажетті операцияларды мәліметтер қорын басқару жүйесі
орындайды, ал қосымша тек нәтижені көрсетуге арналған.
Екіншіден, SQL – де үш мәнді логика жүзеге асырылған, яғни True, False
мәндерінен басқа unknown мәнін қабылдай алады. Ол кестенің бос ұяшығана
немесе Null мәніне сәйкес келеді.
Үшіншіден, SQL процедуралық тіл емес.
SQL тілінің операторлары негізгі үш категорияларға бөлінген:
• Мәліметтерді бақылау операторлары. Data Control Statements
• Пайдаланушының мәліметтер қорын пайдалану мүмкіндіктерін тексеру
операторлары Grant,revoke
• Мәліметтерді анықтау тілі Data definition Language – DDL. Мәліметтер
қорының объектілерін құруға және олардың құрылымын анықтауға арналған.
Create schema, create table,create view, create DOMAIN.
Мәліметтерді басқару тілі. Data Manupalations Language. Мәліметтерді
іздеу, жою, өзгерту және сақтау операторлары біріктіреді. Оған Select,
update, insert, delete операторлары жатады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы
Select операторы.
Көрсетілген операторлардан басқада операторлар бар. Олар транзакция,
байланыс және сеанстарды басқарады.
Енді SQL – дің сұраныс құру мүмкіндіктерін қарастырайық. Сұраныстардың
мысалдары тілдің негізгі мүмкіндіктерін тез меңгеруге мүмкіндік береді.
Select командасы
Жоғарыда айтылып кеткендей, сұраныстарды құру кезінде Select
командасының алатын орны зор. Ол берілген критерийлерге сәйкес мәліметтерді
теріп алуға мүмкіндік береді.
Select операторынан кейін терілу жүргізілетін бағандардың аттары
көрсетіледі. Баған аттары үтір арқылы ажыратылады. Егер кестенің барлық
бағандары алынуы керек болса, * қолданылады. From операторынан кейін
сұраныс жасалатын кестенің аты жазылады (файл кеңейтуінің көрсетудің қажеті
жоқ). Мысалы, SELECTName,Capital,ContinentFromCou ntry
Бір сұраныста бірнеше кестеден мәліметтер алуға болады. Бұл жағдайда
кестелердің аттары үтірмен ажыратылады.
Сұраныста мәліметтерді теріп алу үшін қосымша шарттар енгізуге болады.
Ол үшін Where операторы қолданылады. Оператордан кейін бағандарға шектеу
қоюға болады. Мысалы,
SELECTName,Capital,Continent
FromCountry
Where Area1000000
Қосымша шарттарда кестенің сұралған бағандарын ғана емес, сонымен қатар
басқа бағандардың да мәліметтерін пайдалануға болады.
SQL – де арифметикалық операцияларды пайдалагуға болады. Мысалы, and,
or, not. Параметр ретінде сандарды, жолдарды, даталарды және логикалық
айнымалыларды алуға болады. Жолдар мен даталар тырнақшаға алынуы керек.
Бірнеше бағандарға шектеулер енгізу үшін логикалық операторлар қолданылады.
SELECT Name, Capital, Continent
From Country
Where (Area 1000000 AND Population 1000000) OR (Capital=’Brazilia’)
Мәліметтерді теру кезінде арнайы оаераторларды қолдануға болады.
Мысалы, Between операторы екі шекті мәннің арасындағы мәліметтерді алуға
мүмкіндік береді.
SELECT Name, Capital, Continent
From Country
Where Area Between 1000000 and 8000000
Like операторы ұқсас мәліметтерді көрсетуге арналған.
SELECT Name, Capital, Continent
FROM Country
Where Name Like ‘C%’
Бұл сұраныс С әрпімен басталатын барлық мемлекеттердің аттарын
көрсетеді. % белгісі сөздің басқа бөлігін көрсетеді.
Сұраныстар құру кезінде агрегатты функцияларды пайдалануға болады.
Max () – бағанның максималды мәнін таңдайды;
Min () – бағанның минималды мәнін таңдайды;
Avg () – Бағанның орта мәнін шығарады;
Sum () –Бағанның барлық мәндерін қосады;
Топтастыратын сұраныста шектеу қажет болса, where операторының орнына
having операторын қолданған дұрыс.
Select Continent
Sum(Area)
From Country
Group by Continent
Having Area1000000
Сұраныста where операторынан кейін нәтиже қандайда бір бағанға
меншіктелетін ішкі сұранысты пайдалана аламыз.
SELECT Name, Capital, Continent
From Country
Where Area= (Select max (Area) from Country)
SQL – де бағандардың және кестелердің псевдонимдерін қолдануға болады.
Псевдонимдер әдетте бірнеше кестелерге жасалған сұраныстарда қолданылады.
Update командасы
Мәліметтерді өзгерту үшін Update командасы қолданылады.
Update Country
Set Population=2750000
Where Name= ‘Canada’
Бұл сұраныста where операторы қолданылғандықтан тек бір бағандағы мән
ғана өзгертіледі.
Insert командасы
Кестеге жаңа жазу қосу үшін Insert командасын пайдаланамыз. Егер жазуда
тек бірнеше баған үшін ғана жаңамәндер енгізу керек болса, сәйкес
бағандардың аттары үтір арқылы жазылады.
Іnto Country (Name, Capital, Area, Populations) Valeas (‘Panama’,
‘Panama’, 101178,2345000)
Егер кестеге толығымен бір жол қосу керек болса, бағандардың аттарын
көрсетпей-ақ қоюға болады.
Insert into Country Valeas (‘Panama’, ‘Panama’, 101178,2345000)
Delete командасы
Кестенің жолдарын өшіру үшін қолданылады.
Барлық жолдарды өшіру үшін:
Delete from Country
Таңдап алынған жолдарды өшіру үшін where операторын қолданамыз.
Delete from Country where Continent= ‘North America’
Create Table командасы
DDL – рамкасындағы кесте жасау үшін қолданылатын команда. Бағандардың
аттарын және олардың типтерін келесідей етіп көрсету керек:
Create Table Country
Name Char (24)
Capital Char (24)
Continent Char (24)
Area Float
Population Float
2.2 Мәліметтер қорының даму тарихы және түрлері
Ақпаратты жүйелеу және сақтау қажеттілігі ертеден пайда болды. Бірінші
Шумер жазуларныда (б.э.д. 4000 ж.) патша байлығы салықтарды зерттеу туралы
деректер бар. 1800 жылдардан бастап ақпаратты өңдеуді автоматтандыру
әрекеттері жасала бастады. Дәл осы кезде Джеквардт Лум матаны перфокарта
көмегімен кесуді бастады. 19 ғасыр аяғанда Ресей мен АҚШ-та санау осы
перфокартамен жүзеге асты.
Программаларды сақтайтын электронды компьютерлердің пайда болу
ақпаратты өңдеуге нағыз революция жасады. Егер бұрынырақ мәтіндік және
сандық ақпарат қана өңделсе қазір барлық ақпаратты өңдеу қажеттілігі туып
отыр. Бірақ жаңа проблема тууда. Әлемнің кез келген бұрышынан электронды
архивке интернет құралдары арқылы қол жеткізуге болады. Бірақ осы үлкен
архивтерді адамдар тез және оңай қол жеткізетіндей етіп ұйымдастыру керек.
Мәліметтер қоры деген ұғым 60- жылдардың аяғында пайда болды.
Әдебиетте мәліметтер қорының әртүрлі анықтамасы беріледі:
Мысалы:
1. Қандай да бір тасушыда, қағазда, кинобаспада, магниттік дискіде
сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер
базасы деп түсінуге болады.[1]
2. Мәліметтер қоры деп – объектіні немесе объектілер жиынының
қасиеттерін, олардың арасындағы қатынастарды көрсететін мәліметтер
жиынтығын айтады. [3]
Мәліметтер қоры дамуының бірнеше кезендерін көрсетуге болады. Бірінші
кезеңде (60 жылдардың басында) мәліметтер былай өңделген (2.2 -сурет):
2.2.1 сурет. Мәліметтер қорының бірінші кезеңі
Екінші кезеңде (60-шы жылдардың аяғында) тек файлдың құрылымы ғана
өзгермей, сонымен қатар мәліметтер сақталатын жабдықтарда қолданыла
бастады(2.2.2 сурет).
2.2.2 сурет. Мәліметтер қорының екінші кезеңі
70-ші жылдардың басында мәліметтер қорын басқару жүйесі пайда бола
бастады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі мынадай принциптерге сүйеніп құрылуы
керек:
1. Тездік. Пайдаланушыдан түсетін сұраныстар тез уақытты қанағаттандыру
керек.
2. Аз шығын. Мәліметтерді сақтау және пайдалану үшін аз шығын шығару.
3. Қарапайымдылық. Пайдаланушылар қол астында қандай мәліметтер бар
екенін оңай білуі керек.
4. Өзгертулер енгізудің қарапайымдылығы.
5. Іздеу мүмкіндігі. Мәліметтер қорын пайдаланушы әртүрлі сұраныстар
арқылы мәліметтер қорынан түрлі сұраныстар жасауы мүмкін.
6. Бүтіндігі. Қазіргі мәліметтер қорындағы мәліметтермен көп
пайдаланушылар жұмыс істеуі мүмкін. Әртүрлі ақаулықтар нәтижесінде
мәліметтерді мүлдем жоғалтып алмайтындай мәліметтер қорын жасау керек.
7. Қауіпсіздігі.
Мәліметтер қорының жіктелуі
Мәліметтер қоры негізінен негізінде үш белгісі бойынша жіктеледі.
Бірінші белгісі сақталған информацияның сипатына қарай деректер базасы
фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.
Фактографиялық мәліметтер қоры қатаң анықталған пішінде ұсынылған,
жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден тұрады. Мысалы,
кітапханадағы кітаптар қорының мәліметтер қорында әрбір кітап туралы
деректер библиографиялық түрде сақталады, шығарылған: жылы: авторы.
Кітаптің мәтіні мәліметтер қорында сақталмайды. Егер қысқаша айтатын
болсақ, онда фактографиялық мәліметтер қоры – картотекалар.
Құжаттық – мәліметтер қоры әртүрлі типтегі: мәтіндік, графикалық,
дыбыстық, мультимедиалық кең көлемдегі информациялардан тұрады.
Мысалы, заңдық актлердің құжаттық деректер базасы заңдардың мәтінінен
тұрады. Құжаттық мәліметтер қоры бұл - архив.
Екінші белгісі информацияларды сақтау әдісі бойынша мәліметтер қоры
орталықтандырылған және бөлектелінген болып бөлінеді. Орталықтандырылған
мәліметтер қорында хабарлық информациялар бір компьютерде сақталады.
Бөлектелінген мәліметтер қоры компьютердің жергілікті және ауқымды
желілерінде қолданылады және информацияның әртүрлі бөліктері бөлек
компьютерде сақталуы мүмкін [20].
Мәліметтер қорының реляциялық түсініктемесі
Реляциялық мәліметтер оры деп құрамында бөліктерінің өзара байланысынан
құрастырылған деректер базасын айтады. Қарапайым жағдайда ол бір
тікбұрышты кесте құрайды. Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген
тікбұрышты кестеден тұрады. Бұдан деректер базасының екінші аты туындайды
кестелік деректер базасы.
Кестелік информациямен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы,
сынып журналы,сіздің күнделігіңіз, үлгерім табелі.
Деректері өзара әртүрлі қатынастармен байланысқан бірнеше кесте
құрайық. Кестенің қатарлармен бағандарында орналасқан деректер арасындағы
қатынас туралы сөз қозғалады.
Кестелердегі деректердің арасында қатынастың өте кең тарағаны және
әсіресе жиі қолданылатыны қатарларында объектілер туралы информациядан, ал
бағандарында объектінің жеке қасиеттерінен тұратын қатынасы бар объекті
қасие типі болып табылады [23].
2.3 Delphi – туралы жалпы мағлұматтар
Delphi – бұл Object Pascal сияқты керемет программалау тілі . Pascal
тілі 1990 жылы шықты, ол сол кезде жетінші сериясын шығаруда болды. Сол
кезде визуалды программалау және программа құру, сонымен бірге тез Windows
жүйесі тарады. Сондықтан жетінші сериядан соң программистерге Pascal-дың
сегізінші сериясын шығарған жоқ, бірақ Delphi дікі бірінші шығарды. Проект
осы атпен 1993 жылы шықты, ал 1995 жылы сатуға Borland Delphi-дің бірінші
версиясы шығарылды.
Неге осы атпен проект шыққан екен. Бәрі жай Егер сіз Оракулмен
сөйлескіңіз келсе, онда Делфиге барыныз Бұл, әрине, мәліметтер базасына
баруға көмек, ол Oracle, және Грецияда Дельфи деген қала бар, онда
мифологиялық Оракул болған.
Неге Delphi де программа құру өте қолайлы? Delphi-ді басқа
программалау жүйелерімен салыстырайық – Visual Basic және C++.
Егер Delphi-ді, мысалы C++ салыстырсақ, онда біздің көретініміз Delphi-
да программа жазу тез және ыңғайлы.
Delphi-ді Visual Basic-пен салыстырсақ, онда көретініміз Visual Basic-
та жазылған программалар аз орын алады, бірақ оның жұмыс істеуіне қосымша
файлдар (DLL кітапханасы) қажет. Сол үшін жай программаның өзі 2 Мбайт орын
алады.
1995 жылы шыққан Borland Delphi 1.0 революция болды, Pascal-дың
жетінші версиясынан кейін шықты. Егер оны Delphi-дің алдынғы
версияларымен салыстырсақ, онда Delphi 1 мүмкіндіктері бүгінгі күнде өте
ыңғайсыз.
Borland компаниясы жылдан жылға Delphi-дің жаңа версиясын шығаруда.
Windows 95 жаңа операциялық жүйесінің пайда болуында Delphi 2 шығарылды,
онда оның мүмкіндіктері және стандартты жаңа операциялық жүйесі ескерілді.
Delphi-дің бірінші версиясы екінші версиядан айырмашылығы 32 разрядты
және жаңа компонеттерді қолдайды, олар Windows 95 стилінде орындалады. Егер
программист барлық қазіргі заманғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz