Қобыланды батыр жыры туралы
Мазмұны
Кіріспе
І-тарау. М. Әуезовтің батырлық жырлар туралы пікірлері
а) “Қобыланды батыр” жыры туралы
ә) “Ер Тарғын” жыры туралы
б) Кіші батырлар
в) “Қамбар батыр” жыры туралы
г) “Манас” жыры туралы
ІІ-тарау. М. Әуезовтің лиро-эпостық жырлары туралы пікірлері
а) “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жыры туралы
ә) “Қыз Жібек” жыры туралы
б) “Айман-Шолпан” жыры туралы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
М.О. Әуезовтің есімі қалың жұртшылыққа кемеңгер жазушы, ғұлама ғалым,
дарынды педагог-ұстаз, белгілі қоғам қайраткері ретінде әйгілі. Оның
осындай әржақты жазушылық және ғылыми педагогтік шығармашылығына арналған
іргелі монографиялық зерттеулерден бастап баспасөз бетінде әр жылдары
жарияланған ірілі-ұсақ мақалалардың жалпы саны қазірдің өзінде бес мыңның
үстінде. Соның өзінде ұлы тұлғаның кемел келбеті шын мәнінде танылып,
ғылыми әділ бағасын әлі де толық алған жоқ. М. Әуезовтің ұшан-теңіз әдеби
ғылыми мұрасын бүгінгі таңда жаңа көзқарас, жаңаша ойлау тұрғысынан қайта
қарап зерттеу, оларға бүгінгі жаңа қоғам бағдары тұрғысынан баға беру –
фольклортану және әдебиеттану ғылымдары алдында тұрған үлкен проблема.
М.О. Әуезовтің ұзақ жылғы жемісті әдеби-ғылыми мұрасына зер салып,
көңіл бөлетін болсақ, оның екі үлкен арнасы зерттеушілердің назарын ерекше
аударады. Біріншісі – абайтанушылығы, екіншісі – фольклортанушылығы.
Ғалымның фольклортанушылық еңбектері әлі өз дәрежесінде зерттеліп,
көпшілікке таныла қойған жоқ. Әрине, М. Әуезовтің жазушылық және ғылыми
шығармашылықтарындағы фольклортанушылығы мәселесі зерттеушілердің назарынан
тыс қалды деуге болмайды.
Мұхтар Әуезовтің фольклор саласындағы еңбектері туралы ең алғаш пікір
айтқан дам белгілі сыншы Ғ.Тоқжанов болатын. Ол жазушының 1927 жылы шыққан
“Әдебиет тарихы” кітабына біраз сын айтып, бір жақты баға берді. Бұрын
жазба әдебиет дәстүрлі әбден дамымаған қазақ-кеңес әдебиетінің алғашқы
дәуірлерінде, алдымен халқымыздың бай мұрасы фольклордан үйренуіміз керек,
соған сүйеніп жаңа әдебиет жасауымыз керек деп жиырмасыншы жылдардың бас
кезінде айтқан М. Әуезовтың орынды пікірін Ғ. Тоқжанов “Мұхтар бүгінгі
қазақ жігіттеріне Біржанның салдығын, Ақанның қайғысын үлгі етеді. Үлгілі
ертегі, әңгімелерден, батырлық жырлардан алу керек екенін үгіттейді”, - деп
бұрмалайды. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы М. Әуезовтің фольклорлық еңбектері
жайлы мәселе қозғалып сөз болмайды. Кейін елуінші жылдардың аяғына таман
ғалымның көп жылдар бойы басына төнген қауіп бұлты сейіліп “Абай жолы”
эпопеясы арқылы аты дүниежүзіне әйгілі болған кезде, М. Әуезовтің жазушылық
шығармашылығы ішінара ғылыми еңбектері арнайы мақала, очерктердің
объектісіне айналды. Соның өзінде, жазушылық жағы басымырақ қаралып,
фольклортанушылығы “тиіп-қашты” ғана айтылды. М. Әуезовтің 1932 жылы 10
маусымда “Социалистік Қазақстан” газетіндегі ашық хатынан кейін ғалымның
жиырмасыншы жылдардағы фольклор саласындағы көптеген еңбектері айтылмай
жабылып қалды. Бұл жағдай М.О. Әуезовтің фольклортанушылық қырының осы
уақытқа дейін жете зерттелмей келуінің басты себебі болды.
М. Әуезовтің фольклортанушылық еңбектерін зерттеген ғалымдар мақала-
очерктерде ғалымның ғылыми педагогикалық қызметі мен фольклорлық
зерттеулері үстірт қана сөз болса, “Әр жылдар ойлары”, “Уақыт және әдебиет
туралы” рецензияларда кітаптарға енген фольклорлық еңбектер ғана
баяндалады. Көбінесе біреулерінде айтылған пікір екіншілерінде қайталынып
отырады. Мысалы, Ә. Дербісалин кейінгі жазғанында М. Әуезовтің Манас туралы
бұрыңғы айтқандарын қайталайды.
М. Әуезовтің шығармашылық жолына арналған профессорлар М.С. Сильченко,
Н.С. Смирнованың очерктерінде оның әр кездерде жазған фольклорлық еңбектері
жайлы біраз сөз болады. Бірақ олар М. Әуезовтің фольклорды жинау, зерттеу
жұмысы, жиырмасыншы жылдары мамандығына айналмаған болса, отызыншы,
қырқыншы жылдары қазақтың халық поэзиясын зерттеуге барлық уақыты мен күшін
түгел арнады деп оның ғылыми еңбектеріне нақтылы емес, жалпы дәуірге бөліп
қана шолу жолайды. Әуезов еңбектері жарыққа шыққан белгілі бір дәуірдегі
қазақ фольклористика ғылымының жайы, оның біртіндеп ержету қадамдары,
осыған орай Әуезов шығармашылығына әрқашан да тән біртіндеп жетіліп
отыратын эволюция, белгілі бір кезеңде болған жетістіктер мен сәтсіздіктер,
очерктерде толық айтылмайды. Ең өкініштісі, авторлар М. Әуезовтің қазақ
фольклорын зерттеудегі жиырмасыншы жылдары жазған қыруар еңбектерін атап
өтіп, қазақтардың халық поэзиясын ғылыми классификациялаудың бастамасын
Әуезов отызыншы, қырқыншы жылдары жазған еңбектерінде жасады деп
топшылайды.Шындығына келсек, қазақ фольклорын ғылыми классификациялау
тәжірибесін ғалымның жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен көреміз.
Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері М. Әуезовтің мұрасымен тікелей
байланысты екенін, фольклортанушы ғалым Ғ. Ғабдуллиннің “қазақ халқының
ауыз әдебиеті” кітабынан айқын көреміз. Автор өз кітабында бұрыңғы фольклор
зерттеушілерінің еңбектерін естен шығармай, оларға тиісті орын береді.
Солардың ішінде ғалымның ерекше көңіл бөлгені М. Әуезовтің фольклор жайлы
ғылыми еңбектері.
М.О. Әуезовтің фольклорлық еңбектері ғалымның көзі тірісінде бір
қалыпқа келіп жүйелі зерттелмеді.
60-жылдардың орта кезінен бастап оның фольклорлық мұрасы арнайы зерттеу
тақырыбына айнала бастады.
М. Әуезовтің ғылыми әрі жазушылық шығармаларында фольклор басты тақырып
болғандығына қарамастан бұл мәселе осы уақытқа дейін бүгінгі күн талабы
деңгейінде зерттелмегені шындық. Мұның екі түрлі себебі бар. Біріншіден “М.
Әуезов және фольклор тақырыбының аса күрделілігі, ұшы қиырсыз мол
аумақтылығы. Екіншіден, ғалымның фольклор мұрасын, әсіресе, жиырмасыншы
жылдардағы еңбектерін ғылыми түрде толық зерттеуге еліміздегі ұзақ уақыт
бойы қалыптасқан саяси-әлеуметтік ахуал, атап айтқанда, тоталитарлық
әміршіл идеялогияның үстемдігі мүмкіндік бермей келгендігі.
Енді бүгін сол қоғамдық жүйенің, оның ресми идеялогиясының күні батып,
олар келмеске кетті.егеменді ел болуымыздың нәтижесінде, сан ғасырлар
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ең асыл қазынасы –
фольклорға, оны бұрын соңды жинап зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне оң
ғылыми көзқарас тұрғысынан қарауға айқын жол ашылды.
Фольклортанушы ғалым Әуезов бүкіл саналы өмірінде қазақ фольклорын
жинап, бастырып жүйелі түрде зерттеумен бірге, бұл саладағы көлемді де
күрделі ұжымдық еңбектерге ғылыми басшылық жасап, оның аса маңызды
мәселелерін ғылыми тұрғыда шешуге аянбай ат салысып отырды. М.О. Әуеовтің
фольклортану саласындағы әр жылдары жазылған құнды іргелі еңбектері қазақ
фольклортану ғылымындағы тұтас бір дәуір басып табылады.
М. Әуезовтің фольклорды зерттеудегі алғашқы ізденістері жиырмасыншы
жылдардың басынан Ташкент, Ленинград университеттерінде оқып жүрген
студенттік шағынан бастау алады.
Болашақ фольклортанушы ғалым М. Әуезовтің халық әдебиетін зерттеушілік
көзқарасының ерте қалыптасуына табиғи тумысынан ерекше зерделілігі, ес
білгеннен үлгілі, өнегелі фольклорлық дәстүр мен ортада өмір сүріп ер
жетуі басты себеп болады.
Қандай да болмасын ұлы жазушы, ғұлама ғалым тақыр жерде, өнімсіз
топырақта пайда болмайды. Оның жеке табиғи талантының үстіне белгілі дәстүр
мен ортаның маңызы ерекше роль атқаратыны белгілі. Осы тұрғыдан қарағанда,
Мұхтар Әуезов, сөз жоқ, біртуар табиғи талант. Әуезов ұлылығының бір қыры –
оның тумысынан біткен ақылдылығы мен зерделігінде.
Әуезов ұлылығының екінші жағы – қазақ халқына тән аса бай фольклорлық
дәстүрдің молдығы, онымен жастайынан жете қанық болып, бойына мол сіңіріп,
осы дәстүрді ерекше құрметтеуші, сақтаушы, дамытушы ортада ер жетіп,
тәрбие алуында.
Әңгіме-жырдың дүкені болған Абай ауылында туып, ержеткен жас жас
Мұхтардың қазақ фольклорына деген құштарлығы ерте оянады. Сол себепті оның
фольклоршыл өміртанымын сөз еткенде, ұлы Абай дәстүрін, сол топырақтың
құдіретін, сол ортаның тәлім-тәрбиесін әрқашан естен шығармаған жөн.
Абайдың өзі алты жастағы бала Мұхтарға “атасының қоңыр қызысы екен ғой,
атаңның көңіл қуанышы, еліңнің ұлы бол” – деп басынан сипап, батасын берген
бала Мұхтар сол ортада ауыз әдебиетінің бар асылын бойына сіңіріп өсіп ер
жетуінде үлкен мән бар. Мұхтар Әуезовтың өзінің айтуы бойынша Абай алты
жасында көріп, соны өмір бойы есінде сақтаған.
Бала Мұхтардың Абай дәстүрінде, сол арқылы халық фольклорына шексіз
сүйіспеншілігін алғаш оятып, оны оқып білуге, құрметтеуге бірінші баулыған
ұстазы өз атасы - Әуез қарт Абаймен рухани жағынан көңілдес, әрі ескі
әдебиеттен мағлұматы мол болған адам. Жас немересінің тумысынан зеректігін,
зерделігін жете байқаған атасы Әуездің көп немерелерінің ішінде кішкентай
Мұхтарға деген ықыласы ерекше болады. Оны бес жасынан Абай өлеңдерінің
қолжазбасы арқылы оқытып, сауатын ашық, білімге тартады.
Бұл мәселе туралы Мұхтар Әуезов кейінірек өзінің өмірбаянында былайша
еске алады:”Аздап қара таныған соң Абай өлеңдерінің бәрін жаттадым. Молдаға
ұқсап атамыз бізге таң атқаннан күн батқанға дейін кітаптан тыс бас
алғызбайтын. Өлеңі құрғырды дамылсыз жаттай беріп, кіп-кішкентай немерем
көк ми болып кетпесе не қылсын деп балажан әже ара түсіп көріп еді, одан
түк өнбеді. Өз дегенінен қайтар ата жоқ
Діни мағлұматы көп, мұсылманша сауатты атасы Әуез құран кітаптары
арқылы өз немересінің сауатын ашып қоймай, ауыз әдебиетінің нелер көркем
үлгілерінен де мол мәліметтер беріп отырған. Осы жайында Мұхтар Әуезовтің
тетелес інісі Ахмет Әуезов естелік кітабында төмендегі деректерді
келтіреді:
“Атамыз ескіше оқумен ғана шектелмей, халық ауыз әдебиетінің жар-жар,
көрісу, қоштасу,, естірту, сыңсу, жаңылтпаш, жұмбақтарының не бір үлгісін,
“Күн астындағы Күнекей қыздан” таратып салт-дәстүр, қиял-ғажайып
ертегілерді, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Едіге”, “Ер Қосай”, “Көрғұлы”, “Айман-
Шолпан” дастандарын, күні кеше ғана өткен Еңлік-Кебек Қалқаман-Мамыр
Сабалақ оқиғаларын сабақ ретінде өтеді.
Жазушы Сапарғали Бегалин де осы жайлар жөнінде өз естелігінде Мұхтар
Әуезовтің мына бір сөздерін келтіреді:
“Менің үлкен әкем Әуез халықтың оқшау әңгімелерін жақсы көріп, әсіресе,
бізге өзі айтып, ауылға әңгімешіл кісі келсе, соларға әңгіме айтқызып,
бізді қасына алып, үнсіз тыңдап отыруға мойын ұсындыратын”. Соның әсерінен
бала Мұхтар өзінің жастық шағында аулына келген ақын-жыраулардың сарыла
айтқан ұзақ-сонар жырларын, ертекші-әңгімешілдердің сан-қилы қызық аңыз-
әңгімелерін, шешендер, билер айтқан айтыс, тартыс, билік, даулардыы, өсиет
сөздерді зейін қоя жалықпай, қажымай тыңдауды өзінің күнделікті әдетіне
айналдырады.
“Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабының алғашқы тарауында Абайдың
атынан берілген жазушы Әуезовтің бала кезіндегі фольклорға құштарлығы
былайша суреттеледі:
“Кіші күнінен ертек әңгімені көп сүйетін бала осы жазда, тіпті, көп
естіп, көп біліп алған сияқты. Сондай шеше әңгімелеріне бар пейілін беріп
жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ келіп қонады. Бірі –
қартаң, бірі- жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол
былтыр жайлауда келіп, осы үйде үш күндей жатып, “Қозы Көрпеш – Баян
Сұлуды” жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Қасындағы қартаң кісіні Абай
өзі білмегенмен шешесі әбден таниды екен.
Қонақтармен жай сұрасып, амандасып болған соң Ұлжан Абайға қарап
жымиып:
-Ал, балам әжеңмен екеуімізді қажай беруші едің, әңгіме жырдың дүкені,
міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген Ақын! – деді.
Шақшалау ғана ақ сақалы бар келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі
Барлас Абайға салғаннан ұнады. Ол іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы
үйде талай жатып жүрген ауыл адамы сияқты.
-Е, балам “шешенің судан төгімен, тыңдаушың бардай егілген” дегендей,
сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – ел-дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң,
айтуға Байкөкше жалықпас! – деп жас жолдасына қарап күліп қойды.
...Осы түнде ас піскенге дейін Барлас Қобыланды батыр жырын жырлады.
Абайдың қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу,
ең бір әсерлі, күшті жыры еді... Қобыландының қоштасқаны, Тайбурылдың
шабысы, Қазан мен Қобыландының жекпе-жегі Абайды, әсіресе, еліткендей
болды. Жатқанда көпке дейін елегізіп ұйықтай алмады.
Мұхтар Әуезовтің балалық, жастық шағында ақын-жыраулардың сөздеріне аса
құмарлығы, оларды күн демей, түн демей тыңдай беруге жалықпайтындығы
қатарлас іні-дастарының естелігінде мол кездеседі.
Мұхтар Әуезов шығармашылығы – қазақ өнерін ұлттық және интернационалдық
сипатын айрықша терең танытатын ғажап құбылыс. Ғасырлар бойы өнерпаздардың
мың сан ұрпағы жасаған шебер де әсем өрнектер, ауез-сарындар, мотив-
идеялар, ауыз әдебиетіндегі томырылып жатқан байлықтар, жазба әдебиеттегі
қазыналар ұлы қаламгер шығармаларына нәр беріп, арналы өзен болып құйылуына
жағдай жасады.
Кемеңгер ұлы жазушы шығармашылығы – ұлттық өркендеудің сара жолына
түскен, қайта туып, түлеген, тұсаудан, езгі-қорлық, тепкі-отаршылдық
атаулыдан түгел құтылуға күш салған қазақ халқының әлемдік мәні бар асыл
туындылар бере алатындығын алғаш рет жария еткен, озық үлгілердің
баршасының мұрагері – реализм әдебиетінің алтын қазынасындағы інжі-
маржандар, адамзаттың эстетикалық байлығына айналған жалпылық мәні бар
рухани дәулет.
I тарау. М. Әуезовтің батырлық жырлар туралы пікірлерi
Негізінде қазақ фольклоры тарихын қарастырған осы көлемді еңбегінде
автор бұрын ешкім айтпаған, өзінің алдындағы зерттеушілердің назарына
ілінбеген көптеген тың мәселелер көтерді. Бұл ретте оның фольклорлық
шығармаларға берген әдеби талдауы және қазақ тұрғыдан топтауы сол кез үшін
үлкен жаңалық.
Аталған кітапта Әуезов: “Егер ауызша әдебиетті жеке шығарушылар болса
да, олар жалғыз өздерінің ұғымы мен көзқарасын емес, жалпақ көптігін
айтады” – деп халқымыздың ескіден қалған әдеби мұрасын жалғыз адам емес
жалпақ ел өнері, бүтін бір халықтың дүниеге көзқарасын танытып, белгілі бір
ұғымын білдіретін ұжымның шығармасы ретінде қарайды. Сонымен бірге оны
орындаушы әрі сақтаушы адамдарға да көбірек көңіл бөліп, ақын-жыраулардың
шығармашылық өнерін ғылыми тұрғыдан ашып береді.
М. Әуезовтің “Әдебиет тарихында “ қазақтың халық поэзиясы көшпелі
халықтың ертедегі тұрмыс күйі, қазақтар арасындағы патриархалдық-феодалдық
қатынастар жағдайында туып, қалыптасқан халықтың рухани өзіндік
шығармашылығы ретінде сипатталады.
Бұл еңбектің жарыққа шығуына дейін қазақ фольклористика ғылымдарына,
ауыз әдебиеті нұсқаларын зерттеуде қалыптасқан тәжірибе де, орныққан дәстүр
де жоқ еді. Сондықтан кітаптың авторына бұл салада өздігінен батыл түрде
ізденуіне тура келеді. Осы жолда орыс фольклористика ғылымының бай
тәжірибесінен үйренуі, оны шығармашылықпен меңгеруі, қазақ әдебиетін
зерттеуге қолданылуы заңды құбылыс.
Автор аталған кітабында орыс фольклортану ғылымының классификациялау
тәжірибесіне сүйене отырып, қазақ ауыз әдебиетінің түрлерін төмендегідей
жанрларға бөлген.
1. Сыршылдық салт жырлар:
а) ел салтындағы шер өлеңдер,
ә) дінмен байланысты өлеңдер,
б) қыз ұзату үстінде айтылатын өлеңдер,
2. Батырлар әңгімесі.
3. Ел поэмалары.
4. Тарихи өлеңдер.
5. Ертегілер.
6. Айтыс өлеңдер.
7. Билер айтысы.
М. Әуезов “Батырлар әңгімесі” деп аталған бөлімінде тұңғыш рет батырлар
жырын қазақ ауыз әдебиетінің аса мол әрі көрнекті саласы ретінде жеке алып
зерттейді.
Бұл еңбек шыққанға дейін өткен ғасырда қазақтың ауыз әдебиетін жинап
бастырумен шұғылданған ғалымдар В.В. Радлов, Ш. Уәлиханов, Г.Н.Потанин,
Т.А. Диваев батырлар жырының шығу тегі, тарихи төркіні, басқа халықтар
эпосымен байланысы, сол кездегі жайы туралы маңызы зор мәселелер көтеріп,
өз дәуірі үшін саса құнды пікірлер айтқан еді.
Атақты тюрколог ғалым В.В. Радлов “Оңтүстік Сібір мен Жоңғар даласында
тұрушы түрік тайпаларының халық әдебиеті үлгілері атты еңбегінің үшінші
бөліміне арналған алғы сөзінде Кіші жүз қазақтары арасында батырлар жыры
жоғалып барады, оның орнын ислам дінін дәріптейтін жырлар басып барады”
деген болатын.
Ол қазақтағы батырлар жырының басқа түркі тектес халықтардағы жырлардан
ерекше белгілеріне де көңіл бөле келіп: Қырғыздар (қазақтардың Ә. М.)
батырлық жыры Оңтүстік Сібірдегі, шығыс түрік тайпаларының жырларынан
өзгеше болып келеді, алғашқысында лирикалық сипат мол болса, соңғысында
эпикалық сарын басым” – дейді. Радлов осы тұрғыдан қарағанда қазақтарда
батырлық жырлар аз, оларда лирика мол деп қорытынды жасайды.
Жоғарыдағы ғалымдардың ішінде Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қазақ эпосы
туралы айтқан пікірлері бұл күнге дейін өзінің ғылыми маңызын жоғалтқан
жоқ. Ол өткен ғасырдың 60-жылдарында жазған Жоңғария очерктері деген
еңбегінде ноғай жырларының шығу тарихы туралы “Ол жырлар қазақтардың да,
қырғыздардың да, ноғайлардың да арасында бар. Моңғол тілінде сөйлеген
көшпелі түрік және моңғол тұқымдарының бәрі ноғайлы деп аталған болуға
тиіс. Ноғайлының аңыздары ХІV ғасырдың ақырында ХV ғасыр мен ХVI ғасырларда
болған. Бұл аңыздардың эпос сияқты сипаты бар. Және де ырғақты өлең
қалпында айтылады. Сондықтан олар халық әдебиетіне қосылады дейді”, -
дейді.
Кейінгі зерттеуші ғалымдар М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов,
Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, М. Ғабдуллин, Р. Бердібаев,
Ш. Ибраевтар көпшілік батырлық жырлардың тарихы төркіні жайынада айтқан
Шоқанның бұл пікірінің ғылыми жағынан құндылығын анықтады.
Қазақтың белгілі әдебиетші-ғалымдары: жазушы С. Сейфуллин, академик М.
Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, профессорлар Қ. Жұмасқалиев, Е. Ысмайылов,
Б. Кенжебаев, М. Ғабдуллин, бүгінгі зерттеушілер Р. Бердібаев. Ш.
Ыбыраевтар – бұлардың бәрі де жаңа дәуір зерттеушілері. Барлығы да қазақ
фольклоры, әсіресе, батырлық эпостарымыз жайлы ауыз толтырып айтарлық
еңбектер берген адамдар. Солардың ішінде көшбасшысы – академик М. Әуезов.
М. Әуезов бұдан бұрыңғы “Қобыланды батыр” мақаласында жеке бір ғана
эпосты зерттеуді нысанаға алса, сөз етіп отырған “Әдебиет тарихы” кітабында
қазақтың батырлар жырын тұтас түрде зерттеді.
Аталған еңбегінде ол басқа түрік тілдес елдердің ішінде қазақ халқының
өз еншісіне тиерлік батырлық жыры бар. Оның айғағы батырлар жырында қазақ
халқының “өзіне тән әдет-ғұрпы, өзіндік психологиясы” бейнелетіндігінен деп
пайымдайды. М. Әуезовтің осы пікірі өзінен бұрыңғы Шоқан Уәлихановтың
“Қазақ эпосынан халықтың өткендегі тарихы, тұрмыс тіршілігі, әдет ғұрпы,
салты, ондағы жеке геройлардың ерлік қимылы арқылы бүтін бір елдің рухы
көрінеді” деген тамаша пікірімен үндес келеді. Және де бұл кітабында Ш.
Уәлиханов сияқты батырлар жырларының тарихқа қатынасы туралы мәселені де
көтереді.
М. Әуезов осы кітабында қазақ эпостарының ең көне үлгілерін нағыз
халықтық деп бағалайды. Әуезов батырлар жыры халық өмірінің ескерткіші
болумен қатар сол халықтың ақындық қиялынан туған көркемсөз өнері өнері
екендігін баса айтады. Осы тұрғыдан сөз етіп отырған тарауға алты жырды
енгізген. Оларды “Ұлы батырлар: (“Едіге”, “Қобыланды”, “Ер Сайын”, “Ер
Тарғын”, “Шора”. Кіші батырлар: (“Қамбар”, “Алпамыс”) деп екіге бөледі.
Мысалы, Едіге, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Шораны “Ұлы батырлар” тобына
жатқызып бұлардың туыс-жаратылысы басқалардан өзгеше олардың қолдаушы, дем
беруші иелері, пірлері бар, сондықтан да халық қиялында орны басқалардан
жоғары” деп бағалайды. Ал кіші батырлар: Алпамыс, Қамбарды бергі заманның
батырлары, халық қиялы сөне бастаған заманның жасағандары. Мұнда бұрыңғыдай
шын сезім аз, сол себептен олар бұрыңғы батырлардың бұрмаланған
қайталамасы, ескінің бұзылған қалдығы деп қарайды. Мұхтар Әуезовтің
пікірінше кіші батырлар бұрыңғы түрік батырларының ізі жоғалып, әрбір ру
өз жерінің ыңғайына қарай бөлек-бөлек елдік жасап кеткен заманда шыққан.
Бұлар бұрыңғы қиялы сөне бастаған жаңа елдің, жаңа бірліктің батырлары.
Бірақ ол бірліктің тарихта үлкен орын алып, кең майданға шыққан елдер емес,
көпшілігі тозып, азғындап кеткен, ұсақталып қалған ел болады. Бұларға
қарама-қарсы Қобыландыны халық қорғаны болған жорықта олжа үшін жүрген
дүние қуған батыр емес, жақсылық атақ үшін жүрген, айдын үшін жүрген ұл деп
қарайды.
1.1“Қобыланды батыр” жыры туралы
Бұл кітабында М. Әуезов бұдан бұрыңғы мақаласындағы сияқты “Қобыланды
батыр” эпосының сюжетіне арқау болған Қазан қаласын орыстардан құтқару
оқиғасы деп санайды. Ал жырдағы Қобыланды, Құртқа, Тайбурыл образдары сол
мақаласының негізінде жазылғанын танытады. Оның есесіне аталған кітапта
Қобыланды жырының тілі, оны жырлаушы Марабайдың ақындық таланты туралы тың
пікірлер қозғап, тереңірек талдау жасаған. Кітапта: “Қобыланды өлеңі –
күшті ақындық, шалымды қиялмен жырланған өлең. Қобыландының үй-ішімен
қоштасуын, Тайбурылдың шабысын, Қазанмен жекпе-жегін суреттейтін жерлер
жырды бергі кезде айтушы Марабайдың ақындық қуатының күштілігін білдіреді.
Бұл сөздер төселген жүйріктей толғаулы ақынды танытады. Қиялы бай, сезімі
күшті, суреті көп ақынды көзге көрсетеді”, - деген зерттеушінің пікірінен
жырдың сюжеті мен әдеби образдарына ғана емес, оның сыртқы формасына да
көбірек көңіл бөлгенін байқаймыз. Қобыланды жырының тілі туралы Әуезовтің
айтқан бұл пікірін қазақ эпосын одан кейнігі кезде зерттеуші С. Сейфуллин
де қайталайды. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Сейфуллиннің “Қазақ әдебиеті” деп
аталатын кітабынан мына мысалды келтірейік: “Шеберлік ретінде Қобыланды
жыры - ескі ел әдебиетінде ірі орын алатын жырдың бірі. Мұның жыры күшті
ақындықпен айтылған. Жырдағы Тайбурылды Құртқаның үйден алып шыққандағы
еркелеуін суреттеуі, Қобыландының үй-ішімен қоштасуы, Тайбурылдың шабысы,
Қазан мен Қобыландының айқасы – міне осы жерлердің бәрі де әдемі тізілген,
көркем суреттелген жырлар: Қобыландыны соңғы айтып беруші Марабай ақын”
дейді.
Қазақ халқының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар
көбінесе сонау бір бағы заманда орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған
көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық
көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды,
Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді іні
батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға байланысты.
Батырлар жырының қаһармандары қазақ деп аталмайды. Ноғайлы нәсілінен
делінеді. Өйткені, бұл жырлар қазақтың дербес саяси одағы құрылмаған
кездегі дәуірді сипаттайды.
Бұл жырлардың желісін о баста кім шығарғанын табу мүмкін емес. Барлық
жырда да оны шығарған жыршының аты аталмайды.
Аға батырлар жайындағы жырларда жеке бастың қамынан гөрі әлеуметтік
сарын басым. Мұнда рулық ұжымның қуат-күші батырдың тұтас образы арқылы
бейнеленеді, ол өзінің қайрат-жігерін сыртқы жауларға қарсы соғыста
көрсетеді.
Барлық жағдайда да батыр өз руын бастап шығушы әрі соның қайтпас
қажырының көрінісі. Олар жорыққа жеке бастың намысын іздеп шықпайды. Ал
Сайын, Алпамыс сияқты іні батырлар өздері үшін жорыққа аттанады, не кегін
қуады, не қалыңдық үшін аттанады.
Эпостық дастандардың шығу тегі сөз болғанда олар тұрмыс-салт жырларының
негізінде туды деп айтуға болады.
Қазақ халқының батырлық эпосының ішіндегі ең тамашаларының бірі –
“Қобыланды батыр”.
Жырдың бір варианты революцияға дейін Қазанда басылған. Ал революциядан
кейін қазақ фольклоры мен эпосын жинаушы аты мәлім Әбубәкір Диваев
бастырды. Алғашқы варианттың оқиғасы да, көлемі де мол. Ол Тоқтарбай мен
Аналықтай қартайған баласыз жандар перзентті болып, болашақ батыр дүниеге
келгенін баяндаудан басталады. Екінші жыр Қобыландының балалық шағын және
оның сиқыр кемпір Көкіланның қызы сұлу Құртқаға үйленгенін сипаттауға
арналған. Бұдан әрі екі вариант ұқсас. Екеуінде де Қобыландының жер
қайысқан қалың қыпшақты бастап, Қазан ханға аттанып, Қазан батырмен
соғысқаны баяндалады.
“Қобыланды батыр” жырының көркемдігі мен түрінен қазақтың батырлық
эпосына тән ерекшеліктер аңғарылады.
Батырдың тағдырына оның серіктері, әсіресе тұлпар аты да көп
ортақтасады. Тұлпар ат – батырдың ең жақын серігі. Ол батырдың образын
толықтыра түседі.
Ел есінде сақталып келген батырлардың ішінде болған адамнан тарайтын
әңгімесі де болады.
Орынбор архив комиссиясының мағлұматы бойынша, Елек қорғанынан Ойылға
қарай жүретін қара жолдың үстінде, Қобыланды деген бекет бар. Соның жанында
Қобыландының бейіті деген бейіт бар дейді. Бұл Қобыландының болған
атамекеніне бір дәлел. Екінші, Шәкәрім ақсақалдың шежіресінде, ескіліктен
қалған әңгіменің ретінде Қобыланды батыр Жәнібек пен Әбілқайыр ханның
тұстасы делінеді; қыпшақтың Әбілқайырға жағымды, әрі басты адамы, әрі
қадірленген батыры болады. Әбілқайырға Қобыландымен қадірі тең түсіп
жүретін арғын Дайырқожа деген ел жақсысы болады. Қобыланды мен Дайырқожа
кектесіп жүргенде далада кездесіп, батыр Дайырқожаны өлтіреді.
Қобыланды өлтірген Дайырқожаның әкесі - Қыдан тайшы, Қыдан деген өлеңші
болады. Ел ауызында сақталып қалған ескіліктің бірінде сол Қыдан ақын өлеңі
деп мына өлең айтылады: “Қара қыпшақ Қобыландыда
Сексен асып
таянғанда тоқсанға
Тұра алмастай
үзілді ме жұлыным
Аққан бұлақ,
жанған шырақ
Жалғыз күнде
құрыдық!
Қара қыпшақ
Қобыландыда
Нең бар еді,
құлыным!” – деген.
Жоғарыда Дайырқожаның өлімі үстінде айтылған өлең әз Жәнібек, Әбілқайыр
ханның заманында ноғайлы қазақ бірлігінің тұсында болған делінеді.
Қобыланды сол заманның адамы болса, онда ХV-ғасырдың орта кезінде өмір
сүрген болады.
Қобыландының алғашқы жорығы Қазан қаласына аттанумен басталады. Әңгіме
Қобыландының Қазанды шауып, егескен жауын жеңі, алдағы еске алған жауларына
жолшыбай шабуыл жасап, содан қайтып келгенде өз елінде болған ірі уақиғаға
кездеседі.
Ел жыры Қобыландыны Қазан қаласымен соғыстырады. Қобыландының батырлық
әңгімесі ел өлеңінде, осы оқиғанының айналасында болады. Бізел әңгімесінің
осы жерін, тарихтың қай кезіне келетінін тексермекшіміз.
Әңгімеде Қобыланды Қазан қаласымен соғысады екен. Осы әңгімедегі
аталған Қазан қаласы қай Қазан? Бізше, бұл бұрынғы қазан хандығының
астанасы болған, бүгіндегі Еділ бойындағы Қазан қаласы. Бұның дәлелі
әңгіменің өзінен көрінеді.
Қобыланды аттанып барған Қазан екі қала екен дейді. Бірі – сырлы Қазан,
екіншісі – қара Қазан, бүгінгі Қазан қаласы ХІV-ХV ғасырлардың шек арасында
екі жерде болғаны рас. Әуелгі Қазан ХІV ғасырдың аяқ кезінде әуелгі “Ғизан”
деген судың құятын жерінде Балғардан шыққан Алтынбек, Қалымбек салған қала
болады. Алтынбек, ҚалымбекБалғардың Құбайдолла ханының баласы; бұның
елдігін Ақсақ Теміройрандап, өзіне қаратып алғанда ханның екі баласы Еділді
өрлеп кетіп, жоғарғы Қазан қаласын салған. Артынан, ХV ғасырдың бас кезінде
Алтын ордадан бөлінген бірнеше рулар келіп, Еділ бойының хандығын жасайды.
Оның астанасы Қазан қаласы болады. Бірақ бұлардың тұсында Қазан қаласы
бұрынғы ескі Қазаннан 7 шақырым төмен жерден салынады. Кейінгі уақытта
Қазан хандығының астанасы да сол болады. Мөлшермен есептегенде қазан
хандығы 1430 жылдардан 1552 жылға шейін еркін өмір сүрген. Өзгеден елдігі,
іргесі бөлек бір хандық болады. Өз бетімен еркін өмір сүріп тұрғанда
қазанда 14 хан болған. Алғашқысы Мақымет, соңғысы 1552 жылы орыстың иван
Грозныйы Қазан қаласын алған уақытта хан болып тұрған Ядігер (Жәдігер).
Бұл екі арада болған 14 ханның ішінде біздің әңгімеде аталатын Қазан
деген хан жоқ. Бұл атты, Қазан қаласының атына ұйқастырып, елдің өз қиялы
қосқан болуға керек.
Біздің еләңгімесіне қарағанда, Қобыланды батыр Қазан хандығының
құлайтын мезгілінен көп бұрын өлген адам болады. Бірақ әңгіме Қобыландыны
Қазанға аттандырады, Қазандағы кәпірмен соғыстырады.
Бұл әңгімені туғызған себеп не? Соған келейік. Ел әңгімесі, ел қиялы
тарихтыңпәлен жылмен, пәлен жыл арасындағы уақиға деп санайтын өлшеуінен
бірде іргелі, бірде кейін кетіп отырады, тарихқа дәл болып өткен мезгілді
ел әңгімесінің кейде білмей шатастыратыны да болады. Кейде әдейі біле тұра
бір сүйген мезгіліне, не есінде ұмытылмастай болып нық орнап қалған тарихи
уақиғаның тұсына ертеде болған уақиғаның, кейінгі заманда болған уақиғаны
да түгелімен алып келіп, бір жерге басын қосып, үйіп төгіп қоятыны да
болады.
Сондықтан көп жұрттың ескілікті әңгімелері, белгілі бір хан мен
патшаның айналасына жиналады. Кейде бір үлкен тарихи дәуірге әкеліп жиып
қояды. Орыс жұртының батырлар ескілігінің барлығы “қызыл күндей
Владимирдың” айналасына жиналған сияқты. Араб жұртының ескіліктегі әңгіме
ертегісінің Арон Рашит айналасына жиналғаны сияқты. Бергі заманда көп
елдікке бөлінген түрік жұрттарының сондай дәуірі алтын орданың кезіболады.
өзге елдерден іргесін бөлек қылып алып шыққанда қазақ ескілігінің көбі әз
Жәнібек ханның тұсында болады. Міне, осы сияқты жалпы тарих шеңберінен
бөлініп, үзіліп шыққан бір мезгілі. Өзінің тұсына бұрынғы-соңғы замандардан
болған ірі уақиғаларды, ірі батыр-бағыландарды түгелімен жинап алатыны
болады.Оны жинайтын ел қиялы.
Енді Қобыландыны, Қазан хандығының тұстасы қылып, Қазан қаласына
аттандырған себеп не,соған келейік. Бұған себеп болған: Қазан хандығының
оңалмастай болып құлап, артқы күндері естен кетпестей өкінішпен
біткендігінен. Қазан хандығы құлағанда, жалғыз сол хандықтың ішіне кірген
рулар ғанакүйрелген жоқ; бұрынғы Алтын орда кезінен ескі бірлік, ескі
елдікті ұмытпай, соны арманқылып көксеп жүрген ұсақ рулардың барлығына да
Қазан қаласының алынуы қозғау салған. Бұлардың арасын жамастыр5ан саяси
бірлік. Алтын орда құлауымен бірге жоғалса да тілек бірлігіжоғалған жоқ
па. Және бұрынғы іргесі күшті ел еріген қардай таусыла бастаған уақытта,
жел батыстан есіп, ұлғайып, ызғарлы болып, қабағын түйіп келе жатқан бір
көш болады. Ол орыс елдігі, бұл бұрын бағынуда болған жұрт болса, қазірде
өзі бағындыратын, өзі күш көрсететін дәрежеге келіп қалған. Сол кезде Алтын
орданың орнын басқандай болып жау бетіне қарсы қойған тіреу, іштегі сенім
– Қазанхандығы болатын. Сол Қазан 1552 жылы Иван Грозныйдың қолынан жеңіліп
құлайды, оның құлауынан үлкен дерт Қазанның ақырғы ханы Ядігердің қайғысы
болады.
Қазан қаласын орыс әскері соңғы ретнық басып, жеңіп алған жолында
қайтып көтеріліс, ереуіл жасамасын деп Ядігерді кепілге алып кеткен. Ядігер
босатылмайды. Ақырында Ядігер митраполит (дін басы) арқылы Иванға шоқынған
ниетін білдіреді. Ядігер мұсылман дінін тастап христиан болады. Бұл
уақиғаның артынан Ядігер қадірлі князьдің бірі болады. Иван өзінің қадірлі
бояр (мырзаларының) ішінен кутузовтың Мария деген қызық Ядігерге некелеп
қосып, тойын Москвадағы барлық ақсүйек пен ұлыққа тегіс тойлатады.
Ядігердің шоқынғанын білмей, Қазан елі бұрынғысынша тағы бірнеше рет
сұраған соң ақырында Иван Ядігердің Қазанғабөтен адам болып кетекенін
білдіреді. Басына тас тигендей шатасқан Қазан елі, әлгі хабарды естіген соң
Ядігердің үстіндегі хан көйлегі деген темір сауытты сұратады. Міне, Қазан
хандығының құлауы осы сияқты халдермен бітеді.
Бұрынғы ескі биліктің тілеуінде жүрген рулардың барлығына бұл уақиға
оңай тимейді. Сондықтан ел көңілінен бұл неден, кімнен болды? Пәленшелерден
болса бұл уақиға болмас еді-ау деген сияқты арман шығады. Сол арман Қазан
хандығы құлайтын кезде болған жақсылар мен батырларды түгелімен Қазанды
кәпір қолынан құтқаруға аттандырады. Қазан құлайтын заманның өзінде болған
батыр Нәрік ұлы Шора өледі. Бұл тарихта белгілі адам.
Қазанның орыс әскерімен тартысып жүрген уақыттағы елеулі адамының бірі
осы Шора болады. Ел әңгімесі мұны Қырымнан аттандырады. Елдің сол сияқты
көңіліне жиылған арманы мен өкініш Қобыландыны да осы заманға алып келіп,
Қазанға жорыққа аттандырады.Ел әңгімесіндегі Қобыланды Қазанның өз бетімен
елдік құрып отырған хандығына қарсы аттанған емес. Бұл Қазан қаласын алған,
Қазан елдігін құлатқан жауы, кәпірге қарсы аттанған жорық. Әңгімеде
қазақтың ішіндегі жауды ылғи кәпір деп отырған.
Жау кәпір, бірақ дәл қай жұрттан шыққан, қай ел; оны бері келгенде ел
әңгімесі ұмытып қалған. Сондықтан әңгіменің бір жерінде Қазандағы жау
қалмақ, бір жерінде қызыл бас, тағы бір кезде қырғыз болады. Бір әңгіменің
ішінде әлденеше елдің атын атаудың өзінен шын жаудың аты ұмытылғандығын
көрсетеді. Бергі кезде айтушы ел түпкі жаудың аты жөнін ұмытқан соң
өздерінің күнін көріп, күнде алысып жүретін дағдылы, мәлім жауларының атын
қоя салған. Қырғызды, қалмақты қосу бергі замандағы қазақ елдігінің
жауларын қосқаны болады. Ел әңгімесінің мұндай кезде өзі білген жау атын
қоса салатыны бізге батырлар әңгімесінен мәлім.Мысалы Нәрік ұлы шораның
әңгімесі өлең тілмен жазылғандықтан оның Қазандағы жауы анық орыс болады.
Сол әңгіменің өлең емес қара сөз күйінде сақталып келгенқайталамасы-“Шора
батыр” әңгімесіндегі Қазандағы жау Қобланды әңгімесіндей қалмақ болып
шығады.
Міне осы сияқты салыстырған сөздерге қарағанда Қобландыны өз тұсында
болмаған Қазан қаласына ел қиялы аттандырса белгілі, арнаулы тарихи
уақиғалардың себебімен аттандыруға керек. Тарихи себеппен аттандырса өліп
қалған Қобландыны қыпшақтың өзінің хандығы сияқты болған Қазан хандығын
құлатуға аттандыруға керек емес. Одан гөрі бергі заманда болған 1552
жылдағы уақиғаның салдарынан орысқа қарсы аттандыру әлде қайда орынды,
қисынды болады. Сондықтан бізге Қобландыны Иван Грозный қолынан Қазан
қаласын құтқаруға аттанған десек, өрескел терістікке ұшырған болмаспыз
деймін. Осы ретпен шыққан Қобланды ел қиялында қалай суреттелген. Жырдағы
Қобланды қандай мінезді, қандайлық жаратылысты батыр, енді соған келейік.
Қобланды да қазақтың ұлы батырларының бірі. Ұлылық бұның ерекше
туысында, ел жақсысы туралы өзінің нық орнаған көзқарасынан айырылмайды. Ел
қиялы бір сүйген түрінен ауспайды да, адаспайды. Сондықтан Қобланды ерекше
туыспен туады. Бұның жаратылысында әулиемен араластырып, ерекше туғызады.
Қобландының алғашқы жорығы Қазан қаласына аттанумен басталады. Әңгіме
Қобландының Қазанды шауып, егескен жауын жеңіп, алдағы еске алған жауларына
жолшыбай шабуыл жасап, содан қайтып келгенде өз елінде болып қалған ірі
уақиғаға кездесіп, елін шапқан қалмақтың Алшағыр деген батыры мен соның
елін шауып, кегін алумен бітеді.
Бұл уақиғалар бірінің артынын бірі тізіліп келетін ұзақ әңгіме болса да
барлығы Қобландының алғашқы батырлығы басталып, алғашқы батырлық жолындағы
көрсеткен өзгеше қайратын жыр қылып, әңгіме қылумен тоқталады.
Қобланды бұл әңгімеде ел қорғаны болған, елінің мақтаны, айбыны болған
батыр.
Қобландының батырлық мінезін, батырлық туысын ел әңгімесі өзінше толық
қылып, батырдың бүтін пішінін жасап шығарғандай болады.
Қобланды алғашқы жорығының өзінде тоят іздейді. Ежелден кекті болған
алыстағы мықты жауға аттанады. Жауға аттанарда қарындасымен, Құртқамен
қоштасқан сөзінде өзін-өзі қайраттандырып, жауландырып, шын батырдың
тасқындаған ірі сөзімен жауап қайырады.
“Қора толған қойымды,
Аш бөріге тапсырдым.
Азу тісті болаттай
Жас бөріге тапсырдым
Желі толған жылқымды,
Жасанған жауға тапсырдым”,-
деген сияқты желпінген сөздер- шын батыр аузынан шығатын сөздер. Қобланды
барлық әдетінде ірі батыр әдетін істейді. Ол жалғыз жүріп, шабуылды жалғыз
жасайды. Қауіпті жау ішінде болсада еркімен ұйықтап, салғырт жүреді.
Қобланды әйел тілін алмайды. Әйел тілін алу: қаншалық жақсы, адал дос
болса да азғанымен бір есеп деп біледі. Сондықтан әйел көмегін алғысы
келмейді. Дұшпаннан рақым күтпейді, тілемейді. Дұшпанның жақсылық, аянышын
алғысы келмейді. Дұшпаннан дұшпандық қана күту керек, дұшпандығына
қайратпен ғана жауап қайыру керек деп біледі.
Көбіктінің қызы Қарлығаның істемек болған көмегін, беріп тұрған
бостандығын сол себепті алмайды. Құрқаның болжал қылып “еліңді жау шауып,
әке-шешең құл мен күң болып, бізді ерегеске жаудың мықтысы әкеткен заманда
келерсің” деген сөзі Қобландыға тоқтау болмайды.
Қобланды жорықта олжа үшін жүрген , дүние қуған батыр емес. Сондықтан
жорық жолында не кез келсе де бағасына, ажарына қарамайды. Олжа деген
жолдастың бар тілегін алып отырады. Сол себепті Қараман Қобландының үнін
тілеп, өзінікі болмақты іздеген Қарлығаны олжа деп алып кетеді. Барлық
жолдың олжасы да Қият қолы мен Қараманда болады. Қобланды елдің қиял қылған
батыры.
Бұл өз руының мақтаны. Елінің қорғаны: Жауынгерлік тыныштығы жоқ
заманда жағалай жабыс, құба қалмақ заманы сияқты аума-төкпе заманда
амандықты, тыныштықты тілеген ел батырды қиял қылған. Сондағы тілеген, қиял
қылған батыры Қобланды. Бұл серікке қол алмайды. Елге ауыртпалық
түсірмейді. Елдің құр ғана қорғаны емес, өзі ізденеді. Жақындағы түгіл,
алыстағы жаудан да ізденіп барып өшін алады.
Қобландының бір басында әрі басшы батырдың, әрі артынын ерген қолдың да
міндеті бар.
Қобланды сияқты батыры, айдыны болған заманда қыпшақты аларлық жол жоқ.
Алса қапыда алады. Қобланды жоқта, қамсызда, беібітте алады. Бірақ Қобланды
тұрғанда елге өлім жоқ. Ел тіршілігін сақтаушы бар.
Қобландыдан соңғы әңгімедегі екінші орын алатын Құрқа. Құрқа Қобланды
сияқты ерекше туған, батырдың теңі болып туған, көңілдегідей жақсы жары,
ондай адал жарға ылайықты шыдам бар.
Тоқтаулы мінезділіктен басқа жарын сыйлаған кең сабыр бар. Ол тілеуі
дұрыс. Барлық ойы, барлық ниетімен жау жолына басын сарп қылған жолдас;
сондықтан Қобландының үйде отырған есі, ақылы Құрқа. Қобланды қайрат иесі
болғанда, Құртқа ақыл, ой иесі. Екі жартыдан, екі жақсы сыпаттан құралған,
жарастықты бір бүтін өмір бұл екеуінің біріккен өмірі болады. Құртқаның өз
басына арналған тілегі мен ойы жоқ. Сол Қобландының өміріне тілеу мен
қызметін қосып жіберген жан. Сондықтан доспал айтудан басқа түс те көреді.
Түсінде Қобландыны тауып отырады. Құртқа, елдің Қобланды сияқты батырға
қиял қылып қосқан жары, көбінесе Құртқа қызметі Қобландыдан есті, тартымды
болады. Қобландыға Тайбурылды асырап, жетілтіп, жолдас қылып беру, бұл
Құрқаның өзіне мақсат қылған жұмысы болады. Тайбурыл Қобландының Құртқадан
соңғы серігі, жолдасы. Тайбурыл көшпелі елдің батырына арналған ат. Көшпелі
елдің қысылғанда сенім қылатын “ қыл құйрықты жел жетпес” есті серігі.
Жорыққа, сапарға шыққанда артта қалған елден де, үйден де пайдасы артық
тиетін жалғыз сүйеніші, сенімі, аты болады; сондықтан ол ат құр ғана
мінгіш, құр ғана жүйрік жүрік, берік болудан басқа есті де болуы керек.
Сондықтан Тайбурыл керекті жерінде тіл бітіп, сөйлеп те кетеді. Көтерген
қиял Тайбурылды өзге малдан жат қылып, ірілетіп әкетеді. Тайбурылдың бұлай
болуына Құртқаның тәрбиесі себеп болады.
Құртқа Тайбурылды баласындай тәрбиелейді. Батырдың аты өзгеден өзгеше
тәрбие көрген, Құртқа тәрбиесінен шыққан. Сондықтан өзгеден жат іс
көрсетеді.
Қобланды әңгімесі басында шыны жақын болған, бір уақиғаның сарынынан
туған әңгіме дедік. Юұл Қобланды әңгімесінің ескіден келе жатқан негізі.
Бұл әңгіме жалғыз қазақ әңгімесі емес, содан қалған қазақ ішіндегі
сарқындысы. Бірақ әңгіме көп заманнан келе жатқан ескі әңгіме болғандықтан,
бергі жерде қосылған жамаулар көп. Жамау жалғыз әңгімеде емес, әсіресе көп
айтушыдан өткендіктен. Әрбір заманның ескілікті, жаңалықты сөздері сияқты
қоспаны да көп сіңірген.
Әңгімеге қосылған қоспалар жаулардың аттарын санауда бергі заманда
Қазанға Қобланды іздеп барған нағыз жауының аттарын ұмыттырып, қазақтың өзі
көріп жүрген қырғыз, қалмақ сияқты елдерді кіргізген. Солармен ауысқан,
оның үстінне анда-санда қызыл бас атының араласатыны бар. Бұл тіпті бергі ,
күшейген мұсылмандық сарынынан жұққан тат.
Сыртқы сөзіндегі әріден келе жатқан “Айыр қалпақ, жез телпек” сияқты
ескілікпен қатар бергі уақыттың порымы, аршындап “Сұқары” деген сияқты
орыстан кірген сөздері де көп. Бұл сияқты ала сөздер ескі заман мен жаңа
заман айтушыларын араластырып, жыр мен әңгіменің көп ауыздан өткендігін
білдіреді.
Қобланды өлеңі, ескі қазақ әдебиетінде үлкен, елеулі орын алатын жырдың
бірі. Бұның өлеңі күшті ақындықпен, шалымды қиялмен жазылған өлең. Жырдағы
Қобландының үй ішімен қоштасуы, Тайбурылдың шабысы, Қазан мен Қобландының
айтысы сияқты өлеңдер Қобландыны соңғы, түзеп айтқан Марабай сияқты ақынның
үлкен ақындық қуатын білдіреді. Бұл сөздер, төселген жүйріктей толғаулы
ақынды танытады. Қиялы бай, суреті көп сезімі күшті ақынды көзге көрсетеді.
Бұл турада Қобланды жырының тілі әдебиеттің замандағы кестелі шебер
түрінен қалыспайтын ырғақты жерлерін айқын білдіреді. Қобландының жыршысы
сыпаттау сөздерінің барлығын салыстырған суретпен айтады. Көтеріп сөйлеген
суреттерінің өзінде де көңілге қанықтығы толғану ретті еріксіз қондырғандай
болады. Қобланды жыры ескі жырлар үлгісімен жазылғандықтан барлық өлеңі
әнге өлшеніп айтылған. Сондықтан қандай оқушы оқыса да желдіртіп ала
жөнеліп тұратын желпінген өкпегі білініп тұрады.
Тыңдаушының көз алдына шаңын болатып, әндетіп, суырылап алып келе
жатқан домбырамен айтатын ескі ақынды елестеткендей болады.
Бұл Қобланды жырының айрықша бір бағасы. Ескі әңгімені ескі жыр
сарынынан аудармай, сұлу қылып айта білген ақынның шеберлігіне куәлік
береді.
Қобланды өлеңіндегі ақындық суреттері, жалпы қазақ ескілігіндегі барлық
суреттеу сөздерге толық мысал, солардың нағыз өз үлесі. Олай болса, қазақ
әдебиетін жалғыз сурет жағынан алсақ бұның, Европаның барлық күн шығыс
ақындығына жауап жүрген бір жаласы теріске шығады. Күн батыс сыншылары: “
Барлық Азияның ақындық суреті ылғи алыстан, үлкеннен алған мысалмен келеді.
Көпіртпей, аспандатпай салыстыра алмайды” дейді. Ондағысы сұлуды ай
жұлдызбен, жақсылықты аспанмен, күнмен, құдайшылық сипатымен, діндарлық
нанымымен айтқан суреттерді айтады. Қобланды жырындағы суреттер ол күйден
аман. Бұның суреті- өмір суреті. Әркімнің көз алдында көрініп жүрген халдан
алған сурет. Бірақ ауаны үлкен, шұбарланған, түбі мол сурет.
Зерттеушінің қазақ фольклоры, соның ішінде эпос қаһармандарының ұлттық
характерін, жауын жеңіп, жолы болғандығын, кейде тар ұлттық шеңберде
қараушылық әдісі де біржақты жансақтылықты байқатады.
“Қазақ батырлары Ғазіретәлі, Сейітбатталдай емес, олардың өзінше
жаратылысына тән қазақ тәрбиесі, қазақ мінезі, қазақ ұғымы, қазақ тәні бар.
Алдарына қойған мақсаттары да бірегей: алдымен ұлтшыл болу - өз дінін сүю.
Олардың жаратылысынан қазақ қаны күшті... Сондықтан да қазақ батырларының
дұшпанын мұқатып жолы болғыштығы жауы қазақ емес, жат болғандықтан” деп
тұжырымдайды.
Дегенмен, кейбір ішінара айтылған ұшқары пікірлеріне қарамастан, қазақ
әдебиетінің өткен жолы, сол кездегі бет бағдары, болашағы туралы ой
қозғаған жас зерттеушінің ескіден қалған әдеби мұраға деген ерекше
құрметтеушілік сезімі, биік талғамы танылады.
Ташкент университетінде оқып жүргенде студент М. Әуезов қырғыз
халқының ұлан ғайыр эпосы “Манасты” зерттеуге алғаш рет талпыныс жасайды.
Баянадама жұртшылық көңілінен шығып, мәжіліс төралқасында отырған Т.
Рысқұлов, Әбубәкір Диваев, Сұлтанбек Қожанов баяндамашыға жылы лебіздер
білдіріп, тақырыпты одан әрі тереңдете зерттеу керектігі жайлы пайдалы
пікірлер айтады. Осыдан кейін дарынды жастың болашағына зор үміт артқан
Түркістан Коммунистік партиясының орталық комитеті оған сол 1923 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz