Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Қ. Мырзалиев өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мазмұны . . . 5

1. 1 Қ. Мырзалиевтің махаббат лирикасы . . . 5

1. 2 Қ. Мырзалиевтің табиғат лирикасы . . . 14

1. 3 Қ. Мырзалиевтің азаматтық лирикасы . . . 18

1. 4 Қ. Мырзалиевтің философиялық лирикасы . . . 26

1. 5 Лирикалық кейіпкер және ұлттық мінез . . . 29

2 Қ. Мырзалиев лирикасының көркемдік ерекшеліктері . . . 41

2. 1 Ақын өлеңдеріндегі ажарлау түрлері . . . 41

2. 2 Ақын өлеңдеріндегі құбылту түрлері . . . 51

2. 3 Ақын өлеңдеріндегі айшықтау түрлері . . . 57

Қорытынды . . . 60

Пайдаланған әдебиеттер . . . 61

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаты . Поэзия - әдебиеттің ертеде қалыптасқан көне саласы. М. Базарбаев сөзімен айтқанда « . . . жасаған сайын жасара түсетін жанды саласы» [1, 3] . Ол - ежелден зерттеушілердің назарын өзіне аударып келген әдебиет жанрының бір түрі. Сондықтан болар, поэзия туралы зерттеулер әлі толастаған емес.

Әдебиеттің өрістеуі 1960-1990 жылдары десек, қазақ поэзиясының дамыған тұсы да осы кезең. Әдебиет әлеміне М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, Ф. Оңғарсынова, Т. Айбергенов және т. б. талантты ақындардың келуі поэзияның, әсіресе, лириканың дамуына мол үлес қосты.

Қазақ әдебиетiнде лириканың түрлерi туралы пiкiрлер де бiр iздi емес. Әдебиетшi М. Базарбаев [1, 88] қазақ поэзиясында өмiр сипатын бiлдiретiн саяси лирика мен азаматтық лирика бар екенін айта келіп, шартты түрде махаббат лирикасы, табиғат лирикасы деп бөлінетінін ескертсе, зерттеуші Ә. Жәмiшев: «Лирика атам заманнан берi: философиялық, саяси, табиғат, махаббат лирикалары деп түр-түрге бөлiнедi. Бүгiнгi қазақ лирикасында бұл сипаттардың қайсысы болса да мол» [2, 8] - дегендi айтады.

Поэзияны түр-түрге бөлуде ақын Ф. Оңғарсынова: «…азаматтық лирика, азаматтық тақырып дегендi бiз өз алдына оқшау қоятынымыз әбестiк. Осы оқушылардан қырсықтық пен тайыз түсiнушiлiк туындайды. Бұл, сөз жоқ, жақсы өлеңнiң тууына кедергi жасайды. Мынау азаматтық лирика, анау махаббат, үшiншiсi табиғат деп шекараны қызыл сызықпен бөлiп қою дұрыс емес» [3, 184], - дейдi. Ал поэзияда бiр өлең iшiнде табиғат суретi мен махаббат сезiмiнiң астасып, сабақтасып келуi немесе табиғат көрінісі мен қоғамдық, философиялық ойлардың қатар жүруі Ф. Оңғарсынова пiкiрiн қуаттай түседi. Дегенмен шартты түрде табиғат, махаббат, азаматтық лирика деп бөлемiз.

Жұмыстың өзектілігі . Қазақ әдебиеті ғылымында ақындар шығармашылығы, не болмаса әдеби мұрасы кейінгі кезде жан-жақты қарастырылып жүр. Әсіресе, қазақ әдебиетіне, поэзиясына белгілі тұлғалардың шығармашылығының, мұрасының зерттеліп жатқандығын білеміз. Десек те, жекелеген мәселелер зерттеушілердің назарынан тыс қалып жататыны да шындық. Осы тұрғыдан қарастырғанда, Қ. Мырзалиев шығармашылығы мүлде зерттеу көзіне айналмады деп те айта алмаймыз. Жекелеген мақалалар мен зерттеулерде, конференцияларда қарастырылып жүргені рас. Бірақ бұл еңбектер ақын шығармашылығын толық аша алмайды. Ол үшін көп еңбек қажет. Біздің жұмысымыздың өзектілігі де осы ойдан туындап отыр. Жұмыста ақын шығармашылығын тұтас емес, тек лирикалық жөн көрдік.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - белгілі қазақ ақыны, оқырмандардың іздеп жүріп оқитын ақыны Қадыр Мырзалиевтің лирикалық өлеңдерін жан-жақты талдау арқылы көпшілікке таныту. Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттер көзделді:

  • Ақынның лирикалық өлеңдерін тақырыптық-идеялық ерекшелігіне қарй талдау;
  • Ақынның өзіндік ерешелегін, стилін өлеңдерін талдау барысында бағамдау;
  • Қ. Мырзалиевтің ақындық шеберлігін жан-жақты ашу;
  • Өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін әдебиет теориясы тұрғысынан қарастыру;
  • Құбылту, ажарлау, айшықтаудың ақын өлеңдеріндегі қолданыстарын айқындау.

Жұмыстың жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымында поэзия зерттелген жоқ, не болмаса зерттелмей жатыр деп айта алмаймыз. Қазіргі кезде , әсіресе, жақсы зерттеліп жатқан салалардың бірі. Кей зерттеулер кезең-кезеңмен бөлініп қарастырса, біраз зерттеулер жекелеген ақындар шығармашылығын, болмаса лириканың арнайы түрін зерттеуді көздейді. Осы тұрғыдан қарастырғанда, диплом жұмысының нысанына алынып отырған ақын Қ. Мырзалиев шығармашылығы мүлде қарастырылмады деп айта да алмаймыз. Зерттеуші Қ. М. Тілеубердиевтің «Қ. Мырзалиев шығармаларындағы табиғат және экология мәселелерінің көркемдік шешімі» [4] атты кандидаттық диссертациясы бар. Сонымен қатар жекелеген мақалалар мен зерттеушілердің ақын туралы айтқан ой-пікірлері бар. Біздің жұмысымыздың жаңалығы сол - біз жұмыста ақын Қ. Мырзалиевтің тек қана лирикалық шығармаларын арнайы қарастыруымыз. Әрине, ақынның лирикалық шығармаларынан басқа балалар әдебиетіне қатысты шығармалары, поэмалары, мақалалары, аудармалары т. б. бар. Десек те, ақынның лирикалық шығармаларын қарастырған дипломдық жұмыс деңгейіндегі алғашқы еңбектердің бірі деп айта аламыз.

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеуші-ғалымдардың теориялық еңбектері мен мақалалары, ақын Қ. Мырзалиевтің әр жылдары жазылған өлеңдері дипломдық жұмыстың дерек көздеріне айналды.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негiздерi. Зерттеудiң теориялық-әдіснамалық негiздерiне ұлттық әдебиеттану ғылымының көрнектi өкiлдерiнiң: А. Байтұрсынов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, З. Қабдолов, Қ. П. Жүсіпов, К. Ахметов т. б. зерттеу еңбектерi тақырыпты зерттеудiң көзiне айналды.

Сонымен қатар А. А. Потебня, Г. И. Лотман, В. В. Абрамович, КК. Кожинов т. б. еңбектерiндегi ғылыми теориялық қағидалар басшылыққа алынды.

Зерттеудiң әдiстерi. Тақырыпты зерттеуде салыстырмалы талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдiс-тәсiлдерi қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қ. Мырзалиев өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мазмұны

1. 1 Қ. Мырзалиевтің махаббат лирикасы

Қадыр Мырзалиевтің махаббат пен достықты жырлаған лирикасының жөні басқа. Осы тақырыптағы өлеңдер циклы - ерекше поэтикалық сипаты бар, айтуға тұратын жырлар деп білеміз.

Оның "Бұлбүл бағы", "Домбыра" атты екі кітабында достық пен махаббат ерекше пафос, өзгеше темперамент арқылы жырланады. "Бұлбұл бағында" төртінші, алтыншы тарау ретінде, "Домбырада" достық пен жолдастық пернесі махаббат, ғашықтық пернесі деп екі бөліп, аталыпты.

Енді Қадырдың махаббат лирикасы қалай, соған келейік. Ол туралы қандай сын айтылса да қазіргі оқырманға ұнай бермесі хақ. Ескі сүрлеу өзіне тартады, жаңадан із тастау тағы қиын . . . Қалың қарды омбылап бара жатқандай . . .

Сынды түзеу қолдан келмес, дегенмен айтпасақ болмайды. Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат. Ол өзінше жырлайды. Қадыр сөзі - қадірлі сөз. Әсем сөз.

Махаббат лирикаларын Қадыр "Бұлбүл бағы", "Ой арманы", "Домбыра" деп аталатын жыр-жинақтарына енгізіпті. Әр жинақтың шыққан жылына қарап отырсаң, ақынның өсу жолын, лирикалық қаһарманның балалық, жастық романтикасы, ойы өсіп барып, өмір тәжірибесіне айналғандай, адам ретіндегі келбеті, бәрі- бәрі ізбе - із дамып отырғандай. Жас жігіт ару қызды ұнатып, аңсайды, соңында қосылып, көңілін орнына түсіреді. Махаббатында қарама- қарсылықтар болып, өзара түсінісу, бірі-бірін қадірлеу сезімдері айшықты жағдайда ашыла түседі. Қосылған соң да, мінез алшақтықтары аз болады. Ақыры екі жас үйренісіп, үй болады. Ақын осының бәрін суреттеп береді, объективті бағалайды. Қысқасы, мұнда да Қадыр Қадырлығын істеп, жалпы өмір ағысынан жаңылыспайды. Көп қырлы соқпақтарды сызып, содан жастарды дұрыс жол тауып өткізеді. Осының бәрі Қадырда диалектикалық байланыста шешілген.

Ақынды және оның лирикалық қаһарманын дұрыс түсіну үшін, келіңіз ақын поэзиясына ізбе-із тоқталайық:

0, бозбола алынбаған мұрты әлі?

Оны көрсең, жығыласың бір талып.

Батырларды матап-байлап тастауға,

Жетіп жатыр қара шаштың бір талы.

Ғашық болсаң, әрі суып, әрі ысып,

Жаттым дей бер ертелі -кеш дәрі ішіп,

Қыпша белге жетпейді-ғой жетсе бір,

Құмар құшақ қалар еді қарысып.

. . . Анар емес - кеудедегі екі анар

Бекежандар бұғып жатқан Қособа!

Қайран сүлу, Күн келбетті, Ай мүсін!

Бір адамның, бір адамның бақыты ол,

Мың адамның, мың адамның қайғысы![1, 104]

Дұрыс, өлең махаббат мұңын шертеді. Қаһарман махаббаттың талай қайғы-шерін татқан. Содан осындай жыр туып отырғандай . . . Әсіресе, соңғы қайталаулар, бәрі-бәрі жұртты махаббатқа тамсандырып, шынайылықтан хабар беріп, сезім жүйелерін дірілдетпей ме? Әрине, нақтылық саяздау, бірақ салыстырулары, метафралары жастарды жалынға бөлейтін керемет үлгілі шумақ! Әрі қарай ақын ойы айдынға айналып, лирикалық қаһарман сезімі индивидуалданып, нақтыланып, құлпырып барады. Қараңыз:

Талай қыста

Талай түнде ызғарлы.

Тастай болып, аяқ қолым

Тоңыппын.

О, жалғыздық!

Жігіт сорлы қыздарды,

Сүйейін деп, сүймейді екен,

Соны ұқтым! [1, 105]

Мыау енді «қостарлық өмір» жайындағы дүниеауи пікір. Философиялық ой. Жалғыздықты жоқ ету, оны бекерлеу үшін де айтылған пікір сияқты. Ойың шартарапты шарлайды: Ақынды түсінгің келеді. Қараңыз:

От басы дейміз жорта,

Біле түра,

Махаббат деген оның дұрыс атын.

Махаббат дейміз жорта

Біле тұра.

Қызғаныш деген оның дұрыс атын. [1, 88]

Сөз жоқ, дұрыс пікір! Сөз шебері ойын айта біледі. Жас махаббатты үлкен романтикамен жырлайды, көбіне гиперболалық салыстырулар, теңеулермен көмкеріп, ойын нақтылайды, сурет-қой, сурет! Сөзбен салған бейне-образ!?

Менің сені аңсағаным,

Шөлдің көлді аңсағанындай . . .

Менің сені аңсағаным

Зынданды нұрды аңсағанындай . . .

Менің сені аңсағаным

Бөрінің тоқты аңсағанындай,

Қысқасы, болып тұр ғой,

Өмірде жоқты аңсағанымдай! [1, 105]

Тағы да:

Көр соқырға таяғынан қымбат жоқ,

Қаңғыбасқа аяғынан қымбат жоқ.

Қас әншіге тамағынан қымбат жоқ,

Қас батырға намысана қымбат жоқ.

Карақшыға қанжарынан қымбат жоқ,

Көктем үшін күн көзінен қымбат жоқ,

Менің үшін бір өзіңнен қымбат жоқ! [1, 106]

Міне, осындай қысқа айрымдар арқылы, романтика, қайталау, салыстырулар арқылы ақын өз ойын оқушыға жеткізеді, Қандай сұлу, поэтикалық шеберлікпен берілген жолдар! Таңданасың, әрі тамсанасың . . . Жақсы! Өте жақсы айтылған . . .

Ақынның мына поэтикалық суреттеріне қараңыз . . . Мұндағы теңеулер қандай . . .

Жүрек шіркін дүрсілінен талмайды,

Махаббаттың барабаны секілді.

Күнбағыстар күннен көзін алмайды,

Менің саған қарағаным секілді.

Алтын деймін, қайдан табам алтынды,

Маған айтпай жүрген сөзің секілді.

Әр сабынан қалады бір алқынды,

Менде қалған шыдам төзім секілді [1, 107]

Демек, бұл жерде ақын өз ойын эстетикалық жақтан әсерлі жеткізу үшін поэтикалық суреттеу тәсілінің синтетикалық түрін еркін пайдаланған. Ал, мынасы метафоралық сипатқа ие болса да, күйіп - жануды, ғашықтықты терең сездіріп тұрған жоқ па?!

Бұлбұл бағы - мына менің көңілім,

Сен дегенде сайрап қоя береді,

Тас лақтырып үркітпе.

Аспан болып кетсеңдағы сен егер,

Жанарыма құйып алам

Сене бер!

Көрмей сені тұра алмаймын үш апта,

Сен дегенде қанағат жоқ құшақта.

Асқар тау боп кетсең дағы сен егер,

Құшағыма сыйғызамын,

Сене бер! [1, 108]

Бұл жолдардағы метафоралар мен символикалық, гиперболалық ойларды реалистік детальдармен негіздеп, көркемдеп құралына айналдырған ақын, объективтікке жақын келеді. Сондықтан ақын ойы айқындалып, тереңдей түседі:

Қызығымды бөгелмей,

Қарсы алғым бір келеді.

Бақыттымын деп елге

Жар салғым бір келеді.

Байлап алып құс қанат,

Бел асқым бір келеді.

Кім болса да, ұстап ап,

Сыр ашқым бір келеді.

Түріп алып балақты,

Жүгіргім бір келеді.

Өшіре алмас сезімді,

Күйіп келем өйткені,

Түңғыш рет өзіңді,

Сүйіп келем өйткені! [1, 107]

Бұл шумақтар махаббат қуанышына, романтикаға толы. Жас жігіттің көңілі ғой, дейсің, сондықтан. Бірақ оны төменгі жолдар сейілтетіндей . . .

Махаббаттың қос жанары:

Адалдық пен Беріктік.

Олар жоқта. .

Қызғаныштың шеңгелімен дал-дұлыңы шығарып

Өкініштің көзімен жылармын мен басында!

. . . Махабатты екі бөлсең, шығады өстіп зұлымдық,

Зұлымдықтың бәрін қоссаң бір махаббат шықпайды.

Өмір мен махаббатты, нағыз ғашықтықты терең түсінген ақын ғана осылай сөйлей алады. Сол үшін де ол махаббатты әр қырынан алып, нақты сәулелендүруге ұмтылады. Мұнысы және өте орынды шыққан. Сөйтіп, ол осынау бір өлеңдер циклінде өмір симфониясын терең де, толық шертеді, әр жақты (әрине, сезімді беру арқылы) аша түседі. Қадыр Мырзалиевте бәрі бар, екі жас та, олардың ата-анасы да, перзент түсінігі де бәрі- бәрі үн қосып, поэзиялық нәр таратып, кәдімгідей жосылып отырады.

Қараңыз:

Перзентімдей жаңа салған бесікке,

Арманымды тербеймін.

Ару қыздар көп шіркін десек те,

Басқаларды көрмеймін. [1, 112]

Міне, бұл бір қызға ғана ғашық болған жігіттің сөзі сияқты. Өзі махаббатқа берік, сезімі тиянақты. Қадыр оны әлі де аша түседі, поэтикалық жағынан өткірлейді, төгілдіре береді.

Ашсам болды көзімді,

Сен тұрасың-сезінем,

Жұмсам болды көзімді

Сен тұрасың-сезінем.

. . . Қалай сене құтылам,

Қалай сене безінем?!

Жұмыр жерім болдың сен,

Илан менің сөзіме:

Қалай қарай жүрсем де,

Қайтып келем өзіңе! [1, 113]

Әрине, бұл жас жігіттің арманы емес, нақ сүйері бар кісінің сөзі. Ондай жігітердің бұлай деуі - нағыз махаббаттың күші емес пе?! Келешек қосағының әр қимылын бағып, мейірім төгіп отырған кісінің сөзі ғой бұл. Мұның қай жағынан да табиғи құбылыс екені байқалады. Көп оқырман бұған сене бере ме, жоқ па ол жағы күмәнділеу- ғой . . . Сонда да:

Анда-санда көз іліп,

Ұйқы дәмін татың кем,

Соның бәрін сезініп,

Қалғып-мүлгіп жаттым мен.

Тербетсең де есінеп,

Түк демедің ашынып.

Анам түсіп есіме,

Кетті ұйқым ашылып! [1, 114]

Ақын өзінің лирикалық қаһарманын кейде тіпті ақыл-ой адамы дәрежесіне көтереді, оны өмірімен біріктіріп, синтездеп жібереді. Бұл енді табиғи жайдайға айнала береді. Шынында, өмірдегі махаббат сезімдері әркімді-ақ жігерлендіріп, жақсылыққа бастайды емес пе? Ақын оқушысын жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа бастап отырады. Айтайық:

Тәкаппар ем, бір кісідей, бір кісідей өр едім,

Тұқымындай ақсүйектің, тұқымындай төренің

. . . Арманымды - сені тауып, саған ғашық болғалы,

Адам түгіл, бауырым боп кетті қайың-терегің. [1, 114] Өте дұрыс айтылған сөз. Теңін тапқан нағыз махаббат иесінің сөзі. Адамың ең негізгі бақыты. Махаббаты орнықты болмай тұрып, оның өмірі жөнді болмайды. «Өмірді шын сүйемін дегеннің өтірік, шын сүйетін бір адамың болмаса!» деген тіркестері де осы пікірімізді тиянақтайды. Жалпы, Қадырда артық сөз жоқ, ойсыз жалаңаш пікір де жоқ. Қолмен қойғандай, орнықты, ойлы, сезімтал . . .

Байқамайды екенбіз

Бақыт деген екеуміз [1, 175]

Қараңыз, қандай тауып айтылған жолдар. Мұнда қанша өмір философиясы, тұрмыс, ақыл-ой жатыр десең де, артықтық етпейді.

Жігіттің өмірі не?

Паравоз бір.

Белгілі бағытпенен өтіп жатқан.

Шылымды сорып қойып шіреніскен.

Бозбала не біледі реніштен?!

Ботагөз, күлімкөздер бір күндері,

Шығарып жібермесе рельстен!

Махаббат - қиын соқпақ шаққа өтетін.

Жүректі жылатып ап.

Және оны

Қу қыздар жұбатуға ап кететін! [1, 177]

Шынында да махаббаттың болмысы той-томалақ емес. Бірақ ол өмір заңы, тұрмыс талабы, сол үшін де, болмай қоймайтындай көрінеді. Сол үшін де сүрінтетін, жылататын жерлерді, қалтарыстарды, мол-ау, шіркін! Осыны ақын нақ береді, оның қаһарманы да, өзі де өліп көрмеген, бәрін бастан өткізген кісілер . . .

Сөйтіп:

Сүйгеннің көңілі өрлеп, өсері бар,

Оның да табиғаттай әсері бар.

¥ғу бар, үғыспау бар, еркелеу бар, -

Яки, желі, бұлты, нөсері бар деген.

Айттым-ғой, ауыр да болса, өліп көрмеген деп. Қар басқан, қыр асқан кісінің сөзі осындай болар. Ақын ойын поэтикалық жақтан құбылта отырып, тек қана шындықты айтады, кейде сатира, не юмордай боп көрінгенмен, өрмірдің тікелей өзінен алынған болып, кейде трагедиялық сипат алады. Мысалы:

Мен өмірден қорықпаймын қиын деп,

Екеумізді қоспай ма деп қорқамын.

. . . Мен өлімнен қорықпаймын өлем деп

Екеумізді бөледі-ау деп қорқамын!

Жүрегім, шамаң келсе, шайқар едің.

Мұрынның орнында егер өзің түрсаң,

Күн сайын қан-қан болып қайтар едің.

Махаббат па,

Таныс ауыл біз барған:

Көресіні көрдік ыстық ызғардан . . .

Құтылам деп сенсеңіздер әй, қайдам!

Қашыңыздар, уа жігіттер, қыздардан!

Мен де қаштым. Қашып жүрмін түңілдім,

Бас сауғалап жүректерге үңілдім . . . [1, 177]

Демек, махаббат та өмір сияқты көп қырлы, көп сырлы дейді ақын. Мұнда пендешілікте, жазмыш та, адамгершілік те бар. Өмірде нелер болмайды . . . Адам өмірі жоспарлы түрде бола бермейді. Кейде мемлекеттік жоспар да іске аспай жатады ғой. Ақынның осы мәселедегі көзқарасы өте дұрыс. Ол былай дейді:

Өз әйелің басқадан,

Аңғырттау боп көрінер . . .

Әйеліңнен басқаның,

Бәрі көсем көрінер.

Өз әйелің басқадан

Қартаңдау боп көрінер . . .

Одан жас та, кәрі де

Ақылдырақ көрінер

Бірақ жарың бәрінен

Жақынырақ көрінер[1, 179] .

¥лттық көркем дәстүр, терме үрдісінде жазылған мұндағы ой көкейге қонымды боп тұр. Онда адамзат психологиясындағы ғашықтық, махаббат төңірегіндегі қарама-қарсылықтар, жүгенсіздіктер беріледі де - ең ақырында, ақын дұрыс шешімге келіп, оқушыға дүрыс бағыт сілтейді.

Ақын лирикалық қаһарманына сезім гаммасын тели салмайды, сөз өнерінің құдіреті арқылы, поэтикалық ойын әдемі жеткізеді.

Есімде жоқ- қайтіп біздер таныстық,

Есімде жоқ -қайтып біздер табыстық.

. . . Түспейді еске. Қайғырамын несін мен!

Әйтеуір бір тандырдың да есімнен!

Құшағыңнан шықпауға үкім кесілген,

Құшағыңда алжасамын есімнен.

Тандыра бер қалаймын шын осыңды,

Түңілдірсең, жиып алам есімді!

Біздіңше, бұл да шын ғашықтың сөзі -ау . . . Махаббатына берік пе деп қаласың?! Махабаттың алғашқы адымдары екені байқалады. Тәтті сәттер көзге елестейді . . . Рахаттану бар. Осының бәрін ақын бір осы өлеңге ғана емес, өз поэзиясының өн бойында айтып келеді! Түрлі формада. Түрлі ұйқастар арқылы ашыла түседі. Терме ұйқасы а. а. а. а. тағы а болады, кейде халық поэзиясының өлең құрылысына бас иіп соның мотивіне көшеді. Қызық, қандай формада берсе де, Қадыр ойын өрнектеуді ұмытпай, кісіні қызықтырып, әдемі әсерде қалдырып отырады.

Күнәдан пәк сонау түндер- ай,

Көруге асыққан күндер- ай!

Көргенде күрмелген тілдер- ай,

Тіл үшін сөйлеген гүлдер- ай!

Алғашқы айтылған сөздер- ай,

Алғашқы ұғысқан күндер- ай!

Шаттықтан жас толған сәттер- ай,

Шүғыла ойнаған жүздер- ай! [1, 179]

Байқап отырған боларсыз, өлеңнің өзінше тылсым сыры. Эмоциясы, экспресивті күші анық байқалады. Әрбір екі қатардан, ой қорытылып, жабылып отырады. Сонымен бірге ғашықтық күйігінің бір деталі анықталып, бір штрихпен сызылып отырады.

Мұны енді терең лиризм демеуге хақымыз жоқ. Ақын теңеулері жаңалыққа толы, бұрын ешкім айтпаған жаңа теңеулер! Әсерлі, әрі табиғи. Ғашық жігіт немесе лирикалық қаһарман әр сөзі арқылы жүрегіңді дір еткізіп, ой тұңғиығына қарай сүйрей жөнеледі десек, артық айтқандық болмас.

Қызыққа бір тоймаған,

Қыз жігіт ек,

Отастық.

Бала мысық ойнаған,

Шарғы жіптей шатастық.

Не болса да енді біз,

Осы өмірді қимаспыз.

Үзілмесек біреуіміз

Тарқатылып қоймаспыз.

Мынау берік махаббат иесінің сөзі емес пе? Бірақ, қаһармандардың барлығы осылай болса жақсы ғой, талай жастар, ұятты қойып, ажырап -ақ жатқан жоқ па? Оқушы енді осыны ойлайды . . . Біздіңше, ақын тарқатыла қоймаудың себебін - елден, ата-анадан ұялу екенінгін айтуы керек еді. Сонда қазіргі жастарға үлгі болар ма деп ойлап қалдық. Осы өмірді қимаспыз дегені соған мезгей ме? Көзді жұмып ажырап кете бару - әсіресе, бұрынғы жастарға жат еді-ау деп ойлайсың! Сол үлгіні қазіргі жастарға егу қажет-ақ. Осының бәрін ақын астарлы сөзбен, мағыналы детальдармен әдемі жеткізеді:

Махаббаттың түңғыш жыры- тіл қатпау,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ. Мырзалиевтың философиялық лирикасы
Халқымыздың дарынды ақындары
Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Ақын Мұхтар Шаханов
Көш атты өлеңінде
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Қадыр Мырзалиев ақындық шеберлігі
Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы
Абай - лирик ақын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz