Сот сараптамасынын объектілері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Сот сараптамасы туралы криминалистикалық ілімнің рөлі мен
маңызы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1. САРАПТАМАЛЫҚ ІЛІМДЕР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ
ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

2. СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН САРАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ
ӨТУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1. . Сот сараптамасының мәні, сараптама объектілері, сараптамалық
міндеттердің
деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 14
2. . Тағайындалған сараптама материалдарының
өтуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3. . Сараптама нәтижелерін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..36
2.4. Суық қарудың криминалистикалық сараптамасының түсінігі
мен белгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 38

2.5. Суық қаруды тексеру нәтижелері мен тергеу міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ..48

3. СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУДЕ КОМПЬЮТЕР
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН
ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Біздің қоғамымызда қылмыспен күресу –мемлекетіміздің
ең алғашқы міндеттерінің бірі. Қоғамның жалпы ілгері даму мемлекеттегі
барлық процесстердің дамуына әкеледі, сәйкесінше мемлекет қылмыспен күресу
тетіктерінде дамытуы керек. Бүгінгі күні қылмыстық іс жүргізуде және жалпы
қылмыстарды тергеу мен сотта қылмыстық істерді қарауда жалпыға белгілі емес
арнайы білімдерді қолдану саласының даму тенденциясы объективті заңдылық
болып отыр. Бұған дәлел 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады, онда Қазақ КСР
Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қарағанда арнайы білімдерді қолдану қызметі
кеңірек құқықтық регламенттеледі. Арнайы білімдерді қолданудың бірден-бір
және ең кең тараған нысаны сот сараптамасы болып табылады, ол қылмыстарды
тергеу кезінде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді [1].
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сот сараптамасының процессуалдық және
дәлелдемелік проблемалары осы саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі
де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де орын алып отыр. Бұл
олардың шешілуі мен жойылуының баяу жүруіне байланысты болып табылады.
Арнайы білімдерді құқық қорғау қызметінде қолдануға байланысты
қатынастарды құқықтық реттеудің жекелеген аспектілері бірқатар заң
актілерінде, айта кетсек Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы",
"Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы", "Жедел іздестіру қызметі туралы"
заңдарында бекітілген. Арнайы білімдерді қолдануды құқықтық реттеудің
механизмін дамытуға едәуір көмегін тигізген 12 желтоқсан 1997 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" Заңы болып
табылады.
Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімді пайдаланудың
негізгі нысаны деп айта келе оның негізгі кемшілігін, яғни қылмыстық
істерді тергеудегі, сотта қараудағы аз икемділігіне назар аударған жөн. Бұл
айтылғанға дәлел ретінде қылмыстық істерді тергеу мен сот отырысында
сараптаманың көпшілігі формальді түрде тағайындалатынынан, қылмыстық іс
жүргізуде сот сараптамасының мүмкіншіліктерін бағалай алмауын айтуға
болады. Сонымен қатар, көптеген сарапшы қорытындыларының істерді тергеген
және сотта қарау кезінде процессуалдық ережелердің бұзылуына байланысты
дәлелдемелік маңызынан айрылуын, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу
кезінде іске қатысушы тұлғалардың барлық құқықтары мен міндеттерін
сақтамауын айтуға болады. Сараптаманы тағайындаумен және жүргізумен
байланысты қызметтің төмен әдістемелік деңгейі туралы орындалусыз
қайтарылып жатқан іс материалдарының көптігінен, сарапшының қосымша
материалдарды ұсыну қажеттігі туралы арыздарынан көруге болады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде әрекет ететін Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің
кейбір нормаларының жетілмеуінен де сот сараптамасының процессуалдық
мәселелері өзекті болып отыр. Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және
оның нәтижелерін бағалау саласында, сонымен қатар арнайы білімдерді
қылмыстық істерді тергеуде және сот өндірісінде толығымен пайдалануда
қылмыстық істі жүргізуші орган қызметкерлерімен заңды түрде дұрыс орындау
ерекше маңызға ие және өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы жұмыс
аталған кемшіліктерді қандай да бір көлемде азайтуға арналған.
Дегенмен, сот сараптамасының ғылым мен заңнамадағы процессуалдық жағдайы
мен деңгейін тек төмен жағынан қарастыра бермеу керек, өйткені оны
қолданудың процессуалдық талаптарына қазіргі кездегі тәжірибе әлі біртіндеп
бейімделу науқанында деп айтуға болады.
Дипломдық жұмысы келесі мақсаттарды алдына қояды:
- сараптамалық ілімдер мен мекемелердің қалыптасу тарихын қарастыру;
- сот сараптамасының мәнін, сараптама объектілерін, сараптамалық
міндеттердің деңгейлерін ашып көрсету;
- тағайындалған сараптама материалдарының өтуіне, тергеу практикасында
арнайы білімдерді қолдануды жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру;
сот сараптамасына қажетті материалдарды дайындауда арнайы білімдерді
қолданудың ерекшелігін ашу;
сот сараптамасын жүргізу кезіндегі арнайы білімдерді қолданудың
ерешеліктерін көрсету.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, үш
тараушадан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде сараптамалық ілімдер мен мекемелердің қалыптасу тарихын
қарастырылған, атап айтсақ жалпы арнайы білімдердің заңи және ғылыми
түсінігі олардың қылмыстық іс жүргізудің мақсаттарын шешудегі орны,
сараптама мекемелерінің қалыптасуы туралы сөз болады.
Екінші бөлімде сот сараптамасының мәні, сараптама объектілері,
сараптамалық міндеттердің деңгейлері ашып көрсетілген, осы бөлімде сот
сараптамасының процесуалдық түсінігі ашылады, сот сараптамсының жалпы
қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімдерді қолданудың бір нысаны ретіндегі
маңыздылығы туралы сөз болады.
Үшінші бөлімде сот сараптамасын жүргізуде компьютер технологияларын
қолдануды жетілдірудің мәселелері беріледі.
Диплом жұмысын жазу барысында әртүрлі заңнамалар, нормативтік -құқықтық
актілер, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар, мерзімдік
басылымдар және басқа да еңбектер қолданылды.
1. САРАПТАМАЛЫҚ ІЛІМДЕР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Қылмыстылықпен күресудің тиімді жолы, ғылым мен техниканы қолданудың
ажырамас бөлігі, тәжірибеде жаңа ғылыми-техникалық әдістер мен құралдарды,
арнайы танымды қолдану қылмысты ашу мен тергеуді сапалы жүргізуге
көмектеседі. Тергеуші қызметінің нәтижелілігі көп ретте арнайы танымды
қолданумен байланысты, сондықтан тергеуші өзі және маман мен сарапшылардың
арнайы танымын қылмысты тергеу барысында пайдаланған. Кейін арнайы танымды
қылмысты ашу мен тергеу кезінде қолданған. Ежелгі Римде жалған құжаттарды
жасау кең түрде тараған, сондықтан жазбаны анықтайтын арнайы мамандар да
болған. Олар сотта сарапшы ретінде қатыса алған. XVII ғ. Демиля және Ревено
сынды ғалымдардың құжаттардың сараптамасына қатысты әдебиеттері жарық
көрді. Арнайы танымды қолдану Ресейде XVII ғасырға жатқызылады. Сол кездің
өзінде сот медициналық және сот химиялық сарапта құжаттары орын алған.
Алғаш бізге жеткен медициналық сараптаманы 1535 жылға жатқызуға болады.
XVII ғасырдан бастап, жеке тұлғаны куәландырудың және дене жарақатын
анықтау үшін мәйіттерге қарау жүргізудің болғандығы кездеседі. Сондай ақ,
XVII ғасырда дәрігерлер, арнайы таным арқылы адамның ішкі жан дүниесін
анықтай алған [2].
Сол кезде, егер өлу себебі уланудан болды деген күдік туса, онда заңсыз
дәрігерлік және әр түрлі емдеу құралдарын заңсыз сату істері бойынша,
уланған заттың құрамын анықтау үшін дәрігерлер мен дәріханашылардың арнайы
танымын пайдалану арқылы зерттеулер жүргізілген. XVI ғасырда құжаттың
жалған екенін тексеру үшін шіркеу адамдары маман ретінде жүзеге асырған.
Сол уақытта үлгіні салыстыру зерттеу үшін жазбаның ескіру мерзіміне,
құжаттың сыртқы бейнесіне және реквизиттеріне көңіл аударған. Кейін бұл
зерттеуді орыс әкімішілік аппаратында шіркеу адамдарын ауыстырған хатшылар,
жазба жүргізушілер және басқа канцелярлық шенеуніктер жүргізген.
Қылмыстық сот өндірісінде ғылыми-техниканың даму деңгейі көтерілген сайын
техникалық және табиғи ғылымның қолдану аясы кеңейе түсті. XIX ғасырға
дейін арнайы танымды қодануда мына бағыттар анықталды:
- дәрігерлердің өлі денелерді қарауы және тұлғаны куәландыру мен
ішкі жан дүниесін анықтау.
- дәрігерлер мен дәрі сатушылар удың түрлерін, әртүрлі дәрі-
дәрмектердің құралын анықтау
- шіркеу адамы, хатшылар және басқа да жалғандықты анықтайтын
тұлғалар (жалған құжат және және жазбаларды зерттеу).
XIX ғасырға дейін арнайы танымды құқықтық регламенттеуде бөлек ұйғарым
түрде, білгір тұлға мен дәрігерлердің артықшылық қызметіне қатысты
қолданған. Арнайы танымды қолданудағы мемлекеттік регламенттеуден өткен
және алғаш бізге дейін заңдық құжат ретінде Крепостной актілеріндегі
қолтаңбаларды зерттеу тәртібі туралы 1699 жыл 6 наурыздағы нұсқауында
сараптама жүргізу тек мамандарға беріліп, оның зерттеу обьектісін
анықтаған. Әрі қарай арнайы танымның заңдық регламенттелуі 1715 жылы Петр 1
әскери Артикулінде кездеседі. Онда 154 артикулде сот-медицина өндірісінің
зерттеу әдісі ретінде: өлікті ашу мен тергеу тәртібін белгілеп, ант
қабылданған.
1722-1723ж. Ресейде психиатриялық сараптаманың алғашғы заңдық
регламенттелуі басталды. (Сенаттағы жындыларды куәландыру туралы 1722 жылы
6 ақпандағы нұсқауы).
1832 жылы Ресей империясының заң жинақтарында алғаш арнайы танымды жүзеге
асырушы ретінде, білгір тұлғалар түсінігі анықталды. Онда: егер дәл тану іс-
жағдайлары белігіл бір ғылымның ерекше мәліметі және тәжірибесі деп
танылса, өнерде немесе нақты істерде өз саласын білетін адамдардың
көзқарасын немесе айғақтарын талап етуі керек. Аталған заң білгір
тұлғалардың сот медициналық сараптама саласында және жәбірленушінің немесе
өлікті сот сараптама қарауы кезіндегі іс әрекеттерін реттеген. Ресейде 1864
жылы сот реформасының жүйелілігі қылмысты тергеу кезінде арнайы танымды
қолдануға қатысты сұрақтарды өзгертті. 1864 жылғы қылмыстық сот өндірісі
жарғысының 325 бабында: білгір мамандарды, арнайы мәліметтерді келтіру
немесе ғылымда тәжірибелілігі, өнерде, ойдан құралғандығын немесе белгілі
бір жаттығуларды жасау мен анықтау кезінде ғана шақырылған. Бұл жерде
қандай жағдайларда ғана білгір мамандар ретінде іс-әрекет ететіні
анықталды. Қай кезде дәрігерлер фармацевтер, профессорлар, мұғалімдер,
техниктер, суретшілер немесе ерекше тәжірибелілігі бар тұлғалар
шақырылатындығы белгіленді. Осылайша білгір мамандардың тізбесі құрылып,
оларды қайтару негіздері мен тағайындау тәртібі, білгір мамандардың
бастамашылдығы мен зерттеу өнідірісі айтылды. Кейбір жерлері қайта өңдеуді
қажет етеді. Мысалы: қарау тәртібі және куәландыруды жүргізу кезінде
басшылық рөлі дәрігерлерде болса, оны дәрігерлер арқылы жүргізді. Айту
керек, сол кездің өзінде тергеушілердің тәжірибесіне көп күш салынған.
Солай Я. Баршеваның Қылмыстық сот өндірісінің негізі (1841ж.),
Н.Орлованың Тергеу жүргізу үшін қысқа басшылық жасау тәжірибесі (1833ж.),
Е.Колоколованың Тергеу өндірісінің ережесі мен нысаны туралы (1850ж.),
Н.Клайдовичтің Қылмысты тергеу өндірісі үшін нұсқау (1849ж.),
М.Стояновскидің Орыстың қылмыстық сот өндірісіне тәжірибелік басшылық
(1852ж.) еңбектері өмірге келген.
Бұл жұмыстар көбінесе оқиға болған жерде, іздерді табуда оны ары қарай
зерттеу үшін хаттама бекітуге көңіл аударған. Қылмыс жасалған құралдың
іздері және белгілері керек деп табылса, онда білгір маман тұлғамен
куәландырылады. Білгір маман қарау кезіне қатыса алған және сараптаманың
өзі сот қарауының әр түрлі жеке қарауларына жатқызылған, бірақ кейін оны
куәгердің айғағы ретінде, басқалары маманды ғылыми сот десе, ал үшіншілері
сараптаманы өзіндік дәлелдеу деп есептеген.
1871 жылы жоғарыдағы айтылғандарға сын көзқараспен К.К.Арсеньев: сот пен
сарапшының айырмашылығы, соттар тек қойылған сұрақты талқылап қана қоймай,
міндетті шешім қабылдайды деген болатын. Егер, ол қайтарылғанша немесе
белгіленген тәртібімен басқа шешімдермен ауыстырылғанша күшінде болады. Ол
сараптаманы дәлелдеудің негізіне жатқызып: біз сарапшыны сот деп
есептемейміз, бірақ оларды куәгерлер қатарына да қоспаймыз, оған қылмыстық
процесте өз рөлін көрсете алатын орын беруіміз керек. Кейінірек
тәжірибелік тәсілдер мен әдістердің дамуының дәлелі ретінде табылған
іздерді сақтау, жалған құжаттарды зерттеу, табиғи және техникалық
білімдердің негізін қолдану арқылы шешілуіне түрткі болды. Қылмыстық сот
өндірісі үшін ғылыми техниканың қол жеткізуі мен кең тарауы немесе
енгізудің бастамасы ретінде П.В.Макалинскидің (1871 ж.) Сот тергеушілеріне
басшылық атты еңбегін есептеуге болады. Онда өлшеу құралын және аяқ
іздерін үлгілеуді қолдануды ұсынды. Кейін фотография ойлап табылған соң
іздерді бекіту, құжаттарды зерттеу мүмкіндіктері туды. Бұл бағыттың дамуына
теңдессіз үлес қосқан Е.Ф.Буринский (1849-1912ж.) болды.
Ол 1889ж. өз қаражатымен Петербургтік прокуратура жанынан сот палатасының
сот-фотографиялық лабораториясын ашты
Бұл Ресейде алғашқы арнайы криминалистикалық мекеме болды. Сот
фотографиясының негізін қалаушы, сот жазбатанушы, құжатты техникалық
зерттеуші, ол басқа да криминалистиканың түбірлі проблемасын зерттеді.
Е.Ф.Буринскийдің арнайы техникалық танымның жаңа сапалы бастамасын тек
фотография төңірегінде ғана емес, қылмыстық сот өндірісінің жаңа бағыттағы
шешімдерін табу үшін ғылыми-зерттеудің қажеттілігі, қылмыстық сот
өндірісінде арнайы танымның ауқымырақ қолдануына әкелді. Өз уақытында
Е.Ф.Буринскидің айтқандарын қазіргі криминалистика ғылымы сәтті қолдануда
және көрсетілген бағытта даму үстінде. Сол кездің өзінде тергеу немесе сот
органдары ғылыми білімге сүйенген. Көп пәндерді түсіну үшін ғылымда,
өнерде, техникада немесе нақты істерде арнайы таным қажет. Белгілі
зерттеулерді Д.И.Менделеевтің, А.М.Бутлеровтың, Н.Н.Зининнің және басқа да
ғалымдардың жүргізгенін айтуға болады. Тергеу және сот органдарына ғылыми
техниканың өрлеуімен қатар келе жатқан жаңа ғылыми әдістер мен тәсілдер
қылмыстылықпен күресудің құралы ретінде қажет болған. Дактилоскопия
төңірегінде ғылыми жаңалықтар мен тәжірибелерді қолдануды әзірлеген
В.Гершель, Г.Фолдс, Ф.Гальтон), А.Бертильон еңбегі антропометрия, тергеуді
жүзеге асыру үшін дәлелдеуді жинауда құралдар мен әдістерді жүйелендірген
Г.Гросс болып табылады. Бұл криминалистикаға жаңа ғылымды енгізуге әсер
етті. Ресейде ашыла бастаған, Петербургтегі сот палатасы жанындағы сот-
фотографиялық лаборатория мекемесі (1893ж.) 1912ж. қызметін тоқтатқан.
1912ж 3 желтоқсанда Петербург прокуратурасының сот палатасымен ғылыми сот
сараптама кеңсесі ашылған.
Мәскеудегі, Киевтегі, Одессадағы ғылыми сот сараптама кеңсесі (1913-
1914ж.) ашылды.
Зерттеу кеңсесінде тек фотография көмегімен ғана емес, сонымен қатар
дактилоскопиялық, химиялық және микроскопиялық анализдер, сараптама құжаты
мен жазбатану сараптамасы жүргізілген. Әр кеңседе жылына 400 ден астам
зерттеулер жүргізілген. Егер мамандар саны мен кеңсе санын салыстырсақ,
онда көрсеткіш көңіл қалдырарлықтай. Ғасыр басында әр жерлерде ғылыми
техникалық мекемелер сәтті дамыды. Патшалық полиция органдары жүйесінде
дактилоскопиялық тіркеу бюросының саны 89-ға дейін жетті. 1864 жылы
Муравьевтың төрағалық кеңсесінде қаралған және 1913 жылы Мемлекеттік Дума
мүшелерінің бастамасымен де көтерген, бірақ бұл заң жобасы бірден
қайтарылды (1-ші оқылымда), бір ретте қабылданған жоқ (соғыстың
басталуынан).
Соңғы арнайы танымды қолдануға бағытталған ұйымдастырушылық 1916 жылы 1-9
шілдеде Петроградтағы жиналған Ресей империясының сарапшы криминалисттердің
1 сьезінен тастау алды. Оған ғылыми сот сараптама кеңсесінің басқарушылары
және оның көмекшілері, сот тергеушілері, биологтар, химиктер, физиктер, сот
дәрігерлері қатысты. Сьезд қызығушылықтар туғызды және Ресейде арнайы
танымның ғылыми деңгейін көрсетті. Онда сол жылдардағы криминалистикасының
ғылыми деңгейінің мінездемесін талқылап қойған жоқ, сонымен бірге
сарапшылардың тәжірибе жағдайлары мен жеткен жетістіктері, қателіктері де
айтылды. Осыдан кейін үлкен өзгерістер, бірінші дүние жүзілік соғыс,
төңкеріс, азаматтық соғыс, пен оның салдары арнайы танымның ғылыми
негізінің дамуына кедергі жасады. Ғылыми сот сараптамасының кеңселері
соққы алса да, жұмысын жалғастырды (Киевте, Одессада). Ал қалғаны
(Мәскеудегі және Петроградтағы ) өмір сүруін тоқтатты. Патшалық полиция
органы жүйесінде дактилоскопиялық тіркеу бюросы жойылды. Кеңестік
мемлекеттердің қалыптаса бастауымен ғылыми пайымдау үшін эмпирикалық
материалдардың қажеттілігі, талдау және біруақытта құру, одан кейін барып
отандық, жеделдендіру, тергеу және сараптама тәжірибесінің негізін
жетілдіруді бастаудан тұрды. Сот медициналық мекемелер құрылып, төңкеріске
дейінгі уақыттағыдай барлық сот медициналық сараптама тармағы ішкі істер
ведомстволарына бағынған жоқ, олар денсаулық сақтау органдар жүйесіне
кіргізілді. Сот психиатриялық сараптама жеке өз алдына жұмыс жасады. Киев
пен Одессадағыдай жаңа ғылыми сот сараптама кеңсесі Харьковте де құрылды.
Бұл кеңселер 1925 жылы ғылыми сот сараптама институты болып қайта құрылды.
НКВД-ң РСФСР жүйесінде ғылыми техникалық бөлімдері құрылып, әр жерлерде
орталық дактилоскопиялық тіркеу бюросы, сот және тергеу органдарына ғылыми
тәжірибелік көмек көрсетуде төңкеріске дейінгі ғылыми сот сараптама
кеңселерінің жыл сайын жүргізілген зерттеулерінен кем болған жоқ. 1940 жылы
КССР-ң аумағында 30-ға жуық ғылыми техникалық бөлімдер мен топтар
есептелді.
Сол уақыттарда көптеген батыстық әдістемелік аударма әдебиеттер шығарылды:
Қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне тәжірибелік басшылық В.Штибер,
Г.Штейкерт (1952ж.), Қазіргі заман криминалистикасының қылмысты тергеу
әдістері А.Гельвиг (1925ж.), Қылмыскер құпиясы және оны ашудың жолдары
Г.Шнейкерт (1925ж.), Қылмыстық техника, Қылмыстық іздестірудің
шеберханасы Р.Геиндл (1925ж.), Тану үшін белгілерді үйрену туралы
Г.Шнейкерт (1925ж.), Қылмыстық техникаға енгізу Г. Шнейкерт (1925ж.),
Дактилоскопиялық және қылмысты тергеу ісіндегі қылмыстық техниканың басқа
да әдістері Р.Гейндл (1927ж.), Сараптама жазбаларын және суреттерді
идентификациялау С.Оттоленго (1927ж.), Қылмысты тергеуде басшылық
Г.Гросс (1930ж.), Қылмыстылықты ескерту В.Гай (1925ж.). Қылмысты тергеу
кезінде ғылыми техниканың ары қарай дамуы үшін әртүрлі мамандардың
көмегінің қажеттілігіне сүйенді. Төңкерістен кейін сараптама дәлелдеудің
қайнар көзі туралы айтылған бірқатар жұмыстар жарық көрді. Сараптама тек
қана қоғамдық соттарда ғана емес, арнайы соттарда да қолданылғаны жөнінде
көптеген құжаттар куәландырады. 1922 жылы 25 мамырда ВЦИК пен 3 сессиясында
қабылданған ҚІЖК-ң сот сараптамасын регламенттеу үшін бұл құжаттар негіз
болып табылды. Одан соң басқа РСФСР-ң ҚІЖК, ВЦИК 1923ж. ақпандағы
қаулысымен бекітілген. Алғашқы 1922-1923ж ҚІЖК-де білгір (сведущие лица
) тұлға деген термин жоқ, онда эксперт деп қабылданған. Мұнда сарапшы
ретінде шақырылатын тұлғалардың тізбесі жоқ.
1923ж. ҚІЖК-нің 63 бабы бойынша, мамандар тек қана тергеу кезінде немесе
істі қарау барысында арнайы танымның ғылымға, өнерге және нақты істерде
қажет болғанда шақырылған. Сарапшы қорытынды беру алдында іспен танысуға
және қорытынды беру мүмкін емес болса, ол туралы акт толтыруға және отырыс
залына қатысуға, сый ақылар алуға құқығы болған.
Сарапшының қорытындысын дәлелдеудің бір түрі, тергеушіге онымен келіспеуге
немесе қайталама сараптама тағайындауға құқық берілген. Осылай сарапшының
қорытындысын тексеруге және дәлелдеу ретінде сотпен баға беруге болады,
бірақ келіспейтін тұстарын көрсетпей қайтаруға болмайды. 1923ж. ҚІЖК-ң 298
бап, 3 бөлімінде сотқа сарапшы қорытындысы міндетті емес, бірақ үкімде
сарапшы қорытындысымен келіспегенін толық анықтап беру керек делінген.
1923ж. ҚІЖК-не жаңа толықтырулар енгізілді. Онда егер сарапшыға берілген
материалдар толық емес болса, сараптама өндірісін жүргізуден бас тарту
құқығы берілді. Бұл толықтырулар төңкеріс кезіндегідей қарсылықтар
тудырмаса да, бұл пікірге бірден үйреніп кеткен жоқ. Профессор Б.Д.
Сперанский сияқты бірқатар ғалымдар, сарапшыны сот орнына немесе тек сот
шешетін сұрақтарға араласуын қойды. 1925ж. Б.Д. Сперанский сараптаманы 3
категорияға бөлуді ұсынды.
Бірінші - сараптама белгілейтін, қылмыстың ол көрген қылықтарын белгілеу
мен белгілі бір тұлғаның кінәлілігін және оған барлық техникалық
сараптаманы қосқан, өндірісте соттың және тергеушінің көмекші рөлінде
болатын түрі.
Екінші - анықтайтын сараптама, зерттеуде ғалым заң құрамының қылықтарына
жататын белгілерді көрсе.
Үшінші - сараланатын сараптама, айыпталушының әлеуметтік қауіптілігін
белгілеу үшін, оған қатысты қорғау шараларын белгілеуге дейінгі
тағайындалатын сараптама.
1920 - шы жылдары профессор И.Н. Якимов сараптаманың біртұтас ұғым
түсінігіне қарсы болды. Ол Л.Е. Владимированың да арнайы сұрақтарды шешуге
шақырылған білгір тұлғаларды екі категорияға: ғылыми сарапшылар - белгілі
бір ғылымға байланысты шешетін және анықтама сарапшылары - өнерде, арнайы
істе, ойдан шығарылғанын анықтау, немесе белгілі бір жаттығулар төңірегінде
тәжірибелік мәлімет беретін тұлғалар - деп бөлуде, екі ғалымның көзқарасы
ұқсас болды. Кейін кеңес заң әдебиеттерінде және сот тәжірибесінде
сарапшының қорытындысына көзқарс нықталып, дәлелдеудің қайнар көздері
өзіндік бола бастады. Оның басқа дәлелдеуден айырмашылығы арнайы таным
негізінде барлық деректер көзімен жинақталады. Қылмысты тергеу кезінде
әртүрлі мамандарға жүгінуі арнайы танымды қолдану проблемаларын шеше алды.
Осы уақыттағы әдебиеттер: Дактилоскопия тіркеу әдісі ретінде П.С.
Семеновский (1925ж.), Қылмысты тіркеу техникасы Н.П. Макаренко (1925ж.),
Сот фотографиясы С.М. Потапов (1926ж.), Қылмыстық тергеуге тәжірибелік
басшылық И.Н. Якимов (1924ж.), Қылмыстық техника, Бастапқы курс.
Тергеу қызметкерлеріне тәжірибелік басшылық Н.Д Воровский (1931ж.),
Қылмысты іздестіру анықтамасы мен милициядағы өлікке алғашқы қарау
жүргізу Н.С. Бокариус (1925ж.) және т.б.
Айту керек, бұл уақытта сараптама мекемелері дамыса да бір-бірімен
ешқандай жүйелі түрде байланыссыз жұмыс жасады. Ешқандай ғылыми зерттеу
координация қызметінсіз және біріктіретін орталықтарыда болған жоқ. Сот
сараптамасының орталық институтын құру идеясы екінші дүние жүзілік
соғыстың басталуымен жүзеге аспай қалды. Соғыс аяқталған соң криминалисттік
мекемелер пайда бола бастады. Соның бірі Мәскеуде 1944ж КССР Әділет
министрінің Орталық криминалистік лабораториясы, 1946 жылдан бастап бір
бөлігі бүкіл кеңестік заң ғылымының институты болды. 1945ж. НТО құрамындағы
Бас басқарма милициясының ғылыми зерттеу криминалистика институты, 1949ж.
құрылған КССР Прокуратурасының бүкіл кеңестік НИИ криминалистикасы. Елде
криминалистика зертхана желілері кеңеюде. 1975ж. бірқатар сот сараптамалық
зертханалар ғылыми зерттеу институты болып қайта құрылды. 1962ж. Орталық
криминалистік лаборатория базасында, сот сараптамасының орталық ғылыми
зерттеу институты құрылады. Кейін 1970ж. КССР-дің Әділет министрі
құрылғасын, бүкіл кеңестік сот сараптамасының ғылыми зерттеу институты
болып өзгертіледі. Қазіргі таңда Ресей федералдық сот сараптама орталығы.
Өзінің дамуын КССР ІІМ-і органдарында ғылыми техникалық аппарат жұйесінде
кең етек алды. НИИ-мен бірге КССР ІІМ-ң криминалистикалық зертхана орталығы
1969ж. құрылып кейін криминалистикалық ғылыми зерттеу лаборатория орталығы
болып, қайта құрылды. Қазіргі уақытта сараптама мекемесін қайта құру
нәтижесінде пайда болған Ресейдің ІІМ-ң криминалистикалық сараптама
орталығы РФ-ң ішкі істер органдарының қылмысты тергеу, ашу, анықтау және
ғылыми тәжірибелік проблеманы криминалистика-техникалық ескертуді
қамтамасыз етуі бойынша басты ұйым болып табылады. КССР Прокуратурасының
бүкіл кеңестік криминалистикасының ғылыми - зерттеу институты, қылмыстың
бөлек түрлерін тергеу әдістемесі мен криминалистикалық амалдардың
сұрақтарын қайта өңдеудегі ғылыми орталығы болып табылады.
Криминалистика ғылымының көп бағыты Ұлы отан соғысынан кейін дами бастады.
Криминалистика идентификациясының негізгі ережелері қайта өңделді, сот
сараптамасының теоретикалық негізі тұжырымдалды. Криминалистика
техникасының мына салаларына зерттеу жүргізілді: трасология, құжатттарды
зерттеу, баллистика және т.б.
Сот сараптамасы жаңа түрлері өңделді, автортану, фототехникалық,
фоноскопиялық, жарылғыш техникалық, затты зерттеу және басқа да
материалдарды зерттеу сараптамалары пайда болды. Микрообьектілерді зерттеу
де кең тарап, дамыды. Бірақ микрообьектінің проблемасы туралы Г. Гросс
жазып кеткен. Оны соңғы жылдары қылмысты ашу мен тергеу кезінде көп
қолдануда. 1960 жылдары криминалистика техникасының жаңа саласы –
криминалисттік одорология пайда болған және тәжірибеге кең түрде енуде.
Бірақ одорологиялық зертеудің нәтижесін пайдалануда көптеген даулар
басылмай отыр. Тергеуші мен сарапшының тәжірибелік қызметтерін
мәліметтермен қамтамасыз ету төңірегінде жаңа техникалық өңдеулер қылмысты
тергеу мен ашуда көп көмектеседі. Жаңасы өңделуде және қолдағы бар
әдістемені қылмысты тергеудің бөлек түрлеріне енгізілді. Көптеген шетел
мемлекеттерінде криминалистиканың пайда болуы мен дамуы құқық қолдану
қызметінде техникалық сала ретінде қараған.
Криминалистика ережесі басқа ғылым жүйесінде анықталмаған. Соның ішінде
құқықтың ғылым жүйесінің өзінде нақты өңделмеген. Қызметінің негізгі бағыты
– құралдарды қайта өңдеу мен әдістерді табу, ашу, мүмкін іздерді зерттеу,
заттай дәлелдемелер және мәліметтерді тіркеу жүйесін дамыту. Табиғи ғылыми
криминалистиканың (Германия және т.б.) полициялық техника және ғылыми
полиция (Италия, Франция, Бельгия) полициялық ғылым (АҚШ) сот ғылымы
(Англия және т.б.) оның табиғаты мен пәніне байланысты қарауы (Англия және
Франция), криминалистика (ГДР және ФРГ) және криминология жүйесінде болуы.
Техникалық құралдар мен жабдықтау деңгейі өте жоғары болса да, полиция
мекемелері қызметінің нәтижелілігін көтеруде ғылым мен техника
төңірегіндегі жаңалықтардан қалыс қалып жатқан жоқ. Бұл – табуда техникалық
құрал, бекіту, оқиға болған жерді қарауда, іздерді алу, тінту жүргізу,
куәландыру және басқа да тергеу әрекеттері, іздеу құралдары заттай
дәлелдемелерді зерттеудегі техника және заманауи жабдықтар
автоматтандырылған тіркеу жүйесі және компьютерлік желілер арқылы
мәліметтерді алу және т.б. Шет елдердегі криминалистика сараптама
мекемелері әр түрлі мемлекеттердің ведомостволарында және бөлек мекемелерде
коммерциялық негізде жұмыс жасайды. Мысалы: АҚШ-та 100-ден астам
криминалистика сараптама мекемесі көпшілігі қаладағы және полиция штат
құрамында істейді, ал қалғаны қоғамдық қауіпсіздік департаментінде,
денсаулық сақтау, университет және округтік прокуратурада немесе шерифте,
АҚШ армиясының 4 зертхана құрамында бірқатар шет елдерде ғылыми
криминалистикалық мекемелер аса көп емес.
Ғылыми зерттеулердің бөлек мәселесі, мысалы: АҚШ-та ФТБ-да (ФБР)
зертханасында жүргізіледі. Басқа ғылыми зерттеу институты нашар
қаржыландырады. Кеңестік криминалистерінің айырмашылығы криминалистиканың
теоретикалық негізін өңдеуге көп көңіл аударады, ал американдық мамандар
бұл мәселемен аз жұмыс жасайды. АҚШ-тың көрнекті криминалистері П.Кирк
көрсеткендей криминалистиканың жеткен жетістіктері іргелі тәжірибеден
теоретикалықтан гөрі, оның техникалығында, тұрақтылығынан гөрі
уақытшалығында. Криминалистиканың жүзеге асыру төңірегінде теорияда
жетіспеушіліктер байқалады. Ол техникалық зерттеу әдістерінің үлкен
ассортименттерге қарама қайшылығы. Айтпауға болмас, бірқатар шет елдерде іс-
жүргізушілік заңдарында сарапшылар сотта куәгер ретінде қатысады, олардың
айғақ беруі – табу, тіркеу және дәлелдеулерді алу. Егер, оқиға болған жерді
қарауға қатысса, зерттеуді қалай және қандай әдістер қолданылды, егер
өндіріс сараптамасына қатысса, қандай қорытынды алды. Арнайы процедурадан
өтпей сарапшы куәгер ретінде айғақ беруге жіберілмейді. Оны шақырған жақ
сарапшыны куәгер ретінде қатыстыруын сұраса, қарсы жақ мұнымен келіспеуі
мүмкін. Сотта сарапшыдан жауап алу: тікелей – болжамдарына сендіру және
қиылысқан – сарапшының айғағын жоққа шығару. Әр тарап өз сарапшыларын
шақыруға құқылы. Прокурор сарапшы көмегін тек прокуратура жанындағы
зертханасында немесе полиция бөлімдеріндегі қызметін қолданса, қарсы жақ
жеке сарапшылардың қызметіне сүйенген. Сараптама алдын ала тергеуде
жүргізіледі. Мысалы: Франция заңнамасына сәйкес сот полициясының офицері
анықтама және қарау жүргізу кезінде білгір тұлғаның көмегіне техникалық
немесе кейінге қалдыруды күтпейтін ғылыми зерттеулер жағдайында сүйене
алады. Әңгіме бұл жерде сараптама туралы емес, маманның көмегі туралы болып
отыр. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеулерді зерттеу және жинау, табу іс-
жүргізушілік мағынадағы полицияның идентификациялау қызметі сараптама болып
табылмайды.
Идентификацияның негізгі мақсаты – іздеу, алу, оқиға болған жердегі
іздерді зерделеу, толтыру, идентификациялық карточкалараның саралануы,
фотороботтың барлық түрін жүргізу. Шет ел мемлекеттерінде криминалистік
сараптама тәжірибе мекемесіне шолуда сараптама әдістемесінің өңделуі біздің
елдегі жүргізілген бағытымен бірдей екенін көрсетті. Шет ел
криминалистерімен жасалған бөлек тактикалық ұсыныстарға көңіл аударуға
болады. Мысалы: куәгер мен куәлардың қылмыстық топтың қорқытуынан қорғау
және бөлек тергеу әрекеттерін жүргізуде психологиялық тәсілдерді қолдану.
Әдебиеттерге жазғанда тиянақтылығы мен қолдану тәрбіміне оның ғылыми
техникалық құрал және сипаттауда оқиға болған жерді қарау кезінде табылған
іздерді қылмыстардың бөлек түрлерін тергеуде мысалы: жол көлік оқиғасы,
өрт, мүліктік және күштеу қылмыстарда және т.б. Арнайы танымның даму тарихы
мен мамандардың қылмыстық тергеуге қатысуы көрсеткендей танымның даму
себебі тәжірибелік қажеттіліктер мен қылмыстың жаңа түрлерінің ашылуы.
Арнайы танымның теоритикалық негізі қылмысты тергеу мен ашуда қолданудың
тек қана сот сараптама теориясының дамуымен ғана байланысты емес, сот
мекемесі желілерінің кең таралуымен және криминалистика сот мекемесі
желілерінің кең таралуымен және криминалистика ғылымының дамуымен
байланысты болмақ.
2. СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
САРАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ӨТУІ

2.1. Сот сараптамасының мәні, сараптама объектілері, сараптамалық
міндеттердің деңгейлері

Сот сараптамасы қылмыстық сот өндірісінде, криминалистикада, қылмыстық,
азаматтық және әкімшілік іс жүргізуде арнайы ғылыми білімді қолданудың ең
басты нысандарының бірі болып саналады.
Сот сараптмасының арнайы білімдерді қолданудың негізгі нысаны ретіндегі
түсінігін ашу алдында жалпы "сараптама" түсінігіне анықтама беріп кетейік.
Латын тілінен аударғанда "сараптама" ехреrtus -білікті, білімді, тәжірибелі
деген ұғымды білдіреді. Энциклопедияда сараптамаға арнайы білімі бар
сарапшының ғылым, техника, өнер саласындағы арнайы білімдерді қолдануды
талап ететін мәселелерді шешу үшін зерттеу жүргізуі, - деп түсініктеме
береді [7; 39-40].
Сот сараптамасы - бүл ерекше дербес, ең күрделі тергеу әрекеті және оның
іске маңызы бар мән - жайларды анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім
негізінде іс материалдарын зерттеуді білідіреді.
Сот сараптамасы қылмыстық сот өндірісінде арнаулы білімді қолданудың
мамандырылған нысаны. Ол сот және алдын - ала тергеу органдарының танымдық
мүмкіншіліктерін неғүрлым кеңейте түседі де. қылмыстық іс бойынша сотқа
дейінгі өндіріс барысында және сот отырысында танымның барлық ғылыми
құралдарының кең арсеналын пайдалануға мүмкіндік береді [8; 14].
Сот сараптамасының негізгі мәнін анықтай келе, біз оның тергеу барысында
немесе арнаулы ғылыми білімді қолдануды қажет ететін қылмыстық істі сотта
қарау кезінде пайда болған проблемалық танымдық ситуацияларды шешудің
нысаны екендігіне назар аударғанымыз жөн. Сондықтан да, сот сараптамасы
қылмыстық істің маңызды мән – жайларын анықтауда ең ыңғайлы әдіс екендігіне
көз жеткіземіз. Сот сараптамасы жаңа зерттеу әдістерін жетілдіру арқылы
тұрақты түрде дамиды да, сот және тергеу практикаларында көп қолданыс
табады.
Сарапшы тарапынан қылмыстық істің мән-жайларының мәнін анықтау белгілі-бір
ғылым саласындағы әдістер мен тәсілдерді білуге және зерттеудің қазіргі
кездегі жетістіктері мен құралдарын қолдануға тікелей байланысты.
Сарапшының арнайы ғылыми білімді қолдануы, сот қарастырып отырған
қылмыстық істің мәнінінің қосымша жақтарын ашуға мүмкіндіктерді беріп қана
қоймай, сонымен қатар, әртүрлі құбылыстар мен заттар арасындағы өзара
байланысты, олардың себебі мен салдарын анықтауға да мүмкіндік береді.
Мұның барлығы сот қарастырып отырған фактілік материалдарды кеңейте отырып,
оған яғни сотқа қылмыстық іс бойынша обьективті шындықты анықтауды
жеңілдетеді.
Сот сараптамасы іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында арнайы
ғылыми білімдерді қолдану арқылы материалдарды зерттеуден тұратын жеке іс
жүргізушілік әрекет болып табылады. Сот сараптамасы қылмыстық іс
жүргізудегі арнайы білімдерді қолданудың мамандандырылған және кең,
анағүрлым жетілдірілген нысаны болып табылады. Ол сот пен алдын ала тергеу
органдарының таным мүмкіндіктерін барынша кеңейтіп, сот тергеуі және алдын
ала тергеу жүргізу кезінде қылмыстық істерді ашудың ғылыми құралдарының кең
шеңберін қолдануға мүмкіндік береді.
Сот сараптамасының түсінігін ашу кезінде ол сотта істі қарау және алдын
ала тергеу кезінде пайда болатын арнайы білімдерді қолдануды талап ететін
проблемалық танымдық ситуациядан өтудің жолы екенін айтуымыз керек. Сот
сараптамасының қылмысты тергеудегі және қылмыстық іс жүргізудегі елеулі
ерекшелігі - сарапшының қолданатын ережелерінің қатаң ғылыми сипатта болуы.
Сарапшының арнайы білімі немесе өзінің кәсіби дағдысы негізінде осы
құбылыстың немесе заттардың мәнін ғана ашуға мүмкіндік бермейді, сонымен
қатар, құбылыстар мен заттардың барлық себептері мен заңдылықтарын ашуға да
мүмкіндік береді.
Сот сараптамасының алдына қойған міндеттерді орындау үшін сарапшыға жалғыз
кәсіби дағды жеткіліксіз болады. Барлық жағдайда кәсіби тәжірибе мен дағды
сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті құбылыстар мен заттардың себептері
мен өзара байланысы туралы білімді толық бермейді. Сондықтан да Сот
сараптамасы туралы ҚР Заңы және Қазақстан Республикасының ҚІЖК-сі сот
сарапшысы ретінде тек арнаулы ғылыми білімі бар және аттестациядан өткен,
біліктілік куәлігі бар адам болады деп бекіткен ережесі өте дұрыс.
Сот сараптамысының мәнің қарастыра отырып, ең алдымен ол таным процессі
ретінде әрқашан тұрақсыз болатындығы және барлық уақытта диалектикалық
түрде өзгеруіне, дамуына және тереңдейтініне назар аударуымыз керек.
Сот сараптамасының мәнінің тұрақты түрде өзгеруі, дамуы екі жақты жүреді,
бір жағынан ол білімнің белгілі - бір саласындағы ғылыми зерттеу
болғандықтан, бұл ғылымның білім деңгейінің тұрақты түрде дамуы және
танымның жалпы әдістерінің дамуына, екінші жағынан сот сараптамасының
мәнінің тұрақты түрде өзгеруі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік іс жүргізу
нысанына байланысты. Бұл іс жүргізудегі сот сарапшысының рөлі, оның
қызметін реттейтін нормалардың өзгеруіне, толықтырылуына және ең соңында
қоғамның экономикалық өмірінің дамуына байланысты болып табылады.
Профессор М.С.Строговичтің айтуы бойынша сараптамалық зерттеу жоқ жерде,
сараптама да жоқ, ал сараптама жоқ жерде дәлелдеме болып табылатын
сарапшының қорытындысы да болмайды. Сондықтан да, сарапшы объектілерге
зерттеу жүргізіп, соның негізінде қорытынды беруге міндетті [9; 220].
Қылмыстық іс бойынша белгілі-бір мән-жайлар мен фактілерді анықтаудағы
сараптамалық зерттеу процесі ретінде сараптаманы дұрыс түсінбеу кей
ғалымдардың заңды талқылауда онда жоқ терминдерді кіргізе бастауға әкеп
соғуы мүмкін. Демек ҚР ҚІЖК-нің сот сараптамасын анықтайтын баптарда
сараптама арнайы білімдер көмегімен қылмыстық істің белгілі бір мән-
жайларын анықтауда зерттеу жүргізуді қажет болғанда және бұл зерттеудің
нәтижесінде сарапшы қорытындысын алу қажет болғанда тағайындалатыны жайлы
тура көрсетілуі керек.
Қылмыстық істің белгілі бір мән-жайын анықтаумен байланысты сарапшының
қызметі ретінде сот сараптамасы қарапайым ғылыми зерттеумен көптеген ортақ
ұқсастықтары бар. Сонымен бірге сот сараптамасы қарапайым ғылыми
зерттеулерімен, ерекше процессуалдық нысанымен, белгілі бір құқық
қатынасымен ерекшеленеді. Қарапайым ғылыми зерттеудің қорытысындағы
қателіктер барлық жағдайда кейінгі зерттеулермен өзгертілуі немесе ғылыми
қорытынды тәжірибеде тексерілуі мүмкін. Ал сот сараптамасында көптеген
жағдайларда мұндай мүмкіншіліктер жоқ. Бірақ сот сараптамасында белгілі бір
ережелер, нормалар бар, яғни бұл нормалар мен ережелерді орындаған кезде
соттың қарауына сарапшының объективті, ғылыми негізделген қорытынды
ұсынылатындығына ыңғайлы кепілдік болып келеді. Осындай кепілдіктер
сарапшыны таңдау, қылмыстық процеске қатысушыларға сот сараптамасын
тағайындау, өздерінің немесе берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын
адамдардың бастамашылығы бойынша сот сараптамасын тағайындау және сот
сараптамасын жүргізудің ерекше тәртібі туралы ережелер болып келеді. Бұл
ережелер сот сараптамасын жүргізудің қағидалары ретінде аталуы мүмкін.
Бұл аталған жағдайлардың барлығы тергеуші, сот тарапынан сот
сараптамасының қорытындысын бағалауды жеңілдетеді және сарапшының
объективті қорытынды алуына көмектеседі. Сондай-ақ бұл қағидалар сарапшының
өзіне де елеулі көмек көрсетеді. Олар сарапшыға қылмыстық мән-жайын
сапалы, объективті, жан-жақты, қатесіз зерттеуге көмектеседі. Ал бұл өз
алдына сарапшыдан толық, объективті қорытынды алуға кепілдік болады.
Сот сараптамасы қорытындысының дұрыстығын тексеру үшін белгіленген ерекше
процессуалдық тәртіп, қорытынды берген кезде, оның толық, объективті болуын
кепілдейтін тағы да бір ережеге негізделген. Бұл ереже істің мән-жайын
зерттеуде арнайы ғылыми білім қолданғанда сақталуға міндетті, яғни бұл
ереже арнайы ғылыми білімді қажет ететін зерттеуді соттың немесе
тергеушінің, не судьяның мұндай арнаулы ғылыми білімдерінің болуы қылмыстық
істі жүргізуші адамды тиісті жағдайларда сарапшыны тағайындау
қажеттілігінен бостпайды. Сарапшының қорытындысы дәлелдеменің бір қайнар
көзі болғандықтан, сонымен бірге істің мән-айын анықтау - арнаулы ғылыми
білім қолдану прцесі болғандықтан, соттың басқа да іс жүргізуге
қатысушыларды қатыстыра отырып тексерілуге және бағалауына жатады. Егер
зерттеуді басынан бастап соттың өзі жүргізсе, бүндай дәлелдемелерді тексеру
және бағалау процессі мүлдем болмайды.
Мұндай жағдайда сарапшы және судья қызметі бір адамда шоғырланушы еді және
ол өз қорытындысын тек кеңесу бөлмесінде үкім қаулысында беруші еді.
Осындай жағдайда тараптар сотта, тергеуде нақты сұрақтар бойынша сарапшының
қорытындысын білмеуші еді, одан жауап ала алмаушы еді және оның
қорытындысын тексеру мен бағалауға қатыса алмаушы еді.
Кей заңи әдебиеттерде сот сараптамасының белгілері немесе сот сараптамасын
жүргізудің шарттары мен ұғымдары кездеседі. Бүл екі үғымдар бір - бірімен
ұқсас және байланысты. Мысалы, орыс ғалымы Ю. К. Орлов сот сараптамасының
белгілері деп атаса [10; 31], отандық ғалым С.Ф. Бычкова сот сараптамасын
жүргізудің шарттары деп атайды [11; 38].
Сот сараптамасының негізгі белгілері сот сараптамасын қылмыстық іс
жүргізудегі арнайы білімдерді пайдаланудың басқа да нысандарынан айыруға
мүмкіндік береді.
Сонымен сот сараптамасының негізгі белгілері төмендегідей:
• сараптамалық зерттеуді арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізу;
• сараптамалық зерттеуді іске маңызы бар мән - жайларды анықтау үшін
жүргізу;
• сараптамалық зерттеуді арнайы процессуалдық нысанда жүргізу;
• сараптаманың белгілі бір процессуалдық нысанда жүргізілуі;
• сараптамалық зерттеудің барысы және нәтижесі арнайы процессуалдық құжат -
сарапшының қорытындысымен рәсімделуі.
Енді сот сараптамасының белгілеріне жеке-жеке тоқталып өтейік:
1. Сараптамалық зерттеуді арнайы ғылыми білімдердің негізінде жургізу. Бұл
жерде ерекше көңіл бөлетініміз, сараптамаға қатысты жаңадан арнайы ғылыми
білім деген терминнің қолдануы. Егер де осыған дейін арнайы білім жалпы
қолданылса, онда осы жағдайда сарапшының ғылыми құзіретіне кіретін арнайы
білімнің ерекше бір түрі ретінде сөз болып отыр.
ҚР ҚІЖК - нің 7 бабының 41 тармағына сәйкес арнаулы білім - бұл адам
кәсіби оқудың не білгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеудің нәтижесінде
алған, қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім. Бұл
анықтамадан көріп отырғанымыздай, сарапшы болу үшін жәй ғана оқу орнын
бітіріп қана қоймай, сондай-ақ кәсіби оқудың немесе белгілі бір мамандық
бойынша көп жылдар бойы жұмыс істеудін нәтижесінде алған білімі, тәжірибесі
болуы керек.
Сараптаманың жалпыға ортақ және арнайы білім деген ұғымдардың қайсысына
жататынын ажыратып алған жөн. Өкінішке орай, заңгер ғалымдар бұл мәселе
барысында бір тұжырымға келе алмай отыр. Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ
білім мен арнайы білімнің өзара ерекшелігі субьективті сипатта болады, ол
ерекшелікті нақты жағдайға байланысты тергеуші ғана шешеді деп есептейді.
Сондай-ақ, ғалымдар арасында арнаулы білімді жалпы тұрмыстық білім мен
жалпыға ортақ білімді өзара салыстыру арқылы ғана анықтауға болады деген
пікірлер де аракідік ұшырасады. Біздіңше арнаулы білім деген ұғым ғылым мен
техника саласынан мамандығы бар деген ұғыммен тікелей байланысты. Сондықтан
арнаулы білім дара сипаттағы мамандық ұғымын, сондай-ақ арнаулы кәсіби
білім алу арқылы арнаулы еңбектің қайсыбір түрімен шұғылдану үстінде оны
толық игерген маман ұғымының аясында қараған дұрыс сияқты.
Сараптаманың негізінде ғылыми білімнің белгілі бір саласы жатыр, ал
сарапшының қорытындысы - ғылымның мәліметтеріне негізделген дәлелдеме [12;
23].
Сараптама істі тергеген, не қараған кезде ғылым, техника, өнер және
қолөнер саласында арнайы білім қажет болғанда тағайындалады. Бұл ережені
техника, өнер және қолөнер ғылымдарына қарсы қойылған деп және осы
ғылымдарға негізделмеген сараптаманы жүргізуге жол беріледі деп талқылауға
болмайды. Техниканың, өнердің және қолөнердің әртүрлі мәселесінің өзі
ғылыми зерттеудің обьектілері болады, сондықтан да барлық сараптама,
техника, өнер және қолөнер мәселелеріне қатысты болса да ғылыми
мәліметтеріне негізделуі керек. Бұл дегеніміз сарапшы ретінде әрқашан тек
ғылыми жұмыскер, теоретик қана шығуы керек емес, сондай -ақ практикалық
жұмыскер де шыға алады.
Сараптаманы жүргізу үшін сарапшының арнайы ғылыми білімінің болуы міндетті
талаптардың бірі. Олар сарапшының ғылыми құзіретінің мазмүнын
қалыптастырады, сарапшының ғылыми құзіреті, оның сарапшы болып
тағайындалуына жеткілікті ғылыми білімдердің белгілі бір көлемі болып
табылады.
2. Сараптамалық зерттеулердің іске маңызы бар мән-жайларды
анықтау үшін жіргізуі. Сараптаманың қылмыстық іс бойынша дәлелдеу
мәніне жататын немесе дәлелдемелік фактілік мәні бар мән - жайларды
анықтауға байланысты міндеті бар. Осыған сәйкес жоғарыда аталып
өткендей сот сараптамасының міндеті тергеліп немесе қаралып отырған
қылмыстық іс бойынша маңызды мән - жайларды, фактілі деректерді
анықтау болып табылады. Бұл мән - жайлар сарапшы мен оның жүргізген
зерттеулері негізінде анықталуы қажет. Сарапшыға қойылған сұрақтың
арнайы сипатта болып, белгілі бір маманның құзіретіне кіріп, бірақ өзінің
шешілуі үшін арнайы зерттеулер жүргізуді қажет етпесе, сараптама
жүргізілмеуі керек.
3. Сараптамалық зерттеуді арнайы процессуалдық тұлға -
сарапшының жургізуі. Сот сараптамасын жүргізу қажеттілігі туғанда, оны
тергеуші немесе сот тағайындайды. Сот сараптамасы туралы ҚР-ң
Заңының 10 бабына және ҚР ҚІЖК-нің 243 бапабына сәйкес сот
сараптамасын жүргізу мына түлғаларға тапсырылуы мүмкін:
• сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
• лицензияның негізінде сот сараптама қызметін жүзеге
асыратын тұлғаларға;
• ҚР Заңдарында көзделген бір жолғы тәртіппен өзге де тұлғаларға.
Сот сарапшысының жоғары білімі және сот сараптамасының белгілі бір түрі
саласыңдағы арнаулы ғылыми білімі, сот сараптамасын жүргізу құқығына
арналған біліктілік куәлігі болуы және ҚР Әділет Министрлігінің
комиссиясында өткен, сондай-ақ сот сараптама қызметін жүргізу құқығына
лицензиясы болуы керек, яғни заң бойынша сот сарапшысына осындай талап
қойылған.
Іс жүргізу заңнамаларында сарапшының процесске қатысушы ретінде
процессуалдық тәуелсіздікті қамтамасыз ететін бірқатар нормалар бар. Сот
сарапшысы тергеу және сот органдарына қорытынды бергенде, оның тәуелсіздік
қағидалары сақталуы керек. Бүл қағидалардың сақталмауы қылмыстық іс бойынша
дұрыс шешім шығаруға, тіпті әділеттіліктің жүзеге асуына кедергі болады.
4. Сараптаманың белгілі бір процессуалдық нысанда жургізілуі. ҚР
қылмыстық, азаматтық іс жүргізу заңнамаларында сот сараптамасын
тағайындау, оны жүргізу және оның нәтижесін процессуалдық рәсімдеу
нысанының тәртібі, сондай-ақ сараптама жүргізуге байланысты іс жүргізуге
қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көзделген. ҚР ҚІЖК – де сараптама
тағайындаудың жаңа тәртібі енгізілген. Оның бірі ҚР ҚІЖК – нің 242 бабының
2 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы шешімді сараптама
жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда, ол қылмыстық іс
қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкіндігі жатады. Заң шығарушының мұндай
тәртіпті енгізуі практика талаптарына сәйкес келеді. Себебі, практикада
есірткі заттармен байланысты қылмыстарды сот сараптамасын жүргізбей
іс қозғау мүмкін емес.
Екінші тәртібі сот сараптамасын соттың тараптардың өтініші бойынша (ҚР
ҚІЖК - нің 354 бабы) немесе өз бастамашылығымен сараптаманы тағайындауы
мүмкін. Сондай–ақ, заңда сот сараптамасын міндетті түрде тағайындау
негіздері нақтылы анықталмаған, сонымен қатар сараптаманы жүргізу мерзімі
белгіленбеген. Бұл айтылған мәселелерді қалыптасқан жағдайға байланысты
істі жүргізуші түлға өзі шешеді.
5. Сараптамалық зерттеудің барысы және нәтижесі арнайы
процессуалдық құжат - сарапшының қорытындысымен рәсімделеді.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына сәйкес сарапшының қорытындысы
қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің қайнар көзінің бірі болып
табылады. Сарапшының қорытындысы басқа дәлелдеме көздерінің арасында
артықшылығы жоқ, бірақ оның елеулі ерекшелігі ол арнайы ғылыми білімді
қолдана отырып, зерттеу негізінде алынған нәтиже. Сот сарапшысының
корытындысында оның алдына қойылған сұрақтарға жауап және зерттеу кезінде
қолданған әдістері көрсетіледі.
Сот сараптамасы түсінігіне келгенде, оны жүргізудің және тағайындаудың
мақсаты мен алғышарттарын анықтап алғанымыз жөн болады.
Сот сараптамасын тағайындаудың мақсаты - қылмыстық іс бойынша жаңа бір
дәлелдеме сарашының қорытындысына қол жеткізу болып табылады. Ғалым,
криминалист Е.Ғ.Жәкішев айтқандай, сот сараптамасын тағайындау сараптау
емес, арнайы білім, арнайы құрал-саймандар қолдану арқылы зерттеу жүргізу
[13; 43]. Бұл қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарымен құпталып тұр. Атап
айсақ, ҚІЖК-нің 240 бабы арнайы ғылыми білімдер негізінде қылмыстық іс
материалдарын зерттеуді қарастырады. Сондықтан, Е.Ғ.Жәкішев "сот
сараптамасы" деген терминнің орнына халықаралық деңгейде толық қалыптасқан
"сот экспертологиясы" деген терминді қолданғанды ұсынады. Бірақ, біздің
тақырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамаларының жеке теориялары
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Арнаулы білімдерді пайдаланудың непзп нысаны ретіндеп сот сараптамасы
Сот сараптамасы
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Сот тауартану сараптамасы
Сот сараптамасының рөлі
Сот сараптамасы туралы
Сот медицинасының түсінігі
Пәндер