Тергеу әрекеттерінің түрлері


Тақырыбы: «Тергеу әрекеттерінің процессуалдық және криминалистикалық аспектілері»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1. ТЕРГЕУ ТАКТИКАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ . . . 6
- Тергеу институтының тарихы, даму кезеңдері . . . 6
- Тергеу тактикасының ұғымы, мақсаты, міндеттері және принциптері . . . 11
- Тергеу әрекетін жүргізудің сатылары, тергеуді ұйымдастыру мен маңызы . . . 13
- Тактикалық тәсілдің түсінігі және жіктелуі . . . 18
2. ТАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР БАҒЫТТАЛҒАН ОБЪЕКТІЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ . . . 24
- Тергеулік операциялардың түрлері, олардың түсінігі, тактикасы және олардың мақсаттары . . . 24
- Тергеу операцияларын жүргізудің принциптері, реті және тәртіптері . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Тақырыптағы өзекті мәселесі қылмыстылықпен табысты күрес жүргізумен байланысты бағыттардың бірі-арасында тиімдісі болып жекелеген тергеу әрекеттерінің сапасын арттыру болып табылады. Қылмыстылықпен күресу қылмыскердің тарапынан тікелей қарсылықтарын, олардың айлалары мен қулықтарын тойтарудан тұрады. Әсіресе, бұл жағдай қылмыстық істердің алдын-ала тергеу іс кезінде орын алады. Криминалистика ғылым ретінде пайда болғаннан бастап-ақ тергеудің осы қиындықтарын жеңу бойынша арнайы ұсыныстардың қажеттігіне көп көңіл бөлінді.
Қылмыстарды тергеу мен ашу тарапынан қараған кезде, олардың тергеу тактикасы. Тақырыпты зерттеудегі мақсаты әдетте, қылмыскерлер жасаған әрекеттерін, қылмыстық жолмен қолға түсірген қылмыс құралдарын, заттарын мұқият жасырады. Аталғандарды дер кезінде және толық анықтау мен алу, кінәлілерді табу мен қылмыстық істер жөнінде объективті шындықты қалпына келтіруде үлкен маңызға ие.
Тергеу тактикасы дегеніміз ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.
«Тергеу тактикасының осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын мәселелер: тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізуүстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты, ықшамды позиция ұстауы, осы ситуацияға байланысты нәтижелі жәнге тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлауы».
Сонымен қатар тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы тактикалық тәсілдер әр қылмыстың тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау тактикасы-тактикалық тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айтайық, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарағанда бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалық тәсілдер ұрлық болған жерді қарау үстінде қолданылады. Сондықтан әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде қолданылады.
Криминалистикалық тактика-бұл криминалистика ғылымымен тағайындалған тергеуді ұйымдастыру мен жоспарлау, оны жүзеге асырушы тұлғалардың мінез-құлқын әдептеу, нақты тергеулік ахуалды ескеріп жеке тергеу әрекеттерін орындаудың тиімді тактикалық тәсілдерін тағайындау бойынша ережелер мен ұсыныстар жүйесі. Криминалистикалық тактика екі бөлімнен тұрады.
Біріншісі бүкіл тактика үшін маңызы бар жалпы ережелерден тұрады және олар тергеуді тұтастай ұйымдастыру мен жоспарлауға негіз ретінде қызмет етеді.
Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін қолданып, өткізу арқылы жүргізіледі. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей, дер кезінде жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін осы сәтте қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе - жұмыстың кіріспесі болып табылады да зерттеудің мақсатын, қажеттілігін, көтеріліп отырған тақырыптың қажеттілігі мен тәжірибелік мәнін көрсетеді. Негізгі бөлім зерттеудің нәтижесін береді де, екі тараудан тұрады. Қорытындыда жұмыстың негізгі нәтижелері жинақталған. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі берілген.
- ТЕРГЕУ ТАКТИКАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МАҢЫЗЫ
1. 1 Тергеу институтының тарихи даму кезеңдері
Адам қоғамының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпы азаматтық болмысқа жат құбылыстармен қатар адамның өміріне, денсаулығына қастандық жасау, дүние-мүлкіне қол сұғу сияқты қоғамға қауіп төндірер іс-әрекеттер болғандығы (болжап білуге болады) бәрімізге аян.
Адам баласының жаратылысымен бірге пайда болған арамдық, көрсеқызығушылық, қоғамдағы өзінің дәрежесін шығынсыз аз уақытта көтеруге, билікке ұмтылу, оңай жолмен пайда табу, өзінде жоқ мүлікті алдау, арбау, тартып алу, ұрлау, тонау арқылы иемдену сынды және басқа да опасыз, қара ниет сезімдері жеке адамдарды, белгілі бір топтарды қылмысқа итермелеп отырады.
Қоғамдық және өндірістік қатынастардың және ғылыми мен білім техника дамыған сайын қылмыс жасаудың әдіс-тәсілдері шеберленіп жетіле түсті, сонымен қатар өз кезегінде қылмыстың түрлері де уақыт өте келе көбейе берді. Жедел ғылыми-техникалық және өндірістің қарқынды өсуі, еңбек бөлісі, оның мамандануы іспеттес бұрында белгісіз болып келген түрлі факторлар тағы бір феноменнің қылмыстың кәсіпқойлануына және уақыт өте ұйымдасқан қылмыстың бастауына жол ашты.
Жаңа байланыс, көлік құралдарымен, өзге техникамен, қылмысты жасау мен жасыруд ың әлдеқайда жетілген, оның ішінде ғылыми әдіс тәсілдерімен қаруланған қылмыс түрлері европаның алдыңғ ы қатарлы елдері Алманияда, Францияда, Англияда, өзге құрлықта жатқан АҚШ-нда кең етек жая түсті. Бұрында өмірлік тәжірибе, дұрыс мағына негізінде жұмыс істеп келген жазалау органдары қылмыстың мұндай даму қарқыны мен ауқымына әзір еместігін көрсетіп шарасыздық танытты.
Эволюциялық жолмен дамыған қылмысты анықтау және тергеу қағидалары айыптаудың сот тергеуі кезінде күйреуге ұшырамайтын нақты дәлелдерге сүйенуді қажет ететін және жаңа сапалы қылмыстылыққа төтеп беретін ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделген жүйені құру күн тәртібіне қойылады. Шартараптарды жинақталған мол тәжірибе мен ғылыми ізденістер уақыт өте келе өз жемісін береді. ХІХ ғасырдың аяғына қарай австриялық сот тергеушісі, профессор Ранс Гросс криминалистика (лат. тілінің crimen -қылмыс) деп ат берген ғылымның жаңа бір саласы дүниеге келді.
Криминалистиканың ғылыми білімнің саласы ретінде пайда болуы және қалыптасуы қылмыстық процесстің қылмысты тергеу пайда болатын көптеген ерекше міндеттерді шешу үшін жаратылыстану және техникалық ғылымдардыңдеректігін пайдалану қажеттілігімен тығыз байланысты болды.
Алдымен «Қылмыстық тактика» пайда болды. Бұл терминнің авторы неміс криминалист Альберт Вейнгарт болғанға ұқсайды. 1904 жылы оның
«Қылмыстық тактика. Қылмысты тергеудің нұсқаулығы» атты кітабы жарыққа шықты. А. Вейнгарт оның кіріспе бөлігінде қылмыспен күресуде ең алдымен дәл соғыстағыдай батыл іс-әрәкет, жеке бастамашылық таныту жылдамдық қажет деп жазды.
Автор тергеуге мүмкіндігінше жылдам кірісуді ұсына отырып ойланылмаған әс-әрекеттен абай болуды ескертеді. Әрбір қылмысты тергеу әсіресе маңызды жағдайларда белгілі бір әдіспен, жүйелі түрде және әзірленген жоспар бойынша жүргізілуі тиіс.
Қылмыстық тактика деп өзі атаған қылмысты әдістемелік түрде тергеудің нұсқаулығында жауап алу, қамауға алу, қарау, тінту өндірістерінің ерекшеліктері, кейбір жедел шаралардың және заттай дәлелдемелерді зерттеудің кейбір әдіс-тісілдері және ұрлық, өртеу, жалған құжаттарды, жалған ақша жасауды және кісі өлтіруді тергеудің әдістемелік ұсынымдары баяндалған.
ХІХ ғасырдың аяғы -ХХ ғасырдың бас кездерінде криминалистік тактиканы әзірлеудің және дамытудың орталығы Австро-Венгрия және Германия болды. Г. Гросстың, А. Гельвигтің және өзге ғылымдар мен практиктердің еңбектерінде криминалистиканың осы бір бөлімі жөніндегі алғашқы түсініктер қалыптасты.
1917 жылға дейінгі Ресей әдебиетінде кейбір тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің мәселелері Вл. Случевскийдің (1910 ж. ороыстың қылмыстың процессі оқулығында) ; С. н. Трегубовтың мәйітті сырттай қараудың және қан дақтарын қараудың тәсілдері мен құралдары қарастырылған- «Қылмыстық техниканың негіздері» (1915) атты кітабында; бір бөлімі тергеулік қараудың тактикасына арналған Б. Л. Бразольдтің -«Тергеуге қатысты очерктері» (1916) атты еңбектерінде кездеседі.
1924 жылы Кеңестік Ресейде И. Н. Якимовтың «Қылмысты тергеудің практикалық нұсқаулығы» атты кітабы басылып шықты. Автор «қылмыстық тактика» терминін, қылмыскердің ізіне түсудің, оны ұстаудың және зиянсыз етудің тиімді тәсілдерінің жүйесі ретінде сипаттай отыра таныды.
«Қысқаша айтқанда -деп жазады И. Н. Якимов, - қылмыстық тактика, әлдеқайда аз рухани және материалдық шығындалу арқылы қылмыскерді қалайша жеңуге болатындығын үйретеді». [25. 11] .
Сол кездегі И. Н. Якимовтың бұл шығармасының құндылығы сол аталмыш нұсқаулықтың «Қылмыстық тактика»бөліміне: қылмыскерлер типтерінің сипаттамасын және қылмыс тектеріне қарай жіктеу, қылмыскердің ізіне түсудің тәсілдері, оны сырттай бақылау және үстау, ізкескіш иттерді пайдалану т. с. с. қызықты материалдар енгізілді. И. Н. Якимовтың бұл еңбегі криминалистік тактика саласындағы болашақ зерттеулерге негіз болды.
1995 жылы Қарағанды қаласының Қарағанды мемлекеттік университетінде К. В. кимнің авторлығымен криминалистік әдістерді кешенді пайдаланудың және қылмысты іс бойынша объективті шындықты анықтаудың тиімді тәсілі ретінде тергеудің кримиеналистік әдіңстерінің кешенін қалыптастырудың ұғымы мен ғылыми негіздері қарастырылған
«Тергеудің криминалистік әдісерін кешенді қолдану» атты еңбегі жарық көрді.
Ғалымның пікірі бойынша «кешенді көзқарас күрделі-ұйымдасқан объектіні зерттеу кезінде орын алуы тиіс. Ол тергеуді бір уақытта және бірден бірнеше бағытта жүргізуге, оның бір ғана жағын емес ең аз дегенде бірнеше жағын зерттеуге мүмкіндік бере отырып бытыраңқы жеке-дара мәндік көзқарасқа қарағанды тергелетін объектінің анағұрлым толық, ақиқатқа барабар көрінісін құруға мүмкіндік береді». [25. 4] .
Қылмыстық іс бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің атап айтқанда оқиға болған жерді қараудың, тергеу экспериментін жүргізудің, қылмыскерді ұстаудың, одан жауап алудың, сот экспертизасын тағайындаудың неғұрлым тиімді жолдары ұсынылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен студенттерге арналған Е. Жәкішевтің «криминалистік тактика» атты оқу құралы баспадан шықты. Бұл криминалистік тактика саласындағы қазақ тілінде шыққан бірінші еңбек еді.
Р. Б. Тапалова мен Г. Х. Найманованың авторлықтарымен қазақ тілінде шыққан «Заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасы» атты оқу әдістемесі жарық көрді (2002) . Бұл еңбекте криминалистік техникаға бағытталған дәстүрлі емес бағыт мазмұны қарастырылған. Зерттеушілердің ойынша «сараптамалық зерттеу жұмысын жүргізу үшін күрделі әдістер мен құрал-жабдықтар пайдаланып, физикалық, химиялық әдістердің бір немесе екі түрлерін ғана қолданып қоймай, сонымен қатар заттардың морфологиялық, физикалық қасиеттерін, объектілердің химиялық элемент құрамын және т. б. зерттеуге мүмкіндік туғызатын кешенді сараптама түрлері қолданылуы тиіс» [30. 3] .
Әдістемеде объектілердің өзіндік қасиеттері жайында қысқа мағлұмат берілген және зерттеу кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар мен әдіс-тәсілдер ескеріле отырып, заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу, оны буып-түю және сақтау жөнінде тәжірибелік ұсыныстар жасалған. Е. Тілеубергеновтың 2002 жылы «Криминалистка», 2003 жылы «криминалистикалық сараптамаларда шешілетін сұрақтар» атты еңбектері құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен студенттер қауымына арналды. Бірінші еңбек криминалистиканың ұғымы, мақсаты мен міндеттері, криминалистиканың әдістеріне және зерттелетін объектілердің сипаттамасы мен әр түрлі қылмыстарды тергеудің әдіс-тәсілдері көрсетілген. Ал екінші еңбекте сараптамалы зерттеу үшін үлгілер алудың әдісі мен мараптама түрлерінің мақсаттары, олардың объектілері мен зерттеуге қажетті материалдарға қысқаша тоқталып өткен.
(Е. Тілеубергенов, «Криминалистика» алматы «Дәнекер», 2002, (146 бет) Е. Тілеубергенов, «Криминалистика» Алматы «Дәнекер», 2003, (123 бет) «Криминалистикалық сараптамаларда шешілетін сұрақтар») .
Криминалистикалық тактиканы зерттеуге арналған маңызды және мазмұнды еңбектердің біреуі А. Я. Гинзбург пен А. Р. Белкиннің «Криминалистическая тактика» оқулығы болды. 1998 жылы басылып шыққан бұл еңбекте криминалистік тактиканың жалпы ережелері, тергеуді ұйымдастырудың тәртіптері, тергеуді жоспарлау, қарау мен куәландырудың тактикасы, кейбір қылмыс түрлерін тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері жайында сөз қозғалады. Сонымен қатар біршама тергеу іс-әрекеттерінің тактикасына көңіл бөлініп, сот сараптамасын тағайындау мен өткізу тәртібіне тоқтала кеткен. (А. Я. Гинзбург, А. Р. Белкин «Криминалистическая тактика», Алматы ТОО «АянӘдет», 1998-474 бет) .
Құқық қорғау органдарының жұмысын оның ішінде тергеу саласын дамытуда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында қабылданған құқықтық нормативтік актілерге тоқтала кетейік. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 1994 жылғы 12 ақпандағы №1569 қаулысына сәйкес қоғамның заң саласын реформалау қажеттілігі оның экономикалық және саяси жүйесінде жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге сай келетін құқықтық инфрақұрылымдар құруды талап етуінен туындаған саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ететін құқықтық реформа бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламада Қазақстанның соттары мен құқық қорғау органдарының жүйесіне, барлық заңдық инфрақұрылымдарына кезең-кезеңімен руформа жүргізілу көзделді. Атап айтқанда бағдарламаның «Алдын ала тергеу және жауап алу» бөлімінде «Алдын ала тергеу реформасы, бір жағынан, іс жүргізудің дербестігі мен тергеушінің тәуелсіздігін күшейтуге ал бұл тергеу процессінің объективтігін қамтамасыз етеді, екінші жағынан, алдын ала тергу мен жауап алу кезінде заңдылықтың сақталуын прокурорлық қадағалудың тиімділігін арттыруға бағытталады» делінген [14. 3] .
1994 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-іздестіру қызметінің мазмұнын айқындайтын және оны жүргізу кезінде заңдылықты құқықтық кепілдіктері жүйесін баянды ететін «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Аталмыш заңда жедел-іздестіру қызметінің ұғымы, оның міндеттері, қағидаттары және құқықытық негізі және қойылатын заңдық талаптар анықталған. Сонымен қатар, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар, олардың міндеттері мен құқықтары, қызметкерлерінің жауапкершіліктері білгіленіп, жедел-іздестіру шаралары, түрлері, оларды жүргізудің негіздері мен шарттары ашылып көрсетілді. Жедел-іздестіру қызметіне -« . . . азаматтардың өмірін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнуалы қызметтерінің қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекеттеріне қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негізделген жүйесі» деген анықтама берді. [7. 9] . Жалпы заңда қазіргі тергеу тактикасында қолданылып жүрген іс-әрекеттер тізбесі берілді.
1997 жылы Қылмысты анықтау, тергеу, жаза тағайындау, жазаны өтеу нормаларын жария еткен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Қыдмыстық атқару кодекстері қабылданды.
2000 жылғы шілде айында тергеу әрекеттерін барынша толық және дұрыс өткізілуіне қауіпсіздік, құқықтық және әлеуметтік қорғау алғышарттар жасайтын «Қылмыстық процесске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Елбасы қол қойды. 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Заң қылмыстық процесске құқыққа қарсы араласудың жолын кесу мақсатында, қылмыстық процесске қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының өмірін, денсаулығын, мүлкін, заңды құқықтарын, мүдделерін мемлекеттік қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жүйесін белгіледі. Аталған заңның 29 бабында «Осы заңда көзделген мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету белгіленген тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады» [9. 24] деп қорғау шараларын қаржыландырудың көзі белгіленді. Жыл сайын республикалық бюджетте осы мақсатта тиісті қаражат жұмсалып отырады. Бөлінетін қаражаттың ішкі істер бөлімдерінде мақсатты жұмсалуын ҚР Ішкі Істер Министрінің 2002 жылғы 3 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің органдары мен бөлімшелерінің қылмыстық процеске қатысушы адамдарды қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 394 сәйкес жүзеге асырылады. Дәл осы іспеттес құжат ҚР Қаржы полициясы Агенттігінде де бер деп болжауға болады. Себебі арнайы қаражат осы органға да бөлініп отырады.
Елде адамды бет әлпеті бойынша биометриялық сәйкестендіру жүйесін құру мүмкіндігі туралы мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 72-өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобы «Латон» фирмасының осы мәселе жайындағы жобасын қарап ҚР Үкіметінің қарауына аталмыш жүйені құрудың орындылығы туралы ұсыныс енгізуге тиіс еді. Осы мәселенің одан кейін белгілі бір шешім ретінде немесе заң жобасы ретінде жарық көрмеуі мәселенің ҚР Үкіметі тарапынан қолдау таппағанын көрсетеді. ТМД мемлекеттерінің арасында Ресейдің, Әзірбайжанның және Тәжікстанның, алыс шет елдердің ішінде АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның, Сауд Аравиясының, Қытайдың, Индонезия мен Түркияның заңдарымен көзделген және кеңінен қолданылып келе жатқан адамның жеке басын ұқсастыру рәсімін қарастыратын заң жобасы Қазақстанда да күн тәртібіне қойылды. 2001 жылғы желтоқсан айының соңғы күндері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеу туралы» деген атпен Қазақстан Республикасы Заңның жобасы ҚР Үкіметінің бастамашылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына кепіл түсті. Бұл Заңның юобасы дактилоскопиялық тіркеу жүргізу арқылы алынған дактилоскопиялық ақпаратты пайдалана отырып, адамның жеке басын ұқсастыру мүмкіндігі (идентификациялау) мақсатында әзірленген еді. Осы Заң жобасын әзірлеудің қажеттілігі қазіргі уақытта мемлекетімізде азаматтарды дактилоскопиялық есепке алудың бірыңғай жүйесі құрылмағандығын және бұл мәселелердің заң жүзінде реттелмегендігінен туындап отыр.
Заң жобасының Түсіндірме жазбасында «Дактилоскопиялық есеп болмайынша саны ұдайы өсіп отырған хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздеу қиынға түседі, бұл ретте олардың елеулі бөлігін кәмелетке толмағандар құрайды, денсаулық жағдайы немесе жас мөлшеріне байланысты өзі туралы деректер беруге қабілетсіз адамдарды іздестіру және теңдестіру, сондай-ақ табиғи зілзала, ірі авариялар мен апаттар, өрт салдарынан және олардың зардаптарын жою, қылмыстық әрекеттер кезінде қаза тапқан азаматтардың, оның ішінде әскери қызметшілердің, ТЖА, құқық қорғау және өзге де арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жеке басын анықтау іс жүзінде мүмкін емес». [15. 8] . -делінген. Шындығына келгенде заң жобасы қабылдаған жағдайда қылмыстарды ашу мен оларға тергеу жүргізуге, қылмыскерлерді іздестіруге оң әсер етер еді.
Осы салада қажетті мамандардың жоқтығы ма әлде тиісті материалдық-техникалық жарақаттандырудың жоқтығы ма, әлде оның жетілмегендігі ме өзі ұсынған заң жобасын Үкімет өзі қайтарып алды.
Жол полициясы қызметкерлеріне қосымша құзыреттер берген «Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы» ҚР Ішкі Істер Министрлігінің бұйрығы шықты.
Ішкі Істер мекемелері криминалистік срапатау бөлімшелерінің қылмыс пен күресуде криминалитикалық әдістер мен құралдарды толық пайдалану мәні мен жауапкершілігін арттыру және қылмыс істерін тергеуде сенімді, ғылыми тиянақты дәлелдердің негізін даярлауды көздеген Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің «Қылмыс пен күресуде ғылыми-техникалық әдістер мен құралдарды тиімді пайдалану туралы» бұрығы шықты.
- Тергеу тактикасының ұғымы, міндеттері және принциптері
Қылмыстылықпен күресу қылмыскердің тарапынан тікелей қарсылықтарын, олардың айлалары мен қулықтарын тойтарудан тұрады. Әсіресе, бұл жағдай қылмыстық істердің алдын-ала тергеу іс кезінде орын алады. Криминалистика ғылым ретінде пайда болғаннан бастап-ақ тергеудің осы қиындықтарын жеңу бойынша арнайы ұсыныстардың қажеттігіне көп көңіл бөлінді.
Осындай ұсыныстардың жиынтығын әуелі қылмыстық тактика деп атады, кейінірек тергеу тактикасы болып аталады (ұсыныстардың бұлай аталуы-тергеуге, тергеушіге қатысты айтылған), ал қазіргі кезде криминалистикалық тактика атауы кең қолданылып жүр, бұлар 1997 жылы жарық көрген заң ғылымның докторы, профессор е. Ғ. Жәкішевтің «Криминалистік тактика» атты оқу құралы, 1998 жылы орыс тілінде А. Я. Гинзбургтың, А. Р. Белкиннің, профессор А. Ф. Аубакиров редакциясында шыққан «Криминалистическая тактика» оқулығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz