Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Топсаяхаттар арқылытөртінші сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары

(дүниетану пәні материалдары негізінде)

Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі

мамандығы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Топсаяхаттар арқылы бастауыш сыньш оқушыларының

экологиялык мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1. Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі . . . 8

1. 2. Дүниетану пәнінде бастауыш сынып оқушыларына топсаяхаттар арқылы экологиялық тәрбие беру мүмкіндіктері . . . 15

Бірінші тарау бойынша қорытынды . . . 31

2. Бастауыш сынып оқушыларының топсаяхаттар арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік педагогикалық эксперимент

2. 1. Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау және қорытындылау . . . 32

2. 2. Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау және қорытындылау . . . 40

Екінші тарау бойынша қорытынды . . . 53

Жалпы қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 55

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының егеменді ел болуына байланысты қазақ этнопедагогикасының мәселелері кең көлемде ұлт мектептері мен мұғалімдер қауымының назарын аударып, көптеген құжаттар мазмұнынан кеңінен орын алды. Әсіресе, қазіргі қоғамдағы жариялылық жағдайында білім мен тәрбиенің халық дәстүрлері мен тәжірибесіне негізделуіне айрықша ден қойылуы тиіс. Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана да білген. Солардың бірі - халықтың ауа райын болжау тәсілдері еді. Табиғат арқылы халық экологиялық мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолдарын тапты. Әр ұлттың ұлт болып қалыптасқан мекені бар. Мұның өзі, әдетте, ұлтқа тән болып, сол ұлттың бәрін түгелдей қамтитын мекен. Осыдан барып өзінің бір ұлтқа тәндігін білдіретін адам, осы мекенді толығымен, бүкіл ауқымында білуі керек. Қастерлеуі тиіс. Сонда мекен мен ұлттың арасында жатқан терең байланыс айқын сезіледі. Жалпы қазақ халқы мекен мәселесіне өте терең, ілтипатпен қараған халық. «Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқанын білдірсе керек. «Кіндік кесіп, кір жуған», «Кіндік қаны тамған» деген сөздер осыны білдіреді. Неміс халқында да «фатерланд» деген сөз бар. Тікелей қазақшаға аударғанда «атамекен» дегенді білдіреді. Орыстың «отечество» деген сөзі де ата-бабасына қарай меңзейді. Арабтың «уәтан» деген сөзі «отан» деген мағынада пайдаланылады, ал осының қазақша аудармасы - «мекен». Әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасқан жері сол ұлттың мекені болып саналады. Саны аз, жерінің көлемі үлкен халық үшін, сол аз екенімізді білдірмеу үшін, ұлтымыздың әрбір мүшесі жерімізді жетік білуі керек. Дүниетану пәнінің мазмұны осы мақсатты жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. 4-сыныпта жоспарланған жеті топсаяхаттың ішінде «Туған ел. Отан» тақырыбы қамтылған. Оқушылардың жасерекшелігін ескеру қағидасын басшылыққа ала отырып, тақырыптық топсаяхатар арқылы жоғарыда айтылған құндылықтарға қатысты мақсаттарға қол жеткізуге болады.

Бастауыш сынып оқушыларында экологиялық мәдениет қалыптастыру, оларды коршаған табиғи ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Бастауыш сынып оқушыларын айналадағы табиғи ортамен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету, экологиялык саналы тәртіп қалыптастыру бастауыш сатының ең негізгі міндеті болып табылады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы экологиялык білімді пәндердің бағдарламалық талаптарын игеру барысында алады.

Жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінін бірі - бүл экологиялық білім мен мәдениеті. Бүгінгі күні жас ұрпақтың экологиялык мәдениетін қалыптастыру бірден-бір қажетті, кезек күттірмейтін өзекті мәселе екендігі мемлекеттік деңгейде кабылданған түрлі саладағы заңдар мен тұжырымдамаларда ерекше мән беріліп, атап өтілген. Соңғы кезде жер шарында жаппай экологиялық апаттардың етек алуы және оньң алдын алу мақсатында табиғатты қорғау жұмыстарын түбірінен жаңа негізде жетілдірудің қажеттілігі экологиялық мәселенің өзектілігін көрсетеді. Педагогика ғылымында бастауыш сынып оқушыларына экологиялык тәрбие беру жаңа бағыт, олардың ізгілікті-адамгершілІк қасиеттерін калыптастыруда өзіндік мүмкіндіктері бар.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы оқыту мақсатының басым бағыты- оқушы тұлғасын дамытуға бағыттау. Осы басым бағыттың өзгеруі білім берудің басты міндеттерін белгілеуге мүмкіндік береді. Солардың ішінде білім беру саласында «айналадағы дүниемен дара-түлғалық катынасының калыптасып, эстетикалык, этикалық, адамгершілік нормаларын меңгеру» міндетін жүзеге асыруда Дүниетану пәнінің алатын орны ерекше.

Дүниетану пәнінің мақсаты - окушылардың дүниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу. Басты міндеттерінің бірі - табиғат объектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, салалары мен күйлері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың арасындағы өзара байланысты, өзара тәуелділікті, олардың кеңістік пен уақыт бойынша өзгерістерін түсінуді қамтамасыз ету. Дүниетану пәнінің мазмұнында бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім беру мәселесі қамтылған. Алайда пән бойынша өткізілетін топсаяхаттарда экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі кең қарастырылмаған. 4-сыныпқа арналған дүниетану оқулығында барлығы жеті тақырыптық топсаяхат қарастырылған. Бұл оқушылардың экологиялық мәдениетін табиғат блогы арқылы қалыптастыру үшін жеткіліксіз. Осыдан келіп топсаяхаттарға экологиялық мазмұн бере отырып ұйымдастыру, өткізу мәселесінің өзектілігі айқындалады.

Зерттеудін мақсаты: Дүниетану пәнін оқытуда топсаяхаттар арқылы экологиялык мәдениетті қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу, 4-сыныптың оқыту үрдісіне енгізу әдістемесін ұсыну, тиімділігін тәжірибеде дәлелдеу.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Топсаяхаттар арқылы төртінші сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары (дүниетану пәні негізінде) .

Зерттеу болжамы: Дүниетануды оқытуда бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру нәтижелі болады, егер:

  • топсаяхаттар арқылы экологиялық мәдениет қалыптастыруда оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты қасиеттерін калыптастыру теориялық тұрғыдан негізделсе;
  • топсаяхаттар арқылы экологиялык тәрбие беруді ұйымдастыру мен өткізу әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе;

Зерттеудің теориялық негізіне дүниені танудың философиялық идеялары, педагогиканың жеке тұлғаны біртұтас педагогикалық процесте қалыптастыру теориясы, табиғатты оқытудың өлкетану қағидасы басшылыққа алынды.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Дүниетануды оқыту үрдісінде топсаяхаттарда экологиялык мәдениетті қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу, педагогикалык әдебиеттерге талдау жасау.
  2. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялык білімі мен тәрбиелік деңгейін анықтау.
  3. 4-сыныптағы Дүниетану пәні бойынша топсаяхаттар арқылыэкологиялық мәдениет қалыптастыруға пайдаланылатын материалдарды анықтау.

Дүниетануды оқытуда топсаяхаттар негізінде экологиялық мәдениет қалыптастырудың әдістемесін жасау, тәжірибеде тиімділігін анықтау. Зерттеудің барысында төмендегі әдістер қолданылады:

  • педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, бағдарламаларға, оқулықтарға талдау жасау;
  • бакылау; педагогикалык эксперимент жүргізу;
  • сауалнама;
  • зерттеу нәтижелерін өңдеу әдістері.

Зерттеу жұмысы 2 кезеңге бөлінді:

І. Кезең

20___ жылдың қыркүйегі - 20___ жылдың қантары. Топсаяхаттар арқылы экологиялық мәдениет қалыптастырудың мектеп тәжірибесіндегі жай-күйімен танысып, экологиялық материалдарды топсаяхаттар барысында пайдаланудың практикалық мүмкіндіктері анықталды.

ІІ. Кезең

20___ жылдың ақпаны - 20___ жылдың мамыры. Дүниетану пәні бойынша топсаяхаттарда экологиялық мәдениет қалыптастыру жөніндегі педагогикалық-психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, тәжірибеге енгізудің негізгі бағыттары анықталды. Топсаяхаттарда экологиялык тәрбие берудің мүмкіндігін анықтап, тиімділігін тәжірибеде дәлелдеуге бағытталған педагогикалық эксперимент жүргізіліп, нәтижелері талданды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қосымша материалдардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, объектісі, пәні, практикалық маңыздылығы мен зерттеу әдістері жөнінде сөз болады.

Бірінші тарауда оқушыларда топсаяхаттар арқылы экологиялық мәдениет қалыптастырудың әдістемелік мәселелерінің зерттелуі жан-жақты қарастыры-лады. Тараудың 1. 2. бөлімінде Дүниетану пәні бойынша топсаяхаттар арқылы экологиялық мәдениет қалыптастырудың мүмкіндіктеріне талдау жасалады.

Екінші тарауда Дүниетану пәнінде топсаяхаттар барысында экологиялық мәдениет қалыптастырудың танымдық, іс-әрекеттік, нормативтік, құндылық компоненттерінің игерілу мүмкіндіктері анықталып, бастауыш сынып оқушыларына экологияық тәрбие берудің тиімді жолдары көрсетіледі.

Қорытынды бөлімде тақырыпқа байланысты практикалық кеңестер беріледі.

Қосымша материалдарда топсаяхаттар арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралардан үзінділер ұсынылады.

1. Топсаяхаттар арқылы бастауыш сынып оқушыларының

экологиялык мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1. Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі

Оқушыларға экологиялық мәдениет қалыптастыру ісі табиғи ортаға жанашырлық көзқарасты қорғау мең көркейтуді, сұлулығын ұсынуды, жауапкершілікті және саналы қарым-қатынасты қалыптастыруды жүйелі жүргізу деп ұғынған жөн. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастьң үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігіне жасөспірімдердің көздерін жеткізу - бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Бұл мәселе оңға басу үшін біз алдымен тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлуіміз қажет.

Қазіргі таңдағы білім мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу.

Соңғы кезде республикамызда халыққа білім беру жүйесіндегі экологиялық оқыту мен тәрбие мәселесін шешуде жас ұрпаққа, көпшілікке үздіксіз экологияльқ білім мен тәрбие беру тұжырымдамасына көп көңіл бөлінуде. Бұл мәселені шешу үшін балалық шақтың, әсіресе, бастауыш мектеп жасындағы балалардың экологиялық тәрбиесінің мәні өте зор.

Табиғат - адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат, бойына күш, көңіліне шабыт береді. Жастарды экологиялық білім мен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, жалпы тұлғаның ой-өрісін дамытудағы педагогикалык бағыттардың бірі болып саналады. Адамзат баласына экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы ІХ-ХV ғғ. әл-Фараби, М. Баласағұни, Қожа Ахмет Иассауи, М. Қашғари, С. Бақырғани т. б шығыс ғүламаларьшың тіл, этика, психология, метафизика т. б. ғылымдары жайлы жазбаларында көрініс тапқан. Сонымен қатар халқымыздың ұлы ағартушы-ғалымдары, ақын, жазушылары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, М. Дулатов, М. Жүмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев еңбектерінде де табиғатқа деген сүйіспеншілік көшпенді елдің өмірімен, ұлттық әдет-ғұрыптарымен тығыз байланыстырылып берілген.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі табиғатты қорғауға бағытталған салт-жырлар, ырымдар мен нанымдар қазірде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оларды бүгін ұрпақ тәлім-тәрбиесіне пайдалану уақыт талабы, егеменділік мүраты. Жас ұрпаққа ұлттық экология жүйесінде қалыптастыру қазіргі Қазақстан Республикасындағы күрделі экологиялық ахуалды шешудің маңызды құралына жатады.

Табиғаттың даму заңдылықтарын оқыту мен тәрбиелеу жүмысына педагогтардың көбі баса назар аударып, тәрбие жұмысын баланың жас кезінен бастау керектігін айтқан болатын. Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық трактатында, Я. А. Коменскийдің табиғат және оны қорғауға тәрбиелеуге қатысты ой-пікірлерін толықтырып, оны әрі қарай дамытты. К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский балалардың ойлау қабілетін арттыруда, эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғатты шебер пайдаланып, табиғатқа деген адамның сүйіспеншілігін туғызу мәселесін анық көрсете білген педагог ғалымдар.

Көрнекті педагог К. Д. Ушинский бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыту сөзге емес, тікелей қоршаған ортадан алған әсерлеріне негізделуі керек деп есептеді. Табиғат туралы оқығандарын түсініп қана қоймай, табиғаттағы заттарды дүрыс үғып, айырмашылықтары мен ерекшеліктерін байқай білуге үйрету. Оқытуда табиғат объектілері мен құбылыстарын пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Мұғалім оқушыларды алдымен бақылауға, онан соң өз бақылауларын жинақтап, ой қорытуға, үйретуге міндетті деп есептеді.

Белгілі философтар В. Р. Афанасьев, В. А. Журавлев, А. Н. Спиркин, Г. С. Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т. б. жасөспірімдерге экологиялык білім мен тәрбие беруде қоғам-адам-табиғат арасындағы дүниетанымдық сана формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі адамның тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып жетіледі. Сана - адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар беріп, жеке тұлғаның қызметін іске асырудан, оның творчестволық ойлау әрекетінен көрініс табады. Жеке тұлғаның басқа адамдармен, табиғи ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімнің дамуы өзіне, басқа адамдарға, қоршаған заттың дүниеге көзқарастарының қалыптасуы оны жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен адамның ақыл-ойы мен сана-сезімін, бірлігін дәлелдейтін тұжырым, жеке түлғаны экологиялық проблемаларға жанама көзқараспен қарауға бағыттайды.

Өткен ғасырдың аяғы мен осы ғасырдың басында әртүрлі елдерде ұйымдасқан табиғат қорғау мәселелерін насихаттау жүмысына мән берді. Бұл жұмысқа Д. И. Менделеев, В. В. Докучаев, И. П. Бородин, Г. А. Кожевников, В. Л. Коморов, Г. Ф. Морозов, Н. М. Кулагин сияқты профессивтік бағыт ұстаған ғалымдар мен ағартушылар, мемлекет қайраткерлері аса назар аударды.

Қоршаған ортаны, табиғатты және оның байлықтарын қорғау, табиғат пен адамдардың қарым - қатынасы мәселелері жөнінде бірқатар ғалым-экологтар К. А. Благосклонов, А. Д. Бондаренко, А. А. Горелов, Н. И. Деленковский, И. С. Матрусов т. б. өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, табиғат заңдылықтарымен санаспауы салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдіғінің бұзылуы, экологиялық дағдырыстың болу себептері, қазіргі еліміздің экологиялық жағдайын түзеу кезек күттірмейтін мәселе екендігі жөнінде Т. Төлендиев, Қ. Қүрманов, Е. Қонақбаев, С. Қаженбаев, Б. Шайкенов, Е. Мамбетқазиев, В. Дежкин және т. б. өз жұмыстарында ой-пікірлерін білдірген. Экологиялық білім тәрбие беру мәселесіне Ә. С. Бейсенова, Ә. Бірмағамбетов, К. Жүнісова, Н. С. Сарыбеков, Э. А. Тұрдықұлов, Ж. Ж. Жатқанбаев, К. А. Сарманова, М. Н. Торманов, Ж. Б. Шілдебаев т. б. ғалым педагогтардың зерттеу еңбектері арналған. Психологтар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, И. С. Кон, Е. М. Кудрявцева, В. А. Ясвин, Л. И. Божович, П. Я. Эльконин, А. А. Люблинская, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев т. б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарында баланы қоршаған ортамен қарым-қатынастары барысында, оның психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан. Ал, С. Л. Рубинштейн әрбір жеке тұлғаның қоршаған ортамен байланысынның басты компоненттерінің бірі қарым-қатынас деп санайды. Ол оқушының табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық дамыту екенін айқын көрсетеді. Оның пайымдауынша басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу, тек толық бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін. Ал ол дегеніміз - дүниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам болуына негіз болады.

Ғалым-педагогтар И. Д. Зверев, И. Т. Суравегина, А. Н. Захлебный, М. Н. Сарыбеков, А. А. Сотников, Д. Н. Сарыбеков, К. Құрманбаева және т. б. еңбектерінде экологиялық білім мен тәрбие беру сабақтарда, сыныптан және мектептен тыс оқу-тәрбие жұмыстарында ұйымдастырудың жағдайлары мен мүмкіндіктері қарастырылған.

«Экологиялық тәрбие» үғымына анықтама беріп, мәнін ашуда педагог-ғалымдардың көзқарастарында ерекше айырмашылықтар жоқ. Экологиялық тәрбиенің мәні жайлы айтқанда: оқушылардың табиғатқа жауапкершілікті қарым-қатынастарын қалыптастыруда, оны қорғау, сақтаудағы саналы белсенділіктерін арттыру, соның негізінде адамгершілік қасиеттерін дамытып, қоршаған ортаны жақсартуға үлесін қосуға дайындау.

Жоғарыдағы пікірлердің қай-қайсысының да орынды екендігін мойындай отырып, дегенмен де И. Д. Зверевтің берген тұжырымдамасына косыламыз. Біздің ойымызша. экологиялык білім мен тәрбие берудің максаты -оқушылардың қоршаған ортаға жауапты және іскерлік қатынастарын қамтамасыз етумен сипатталынады.

Экология (грекше оісоs - мекен, үй және 1оgоs - ғылым) сөзбе-сөз аударғанда - тіршілік мекені туралы ғылым. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар, дегенмен осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп есептейді. Экология түсінігі өте ауқымды, сондықтан қай қырына баса мән берілуіне қарай оның анықтамаларының тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. XX ғасырдың ақыры онжылдықтары үшін Уэбстердің толық сөздігінде келтірілген: «Экология пәні - организмдер мен орта арасындағы байланыстардың жиынтығы немесе қүрылымы»-деген анықтама экологияның мәніне көбірек сәйкес келеді.

Экологиялық білім беру дегеніміз - оқушыларға қоғам мен табиғат қатынасының проблемаларын шешуге, оның ғылыми негіздерін меңгеру, табиғатты қорғауға мүмкіндік туғызатын білім, іскерлік, дағдыны игеруге бағытталған педагогикалық ықпал жасау.

Мұғалім оқушыларға әр сабақта, топсаяхаттарда табиғаттың біртұтастығын ашып көрсетуі тиіс. Табиғаттағы барлық тірі және өлі ағзалар бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінде болған жағымды немесе жағымсыз өзгерістер басқаларына әсер етпей қоймайды. Табиғат жеке адамның рухани - адамгершілік, эстетикалық қасиеттерінің дамуына ықпал ететінін түсіндіре келіп «Табиғат - қоғам - адам» жүйесін шығарып алуға болады.

Экологиялық білім беру мақсатындағы барлық сабақтарда топсаяхаттарда берілетін білімді осы байланыстың неғізінде түсіндіру керек. Экологиялық білім мазмұнын ашатын осындай негізғі идеяларды оқушыларға жүйелі түрде беру нәтижесінде оқушыларды экологиялық саналы тәрбие қалыптасады.

Экологиялық тәрбие дегеніміз - табиғат корғау қажеттігін түсіндіру, оқушылардың осы саладағы жауапкершіліктік белсенділігін тәрбиелеу, табиғат байлықтарын ұлғайту, орынды пайдалануға үйрету, биосфералық процестердің табиғи тепе-теңдігін сақтау, дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары:

  1. Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін оқушылардьщмінез-қүлқында тәрбиелеу.
  2. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
  3. Оқушылардың бойында экологиялық мәдениет дағдысынқалыптастыру.

Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:

  1. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде экологиялық білімді қолданабілу, іскерлікке төселу.
  2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппайқоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
  3. Мектепте экологиялық білім мен тәрбие қоғамын ұйымдастыру.

Табиғатпен саналы жан-жақты қарым-қатынасқа үйретілген жеке түлға түрлі қасиеттерге ие болады. Мысалы, экологиялық проблемалар жайында түрлі әрекетке, қызметке дайын болу, табиғатқа эмоциональды-құндылық қарым-қатынаста болу. Осы міндеттерді шешу негізінде экологиялық мәдениет қалыптастыру мазмұны анықталады.

Экологиялық тәрбие мақсаты мен мазмұнын негізге ала отырып, ең маңызды экологиялық тәрбие құралы деп, оқушыны қоршаған табиғатты атаймыз. Экологиялық тәрбие әдістері туралы педагогикалық әдебиеттерде жеке қарастырылмайды. Педагогикалық оқыту және тәрбиелеудің барлық әдістерінен басқа, экологиялық тәрбие құрылымына сай негізделген ерекше әдістері де бар.

Жеке түлға бойында экологиялық ұғым қалыптастыруда алғашқы орын байланыстарды анықтау әдісіне беріледі. Қарым-қатынас болмаса, экология болуы мүмкін емес, ал қарым-қатынастағы себеп-салдар байланыссыз экологиялық түсінік қалыптасуы мүмкін емес.

Оқушылар бастауыш кластарда табиғат туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер қоршаған табиғатта болатын байланыстарға негізделіп құрылған белгілі бір жүйеде беріледі. Сондықтан байланыстарды анықтау -дүниетанудың аса маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетану топсаяхаттарында проблемалық іздену әдісі (Лернер И. Я. Скаткин М. Н. бойынша проблемалық мазмүндама, зерттеушілік әдіс) қолданылады.

Оқушылардың табиғатта қарым-қатынасы экологиялық ережелерді меңгерту және табиғатқа өзін-өзі ұстай білу іскерліктерін қалыптастыру арқылы да түсіндіріледі. Ал, бүл жағдайда тәрбиенің педагогикалық талап жаттығу, үлгі көрсету әдістері маңызды күшке ие болады.

Экологиялық тәрбиенің мәнін экологиялық білім мазмұнының аспектілері айқындай түседі. Экологиялық білім мазмұнын ғылыми-танымдық, құндылық, нормативтік, практикалық іс-әрекеттік аспектілерде қарастырылады.

Бұл аспектілер экологиялық білім мазмұнын анықтайтын негізгі компоненттер бола отырып, экологиялық тәрбиенің өз мәнінде берілуіне мүмкіндік береді. Осылайша экологиялық білім мен тәрбие жүйесінің барлық құрылымдық концепциялары өз мәнінде жүзеге асырылса, оқушыларда экологиялық мәдениет қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына педагогикалық процесте адамгершілік тәрбиесін беру
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі
Адамгершілік мәдениеті
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастыру
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК САНА СЕЗІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ РОЛІ
Ұлы ойшылдар тұжырымдамаларындағы рухани адамгершілік құндылықтар
Экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбие беру теориялық негізі
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz