Еңбекақының шығындар есебі


Жоспар
Кіріспе . . . 5
I Бөлім
1. Транспорттық ұйымның қызметінің есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Зерттеліп отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы. . 8
1. 1 Кәсіпорынның есеп саясаты . . . 18
ІІ Бөлім
2. Транспорттық ұйымның қызметінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
2. 1 Транспорттық ұйымның қызметінің бухгалтерлік есебінің ерекшеліктері . . . 25
2. 2 Транспорттық ұйымның қызметінің шығындарының есебі . . . 31
2. 3 Транспорттық дайындау шығындарының есебі және оларды есептен шығару
тәртібі . . . 38
ІІІ Бөлім
3. Транспорттық ұйымның қызметінің аудиті
3. 1 Аудиттің мақсаты, мәні және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі . . . 43
3. 2 Транспорттық ұйымдардың аудиті және оны жетілдіру жолдары . . . 48
3. 3 Көлік құралдарының ішкі аудиты және оны жетілдіру жолдары . . . 58
Қорытынды . . . 69
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 71
Қысқартылған сөздер және оның мағыналары
Қосымшалар
Кіріспе
Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан - жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Елбасының 2008 жылғы Жолдауы Қазақстандағы жеделдете, жан - жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдалып алынғандығын көрсетеді. Яғни, жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы елімізді жаһандық экономикаға кіруге бағытталған мемлекеттік саясат қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстанда бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жоғары технологиялық жаңа өндірістерді бейімді, әрі ауқымды зор жобалар әзірлеу мақсаттарына ерекше назар аударылады.
Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады. Бухгалтерлік есеп - өндірістің хал - ақуалын, экономикалық жағдайын анықтап, негізгі міндеттерді нақты сипаттайтын бірден - бір жүйе. Бүгінгі күні өндірістік саланы алатын болсақ, ең алдынғы қатардағы мәселелерге өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың ауқымын неғұрлым азайтып және өзіндік құнын дұрыс, әрі дәл анықтау міндеті жатады.
Осы мәселеге орай кәсіпорын өндірістік шығындарды есептеу жолдарын дұрыс жүйеге келтіре отырып, өндірістің шаруашылық қызметін басқару заңдылықтарының халық шаруашылығында өркендеуіне жол береді.
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында басқару жүйесінің алдында тұрған жаңа міндеттерді шешуге қайта бағыт алады. Себебі, транспорттық қызмет саласы күннен - күнге дамып келе жатқаны заман талабына сай сұраныстың өсуіне байланысты болып отыр. Осы саладағы есепті ұйымдастырудың жолдарын және оның шетелдік тәжірибесін зерттеу, өндірістік шығындар туралы ақпараттар алудың дәстүрлі емес жаңа жүйесін құру, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың, қаржылық нәтижелерді анықтаудың қазіргі тәсілдерін қолдану, сондай - ақ бұл ақпараттарды өндірістік қызметті басқару, талдау, болжау және реттеу үшін қолдану маңызды.
Қазақстандағы теміржол жолдары нарықтық экономика жағдайында маңызы зор болып отыр. Ол еліміздің 14 мың шақырым жол торабына созылып жатыр. Нарық қатынастарда жүк және жолаушылар тасмалдаудан ең жетік дамыған саласының бірі болып табылады.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Теміржол қозғалысының құрамын қолданудың негізгі тиімді шарты болып қызмет ету мерзімі кезеңіндегі эксплуатация циклын ұйымдастыруға дұрыс жақындау амалы табылады. Қазіргі кезде Қазақстанның теміржолы артта қалған технологиямен бірге, негізгі қорларының физикалық және моральдық тозу жағдайында. Модернизация мен жаңару потенциялының қажеттілігі өте зор. Алайда, республикамызда транспорттық құралдардың негізгі түрін өндіру, соның ішінде жылжымалы құрамын (вагондар мен локомотивтер) өндіру мүлдем жоқ деуге болады.
Нарықтық қатынасқа өтумен байланысты қабылданған басқару шешімдерінің сапасының міндеттемелерін өсіретін кәсіпорынның тәуекелінің жоғарлауын білдіреді. Өнімнің өзіндік құнын анықтау және өндіріс шығындарының есебі басқару жүйесіндегі орталық телімі болып табылады. Қоғамдық өндірістің құнының көрсеткіштерінің негізгі сипаты осы жерде қалыптасады.
Жұмыстың өзектілігі желілік кәсіпорындарды басқарудың тиімділігімен анықталады. Яғни, бұл сенімді жұмыс пен бекітілген тиімділік критериіне жету, моделді аппараттарды және шығындардың оптимизация әдісін құруға бағытталған басқару орталықтарын құру негізіндегі басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру мен дамытуды қажет етеді.
Шаруашылықтың жаңа шарттарындағы теміржол транспортының желілік кәсіпорынның қызметі қарқынды өзгерістер мен анықталмағандықтың жоғарғы деңгейімен сипатталады. Басқарудың маңызды сипаты болып ішкі өндіріс пен сыртқы ортаның барлық өзгерістеріндегі басқару қызметінің әсер ету нақтылығы мен жеделділігі табылады.
Теміржол транспортының желілік кәсіпорының қызмет басқаруды жетілдіруге әсер ететін негізгі факторлары келесідей:
- Шаруашылықтың жаңа шартында қалыптасқан басқару қызметінің сәйкессіздігі, басқару қызметінің жеткіліксіз өңделмеуі;
- Басқаруда жүйелі емес өзара толықтыратын мақсаттарды пайдалану және қалыптастыру, бұл басқару шешімінің тиімділігін төмендетеді;
- Басқару қызметінде ақпараттың тапшылығы және оның жеделдігінің болмауы, бұл басқару қызметін төмендетеді.
Сонымен қатар, ішкі аудиттің теориялық және методологиялық мәселелерін жүйелік зерттеуі «ҚТЖ» ҰК» АҚ ішкі аудитті жүргізу барысында методологиялық негізін талдауды қажет етеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол транспортының тәжірибесін зерттеуде жылжымалы құрамын жалдаудың есебінің мәселелері, теміржол транспортындағы ішкі шаруашылық бақылауды жүзеге асыру қарастырылады.
Бітіру жұмысының мақсаты. Жұмыстың мақсаты болып нәтиже мен шығындардың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған желілік кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыру үшін басқару есебі бойынша тәжірибелік ұсыныс пен методологиялық жағдайды талдау табылады. Теміржол транспортындағы кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі мен ішкі аудитінің теориялық және тәжірибелік жағдайын зерттеуге негізделген.
Осы мақсатқа жету үшін алға қойылатын негізгі міндеттер:
- Теміржол транспортының салалық ерекшеліктерін және олардың желілік кәсіпорындардың эксплуатациялық шығындарының талдауы мен ұйымдық есебіне әсерін зерттеу;
- Теміржол транспортыдағы тасмалдаудың өзіндік құнын қалыптастыратын шығындардың экономикалық мазмұнын зерттеу;
- Желілік кәсіпорындарды басқарудың ұйымдық құрылымын шығындар орталығы мен жауапкершілік орталығының анықтау негізінде жүзеге асыру;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың желілік кәсіпорындардың материалдық қорларына баға беру;
- Теміржол транспорты кәсіпорындарындағы ішкі аудитті жүргізу методикасына талдау.
Бітіру жұмысының пәні болып Қазақстан Республикасының теміржол транспорты кәсіпорындарының қазіргі таңдағы бухгалтерлік есеп және ішкі аудит жүйесі табылады.
Ал бітіру жұмысының объектісі болып «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының желілік кәсіпорындары, соның ішінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Бас есептеу орталығы» филиалы табылады.
Бітіру жұмысы үш тараудан тұрады. Жеке - жеке қысқаша түсінік беретін болсақ, бірінші тарау зерттеліп отырған кәсіпорынның техникалық - экономикалық көрсеткіштерін зерттеу және кәсіпорынның есеп саясатына шолу жүргізу.
Екінші тарау бойынша транспорттық ұйымдардың, соның ішінде теміржол транспортының бухгалтерлік есебін жүргізудің ерекшеліктерін, олардың шығындарына түсінік, жіктелуі мен әдістері қарастырылады. Сондай - ақ транспорттық дайындау шығындары және оларды есептен шығару мен материалдық қорларды бағалау әдістері зерттеледі.
Соңғы тарау, яғни транспорттық ұйымдардың аудиті. Бұл тарауда жалпы аудитті жүргізудің мақсаты мен маңызы, ақпарат көздері қарастырылса, екінші мәселе ретінде транспорттық ұйымдарға жүргізілетін ішкі аудиттің жағдайымен, оны жетілдіру жолдарына талдау жасау қарастырылады. Сонымен қатар теміржол құралдарына аудитті жүргізу зерттеледі.
Бітіру жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит саласына қатысты отандық ғалым В. К. Радостовец, К. Ш. Дюсембаев, К. Т. Тайгашинова, М. С. Ержанов, С. С. Сатубалдин, Б. Б. Сұлтанова, Д. О. Абленов, т. б. еңбектері басшылыққа алынып жазылды. ҚР президентінің заң күші бар жарлықтары, нормативтік құжаттар мен ережелер сүйене отырып, сондай - ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ - ң есеп саясаты мен жарғысын, сонымен қатар халықаралық аудит стандартары мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, типтік шот жоспарына негізделе отырып дайындалған.
1. Транспорттық ұйымның қызметінің есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Зертеліп отырған кәсіпорынның технико - экономикалық сипаттамасы
Директорлар кеңесінің 2004 жылғы 18 мамырдағы шешімімен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АК - ның филиалы туралы үлгі ережеге сәйкес әзірленген. «ҚТЖ» ҰК» АК «БЕО» филиалы Қоғам тұрған жерден басқа жерде орналасқан «ҚТЖ» ҰК» АК-ның оқшауланған құрылымдық бөлімшісі болып табылады.
Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар кеңесінің шешімі негізінде қайта тіркелген (2004 жылғы 18 мамырдағы №11 хаттама) .
Филиал өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңнамасына, Қоғамның бұйырықтарына, өкімдеріне және өзгеде актілеріне, Қоғамның Жарғысына, сондай - ақ филиал туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Филиал заңды тұлға болып табылмайды.
Қоғамның толық атауы:
- мемлекеттік тілде - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
- орыс тілінде - Акционерное общество «Национальная компания «Қазақстан темір жолы»
Қоғамның орналасқан жері: 01, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 98.
Қоғамның тіркелу туралы деректері: 2004 жылғы 2 сәуірдегі мемлекеттік қайта тіркелгені туралы №11867 - 1901 - АҚ куәлігі.
Филиалдың толық атауы:
- толық:
мемлекеттік тілде - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Бас есептеу орталығы» филиалы;
орыс тілінде - филиал Акционерного общества «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» - «Главный вычислительный центр»;
Филиалдың орналасқан жері: 01 Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 96.
Филиалдың жеке теңгерімі бар. Филиал өз қызметін ұйымдастыру және жүргізу үшін заңнамамен бекітілген тәртіпке сәйкес банктерде ағымдық шоттар ашады.
Филиалдың өз атауы, тауарлық белгісі және Қоғамның атауы жазылған мөр, мөртабандары және бланктері бар.
Филиалдың қызмет ету мерзімі шектелмеген.
Қоғам қызметінің мәні. Негізгі қызметтері:
- Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша магистральдық теміржол желісін салуды, күтіп ұстауды және жаңғыртуды жүзеге асыру;
- Тасмалдау процесін басқару;
- Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсету;
- Жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді теміржол көлігімен тасмалдауды жүзеге асыру;
- Жылжымалы теміржол құрамын, соның ішінде қауіпті жүктерді тасмалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;
- Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың тасымалдарға қажеттіліктерін қағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың жеткізу пункттеріне уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету;
- Маркетинктік қызмет;
- Көліктің әртүрлі түрлерін қарастыра отырып, тікелей және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының тасымалдау әлуетін барынша толық пайдалану жөніндегі іс − шараларды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігімен келісу бойынша теміржолдық транзисттік - көліктік дәліздерді қалыптастыру жөніндегі шараларға қатысу;
- Сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтасуды дамыту;
- Өнімдерді көрсетілетін қызметтерді экспорттау (импорттау) ;
- Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалатын техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, құрастыруды, реттеуді, қолдануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғандағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын техникалық қорғау жөніндегі қызмет;
- Қоғамның қызметі туралы материалдарды әзірлеу және қорытындылау, Қоғамның жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, анықтамалықтар, фотоальбомдар, бейнефильмдер шығару;
- Темір жол көлігі саласында ақпараттық қызмет көрсету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған, өзге де қызметтер болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты мен мәні. Филиал Қоғам үшін жүк және жолаушылар тасымалдары жөніндегі ақпаратты оперативтік жинау және өңдеу, анықтамалар мен есептіліктің бекітілген нысандарын беру мақсатында құрылады.
Филиал қызметінің мәні:
- Оперативтік және статистикалық есептілікті қалыптастыру. Қабылданған ақпараттың толықтылығын, оның өңдеу сапасын және өңдеу нәтижелерінің белгіленген мерзімде Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, теміржол әкімшіліктерінің ақпараттық есептеу орталығына, «ТМД мемлекеттеріне, Литваға, Латвияға, Эстонияға және Российские железные дороги» ашық акционерлік қоғамының «Бас есептеу орталығына» берілуін бақылау;
- Автоматтандырылған басқару жүйелерінің техникалық экономикалық деңгейін, техникалық құралдарды және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін талдау, олардың тиімділігін арттыру және оларды дамыту жөніндегі қажетті шаралар әзірлеу және қабылдау, ақпараттық технологиялар мен есептеу техникасын пайдалану жөніндегі озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және енгізу;
- Ғылыми техникалық прогрестің жетістіктері мен есептеу техникасын тиімдірек пайдалану негізінде тасымалдау процесі технологиясын жетілдіру;
- Автоматтандырылған жүйелерді, тапсырмаларды, автоматтандырылған жұмыс орындарын және деректерді беру желілерін сүйемелдеу мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу;
- Өзге теміржол әкімшіліктерінің есептеу орталықтарымен ТӘ АЕО мен, Темір жол көлігі жөніндегі ынтымақтастыққа қатысушы мемлекеттер кеңесі мен өзара әрекеттесу;
- Алгоритмдердің, бағдарламалардың, жіктегіштердің салалық қорын жүргізу, автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз етуді қорға жинау және паспорттау;
- Қоғамның бөлімшелерінде қазіргі заманғы стандарттар мен автоматтандырылған жүйелер жөніндегі басшылық әдістемелік құжаттар негізінде бағдарламалық құралдарды әзірлеу деңгейін жоғарлату;
- Жаңа техника мен технологияларды дамыту және енгізу жөніндегі жоспарлар мен іс шаралар әзірлеу, сондай - ақ Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдері бойынша есептеу техникасы құралдарын ауыстыру және жөндеу;
- Отын энергетикалық ресурстарды, жылу қуатын үнемдеу бойынша тапсырмалар әзірлеу;
- Ақпараттық қызметтерді ұсыну және Қоғамның ақпараттық жүйелерді пайдалану мәселелері бойынша шарттар жасауды ұйымдастыру;
- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамның «Алматы өңірлік ақпараттық есептеу орталығы», «Ақтөбе өңірлік есептеу орталығы» және «Солтүстік өңірлік ақпараттық есептеу орталығы» филиалдарының мұқтаждары үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай ақ Қоғам берген сенімхаттың негізінде Қоғам үшін есептеу техникасы, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын, деректерді беру желілерінің жабдықтарын, ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- Мына мәселелер бойынша ӨАЕО қызметін үйлестіру:
Жұмыстың өндірістік көрсеткіштерін, инженерлік - техникалық іс - шараларды, еңбекті қорғау және техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі кешендік жоспарды орындау;
Штаттық кестелерді, еңбек жөніндегі жоспарларды және қызметкерлердің нормативтік санын келісу;
Өндірістік - қаржылық қызмет жөніндегі ӨАЕО жоспарларының жобалары негізінде өндірістік - қаржылық қызмет жөніндегі жиынтық жоспарды қалыптастыру және бекіту;
ӨАЕО қаржыландыру;
ӨАЕО теңгерімінде есепте тұрған ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді күрделі жөндеулерден өткізудің титулдық тізімін қалыптастыру және түзетулер енгізу;
Қаржылық есептілік.
Филиалды басқару. Филиалды жалпы басқаруды Қоғам жүзеге асырады. Филиалды басқару бойынша Қоғамның құзыретіне:
- Филиал туралы ережені бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- Филиал қызметінің негізгі бағыттарын белгілеу, олардың орындалғаны туралы жоспарлар мен есептерді бекіту;
- Филиал директорларымен, оның орынбасарларымен, Филиалдың бас инженерлерімен және бас бухгалтерімен жеке еңбек шартын жасау, өзгерту және бұзу;
- Филиалдың штаттық кестесін бекіту және құрылымын белгілеу;
- Тағайындалуы Қоғамның келісімі бойынша жүргізілетін Филиал лауазымдарының номенклатурасын бекіту;
- Филиалдың өндірістік - қаржылық қызметі жоспарын бекіту;
- Филиал қызметінің нәтижесі бойынша жылдық есептерді, аудитордың есептері мен қорытындыларын бекіту, табысты бөлу мен залалды өтеу тәртібін белгілеу;
- Филиалдың материалдық құндылықтарының мөлшерін, нысанын сондай - ақ оларды бөлудің тәртібін белгілеу;
- Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және Қоғамның жарғысымен көзделген өзге де іс - қимылдар жатады.
Филиал қызметін тікелей басқаруды директор жүзеге асырады. Филиалдың директорлары Филиалдың жұмысын ұйымдастырады және Қоғамның берген сенімхаты негізінде оны басқарады, Филиалға жүктелген міндеттерді орындауға, орындаушылық және еңбек тәртібінің жай - күйін және белгіленген қызметінің түрлерін жүзеге асыруға жауапты болады.
Филиалдың директоры:
- Қоғам берген сенімхат бойынша Қоғам белгілеген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді;
- Қоғам бекіткен жоспарларға сәйкес Филиалдың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
- Филиалға бекітілген құралдарға өзіне берілген құқықтар шегінде иелік етеді;
- Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулық карточкаларын бекітеді, лауазымдық номенклатураға сәйкес Филиал қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады, бұзады және өзгертеді, оларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
- Белгіленген тәртіппен өзге де құқықтар берілуі мүмкін.
Қоғам тағайындалуы қоғамның келісімі бойынша жүргізілетін филиалдың қызметкерлерімен жеке еңбек шартын бұзу туралы филиалдың директорларына орындалуын міндетті болып табылатын нұсқаулар беруге құқылы.
Филиалдың қаржылық - шаруашылық қызметі. Филиал оған қоғам бекітіп берген мүлікке, сондай ақ Қоғамның жалпы теңгеріміне кіретін ақшаға, оның қызметі барысында сатып алынған материалдық құралдарға, бағалы қағаздарға және материалдық емес активтерге ие болады. Филиалдың теңгерімінде есепке алынған мүлік Қоғамның меншігі болып табылады.
Филиалдың қаржылық шаруашылық қызметін тексеруді Қоғамның уәкілеттілік берілген құрылымдық бөлімшелері, қажет болған жағдайда Қоғам тағайындайтын немесе тарататын аудиторлық қызметтер жүзеге асырылады.
Филиалдың есеп жүйесі қаржылық және басқару есебінен тұрады.
Қаржылық есептілік ішкі және сыртқы пайдаланушылар пайдаланатын және бухгалтерлік есеп стандартарына және есептілік принциптеріне сәйкес келетін есеп ақпараттарын қамтиды.
Ал басқару есебі барлық есеп ақпараттарының түрлерін қамтиды, оның ішінде өндірістік есеп, өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнын кіреді.
Филиалдық қаржылық шаруашылық қызметін бақылауды олармен жасалған шарттар негізінде аудитор немесе аудиторлық ұйымдар жүзеге асыруы мүмкін.
Аудиторлар және аудиторлық ұйымдар филиалдың қызметкерлерінен оларға қажетті барлық материалдарды, бухгалтерлік немесе өзге құжаттарды және жеке түсініктемелерді талап етуге құқылы.
Аудиторлар және аудиторлық ұйымдар өздері жүргізген тексерудің нәтижелерін Қоғамның Басқармасына және Қоғамның Директорлар кеңесіне жібереіледі. [қосымша Е]
1 - кесте мәліметтерінен біз филиалдың 2007 - жылғы негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс туралы көре аламыз. [қосымша А]
1 - кесте
Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс (мың теңге)
2006ж.
12 айына
Барлық, негізгі
қызметтен
түскен табыс
Жанама қызметтен
түскен табыс
Қоғамның аффинаж
кәсіпорындары үшін
Кесте мәліметтеріне сәйкес «ҚТЖ» ҰК» «БЕО» АҚ филиалының 2007жылғы негізгі қызметтен түскен нақты табысы 75 897 теңгені құрайды, ал жоспар бойынша 71 481 теңге, демек нақты табыс жоспарға қарағанда 4 416 теңгеге артық. Бұл филиалдың негізгі қызметтен алынған табысының артқанын көрсетеді.
Өткен жылмен салыстырсақ (2006 ж. )
Негізгі қызметтен түскен табыс өткен жыл мен салыстырғанда 12 518 теңгеге артты немесе 119, 7% құрады.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс
«ҚТЖ»ҰК» «БЕО» АҚ филиалының 2007жылғы негізгі емес қызметтен түскен нақты табысы 75 897 теңгеге артты, негізі жоспар бойынша көзделгені 71 481 теңге. Сәйкесінше нақты табыс жоспарланған табысқа қарағанда 4 416 теңгеге жоғарылады.
Өткен жылмен салыстырсақ (2006 ж. )
Өткен жылмен салыстырғанда негізгі емес қызметтен түскен табыс 12 518 теңге жоғары. 12 айдың ішінде орындалғаны 106, 2%.
Басқа кәсіпорындардан түскен табыс
«ҚТЖ»ҰК» «БЕО» АҚ филиалының 2007 жылғы басқа кәсіпорындардан түскен табыстын нақты мөлшері 60 754 теңгені құрайды. Негізі жоспар бойынша 56 975 теңге болды. Яғни нақты табыс жоспарлы табыстан қарағанда 3 779 теңге немесе 137, 7% орындалған.
Өткен жылмен салыстырсақ (2006 ж. )
2006 жылмен салыстырғанда 16 637 теңгеге жоғарыланды немесе 137, 7% құрады. Яғни 2007 жылы 60 754 т., ал 2006 жылы 44 117т. Құрайды.
Компанияның өз ішінен түскен табыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz