‘‘Алаш’’ партиясы, оның бағдарламасы.
Жоспар
Кіріспе.
1. Алаш партиясының құрылуы
2. Алаш партиясының шартнамасы мен бағдарламалары
3. Алаш партиясының шешкен мәселелері
4. Алаш Орданың құрылуы, оның атқарған қызметтері
Сыртқы істері
Алаш Орда мүшелерінің тізімі
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Алаш партиясы, Алаш қозғалысының тарихнамасы туралы зерттеу жұмыстары жарық көре бастады. Алаш партиясы туралы алғашқы пікірлер мен зерттеулер 1919-1920 жылдарда мерзімді баспасөз беттерінде жарияланды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылдан кейінгі кезеңде ондаған жылдар тыйым салынған Алаш тақырыбы жөнінде тарихи шындықты қалпына келтіруге бағытталған талпыныстар жасалынды. 1989 жылы шілдеде Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихи институты “Алашорда: пайда болуының, қызметі мен күйреуінің тарихы” деген тақырыпта пікір алысу ұйымдастырды. Оған қатысушылардың пікірлері көп жағдайда әр қилы болғанына қарамастан, бас қосу жаңа тарихи кезеңде бұл тақырыптың бірінші кезекте зерттелуі қажет мәселелерінің басын ашуда оңды рөл атқарды. Алаш қозғалысына жаңа көзқарас қалыптастыруда соны пікірлер айтып, дәлелді тұжырымдар жасауда М. Қойгелдиев,Т. Омарбеков белсенділік көрсетті. Бүгінде Алаш мәселелері жекелеген монографиялық зерттеулерге арқау болды. 1994-1995 К. Нұрпейісовтың, М.Қойгелдиевтің монаграфиялық еңбектері жарық көрді.
Алаш партиясы туралы мәліметтерді аталған әдебиеттерден қарастырдым.

1. GOOGlE Нұрпейісов К . “Алаш һәм Алашорда ” Алматы 1995;
2. Қойгелдиев М . “ Алаш қозғалысы ” Алматы 1995;
3. Маданов Х. , Мусин Ч “ Ұлы дала тарихы ” Алматы 1994;
4. Ғаламтор сайты
2. Қойгелдиев М . “ Алаш қозғалысы ” Алматы 1995;
3. Маданов Х. , Мусин Ч “ Ұлы дала тарихы ” Алматы 1994;
4. Ғаламтор сайты
Жоспар
Кіріспе.
1. Алаш партиясының құрылуы
2. Алаш партиясының шартнамасы мен бағдарламалары
3. Алаш партиясының шешкен мәселелері
4. Алаш Орданың құрылуы, оның атқарған қызметтері
Сыртқы істері
Алаш Орда мүшелерінің тізімі
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Алаш партиясы, Алаш
қозғалысының тарихнамасы туралы зерттеу жұмыстары жарық көре бастады. Алаш
партиясы туралы алғашқы пікірлер мен зерттеулер 1919-1920 жылдарда мерзімді
баспасөз беттерінде жарияланды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін
жариялаған 1991 жылдан кейінгі кезеңде ондаған жылдар тыйым салынған Алаш
тақырыбы жөнінде тарихи шындықты қалпына келтіруге бағытталған талпыныстар
жасалынды. 1989 жылы шілдеде Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихи
институты “Алашорда: пайда болуының, қызметі мен күйреуінің тарихы” деген
тақырыпта пікір алысу ұйымдастырды. Оған қатысушылардың пікірлері көп
жағдайда әр қилы болғанына қарамастан, бас қосу жаңа тарихи кезеңде бұл
тақырыптың бірінші кезекте зерттелуі қажет мәселелерінің басын ашуда оңды
рөл атқарды. Алаш қозғалысына жаңа көзқарас қалыптастыруда соны пікірлер
айтып, дәлелді тұжырымдар жасауда М. Қойгелдиев,Т. Омарбеков белсенділік
көрсетті. Бүгінде Алаш мәселелері жекелеген монографиялық зерттеулерге
арқау болды. 1994-1995 К. Нұрпейісовтың, М.Қойгелдиевтің монаграфиялық
еңбектері жарық көрді.
Алаш партиясы туралы мәліметтерді аталған әдебиеттерден қарастырдым.
1. Алаш партиясының құрылуы
Алаш партиясы - қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы (1917
- 20).
20 ғ-дағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының өмірге келуі
біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экономикалық , саяси және
рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден,
Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең
дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті.
Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші
орыс революция жылдарында (1905 – 1907) қолға алды. 1905 жылы 6 тамыздағы
Мемлекеттік Дума құру жөніндегі патша манифесі басқа ұлттармен бірге қазақ
еліне де депутат сайлау құқығын берді. Сайлау науқанына араласқан қазақ
зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қоғамдық
үгіт – насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне
мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттілігін айқын аңғарды.
1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен қазақ облыстары
өкілдерінің съезі Қазақ конституциялық – демократиялық партиясын құру
туралы шешім қабылдады. 9 адамнан тұрған оның ОК мен бағдарламасы туралы
хабар Фикер (Пікір) газетінде жарияланды.
1906 жылы 10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан
депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтіп, Ә . Бөкейханов жиналғандарды
халық еркіндігі (кадеттер) партиясының бағдарламаларымен таныстырып,
жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде қаулы
қабылдады. Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының
осы кезеңдегі саяси әлеуметтік бағдары белгілі дәрежеде, Ресейлік радикалды
– буржуазиялық партия – кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірақ осы кездегі
қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің
бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында
төмендегідей талаптар қойылды : қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі
етіп жариялайтын Заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келушілердің легіне
тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін
қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университетер
ашу т.б . 1905 жылы жазда өмірге келген Қарқаралы құзырхатының
(петициясының) да талаптары осы мазмұндас болды. Отарлық езгіге қарсы
жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси
партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған қажетті алғышарттар қалыптаса
қоймаған болатын. Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру
әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған Алаш журналы
төңірегінде топтасқан зиялылар ең өзекті қоғамдық проблемаларды талқылап,
белгілш бір бағдарламалық тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру
туралы бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң әскери –
отарлық тіртіппен есептесугемәжбүр болған Ә.Бөкейханов бастаған топ мұндай
әрекеттерге көшуге үзілді – кесілді қарсы шықты. Саяси партия құру үшін
қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана
қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін Қазақ газеті жанынан
құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне Қазақ саяси партиясын жасау
мәселесін ұсынып, оған мынадай негіз жасады: Ресейде осы күнде түрлі
саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары оның программасында
жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның болса программасы түп
– түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын
түгел көздейтін өз алдына партия жасамайынша болмайды. 1917 жылғы 21 – 26
шілде аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын
құру туралы мәселе қарап, мынандай шешім қабылдайды: Қазақ халқының өз
алдына саяси партиясы болуды жөн көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд
Шора – исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі
демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ ... .
Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы
Бөкейханов россиялық кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның
себептарін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни
бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұтас келді.
Қазақ басқармасынан барлық облыстарғдағы Қазақ кадеттеріне саяси
партияның атын Алаш қою туралы жеделхаттар жіберілді.
Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса
бастады. Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен шамамен
қазанның 12 – 20 аралығында партияның облыстық ұйымдары алдымен Семейде,
кейін Омбыда, ал қарашаның 10 – на қарай Орынборда ашылды. Семей облысында
партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы
болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан
Бөкейханов сайланды . Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын
сайлауға, жеті жарғысы мен бағдарламасын бекітуге уақыттың қолайлы
жағдайдың болмауынан Орталық комитет құрылмады.1 – жалпықазақтық съезі
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында депутаттыққа кандидатат есебінде
тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы болды.

Партияның бекітуге даярланған жарғысы жөнінде Қазақ газеті былай
деп жазды: Алаш партиясының толық шартнамасы Орынборда жасалынатын болды,
дайын болғанда жұртқа жария қыланады. Қазіргі шарты - кіндік комитеттің
айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын, Алаш партиясының
программасын жаттықтарып, жөн көрген программадағы мәселелерді айналдыруға
тырысатын кісі кіреді. Алаш программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын,
шынынан қайтпайтын, жақындыққа, туысқандыққа бүйрегіне жақын тартпайтын,
дүниелікке қызығып, сатылмайтын,шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға
кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне
ісін үйлестірмейтін, Алаш жолынан ауып, айтысып-тартысуға жарамайтын,
ауырлық келсе бұлтара беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі Алаш
партиясына кірмейді. Алаш партиясына кіремін деген кісі айтылған
шарттарды ойлап, толғап жүрегі қалайтын болса ғана кіруге жөн. Партияның
Орынбор қаласында Торғай облысында ашылғандығы жөнінде хабарында Қазақ
газеті Алаш партиясының ағзалық жарнасы бір сом деп көрсетті. Алаш
партиясының жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық
Федеративтік Республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыранды
қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп,
автономииялық негізде Ресей Федерациясының құрамына енбек. Әлеуметтік
қатынаста феодалдық аристократияны шектеу, таптық жіктелу мәселесі қойылған
жоқ, керісінше жалпы ұлттық мүдде, ұлттық тұтастық бағытында тұрды.
Алаш партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау
болады. Күш қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жолына бастайды
деп көрсетеді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. Салық
мал – ауқат, табысқа қарай байға – байша, кедейге – кедейше ғаділ жолмен
салынады, ... бар жұмысшылар заң панасында болады.
Бағдарламаның антифеодалдық
сипаты негізгі құқық, ғылым - білім үйрету сияқты тараулардан
байқалды. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек - әйел демей
адам баласы тең. Жыйылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет
шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік, заң орындарының рұқсатынсыз жеке
адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап,
билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б. қазақ мемлекетінде оқу
орындарының есігі кімгеде болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға
бірдей жайылмақ. Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады,
баштауыш сыныптарда оқу ана тілінде жүргізіледі. Оқу ісі өз алдына
автономия түрінде жүргізіледі, үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдаер
мен профессорлар өзара сайлау арқылы сайланады.
Бағдарламадағы ең маңызды мәселе - жер мәселесі болды. Қазақ жері,
оның асты -үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің
ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару тақтатылады. Жер мәселесіне
байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер
сыбағасы тұрған жерінен, ата мекенін әркімнің тілегіне сай ауылға, руға,
ұлысқа бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін жер сыбаға шаруаға,
жердің топырағына, жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға
тыйым салады. Ертіс бойындағы он шақырымдағы (десятиверсная) қазақ сол
жерден өз үлесін алсын. Атты казак бермеймін дер, біз Ертістен кетпейміз,
жер алмай қоймаймыз. Жерді жолмен, Законмен аламыз. Қазақ сыбаға жерін
алған соң, қалған жер мемлекет қазынасына өтіп, оларды земство билейді.
3. Алаш партиясының шешкен мәселелері
1917 жылдың соңына қарай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш
партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазақ комитеттері, ал
жергілікті сауатты, патриоттық ниеттегі зиялылар партияның активі тірегі
болды. Алаш партиясы күрделі 1917 жылы үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес
қосты. Біріншіден партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең
алдымен шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық
болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл атқарды.
Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден, партия
ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық
мемлекеттің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпықазақ съезін (1917,
желтоқсан) даярлап өткізді. Осы съезде өмірге Алашорда – Ұлттық Кеңес
үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері өздерін түгел дерлік өздерін Алаш
партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы
қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық
қайраткерлері Алаш партиясынаың атынан тіркелді және оның атынан депутат
болып сайланды. Осы Құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ
облыстарында Алаш партиясының ең көп дауыс алған партия болды. Объективті
жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек
түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым –
қиғаш азамат соғысы тұсында тек Алаш Орда үкіметі ғана атқара алатын еді.
4. Алаш Орданың құрылуы оның атқарған қызметтері
Алаш Орда құрылтайы 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда 2-ші бүкіл
қазақ-қырғыз құрылтайы өткізілді.Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе
қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын
жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды. Құрылтай
делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің
өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман
сақтау үшін, уақытша Ұлт Кеңесі түріндегі берік билік құру, оған Алаш
Орда деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам
кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы —
Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.Бұл туралы кейіннен Ә.
Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: съездің бұл шешімі
қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің
дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен
туындады....Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған
автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы —
большевизммен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz