Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. ТІНТУДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 Тінтудің түсінігі және оны жүргізудің процессуалдық мәселелері ... ... ... ..
6
1.2 Тінтудің
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...12

1.3 Тінтуді жүргізу туралы шешім қабылдау және оның қатысушылары ... ... .17

2. ҮЙ-ЖАЙҒА ТІНТУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Үй-жайға тінту жүргізудің дайындық
сатысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .22

2.2 Үй-жайға тінту жүргізудің психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 26
2.3 Үй-жайға тінту жүргізудің тактикалық
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...30
2.4 Тактикалық тәсілдер бағытталған объектілер және оны қолданудың
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 9

КІРІСПЕ

Тақырыптағы өзекті мәселесі қылмыстылықпен табысты күрес жүргізумен
байланысты бағыттардың бірі- арасында тиімдісі болып жекелеген тергеу
әрекеттерінің сапасын арттыру болып табылады. Қылмыстарды тергеу мен ашу
тарапынан қараған кезде, олардың бірі- тінту. Оны жүргізу барысында
Қазақстан Республикасының Конституциясымен қамтамасыз етілетін азаматтардың
жеке өміріне, тұрғын үйі мен меншігіне қол сұғылмауына, өзінің және
отбасының құпиясы болуына, өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының,
жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф
арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына
құқығы қозғалады. Айғақтардың алудың тиімді әдістері бола отырып, тінту
тікелей азаматтардың жеке мүдделеріне кірісумен байланысты, сондықтан,
заңмен бекітілген ережелер тергеу органдарынан аталған тергеу әрекетін
жүргізген және белгілеген кезде аса абай болуды талап етеді. Осы талаптарды
орындау заңдылықтың сақталуының маңызды шарты болып табылады [1].
Тақырыпты зерттеудегі мақсаты әдетте, қылмыскерлер жасаған әрекеттерін,
қылмыстық жолмен қолға түсірген қылмыс құралдарын, заттарын мұқият
жасырады. Аталғандарды дер кезінде және толық анықтау мен алу, кінәлілерді
табу мен қылмыстық істер жөнінде объективті шындықты қалпына келтіруде
үлкен маңызға ие. Заңға сәйкес, белгілі бір үй- жайда немесе нақты адамдға
тінту жүргізу үшін жеткілікті деректер талап етіледі (ҚР ҚІЖК 230 бабы).
Бірақ, аталған нұсқаманы заң шығарушы тергеуші шешуіне берілген белгілі бір
субъективті нәрсе ретінде қарастырмау керек. Заңмен белгіленген тәртіппен
жинақталған қандай да бір деректердің жиынтығы қажет. Солай бола тұра, олар
ішкі істер органдарының жедел іздестіру әрекеті нәтижесінде алынған болуы
керек. Сондықтан, тінту жүргізу туралы шешім тергеушімен оны жүргізуді
кенеттен және нәтижесінің тиімділігін ескере отыра қабылдану керек.
Тақырыпты зерттеудегі міндеті жоғарыда аталғандармен байланысты, біз
тінтудің процессуалдық және криминалистикалық ерекшеліктеріне арналған
жұмысымызда заңдық, арнайы криминалды әдебиеттерді комплексті зерттеу
нәтижесінде біздің ойымызша маңызды болып табылатын тінтудің түсінігі және
оны жүргізудің іс жүргізу мәселесі, міндеттері, дайындау және жоспарлау,
тінтудің психологиялық негіздері мен жүргізудің тактикалық әдістері сияқты
мәселелерді қарастырамыз. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстарды тергеген кезде
тінту жүргізудің маңыздылығы мен аталған тергеу әрекетін жүргізу барысында
анықталатын фактілік мәліметтер шеңберін анықтаудың маңыздылығын көрсетуді
мақсат етіп қойдық [2].
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Кіріспе - жұмыстың кіріспесі болып табылады да зерттеудің
мақсатын, қажеттілігін, көтеріліп отырған тақырыптың қажеттілігі мен
тәжірибелік мәнін көрсетеді. Негізгі бөлім зерттеудің нәтижесін береді де,
екі тараудан тұрады. Қорытындыда жұмыстың негізгі нәтижелері жинақталған.
Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі берілген.

1. ТІНТУДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. ТІНТУДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қылмыскерлер жасаған қылмыстарының іздерін жасыруға әртүрлі әрекеттер
жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып қоюға тырысады. Құқық
қорғау қызметкерлерінің, оның ішінде тергеушілердің басты міндетіне осы
қылмысты ашуға қажетті дәлелдемелерді, айғақ заттарды тез арада ізін
суытпай тауып алу жатады. Жоғарыда келтірілген заттық дәлелдемелерді тез
арада тауып алу және осының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмек
көрсететін тергеулік әрекеттердің біріне тінту жатады. Тінтуді сипаттау
және оның мазмұны, шектері және мүмкіндіктерін көрсету үшін, сондай ақ оның
тергеу әрекеттері жүйесінде орнын анықтау үшін тінту түсінігіне тоқталу
қажет. Алғашқы кеңестік криминалистика оқулықтарында тінту түсінігі
берілмеген, ол тінтуді басқа тергеу әрекеттерінен, әсіресе, тергеулік
қараудан айыруды қиынға түсіреді. Оқулықтардың тарауы былай басталған
болатын-тергеушіде қандай да бір адамда немесе қандай да бір мекемеде
тергеліп жатқан іске қатысты маңыздылығы бар екендігі жөнінде жеткілікті
деректер бар болған жағдайда немесе іс бойынша тергеуден, соттан немесе
үкімді орындаудан жасырынған тұлғалар табылғанда тінтуге рұқсат етіледі.
Тура осыған ұқсас санкциямен 1938 жылғы оқулық шектелген болатын: ...
қандай да бір үй-жайда немесе қандай да бір тұлғада іс үшін маңызы болуы
мүмкін заттар бар екендігі жөнінде жеткілікті негіздер бар болған жағдайда
ғана тінту жүргізіледі [3].
Кейініректе кейбір авторлар тінтуді жедел- тергеу немесе тергеу-
жедел іс-шарасы деп атаған. Солай бола тұра, заңдық табиғаты мен
міндеттері, әдістері мен жүргізілу формалары бойынша әртүрлі процессуалдық
әрекеттер мен жедел іс-шараларының қосылуын көздемеген.
Тергеу іс жүргізу нормаларымен бекітілген формалары, тәртіптер мен
жағдайларда қылмыстық іс бойынша сот деректерін алу мақсатында тергеу
органдары жүзеге асыратын тергеу әрекеті болып табылады. Осымен бірге
жүргізілетін жедел-іздестіру шаралары іс жүргізу маңыздылығына ие емес,
олар тінту мазмұнына кірмей, тек көмекші роль атқарады. 1950 жылғы
криминалистика оқулығы тінтуді былай анықтаған: тінту дегеніміз- кінәліні
әшкерелеу мен қылмысты ашу үшін маңызды болып табылатын объектілерді қандай
да бір тұлғадан немесе қандай да бір үй-жайдан алуды мақсат тұтатын жедел-
тергеу әрекеті. Бұл анықтамада жедел-тергеу әрекеті деген түсінік қате
қолданған (әрекет не тергеу, не жедел немесе жедел-іздестіру, бірақ жедел-
тергеу емес бола алады), бұнда тінтуді басқа тергеу әрекеттерінен айыратын
негізгі белгі көрсетілмеген.
Тінту- тергеудің тактикалық әдісі болып табылады деген оймен де
келісуге болмайды. Тактикалық әдіс- ол қандай да бір тергеу әрекетін
өткізудің неғұрлым рационалды тәртібі, мақсатты әдісі болып табылады.
Мысалы, тінтіліп жатқан тұлғаға бақылау жүргізу- тінтудің тактикалық
әдістерінің бірі болып табылады. Ал тінтудің өзі- жасалу кезінде көптеген
тактикалық әдістер қолданылатын тергеу әрекеті болып табылады. Осылайша,
көптеген авторлар әртүрлі формулировкада тінтуді іс үшін маңыздылығы бар
заттарды анықтау мен алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті ретінде
анықтайды. Осы тектес анықтамалардың толық еместігі- олардың тінту
мақсаттарын анықтап, ерекшелейтін белгілерді түйіндірмейтіндігінде. Ал
мақсаттарды атап өту тергеу әрекетін сипаттау үшін жеткіліксіз болып
табылады.
Анықтамада тергеу әрекетінің мазмұны көрсетілуі керек. Оның мазмұны
мынада- тексеріс, үй-жайлар мен ғимараттарды, аймақтар учаскелерін,
жекелеген азаматтарды тексеріп қарау. Тінту - ол ең алдымен құзыретті
тұлғалармен жүзеге асырылатын іздеу процесі болып табылады.
Бірақ, аталған белгі толық көлемде тінтуді сипаттамайды, себебі қажетті
заттар немесе тұлғаларды табу, қарау мен іздестіру шаралары кезінде де
жүргізіле алады, мысалы, іс бойынша іздеу. Тінтудің ерекшелігі сол, ол
азаматтардың жеке мүддесі аумағына кірісуімен байланысты, олардың тұрғын
үйге қол сұғылмаушылық құқықтарын шектейді және мәжбүрлеу сипатында
болады. Сол себептен де тінтуге негіздер де (фактілік және құқықтық), оны
жүргізудің іс жүргізу процесі де қосымша кепілді құқықтары мен тұлғаның
заңды мүдделерімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тінтудің мақсаты
жасырынған заттар мен жасырылып жатқан тұлғаларды анықтау деп есептеу дұрыс
емес болып табылады. Тінту әр кезде анықтауға бағытталмайды, оның мақсаты
тінту жүргізіліп жатқан орында ашылған сақталып жатқанды табу және алу
болуы мүмкін. ҚР ҚЖІК 230 бабы көрсеткендей, тінту іс үшін маңызы бар
заттарды немесе құжаттарды табу және алу, сонымен қатар, іздестіріліп
жатқан адамдарды немесе мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін.
Жоғарыда аталған түсініктер мен анықтамаларды қоса отырып 1961 жылы
А.Р.Ратинов тінтуге мынандай анықтама берген: Тінту- бұл тергеу әрекеті,
оның мазмұны үй-жайлар мен ғимараттарды, аумақ учаскелерін, жекелеген
азаматтарды мәжбүрлі түрде іс үшін маңызы бар заттарды табу және алу
мақсатында, сонымен қатар іздестіріліп жатқан адамдарды табу мақсатында
жүргізілетін тексеріп қарау [4].
Осылайша, тінту ҚР ҚІЖК 230 бабымен көзделетін тергеу әрекеті болып
табылады, оның негізгі мазмұны ғимараттарды немесе өзге де орынды, тұлғаны,
іс үшін маңызы бар, қылмыстық жолмен алынған қылмыстық құралдарды, заттар
мен құндылықтарды, сонымен қатар өзге де заттар мен құжаттарды алу
мақсатында мәжбүрлі түрде жүргізілетін тексеріп қарау. Көп ретте
іздестіріліп жатқан адамды, жануарларды немесе мәйіттерді табу үшін
Сонымен қатар Н.Г.Шуруханов тінтуге келесідей анықтама береді. Тінту -
ұйымдастырушылық-тактикалық мағынада комплексті әрекет, ол жоспарлы
шараларды жүргізу мен одан кейінгі қылмысты ашу үшін маңызды заттарды
(құжаттарды) алумен байланысты. Сонымен қатар тінту мүлікті немесе
құндылықты азаматтық іс үшін немесе мүлікті мүмкін болатын конфискация үшін
табу немесе алу қажет болған кезде жүргізіледі. Тінтуге өте ұқсас тергеу
әрекеті болып алу табылады. Бірақ, олардың арасында кейбір айырмашылықтар
бар, біріншіден, алу тек нақты анықталан заттарға байланысты жүргізіледі,
ал тінту кезінде алуға жататын заттар тек болжамды түрде белгілі болуы
мүмкін, ал кейбір кезде мүлде белгісіз болуы мүмкін. Екіншіден, алу кезінде
оларды тауып алу керек (ҚР ҚІЖК 230, 231 баптары). Егер нені алу керек
екені немесе қажетті зат қайда екені белгісіз болса, онда алу емес тенту
жүргізіледі. Тінту мен алудың ара қатынасын алып қарағанда, тінту
жүргізудің заңмен бекітілген ереже бойынша, ізделіп жатқан заттарды беру
туралы алдын-ала талабы мен өз бетімен берілгендігі алу керек екенін атап
өту керек. Бірақ, алу осымен бітеді, ал тінту осыдан тек басталады. Егер
тергеу жүргізуші тінту кезінде талап етілетіннің барлығы толығымен берілген
және оған басқа заттар қажет болмаса, тінту кезінде заттарды бергенде
іздестіру жүргізілмейді. Бұл жағдайда тінту берілген заттарды алумен
аяқталады да, тінту хаттамасында бұл туралы белгі жасалады (ҚР ҚІЖК 234
бап).
Бірақ, көп уақытта жекелеген ізделіп жатқан заттарды беру одан кейінгі
талап етілетін іздестіруді жоққа шығармайды. Тінту жүргізушіге алдын ала
белгілі заттармен қатар, іздестіруге тек болжамды түрде белгілі немесе
мүлде белгісіз заттар жаттады, ал оларды тауып, орнында зерттегенде ғана
іске қатысты бар екені танылуы мүмкін. Тінтудің оқиға болған жерді қараумен
де кейбір ұқсастықтар бар екені аталған болатын: қараудың міндеттерінің
бірі, тінту кезінде сияқты, іздер мен заттық деректерді табу және алу
болып табылады. Екі кезде де іздестіруге бірдей заттар жатуы мүмкін. Көп
реттерде қаралатынжәне тінтілетін заттар біркелкі блуы мүмкін. Осыдан тінту
мен оқиға болған жерді қарау кезінде бірдей құралдар мен әдістерді қолдану
шығады. Мысалы, тінту кезінде де, оқиға болған жерді қараған кезде де
бірдей дәрежеде еден ашылуы мүмкін, жиhаздан оның сырты алынуы мүмін, щуп
немесе минаіздегіш қолданылуы мүмкін. Екі жағдайда да іздестірудің
мұқияттылығы әрине әртүрлі бола алмайды [5].
Тінту мен оқиға болған жерді қараудың айырмашылығы, ең алдымен, тергеу
әрекеттерінің мақсаттарында. Тінтудің мақсаттары үшін маңызды заттарды
табумен шектеледі. Оқиға болған жерді қараудың мақсаттары әлдеқайда кең.
Материалдық іздер мен заттық дәлелдерді табудан басқа (бұл оны тінтудің
кейбір түрлерімен жақындастырады), қарау ең алдымен жалпы міндетке де ие-
оқиға болған жердің жағдайын қарау мен зерттеу (бұл жағдай тінтуге тән
емес). Тінту хаттамасында қандай объектілер тінтілгені, қайда және не
табылғандығы жазылу керек, бірақ осымен тінтілетін объектілердің
сипаттамасы аяқталады. Жағдайды, аумақ учаскілерінің орналасуын, ғимараттар
мен заттарды зерттеу мен сипаттау қарауға тән болады. Егер осы
мәлеметтердің дәлелдемеллік маңызы болса, егер бұндай зерттеуде қажеттілік
болса, онда тінту емес, қарау жүргізілуі керек. Басқа сөзбен айтқанда,
қарауға оқиға болған жер деген түсінікке сиятын объект жатады, ал тінтуге-
негізделген болжамдарға сай, іс үшін маңызы бар орын жатады. Солай бола
тұра тінтуге тек анықталған тұлғалардың қарауындағы, оларға тиесілі болады
немесе олармен қандай да бір қатынаста болатын объектілер жатады: үй және
аула құрылыстары, бау-бақша учаскесі, қызмет немесе өндіріс орнындағы жұмыс
орны.
Сонымен қатар, кейбір жағдайларда тұлғалардың мүлкі қамауға алынады.
Бұл әрекет азаматтық талап арызды қамтамасыз ету үшін және мүлікті мүмкін
болатын конфискация үшін қажет, аталған заттарға билік ету, пайдалану және
сақтау сот шешімінсіз болмайды. Мүлікті жазып алу тінтуден тыс жүргізілуі
мүмкін. Осы жағдайда аса құнды заттар, бағалы қағаздар, сақтау кітапшалары
мен акта сомалары алуға жатады да қалған жазып алынған мүліктің бәрі мүлік
иесінің жанұя мүшелеріне немесе өзге де өкілетті тұлғаларға сақтауға
беріледі. Тінту жасау алдында тергеуші алдымен оны жүргізу туралы қаулы
шығаруы керек (ҚР ҚІЖК 232 бап). Қаулының кіріспе бөлімінде оның шығарылған
күні, тергеушының жұмыс орны, тегі, инициалдары, сыныптық шені немесе атағы
тінту қай қылмыстық іс бойынша жасалатыны көрсетілуі керек. Сипаттау
бөлімінде тергеуші іс үшін маңызды болып табылатын заттар мен құжаттар
анықталған тұлғада бар екені туралы болжам жасауға мүмкіндік беретін
негіздерді және оларды алу жолымен қолға түсіру мүмкін еместігі, сондықтан
тінту жүргізу керектігін жазады. Егер тінтуге негіз болған ақпарат көзін
келтіру істі ашу мен тергеуге маңыздылығы болмаса оларды жазбайда, бірақ әр
уақытта тінтудің себебі мен мақсаттары жазылады. Кей кезде болатын оларды
жасыру әрекеттері, біріншіден жазбаша болып табылады, себебі бұл кезде
тінтілетін тұлға негізделмеген тінтуге шағымдана алмайды; екіншіден, әдетте
тінтілетін тінту не мақсатпен жүргізілетінін біледі, сондықтан бұны одан
жасыру мақсатсыз болып табылады. Қаулының резолютивті бөлімінде тінту қай
ғимаратта (немесе басқа да орында) жүргізілетіні және онда кім орын алатыны
жазылады. Егер үйде, пәтерде, бөлмеде бірнеше тұлғалар тұрса онда осы
орынды жалдайтын басты адамның немесе егер ол жеке меншік болса оның
иесінің тегі, аты, әкесінің аты жазылады. Қызмет орнында тінту жүргізу
қажет болса, онда кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның атауы, сонымен
қатар тінту жүргізу керек нақты орынды атап көрсету керек [6].
Егер тінтуді тергеушінің өзі жүргізбейтін болса, онда бұл тергеу
әрекеті кімге тапсырылатыны қаулыда көрсетілуі керек. Қаулының соңында
тінтілуші қаулы оған хабарланған екенін куәләндіру үшін орын қалдырылады.
Тінту жүргізуші тергеуші қаулысымен бірге тінтудің қажеттілігін дәлелдейтін
қылмыстық істің барлық материалдары берілген прокурордың немесе оның
орынбасарының санкциясымен өткізілуі тиіс. Санкция тергеушінің тінту
жүргізу туралы қаулысына сәйкес резолюция ретінде беріледі және прокурордың
қолымен және прокуратура мөрімен куәләндіріледі. Ерекше жағдайларда егер
іздестірілетін және алуға жататын объект оны анықтауда ақырындау салдарынан
бүлінген немесе қылмыстық мақсатта қолданылуы мүмкін деген нақты күмән
болса, тінту прокурор санкциясынсыз да жасала алады, бірақ одан кейін 24
саған кешіктірмей, міндетті түрде тінту жасалғандығы туралы жолдама беру
қажет. Аталған хабарламаны алғаннан кейін прокурор жасалған тінтудің
заңдылығын қарайды да ол туралы қаулы шығарады. Егер , жасалған тінту
заңсыз деп табылса, онда ол іс бойынша дәлел ретінде келтріле алмайды (ҚР
ҚІЖК 232 бап).
Қалыптасқан тергеу тәжірибесіне анализ жасай отыра, күттірмейтін
жағдайлардың үлгілі тізімін келтіруге болады:
1. Қылмысты жасаған немесе жаңа ғана жасаған тұлға қылмыс орнында
ұсталып қалды, тінту жасауға асықпаса, онда онымен бірге қылмысқа
қатысқандармен немесе өзге тұлғалармен заттық дәлелдемелер немесе
өзге де дәлелдеуші заттар мен құжаттар жойылуы мүмкін.
2. Тінту жүргізудің қажеттілігі оқиға болған жерді немесе өзге де
тергеу шарасы болған жерді тексеру кезінде анықталады. Бұл кезде
тергеуші
3. тергеу әрекетін тоқтатпай-ақ полиция қызметкерлеріне немесе өзге
тергеушіге тінтуді жүзеге асыруды тапсыра алады.
4. Тінтуді жүзеге асыру жеке тұлғалармен қолданатын тұрғын- үй немесе
құрылыстарда мүмкін бюолатын қылдмыскерлерді табу және ұстау үшін
қажетті тінтудің уақытында жүргізілмеуі көзделіп жүрген адамның
жасырынуына әкелуі мүмкін.
5. Өткізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде кез- келген
уақытта жасырынуы, сатылуы немесе басқа тұлғалараға барілуі мүмкін
іс үшін маңызды заттардың немесе құжаттардың белгілі бір жерде
немесе белгілі бір тұлғада бар екенін жорамалдауға негіз береді, бұл
келешекте қылмысты ашуда ққиындық туғызады.
6. Жедел тінту әрекетін жүргізудің қажеттілігі тергеушінің мекен-
жайынан елеулі қашықтықта прокуратура орналасқан жерде өтуі және
санкцияның алуына көп уақыт кетуіне байланысты пайда болады.
Санкциясыз тінту жүргізілгені туралы прокурорға хабарланған уақытта
оның жүргізілуіне себеп болған барлық материалдар ұсынылады. Жалпы ереже
бойынша тінтуді тінту өндірісі жөнінде қаулы шығарған тергеуші (немесе
анықтауды жүргізетін тұлға) жүргізге тиіс. Алайда, ҚР ҚІЖК 199 бабына
сәйкес тергеуші тінту өндірісі жөнінде қаулы шығаруға және оны жүзеге
асыруға тергеу органдарына тапсыруға құқылы. Іс тергеушілер тобымен
қаралатын жағдайларда ереже бойынша тінту өндірісі жөнінде қаулыны
тергеушілер тобының жетекшісі қабылдайды, ол тінту топ құрамына кіретін
тергеушілердің біріне тапсырылуы мүмкін. Тінту өндірісі жөніндегі қаулыда,
егер тінту қаулыны шығарған тұлғадан өзге тұлғаға жүзеге асырса міндетті
түрде тінту жүргізетін тұлға көрсетілуі тиіс. Егер топқа кіретін
тергеушінің біреуі топ жетекшісінен территориалдық алыстатылған аймақта
болса және тінту жүргізудің жеделділігі туса, тиісті қаулы таргаушімен
қабылданылуы мүмкін. Тінту өндірісі жөнінде қаулы қабылдаған тергеу
органының тергеушісі немесе қызметкері оның дұрыстығына жауапты болады. Ал
тінтуді жүзеге асырудың заңдылығы және оның нәтижесінің заңдылығы үшін оны
жүргізетін тұлға жауапты болады [7].
Тінтілетін тұлғаға тінту өндірісі жөніндегі қаулы көрсетілгеннен кейін
және тергеушінің қаулысын бұл фактінің оның қолымен куәләндырғаннан кейін,
оған өз еркімен қылмыс құралдарын, қылмыстық жолмен табылған заттар мен
құжаттарды және өзге де іс үшін маңызды заттарды беруін ұсынады. Егер де
олар өз еркімен берелген болса және алынуға тиіс заттар мен құжаттардың
жоқтығы жөнінде күмән жойылған уақытта тергеуші тінту жүргізбеуге құқылы.
Иесі бас тартатын болса, тергеуші сақтау орындарынан өзге орындар ашуға
құқылы. Алайда қандай да бір артық зақым келтірмеуге тиіс. Иесіне дұрыс
емес жерлерін көрсетіп және ҚР ҚІЖК- ның 232 бабының мазмұнын түсіндіргені
дұрыс болады. Тінту барысында жүргізілетін жеке тексеріс кезінде
тергеушінің тінтуге қатысып тұрған тұлғалардың қылмыс құралдарын, қылмыстық
жолмен табылған заттар мен құжаттарды және өзге іс үшін маңызды заттарды
жасыратынын білсе, тергеуші өз еркімен беруін ұсынады, егер бұл тұлға
тергеушінің ұсынысынан бас тартса тергеуші бұл тұлғаны хаттама шығармай-ақ
және прокурордың санкциясынсыз жеке тексерісті жүргізуге құқылы. Бұндай
тінту тінтілетін тұлға мен бірдей жынысты тұлғамен куәгерелдің қатысуымен
жүргізіледі. Жеке тексерістің нәтижелелері тіну хатаммасында көрсетіледі.
Тінту барысында тергеуші іске қатысты заттар мен құжаттарды алумен
шектелуге тиіс. Айналымнан тыс құжаттар мен заттар олардың іске қатысы
болмаса да, алынуға жатады (ҚР ҚІЖК-ның 232 бап). Тергеушінің ұсынысы
бойынша заттық дәлелдемелер ретінде тек құжаттар мен заттар ғана емес,
сонымен бірге тінту барысында азаматтық талапты қанағаттандыру және мүмкін
болатын мүлікті тәркілеу мақсатында арест салынған материалдық құндылықтар
да алынады (ҚР ҚІЖК-нің 161 бабы). Іске қатысты жоқ және айналымнан алынған
заттар қайтарылуға тиіс. Алынуға жататын заттар табылған уақытта тергеуші
бірден олардың қай жерде жатқанын куәгерлерге тапсырып көрсетуі керек. Егер
тексеріс арнайы сақтау орнында жүргізілсе, бұған куәгерлердің назары
аударылуы керек [8].
Сонымен қатар, алынатын заттар мен құжаттар тінтілетін тұлғаға немесе
егер тінту қызметтік бөлмеде жүргізілмесе әкімшіктің басшысына көрсетілуі
тиіс. Барлық алынатын заттар толықтай хаттамада немесе оның қосымшасында
көрсетіледі, ал қажет жағдайда буып-түйіледі және тергеушімен тінту орнында
қамтамасыз етіледі. Қамауға алынған мүлік немесе тәркіленген мүлік жөнінде
хаттама және оның қосымшасы тінтілетін тұлғаға немесе оның кәмелетке толған
отбасы мүшесіне қолхат негізінде беріледі, ал олар болмаған уақытта тұрғын-
үйді пайдалану ұйымның немесе жергілікті атқару органының өкіліне беріледі.
Егер тінту мекеменің, кәсіпорынның немесе ұйымның қабырғаларында
жүргізілсе, құжаттар көшірмесі тінтуге қатысқан қызметкер тұлғасына
беріледі. Тінту хаттамасында бар құжаттар көшірмелері кімге ұсынылғаны
көрсетіледі және бұл деректі алған тұлғаның қолымен тінту хаттамасының
бірінші данасында куәландырылады.
Тергеуші және тінтуге қатысқан өзге де тұлғалар тінтілетін тұлғаның
өмірінің сырлас (құпия) жақтарын біліп қалуы мүмкін. Осыған байланысты
бұл туралы құпиялардың таралуы жөнінде тергуші шаралар қолдануға міндетті.
Бұл үшін тергеуші ҚР ҚІЖК-нің 205 бабын негізге ала отырып, тінтуге
қатысқан барлық тұлғаларға олардың білген құпиясын таратпауы жөнінде
ескертеді; тергеуші бұл тұлғалардың тергеудің нәтижесін жарияламайтыны
жөнінде қолхат алуы қажет және бұл қолхатты бұхбағаны және алдын ала тергеу
мәліметтерін жариялағаны үшін ҚР ҚК-нің 355 бабы бойынша қылмыстық
жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Тінту өндірісінің кейбір жағдайда тінту
жүргізілетін тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде қателіктерге
жол беріледі, ол ізсестірілетін объектілерді тауып алуда қиындық туғызады,
ал кейбір жағдайда жағымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар тінту
хаттамасында алынған объектінің ерекшеліктері толық бейнеленбейді. Осы
кемшіліктерді жою біздің ойымызша әр түрлі категориядағы қылмыстарды
ашудағы осы тергеу әрекетінің тиімділігін жоғарылатуына жағдай туғызады.
Сонымен осы бөлімді қорытындылай келгенде тінту дегеніміз іске маңызы
бар заттарды тауып алу мақсатында үй жайды, қора-ауланы, көлік құралдарын
және бөлек тұлғаларды еріксіз түрде қарауға сондай ақ тергеуден бой тасалап
жүргендер мен мәйіттерді табуға бағытталған тергеу әрекеті.

2. ТІНТУДІҢ МІНДЕТТЕРІ

Жалпы тінту жүргізу нұсқауының мақсаты (іске қажет заттар тауып алып
қою) нақты міндеттерді анықтауды тергеу әрекеттерәмен алып тастау. Бірінші
орында бұл міндеттердің шарты тінту жүргізу басқа тергеу әрекеттері сияқты
барлық тергеу затына қатысты сұрақтарға жауап беруге қылмыстық істі
дәлелдеуге жэататын қызметтерді атқарады. (ҚР ҚІЖК-нің 117 бабы). Тінту
міндеттеріне мыналар жатады:
1. жаңа дәлелдемелер алу;
2. бар дәлелдемелерді тексеру;
3. іздестурі болжамдарын тексеру;
4. жағдай орнату: қылмыс жасауға профилактикалық мәні бар шаралар
қолдану.
Бірақ осымен тергеу міндеті аяқталмайды. әдетте тергеу органдары
қылмыскерді тұтқындауға міндетті болып табылады. Соттан жалтармауға шаралар
қолдану, келтірген зиянның орнын толтыру және мүлікті тәркілеу, сонымен
қатар жасаған қылмысты жеңілдететін шарттарды алып тастау. Тінту жүргізу
осының барлығына жетуге көмектеседі, бірақ та тергеу жалпы міндеттерді шеше
алмайды. Жеке тергеу әрекетінің өзіне тән тығыз міндеттері болуы керек.
Тінту жүргізу барысында келесі мәселелер шешіледі: а) заттық және жазбаша
дәлелдемелерді тауып алып қою; б) кінәлі адамды тауып және оны іздеуді
жеңілдететін материалдарды табу; в) орнын толтыруды және мүлікті тәркілеуді
қамтамасыз ететін мүлікті табу сонымен қатар жеке меншіктен алып қойған
заттарды тартып алуы. Тінту алдында жоғарыдағы міндеттердің барлығы бірге
немесе кейбіреулері тұруы мүмкін [9].
Тергеу әрекеті ретінде тінту жүргізу дәлелдемелерді табу құралы болып
табылады. Нақты тергеу әрекеті мен орнатылған мәліметтер дәлелдемелер болып
табылады. Осыған сәйкес хаттамалар оның қайнар көзі болып табылады. Сонымен
бірге дәлелдемелердің қайнар көзі болып заттар мен құжаттарды алып қою
табылады (заттық және жазбаша дәлелдемелер). Тінту жүргізу кезінде табуға
және алып қоюға жататын заттық дәлелдемелер:а) қылмыс қарауы және қылмыс
жасау құралы; б) қылмыстық әрекеттің объектісі; в) қылмыс салдарынан
қылмыстық жолмен алынған ақша және өзге де қымбат заттар; г) қылмысты және
қылмыскерді жасыруға қолданылған құралдар; д) іс бойынша айғаққа жетуге
көмектесетін өзге де құралдар; (ҚР ҚІЖК 121 бап). Заттық дәлелдемелердің
бірінші тобына жататын құралдар (қылмыс құралы және қылмыс жасау жолдары),
қылмыстық әрекет жасауға арналған құралдар (мысалы, ұрлауға арналған құрал
саймандар, әр түрлі қару жарақ түрлері, жасанды мөрлер және т.б) немесе
жалпы қолданыстағы қылмыс жасау мақсатына қолданылған құралдар (балта, кір,
асапшы құрал-жабдықтар және т.с.с).
Қылмыстық әрекеттің орналастырылған объектілері болып озбырлыққа
бағытталған құралдар: ұрланған мүлік, шикізат және дайын өнімдер, ақша және
қымбат заттар жатады. Аса құнды құралдар тобы болып, өзінде қылмыстың ізі
бар құралдар жатады. Тінту жүргізу кезінде алып қоюға жататын өзіне
қылмыстың ізін қалдырған құралдар болып табылады. Ол заттар тінту
жүргізілген адаммен оқиға болған жердің қатынасын көрсететін заттар,
қылмысқа қатыстылығын куәләндыратын киім және өзге де өзіне тән түзетілген
және зақымданған құралдар. Мысалы, қағаздың қалдығы, банктік бандорельдері,
соларға буып түйілген ақша және ұрланған тауарлардың фабрикалардың
жарлықтары. Қылмысқа дайындық және оны жасауға қатысты құралдардан басқа да
қылмысты жасыруға қолданылған тәсіл заттық дәлелдеме бола алады. Оған
сахыналау жасауға бағытталған оқиға болған жерден табылған құралдар
(мысалы, арқанның қалдығы, соның көмегімен асылып өле сахынасы), мәйітті
жасыру және мүлікті ұрлау немесе қылмыстың ізін өшіруге қолданылғанқұрал
жабдықтар мен арандар жатады. Осыған іздеудегі заттар жасырылған құралдар
(мысалы: қалың аяқтары бар орындық, асты үсті бар чемодан) әрбір заттық
дәлелдемелердің барысын көрсететін, сонымен қатар қылмыскердің қылмысты
жасыруға және бас тартуға арналған құралдары (мысалы, құпия баспана,
жасанды жеке куәлік). Заттық дәлелдемелердің соңғы бір тобын өзге құралдар
құрайды, ол құралдар өзінің сапасы және қасиетіне белгілі бір қылмыспен
байланыстылығына жауап бере алатын қандай да бір тергелетін жай. Мұндей
роль ойнайтын, мысалы, қылмыстың болған жерін, қылмыстың ниетін қылмысқа
астас адамдардың қатынасын анықтайтын корреспонденция, қағаздар, фото-сурет
және жазбалар болуы мүмкін. Екі тұлғаның бір-бірімен ара қатынасын олардан
табылған бір асам кесінді мата құрауы мүмкін; жалған мөр дайындау туралы,
сезіктіден табылған граверлық жұмыстар т.б. бұл тінту барысында алып қоюға
жататын құралдардың тобына салыстырмалы тергеу барысын сараптама немесе
басқа құралдармен тергеушінің салыстыруы. Нұсқау ретінде қолжазба, машинка
және типографиялық мәтіндер, мөрлер және штамп таңбалары және т.б. жатады.
Сонымен, заттық дәлелдемелер ретіндегі алып қоюға жататын құжаттарды
көрсете кеткен жөн. Жалпы маңызды жағдайларды орнатуға қажетті шеңбері
шексіз, олар: бухгалтерлік құжаттама, жедел және есептік іс жүргізу,
қызметтік қайта жазбалар, анықтама, кәсіпорын және ұйымдардың хабарлары,
ревизия және тексеріс материалдары, бұйрық, нұсқаулықтар, нормативтік
актілер және әр-түолі ресми басылымдар. Дәлелдемелер жинау құралы ретінде
тінту кезінде ең алдымен тергеу жүргізу барысында табылған құжаттар және
құралдар маңызды роль атқарады. Бірақта солардың көмегімен жанама
дәлелдемерер маңызды айғақ арқылы іс бойынша объективтік шыңдықты орнату
болып табылады. Осы уақытта заттық және жазбаша дәлелдемелер қылмысты
бекерге шығару, айып тағу, ақтап шығару және жауапкершілікті жеңілдетуі
мүмкін [10].
Адамды табу үшін тінту жүргізу мүмкін егерде оны белгілі бостандығынан
айыру мысалы, ұрлап кету және мүмкіндігінше конфискациялау және заладың
орнын толтыруға қамтамасыз ету үшін табу және мүлікті алып қою болса.
Мүмкіндігінше конфискациялау және залалдың орнын толтыруды қамтамасыз ету
үшін, мүлікті табу үшін тінту қажет болады. Сондықтан мемлекеттік және
қоғам мүлкін ұрлау туралы ісі бойынша тергеу әрекетінің орны зор.
Мемлекеттік және жеке меншікті күзету, тек қана ескерту мен ұрлаушының
жауапкершілігінен ғана тұрмайды, онымен қоса залалдың орнын толтырады.
Заладың орнын толтыру мен конфискацияланған мүліктермен қамтамасыз етуі
тергеу және сот органдарының міндеті болып келеді. Осы талаптарды орындау
үшін, тінту кезінде табылуы керек:
а) конфискация және залалдың орнын толтыру бағалы мәліметтер;
б) мүлікті ұрлаған кісіні көрсететін, тұтқынға алуға және оның тығылған
жерін көрсететін мәліметтер;
в) ашық жерлерде сақталған, ізделіп отырған мүліктің бар болуы туралы
мәліметтер;
г) тінтілген адамда осындай мүліктердің болуын көрсететін мәліметтер.
Тінту кез келген мүлікті табуға бағытталады. Ол мүліктер қылмыскерлік
жолмен немесе қылмыскерлікпен байланыссыз жолмен жинақталған мүліктер болуы
мүмкін. Қылмыскерлер тінту болатынын алдын ала біліп, көбінесе өздерінің
туыстарына сақтауға беріп қоятыны белгілі. Мұндай әрекет айыпталушының
табылған қағаздарымен танысу кезінде байқалады. Осыған байланысты
практикадан нақты келтіріп кетейік:
23.03.2009 жылы сағ. 08-ден 09 сағат аралығында белгісіз тұлғалар
сыртқы есікті бұзу жолымен Қарағанды қаласы, Лободы көшесі, 401 үй, №25
пәтерде орналасқан Син И.Х. пәтеріне кіріп, жалпы сомасы 56200 болатын
теңгені құрайтын мүлікті ұрлайды. Тергеу барысында оқиға болған жерде
табылып және алынған қол іздері бойынша сезікті ретінде Маратов Е.А.
анықталды. Тергеу жүргізу барысында сезікті жасалған қылмысқа қатыстылығын
жоққа шығарып, көрсету беруден бас тартты. Жоғарыда көрсетілгеннің
негізінде, Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық Ішкі Істер Басқармасының
тергеушісі, полиция аға лейтенанты Естаев А.А. ҚР ҚІЖК-нің 231, 323
баптарын басшылыққа ала отыра, куәгерлер ретінде шақырылған тұлғалардың
қатысуымен:
1. Мейрамова Майра Қапанқызы, мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Новая
көшесі, 14-ші үй, №27 пәтер;
2. Сәкенова Әлия Еңбекқызы, мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Абай көшесі,
10-шы үй, №25 пәтер,
криминалист-эксперт Қапалов Б.Б. және пәтердің иесі Маратова Б.А.
қатысуымен Қарағанды қаласы, Новая кошесі, 12-ші үй, №1 пәтер мекен жайы
бойынша және осы пәтерге қатысты құрылыстар мен қосалқы үй жайларында тінту
жүргізді. Жоғарыда көрсетілгентұлғаларға тергеушінің барлық әрекеттеріне
қатысу және оның әрекеттеріне өтініш жасау құқығы туралы айтылды. Сонымен
қатар, ҚР ҚІЖК-нің 86 бабына сәйкес куәгерлерге олардың құқықтары
түсіндірілді: тергеу әрекетін жүргізуге қатысу; хаттамаға енгізілетін
тергеу әрекетіне қатысты өтініштер мен ескертулер жасау; олар қатысқан
тергеу әрекетінің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының
әрекеттеріне шағымдану; қылмыстық іс өндірісі барысында оларда пайда болған
шығымдардың орнын толтыруды сұрай құқығы. Сонымен қатар олардың міндеттері
түсіндірілді: қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; тергеулік
әрекет өндірісіне қатысу; сәйкес тергеулік әрекет хаттамасында бұл
әрекеттің жүргізілу фактісін, оның жүргізілу процессін және нәтижелерін өз
қолын өоюы арқылы куәләндыру; алдын ала тергеу материалдарын тергеушінің,
прокурордың немесе анықтаушының рұқсатынысыз жария етпеу; тергеу
әрекеттерін жүргізілу тәртібін сақтау [12].
Тінту жүргізудің алдында тергеуші 2005 ж 21 қаңтарда қабылданған тінту
жүргізу туралы қаулыны көрсетті, одан кейін Маратова Б.А.-ға іске қатысты
немесе тыиым салынған заттарды ерікті түрде тапсыру ұсынылды, бұл ұсынысқа
Маратова Б.А. былай жауап берді: Бұндай заттар пәтерде жоқ. Одан кейін
жоғарыда көрсетілген тұлғалар тінту жүргізуге кірісті. Тінту уақыты 3
сағатқа созылды және барлық бөлмелер қаралды. Жүргізілген тінту нәтижесінде
мына заттар табылды:
1. Маратов ЕА-ның бөлмесінде орналасқан сандықтың ішінде, -NokiaN96
ұялы телефоны;
2. Осы бөлмеде орналасқан төсек астында –“Sony” бейнекамерасына,
сәйкес техникалық құжатымен №453298.
Пәтердің өзге бөлмелерінде, сонымен қатар бұл пәтерге қатысты
құрылыстар мен қосалқы үй жайларында іске маңызы бар немесе айналымға тыйым
салынған заттар табылған жоқ. Алынған заттарға қатысты үй иесі олардың
қайдан келгені туралы мәлімденбегенін және бұл заттарды оның баласы Маратов
Е.А. әкелуі мүмкін екенін айтты.
Тінту барысында мына заттар алынды:
1. Nokia N96 ұялы телефоны-1 дана;
2. “Sony” бейне камерасы (сәйкес құжатымен)- 1 дана.
Барлық алынған заттар қапталып, №5 мөрімен басылып, куәгерлердің
қолдарымен бекітілді.
Тінту кезінде қолжазбаларды, басқа да түсіндіру қағаздарын табудың
маңызы зор. Кейде ұмытылмас жазулардың ішінде ашық немесе жасырынды нақты
адамдар көрсетіледі. Тығылған бағалы заттар тізімі және тығылған жерлері де
көрсетіледі. Ашық түрде сақтау орындары: ломбардтар, жинақ кассалары, банк
бөлімдері, сақтау камералары.Сондықтан, тінту кезінде сәйкес келетін
құжаттар табылуы керек: кепілдік, сақтау және багаж квитанциялары, банк
карточкалары және тағы сондайлар. Мүлікті іздеу үшін айыптаушының бағалы
заттары бар деген куәләндырылатын мәліметтер өте маңызды болып келеді
(фабрикалық жахба қағаздар, төлқұжаттар, жеке куәліктер және бағалы мүлік
бөлігі). Бұл тығылғандарды және жетіспейтіндерді табуға мүмкіндік береді.
Азаматтық айналымнан алынған кейбір заттар арнайы келісіммен жеке
азаматтарда болуы мүмкін. Келісімдік жүйе, ол-өндрістік тәртіп, сақтау және
заттарды пайдалану. Одан басқа, кейбір заттарға арнайы тыйым салу да бар.
Ол қылмыстық тәртіппен жазаланатын жасау, сақтау, өткізу және сатып жіберу.
Мысалы, тыйым салынған қолөнер кәсіпшілік заттар, есірткі және естен
айыратын заттар, басқа іспен жасалған тінту кезінде көрсетілген заттар
табылса, жаңа іс қозғалып, қолөнер кәсіпшілік заттар да алынады. Егер
омындай заттарды жасау және сақтау соңынан әкімшілік жауапкершілікке
тартылса, органдардың алып қою мақсатымен оларды қамауға алуға болады.
Тінту жүргізу кезінде негативтік жағдайларға да көңіл аудару қажет
(өмір сүрі ерекшеліктері мен тінтілушінің жүріс тұрысына). Оларға
жататындар:
- әдеттегі сұраныстан асып түскен заттардың саны;
- тінтілушінің жеке басының қасиеттеріне табылған заттардың сәйкес
келмеуі;
- табылған заттардың әдеттен тыс сақталуы (құпиялы жерде, басқа зат
түрімен бүркеленген);
- бөлек заттардың әдеттен өзгеше қасиеты, олардың белгісіз мақсаты;
- қараудағы заттар жөнінде тінтілуші берген түсініктердің күмән
туғызуы (қасиеттері, шығу тегі, сатып алу уақыты жайлы және т.б);
- мүдделі тұлғалардың затты тығуға немесе жоюға әрекет жасауы,
тергеуші назарын басқа жаққа аударуы, қандай да бір затты қарау
барысында ерекше қызбалық таныту және т.б.
Тінту барысында қолданылатын ғылыми техникалық құралдар:
- металл заттар мен қорытпаларды табу үшін пайдаланылатын магниттік
іздегіш көтергіштер;
- іздеудегі объектілер дірілі мен шуын айқындау үшін қолданылатын
акустикалық анализаторлар, стетоскоптар;
- жарылғыш, наркотик заттарды, адамдарды табу үшін қолданылатын газды
анализаторлар;
- температурасы қоршаған ортадан бөлек болатын объектілерді (адам,
жануар) табу мақсатында қолданылатын инфрақызыл детекторлар,
тепловизорлар;
- қабырға, заттарды зерттеу үшін қолданылатын рентген құрылғылары;
- көрінбейтін жасырын бөгеттерді іздеу үшін пайдаланылатын
телевизиондық құрылғылар;
- ультрадыбыстық дефектоскоптар, бос жерлерді анықтаушылар,
радиотолқындық аспаптар және басқалар.

1.3 ТІНТУДІ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

Тінтуді өткізу тәртібін және оны жүргізуді реттей келе қылмыстық
процессуалдық заң тінтуді жүргізуге қандай негіздердің қажеттілікті екенін
анықтамайды және тінту туралы шешімді қабылдай отырып тергеу жүргізетін
тұлға және тінту туралы шешімді қабылдай отырып тергеу жүргізетін тұлға
және тергеу мен анықтау органдарына қадағалау жүргізетін прокурор нені
басшылыққа алатыны да белгіленбеген. Сонымен қатар заңды қатаң сақтау мен
азаматтардың құқықтарын қорғау қажеттілігі және дәлелдемелер іздеудің
қажеттілігі тінтудің негізгі деген сұрақты аса маңызды және қиын мәселе
жасайды. әрине барлық жағдайда жарайтын, әрқашан тінту жүргізуге жеткілікті
негіз болатын анықтама беру мүмкін емес. Негіздердің жеткіліктігі істің
нақты жағдайы мен оның сипатына байланысты. Тінту тек қозғалған қылмыстық
іс бойынша жүргізіледі1. Онымен қоса процестегі тергеуге дейіенгі тінтуге
жол беріледі. Бұл әрекеттер сот өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша
жүргізілмейді. Тінту, анықтау және тергеу органдарының қаулысы және тек
қана прокурордың санкциясы болса ғана жүргізіледі. Осы заңда бекер атап
көрсетілмеген. Осыған байланысты сот қарауындағы іс бойынша тергеуші немесе
анықтау органы сот тапсырмасы бойынша тінту жүргізіледі. Осы ғылыми түсінік
қарама қарсы болып табылады. Онсыз істің қаралуы мүмкін емес зат қажет
болса және ол заттың сипаты мен тұрған орны сотқа белгілі болса, онда сот
ол затты талап етеді немесе сот орындаушысы немесе полиция органдары арқылы
мәжбүрлі түрде тәркілейді. Бұндай жағдай сот мәжілісі кезінде сотталушыға
берілген қағазды алып қойғанда,- деп келтірген түсінік авторлары.
Түсінікте, сонымен қатар, тінтуге азаматтық талап бойынша қолдануға тиым
салынған бағалы затты іздеу барысында сто өндірісінде рұқсат етіледі.
Жауапкершілікке тартылуы тиіс тұлғаның ізделмеуіне байланысты тоқтатылған
істер бойынша тінтудің қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты тоқтатыла
тұрған істі жалғастырмай ақ, қылмыскерді ұстау үшін тінту жүргізудің
қажеттілігі туындайды. Бұл сұрақты дұрыс шешу ұсынылады. Көрсетілген
негіздер бойынша тоқтатыла тұрған іс тергеу шаралары мен жедел іздестіру
амалдарымен бекітілген міндетті іздеу салынады. Мұндай тергеу амалдарының
ерекшелігі тергеуді тоқтата тұру жарияланған сәттен аяқталуы тиіс іске
дәлелдер жинауға емес, кінәліні іздеуде. Мұндай мақсатта жүргізілген тінту,
іздеу салудың бір қажетті бөлігі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу
кодексінде тоқтатыла тұрған алдын ала тергеуді қайта жалғастыру- алдын ала
тергеуді тоқтата тұру үшін негіздер жойылғаннан кеін қайта жалғастырылады.
Олай болса кінәліні іздеуге байланысты тоқтатыла тұрған іс оны тапқанна
кейін жалғасады. Осыған қарап тінтуді тоқтатыла тұрған іс бойынша да
жүргізілуге болатындығы белгілі [13].
Тінтудің қажеттілігі аса жан-жақты істелген қылмыстарды ашу барысында
қажет болады. Тінтудің қажеттілігі істің нақты жағдайларына байланысты және
қылмыстың сипатына байланысты емес. Қылмыс аса ауыр деп есептелмесе,
қылмыстың ниеті мен жағдайлары басқа дәлелдермен дәлелденсе, тінту
жүргізудің қажеті жоқ,- деп жазған В.М.Нисифоровпен келісуге болмайды. Аса
қауіпті емес істерді қарау барысында тінту барлық іс бойынша керек. Осыған
қарсы көліктегі ережені бұзу сияқты қылмыстарда тінту өте сирек кездеседі.
Істің жағдайы басқа дәлелдермен ашылатын болса, онда тінтудің қажеті жоқ
деген пікірмен келісуге болмайды.
Дәлелдеуге жататын заттарды әр түрлі жолмен дәлелдеу керек. Егер іс
бойынша заттық және жазбаша дәлелдерді іздеу керек болса, онда белгілі
жағдай басқа жолмен дәлелденеді деп тінтуден бас тартуға болмайды. Кінәліде
қару бар деп айтқан куәлардың сөзі бойынша оны алу үшін жүргізуге болмайды.
Тінту ізделіп отырған затты басқа жолдармен дәлелдеуге болатындығы емес
ізделген затты басқа жолмен қосу мүмкіндігінде артық болуы мүмкін. Мысалы:
қажет зат немесе құжатты алу немесе талап ету нәтижесінде кез-келген тергеу
амалдары кезіндегі тінту жүргізе тергеушінің тек құқығы ғана емес, сонымен
қоса міндеті болып табылады.осыған қарап іс жүргізу барысы мен
материалдарға қарап қажеттілігі туындап тұрған және оны өткізу үшін
қажетілікті негізі болып тұрып, оны өткізбеу өзіне жүктелген міндетті
орындамау болып табылады, яғни өрескел заң бұзушылық.
Тінтудің негізі туралы сөз қозғар болсақ, алдымен оның дәлелді және
процессуалды негізін ажыратып алу керек. Дәлелді негіздеріне нақты
берілгендер, тінту жүргізудің қажеттіліктері жатады. Процессуалдық
негіздеріне- тінтуге байланысты тергеушінің немесе анықтау органының
қаулысы немесе прокурор сакциясы жатады. Заң тінту жүргізілуі мүмкін
адамдар тобын шектемейді. Бірақ, осы процессуалдық мәжбүрлеу шрасы
қолданылатын адамдардың үш тобын ажырату керек. Бірінші топ- қылмыс жасады
деп күдік келтірілгендер немесе айыпкерлер. Күдікті- көрсетілген негіздер
мен тәртіпте тергеуші немесе анықтау органы қылмыс жасады деген күдікпен
қылмыстық іс қозғаған және қамауға алынған немесе айып тағылғанға дейін ҚР
ҚІЖК- нің 68 бабында көрсетілген бұлтартпау шарасын қолдану үшін және айып
тағудың әрқайсысы үшін, тұлғаның кінәлілігін анықтауға қажетілікті дәлелдер
жинағы қажет екені белгілі. Егер дәлелдер жеткілікті болса, ол күдіктінің
үйінде, жұмыс орнында іс бойынша маңызды заттартабылуы мүмкін деген үмітпен
тінту жүргізілуге негіз болады. Күдікті мен айыпталушыдан тінту кезінде тек
қана белгілі бір заттар мен құжаттар ғана емес, алдын ала белгісіз болған,
бірақ іс үшін маңызы бар заттардың барлығы ізделеді. Қамауға алуға,
бұлтартпау шарасын қолдануға және айып тағуға жеткілікті негіз болғанмен
қылмыс жасалады, қылмысқа қатысты, көмектесті немесе қылмысты жасырды деген
күдікті тұлғаларға тінту жүргізу туралы сұрақ қиын шешіледі. Бұндай
жағдайда тінту осы іс бойынша пайда болып тұрған күдікті тексеру құралы
болып есептеледі. Бұндау тұлғаларға тінту жүргізу үшін негіздердің
жеткіліктігін білу үшін күдікті болып көрінген дәлелдемелердің бағалануына
суйенеді. әрине, тінтуге еш нәрсемен нақтыланбаған болжамдар негізінде
жолберілмейді. Тінту жүргізуге болжам мен ішкі сезім негіз бола алмайды.
Тінту жүргізу үшін нақты дәлелдер мен негіздер қажет. Күдікті тұлғаны
қамауға алып, оған қарсы бұлтартпау шарасын қолдану үшін және күдіктенуге
негіздер заңда көзделгеннен басқа жағдайларда да бола алады. Мысалы: қылмыс
болған орынды тексеру белгілі бір тұлғаның қылмыс жасауын ол тұлғаның
қылмыс жасаған орынмен және қылмыс құралымен байланысын негізделген
күдіктер. Куәлардың басқа да жауап алынған тұлғалардың және жәбірленушінің
суреттеуі бойынша сол адамда болған құрал немесе сол қылмыстың жасалуына
негіз болған заттар немесе жоғалған мүлікке ұқсас заттар, қылмыс болған
ауданға келу, қылмыскердің жолын кесу, қылмыс болып шыққан операцияға
қатысуды, қылмысқа қарсы шара қолданбауды білдіреді. Кей-кезде ізделген
затты байқаусызда ұстаған тұлғаларды, үшінші топты тінтудің негізін табуға
болады. Яғни, бұл тұлғаларда ізделген зат ол адамның қылмысқа
қатыстылығынен емес, айыпталушы тұлғамен байланысты нәтижесінде болуы
мүмкін. әдетте бұл тұлғалар ол адамның туған туыстары мен таныстарында
болады. Ондай адамдарға тінту жүргізу туралы мәселені қарастырғанда ол
адамның айыпталушының жақындық дәрежесі, қылмыс жасалған кезеңдегі олардың
байланысы, ол адамның қылмыс пен қылмыскердіжасыруға мүдделілігі және оның
басқа да жеке белгілері ескеріледі. Бұл адамдарға тінту айыпталушы мен
күдіктілердегі сияқты іске қатысты мәні бар барлық заттар ізделмейді, тек
қана ол адамда белгілі бір заттың бар екендігі туралы нақты нұсқау
негізінде ғана жүргізіледі. Егер тінту белгілі бір тұлғада ізделген зат бар
екендігі нақты белгілі болғанда ғана жүргізілсін деп талап етілсе әділетсіз
болар еді. Тігту аталған тұлғада іске қатысты мәні бар заттың бар екендігі
туралы негізні күдік бойынша да жүргізіледі [14].
Дәлелді мәлімет- тінту жүргізудің негізі болып табылады. Оның қайнар
көзі- процессуалдық іс әрекеттері жәбірленуші мен куәлардың, күдіктілер мен
айыпталушылардың жауаптары, лауазымды тұлғалар мен мекемелердің
хабарлаулары, құжаттарды тексерудің заттық дәлелдемелердің қылмыс болған
орынды тексерудің нәтижесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тінтудің міндеттері
Тінту тергеу әрекетінің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы анықтау органдарының түсінігі, құрылымы және өкілеттілігі
Тінтудің криминалистикалық түсінігі және тактикалық ерекшеліктері
Тінту жүргізу
Қылмыстық процестегі ұстаудың жалпы сипаттамасы
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Пәндер