Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Ата дәстүр-салтымыз 5
1.1 Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы 5
1.2 Мәдени мұра стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылға арналған
тұжырымдамасы 19
1.3 Мәдениет - туристік ынталандыру факторы ретінде 25
1.4 Шығыс Қазақстанның туристік объектілері 31
2 Шығыс Қазақстан облысының туристік фирмалардың қызметін талдау 35
2.1 ШҚО-ның туристік фирмаларының қызметі жайында 35
2.2 Туристік фирмалардың қызмет көрсету көрсеткіштеріне талдау 37
3 Киіз үй кешенінің бизнес-жоспары 48
3.1 Аймақ сипаттамасы 48
3.2 Өнім сипаттамасы 53
3.3 Маркетингтік бөлім 55
3.4 Инвестициялық қажеттіліктер және шығындар 61
Қорытынды 68
Әдебиеттер тізімі 71
Қосымша А 73
Қосымша Ә 75
Қосымша Б 76
Қосымша В 77
Қосымша Г 78
Қосымша Ғ 79
Қосымша Д 80
Кіріспе
Қазақ халқы–салт–дәстүрге өте бай ел. Бұл–оның мәдениетті әрі
тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.
Шайкенов: Ұлт–дәстүрі заңнан биік,-деген. Демек, салт–дәстүрлі ел мықты
әрі тұрғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт
қасиетін салт – дәстүрмен, өнегені әдет–ғұрыппен, үлгіні жөн – жосықпен,
әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлғатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық
тәлім, салт–сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып
жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық,
жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.
Момышұлы Ұлы Отан соғыс жылдарында: Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен
солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан
өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім
жетті , - деп жазды. Олай болса, әдет – ғұрып – қазақ халқының мызғымас
заңы деп қабылдаған жөн.
Дана халықтың өзі жасаған осы әдет–ғұрып пен жөн–жосықты біліп,
үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында
ата–ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып
отырса, ұтарымыз көп болар еді.
Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы
мәдениеті, өзіндік игі ғұрып–дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы,
пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім
болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ–жайшылықта
тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді,
шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл,
ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін
халық.
Қазақстан – ұлан байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз
мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі
халқы болған секілді. Қазақ көп пе, масақ көп пе деген түрікмен мәтелі
осыны меңзейді. Халықтың өз ата–қонысында азшылыққа айналуы–қазақтар
секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп
теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс
сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік
рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Ата салтың–халықтық
қалпың дегендей, өз жұртының қадір–қасиетінен мәлімет беретін ғұрып
қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау–ұлтымызға, елдігімізге сын.
Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ.
Дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс–тіршілігіндегі керемет салт–ғұрпы
мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа
тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде,
қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға
қамқорлық ету, ата–ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.
Қасқа қатал, досқа адал болу- қазақ халқының негізгі мінез–құлқы. Қазақ
халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет–ғұрыптар бар.
1 Ата дәстүр-салтымыз
1.1 Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт–дәстүрлері, ырымдары өте
көп. Қазақ қазақ деген атын осы кезге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен,
ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол–жосындарымен талай елді таң
қалдырып келеді. Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған.
Меймандостық. Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның
қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая
қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяаулы асын қонақасыға береді.
Қонақасы–қазақтың бөлінбеген еншісі болып есептеледі. Қонақ келсе қой
сойып, қол қусыру- қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын
міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасы беріп аттандырады.
Сойылатын малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата
тілейді. Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше
меймандарға кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ,
жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады, шайдан соң жаздыгүні
болса қымыз, қыстыгүні болса езген қүрт беріледі. Осы мезгілде әдетте үй
иесі жағынан домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Ет піскен соң
қолға су құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы,
жамбасы, сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады. Қонақтың
ең сыйлысы бастың оң езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып,
басты үй иесіне қос қолдап қайтарады. Бұл асабаның құрметіне белдірген
разылық болып есептеледі. Мейман кұтуде малдың он екі жілігінің өз алдына
мәртебесі бар. Жасы үлкен сылы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келінге
асықты жілік пен төс тартылады. Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек
беріледі. Тамақ жеп болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың
қолына су құйылады. Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осылай.
Ерулік. Көшпелі қазақ халқы көші–қонды аса келелі іс санады, көшу–
қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан
қалудан үлкен қорлық жоқ, қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы
киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем – кілше, сырмақтарын оң
бетін сыртына қаратып жауып салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына
келіп қонған ауылды жабыла қарсы алып, қоныс жайлы болсын айтып, олардың
жүгінтүсірісіп, үйін тігіседі және ерулік апарады. Бұл ерулікке дастарқан
көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де
болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс–жұрағатттарына жасалған сый–құрмет
және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында еруге қару ретінде
алма–кезек болып отырады. Мұны қазақтар ағайын берекесі деп атайды.
Үме яки Асар. Қазақ арасында ертеден келе жатқан салттардың
бірі– үме яки асар салу деп аталады. Бұл салт бойынша, көпшілік күш
біріктіріп, бір–бірінің жұмысына қолқабыс көрсетді. Қауырт күш жұмсауды
талап ететін жұмыс кезінде, яғни қой тоғыту, қой қырқу, жүн сабап, киіз
басу, үй көтеру, жылқы күзеп, тай таңбалау, бие байлау, соғым сою, егін
ору, шөп шабу және жинау, үй–жай, той жасау, ас беру, өлім ұзату және т.б.
істерде ауылдастар мен руластар жабыла жұмылып, бұл істерді істеп келеді.
Үй қожасы осы көмекке келіп, қолқабыс істегендерді тамақпен сыйлайды, асар
салғанда көбінесе мал сойылады, бірақ қолқабыс істеушілер істеген жұмысына
ақы алмайды. Бұл қарапайым малшылар арасында өзара көмектің бір түрі, яғни
еруге–қару жолмен алма–кезек болып отырады. Бұл асарға ат салыспаған адам
өз басына іс түскенде басқалардың көмегінен құр қалады. Үме яки Асар
қазақ арасында өзара көмектің бір түрі болып дәстүрде мәңгі қалады.
Жылу жәрдем. Қазақ арасында өзара көмектің осы бір түрі тым ерте
кездегі рулық қауым құрылысынан бері келе жатқан әдет–ғұрыптарға жатады.
Бұл әдет–ғұрып бойынша: табиғи апатқа–жұтқа, өртке, селге т.б. да дүлей күш
кесіріне кенеттен кездесіп, мал–мүлкінен, баспанасынан айрылып, күн көрісі
қиынға соққан адам өзінің туыстары мен руластарынан жылу–жәрдем сұрайды.
Бұған ағайын–туған–туыстары мен руластары түгел көмектесіп, жылу–жәрдем
жинап береді, одан ешкім де бас тартпайды. Бұл жұртшылық жәрдемі деп
аталады. Қазақтың байырғы салты бойынша, мүлде панасыз қалған
жетім–жесірлерді және қарайтын адамы жоқ, салт ба қарттар мен мүгедектерге
ағайын туғандары яки руластары асырап, бағып – қағуға міндетті болған.
Халық бұқарасы ішінде мұндай көмектің өмір сүруі қазақ қоғамында
қайыршылардың болмауына игі әсер етіп отырды.
Той–мереке, тағы басқа жол–жосындар. Мал шаруашылығымен шұғылданған
көшпелі қазақ өмірінде жаздың үш ай жайлауы өмірдің жаннаты есептеледі.
Гүл–бәйшешекке бөленіп, масатыдай құлпырған жасыл жайлау үсті мал тойынып,
ақ молайып, бие байланып, елдің жұмыстан қолы босап сергіген кезі болады.
Қыс қысымын көріп келген қазақтар жаз жайлауда жадырап жазылып, барлық
той–томалақ, ойын сауық, сән салтанатын осы жайлауда өткізген. Қазақтың
қыс қысыл, жаз жазыл деген сөзі осы өмірден туған. Қазақтар үшін той
тек той жасаушы жеке отбасының қуанышы ғана емес, тіпті бір тайпа елдің
ортақ мерекесі болып есептеледі. Соның үшін, бір отбасы той жасаса, оның
ағайын–туған жұрағаттары, тіпті бүкіл бір тайпа ел түгел аттанысқа келіп,
үйлерін апарып тігіп, биелерін байлап, астарын әзірлесіп, қонақ күтіп той
жұмысын атқарады. Қазақ өміріндегі ұлылы–кішілі той–томалақ пен ырым–
кәделердің түрлері де сан алуан. Қазақ өмірінің әрбір белесі тойсыз,
өлеңсіз өтпейді. Қазақ тойлары тойбастар жырымен және шашумен басталады.
Той малы (дәстүр). Жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев). Келін
алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн
жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның
ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген той малы деп
аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы
немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де
байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады.
Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы
үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға
жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері
құдалардың бетіне басады. Сондықтан да той малының мүшесі түгел әрі семіз
болуы қатты қадағаланады.
Дәмету. Дәметкен сары майдан кеудең құрсын (халық өлеңі).
Дәметудің әр түрі бар Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек.
Жас балалар мен келіндер ата енелері қонақтан келсе, олардан тәтті
дәмететтін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе оның меселін
қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса оның емшегі
ісіп кетеді. Бұл өмір шындығы. Ал үлкен кісілер, аналар, әжелер жас
келіншегі бар үйге дәметіп қалар.
Қалжа мен шілдехана тойы. Бір баланың дүниеге келуі тек сол
бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы.
Әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп, ұл туғанға күн туады
дейді. Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той
басталып, қалжа сойылып, маңайдағы абысын–ажын, тағы басқа әйелдер
жиналып, баланың бауы берік болсын айтып құттықтайды. Ал кешке
қыз–бозбала жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлең айтып
шілдехана күзетеді, түрлі ойын–сауық кейде өткізеді.
Бесік тойы. Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу
жорасы бесік тойы деп аталады. Бұған көбіне сол төңіректегі әйелдер
шақырылады. Келген әйелдер балаға арнап шашу, көйлек–көншек, тан–
моншақ, үкі, т.б. тойлықтар әкеледі. Ат қойылатын баланың оң құлағына
үш рет, сол құлағына үш рет сенің атың ... . деп айтады. Ұрпақ өсірген
үбірлі– шүбірлі қадірмен әйел бір–екі келіншектің көмегімен бесікт
жабдықтайды.
Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті бауырсақ
үлестіреді. Онан соң әлгі баланы тұңғыш рет бесікке бөлейді. Тойға
жиналғандар дастарқаннан дәм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік, бақытты
болуын тілеп бата беріп тарасады.
Баланы атқа мінгізу. Қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт
мінуге жаттығады. Ата–аналары баланың алғаш атқа мінуін қуаныш етіп, той
жасайды. Атқа мінетін бала жаңа киім киіп, басына үкі тағып, ашамай деп
аталатын екі қасы Х түрінде айшықталып жасалған ерге мініп, туған–
туысқандары мен руластарын аралайды. Туыстары оған шашу шашып, айыл-
өмілдірік, құйысқан, жырым–шеттік, шыбыртқы–қамшы сияқты ер–тұмандарын
байғазыға береді. Көшпелі тұрмыстың қажетіне сай, қазақта адам баласына
бірден ер–тоқым болады. Қазақ ішінде ат–көлік табу оңай, ер–тұман табу
қиын. Өйткені қазақтың өмірінің көбі ат үстінде өтеді. Қазақтар ер атымен,
құс қанатымен деп, атты ер адамның қанаты есептейді. Атқа мінудің алдыңғы
шарты ер–тоқым, атқа жайдақ мінуді жаяушылықтан жаман көреді. Сондықтан ат
табылады, ер табылмайды дейді.
Сүндет тойы. Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы
бес жаста яки жеті жаста с8ндетке отырғызады. Осыған байланысты той
жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі
тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған
жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш
кигізеді, әл–ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып
береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын
қожалар жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы Мұхаммед пайғамбардың
әулеті деп ардақтайды. Баланы сүндетке отырғызу төркіні ислам дінінен
келген, кейін келе бұл ұлттық ғұрып-әдетке айналған. Баланың сүндет тойын,
халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуыныңалғашқы бір
белесін тойлау деп санаған.
Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі. Қазақтың қыз ұзату және келін
түсіру дәстүрі толып жатқан той–томалақ, ырым – кәделері арқылы болады.
Бұлардың бәрі жалғасып, жұртқа түсінікті салтқа айналған. Ең алдымен
қыз айттыратын жақ қыздың ата–анасына кісі салып, құдалық сөйлеседі.
Құдалық сөйлесіп, келісімге келген соң, күйеу жақ қалыңдық жаққа өлтірі
(қоржын) апарады. Осы жолы өлтірі тойы өткізіледі. Бұл күні ақ сойылып,
ақ бата жасалады. Қалыңдық ұзатылып барған соң, келін түсіру тойы
жасалып, жаңа түскен келін қайын атасының үйіне енгізіледі. Осы кезде
сабына қызыл–жасыл әлем байлаған қамшы ұстаған бір жігіт келіннің бетін
ашады. Берташар жыры арқылы жаңа түскен келін жиылған жұртқа
таныстырылады, келінге ақыл– насихат айтылады, әзіл – қалжың араластырып,
жұртты күлдіріп отырады, келін ата–енесіне, қайынағаларына сәлем етеді.
Үлкен үйдің отына май салады, май құйылған от лап етіп жанғанда,
отырғандар; От – ана, Май ана, жарылқа! деп сыйынады. Бұл қазақтардың
ислам дініне кіруден бұрынғы отқа табынатын кезінен қалған ырымдардың бірі
екені даусыз. Неке қию салты осы келін түскен тойда өткізіледі, некені
молла қияды.Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру ата ананың тілегі әрі парызы.
Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл күні ата ана
қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы.
Сәукеле кигізу (салт). Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар
жар ау (жар жар). Өмірде қазақ салт дәстүрлерінің түрлері көп. Соның
ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел
киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі
кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ
босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса
келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда құдағилар
шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да
олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың
бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау,
сәукелелі келіншек, ойын сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін
ашқандай әсер етеді. Сәукеле туралы бірер сөз. Сәукеле келіншек киімі. Ол
бас киім ғана емес қазақ сән салтанатының, салт дәстүрінің мәдениеі мен
шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. Алтынмен апталып, күміспен
күптеліп дегендей, ол інжу маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар
тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат
маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен оюланып,
түрлі түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы
жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым безендіріледі.
Қалың мал (дәстүр, кәде). Мен ат тон айыбымен қалың мал
қайтартпақшы болдым ғой (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала
заңы бойынша күеу жағы қалың мал төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы
бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне
байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың
мал мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз,
мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал
үстіне бес жақсы деп аталатын бес түйеге қосып бір жетім қыз (күң), аяқ
жақсы днп беретін үш түйеге қоса бір еркек жетім (құл) бергендігі кейбір
деректер арқылы белгілі. Қалың малдың қырық жеті, отыз жетінің бүтіні,
отыз жеті, отыз жетінің жартысы, жақсылы отыз жеті, жиырма жеті,
он жеті, домалақ қалың мал, домалақ бата сияқты түрлері болған. Мұның
сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы
басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде
қызды малға сату деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы
болмаған. Әрине қалың мал құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұл
істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда қалың мал
байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны
шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде
Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының қалың малы бес жүз жылқы
болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы той
малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).
Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында
отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не
түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін
жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын
айтады.
Қыз қашар (дәстүр). Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді
болыс үй дейтін көрінеді. (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін ұрын келу
десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі қыз қашар дейді. Бұл ұрын тойы
өтетін күні болады. Ұрын той жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі.
Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын қол
ұстатар, шаш сипатар, қыз құшақтар, арқа жатар, көрпе қимылдатар
тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп,
тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке
қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар
береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр
іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал
қайтарылмайды және айып салынады.
Құйрық бауыр (салт). Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе
(мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек
жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға құйрық бауыр арнаулы сый
әкеледі. Әкелуші әйел бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деп тілек
білдіреді. Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл
қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы
Құйрық бауыр салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай
қалмайды. Астана қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық
Қуантай Әблмәжінұлының құдалығында құйрық бауыр ұсынғанда Қанапия қызы
Орынбасар құдағи осы қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті.
Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән
жырлары да болған.
Күйеу киімі (салт). Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?
деп бізді мінейді. Ки! деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу міндетті түрде
күйеу киімін киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер
күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт
бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік
киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып
төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің
ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын
күйеу атымен күл тасы дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді.
Бұл да ауыл салты.
Қынаменде (дәстүр). Қынаменде, жар жар мен беташар бар, өлеңсіз
солар қызық бола ма гүл? (Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да,
көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің
атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы қынаменде деп аталады.
Шығыс халықтарында қынаменде кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін
қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар
жүргізілетіндіктен қынаменде жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың
махаббат мұратына жету символына айналған. Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен
жастар үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше
көрінбеген болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас жораларымен
келеді.
Құда түскенмен, келісім жасалғанмен күйеудің қыз ауылына ұрыннан
бұрын келуге хақы жоқ. Егер келе қалса қыздың туыс туғандары (аға інілері)
қазақ әдет ғұрпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы
бар. Олар мынандай: ұрын келу, есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу
табақ, сүт ақы, жігіт түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы,
жеңгетай, шымылдық байлар, отау жабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік
жабар, үзік жабар, туырлық жабар, мойын тастау, ілу, қыз қашар, шашу, қыз
көтерер, арқа жатар қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе
қимылдатар, ит ырылдатар, кемпір өлді, бақан салар, күйеу аттандырар,
т.б.
Итаяғына салу (дәстүр, ырым). Жас келіншек бір ауылға қыдырып
барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған итаяғына
сал деп сақина,күміс, жүзік сияқты заттар береді. Итаяғына салу деген
келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни шілде суына әлгіндей
күміс жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп,
нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер
ырым қылып бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.
Қапқа салу. Қалыңдығын алуға келген күйеу барлық жол жоралғыларымен
яғни құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый сияпатымен, той малымен
келеді. Той басталды. Қыз өз үйінен аттанар алдында оның әкесі барлық
құдаларға киіт кигізеді. Күйеу баласына да сыйлық береді. Бірақ ол киіт
емес қапқа салар деп аталады. Ол бағалы киім, қымбат ер тоқым, жігіт
жарақтары немесе мал болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын атаның дәулеті мен
мырзалығына, абырой беделіне сай жасалатын жолды дәстүр.
Ау жар (салт, айтыс). Ұзатылып бара жатқан қыздың сыңсуы,
қоштасуы ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел
жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де
тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай
білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш,
қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің
де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар жар жардан кейін де өлең
жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі ау жарды тағы бастай жөнеледі.
Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет
көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе ау жар,
біресе ай ау, біресе, бике ау, біресе үкі ау деп те айтыла береді.
Сыңсу (салт). Халқымызда тұрмыс салт жырларының ең көп
тарағандарының бірі сыңсу. Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанр алдында
ағайын туғандарын аралайды. Былайша айтқанда қоштасады (Бірақ бұл дәстүрлі
қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап жүрген қыз жәй жүрмейді.
Ол өзінің балалық дәуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндерінің
өткендігін, аяулы ата анасының, туысқандарының өзін мәпелеп өсірудегі
еңбегін өлеңмен айта жүріп өксиді. Ондай өлең жырды сыңсу дейді.
Үй көрсету (дәстүр). Жаңа түскен келінді туыс туған, көрші көлем,
ілік жекжаттар үй көрсетуге (шығыс жақ отқа шақыру дейді яғни есік
ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін
деген сөз. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәде жорасымен барады. Мұны
ілу дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне (үлкен, кіші деген
мағынада) келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер
келіннің мінез құлқын, жүріс тұрысын яғни әдеп, тәртібін байқап сынап
отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған
дәстүр әлі жалғасып келе жатыр.
Аушадияр (дәстүр). Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр.
Және жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы
бар. Көркем шығармашылықпен айтылатын той көркі, салтанат сән, өнегелі
өнер. Мұны іздеп тауып, өмірге әкелген көп жасағыр жазушы Уахап Қыдырханов
екен. Аушадияр жырының үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге
жеткізген. Шынын айту керек бұл қазіргі Қазақстан елінде айтылмайды, халық
жадынан мүлде шығып кетіп ұмыт қалған. Жыр жаңа қосылған жастарға
арналады. Мұнда ақыл, үлгі, өнеге, тәлім тәрбие туралы толғауды санамалап
айтудың халықтық таза бай дәстүрі бар. Ұлтымыздың ұлағатты әдет салтының
бұл түрін өмірге енгізетін.
Есік ашар (дәстүр). Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы
өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата енесінің
үйіне келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш яғни есік аша келуі
дейді. Демек бұл жауапкершілігі мол, бұрын ел жұрт көрмеген күйеуді
сынайтын келіс.
Өлі тірі (дәтүр). Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу
жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп өлі тірі яғни кәделі мал
жылқы жіберіледі. Өлі тірі деген өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай
қосқан құдалығымыз ақиқат деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл
үлкен кәделі әрі маңызы жол жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. Өлі тірі
өткен соң өлген күеу жатпайды.
Жолдық (дәстүр). Қайным, жолдығымды ұмытпа, толымды болсын,
деді жеңгесі Қаным күле сөйлеп (ел аузынан). Алғашқы неке түні жігіт пен
жас келінді жеке бөлмеге кіргізіп өздеріне төсек салып алаңсыз, жайлы
жатуына жағдай жасайтын әйел әдетте жігіттің жеңгесі болады. Ол жастарға
бақыт тілеумен бірге, әзіл қалжыңын араластыра жүріп, алғашқы төсек
ләззатының жөн жосығын, әдет ғұрпын түсіндіреді. Ертеңіне келіннің
пәктігіне де осы жеңге куәлік береді. Мұндай сәт әдепті, үлгілі, үлкен кіші
бірдей сыйлайтын, бала шағалы келіндерге ғана тапсырылады. Бұл күн жұптық,
некелік өмірдің ұмытылмас сәттерінің бірі. Сондықтан бұл түнді көңілді әрі
жайлы өткізудің орны мүлде бөлек. Бұл күтіп, қайнысының жылы төсектен
тұрған сәтін күтіп тұрып, ерініңді жібіттім, қойыныңды жылыттым, енді
жолдығымды бер деп назданады. Жөн білетін қайнысы жеңгесі риза болатындай
жолдығын беріп, алады.
Жолдықтың жолы бөлек. Сондықтан оған аталатын кәде де толымды әрі бағалы.
Беташар (дәстүр). Уә әлеумет! Енді беташар тыңдайық!. Жаңа
түскен келінді беташар дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін
әдейі беташар жасалады. Оған тойға жиналған туыс туғандар тегіс
қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда
Беташар жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа
туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар
көрімдік береді. Бет ашатын жігіт ән жырды желдірте, көңілді көтере жыр
төгуі керек.
Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін
ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке отырып
жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі.
Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем
киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты
жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны қыз көші деп
атайды. Одан әрі асқаннан кейін келіншек көші дейді. Келіншек көшінің
келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары келіншек
көшін тоқтатып түйемұрындық алып, батасын беріп, жол болсын айтып
шығарып салады.
Жар жар (ғұрып). Ұзатылған қыз тойында қыз жігіттер тобы
кететін қыздың көңілін аулап, баратын жағында да осындай жақсы жайлар
болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы
болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындқтан Жар жар
қызықты.
Өлең той. Өлең той бұл күйеудің қайнына ұрын барған тойына қосылып
өткізілетін түнгі той. Күйеу жақ өлең кәде аталатын тай, құлын тәрізді
бір малды ала барады, бұл кәдені алған үй күйеу мен құдаларды, тойға
жиналғандардың бір бөлігін шақырып, мал сойып қонақасы беріп, өлең той
өткізеді. Кеш батқанан таң атқанша осы аылда ақындар айтысы болады. Бұл
тойға жиналған жастар домбыра шертіп, ән айтып, би билеп, сауық–сайран
жасайды. өлең тойға қатысушылардың көпшілігі жастар болады. Қазақ
өміріндегі той– мерекелерде көптеген ойындар өткізіледі. Бұл ойындардың
көпшілігі ашық далада, ат үстінде ойналатын спорттық сипаттағы ойындар.
Олар: мүше алып қашу, Қыз қуар, Көкпар тарту, Теңге алу, Жамбы
ату, Ат шаптыру, Ат қарғыту, Жорға салу, Аударыспақ ойнау, т.б.
Отау көтеру (салт). Көтерілген отауың құтты болып, ұзақ жасап ішінде
сүйсін жарың (Қыз Жібек). Ұлтымыздың мәдениетінде отау көтердің деген
сөз бар. Ол үйлендің, жұпты болдың деген мағынаны білдіреді. Демек,
үйленумен бірге отау көтеруге тиіс. Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа
шығатын ата ана алдымен отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосыла
берілетін. Отау жас отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан оны
барынша әсемдеп, әдемілеп, толық жабдықтап әзірлеу аз шаруа емес. Оған
көрші көлем, жақын туыс, нағашы жиендер тегіс араласады. Кесе аяқтан бастап
үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық,
әрі міндетті іс. Отау алғаш тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар
бастайды. Шаңырақты да бақанға ақ мата байлап, ел ағалары көтереді. Отқа
май құйылады, босаға майлау жасалады. Алғашқы дастархан жайылып, оған мол
тағам жасалады. Кіргендер шашу шашып, құтты болсын, іші жанға,сырты
малға толсын деген тілекпен қуанышын білдіреді. Жақын туыстар отауға
көірмдік әкеліп, мал атайды, бағалы сыйлайды. Жас отау әке үйінің оң жағына
тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз кірмейді. Ал жастар мен балалар
қызықтап, осы отауды төңіректейді. Ауылдастар мен жанашырлар жас отау
түтінінің түзу шығуын, жаңа үйленгендердің тұрмыс тіршілігін сырттай
бақылап, келінге баға беріп отырады. Жас келін ерте тұрып өз үйінің ғана
емес, жанындағы іргелес үйлердің де түндігін ашуы оның әдептілігі мен
мәдениеттілігін білдіреді.
Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі
қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт дәстүрін жетік
білетін белгілі этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған: ...
қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кәрі
күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте
үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне
ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ
береді. (А.Жүнісов фәниден бақиға дейін). Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер
адамдар көтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде үлкен
мән, ырым бар. Өйткені жасы үлкен күйеу қашанда елге сыйлы және тілектес
адам. Және күйеу қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ
елі осы жолдан әлі айрылған жоқ. Кәрі күйеу келсе, ауылдың үлкен кішісі,
еркек әйелі онымен бір қағыспай, қажаспай қалмайды. Оның шаңырақ көтеруінде
де осындай терең
Шаңырақ түйе (дәстүр). Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның
жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі, т.б.) мініп келе жатқан
көлігі шаңырқа түйе деп аталады. Және ол келін үшін ыстық қасиетті мал
болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер
міне қалса оны көрген жұрт пәленше келіннің шаңырақ түйесіне мініп келді
деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша көште үлкен шаңырақ жеке түйеге
артылып, алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, шаңырақ
түйе деген сөз осыдан шыққан.
Қасиетті қара шаңырақ.
Киіз үй–Атамыз–Алаш, керегеміз ағаш, Киіз туырлықты, ағаш уықты
қазақпыз деп, аталы сөз айтып қалдырған ата–бабаларымыздың негізгі
баспанасы. Киіз үй–тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік, тіпті оған
көршілес елдердің де тұрақ–мекені.
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз
үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені
киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен – жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі,
мақтанышы деп бағаланады. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ
халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет
пен өнердегі талғамы – жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігін
аңғарылады. XII – XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк
орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш. Уалиханов айтқан.
Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз үйіміз тек баспана
ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын
құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Дала тұрғындарының тапқырлық
шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің
білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық көрмелерде
қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1861 жылы
Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге, 1876 жылы
Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы
көрмеге киіз үй апарды.
Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы,
Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы
паң Нұрмағамбеттің үйі сияқты елге аңыз болған үйлер көп болған.
XX ғасырдың 90 жылдары қазақ мемлекетінің жеке шығуы ұлт мәдениетін,
оның ішінде киіз үйдің қадірі мен орны өз дәрежесіне қайта дәріптелуі,
оларға лайықты ас пен тойлардың өткізілуі және соған сәйкес ұлттық мәдениет
ролінің артуы киіз үйге деген көзқарасты айқындады. Енді той–думан тігілген
киіз үй сән–сәулетімен, өнер шеберлерімен, ұлттық дәулетімен, түрлі спорт
жарыстарымен дәрежеленетін болды.
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деген екі түрі бар. Қазақы үйлер
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау болып
келеді. Қазақы үйлер пайдалануына, сән–салтанатына қарай бірнешеге
бөлінеді:
- қара үй (3 қанат);
- қоңыр үй (4 қанат);
- боз үй (5 қанат, орташалар тұратын қарапайым киіз үй);
- ақ үй (6 қанат, дәулетті адамдар үйі);
- ақ ала орда (8 қанат, дәулетті бай үйі);
- ақ орда (12 қанат);
- ақ шаңқан (18 қанат, ел басылар, бай, билер тұратын үй);
- алтын үзік (24 қанат, аса лауазымды хан отбасы тұратын үй);
- алтын орда (30 қанат, ханның мәжіліс ордасы).
Сонымен қатар, көшіп – қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық,
жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар: қос, абылайша, күрке,
кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл – киіз үйдің
жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.
2. Сол жақ (кіргенде оң жақ)–үй иесінің отыратын және жататын орны.
Босаға жақта азық–түлік, ыдыс–аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай
ер – тұрмандар, киімдер ілінеді.
4. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан
асылады.
Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады:
- Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері);
- Киіздері (ши де осыған кіреді);
- Бау – шулары (баулары мен басқұр, арқандары);
Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.
Төрт құбылада–төрт түлік. Қазақ–ежелден мал шаруашылығымен
айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал
өрісін, тіршілік табиғатын, қадір – қасиетін әбден танып, білген. Тіпті
малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын сыншылар да шыққан. Сөйтіп,
халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра
жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, оңтайлы пайдалануды шебер
игерген. Малдың еті, сүті, жүні, түбіті, қылы, шудасы, терісі, тіпті
мүйізіне, сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып, ұқсатып отырған. Мінсе,
көлігі, ішсе, сусыны, жесе, тамағы, кисе, киімі, тұтынса, бұйымы да,
байлық, мақтан, салтанаты да осы мал болған.
Түйені қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, желмая, құлпатша,
нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек деп бөледі.
Шалкиіз жырау: айырдан туған жампоз бар, нарға жүгін салғысыз,-деп
жырласа, Қомын кессең, былқ етпес бекпатша қызыл нар еді, - деп Н.
Ахметбеков түйені жырға қосады. Қазақтың Түйе жаманы –көрт, шөп жаманы -
керт деген мақалы бар.
Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал – жылқы. Оны жасына, түріне қарай
құлын, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік,
айғыр деп ажыратады. Бұрынғы ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі
таңдауларын жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу,
дүлдүл, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеп, бағалған. Халық жылқыны
жоғары бағалап, оны көп өсірген. Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы қазынасы.
Сиыр – жасына қарай бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар,
құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп аталады.
Қой – түріне және жасына қарай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ,
абзал, ісек, ақауыз, қой, қошқар, саулық деп бөлінеді.
Ешкі – лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктеледі.
Мал шаруашылығының қыр – сырын жете меңгерген еңбекшіл де епті
халқымыз мал өнімдерін де тұрмыстық салаға қолдана білді. Оның сүйегін де,
мүйізін де, жүнін де, терісін де үлгіртіп қолдана білді. Жылқы сүйегін
өңдеп, кобди сандықтар бетін өрнектеді. Күзеп алған жал, құйрығынан мықты
арқан есті. Сиыр мүйізінен тарақ жасады. Қой жүнінен киіз, текемет басып,
кілем, сырт киім тоқыды. Түйе жүнінен тоқылған шекпен кәделі, қымбат киім
деп бағаланады. Оның шудасының да емдік қасиеттері бар екенін тапты.
Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес.
Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Олай
болса, кейінгі жастарымыз қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары
мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіс. Рас, олардың бәрі бірдей малды бақпас,
бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұналарымыздың ерекшеліктерін жадыңда
сақтағаны жөн.
Аңшылық өнері. Табиғат аясындағы таным – тәжірибесі тек қана күнкөріс
тіршілігіне негіз болып қоймаған, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді
өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бір көрінісі
аңшылық– саятшылыққа байланысты.
Ел ішінде ит жүгіртіп, құс салған, қақпан – тұзақ құрып, тор жайған
жалғыз –жарым аңшылықты айтпағанда, көшпелілер арасында бүкіл ру–тайпа
болып қотарыла көтерілетін, сөйтіп байтақ өңірді қаумаласа сүзетін аңшылық
дәстүрлері болған.
Қазақ аңшылары өзінің таным–тәжірибесінің арқасында аңшылық–
саятшылық үшін жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы сияқты жан – жануарлардың
тілін таба баптап, қалауына көндіре алған. Осылардың ішінде қыран құстарды
баптаудың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесін шын мәнісіндегі әрі
өнер, әрі терең біліктілік десе болады.
Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі–бүркітпен аң аулау. Бүркіт
деп қазақ аңшылары жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісі, адам қолына
үйренгішін атаған. Сонымен бірге қайратына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz