Бөтен мүлікті ұрлаудың объектісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Ұрлықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1. ҰРЛЫҚТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ . . . 7

1. 1 Ұрлықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы . . . 7

1. 2 Ұрлау ұғымы және оның белгілері . . . 16

1. 3 Бөтен мүлікті ұрлаудың объектісі . . . 34

1. 4 Бөтен мүлікті ұрлаудың объективтік жағы . . . 38

1. 5 Бөтен мүлікті ұрлаудың субъектісі . . . 42

1. 6 Бөтен мүлікті ұрлаудың субъективтік жағы . . . 45

2. ҰРЛЫҚҚА ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР . . . 49

2. 1 Бірнеше рет жасалған ұрлық . . . 49

2. 2 Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлық . . . 50

2. 3 Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға немесе басқа қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық . . . 52

2. 4 Ұйымдасқан топпен жасалған ұрлық . . . 54

2. 5 Ірі мөлшерде жасалған ұрлық . . . 59

2. 6 Ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзекті мәселелері: Бұдан бұрынғы қылмыстық заңнамаларды талдау мен қорытындылау бұрын меншікке қарсы қылмыстар мүліктік қылмыстар деп аталғанын көрсетті. 1922 және 1926 жылдардағы Қылмыстық кодекстерінің тиісті тарауларының тақырыптары осылайша аталды.

Екі ұғымның екеуі де меншікке қарсы қылмыстар өздерінің мүліктік затына ие болатындықтан бір біріне ұқсас.

Меншікке қарсы қылмыстардағы мүлік деп сыртқы дүниенің кез келген заттары мен объектілері емес, адамның қолымен жасалған, қажеттілікті өтеуге болатын, белгілі бір құны бар нәрселер, заттар, қару, құралжарақтар және тағысын тағылар аталады.

Әлеуметтік құндылық жүйесінде меншік құқығы тұлғалардың ең бір маңызды әлеуметтік игіліктері ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Меншікке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тарауының заңдық техникасы заң жүзінде жетілдірілген және аталған тараудың құрамдарына жаңартулар енгізілді.

Сонымен, қазіргі қолданыстағы және бұрынғы Қылмыстық кодекстердің арасындағы кейбір елеулі деген айырмашылықтарын көрсете кеткен жөн болар, олар: ҚР ҚК 175-бабының ескертуінде заңды түрде бекітілген ұрлаудың жалпы ұғымы; кінәлінің тауып алған немесе кездейсоқ қолына түскен бөтеннің мүлкін иемденіп кетуі, ұсақ-түйек ұрлау сияқты қылмыс түрлері қылмыссыздандырылды; ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚР ҚК 180-бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚР ҚК 186-бабы) сияқты халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкестендірілген қылмыстың жаңа құрамдары енгізілді.

Нарықтық экономикаға өтуге байланысты сонымен меншік қатынастарының нашарлауына және біздің еліміздің көптеген азаматтарының өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты криминогендік жағдайға, бөтеннің мүлкіне қол сұғушылықтың күрт өсуіне негіз болып отыр.

Сондықтан меншікке қарсы қылмыстар және олармен күрес қазіргі заманның заңдық тәжірибесінің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Сонымен қатар ұрлықтың сараланған түрлерін де қарастырамыз.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.

Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабында бекітілген. Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығы бойынша Қазақ ССР қылмыстық кодексінен алынып тасталынды, ал 2-і бөлімі «Меншікке қарсы қылмыстар» деген атау алды.

Ол ешқандай өзгеріссіз Қазақстан Республикасының 1998-і жылғы қылмыстық кодексінің ерекше бөліміне кірді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіндегі жауаптылыққа сәйкес, біріншіден - жеке меншіктің барлық формаларына қол сұғушылық болып табылады, егер олар заңдық іс әрекеттерімен жасалса, екіншіден - жеке меншікке қарсы қылмыс үшін заңмен бекітілген, оның формасынан тәуелсіз біртекті белгілерінің жиынтығы бекітілген, үшіншіден - жеке меншіктің барлық формаларына ұқсас қол сұққаны үшін бірдей жауаптылық қарастырылады. .

Дипломдық жұмыстың мақсаты: соңғы жылдардың тәжірибе материалдарын жинап, қорыту адамдардың топ болып ұрлық жасау көлемінің өскенін көрсетеді.

Қылмыстық топтардың конспиративтік дәрежесінің жоғарылығы, ұрланғандарды өткізудің жолға қойылған жүйесі, әртүрлі техникалық және көліктік құралдарды қолданулары оларды ерекшелендіреді.

Қылмыскерлер мен қылмыстық топтардың көбісі ұрлық объектісін таңдауда ол туралы ақпарат жинайды, бақылау жүргізеді, арнайы құралдар дайындайды. Қылмыс жасау үшін ыңғайлы уақытты белгілейді.

Бөтен адамның мүлкін ұрлаудағы зор үлес салмақ және бір оның тенденциясы жағынан ішкі істер органдарының қызметінің әсіресе төменгі саптағы әлсіз ұйымдық, құқықтық және техникалық қамтамасыз етілуіне, ал екінші жағынан жыл сайын мыңдаған қылмыстық істердің тоқтатылуына алып келуде.

Қылмыстың өсу қарқыны мен ауқымы оны әлеуметтік реформаларды іске асыруға бөгет болатын, азаматтардың өз өмірлері мен әл-ауқаттарына алаңдаушылығын туғызатын, өкімет пен басқару органдарына, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа сенімді төмендететін басты факторлардың біріне айналдырды.

Қылмыс құрылымы мен динамикасындағы кері тенденциялар соңғы бір жарым жылда ерекше байқалды, өйткені оның жалпы деңгейінің өсуіне түрғындардың тұрмыс деңгейінің қатты төмендеуі және қоғамдық өмірдің барлық саласына қылмыстың дендеп енуі септігін тигізген.

Зорлық көрсету арқылы жасалатын ауыр қылмыстар саны қарқындап өсуде. Қылмыс күн өткен сайын ұйымшыл және кәсіпқой сипатқа ие болып барады.

Жасалған қылмыстардың қатыгездігі күшеюде және олардың салдары да артуда, қылмыскерлердің әшкерелеуде өз өзін қорғау деңгейі өсуде, құқыққа қарсы жауапкершілікке тұрғындардың көп бөлігі тартылуда. Қазіргі заманғы қылмыстың жарқын бір тенденциясы ол қылмыстық құрылымдардың экономикада, саясатта, мемлекеттік билік және басқару жүйесінде беку талпынысы болып отыр.

Халық шаруашылығы қызметінің пайдалы салаларымен ресурсқа бай аймақтарды иелену үшін болатын қатты бәсеке кезінде қылмыстық орта ұйымдасады және қаруланады, өз қызметіне басқару аппаратын тартады және заң шығару, атқару органдарына енеді.

Бұған едәуір дәрежеде капиталдың, қаржы және материалдық ресурстардың пайда болуы мен қозғалысына мемлекет және бүкіл қоғам тарапынан тиімді бақылаудың жоқтығы септігін тигізуде.

Азаматтардың көпшілік бөлігінің мемлекеттік мүлікті жекешелендіру үрдісінен тыс қалуынан және қылмыстанған нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық мінез құлықтық амалдардың жоқтығынан тұрғындардың экономикалық құқық бұзушылықтармен қьлмысқа қатысты виктимділігі өсті.

Азаматтардың мүліктерімен меншік құқықтарының қозғалу деңгейі өте төмен болып отыр. Елдегі жүргізіліп отырған өзгерістердің әлеуметтік мәртебелерінің тез өзгеруі әлеуметтік қарама қайшылықтарды шешудің қылмыстық көш қолдану әрекеттерінің кеңінен таралуына әкеліп отыр.

Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, жалақының уақытылы төленбеуі, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуының әлсіздігі соның салдары іспетті мүлікке қатысты қылмыстар жасауға дайын мүліксіз элементтердің үлесінің артуы босқындардың болуы жекешелендірудің түсініксіз үрдістері, жеке құрылыстар торабының кеңеюі, объектілерді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға қажетті құралдардың жоқтығы -осының бәрі бөтен біреудің мүлкін ұрлауға әкелетін себептердің бір бөлігі ғана.

Теориялық білім мен құқықтық қолданушылық практикалық аралық ұстанымын бір ізділікпен жүзеге асыру, жасалатын ұрлықтардың сипаты мен құрылымы туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға, ашкөздік қылмыстың бүгінгі жағдайын талдауға, осы қылмысқа қарсы әрекеттердің формасын қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ететін басты факторларды даралауға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады

  1. ҰРЛЫҚТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ

1. 1 Ұрлықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Бұдан бұрынғы қылмыстық заңнамаларды талдау мен қорытындылау бұрын меншікке қарсы қылмыстар мүліктік қылмыстар деп аталғанын көрсетті. 1922 және 1926 жылдардағы Қылмыстық кодекстерінің тиісті тарауларының тақырыптары осылайша аталды. Екі ұғымның екеуі де меншікке қарсы қылмыстар өздерінің мүліктік затына ие болатындықтан бір біріне ұқсас. Меншікке қарсы қылмыстардағы мүлік деп сыртқы дүниенің кез келген заттары мен объектілері емес, адамның қолымен жасалған, қажеттілікті өтеуге болатын, белгілі бір құны бар нәрселер, заттар, қару, құрал-жарақтар және тағысын тағылар аталады.

Әлеуметтік құндылық жүйесінде меншік құқығы тұлғалардың ең бір маңызды әлеуметтік игіліктері ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Меншікке қарсы қылмыстар» деп аталалатын 6-тарауының заңдық техникасы заң жүзінде жетілдірілген және аталған тараудың құрамдарына жаңартулар енгізілді.

Сонымен, қазіргі қолданыстағы және бұрынғы Қылмыстық кодекстердің арасындағы кейбір елеулі деген айырмашылықтарын көрсете кеткен жөн болар, олар: ҚР ҚК 175-бабының ескертуінде заңды түрде бекітілген ұрлаудың жалпы ұғымы; кінәлінің тауып алған немесе кездейсоқ қолына түскен бөтеннің мүлкін иемденіп кетуі, ұсақ-түйек ұрлау сияқты қылмыс түрлері қылмыссыздандырылды; ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚР ҚК 180-бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚР ҚК 186-бабы) сияқты халықаралық-құқықтық нормаларға сәйкестендірілген қылмыстың жаңа құрамдары енгізілді. ҚР ҚК «Қарақшылық» 179-бабы 2-бөлігінің «д» тармағына «денсаулыққа ауыр зиян келтірумен» деген, ал ҚР ҚК 179-бабы 3-бөлігінің «б» тармағына «денсаулыққа ауыр зиян келтірумен» деген сөздерден кейін «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан» деген толықтыру енгізілді.

Қорқытып алушылық қылмысының негізгі құрамындағы жекелеген белгілері нақтыланды (ҚР ҚК 181-бабы) . Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22-қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне интеллектуалдық меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен ҚР ҚК 184-бабының атауы өзгертілді. Енді ол бұдан былай ол «Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу» деп аталатын болды. Сонымен бірге ҚР Қылмыстық кодексіне 184-1 «Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өндірістік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросызбалар топологияларына құқықтарды бұзу» деген жаңа бап енгізілді, сондай-ақ ҚР ҚК 184 және 184-1-баптарының ескертулері қарастырылды.

Көптеген қылмыс құрамдарының саралаушы белгілерінің мазмұндары мен тізімдері өзгертілді; меншікке қарсы қылмыстардың көптеген санкцияларындағы ауырлық дәрежесі айтарлықтай жеңілдетілді. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың мәнін түсіну үшін ең алдымен осы қылмыстың объектісін анықтап алу маңызды орын алады.

Мұндай мәселені шешу қылмыстық құқық теориясында тыңғылықты жасалған қылмыс объектісі туралы жалпы ережелерге негізделген болуы керек. Қол сұғушылық объектісін дұрыс анықтау осы топтағы қылмыстың мән-мағынасын ашуға мүмкіндік береді, соңғысының қоғамдық қауіптілік сипатын көрсетеді және ең маңыздысы осы қылмыстарды дұрыс саралау үшін алғышарттар тудырады.

Меншікке қарсы қылмыстардың топтық обьектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатыныстар болып табылады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктің нақты бір нысаны-мемлекеттің қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады.

Демек, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншік болып табылады деп атап өту керек. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-195-баптарына сәйкес, меншік құқығы - заңнамалық актілермен танылған және қорғалатын субъектінің өзінің қалауы бойынша иелігіндегі мүліктерді иемдену, пайдалану және билік жасау құқығы.

Сөйтіп, меншік иесінің құғына өзінің мүлкін иемдену, пайдалану және басқарып ұйымдастыру жатады. Иемдену құқығы іс жүзіндегі мүліктен пайдалы табиғи қасиеттерін алуын, сондай-ақ одан пайда көрудің заңды түрде қамтамасыз етілген мүмкіндігімен көрінеді.

Пайдасын көру жемісі мен өнімін және өзге де кірісін алумен көрінеді. Пайдалану құқығы іс жүзіндегі мүлікке ие болудың заңды түрде қамтамасыз етілген мүмкіндігімен көрінеді. Билік жасау құқығы мүліктің заңды тағдырын қамтамасыз ету мүмкіндігімен көрінеді (ҚР АК 188-б. 2-бөл. ) .

Меншік иесі өзінің қалауы бойынша өзінің иелігіндегі мүлікке қатысты кез келген әрекетті қолдануға, соның ішінде оны басқа бір адамға мүлдем беруге, өзінің иелігін сақтай отырып, бере тұруға, өзінің иемдену, пайдалану және билік жасау құқығын сақтай отырып, кепілдікке беруге, билік жасауға және басқа да жағдайларда бере алады (ҚР АК 188-б. 3-бөл. ) . Кейбір меншікке қарсы қылмыстарда (тонауда, қарақшылықта) тікелей объекті тектік объектімен сәйкес келеді.

Осыған қарай атап өту керек, заң әдебиеттерінде ұрлаудың тікелей объектісін анықтауға байланысты бірыңғай көзқарас болған емес және болуы да мүмкін емес. [5; 24-б] . Атап айтқанда, тікелей объекті ретінде ұрланатын мүліктердің мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншіктік меншікке жататындығын анықтауды қарастыру жөнінде пікірлер айтылды. П. С. Матышевский ұрлау кезіндегі қол сұғушылықтың тікелей объектісі меншік құқығы болып табылады, деп бекітіп айтады.

Басқа авторлардың пікірі бойынша, ұрлаудың тікелей объектісі мүлік болып табылады. Ұрлау объектісі мүлік бола алмайтындықтан соңғы ережемен келісуге болмайтын сияқты, оның үстіне бұл объекті ұғымының өзіне қайшы келеді.

Ұрлау кезінде заттың өзі өздігінен ешқандай шығынға ұшырамайды, солай бола тұрса да немен шығын келтірілсе сол объекті ретінде танылады. Сонымен бірге меншікке субъективті құқықты да жеке мүліктік мүдделерді де қылмыстың тікелей объектісі деп тануға болмайды.

Қылмыстық құқық теориясы тұрғысынан алғанда қылмыстық объектісі объективті де және субъективті де мағынадағы құқық бола алмайды. Мұндай рөл тек қана қоғамдық қатынастарға беріледі.

Атап өтетін болсақ, мүлік ұрланғанымен меншікке деген құқық тоқтап қалмайды, өйткені меншік иесі сол мүлікті ұрлап алған адамнан қайтарып алатын мүмкіндікке ие болады. Адамның өзінің меншігі мүлікке қарсы қылмыс объектісі бола алмайды.

Меншік басқа да қылмыс түрлері жасалғанда да қылмыс объектісі ретінде болып қала береді. Мәселен, бөтеннің мүлкін құртумен немесе бүлдірумен жанасқан бұзақылық, өрт қоюмен мүліктерді қиратумен, құртумен немесе бүлдірумен жалғасқан жаппай тәртіпсіздік және басқалар.

Бұл аталған қылмыстардағы меншіктік қатынастар қосымша объектілер ретінде көрінеді. Заң шығарушы, меншікке қарсы қылмыстық іс-әрекеттер туралы ережені қалыптастыра отырып, олардың кейбіреуі негізгі объектіге тікелей қол сұға отырып, сөзсіз қол сұғушылықтың қосымша объектілері ретінде көрінетін тұлғалардың белгілі бір мүдделеріне залал келтіретінін немесе нақты қауіп төндіретінін ескереді.

Мысалы, тонау жолымен жасалған ұрлауда қосымша объекті ретінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян немесе осындай күш қолданамын деп қорқыту болып табылады (ҚР ҚК 178-б. 2-бөл. «а» тар. ) . Бөтен мүлікті ұрлау мақсатындағы қарақшылық (ҚР ҚК 179-б. ) шабуылға тап болған адамның денсаулығы мен өміріне нақты қауіп төндіреді. Алаяқтық жасауда қосымша объекті болып жәбірленуші мен оның жақын-туыстарының денсаулығы, абыройы мен ар-намысы табылады.

Сөйтіп, күш көрсетумен жасалатын мүліктік қылмыстарда тікелей объекті болып меншік, ал қосымша объекті болып жәбірленушінің өмірі немесе денсаулығы танылады.

Қылмыстық құқық теориясында объектіні қол сұғу нәрселерінен айыру үшін қоғамдық қатынастың материалдық көрінісі ретінде қарастыру тұжырымдамасы елеулі орын алады. Мәселен, бөтеннің мүлкін ұрлау кезінде мүлік осы ұрлықтың заты болып қана қарастырылады.

Мүлік мүліктік қатынастардың қажетті материалдық негізі болып қана табылады, ұрлық жасау кезінде осы мүліктік қатынасты бұзу жүзеге асады. Мүлік пен оның иесі (немесе иемденушісі) бір-бірімен іс жүзінде тығыз байланысты.

Сондықтан мүлікке қол сұғушылық бір мезгілде меншікке қол сұғушылық болып табылады. Кінәлі, азаматтың бөтен мүлкін ұрлай отырып, тікелей мүлікке және осы мүліктің иесіне шығын келтіреді.

Бұл жерде меншік құқығы қылмыстық қол сұғушылықтан шығын көрмейді, ұрланған мүлік табылғаннан кейін заңды иесіне қайтарылу мүмкін. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2006 жылғы 25-желтоқсандағы №4 «Бөтеннің мүлкін зансыз иемдену жөніндегі» нормативті қаулысында ұрлау мен өзге де меншікке қарсы қылмыстардың пәні бөтен, яғни кінәлінің иелігіндегі емес мүлік болып табылады, деп атап өтілген.

Бұл жерде ұрланатын мүлік қылмыс жасалу кезінде меншік иесінің иелігінде, сол сияқты осы мүлік сеніп тапсырылған адамның иелігінде немесе заңсыз иелікте болуы мүмкін.

Басқа бір адамдармен бірлескен меншіктегі, соның ішінде құрылтайшылардың арасында кінәлі адам бар заңды тұлғаның иелігендегі мүлікті заңсыз алып қою ниеттің бағытына қарай ұрлау ретінде не озбырлық деп саралануы мүмкін.

Кінәлінің тауып алған немесе қолына кездейсоқ жағдайда түскен бөтен мүлікті иемденіп кетуі ұрлау деп бағалана алмайды. Кінәлінің ұрланған мүлікті өзінің қалауынша пайдалануы (сату немесе басқа біреуге беру, бүлдіру, бөлшектеп бұзу, құрту және т. б. ) қылмыстың дербес құрамын құрмайды және қосымша саралауды талап етпейді.

Ұрлық заты пайдалануға арналған орнына қарай шын мәнінде белгілі бір бағасы бар құндылық ретінде көрінеді. Осының соңғы жағдайында ол басқа құндылықтардың айғағы, олардың эквиваленті, оларға теңдес материалдық құндылыққа ие болуы ретінде көрінеді.

Оларға ұрланған адамның еңбегімен өндірілген материалдық нәрселердің нақты құнын бағалайтын ақша, құнды қағаздар, облигациялар, лоторея билеттері жатады, бұлар сот материалдық нәрселер мен заттардың орнын басатын болғандықтан олардан айырылу жәбірленушіге келетін тура шығын, олардың материалдық игілігінің төмендеуі болып табылады. Негізінен мүліктік құқық алаяқтық - ҚР ҚК 177-бабы және қорқытып алу - ҚР ҚК 181-бабы сияқты қылмыс құрамының нәрселері болып табылады. Объективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекет жасау жолымен жасалады (ҚР ҚК 175-188-баптары), бұл жерде оларды заң шығарушы негізінен қылмыстың материалдық топтары ретінде топтастырған.

Осыдан келіп, объективтік жақ: жасалған іс-әрекет, келтірілген зардап және іс-әрекеттер мен зардаптардың арасындағы себепті байланыс сияқты үш міндетті белгілерден тұрады деп қорытынды жасауға болады.

Сонымен бірге, қылмыстық зардап қашанда материалдық сипатқа ие болады және ол мүліктік шығын келтіру түрінде көрінеді. Тек қарақшылық (ҚР ҚК 179-бабы) пен қорқытып алушылық (ҚР ҚК 181-бабы) өздерінің құрылысы жағынан формальды қылмыс болып табылады, өйткені бұларда материалдық қылмыстарға қарағанда міндетті белгілері тек қана әрекет болып табылады да, ал зардап осы екі қылмыстың екеуінде де қылмыс құрамынан тыс қалады.

Жекелеген меншікке қарсы қылмыстар үшін объективтік жағының міндетті элементі қылмыстың жасалу әдісі болып табылады (күш көрсететін немесе күш көрсетпейтін, жасырын немесе ашық) .

Ұрлау кінәлінің ұрланған затты өзінің қалауы бойынша пайдалану немесе билік ету не басқа үшінші бір адамға беру мүмкіндігіне ие болғанда аяқталған деп саналады.

Ұрлауды аяқталған деп тану үшін кінәлінің іс жүзінде ұрланған затты пайдалануы, одан пайда табуы қажет етілмейді. Ең маңыздысы - оның осындай мүмкіндікке ие болуы.

Егер кінәлі адам бөтен мүлікті алып қоюға бағытталған әрекет жасап, бірақ одан ешқандай пайда көре алмаса, онда оның бұл әрекеті ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей ұрлауға оқталу ретінде және ҚР ҚК 175-180-баптарында қарастырылған тиісті қылмыстарға сәйкес сараланады.

Күзетілетін жерден ұрлауды осы жерден мүлікті сыртқа алып шыққан кезде ғана ол аяқталған деп табылады, өйткені әрекет жасаушының содан кейін ғана осы мүлікті пайдалануға мүмкіндігі келеді.

Бұл жерде ұрланған мүліктің күзетілетін жерден қандай қашықтықта шығарылғанының мәнісі жоқ. Өмір тәжірибесінде күзетілетін орынның қоршалған дуалынан ұрланған затты сыртқа лақтырып жатқан кезде ұсталатын ұрылар жиі кездеседі, мұндайда олардың әрекеті аяқталмаған ұрлық деп танылады. [6; 24-б] .

Күзетілетін жерден ұрланған затты алып шығуға көмектескен немесе оған қарсы ешқандай тосқауыл қоймай, әрекет жасамаған күзет қызметкеріне мүлікті ұрлауға қатысты деп айып тағылып жауапқа тартылады.

Егер ұрланған мүлік ішіп-жеуге келмесе немесе оны күзетілетін жерде пайдалану мүмкін болмаса, онда мүлік күзетілетін жердің шегінен шыққанша ұрлау әрекеті аяқталмаған деп саналады. Ішіп-жеуге болатын (мысалы, спирттік ішімдіктер, тамақ тағамдары) қылмыстың аяқталу сәті ұрланған затқа қатысты ниетіне байланысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстар түрі
Меншікке қарсы қылмыстар
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
БӨТЕН МҮЛІКТІ ТОНАУДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУДЫҢ НЫСАНДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
ҰРЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫНДА МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАР
БӨТЕННІҢ МЕНШІГІН ҰРЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz