ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ КОСОВО МӘСЕЛЕСІ


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ЖҮЙЕСІНДЕГІ КОСОВОНЫҢ ОРНЫ
- Қазіргі кездегі Косовоның жағдайы . . . 9
- Ұлы державалардың Косово мәселесіне қатысты ұстанымдары . . . 13
ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ КОСОВО МӘСЕЛЕСІ
2. 1 Косово дағдарысының шығу себебі, тарихи алғы шарттары . . . 21
2. 2 Иосип Броз Титоның Косовоға қатысты саясаты(1963-1980) . . . 29
2. 3 Косоводағы Слободан Милошевич режимінің салдары . . . 33
III КОСОВО МӘСЕЛЕСІНІҢ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Косовоның мәртебесі және оның тәуелсіздікті жариялағанынан кейінгі
даму жолдары . . . 37
3. 2 Косоводағы бітімгерлік операциялары . . . 43
Қорытынды . . . 53
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 57
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жанжалдар мен қарулы қақтығыстар халықаралық қатынастар тарихындағы өзекті құбылыстардың бірі. 1945 жылдан кейін әлемде 200-ден аса аймақтық және жергілікті соғыстар мен жанжалдар орын алған. Осы соғыстардың салдары көптеген адамдардың өліміне үлкен материалдық тоқырауға, экологиялық апаттарға, халықтың моральдық-психологиялық жағынан құлдырауына, әлемдегі хал-ахуалдың күрделенуіне алып келді. Көптеген аймақтық жанжалдар өз шеңберінен шығып ғаламдық мәселеге айналды. Көп жағдайда аймақтық мәселелер, жанжалдар сыртқы күштердің, яғни халықаралық қатынастардың басқа субьектілерін араластыруына алып келіп жатады. Осындай жанжалдың бір түрі Косово дағдарысы.
1999 жылы наурыз-маусым айларындағы НАТО-ның Югославияға қарсы әскери операциясы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет тәуелсіз еуропалық мемлекет, 19 мемлекет кіретін коалиция тарапынан соққыға ұшырап, басқа мемлекеттер осы елдің ішкі істеріне араласып, 1949 жылғы Вашингтон келісімін жоққа шығарғандай болды.
Осы жағдай жаңа халықаралық қатынастар, ғаламдық және еуропалық қауіпсіздік, халықаралық құқық мәселелерін қызу талқылауларға түсіп, сынға ілінді. Бұл талқылаулардың бір ерекшелігі - Югославияға қарсы жасалған НАТО-ның іс-әрекетінің қарама-қайшылығы, халықаралық құқықтық база мен әлемдік тәртіпке әсері. Көптеген дамушы елдерді осы жағдай қатты қобалжытты, себебі Югославияның орнында осы елдер де «гуманитарлық интервенцияның» құрбаны боларына ешкім кепіл бола алмады.
Балқандағы соғыс соның ішінде, Косоводағы жанжал бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Косоводағы албандар мен сербтердің қақтығысынан басталған және Еуропа елдерінің басқа елдің ішкі жағдайына қол сұғуы халықаралық тәртіптің бұзылуына алып келді. 1990 жылдары аймақтық қақтығыстар халықаралық қатынастардағы негізгі проблемалардың біріне айналды. Осындай аймақтарға Сьерра-Леона, Судан, Сомали, Руанда, Босния, Косово және Шешенстан болды. Зерттеуші Р. Фальктің пайымдауынша елдердің осындай мүшкіл жағдайы «қырғи қабақ соғысынан» кейінгі қалыптасқан «жаңа әлемдік тәртіпке» байланысты. Бұл елдердің жаһандану үрдісіне қосатын үлесі болмағандықтан әлемдік державалар оларға ешқандай көмек көрсете алмауда. Алайда осы мәселелерді шешуде қай ел көшбасшы болу керек деген сұрақ өте қайшы болып тұр.
Кейінгі уақытта, халықаралық қауымдастық адам құқықтары мәселелеріне көп көңіл бөле бастады. Апартейдқа қарсы Оңтүстік Африкадағы және Шығыс Еуропадағы азаматтық-саяси құқықтар үшін күрес науқандары үлкен жетістіктерге жетті.
Косовадағы адамзатқа қарсы қылмысты АҚШ пен Еуропа бүкіл әлемге бағытталған жаңа қауіп ретінде бағалады. Сондықтан да олар Рундадағы оқиға қайталанбас үшін өте қатал шараларға барды.
Жалпы алғанда, Балқан түбегіндегі дағдарыстың шығу себептерін екі фактормен айқындауға болады. Біріншіден - этникалық, екіншіден - территориялық тарихқа көз жүгіртетін болсақ сербтер мен албандардың қақтығысы Милошевичтің келуімен өрши түсті. Теқ қана 1458 жылы ғана сербтердің саны 98% болып, албандардың саны 1% болатын болса, 2007 жылы албандардың саны 92% ал сербтердікі 5% ғана. Осы қатынасқа қарай отырып мұсылмандар мен христиан діндерінің бір территорияда орналасуы болашақта қақтығысқа апарар жол боларын аңғару әсте қиын емес. Осман империясының қол астында болған және албандармен қақтығыстар жүргізген сербтер қазіргі таңда территориясының бөлінбеуінің қалауын дұрыс деп есептейді.
Қазіргі таңда Косово мәселесі өте өзекті. Себебі, Косово Шығыс Еуропада орналасқан ел, соған қарамастан Батыс Еуропа мемлекеттерінің оған деген мүддесі зор. Ол әлемдегі болып жатқан Израиль мен Палестина, Үндістан мен Пәкістан арасындағы немесе түріктер мен күрдтер арасындағы қақтығыс сияқты, албандар мен сербтердің, яғни өркениеттер қақтығысының құрбаны болып отыр. Бұл қақтығыс ХХ ғасырдың туындысы емес, оның түп-тамыры тереңде жатыр.
Сербтер мен албандардың қақтығысында «кінәлі» немесе «дұрыс жақты» көрсетуге болмайды. 80 жыл бойы екі жақ та өздерінің ерекшеліктерін көрсеткісі келді. Иосип Броз Титоның Косовоға автономия статусын беруі де Сербия саясатының көрінісі деп айта алмаймыз, себебі Титоның өзі серб ұлтынан емес. Ол ЮСФР-ді құру арқылы барлық тұрғылықты ұлттардың жағдайын жақсарту.
Үшінші жақтың араласуы керек еді, бірақ ол әскери сипат алмай, бейбіт түрде болуы тиіс еді. Косовоға тәуелсіздік беру басқа бір елдердің саясаты ғана, негізінен ол өзінше өмір сүре алмайды, себебі олардың тәуелсіз мемлекет ретінде дамуға ешқандай ресурстары жоқ. Тек ол ғана емес, сонымен қатар екі жақ өзара мәмілеге келе алмай отыр. Болашақта Косово Албанияның құрамына кіріп, Косовоның бүкіл территориясы «албандалған» болып, жергілікті сербтердің мәдени, архитектуралық жағынан құндылықтарын жоғалтқан болады, ал оның өзі белгілі бір ұлттың «ығыстырылуына» алып келеді. Ол жағдайда ауқымды албан-серб соғысына алып келуі мүмкін.
АҚШ пен НАТО-ның іс-әрекетіне келетін болсақ ол БҰҰ-ның рұқсатынсыз басталған акция. Олардың ақталуы үлкен күмәндар туғызды.
НАТО-ның араласуына Косоводағы адам құқықтарының аяққа тапталуы, албандарға қарсы геноцид саясатының жүргізілуі ықпал етті.
Осы мәселеде АҚШ-тың позициясы түсініксіз болып отыр. Америка албандарды яғни мұсылман халқын қолдап отыр. Бір жағынан ол Ресей Федерациясына көрсеткен «күш» ретінде, себебі Ресей өзінің көп автономиясымен әйгілі. Егерде Косово Автономиялық Республикасы барлық елдер тарапынан тәуелсіз мемлекет болып танылса Ресейдегі елдер де өз тәуелсіздігін талап етуі мүмкін.
Дипломдық жұмысқа талдау жасауда фактілерге және БАҚ-тың берген ақпараттарына сүйене отырып, сараптамалық қорытынды жасауға болады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Косоводағы жан-жалдардың пайда болып, уақыт өте өршіп отырғанынан осы уақытқа дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты осы аймақтағы шиеленістердің шығу себептері мен қазіргі таңдағы Косово статусын анықтау. Осы мәселелерге байланысты қорытындылар мен ұсыныстар жасау. Осыған орай мынадай міндеттерді шешу:
- Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Косовоның орнын ашып көрсету;
- Ұлы державалардың Косово мәселесіне қатысты ұстанымдарын сипаттау;
- Косово дағдарысының шығу себебін, тарихи алғы шарттарын анықтау;
- Иосип Броз Титоның 1963-1980 аралығындағы Косовоға қатысты саясатын ашып көрсету;
- Косоводағы Слободан Милошевич режимінің салдарын зерттеу;
- Косовоның мәртебесі және оның тәуелсіздікті жариялағанынан кейінгі даму жолдарын қарастыру;
- Косоводағы бітімгерлік операцияларын бағалап, оларға сын беру.
Зерттеу обьектісі. Косоводағы қалыптасқан жағдай, тарихқа көз жүгірту, Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-тың негізгі мақсаттары, болашақтағы жағдай.
Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысының алдына қойылған мақсат-міндеттерге жету жолында деректік негіз болған деректердің ерекшелігі мен сипатына қарай төмендегідей бірнеше топтамасы қолданылды:
Деректердің бірінші тобына Косоводағы жан-жалдардың пайда болу себептерін, олардың алғышарттарын, Косово жан-жалының БҰҰ-да орын алуы және халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын және оның қазіргі кездегі жағдайына, Косоводағы барлығын қамтитын жағдайды, Косовоның келешек мәртебесін анықтау үрдісін, қақтығыстарды келіссөздер арқылы ретке келтіретін Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған Резолюциясы [1], БҰҰ Жарғысы [2], халықаралық ұйымдардың Косовоға қатысты шешімдері, қарарлары жатқызылады.
Деректердің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер министрлерінің, халықаралық ұйымдар басшыларының, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды. Югославия президенті Слободан Милошевичтің сөз сөйлеулері «Кто разрушал Югославию?» [3, C. 145], «Сербы по-рыцарски защищали страну, НАТО творило грязные преступления» [4, C. 76], ОБСЕ Төрағасы Кнут Воллебэктің «Мы осуждаем терроризм и признаем территориальную целостность России» [5, C. 15-17], және осындай еңбектердің жеке бір тобына Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың еңбектері, үкімет басшылары мен қайраткерлерінің, дипломаттардың еңбектері, сөйлеген сөздері, баяндамалары, сұхбаттары енгізілді [6] .
Деректердің үшінші тобын мемуарлар мен естеліктер құрайды. Бұл деректердің қатарында батыстың, Югославияны, Ресей, Қазақстанның басқа да әлем елдерінің саяси қайраткерлерінің естеліктерін ерекше атап өткен жөн. Бұл деректер Косово жан-жалын реттеуге, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге, елдің сыртқы саясатына қатысты мәселелерді терең зерттеуге көмектесті. Атап айтсақ Алексей Скворцовтың «Косово и Метохия: можно ли защищать права человека посредством насилия?» [7, C. 245], Ж. Атталидің «На пороге нового тысячелетие» [8, C. 95], Булатович Л. Генерал Младичтің «Военный преступник?» [9, C. 201], Гуськова Е. Ю. Вооруженные конфликты на территории бывшей Югославии [10, C. 277], Гуськова Е. Ю. Урегулирование на Балканах: От Бриони до Дейтона (мирные планы 1991-1995) [11, C. 341], Данилевский Н. Я. Горе победителям [12, C. 141], Калаич Д. Американское зло. [13, С. 210], Лещиловская И. И. Исторические корни югославского конфликта. [14, С. 40-56], Мартынова М. Ю. Балканский кризис: Народы и политика [15, C. 577], Миличевич П. Шесть агрессий Запада против южных славян в ХХ-ом столетии [16, C. 97] атты еңбектері.
Деректердің төртінші тобын Ресейлік және шет елдік бұқаралық ақпарат құралдарының деректері және қазіргі кездегі интернет сайттарындағы мәліметтер, зерттеу тақырыбына байланысты мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдар жатады. Оған республикалық және шетелдік газеттер мен журналдармен қоса анықтамалық-энциклопедиялық материалдар құрайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Косово мәселесін зерттеу Ресейлік «Urgent problems of Europe» кітапшасында өз деңгейінде жазылған. Ол бойынша барлық мәселелер қамтылған. [17, 39-бет]
Жалпы, Косово мәселесін қарастыру 2000 жылдан бастап тереңірек зерттеле бастады. Солардың ішінде Балқан түбегіндегі мәселелерді зерттеуде Ресей сарапшылары үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Олар - Валев Э. Б. [18], Волков В. К. [19, 3-32-бет], Б. А. Шмелев и А. А. Язьков [20, 173-бет], Волхонский Б. [21, 26-29 бет], Д. Тренина и Е. Степановой [22, 309-бет], Романенко С. А. [23, 89-105 бет], Григорян М. [24], Караваев А. [25] .
Аса құнды зерттеу қатарында Е. Ю. Гуськованың «История югославского кризиса (1990-2000) » монографиясы орын алады. Югославия дағдарысының тарихын Е. Ю. Гуськова тізбектеп он жыл бойы қарастырады. Өзінің монографиясында автор негізгі назарды келесі аударады: «көп ұлттық мемлекет шарттарында әлеуметтік-экономикалық мәселелердің кез-келген шиеленісуі сөзсіз түрде оларды ұлттық мәселелерге айналдырады» [26, 45-бет] . Құжаттарды талдау негізінде Гуськова республикадағы азаматтық соғыстың басталуы мен сербия қозғалысының радикалдануына Белградтың қолдауы емес, басқарушы партия - Хорватия демократиялық достастығының саясаты мен марқұм президент Франьо Туджманның жеке ұстанымы әрекеттескенін көрсетеді. Босния мен Герцеговинадағы аса күрделі үрдістерді қарастыра келе, автор, ең бастапқы кезекте, мемлекеттегі үш негізгі халықтың ішкі мәселелеріне, республикаларды бөлу үшін күресіне, оның әскери аспектісіне тоқталып кетеді. Әсіресе, БҰҰ-ның қызметі лайықсыз болып көрінеді, ол жан-жалға мұсылман үкіметі тарапынан араласты. Осы мағынада сербтерге қатысты кішігірім объективті пікір айтулары үшін БҰҰ Күштерін өздерінің посттарынан барлық бұйрық беретіндерді алып тастау көрнекті болып көрінеді. Е. Ю. Гуськова ұсынылатын реттеу, оларды іске асыру жоспарларын және сәтсіздіктер себептерін қарастыра отырып, Балкандағы келіссөз үрдісін жүйелендіреді.
Н. В. Буянова өзінің «Специфика и причины этнополитического конфликта» [27, 22-25-бет] атты мақаласында этносаяси жан-жалдың ерекшелігін оның екі жазықтықтары - саяси және этникалық арқылы ашып көрсетуге тырысып көрді. Бірінші жағдайда, этникалық, этнос, этникалық жан-жал тәрізді түсініктері; екінші жағдайда - саяси жан-жал, жан-жалдың саясаттандырылуы қарастырылады. Мақалада саяси, әлеуметтік-экономикалық және этникалық салалардың жан-жалдық деңгейі туралы мәселе де өз көрінісін табады, олардың соңғысы өздігінен жан-жалдық болып табылмайды.
В. А. Шагалов өзінің «Проблема урегулирования региональных конфликтов в постбиполярную эпоху и участие российских военнослужащих в миротворческих операциях» [28, 355-бет] атты еңбегінде постбиполярлы дәуірдегі аймақтық жан-жалдар мен БҰҰ-ның бейбіт саяси эволюциясының мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударды. Автор осы халықаралық ұйымының ХХ ғасырдың аяғында жүргізген кейбір бейбіт операцияларына талдау жүргізе отырып, олардағы НАТО-ның ұлғайып келе жатқан орнын ерекше атап өтеді. Мақалада ерекше назар Ресейдің бейбіт операцияларға қатысуына аударылады.
П. Кандель мен П. Симичтің пікірінше, шетелдік қатысу бейбітшілікті орнатып, жеке логика мен инерцияға ие болған жан-жалды тоқтату мүмкіндігін береді. Мысалға, П. Кандель өзінің «Босния: проигрывает сильнейший?» мақаласында келесідей бекіткен: «әскери әрекеттер театрында «үшінші - халықаралық, әрі әділ күші» үстемдік етпегенінше Боснияда бейбітшілік болмайды [29, 36-бет] . Осындай күш ретінде П. Симич АҚШ пен НАТО-ны есептейді. Ол келесідей жазады: «Босния мен Герцеговина бойынша Дейтон бейбіт келісімдері жаңа теңгерімнің маңызды тіреуі мен жаңа еуропалық қауіпсіздік тәртібінің біріне айналды . . . Дейтон бейбіт келісімдері суық соғыстан кейінгі АҚШ-тың Еуропадағы аса ірі сыртқы саяси жетістігіне айналды.
Косово мәселесін зерттеуде «International politic» журналының да маңызы жоғары болды. Ол журналда жалпы Югославия және Балқандағы жағдайлары ашып көрсетілген. Шет елдердің зерттеушілері Сербия мен Албанияның қазіргі таңдағы таластарын тарихи, діни және территориялық фактормен түсіндіреді. Сонымен қатар, Греция зерттеушілері де өз ұсыныстары мен көзқарастарын білдірген. Олар Косовоға тәуелсіздік беру қателік деп есептейді.
Зерттеу жұмысын жазу үшін жиналған материалдар мен әдебиеттер ресей және американ сарапшыларының үлесінде. Көптеген Ресей ғалымдары Еуропа мен Американың іс-әрекеттерін сынға алып, халықаралық тәртіпке қайшы деп жазатын болса, американ зерттеушілері АҚШ пен НАТО-ның шараларын қолдайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Косово мәселесі адамзат тарихындағы Батыс Еуропа елдерінің коалиция құрып атқылағаны туралы жаһанды зерттелді. Зерттеу барысында мынандай нәтижелерге қол жеткізілді: «Өркениеттер қақтығысына» сәйкес сербттер мен албандардың діни қақтығыстары анықталды; Косово мәселесінің саяси астары анықталған Косово мәселесінің әлемге ықпалы және ерекшеліктері ашып көрсетілген; Қазіргі таңдағы Косовоның орнын қарастырып, айқындау. Косово мәселесін шешуде ұсыныстар көрсетілген; Халықаралық құқық тарапынан өқөыөтың бұзылуы; АҚШ-тың негізгі мақсаты анықталды; НАТО-ның интервенциясы саяси және ғылыми түрде анықталды.
Зерттеу әдістері. Косоводағы жағдайды айқындау үшін ивент-анализ, контент-анализ, когнитивті-карталау, саяси анықтамалар, эксперттік сараптаулар, стандартты таңдаулы интервью секілді әдістерін қолдану осы жұмыстың коптеген мәселелерін анықтауға көмек берді.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бітіру жұмысының жалпы көлемі 60 бет.
І ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ КОСОВОНЫҢ ОРНЫ
- Қазіргі кездегі Косовоның жағдайы
Балқандағы жағдайдың ең негізгісі Одақтық Югославия Республикасындағы Косово автономиясында болды. 1999 жылы 24-25 наурызда басталған, 78 күнге созылған «Одақтық күш» атты әскери интервенциясы басталды. Интервенцияның формальді себебі - аймақтағы гуманитарлық апатты тоқтату, ал негізінен ол - ОЮР-дің Еуропа елдері қойған талаптарды орындамауы.
Осы жағдайдың бастау алған жері 1992 жылы АҚШ-тың президенті Джордж Буштың косоволық албандарға американдықтардың көмектесуге әрдайым дайын екенін және егерде Босния-Герцеговиниядағы соғыс Косовоға ауысатын болса, Милошевич жауапқа тартылатынын ескертті. Бірақ, 1999 жылға дейін АҚШ ешқандай шаралар жүргізбеді. Оған қоса, 1998 жылдың 23 ақпанында Босния-Герцеговинядағы АҚШ-тың арнайы өкілі Роберт Гельбард Косово Босату әскерін лаңкестік ұйым деп жариялап, сербтердің жүргізіп отырған саясатын дұрыс деп шешті.
Босния-Герцоговиниядағы соғысқа НАТО әскері «кешігіп» қалғандықтан, Косовода бұл жағдайды қайталамауға тырысты. Аймақтағы жан-жалдарды БҰҰ-ның санкциялары, ескертулері шеше алмайтындығын көрсетті [30] .
Босния-Герцеговиниядағы соғысқа С. Милошевичтің ықпалы өте үлкен болды. Дейтондағы келіссөздер жүргізілгенімен Косово мәртебесі туралы ештеңе айтылмады. 1998 жылдың 9 наурызында Милошевичке аймақтағы әскерін алып кетуге екі апта береді немесе Лондон тарапынан санкциялар жарияланады деп мәлімдеді.
Бірақ 25 наурыз күні Ресей, Франция, Италия және Германия тарапынан талаптарды орындау үшін тағы да бір ай уақыт беруін сұрады. Тек қана Ұлыбритания АҚШ-пен бірге болып, Милошевич сияқты зұлымды трибуналға тапсыру қажет деп есептеді. Наурыз айының соңында герман және француз министрлері Милошевич талаптарымен келісе тұра аймақтағы геноцидті тоқтатпағанын мәлімдеді, сонымен қатар серб полициялары Приштиндегі бейбіт халықты өлтіріп жатқаны да назарсыз қалған жоқ.
Осы дағдарыстан кейін АҚШ-тың сыртқы саясатында демократиялық принциптерді бүкіл әлемге тарату шаралары одан сайын күшейе түсті. Әлемдік сахнада АҚШ адам құқықтарының бұзылуын сақтауда бірден-бір көшбасшыға айналды. АҚШ-тың Югославияға «Гуманитарлық интервенциясы» көптеген жағдайлармен түсіндіріледі. Көтеріліп келе жатқан Еуропалық Одақ, сонымен қатар евроны айналымға шығару мәселелері
АҚШ-тың долларына қарсы тұра алатындай валюты болып, долларға қарағанда сұранысқа көп ие болады деген үрей туғызады. Сөйтіп, Шығыс Еуропадағы Югославия Одақтық Республикасының ішкі мәселелеріне Солтүстік Альянсты тартып, аймақтағы құқықтардың бұзылуының бірден-бір себепшісі болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше АҚШ өзінің күшін, билігін көрсеткісі келіп, лайықты нысананы тапты дейді.
Көптеген елдер осы кезде БҰҰ-ның «нақты» жұмысын көрді. БҰҰ резолюциялар қабылдап, санкция жариялағанымен Косово аймағындағы қақтығыстарды тоқтатуға күші болмады. БҰҰ-ның жұмысын АҚШ пен НАТО атқарғандай болды. Қазіргі таңда БҰҰ АҚШ-тың қолындағы қуыршақ екені барлығына мәлім, себебі БҰҰ-ны қаржыландырып отырған негізгі ел ол АҚШ. Косоводағы АҚШ пен Солтүстік Альянстың жасалған қылмысы туралы Халықаралық Сотқа шағымданғанда бұл шағым қарастырылмады. Сонда Әлемдік саясатта Халықаралық тәртіптің керегі қанша?, -деген сұрақ туындайды. Демократиялық принциптерді орнатамыз деген ұранды ұстанған елдердің өздері сол принциптерді аяққа басып отыр.
Стенфорд Университетінің Гувер орталығында қызмет ететін, құқық мәселелерін зерттейтін Абрахам Софайер өзінің еңбектерінде НАТО-ның іс- әрекеттерін жақтайды. Оның пікіріне сүйенетін болсақ, Балқандағы жағдайды дипломатиялық жолдармен шешуге болмайды, жергілікті албандардың АҚШ пен НАТО-дан көмек сұрағандықтан, оларға көмек бермеу мүмкін емес еді. С. Милошевичтің сол аймақтағы геноцидіне байланысты көптеген ескертулер болды, бірақ президент сол ескертулерге қарамастан өз саясатын жалғастыра берді. Софайер пайымдауынша НАТО мен АҚШ-тың іс-әрекеттері дұрыс болғанымен олар «кнопкалық» жақындасу («push-button»approach) жағынан олар алыс болды. Сондықтан да Милошевичтің Халықаралық Сотқа шағымдануы орынды еді.
Бастапқы кезде АҚШ пен ЕО шекаралардың мызғымастығы қағидасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттердің мәлімдемелерін сепаратизм ретінде әділ түрде бағалап, жаңа мемлекеттік бірлестіктерін мойындамады. Дегенмен, КСРО-ның құлдырау үрдісінің жылдамдауымен, Батыста Кеңес Одағы тұрғысындағы кідіртетін факторының жойылуымен Югославияның «коммунисттік емес республикаларын» қолдау ойы ұстана бастады. Варшава Келісімінің Ұйымдастырылуының (ВКҰ), Экономикалық өзаракөмек кеңесінің (ЭӨК) құлдырауы, Кеңес Одағының құлдырауы әлемдегі күштердің қойылымын түбегейлі түрде өзгертті. Батыс Еуропа елдері (ең бастапқы кезекте, біріккен Германия үшін) мен АҚШ үшін өздерінің геосаяси мүдделерінің аймағын стратегиялық маңызды аймақта кеңейту мүмкіндігі пайда болды [31, 11-50-бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz