Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 3

КІРІСПЕ . . . 4-9

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 10-31

  1. Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай . . . 10-19
  2. Қалыптасқан саяси және экономикалық жүйеден жаңа жүйеге өтудегі аймақтық тәжірибе . . . 19-31

2 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСЫ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ . . . 32-57

2. 1 Ресей мен Қытайдың Орталық Азия республикаларына қатысты

саясаты . . . 32-40

2. 2 Орталық Азияға қатысты АҚШ-тың, ЕО-тың ұстанымы . . . 40-49

2. 3 Орталық Азия елдерінің ХХІ ғ. саяси трансформациялануының

нәтижелері . . . 49-57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58-61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62-64

ҚОСЫМШАЛАР . . . 65

ҚЫСҚАРТУЛАР

КСРО
Кеңестік социалистік республикалар одағы
КСРО: ТҰК
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: трансұлттық корпорациялар
КСРО: ҚР
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Қазақстан республикасы
КСРО: ДСҰ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Дүниежүзілік сауда ұйымы
КСРО: ТМД
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
КСРО: БҰҰ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Біріккен ұлттар ұйымы
КСРО: БАҚ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: бұқаралы ақпарат құралдары
КСРО: ЕО
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Еуропалық Одақ
КСРО: ОАЫҰ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
КСРО: АҚШ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Америка құрама штаттары
КСРО: ХВҚ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Халықаралық валюталық қор
КСРО: ЖІӨ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: жалпы ішкі өнім
КСРО: ОҚКҰ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Ортақ қауіпсіздік келісімі ұйымы
КСРО: ШЫҰ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Шанхай ынтымақтастық ұйымы
КСРО: ЕурАзЭҚ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Еуразиялық экономикалық қауымдастық
КСРО: ДСҰ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Дүниежүзілік сауда ұйымы
КСРО: ЕЫҚҰ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Еуропалық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы
КСРО: ОА
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Орталық Азия
КСРО: ИКҰ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Ислам конференциясы ұйымы
КСРО: ЕҚДБ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі
КСРО: РФ
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Ресей Федерациясы
КСРО: ҚХР
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Қытай халық республикасы
КСРО: ЕИДП
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Европейский инструмент добрососедства и партнерства
КСРО: СВМДА
−:
Кеңестік социалистік республикалар одағы: Совещание по мерам взаимодействия и доверия в Азии

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Жаһандану жағдайында өтпелі кезеңдегі саяси жүйелердің трансформациялануы мәселелерін зерттеудің өзектілігі бірқатар себептерге негізделеді. Олардың қатарына ең бірінші кезекте бұрын саясаттану тұрғысынан сараптамаға салынбаған саяси жүйе түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерін танып-білу мен сипаттама беру, өтпелі қоғамның әлеуметтік тұрғыда күйзеліссіз модернизациялануын қамтамасыз ете алатын саяси жүйелердің тиімді параметрлерін анықтау, өтпелі қоғам институттарының аймақтық және жаһандық әлемдік жүйеге интеграциялану мүмкіндіктерін айқындау жатады.

Жоғарыда аталған мәселелерді зерттеу теориялықпен қатар тәжірибелік маңызға ие. Себебі, бүгінде бұрын беймәлім болған заңдылықтар мен даму үлгілерін айқындауға жол ашатын өтпелі қоғамның шынайы саяси жүйелеріне сараптама жүргізбей, олардың әлемдік қауымдастыққа интеграциялануының тиімді жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі заманғы халықаралық саяси институттардың дәстүрге қайта оралу мен модернизациялану үрдістерін шектеу мақсатында пайдаланылуын тоқтату мүмкін емес.

Даму қарқынына түрлі деңгейде ішкі саяси, аймақтық және әлемдік факторлар ықпал ету үстіндегі посткеңестік мемлекеттердің жаһандануға қосылуы және модернизациялануы үрдістерін зерттеу ерекше ғылыми маңыздылыққа ие. Оларды қарастырудың көрнекті мысалына қазіргі кездегі Орталық Азия аймағы жатады. КСРО-ның ыдырауынан кейін орын алған өзгерістер аталмыш аймақта бес тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Соның нәтижесінде геосаяси шынайылықтың мүлдем жаңа форматы мен әлемде жаңа саяси тәртіптің қалыптасуы жағдайындағы Орталық Азияның стратегиялық мәртебесі айқындалды.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдану жағдайында және жаңадан қалыптасып келе жатқан көптүрлі әлемдік жүйенің дамуында Орталық Азия аймағы геоэкономикалық тұрғыда маңызды орын алуда. Жаңа мыңжылдықтың басында Орталық Азия аймағының геосаяси және геостратегиялық жағдайы арта түсті. Соның негізінде, аймақ халықаралық саясаттың негізгі тақырыптарының біріне айналып, халықаралық қауымдастық назарында ерекше орынды иеленіп отыр.

Соңғы жылдары орталық азиялық елдерде өзіндік идентификациялану және дамудағы саяси бағыт-бағдар таңдау үрдістері жүрді. Сонымен қатар кең көлемде мемлекеттік-саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қайта өзгертулер, жеке саяси жүйе құру жүзеге асырылды.

Осы үрдістер сипатын, көлемі мен нәтижелерін жан-жақты әрі терең ізденісті қамтыған мәліметтерге негізделген ғылыми анализдеудің өзектілігі күмәнсіз. Сеебі сол арқылы Орталық Азия мемлекеттері саяси жүйелерінің жағдайына баға беріліп қана қоймайды, сонымен қатар олардың келешек даму мүмкіндіктерін болжау, әрқайсысының модернизациялану тактикасы мен стратегиясына оңтайлы әсер етуге негіз болады.

Аймақта бүгінгі таңда орын алып отырған жағдайды, әлеуметтік-саяси тәртіптердің даму келешегін және азаматтық жағдайға халықаралық тараптардың ықпалын бағалау үшін Орталық Азиядағы билік қатынастарының локалды әрі жаһандық контексіндегі қарқынын анализдеу қажет. Аталмыш бағытта қыруар жұмыс атқару нәтижесінде әлеуметтік-саяси стратегияның шынайы негізін өтеуді қолға алу ОА республикалары деңгейінде ғана емес, әлемдік сатыда да жүзеге асыруға, сонымен қатар сәйкесінше ресейлік бағдар ескерілген жаңа заманғы қоғам құруда біртіндеп реформалар жүргізуге мүмкіндік береді.

Диплом тақырыбының ғылыми деңгейде игерілгендігі. Зерттеу барысында қайнар көздеріне қарай ресейлік, шетелдік және орталық азиялық-отандық баспа беттері басшылыққа алынды.

Қарастырылып отырған тақырып төңірегі Ресей ғалымдарының зерттеулерінде ауқымды қарастырылған. Солардың қатарына 2006 жылы Саяси және стратегиялық зерттеулер орталығы, РАН-ның Шығыстану институтында жарық көрген «Пятнадцать лет, которые изменили Центральную Азию (1991-2006) » мен аталмыш кітаптың толықтырылған әрі түзетілген екінші басылымы саналатын 2009 жылы шыққан «Годы, которые изменили Центральную Азию» атты еңбектері жатады. Аталмыш еңбектерде Орталық Азияның посткеңестік даму кезеңі мен аймақ мемлекеттеріндегі трансформациялану үрдісінің ерекшеліктері, қарқыны мен келешегіне сараптама берілген. Орталық Азия мемлекеттеріндегі, сонымен қатар жалпы посткеңестік кеңістіктегі трансформациялану үрдісін сараптамалық тұрғыда зерттеуде орны ерекше болып табылатын «Годы, которые изменили Центральную Азию» еңбегін даярлауға ресейлік атақты мамандардың қатарынан А. Зайферт, И. Звягельская, А. Куртов, Д. Макаров, Д. Малышева, А. Ниязи, В. Наумкин, В. Шагеев, Р. Шакиров секілді ғалымдар қатысты.

ОА аймағын зерттеуде маңызды мәнге ие баспа беттеріне сонымен қатар З. А. Дадабаеваның «Особенности развития политической системы в Центральной Азии» атты ғылыми баяндамасы мен Е. М. Кузьминаның «Геополитика Центральной Азии» кітабын жатқызуға болады. Жоғарыда аталған баяндаманың дипломдық жұмыс тақырыбын ашуда себебі зор болды. Еңбекте Орталық Азиядағы саяси жүйелердің өтпелі кезеңдегі қалыптасуы мен қызмет ету үрдістері осы жүйелердің интеграциялық мүмкіндіктерін ескере қарастырылады. Аймақ мемлекеттеріндегі саяси жағдай авторитарлық тәртіптер мен бір жағынан, рулық-тайпалық ортақтық дәстүрі, екінші жағынан, кеңестік номенклатураның ұйымдастырылуы негізінде аймақтық элиталардың орын алуымен сипатталады. Автор орталық азиялық саяси жағдайды бағалауда билік пен жергілікті саяси таптардың өзара байланысы ішкі даму тенденциясын, алдыңғы қатарлы әкімшілік және экономикалық реформаларды жүргізу мүмкіндіктерін анықтап отыр, сонымен қатар аймақ елдерінің сыртқы саяси бағдарын белгілеуде ықпал етуде деген қорытындыға келеді.

Е. М. Кузьминаның «Геополитика в Центральной Азии» кітабы дипломдық жұмыс үшін аймақ елдеріндегі Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО секілді әлемдік әрі аймақтық көшбасшыларының ұстанымдарын зерттеуде пайдалы болды.

Ресейлік басылымдардың қатарында сонымен қатар Р. Аллисонның, А. Богатуровтың, А. Казанцевтың, А. Джекшенкуловтың, З. Бжезинскийдің еңбектерін атап кеткен жөн.

Шетелдік баспа беттерінен қолданылған маңызды басылымдарға К. Оффенің «Туннель в конце света, расследования политической трансформации на новом Востоке» кітабы жатады. Еңбекте ОА аймағының мемлекеттерінде тәуелсіздік алғаннан кейін жүргізілген саяси өзгерістер тереңдей баяндалған. Құнды шетелдік еңбектердің ішінде Индиана университетінің баспасында жарық көрген Нэнси Любиннің «Central Asia: issues and challenges for United States policy. The New Geopolitics of Central Asia and Its Borderlands» атты жинағы да бар.

Дипломдық жұмыста басшылыққа алынған қайнар көздердің келесі тобын орталық азиялық ғалымдар мен отандық зерттеушілердің көрнекті еңбектері құрайды. Ерекше атап өтуге Н. Омаровтың 2008 жылы шыққан «Государства Центральной Азии в эпоху глобализации: поиски стратегии развития» кітабы лайықты. Аталмыш еңбек жаһандану жағдайында Орталық Азия мемлекеттеріндегі трансформациялану мәселелерін зерттеудегі алғаш жазбалардың бірі болып табылады. Автор еңбегінде кең көлемді ақпарат көздерін қолдану арқылы тәуелсіздік жылдарындағы аймақ елдерінің даму нәтижелеріне толыққанды сараптама жүргізіп, олардың келешектегі даму әлеуетіне орынды болжамдар жасаған. Сонымен қатар қырғызстандық А. Курганбаев, Г. Мовкебаев, М. Суюнбаев секілді тұлғалардың аймақтағы саяси үрдістерді зерттеудегі қосқан үлестері зор.

Қазақстандық ғалымдардың ішінде М. Лаймуллиннің «Центральная

Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике» және «Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология» (2000) атты монографиясы, М. Ашимбаевтың «Политический транзит в Казахстане: содержание процесса и его особенности», сонымен қатар С. Көшкімбаев, Р. Мукимджанованың еңбектері назар аударарлық деңгейде.

Р. Мукимджанованың «Страны Центральной Азии: Азиатский вектор внешней политики» (2005) атты еңбегінде Орталық Азия мемлекеттерінің Қытай және шекаралас Орта Шығыс елдерімен қатынасының эволюциясы мен түрлі тараптардың геосаясат саласындағы мүдделерінің қайшылықтары қарастырылады. Орталық Азияға арналған геосаяси сипаттағы басылымдар арасында С. Көшкімбаевтың «Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность» (2002) атты еңбегі де ерекше орын алады.

Отандық және ресейлік мерзімдік басылымдардың ішінде «Центральная Азия», «Эксперт», Независимая газета, «Мировая экономика и международные отношения» газет-журналдары, «Казинформ» және «Kazakhstan Today» ақпарат көздерінде жарияланған В. Я. Белокриницкий, Н. Злобин, Д. Малышеваның мақалалары пайдаланылды. Соладың ішінде Б. Сейдахметованың «Трансформация политических режимов в странах Центральной Азии» атты мақаласының мәні зор. Автор аймақтың әр мемлекетіндегі саяси тәртіптерге баға беру, саяси трансформацияланудың келешегі мен 2009-2013 жылдар аралығында жоспарланған барлық президенттік, парламенттік сайлауларды сараптау бойынша тереңдей зерттеу жүргізген.

Бұл тақырыпты зерттеуде БАҚ және ақпараттық басылымдарда жарияланған орталық азиялық мемлекеттердің түрлі ведомстваларының кезекті және ресми материалдары мен құжаттары, саяси қайраткерлердің еңбектері, мемлекетаралық келісімдер пайдаланылды. Сондай-ақ, РАН-ның Шығыстану Институтында, РФ-ның СІМ МГИМО мен Дипломатиялық академияларында, Орталық Азия елдерінің басқа да институттарында, сонымен бірге Таяу және Орта Шығыстың бірқатар елдеріндегі институттарында өткізілген, қазіргі таңдағы дамудың теориялық мәселелеріне қатысты бірқатар конференциялардың мәліметтерімен танысу мүмкіндігі болды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - XX ғасырдың аяғы - XXI ғасырдың басындағы Орталық Азия мемлекеттеріндегі саяси саладағы трансформацияланудың стратегиялық эволюциясы және қалыптасу кезеңдерін сараптау арқылы аймақ елдеріндегі трансформациялану үрдісінің нәтижелерін айқындау. Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:

ОА мемлекеттерінің заңнамалық және сыртқы саяси құжаттарын сараптаудың негізінде олардың ішкі әрі сыртқы саяси ерекшеліктерін және басымды бағыттарын айқындау;

сыртқы халықаралық ойыншылардың Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету;

АҚШ, ЕО, Ресей және Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларын зерттеудің негізінде ықпал ету механизмдерін қарастыру;

аймаққа қызығушылығын танытып отырған тараптардың Орталық Азия елдерімен екіжақты және көпжақты деңгейдегі келісімшарттарын зерттеудің негізінде сол тараптардың аймақ елдерімен ынтымақстастықты дамытудағы мүдделерін сараптау.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Хронологиялық тұрғыдан диплом жұмысы ОА елдерінің тәуелсіздікке қол жеткізген тұсынан, яғни ХХ ғасырдың аяғынан қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Сондай-ақ аймақтағы саяси трансформациялану эволюциясы екі кезеңде қарастырылады. Бірінші кезең 1991-1997 жылдарды, екінші кезең мемлекеттердегі өзіндік даму стратегиясы айқындалған ХХІ ғасырдың басынан қазіргі кезге дейінгі аралықты қамтиды.

Диплом жұмысының дерек көздері. Қойылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін дипломдық зерттеуде дерек көздерінің кең шеңбері қолданылды. олар ерекшеліктері мен сипатына қарай келесідей бірнеше топтамаға жіктелді:

Деректердің бірінші тобын ОА мемлекеттерінің Конституциясы, сыртқы саясатына қатысты дипломатиялық құжаттар мен аймақ елдерінің өзге тараптармен арасындағы қарым-қатынастар туралы екіжақты және көпжақты келісім құжаттары құрайды. Олар әр елдің саяси мақсаттарын ресми айқындауға біршама мүмкіндік берді.

Деректердің екінші тобына орталық азиялық мемлекеттердің саяси тұлғаларының белгілі бір саяси мәселелер жөнінде көзқарастарын білдіретін елбасымыз Н. Назарбаевтың, Өзбекстан президенті И. Каримовтың, Қырғызстан президенті А. Акаевтың, Қырғызстан сыртқы істер министрі А. Джекшенкуловтың сөздері жатады.

Үшінші топқа жататын дерек көздерін зерттеу тақырыбына қатысты мерзімді баспасөз беттері және интернет сайттарында жарияланған материалдар құрайды. Олардың қатарына республикалық, ресейлік және шетелдік газеттер мен журналдар, құзырлы мекемелердің интернет желісіндегі веб-сайттары кіреді. Осы топтамадағы деректер ОА аймағындағы саяси жағдайды жан-жақты бағалауға, елдердің сыртқы саяси ұстанымдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Диплом жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының әдістемесі зерттеу пәні мен объектісі, сондайақ қойылған мақсат пен одан туындайтын міндеттердің сипатына байланысты таңдалынды. Осы зерттеу жұмысында қазіргі кездегі саясаттану және тарих ғылымдарындағы халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеуге арналған әдістер жинағы қолданылды. Халықаралық қатынастар мен мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін қарастыру барысында тарихи және ғылыми объективтілік қағидасы басшылыққа алынып, белгілі бір елдің екінші бір елге, не болмаса белгілі бір аймаққа қатысты сыртқы саяси бағыты мен оның даму үрдісін зерттеуде кешенді типологиялық тәсілдер пайдаланылды.

Дипломдық жұмыста қолданған әдістерге жүйелі, деңгейлі, секторалды талдаулар кіреді. Аталған әдістер екіжақты қарымқатынастар дамуының эволюциясы мен аймақты дамыту мәселелерін жанжақты сараптауда тиімді пайда берді. Зерттеу жұмысының теоретикалық негізін неореализм, либерализм, либералды институционализм элементтері құрайды.

Диплом жұмысының жаңашылдығы. Қазіргі кезде қарастырылып отырған тақырыпта кешенді зерттеу жұмысы жүргізілмегендіктен, аймақтану мамандығы бойынша аталмыш дипломдық жұмыс жаңа зерттеу жұмыстары қатарында.

Зерттеулер барысында төмендегідей негізделген нәтижелерге қол жеткізілді:

  • қарастырылып отырған зерттеуде алғаш рет Орталық Азиядағы

саяси трансформацияланудың актив әрі пассив тұстары сараланды;

  • дипломдық жұмыста аймаққа мүдделі халықаралық

қатынастардағы сыртқы акторлар мен Орталық Азия елдері қатынастарының басымдылығы аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қолдау көрсету екендігі тұжырымдалды;

  • аймақтың жекелеген мемлекеттеріндегі трансформациялану

қарқынының айырмашылығы бағаланып, олардың ішінде осы үрдісте анағұрлым аз шығынмен шығатын жақтары айқындалды;

  • елеулі мәдени айырмашылықтар контекстінде түрлі ұстанымдар

конвергенциясы, яғни либералды даму үлгісінің жергілікті ерекшелікпен қатар болу мүмкіндіктері анықталды;

  • жалпы саяси трансформацияланудың ОА аймағындағы ортақ әрі

өзіндік тұстары белгіленіп, аймақтағы өзгерістердің нәтижелері мен келешегіне болжамдар жасалынды.

Диплом жұмысының құрылымы. дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында қолданылу тәртібіне байланысты жұмыста пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Диплом жұмысының көлемі 64 беттен тұрады.

1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

1. 1 Орталық Азия мемлекеттеріндегі өтпелі кезеңдегі саяси саладағы жағдай

Іс жүзінде Орталық Азиядағы трансформациялану «қазіргі кездегі қақтығыс» түсінігінің сипаттамаларына сай келеді: саяси билік үшін талас, жеке меншік пен ресурстарды қайта бөлуге байланысты қарама-қайшылықтар, саяси бағыттардағы қоғамдық бәсекелестік, аймақтық қақтығыстар, мемлекетаралық шекаралар мәселелері, экологиялық апат және халықаралық әрі аймақтық «ойыншылардың» араласуы.

Орталық Азия аймағындағы трансформацияланудың өзіндік ерекшелігі өзара байланысқан үш бағыттың үндесуімен сипатталады: кеңестік социалистік жүйенің батыстық капитализм үлгісіне ауысуы, мемлекет және оның басқару жүйесін қалыптастыру, ұлттық бірігу (консолидация) үрдісі. Бүгінде аймақ үшін жаһандық даму мәселелері маңызды орын алған жағдайда аталмыш бағыттар трансформацияланудың бірден-бір негізін құрайды.

Теориялық пікір-таластарда «трансформацияланудың бір уақытта жүзеге асу дилеммасы» теориясы орын алды. Ол бойынша посткеңестік кеңістіктегі тарихи даму үрдісі үш сатыдан тұрады: демократиядан (3) капитализмге (2) өту арқылы ұлттық мемлекеттің пайда болуы (1) [1, 65] .

Қарастырылып отырған тақырыпты тереңірек зерттеу мақсатында аймақ мемлекеттеріндегі трансформациялану үрдісіне жеке тоқталған жөн. Көптеген қазақстандық саясаттанушылар Қазақстандағы экономикалық әрі саяси тарнсформациялану үрдісін төрт кезеңде қарастырады: 1990-1993 ж., 1993-1995 ж., 1995-1998 ж., 1998 жылдан қазіргі уақыт аралығы [2, 15] . Мұндай бөлуде өзіндік логика бар. Бірінші кезең КСРО-ның құлдырауы мен одақтық республикалардың тәуелсіздікке қол жеткізуімен байланысты болды. Бұл кезеңде орын алған өзгерістер негізінен жаңа жүйені қалыптастыруға емес, ең бастысы бұрынғыны күйретуге бағытталды. Алғашқы кезең қорытындысына 1993 жылы қабылданған Конституция жатады. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы «казақ ұлтымен айқындалған мемлекеттік формада» бекіді.

Екінші кезең елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуімен сипатталады. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституция негізінде президенттік билік заң шығарушы, атқарушы әрі сот тармақтарынан жоғары тәуелсіз биліктің қайнар көзі ретінде жарияланды. Сонымен қатар осы тұста «кіші жекешелендіру» үрдісі басталды. Бұрынғы социалистік меншіктен толықтай арылу арқылы елде демократиялық қайта құрулардың жүзеге асырылуының орнына мемлекет өзін өндіріс құралдарының толық заңды иесі ретінде жариялады. Бұл осы уақыт аралығында саяси және әлеуметтік салаларда кереғар тұстардың қалыптасуына негіз болды.

Үшінші кезеңде авторитарлық шегіну мен «үлкен жекешелендіру» жүрді. Бұл үрдістердің нәтижесінде, бірқатар сарапшылардың бағалауынша, біріншіден Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің 40%, сыртқы сауданың шамамен 50% ТҰК қолына шоғырланды [3, 73] . Екіншіден, қазақстандық зерттеуші Н. Амрекуловтың түйіндеуінше, «рулық қауым (партия, кәсіби қоғамдастықтар, т. с. с. қарағанда) элиталардың топтасуының басты формасы ретінде қайтадан орын алды» [4, 71] . Кезең 1998 жылдың қазан айында ҚР Конституциясына өзгерістер енгізілуімен аяқталды. Аталмыш оқиға Нурсултан Назарбаевтың 2005-2006 жылдардағы және 1999 жылы 10 қаңтарда өтетін президенттік сайлауға қатысуына жол ашты. Жоғарыда аталған екі оқиғаның орын алуы өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық трансформацияланудың жаңа кезеңіне бастама болды.

Биліктің ауысуы алғаш рет күш көрсету арқылы шешілген посткеңестік Орталық Азия мемлекеті Қырғызстан тәуелсіздік алған бойда бірден неолибералдық реформалар жолына бет бұрды. Ел баға мен сыртқы сауданы либерализациялау, монетаризациялау және жекешелендіру бойынша Орталық Азияның өзге мемлекеттерін басып озды, батыстық үлгідегі Азаматтық кодекс қабылдап, алғаш болып жерге жеке меншік орнатуға рұқсат берді, ДСҰ-на мүшелікке қабылданды. Дегенмен 13 жыл өткен соң Шығыстағы демократиялық және нарықтық реформалардың үлгісіне айналу табалдырығын аттағалы тұрған Қырғызстан азаматтық соғыс пен экономикалық дағдарыс күйіне душар болды. Мемлекеттегі кедейлік соғыстан кейін құлдыраған Тәжікстандағы көрсеткіштермен пара-пар деңгейге дейін жетті [5, 42-44] .

КСРО-ның ыдырауымен байланысты қырғыз қоғамы күшті дағдарысқа ұшырап, тәуелсіз мемелекеттілік орнаған тұста дәстүрлі құрылымдар, байланыстар мен құндылықтар өз ұстанымдарын саяси-әлеуметтік өмірде қарқынды түрде жандандыра бастады. Қырғызстан саяси жүйені қалыптастырудың партиялық-номенклатуралық принциптерінен рулық-иерархиялық түріне өту кезеңін бастан кешірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
Экономикалық ынтымақтастық
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі
Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара экономикалық жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz