Ілеспе аударманың қолданылуы


Жоспар
Кіріспе . . . 3 - 5
1. Ауызша аударманың жалпы сипаты, тарихы . . . 5 - 14
2. Аударма түрлері . . . 15 - 16
2. 1 Ілеспе аударманың жалпы сипаттамасы . . . 16 - 29
2. 2 Ізбе-із аударманың жалпы сипаты . . . 30 - 65
3. Аудармашылық дағдылар мен кәсіби талаптар . . . 66 - 69
Қорытынды . . . 70 - 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72 - 74
I. Кіріспе
Аударма - ең алдымен адамдардың қарым-қатынасының басты қажеттілігі. Жаңа заман ғалымдарының зерттеуі бойынша жер планетасында 2500-ден 5000 жуық тілдер барына ұқсайды. Бірақ бұл тілдердің көбінде өте аз адамдар сөйлейді. Мысалға айтар болсақ, Африканың Жаңа Гвинея аралының өзінде 700 жуық тіл бар екен. Сондықтан бұл елдердің азаматтары көбіне 2-3 тілді меңгеруге тырысады және ұсақ елдерде көбіне бірнеше мемлекеттік тіл заңдастырылған.
Ілеспе және ізбе-із аудармашы - қазіргі таңда өте қажетті мамандық. Барған сайын оның қажеттілігі Қазақстанның қазіргі халықаралық қатынастарында, экономикалық дамуында, саяси, мәдени, қоғамдық т. б. салаларында айрықша маңызға ие. Отанымыздың әлем аренасында халықаралық мәртебесінің нығаюына байланысты түрлі форум, мәслихат, симпозиум, кеңес, жиындар жиі өткізілуде. Мұндай жағдайда ауызша аударманың да рөлі барынша артып, қолдану аясы да кеңейе түсуде.
Ауызша аударманың түрлерінің атауларына байланысты өткір мәселелер бар. Синхронды аударманы кезінде елімізде мемлекеттік терминологиялық комиссия ілеспе аударма деп бекіткен. Бірақ бұл түбірімен қате деп есептейді филология ғылымдарының докторы Әнуар Тарақов. Тарақовтың айтуынша, «Синхронды деген ұғымның өзі уақытқа үйлесу, сөзге үйлесу. Олай болса - оны үйлеспелі деп атау да дұрыс болар еді. Бірақ оны ақылдасып шешу қажет». Қазіргі таңда ауызша аударманың түрлерін атауда әрбір оқу орны әр түрлі нұсқасын қолданып жүр. Қалай десек те синхронды аударма өзінің қалыпты атауын иеленуі жөн. Сондықтан Қазақстанның мемлекеттік терминологиялық комиссиясы бекіткен нұсқасымен - синхронды аударманы ілеспе аударма деп, ал «последовательный» аударманы ізбе-із аударма деп алып отырмын. Сонымен ілеспе және ізбе-із аударма - ауызша аударманың заңды екі жүйесі, бөлек екі түрі.
Қазіргі таңда ауызша және жазбаша аударма күнделікті өмірде жиі қолданылуда. Мемлекетаралық сауда, экономикалық, әскери іс, мәдени, іскерлік т. б. түрлі байланыстар аударманың ауызша және жазбаша түрінде мамандануды өткір талап етуде. Халықаралық олимпиадалар, біріншіліктер, түрлі маңызды мәдени, спорттық шаралар ауызша аудармашыларды көбейтуді қажетсінуде. Қазіргі қарқынды дамыған ғылым мен техника, интернет пен компьютер, автоматика мен кибернетика, ғарыштық технология заманы кәсіби аудармашы мамандығының нағыз шебері болуды талап етуде.
Ауызша аударма - әрі қызықты, әрі қиын мамандықтардың бірі. Ең алдымен, ол өзге елдің тілін үйретеді. Аудармашы болу - үлкен абырой, зор мәртебе.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: аудармашы тек тілді ғана жетік меңгеріп қана қоймай, коммуникация теориясының негізгі қырларын, әдеп, мәдениет туралы білімін, мәдениетаралық коммуникацияның ерекшеліктерін, оқыған тілдің халқының әдет-ғұрпын, салтын, ол елдің саясаты жайында, географиялық орналасу жайында жалпы оқыған тілінің мемлекеті жайында толық мағлұматқа ие болуы керек. Бір тілде айтылған сөзді тыңдап барып, екінші тілде жинақтап, ойда қорытып, есте сақтап, қайта жеткізу әркімнің қолынан келе қоймайды. Сөйленген сөзді басқа тілде айтып жеткізу - аса сезімталдықты, түйсіктілікті, айрықша қабілеттілікті талап етеді. Әлемде неше алуан тіл, неше алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Аударма - әрі өнер, әрі мамандық. Аудармашы мамандығы көбінесе көркем және жазбаша түрлеріне қатысты жиі айтылып жүрсе, соңғы кездері, әсіресе, еліміздің тәуелсіздігіне байланысты жаңа сипат алды. Мемлекетаралық байланыстардың жандануы аударманың қай түрінің де, аудармашылықтың қай салада да қажеттілігін айқындай түсуде. Г. Маркес «Аударма - оқудың ең терең тәсілі» деп бекерге айтпаса керек [11] . Ауызша аударма - бұл тыңдаудың, қабылдаудың, түсінудің ең терең психологиялық үдерісі. Мұнда сөзді байыппен тыңдап, мұқият ойға түйсініп, түсініп, санада саралап, сараптап жеткізу - жүйке, ақыл-ой жүйесінің бір мүмкіндігін пайдалануға қатысты.
Зерттеу нысаны: Бұл жұмыстың негізгі зерттеу нысаны ауызша аударманың жүргізілуі және оның ішінде ілеспе, ізбе-із аудармалардың дұрыс жүргізілуін зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ауызша аударманың қалыптасу тарихы, оның түрлері және әлемдік стандартта жүргізілуін жеткізу. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер көзделеді:
- Әлемдік ауызша аударма тарихына қысқаша шолу жасау;
- Аударма түрлерін зерттеу;
- Ілеспе аударманың тарихы, жүргізілуі;
- Ізбе-із аударманың тарихы, жүргізілуі онда қолданатын жазбаларды зерттеу;
Зерттеу жұмыстарының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді орындау үшін төмендегідей әдістер мен тәсілдер басшылыққа алынады: аудару тәсілі, талдау, салыстыру тәсілдері.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Негізгі материалдар отандық ғалымдар Әнуар Тарақов, Жақыпов Ж. А. т. б. Аликина Елена Вадимовна, Чужакин Андрей Павлович сияқты аударматану ғылымының тарландарының еңбектері, интернет көздерінен және басқа да ғылыми еңбектерден алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден. үлкен үш тараудан, екінші тарау екі кішкене тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ауызша аударманың жалпы сипаты, тарихы.
Ауызша аударма тарихы.
Тарихи деректерден белгілі болғандай, ежелгі гректер басқа халықтарға менсінбеушілікпен қарап, оларды варварлар деп атаған. «Жыртқыштардың» тіліне де аса мән бермеді. Сондықтан Гректер сыртқы әлеммен байланыс үшін сол жыртқыштардың арасынан грек тілін білетін жалдамалы тілмашылардың қызметін пайдаланды. Мұндай аудармашылар жайлы тіпті әдеби ескерткіштерде Флавий Филостратттың (б. з. д. 2 ғ. ) «Аполлон Тианскийдің өмірі» атты романында атап өтілген. Бізге мәлім ең алғашқы ауызша аудармашы бұл сенатор Гай Ацилий. Сонау 155 жылы Римге Корнеад, Диоген, Криптолай т. б. философтары бар грек елшілігі келгенде, ол сенатта тәржімешілік қызмет жасаған. Жалпы аудармшы мамандығы ең көне мамандықтардың бірі болып есептеледі. Ауызша аударманың тарихы жазбаша аударманың тарихына қарағанда терең. Өйткені, жазу өнері қалыптасып, дамығанша, ел мен елді, ұлт пен ұлтты өзара жақындастыруда, ортақ тіл табыстыруда ауызша аударманың үлкен үлесі болғаны белгілі. Көне заман адамдары басқа тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас орнату мен оларды түсінудің қажет екенін білген. Осындай жағдайда адамдардың түрлі топтар арасындағы қарым-қаттынас орнату үшін тез түсінетін, жылдам ойлай алатын, есте сақтау қабілеті жоғары, сөйлеушіні түсініп, оның айтқанын жеткізіп бере алатын адамдар болғаны белгілі [20] .
Белгілі Ресей аударматанушысы Комиссаров «Современное переводоведение» кітабында төмендегідей деректер берген.
Аударманың 1000 ж. Тарихы бар екендігіне көптеген деректер куә. Мысалы Ежелгі вавилон мен Ассирияда ел билеушілердің халыққа айтқан жарлықтары. Ежелгі Египетте көрші елдермен байланыс үшін арнайы мектептер болғаны мәлім. Комиссаровтың ғылыми болжамы бойынша алғашқы қауымда өзге тілді зерттеудің алғашқысы әйел болса керек. Тұтқынға түскен немесе басқа тайпаға тұрмысқа шыққан әйел адам еріксіз тіл үйреніп делдал аудармашы болған. Сонымен қатар олар балаларын әкесінің тіліне және анасының, яғни өзінің тіліне үйреткен. Сондықтан да оларда алғашқы қос тілділік «билингвизм» пайда болған [10] .
Ал Чужакин берген деректерде Әулие Антоний жайлы айтылады. Ол ХVІ ғ. Өмір сүрген. Антоний кезінде көптеген ұлы істер атқарған деген деректер бар. Әулие Антоний Италиядағы кішігірім және көркем Падуя қаласында жерленген. Қазіргі таңда оның табыты жатқан жер көптеген тәуіп етушілер мен сыйынушылардың баратын орны. Ең таңғаларлығы, діни деректерге сенсек оның жерленгеніне екі жүз жыл уақыт өткеннен кейін мәйітін жаңа табытқа ауыстырған кезде куәгерлердің таңқалғандығы сондай! Олардың айтуынша, Әулие Антонийдің тілі алқызыл түстес болған және ол жыбырлап неше түрлі дыбыстар шығарған. Сол себепті де Әулие Антонийді ауызша аударманың атасы деп санауы бекер емес. Қай деректі негізге алсақ та, ауызша аударманың ең көне мамандықтардың бірі екені анық. [5]
Ауызша аударма әркез бір ғана негізгі мақсатты көздеді, ол - адамдарға барынша түсінікті ұғымдағы ақпаратты жеткізу. Бұл үшін қалыптасқан дағды, білім, білік, қабілет, сөйлеу шеберлігі талап етілді. Ауызша аудармашы қызметінің аясы әлі күнге шектеулі. Шектеулі болу себебі, ол қажеттілікте ғана қолданылады.
Аударманың жасалу мүмкіндігіне ХХ ғасырдың басында лингвистикадағы психологиялық бағыттарды қалыптастыруға байланысты күмән туындады. Көп жағдайда ауызша аудармада оның дәлдігіне, жақындығына, мағыналық сәйкестігіне белгілі бір дәрежеде нашар орындалған жағдайда күмән қалыптасқаны белгілі.
Қазақ хандығының, қазақ елінің ежелден көрші елдермен кең ауқымда сауда, экономикалық, саяси, дипломатиялық қарым-қатынастарында тілмаштық қызмет үлкен рөл атқарған. Тіпті кейбір хандарымыз (Абылай хан) көрші елдердің тілдерін жақсы білген. Ресми хаттарда да жазу мәдениетін жақсы меңгерген. Көрші мемлекеттермен елшілер арасындағы кездесулерде арада екі тілді білетін тілмаштар жүрген. Солардың есімдерінің де тарихта қалмауы осы жауапкершілігі зор кәсіптің қадірін кезінде жете түсінбеушілік болса керек. Дегенімен, сол тілмаштар ел мүддедсіне, ханға шынайы берілген адамдар болған. Өйткені ел тарихында қандай хандық дәуірде де елдік мүддені сатып кеткен, болмаса, елшілік дауын туғызған тілмаш жайлы дерек кездеспейді.
Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына байланысты тілмаштардың қызметі мен беделі арта түскені белгілі. Өйткені патша әкімшілігі тілмаштарды өз мақсатына пайдаланған. Мол ақша және жергілікті бай-болыстардың қомақты тартуына дәніккен тілмаштар үшін ел мүддесінен көрі билеушілердің зұлым пиғылдарын қолдап, қоштау басым еді.
Ресей отарлығы кезінде тілмаштардың дүмбілезділігі, бұра тартушылығы, ақшаға, малға малданып, отарлаушыларға қызмет еткені сол кезді баяндайтын шығармаларда да аз айтылмайды.
ХХ ғасырдың басында тілмаштық кәсіпті қалай ермек еткендер жайлы А. Байтұрсынов та жазған: «Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шала-шарпы орыс тілі, шала-шарпы орыс жазуы . . . Переводчик, хатшылық орын-морын табылса жарады, табылмаса елде тұрып, тіл де, жазу да ұмытылып оқымаған қалпына түседі . . . «аз білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп», переводчик я хатшы болса, пысықсып тінектейтіндер осылардан шығады». Бұдан сол кездегі тілмаштың бет-бейнесі аңғарылады. Өркениетті, озық елдер аудармашылықты ішкі саясатта, мәдениет, білім, ғылымда қолданумен бірге, басқа мемлекеттерде өз мүддесін жүргізуге де пайдаланған. Аудармашылық кәсіпке фашистік Германиямен болған соғыс жылдары ерекше көңіл бөлінді.
Қазіргі уақытта халықаралық саяси ірі шараларда аудармашылар жұмысының маңыздылығы арта түсуде. Озық, өркениетті елдер аудармаға ерекше мән берген. Әлем халықтарының, көрші елдердің тілін білу, үйрену мәселесін ыждаһатты түрде қолға алып отырған. Соныдықтан оларды аударма түрлері дамып, аудармашылық мектептер қалыптасып, жетілдірілуі елді өзге мемлекеттермен байланыстыруға әрі өзге елдерге сол мемлекетті жете таныстыруға негізделген.
Бүкіл әлемде аудармашылар кәсіби одаққа, қауымдастық пен бірлестікке біріккен. Мұндағы мақсат - кәсіби құқықты қорғау, мәртебені нығайту, ақпарат алмасу, кәсіби тәжірибе алмасу. Солардың арасында анағұрлым белгілі халықаралық ұйымдар:
FIT (Federation International Des Traducers), Аудармашылардың Халықаралық Федерациясы.
APC (Association International Des Interpress Conferens), Ауызша Конференц Аудармашылардың Халықаралық Ассоциациясы.
CEATL Conseil Europian Des Association Tradusers), Әдеби Аудармашылардың Еуропалық Қауымдастығы. Аудармашылар одағы әр елде бар. Мысалы АҚШ-та Американ аудармашылар қауымдастығы, Германияда ауызша және жазбаша аудармашылардың федералдық одағы, көркем және ғылыми әдебиеттер аудармашыларының феодалдық одағы бар. Ресей аудармашылар одағы 1991 жылы құрылып, 1993 жылы Халықаралық Аудармашылар Федерациясы құрамына кірген.
1991жылы Халықаралық Аудармашылар Федерациясы (FIT) бүкіләлемдік аудармашылар күнін 30-қыркүйек күні аталып өтетінін бекіткен [2] .
Ауызша аударма үдерісі.
Әнуар Тарақов теориясының негізінде - екі тілді білгеннің бәрі аудармашы болып шықпайды. Кәсіби аудармашы болу үшін арнайы теориялық білім алады. Содан соң біраз уақыт тәжірибелік тұрғыдан шыңдалады. Аудармашылық мектептер, оқу орындарының жұмысы аудармашыны кәсіби маман ретінде дайындауға негізделген. Қазіргі заман талабы аудармашылықтың тәжірибе жинаумен емес, теориялық мол әзірлікпен қалыптасатындығын дәлелдеп отыр. Бұрындары ауызша аударғанда арнайы теория қалыптаспағандықтан дәлелдеп отыр. Бұрындары ауызша аударғанда арнайы теория қалыптаспағандықтан, әр аудармашы өз қабілетіне, тілді меңгеру мүмкіндігіне сүйенеді. Көптеген күрделі аудармашылық шешімдердің өзі теориялық тұрғыдан терең талдап түсіндіру қиындығын туғызғанымен, көп жағдайда аудармашының кәсіби танымы мен шығармашылық машығына негізделді.
Аударма теориясы ең алдымен аудармашының кәсіби негіздегі жинақталған білімін, қос тілділік жағдайындағы ізденісін, жаңа ой-тұжырымдармен, тәжірибелермен толықтыруға, аудармашылық машықты жетілдіріп, ізденісін, шеберлігін ұштауға көмектеседі. Аудармашылық әдеп нормаларын сақтауға дағдыландырады. Аударма теориясы аударма жасаудың түрлі тәсілдерін үйретеді, жаңа ізденістің үлгілерін көрсетеді, тәжірибе жетілдіреді, аударма ісіне қолданылып жүрген жаңа терминдермен таныстырады.
Ауызша аударма - шығармашылық іс емес, техникалық сипаттағы үдеріс. Аударма үдерісі мықты теориялық білім нәтижелерінсіз әрі үнемі ізденіп, жаттығусыз мүмкін емес. Аударма теориясын жақсы меңгеру арқылы болашақ аудармашы тәжірибе жинақтайды. Ауызша аударма - аса жауапты жұмыс. Ауызша аударманың жасалу технологиясы, әдістемелері, аударма үдерістері, аудармашы әдебі, мәдениеті - кәсіби маманданудың басты негіздері. Қазіргі өмір тәжірибесі көрсеткендей, кәсіби теориялық білімсіз аударма жүзеге асырылмайды. Екі немесе бірнеше тілді жақсы меңгеру аудармашыға жеткіліксіз. Оның кәсіби ой-өрісін дамыту үшін аударма теориясы әбден қажет. Ең алдымен жалпы тіл білімін, теориялық грамматиканы, лингвистиканы, аударма тілінің стилистикасын салысчтырмалы стилистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, нейрофизиология пәндерін жете білу қажет. Ауызша аудармашы шешен де шебер сөйлеуге дағдыланумен бірге, тіл мәдениетін жетік меңгеруі тиіс. Ойды дұрыс, жинақы жеткізу, сөзді жедел есте сақтап, жылдам қайталап айту белсенділігін меңгеруге логика және аударма психологиясының ықпалы да бар.
Шет тілін білетін кез-келген адам аударма жасай алмайды. Бірақ нағыз кәсіби маман болып қалыптасып, мамандық биігіне жету үшін, соған бейімделі үнемі ізденісті қажет етеді. Ауызекі сөйлеуге негізделген жағдайда тілді терең меңгерумен бірге, шешендігі мен жедел есте сақтау қабілеті мықты адам ғана ауызша аудармашы бола алады. Сондықтан да аудармашы болу үшін шет тілі мен ана тілін жетік білу, сөз сөйлеу ұшқырлығы, жедел есте сақтау қабілеті керек. Аударма мамандығына оқуға қабылдау кезінде де осы ерекшелік ескеріледі. Оның үстіне даусы анық, ашық үн-ырғақ, интонация нақты, айқын болғаны дұрыс. Тіл мүкістігі немесе жекелеген әріпті дұрыс жеткізбеу мүлде ұшыраспайды. Сонымен бірге жалпы ой-өрістің, дүниетанымның кеңдігі де керек.
Шет елдегі оқу орындарындағы қабылдау сынақтары әрқилы. Мысалы: Сорбондағы аударма мектебіне түсушілер қазіргі өмірге қатысты кез-келген тақырыпта негізінен жұмыстық шет тілінде қайта айтып шығады. Одан кейін ағылшын тілінде мәтін үзіндісін тыңдап алып, мәтіннің толық мазмұнын ана тілінде аударып жеткізеді. Осы және басқа да бірнеше сынақтар жасалады. Бұдан әрі оқу кезінде күн сайын тест жүргізіледі. Ондағы нәтижелер мына көрсеткіштер бойынша анықталады. Мұның өзі ауызша аудармаға мамандану негізі болып табылады.
- Аудармадағы сөз сөйлеу жылдамдығы, мөлшері;
- Аударма тұтастылығы (ақпарат санының қаншалықты кеміп қалғаны) ;
- Айтылған сөздердің бұрмаланып кетпеуінен сақтану. Мұнда мәтіннің толығымен жеткізілуіне зер салынады;
- Сөйлеу реттілігі (түсініктілігі), сөйлемді анық, ұғымды тиянақтап аяқтау, сөз қайталауларға жиі жол бермеу;
- Сөйлеу дұрыстығы (әдеби тіл нормасын сақтау, ауызекі қарапайым сөздердің қатыспауы, дикцияның дұрыстығы, дауыс әуезділігі, айқындылығы) ;
- Аудармашылық мінез-құлық (емеурін ишара, ұстамдылық, дауыс көтеріңкілігі (қаттылығы), сөз сөйлеу сенімділігі, еркіндік, сабырлылық.
Бұл көрсеткіштер барлық аударма мектептеріне ортақ. Мысалы Гейдельберг институтын бітіруші аудармашы бұдан бұрын оқытылған тақырып бойынша 10-15 минут ілеспе аударма жасаса, содан соң белгілі тақырып бойынша жазбаша аударма жасау арқылы (жазбаша нотация) ізбе-із аударма орындайды. Монтеррей институтында ізбе-із аударма жасауға 12-20 минут беріледі [7] .
Оқудың аты - оқу. Арнайы аудармашылық оқу орындарын бітіргендердің бәрі де аудармашы болып кете алмайды. Жақсы маман болып қалыптасу үшін өзіндік қосымша даярлық, машықтану дағдысы, кәсіптік тәжірибелік негізде үздіксіз жетілдіру, іс жүзінде үнемі іздену, жаттығу көмекке келеді. Ауызша аударма - әркез адамның өз бетінше оқып үйреніп, үзбей жаттығуын талап ететін мамандық.
Ауызша аудармашының мәдениеті.
Соңғы жылдары аударма ісі психологтардан бөлек, мәдениеттанушылардың да зерттеу нысанына айналды. Өйткені, аударма - халықтар арасындағы мәдени қатынас құралы, тілдердің өзара ықпалдастығында айқындалатын мәдениеттілік өнегесі. Мәдениетаралық коммуникация мен аударма мәселесінде негізгі рөлді аудармашы атқарады. Екі немесе бірнеше тіл білетін адам мәдениетаралық коммуникацияны қамтамасыз етеді. Мәдениетаралық коммуникация мен мен аударма ісі бір-бірінен өзара бөлінбейтін құрылым. Аударма тіларалық және мәдениетаралық коммуникацияның әр алуан сипаты болып табылады. Екі тілді жетік білу (билингвистік) дағдылы, қалыпты жай саналса, көп тілді білу (полиглоттық) өте сирек қабілет иесіне тән. Тілдер өзара алмасу, кірігу және конвергенция нәтижесінде бір-біріне ықпал етеді. Аударма - тілдер дамуының өзегі. Кез-келген мамандықтың өзіне тән моральдық нормалары, кәсіби мінез-құлық, әдептік заңдылықтары бар. Әлемдік аударма тәжірибесінде кәсіби кодекс заңды түрде бекітілмегенімен, аудармашының міндеттері мен оған қойылар талаптар айқын.
Аудармашы дегеніміз мәтінді бір тілден екінші тілге ауызша және жазбаша қайта жасап шығатын екі тілді жетік меңгерген коммуникациялық қатынасты қалыптастырушы тұлға.
Осыдан шығатын қорытынды, мәтін аудармашысының сөйленген сөздә аударма кезінде өзінің қалауынша өзгертуге, оны негізсіз қысқартуға немесе ойдан қосып түрлендіруге еш құқығы жоқ. Алайда сөйлеушінің ойы жиі қайталанып жатса немесе ұқсас сөздер молынан ұшырасса, мұндай жағдайда жинақтап, нақтылап жеткізуге болады. Аудару кезінде аудармашы өзіне жақсы кәсіби іс-әрекеттің көмегімен аударатын тілдің инвариантын әркез мейлінше толық жеткізуге ұмтылады.
Кейбір жағдайда ілеспе және ізбе-із аударма барысында аударма жеңілдетілген түрде жүреді. Дипломатиялық өкілеттілік (мәселен халықаралық қатынастар кезіндегі ірі қайраткерлердің) сөзін аударуда жауапкершілік жүгі еселене түседі. Егерде аудармашы ретінде дипломатиялық өкілеттілігі мойындалған жағдайда айтылған сөздің аудармада мағынасын бұза қалса айыпталуға құқысы бар. Өйткені аудармашы дипломатиялық қатынасты қолдайтын қосалқы тұлға қызметін атқарады. Мұндай кезде аудармашы қандай да бір елдің қызығушылығын қорғауға міндетті емес. Аудармашы екі жаққа тең дәрежеде қызмет жасауға, еларалық байланысты сақтауға толық мүдделі.
Саяси пікірталас, мемлекеттік кездесуде туындайтын екі жақтың арақатынасындағы дау-жанжалға, т. б. жағдайларға аудармашының араласуға құқы жоқ. Ол мұндай кезде аударылатын мәтіннің мазмұнына қатысты өзінің ұстанымын айқындай білуі тиіс.
Аудармашы материалдың мазмұнына қатынас бойынша кез-келген жағдайда құпиялық сақтауы керек, арнайы ресми орындар рұқсат, келісімінсіз өз еркінен тыс жария етуіне болмайды.
Аудармашы өзіне белгілі тәсілдермен түпнұсқа тілінің жүйесіндегі аударма тіліндегі, аударма техникасындағы және мәтін тақырыбындағы жан-жақты білімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz