Еңбекті қорғау ережелері жайлы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Еңбекті қорғау ережелері
жайлы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Информатика және есептеу техникасы кабинетінде
қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
Оқу кабинетіндегі жиһаз комплектілеріне қойылатын талаптар ... ..
Мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыруға
қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.5 Кабинетті аппаратурамен және құралдармен жабдықтауға

...
1.6 Кабинетті оқыту жабдықтарымен керекті құжаттамалармен
жабдықтауға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
1.7 Жабдықтарды орналастыру және сақтауға қойылатын

... ... ... ... ...
1.8 Информатика және есептеу техникасы кабинеті интерьерін
безендіруге қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Мах үшөлшемді бағдарламасының мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ..
2.2. Қолданыушы
ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2.3. Басты
мәзір ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
2.4. Базалық
материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
2.5. Жалпы
параметрлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
3 АРНАЙЫ БӨЛІМ
3.1 Мәтіндес картаны
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Материалдармен жұмыс
істеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Үшөлшемді
карта ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
3.4 3Dsmax бағдарламасында үшөлшемді обектті жасау кезеңдері ... .
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Жобаның құнын есептеу
4.2 Материал шығындарының есебі
4.3 Негізгі еңбек жалақының есебі
4.4 Қосымша еңбек жалақы есебі
4.5 Әлеуметтік қажеттілікке төлемдер есебі
4.6 Қосалқы шығында
4.7 Негізгі қорлардың амортизация есебі
4.8 Электроэнергия шығындары
4.9 Өзіндік құн есебі
4.10 Жалпы шығындар есебі
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық,
рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа
бастамалар мен серпімді қадамдар жасалып жүргізіліп жатыр.
Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның деңгейін
арттыру, тұтастай алғанда кез келген баланың танымдық әрекетіне тән
дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр.
Мемлекетіміздің әлеуметтік даму процессіндегі ұстанып отырған бағыты
нарық экономикасы.
Қазіргі кезде нарық заманына сай қолыңнан бір іс келу керек немесе
оқу орнын бітірген соң алған мамандығыңа байланысты белгілі бір маман иесі
болуың керек. Қарапайым мысал, кез келген жұмыс орнына барғанда Қолыңнан
не іс келеді? деп сұрайды. Оның мәнісі, бұрын жастардан оның қандай білімі
бар екендігі туралы сұралса, ендігі жерде оған қоса, оның қолынан қандай іс
келетінін сұрайтын уақыт та келіп жетті.
Оны нарық өмірінің өзі қазіргі кезде алдымызға жайып салып жатқаны
белгілі. Сол себепті жастардың оқу орындарында алған білімінен қоса,
олардың ойлау қабілетінде дамыту. Білім ордасында оларды нарық заманына
үйрету, яғни өз бетінше белгілі бір салада жұмыс істей алуына, фирма,
кәсіпорын секілді жұмыс орындарын ашқанда ең бірінші неден бастау керек
екендігіне бағыт беру керек.
Соңғы кезде үшөлшемді дүниежүзін моделдейтін визуалды анимациялық
бағдарламалар көбейіп жатыр. Әрине әрқайсысы өзіндік қасиетімен ерекше.
Алайда жастардың ойлау қабілетін дамуына Мах үшөлшемді бағдарламасы зор
әсер етеді. Бағдарламаның барлық мүмкіндіктерін жүйелі пайдалана отырып,
оларға жұмыс істеу қабілетімен қиялын шынайылату және өзіне қалаған
объектін үйрету – маңызды мәселе.
Біздің дипломдық жобамызда Мах үшөлшемді бағдарламасында объект құру.
Объекті бірнеше бағдарламаларда құруға болады. Дегенмен де не себептен бұл
бағдарламаны таңдағанымызды жоба барысында түсіндіреміз.
Жалпы Мах үшөлшемді бағдарламасы жайында кішкене айтып өтейік.
Мах үшөлшемді бағдарламасы бүкіл әлемге танымал американдық
Autodesk фирмасының бөлімшесінде жасап шығарылған. Өзінің даму
нәтижесінде стандартты сала болып табылып, сол салада кең әрі
көпжақты қолданылды. Шынында да бұл үшөлшемді және анимациялық
бағдарлама өзінің көптеген қолданушыларын тапты. Тіпті, жаңадан үйренушіден
профессионалды киноиндустрияға дейін үшөлшемді бағдарламаны қолданды.
Мах үшөлшемді бағдарламасының авторларымен салынған ойлар, тәжірибе
жүзінде шынайы әрі керемет болып көрсетілетіндіктен ол бүкіл елге
танымал бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарламада кез келген объекті
құрып оны қозғалту өте қолайлы. Бағдарламаның жинақы әрі тез жұмыс істейтін
құралдары қолданушыға бірден түсінікті болады.
1 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
1.1 Еңбекті қорғау ережелері жайлы
Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары . Қазақстан рес-
публикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен
қорғалатыны,әрбір азаматтық қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап
беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең
алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы
нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі
барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық, медициналық техникалық және
экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт,
еңбекті қорғау бұзылады деп саналады.
Мысалы, еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды,
жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті
қорғау ережелерінін сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар,
станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен
денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар,
өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз. Немесе егер ластанумен
байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер
жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер
ластанған ,қоқыстанған, газданған болса не оларда зиянды заттардың рұқсат
етілген нормалар шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық
құрамдас бөлігінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүіл еңбекті қорғау
бұзылған, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығына қауіп төнген.
Дәл осындай жағдай еңбекті қорғаудың экономикалық аспектісі бұзылған
кезде де орын алады, яғни, еңбекті қорғау қаржыландырылмаса және
осының нәижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен
қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл
жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек
жағдайларын тудыратыны сөзсіз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет.
Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен
қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кооператив мүшелерінің,
тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп
жүрген азаматтардың еңбегіне таралады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар
мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналарда көзделген:
-еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда;
- ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін
жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормаларда;
- әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен
тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормаларда;
- өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінде;
- қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі
ережелерде;
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі қағидалары ҚР
еңбекті қорғау туралы заңның 4-бабында көзделген. Еңбекті қорғау
саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен
барлық деңгейдегі мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметінің
бірлесуін көздейді және келесі қағидаларға негізделеді:
-кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қарағанда
қызметкердің өмірі мен денсаулығының үстемдігі;
- меншік иесінің немесе оның уәкілетті өкілінің толық жауапкершілігі;
- еңбекті қорғау міндеттерін осы мәселелерге қатысты мемлекеттік
бағдарламалардың және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің
экономикалық және әлеуметтік саясаттың өзге де бағыттарымен
үйлестірудің нәтижесінде кешенді түрде шешу;
- еңбекті қорғау саласында меншік нысанын және шаруашылық қызметіне
қарамастан барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай талаптарды белгілеу;
- кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника
талаптарының орындалуына мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге
асыру;
- еңбекті қорғауға қатысты алдыңғы қатарлы ұлттық және шетелдік
тәжірибені, ғылым, техника жетістіктерін пайдалану;
- қызметкерлерді қорғайтын қауіпсіз техниканы, технологияны және
құралдарды, еңбекті қорғауға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауды
және енгізуді ынталандыру;
- еңбекті қорғауды қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы;
-кәсіпорындарда еңбектің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға жағдай
жасайтын салықтық саясатты жүргізу;
- кәсіпорындардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты, ал
қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының нормалары
мен ережелерін сақтауға қатысты экономикалық мүдделілігі;
- кәсіпорындардың қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялау;
- өндірістік мақсаттағы өнімдердің қауіпсіздік талаптарына
сәйкестігіне қатысты сертификациялауды жүргізу;
- еңбек жағдайына сараптама жүргізетін мемлекеттік органдардың тікелей
жұмыс орындарында, сонымен қатар жаңа және өңделіп жатқан
кәсіпорындардың құрылысының жобаларында өндірістің қауіптілігі мен
зияндылығын бағалау;
- қызметкерлерді арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану
құралдарымен, емдеу-сауықтыру орындарындағы демалыспен және т.б.
қамтамасыз ету;
- өндірістегі әрбір қайғылы оқиғаны және әрбір кәсіптік ауруды қарау
мен есепке алудың, қызметкердің өндірістік жарақаттың, кәсіптік
аурудың деңгейі және еңбекті қорғауды жақсартуға қатысты шаралар
жөнінде хабарландырылуын қамтамасыз етудің міндеттігі;
- өндірісте қайғылы оқиғалардан жәбір шеккен немесе кәсіптік аурумен
науқастанған қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғау;
- жоғары және орта арнайы оқу мекемелерінде еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасы бойынша мамандарды дайындау;
- қызметкерлердің, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың және
жекелеген тұлғалардың өкілдік ұйымдарының еңбекті қорғауды қамтамасыз
етуге бағытталған қызметіне жан-жақты қолдау көрсету;
-еңбекті қорғау мәселелерін шешудегі хылықаралық одақтастық.
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару. ҚР Еңбекті қорғау туралы заңның 5-
бабына сәйкес, еңбекті қорғауға мемлекеттік басқаруды мыналар жүзеге
асырады:
- Қазақстан Республикасы Үкіметі;
- ҚР Үкіметі арнайы құратын мемлекеттік орган және оның жергілікті
жерлердегі бөлімшелері.
ҚР Еңбекті қорғау туралы 8-бабына сәйкес еңбекті қорғауға
мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар болып
мыналар табылады:
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, бұл орган еңбек,
еңбекті қорғау, жұмыспен қамту туралы заңдардың орындалуына
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Ауыл шаруашылық министрлігі, бұл министрлік машина-тракторлық
парктердің техникалық жағдайына, өртке қарсы қауіпсіздік
ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, бұл орган орталық және
жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техникалық сипаттағы
төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің жұмысын үйлестіреді,
сонымен қатар, өнеркәсіпте жұмыс жүргізудің қауіпсіздігіне қадағалау
жүргізеді;
- Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімі жанындағы
тәртіптік кеңес, орган мемлекеттік тәртіпті нығайту және жергілікті
атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін
қамтамасыз ету мәселелерін қарайды;
- Бас прокуратура, бұл орган республика аумағында заңдардың,
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де
нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына
жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады;
- Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, бұлар тиісті аумақтың
әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын орындауды,
жергілікті жерлерде ҚР Конституциясының, ҚР заңдарының, Жоғарғы Сот
қаулыларының, ҚР Президентінің және Үкіметінің акітелерінің,
мәслихаттардың және әкімшілік басшыларының актілерінің орындалуын,
республикалық және жергілікті билік органдарының өзара байланысын,
халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қадағалау және басқару органдарының негізгі құқықтары.
Ескеріп өтетін маңызды жайт, ҚР еңбекті қорғау туралы заңының 9-бабына
сәйкес, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары, олардың уәкілетті
тұлғалары өздерінің қызметінде жұмыс берушілерге, шаруашлық органдарына,
қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік билік пен басқарудың жергілікті
органдарына тәуелсіз болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен
ережелерге сәйкес әрекет етеді.
Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті тұлғалары
мынадай құқықтарға ие:
-меншік нысанына жәен шаруашылық жүргізуіне қарамастан кәсіпорындарға
кез келген уақытта алдын-ала ескертусіз ешбір кедергісіз кіру;
- министрліктерден, мемлекеттік басқарудың өзге де орталық және
жергілікті органдарынан, кәсіпорындардан, жұмыс берушілерден
қажетті ақпарат алу;
- кәсіпорындардың басшыларына және өзге де лауазымдытұлаларға
орындауға міндетті ұйғарымдар беру;
- кәсіпорындарды, жекелеген өндірістерді, цехтарды, учаскелерді,
жұмыс орны мен жабдықтарды пайдалануды тоқтата тұру (тыйыс салу)
- кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларына, қызметкерлерін еңбекті
қорғау жөніндегі заңшығарушылық және өзге де нормативтік құқықтық
актілерді бұзғаны үшін айыппұл тағайындау, аталған тұлғаларды
лауазымынан босату туралы ұсыныстар тағайындау, аталған тұлғаларды
лауазымынан босату туралы ұсыныстар жасау, қажет болған жағдайларда
оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін
прокуратура органдарына материалдар беру.
Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының
өкілдеріне жүктелген функцияларды орындау үшін барлық қажетті жағдайларды
қамтамасыз етуге міндетті.
Ал мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті
лауазымдытұлғалары өздерінің өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес негізсіз
санкцияларды қолданғаны үшін жауапкершілікте болады.
Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғауға қатысты құқықтары
мен міндеттері және олардың кепілдіктері.
Әрбір азамат еңбекті қорғау құқығына, яғни қауіпсіздік пен еңбек
тазалығы талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығына ие. Бұл ҚР
Конституциясында және ҚР Еңбек туралы заңында белгіленген негізгі
құқықтардың бірі.
Еңбекті қорғауға құқық дегеніміз бұл:
- зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғаулы тиіс қауіпсіз
жұмыс орны; мұндай факторлар өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға
немесе жұмысқа қабілеттің төмендеуіне әкелмеуі тиіс;
- қайғылы оқиғалар мен кәсіптік ауруларды міндетті түрде тергеу және
мұндай жағдайларда әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
- ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз ету;
- жұмыстың және еңбек тәсілдерінің қауіпсіз әдістеріне үйрету;
- өзінің жұмыс орнындағы еңбекті қорғау жағдайы туралы, денсаулыққа
келуі мүмкін зақымдарға қатысты тәуекелдер туралы және олардың
қорғау жөніндегі қабылданған шаралар туралы шынайы ақпарат алу;
- өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіпті жойғанға дейін
жұмысты орындаудан бас тарту;
- кәсіпорындарды жобалау, салу және қолданысқа беру кезінде ебекті
қорғау талаптарын қамтамасыз ету;
- еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау;
- еңбекті қорғауды қажыландыру.
Қауіпсіз жұмыс орнына құқық кәсіпорындардағы,әрбір жұмыс орнындағы
еңбек жағдайлары еңбекті қорғауға қатысты стандарттарға, ережелерге және
нормаларға сәйкес болуы тиіс екендігін білдіреді. Жұмыс орны өндірістік
жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе еңбекке қабілеттің төмендеуіне әкеп соғуы
мүмкін қауіпті , зиянды өндірістік
Факторлардың әсерінен қорғалуы тиіс. Еңбекті қауіпсіз жағдайларын
қамтамасыз ету, еңбекті қорғаудың жағдайына бақылауды ұйымдастыру және
еңбек ұжымын осы бақылаудың нәтижелері туралы уақытылы хабарландырып отыру
міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.
Еңбекті қорғау талаптарын сақтаған жағдайда өндірістегі қайғылы
оқиғалар, жарақат алу, кәсіптік аурумен ауыру төтенше жағдайлар болып
табылады. Алайда, егер мұндай жағдайлар орын алса, қызметкерлер өздерінің
тікелей басшыларын немесе басшылықты кез келген қайғылы оқиға, кәсіптік
аурудың белгілері туралы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі
мүмкін кез келген жағдайлар туралы жедел түрде хабарландыруға міндетті.
1.2 Информатика және есептеу техникасы кабинетінде қойылатын талаптар
Санитарлық-гигиеналық талаптар
1 ИЕТ кабинеті бөлемелерінің Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес
табиғи және жасанды жарық көздері болуы тиіс.
2 Негізгі табиғи жарық сәулелері сол жақтан түсуі керек. Терезелер
бөлменің солтүстік немесе солтүстік-шығыс жағындағы қабырғаларда
орналасқаны дұрыс. Негізгі табиғи жарық сәулелерін дербес компьютерде
отырған адамның алдынан немесе артынан түсіруге болмайды. Кабинет
бөлмесінің ұзындығы 6 м-ден асып, жарық екі жақтан түсірілген болған
жағдайда, оң жақта еденнен 2,2 м-ден кем болмайтын биіктікте қосымша жарық
беретін құрылғы болуы тиіс.
3 ИЕТ кабинетінің жарық беру қондырғылары ретінде ДЭЕМ орналасқан жұмыс
үстелдерінің екі жағында түзу қатар бойына ара қашықтары бірдей болып
орналасқан люминесцентті жарық шамдары пайдаланылуы тиіс, олар бөлме
төбесіне қондырылады немесе ілініп қойылады. Жарық шамдары мен терезеден
түскен сәулелер ДЭЕМ экрандарынан шағылыспауы керек.
4 Оқушылар отырған устел беттерінің жасанды жарық көздерінен сәулеленуі
300-500 лк аймағында болуы тиіс. Жарық шамдары сәулелерді біркелкі
шашырататын арматуралармен жабдықталуы керек.
5 Жарық көздері ретінде ең тиімді болып саналатын және спектрлік құрамы
да ойдағыдай деп есептелетін, қуаты 40 Вт, 58 Вт люминесцентті немесе
энергияны тиімді пайдаланатын ЛБ,ЛХБ типтес шамдарды пайдалану ұсынылады.
6 ДЭЕМ-дер орналастырылған оқу бөлмелері үшін іске қосылуы реттелетін
жоғары жиілікті аппараттары бар ЛП036 сериясындағы шамдарды пайдалану
керек. Мұнан өзге қиғаш жарық модификациядағы жарық шамдарын пайдалануға
болады.
7 ДЭЕМ-дер орналасқан бөлмелердің ауасын органикалық негіздегі
антропогенді заттармен және көміртегі диоксидімен ластамас үшін барлық
аймақтарда тиімді ылғалдылық-температуралық режимді қамтамасыз ететін
кірмелі-шықпалы вентиляция қою ұсынылады.
Кесте1.
Тиімді параметрлер Мүмкін болатын параметрлер
Температура, 0С Салыстырмалы Температура, , 0ССалыстырмалы
Ылғалдық, % ылғалдылық,%
19 62 39
20 58 18 31
21 55 22 -
-
8 Кірмелі –шықпалы вентиляция болмаған жағдайда ауаны тазарту ісін
тұрмыстық кондиционерлер көмегімен ұйымдастыруға болады. Кондиционерлер
мүмкіндігін есептеуді вентиляцияның жұмыс өнімділігін, компьютерлерден
шамадан тыс бөлінетін жылу көлемін, ондағы адамдар санын, күннің
радиациясын және жасанды жарық көздерін есепке алу жолымен вентиляция
жөніндегі инженер жүргізеді.
9 ИЕТ кабинеті салқын және ыстық суы бар қол жуғышпен жабдықталуы
тиіс.
10 Кабинеттің электрмен жабдықталуы ГОСТ 28139-89 талаптарына жәе
электр қондырғыларын орнату ережелеріне сәйкес атқарылуы керек.
11 Мұғалім мен оқушылар үстелдеріне электр кернеуін жалғау тұрақты
түрде және көзге көрінбейтіндей етіп жасалуы тиіс.
12 Электр беру тақтасы мен оны қорғаныс мақсатында өшіру құрылғысы
мүғалімге электрмен қоректендіру жүйесін бірден өшіру мүмкіндігін беруі
қажет. Олар сынып тақтасынның оң және сол жақтарында орналасуы тиіс.
13 ИЕТ кабинетінің өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол
екі көмірқышқылды өртсөндіргішпен жабдықталуы қажет.
14 Қабырғалар мен тақталарды бояу үшін ақшыл реңді бояулар
пайдаланылуы керек. Бояулар құрамы ауаға әк тозаңын шығармайтындай болуы
тиіс.
15 Кабинеттегі заттардың, сынып тақтасының, жұмыс үстелдерінің
беткейлері жылтыр емес, біркелкі жағымды түсте болғаны дұрыс.
16 Еден беткейлері де тайғанамайтын тегіс, тазалауға, ылғалмен
сүртуге ыңғайлы , антистатикалық қасиеттері бар болуы керек.
17 ДЭЕМ-дер мен бейне дисплейлік терминалдар тұрған бөлмелердің ішкі
интерьерін безендіруде ауаға зиянды химиялық заттар тозаңдарын бөліп
шығаратын синтетикалық материалдар пайдалауға рұқсат етілмейді. Ондайларға
ағаш жаңқаларынан шыққан тақталар, қабатталған қағаз пластик, жуылатын
түсқағаздар, оралмалы синтетикалық қабыршықтар, т.б. жатады.
18 ДЭЕМ-дер мен бейне дисплейлік терминалдар орналастырылған
барлық бөлмелердегі шу деңгейі 50 дБ-дан аспауы тиіс. (Тұрғын үйлер мен
қоғамдық ғимараттардағы рұқсат етілген шу деңгейлерінің санитарлық
нормалары № 3077-84,п.7.2).
1.3 Оқу кабинетіндегі жиһаз комплектілеріне қойылатын талаптар
Кабинет пен лаборант бөлмесі құжаттамаға сәйкес сертификат пен
гигиеналық сертификаты бар ГОСТ 22046-89 талаптарына сәйкес келетін арнайы
жиһаз комплектісімен жабдықталуы тиіс.
Кабинет төмендегілерге:
- мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруға;
- оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыруға;
- оқыту құралдарын тиімді түрде орналастыру мен сақтауға;
- аппаратураларды пайдалануды ұйымдастыруға арналған жиһаздармен
жабдықталады.
Лаборант бөлмесінде мынадай жиһаздар болуы тиіс: радиомонтаждық стол,
кеңсе столы; құралдар мен сейф сақтауға арналған сөрелер.
Мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруғ арналған жиһазға – аппаратура мен
компьютер орналасатын стол, принтер тұратын тумба, орындық, сынып тақтасы
кіреді.
Оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған жиһазға –
компьютер орналасатын оқушылардың бір адамға арналған столдары (ГОСТ 11015-
93)мен бойлары әр түрлі топтарға ыңғайластырылған, түрлі түспен белгіленген
көтеріліп бұрылатын орындақтар кіреді.
Оқыту жабдықтарын тиімді орналастыратын және сақтайтын жиһаз ГОСТ
18666-95 талабына сәйкес жасалған аралас құрылымды шкафтан тұруы тиіс.
1.4 Мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын
талаптар
Мұғалімнің жұмыс орны биікте орналасады да, Тізімдерге сәйкес
келетін столмен, екі тумбамен , сынып тақтасымен, экранмен, электрмен
жабдықтайтын басқару пульті бар электро тогын тарататын тақтамен
жабдықталады. Мұғалім столына ДЭЕМ, принтер, графпроектор жалғанатын
электрмен қоректендіру жүйесі қосылуы тиіс.
Мұғалім столының беткейі көлемі : ұзындығы 1300 мм-ден, ені 700 мм-ден
төмен болмайды.
Стол тумбаларында сабақ болатын көлемдері 350х500х100 мм шамасында 1-2
жәшік болуы тиіс.
ИЕТ кабинеті үшін фломастермен жазуға арналған сынып тақтасын пайдалану
ұсынылады.
Дербес ЭЕМ-дермен жабдықталған оқушылардың жұыс орындары бір адамға
арналған стол мен көтеріліп бұрылатын орындықтармен қамтамасыз етілуі
керек. Информатика кабинеті оған қоса ДЭЕМ-дер немесе бейне- терминалдар
орналасатын жұмыс орындар санына сәйкес екі орындық оқушы столдарымен (ГОСТ
11015-93) жабдықталады. Оқушылар столдары ортада орналасады және олар
теориялық сабақтар жүргізуге арналады. Столдар мен орындықтар түсті
белгілері бар бойлары әр түрлі топтарға бейімделеді.
Кесте2.
Жиһаз тобы Орындықтың Бойларының Белгілеу түсіСтол
алдыңғы жақтағы ұзындығы, мм биіктігі, мм
биіктігі, мм
4 380 1460до 1600 Қызыл 640
5 420 1600 до 1750 Жасыл 700
6 460 1750 до 1800 Көк 760
ДЭЕМ қойылатын столдың жұмыс беткейлерінің модульдік мөллшерлерін
(беткейлердің өлшемдері осылардың негізінде анықталады) былай алу керек:
ені – 800,1000,1200,1400мм, ұзындығы (тереңдігі) – 800 және 1000 мм, стол
биіктігі өзгертілмейді, ол 725 мм-ге тең болып алынады.
Оқушы столына электр тогы қосылып , оған жергілікті желі кабелі жалғануы
тиіс. Стол еденге бекітілуі керек.
ИЕТ кабинетіндегі оқушылардың жұмыс орындары сабақ кезінде мұғалім де,
оқушылар да олардың әрқайсысына еркін жете алатындай түрде орналасуы тиіс.
Мұғалім мен оқушылардың жұмысын электрлік қауіпсіздендіру мақсатында және
сабақ кезінде жарық деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ДЭЕМ
тұрған столдар бөлменің периметрі бойынша орналастыру ұсынылады.
Жұмыс орындарын бөлменің периметрі бойынша орналастыру кезінде мынадай
қашықтықтарды сақтау қажет:
а) кабинет ені бойынша:
- терезесі бар қабырғадан столдарға қашықтық 0,8 м-ден аз болмауы тиіс;
- тезелерге қарсы жақтағы компьютер столдары мен қабырға арасындағы
қашықтық 0,1 м шамасында болып, кейде қолданылатын бейнемониторларға
байланысты столдар қабырғаға тиісіп тұруына да болады;
ИЕТ кабинетінің ұзындығы бойынша ДЭЕМ тұрған столдар бір-біріне тиісіп
немесе араларында аздап орын қалдырылып та орналаса береді.
ДЭЕМ тұрған столдарды қатарластыра орналастырғанда, әрбір монитордың сырт
жағындғы стол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz