Абайсыздық қылмыстарын жіктеу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1 Абайсыздық қылмыстылығы және оның қоғам үшін қауіптілігі . . . 8
1. 1 Абайсыздық қылмыстылығы туралы жалпы түсінік . . . 8
1. 2 Абайсыздық қылмыстарын жіктеу . . . 15
1. 3 Автокөлікті пайдалану саласындағы абайсыздық қылмысының жалпы сипаттамасы . . . 17
2 Абайсыздықпен жасалатын қылмыстармен күрес . . . 25
2. 1 Абайсыздық қылмысына қарсы күрес шараларын әлеуметтік
жоспарлау . . . 29
2. 2 Абайсыздық қылмысы үшін жазаға тарту мәселелері . . . 35
2. 3 Абайсызда адам өлтіру . . . 47
Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүние жүзілік қоғамдастық таныған егемендік мемлекетке айналды.
Бір сөзбен айтқанда, казақ халқының, Казақстан Республикасының тарихында хронологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды.
Жаңа әлеуметтік - саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан халықтарының сана - сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана - сезім, ал сонымен бірге отанымыздың шыншылды да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта - ықыласына қауырт өсе түсті.
Егеменді еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан-ақ тәртіпсіздік пен салғырттыққа, ұйымдар мен мекемелердің, өндірістегі немесе басқару жүйесіндегі кейбір адамдардың ұқыпсыздығы мен салақтығына қарсы шешуші күрес жүргізіп келеді.
Мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту, жүктелген іске деген жауапкершілікті арттыру - бүгінгі күннің басты талабы. Ғылыми - техникалық прогресс жағдайында технологиялық процесс ережесін сақтамау, заңдылықты бұзу үлкен зардапқа әкеліп соғуы мүмкін .
Ғылым мен техниканың даму қарқыны - заңға қайшы келетін абайсыз мінез - құлықтарға қарсы күресті күшейтуді талап етеді, себебі техникаларды пайдалану саласындағы заңсыздықтардың көбісі абайсыз қимыл - әрекеттердің салдарынан болып жатады.
Ерекше сақтықты керек ететін қауіп көздерінің молаюы, адамдардың еңбегі мен тұрмысындағы ерекшеліктер және оның мазмұны, осыған орай психикалық қызметтің күшеюі, аз уақытта шұғыл шешім қабылдай білуді талап ететін қиын жағдайлардың көбеюі - мұның бәрі абайсыздықтан болатын зардап қауіпінің өсуіне әкеп соғуда .
Сонымен, біздің жағдайымызда абайсыздықтан болатын қылмысқа қарсы күрес дегеніміз - қоғамдық қауіпсіздікті қолдау, сол арқылы экономикалық, техникалық, мәдени - тәрбиелік, ұйымдастыру, құқылық, басқа да әлеуметтік шараларды жүзеге асыру проблемаларын қамтиды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Әлеуметтік процесс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын ғана емес, қоңдырманың да қаншалықты жетілдіргендігін көрсетеді. Сондықтан да қоғам дамуында болып жатқан өзгерістер құқық қорғау институттарында әсер етпей қоймайды. Олай болса, абайсызда болатын қылмыс проблемаларын шешу үшін, алдымен адамдардың аңдаусыз мінез - құлқын қылмыстық құқылық тұрғыдан ретке келтіру саласына өндіріс ендіру керек, өйткені абайсызда болатын қылмысты тудыратын қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік байланыстардың ауқымы тым кең.
Бұл проблеманың келелігі мен іс жүзіндегі маңыздылығы сонда, қылмысқа бастайтын абайсыздық - негізінен адамдардың кауіпсіздігін, денсаулығын, тиімді еңбегі мен түрлі маңызды салалардағы әлеуметтік пайдалы қызметін қамтамасыз ететін негізгі шарттарды қылмысты түрде бұзу сияқты әрекеттерді қамтиды.
Абайсыздық үшін жауапқа тарту - қылмыстық істегі күрделі проблемалардың бірінен саналады. Ол ежелден - ақ ғалым - заңгерлердің назарын аударып келеді. Абайсызда жасалған қылмысқа байланысты заңдылықтарды дамытуға С. В. Бородин, Т. С. Дагель, Н. И. Загородников, И. И. Карпец, В. Ф. Кириченко, В. В. Клочков, Г. А. Кригер, В. Н. Кудрявцев, Н. Ф. Кунецова, И. П. Лановенко, Н. СЛейкино, В. Г., Скворцов, Т. В. Церетели, Е. Қайыржанов, А. Ағыбаев, В. Нерисян, Б. Здравомыслов, В. Квашис және тағы баска ғалымдар көп үлес қосты.
Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде байқаусыз әрекеттердегі қылмысты анықтаудың жолдары мен әдістері, абайсыздығы үшін жауапкершілік пен жазаға тартудың шегі туралы, бұл сияқты заңсыздықтардағы қарсы күрестегі қылмыстық саясатты дамыту перспективасы жөніңдегі айтыс-тартыстар. Бұл проблеманың қаншалықты шұғыл мәселе екеңдігін көрсетті. Сонымен бірге абайсыздық қылмысы қылмыстық және әлеуметтік - құқық саласындағы бірден - бір келеді, күрделі қарама - қайшылыққа толы, жеткілікті зерттелмеген проблемалардан саналады.
Диплом жұмысына жас, егеменді Қазақстан Республикасының Коституциясын, одан туыңдайтын қылмыстық - құқықтық зандарды, сондай - ақ, қылмыстық кодексті де әдістемелік негіз ретінде алынды [2] .
Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Жұмыстың мақсаты абайсыздықпен жасалынған қылмыстардың алдын алу жолында тергеу әрекеттерін жетілдіру.
Мұндай мақсатқа бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысқан төмендегi мына мiндеттердi шешу арқылы қол жеткiзуге болады:
- абайсыздықпен жасалынған қылмыстарға құқықтық және криминалистік сипаттама беру;
- абайсыздықпен жасалынған қылмыстарды тергеу iс-әрекеттерi ұғымы және жүйесiн зерделеу;
- абайсыздықпен жасалынған қылмыстарды тергеу тактикасының іс-тәжірибедегі жағдайын тану;
- абайсыздықпен жасалынған қылмыстарды тергеудегі сот сараптамасының ролін анықтау;
- абайсыздықпен жасалынған қылмыстардың алдын алу шараларын зерттеу.
Зерттеудiң объектiсi мен пәнi. Зерттеудiң объектiсi абайсыздықпен жасалынған қылмыстарды құқықтық реттеуге байланысты туындайтын қатынастар болып табылады.
Зерттеудiң пәнін абайсыздықпен жасалынған қылмыстық әрекеттері құрайды.
Зерттеудiң әдiстемелерi мен теориялық негiздерi. Жұмыстың методологиялық негiзiн материалистiк диалектиканың қағидалары, құбылыстардың дамуы мен өзара байланыстылығының объективтi заңдылықтарының тарихи негiздiлiгi туралы зерттеулер құрайды. Жалпы диалектикалық зерттеулермен бiрге зерттеудiң тарихи, салыстырмалы-құқықтық, жүйелi-құрылымдық, формальды-логикалық, статистикалық және басқа да жаңа ғылыми және iшiнара ғылыми әдiстерi қолданылды.
Сонымен бiрге, енбекте құқық қорғау органдары қылмыскерлерiнiң арасында сауалнама мен сұхбат жүргiзу сияқты зерттеудiң әлеуметтiк әдiстерi пайдаланылды. Зерттеу нәтижесiнiң объективтiлiгiне қол жеткiзу үшін аталған әдістер жинақталып, кешендi түрде қолданылды.
Зерттеудiң теориялық және тәжiрибелiк маңызы. Бітірушімен жүргiзiлген зерттеулер экологиялық қылмыстарды тергеу әрекеттерін тиімді ұйымдастыруға мүмкiндiк беретін өлшемдерiн көрсетедi.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда - абайсыздық салдарынан болатын қылмыс проблемалары және оның қоғамдық қауіптілігі. Ал екінші тарауда - абайсыздық салдарынан болатын қылмысқа қарсы күрес проблемасы сөз болады.
1. АБАЙСЫЗДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІЛІГІ
1. 1 Абайсыздық қылмыстылығы туралы түсінік
Абайсыздық қылмыскерлігі де жаппай әлеуметтік құқықгық құбылыс сияқты қоғамның белгілі бір даму кезеңінде өмір сүретін қылмыс туралы жаппай түсініктің құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Абайсыздық қылмыскерлігі жөніндегі түсініктің негізіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 21-бабына сәйкес абайсыздық салдарынан жасаған қоғам үшін қауіпті әрекеттер /немесе әрекетсіздік/ жатады. Сондықтан да абайсыздық салдарынан болатын қылмыскерлік жөніндегі түсініктің мазмұны қылмыс туралы зандылыққа онда көрсетілген абайсыздықтан болатын қылмыстардың тізіміне және олардың сипатына сәйкес болады.
Абайсыздық қылмыскерлігі дегеніміз - белгілі бір мерзім ішінде қоғамда абайсыздық салдарынан жасалған заңсыздықтың жиынтығы. Сондай-ақ ол түрлі қылмыстардың жай ғана қосындысы емес белгілі бір әлеуметтік зандылықтарға сәйкес өзінше дамып отыратын құрылымы бар қылмыстардың бірегей жиынтығы болып табылады.
Абайсыздықпен жасалған қылмыс, абайсыздықтан болатын қылмыскерлік, қылмыскерлік түсініктердің өзара қатынасы жеке, ерекше және жалпы деп аталатын категориялар қатынасын диалектикасын көрсетеді, бұл жерде жеке деген ұғым абайсыздық салдарынан болған нақты бір қылмысты, ал жалпы үғымы- бүкіл қылмыскерлікті білдіреді. Бірақ, бұл жеке және жалпы деген екі категорияның арасын абайсыздық қылмыскерлігі байланыстырып отырады.
Сонымен, абайсыздықтан болатын қылмыскерлік, жалпы қылмыскерліктің бір бөлігі ретінде қаралуы тиіс. Жалпы қылмыскерлікке тән топтық қасиет, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде өмір сүру заңдылығы, оның пайда болу себебі, жағдайы және жою жолдары туралы жалпы қағида сияқты белгілер абайсыздық қылмыскерлігіне де тән.
Қылмысты криминалогиялық жүйелеу ісінде абайсыздық қылмыскерлігі ерекше топқа жатқьізылады, басқаша айтқанда, ол -жалпы қылмыскерлік кұрылымында дербес элементке ие. Бұл дербестік абайсыздық салдарынан болатын қылмыскерліктің ерекшеліктерімен айқындалады:
а) айыптың түрі бойынша, яғни, қылмыс жасаудың психологиялық механизмі бойынша;
ә) қылмыс жасаудың әлеуметтік - психологиялық себептерімен қылмыскердің мінез - құлқы бойынша;
б) сол қылмыстар жасалынатын қызмет салалары бойынша;
в) келтірген зардабы бойынша;
Абайсыздықтан болатын қылмыс қасақана қылмыстан ең алдымен жасаған айыбының түріне қарай ерекшеленеді. Соған орай қасақана жасалатын қылмыстың психологиялық механизімінен оның айырмасы сол адамның өзі істеген ісінің қоғам үшін қаншалықты қауіпті екенін және оның қоғамға қандай зардап әкелетінін қалай түсіретіндігіне байланысты. Абайсыздық қылмысын жасаушы адам өз ісінің қоғамға қаншалықты қауіпті екенін білмейді: ол қоғамға зиян келтіргісі /тіпті оған жол бергісі/ келмейді. Өйткені ондай зардаптың мүмкін болатынын ол алдын ала көріп біле алмайды немесе оны болдырмауға, алдын алуға болады деп сенеді.
Бұл жерден абайсыздықтан қылмыс жасайтындарға сипаттама берудің мынадай ерекшіліктері туындайды: қасақана қылмыс жасаушылар ерікті немесе еріксіз түрде өзін қоғамдық мүддеге қарсы қояды, ал абайсыздық қылмысының әлеуметтік - психологиялық себебі ұқыпсыздық, қоғамдық тәртіп ережелеріне жауапсыз қараудан болады. Сондықтан да абайсыздықтан қылмыс жасаушылардың қасақана қылмыс жасаушыларға қарағанда өнегелілік сапасы көбіне жоғары болуы мүмкін.
Абайсыздық қылмыстары өндірісте, транспортта, басқару жүйесінде, медицина практикасында, тұрмыста, т. б. салаларда ұшырасуы мүмкін. Оның кауіптілігі қылмыстың қай салада болатындығына, қылмыскердің қандай құрал-жабдықты пайдаланғандығына байланысты. Келтірілген зардаптың қаншалықты ауырлығы да осыған қарап өлшенеді. Әсіресе, техникаларды пайдалану мен басқару жүйесіндегі кәсіби абайсыздық салдарынан туындайтын қауіп аса зор болмақ. .
Осы жерден абайсыздық қылмысының тағы да бір ерекшелігі туындайды: қасақана қылмыс жасаушының мінез - құлқы /азғындық деңгейі/ істеген қылмысының деңгейіне сай келеді, ал абайсыздық қылмысы кезінде ондай сәйкестік болмайды. Қылмысқа әкеп соққан абайсыздықтан келген зиян айыпкердің өнегелілік бұзылу деңгейімен емес, оның қызмет саласымен, пайданылатын құрал-жабдықтарының ерекшеліктерімен, қылмысты істің себебімен, айыпкер үшін кездейсоқ болып табылатын тағы да басқа көптеген жағдайлармен айқындалады. Сондықтан да абайсыздық қылмысы кезінде адамның жеке басы /әлеуметтік-өнегелі мінездемесі/ мен келген зардаптың арасында ат пен түйедей айырмашылық болуы мүмкін.
Қылмыскерлік түрлі белгілер мен көрсеткіштер арқылы сипатталатын аса күрделі әлеуметтік - құқықтық құбылыстан басталады. Сондықтан да оған /қылмыстық ауырлығына, қылмыс обьектісіне, қылмыс санына, оны жасау әдісіне/ түрлі белгілері бойынша талдау жасалады. Қылмысты криминологиялық талдап, қорытудың маңызы зор. Бүл тұрғыдан алынғанда оны үш топқа бөліп қарайды: пайдакүнемдік қылмыстар, зорлық - зомбылық қылмыстары, лауазым иелерінің немесе мамандардың кәсіби міндетерін қасақана бұзуы арқылы жасайтын қылмыстары. Бұл, әрине, қылмыстардың негізгі түрлерін топтау ғана, ал олардың арасында қылмыстық неше түрлері жатыр. Профессор П. С. Дагель осы жіктеудің қатарына дербес топ ретінде абайсыздық қылмыскерлігін қосуды ұсынады.
Сонымен, абайсыздық қылмыскерлігі дегеніміз - қылмыскерлік жөніндегі ауқымды түсініктің бір бөлігі, оның құрылымының дербес элементі ғана.
Қылмыстық абайсыздыққа жасалған жоғарыдағы талдаудан байқайтынымыз, негізгі заңның 21 - бабымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 21 - бабында берілген анықтамаға талас жоқ деп айта аламыз. Г. А Злобин мен Б. С. Никифорв бұл анықтама қоғамдық қауіпті құбылыспен күрестің өмірлік мұқтажына жауап бермейді. Сәйкестіктен шығар жалпы абайсыздықтың жалпы анықтамасын қайта құрудан іс іздеген жөн дегенді айтады[3] . Қазіргі қолда бар, абайсыздық анықтамасының кемістіктері ретінде мыналарды атап айтады: айып жөніндегі жалпы түсінік пен ішкі ниетті айқындаудағы сәйкессіздік, абайсыздық жалпы белгілерін айқындауда субьектінің ізі істеген ісіне қалай қарайтындығының ескерілмеуі, бұл анықтаманың Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі кейбір абайсыздық қылмыскерлігі кұрамының тіркесімен сай келмеуі, заң шеберіне сыйыспайтын басқа да абайсыздық қылмыс түрлерінің нақты өмірде ұштасуы.
Абайсыздық қылмыскерлігін - тәртіптің абайсыз аутқуы сияқты кең түсініктің бір бөлігі ретіңде қарау керек. Тәртіптің абайсыз ауытқуы дегеніміз - қоғамға немесе белгілі бір әлеуметтік топқа зардап келтіретін немесе қауіп тудыратын мінез-құлық құбылысы. Мұндайда қылмыс бұл қауіпті түсінбеуден, одан келер зардапты елемеуден немесе ол зардапты болдырмауға деген сенімінің күштілігімен жасалады. Бұл жерде, айта кету керек, субьектінің қауіпті сезінуге, оның алдын ала толық мүмкіндігі бола тұра, ол мүмкіндікті іс жүзінде асыра алмаған жағдайы мысал ретінде алынып отыр.
Абайсыздық салдарынан болатын айыптың қасақана жасалатын қылмысқа қарағанда психологиялық механизмінде, қоғамға келер зардап пен субьектінің ерік-түйсігі арасындағы байланысы да басқаша болады. Субьект ол зардаптың боларын алдын-ала болжамайды /ұқыпсыздық/ немесе олай болмайтынына сенеді /өзімшілдік/. Бұл екі жағдайда да ол қоғамдық мүддеге ұқыпсыздық көрсетеді, басқаша айтканда, тиісті сақтық шараларын жасамайды, осылайша ұқыпсыздық пен өзімшілдіктің аяғы абайсыздыққа апарып соғады.
Өзімшілдік тұсында сақтықтың жеткіліксіздігі субьектінің қоғамға
қауіп төндіретін зардапты болдырмаудың алдын-алуға байланысты
жағдайларға беретін бағасынан байқалады /субьект бұл жағдайлардың
жеткіліксіз екенін алдын ала көре білмейді; /ұқыпсыздық тұсында
бұл абайсыздық болған істің өзіне қатыстылығынан көрінеді/ субьект,
одан қоғамға келер ауыр зардапты алдын-ала көре білмейді.
Сондықтан, абайсыз іс әрекетің салдары субьектінің еркінен тыс
болады, оның мәні мен мақсатына кірмейді, керісінше, көбінесе қарама-қайшы келеді [4] .
Бірақ абайсыздық әрекеттерінің бәрін бірдей ырықсыз /импульстік/ іс-әрекет жүйесіне жатқызуға қарсылар да жоқ емес. Әдетте, ерікті іс-әрекет пен ырықсыз іс-әрекетті бір-бірінен айыра білу үшін, оның келтірген зардабына емес, субъектінің мінез-құлқына, яғни, ол бұл әрекетті саналы түрде жасады ма, жоқ ырықсыз акті ме, міне осы жағына қарайды. Олай болмаған жағдайда кез-келген іс-әрекетті ырықсыз деп тануға болады, өйткені, алдын-ала болжап, біліп, қалап жасаған іс-әрекетке қарағанда мұның зардабы ылғи да кісі ойламағандай орасан зор және ұнамсыз болып шығады. Абайсыздық айыптарының тағы да бір еркшелігі сол - онан келген зардап субьектінің әрекеті үшін кездейсоқ болып табылады. Бұл, әсіресе, қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болатын техникалық абайсыздыққа қатысы. И. ПЛановенконы техника қауіпсіздігі ережесін бұзуға жасаған талдауы көрсеткендей, ауыр немесе адам өліміне әкеп соққан әрбір жағдайға жеңіл жарақатпен аяқталған ондағы ұсақ тәртіп бұзушылықтан келеді екен. Ал жеңіл жарақатпен сәтті аяқталған жағдайлардың өзара қатынасы бірге оннан, немесе бірге жиырмадан келеді. Автор былай дейді: «Практикада техника қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы деңгейі бірдей бола тұра, айыпты адамның онан әрі көңіл-күйіне, тәртібіне қарамастан, ол жағдайдың
кейде өлімге, ауыр жарақатқа немесе жеңіл жарақатқа әкеп соғатыны
белгілі. Көбіне ешқандай қауіп тудырмайтын кезі де болады». Әрине бұл
айтқанымыз абайсыздық қылмысының бәріне бірдей тура келе бермейді, бірақ тәртіп бұзушылық пен оның зардабы арасындағы сәйкессіздік үнемі байқалып отырады.
Абайсыздық қылмысы көбнесе белгілі бір жағдайға байланысты болады, оның табиғатында сол нақты жағдайдың өзі аса маңызды криминогеңдік роль атқарады. Қасақана және абайсыздық қылмыстары кезіндегі жағдай және жеке адамның өзара ықпалын зерттеген В. А. Номоконовтың мәліметтері көңіл ау айтарлықтай. Қасақана қылмыс жасағаңдардың көбісі жағдайды «билеген» /73 процент/, ал абайсыздық қылмысы тұсында көбісі жағдайға керісінше «тәуелді» /51 процент/ болған [5] .
Ғылым мен техниканың дамуы төтенше жағдайдың өсуіне себеп болуда, ал бұл жағдайға көбінесе техниканы пайдалану саласыңдағы қызметкерлер мен оның әрекет аумағындағы азаматтар тап болады. Н. А. Игатов ең тәжірбиелі деген жүргізушілердің өзі, 3-тен 15 ретке дейін қиын жағдайға қалады дейді.
Абайсыздық қылмысының ерекшелігі сол, яғни мұнда қоғамға қарсы пиғыл мен мақсаттың үлес салмағы мейлінше аз болады, сондай-ақ ондағы пиғыл мақсат пен жағдайга орай пайда болған зардап арасында ешқандай байланыс жоқ. Яғни, сондай бір зардап келтірейін деген пиғыл болмайды, ал мақсат орындалмайды, не «асығымен орындалады .
Жалпы мінездеме бойынша абайсыздық қылмыскерлерінің өнегелілік бұзылу деңгейі елеусіз болады. В. А. Номоконовтың /жоғарыдағы еңбегі, 19-6/ зерттеуіне сүйенер болсақ, қасақана қылмыс жасаушыларга қарағанда абайсыздық қылмыскерлер арасындагы теріс мінездері өте сирек, ал ең мінезділері 5-6 аса көп ұшырасады екен. Қасақаяа және абайсызда кісі өлтіргендер арасында зерттеу жүргізген Р. И. Михеев те осындай тұжырымға келген.
Автотранспорт қылмысында жеке адамның психиофизиологиялық ерекшелігінің /мысалы, түйсік қабілеті, дер кезінде бірегей реакция беруі, т. б. және психофизиологиялық жағдайының /мысалы, шаршау, әбден күйзелу, сасқалақтау/, сондай-ақ шеберлік, тәжірбиелік, тосқауылға төтеп бере білу сияқты белгілерінің жоғары криминогендік роль атқаратынын айта кеткен жөн. Автотранспорт қылмыстарының себептерін зерттеу барысында Д. С. Ковалев мынаны анықтады: жүргізушілерін 26, процентінің кәсіби дағдысы жеткіліксіз, 25 проценті жол апатын рульде 8-12 сағат отырған соң, ал 7, 8 проценті одан да ұзақ соң жасаған. Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, қызметкерлердің қиын апатты жағдайда тиімді әрекет жасай білуі, олардың өз жүйке жүйелерін қаншалықты дұрыс меңгере алатындықтарына байланысты.
Жеке адамның бойындағы бұл ерекшеліктер мен қасиеттер жағдайға байланысты оның іс-қимыл жасауын, Қауіпсіздік ережесінің талаптарын есепке алу мүмкіндігін шектеп қояды, бірақ бұл мүмкіндіктен оны мүлдем айырмайды. Олай болмаған жағдайда абайсыздық қылмысы жөнінде сөз болуы да мүмкін емес, яғни ешқандай айып таға алмайсың.
Осы айтылғандарға орай, абайсыздық жағдайында айыптың әлеуметтік-саяси мәні мынандай ерекше түрде жүз береді: жағдайға жеткілікті назар аудармау, жеңіл, жауапсыз қарау. Бүл абайсыздық қылмыскерлері үшін қоғамға жат бағыт-бағдар қасиет деген сөз, ол сақтық ережелеріне, қоршаған орта мен әлеуметтік құндылықтарға ұқыпсыз, жеңіл, жауапсыз караудан көрінді. Мұны былай түсіндіруге болады, кей авторлар абайсыздық қылмысындағы жағдайға байланысты қауіпті факторларымен жеке адамның психофизикалық ерекшеліктеріне маңыз береді де, абайсыздықтың әлеуметтік-саяси табитатына тиісті баға бермейді. Қ ауіпті зардап тек жағдайда, сондай-ақ жеке адамның психофизикалық ерекшелігіне байланысты немесе тек дағдының жоқтығынан туындаса, онда айып жөнінде, тіпті оны абайсыздық түрінде де сөз етуге болмайды. Сонымен бірге абайсыздық қылмысы қысқа мерзімдік, бір сәттік те болса сол адам бойындағы қоғамға жат пиғылмен байланысты болады.
ГДР-дің 1968 жылғы Қылмыстық кодексінде /2- бөлім, пр. 8/ әлеуметтік-саяси бөлігі абайсыздық қылмысының бір түрлеріне зандылық айқындаушы ретінде өндірілген: «қылмысты іс барысында өзінің міндеттік борышын бұзып отырғанын сезінбейтін адам абайсыздық әрекеттер жасайды, себебі ол жауапсыз салғырттық нәтижесінде өз міндетін түсінбейді немесе жауапсыздық салдарынан міндеттік борышын бұзуға әбден еті үйреніп кеткен, мұның аяғы қашанда зиянды зардапқа әкеп соғады».
М. Д. Шаргородский былай деп жазады: «Бүгінгі адам өз жауапкершілігше алған қызметі үшін де, аяғы үлкен зардапқа апарып соққан ас-әрекеті үшін де жауап беруі тиіс. Операцияны сауатсыз жүргізген /соның нәтижесінде сырқат қайтыс болған/ хирург те дәл осылайша жауап беруі тиіс. Себебі операцияны жақсы жүргізу оның қолынан келмейді, өйткені медицина институтын бітіргенімен нашар оқыған, операцияны жақсы жасай алмайды, бірақ ол осы салада істеуге ниет еткеннен кейін, оның үлесінен шығуға міндетті болатын. Олай болса мамандығын игере алмау салдарынан болған зардапқа хирург жауап береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz