АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ7
1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ9
1. 1 Агроөнеркәсіп кешенінің ұғымы, құрамы және құрылымы9
1. 2 Агроөнеркәсіп кешенінің дамуын реттеу өрісі24
1. 3 Агроөнеркәсіп кешенінің салаларын дамытудағы шетел36
тәжірибесі36
2 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ЖАЙ- КҮЙІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ47
2. 1 Павлодар облысының аграрлық секторын дамыту серпіні47
2. 2 Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешенін реттеудің мемлекеттік тұтқалары мен аспаптары68
2. 3 Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі жағымды бағыттары80
3 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ДАМУ ӨРІСІН ӘЗІРЛЕУ84
3. 1 Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік реттеу механизмі84
3. 2 Облыстың ауыл шаруашылық мақсаттарының стратегиялық бағыттары95
3. 3 Ауыл шаруашылығын дағдарыс шартында қаржыландыру мен несиелеу100
ҚОРЫТЫНДЫ108
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ112
КІРІСПЕ
Нарық экономикасы жағдайында ауыл экономикасын мемлекеттік қолдау көлемін өсіру аграрлық сектордағы түбегейлі өзгерістердің нәтижесі болды.
Ауыл шаруашылығын сала ретінде қалпына келтіру, сонымен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің шаруашылықтарды басқарудағы жаңа көзқарасын қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының бәсекеге қабілетті болуын өсіру басты қол жеткізу болды.
Бұл, өз кезегінде, мығым теориялық және тәжірибелік әзірленген ғылыми негізде ауыл шаруашылық проблемалары бойынша шешім қабылдауды талап етеді. Оны кеңейту және тереңдету, тікелей кәсіпорындармен шоғырландыру - отандық ауыл шаруашылық ғылымының бастапқы деңгейдегі міндеті болып табылады. Ғылым ретінде ауыл шаруашылығының экономикасы саладағы экономикалық заңдардың көрініс беруінің айрықша нысандарын, олардың ауыл шаруашылығын дамытуға әсер ету тетігін, ауыл шаруашылық өндірісінің жұмыс істеуінің экономикалық заңдылығын зерделейді. Елімізде өткізіліп отырған экономикалық реформалар ауыл шаруашылығына де елеулі дәрежеде әсер етті. Меншіктің және шаруашылық жүргізудің әр түрлі нысандары даму үстінде, яғни аграрлық секторда көп қырлы экономиканы қалыптастыру процесі жүруде. Бұл саладағы өндірістік қатынастардың өзгеруіне негізделеді. Ауыл шаруашылығының экономикасы салалық ғылым ретінде нарық жағдайында ауыл шаруашылығының экономикалық қатынастар жүйесін ашуға бейімделген.
Ел халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету ауыл шаруашылығының аса маңызды міндеті болып отыр. Нарық экономикасын қалыптастыру жағдайында бұл міндет ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру жолымен ғана шешілуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы тиімділігінің тап осы деңгейі халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін алдын ала анықтайды.
Ауыл шаруашылығын дамыту елеулі түрде өндіріс ресурстарының бар болуымен анықталады. Ресурстардың шектеулі болуы мен тапшылығы жағдайында экономикалық ғылымның тағы бір маңызды міндеттерінің бірі оларды оңтайлы пайдалану әдістерінің негізділігі, өнім бірлігін өндіруге шығатын еңбек, материалдық және қаржы шығынын азайту, яғни өндіріс шығысын азайту болып табылады.
Мәселенің көкейкестілігі, ғылыми-тәжірибелік мәнділігі, оның жеткіліксіз түрде әзірленуі және зерттеу қажеттілігі «Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы бойынша тиімді механизмдерін жасау» (Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығы басқармасы мәліметтеріне) тақырыбын таңдауға негіз болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты агроөнеркәсіп кешенінің мәнін, құрамын, ұғымын ашу, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өрісті тетіктерін әзірлеу.
Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешені зерттеу объектісі болып табылады.
Таңдап алынған мақсат негізінде мына міндеттер көрсетілген:
- агроөнеркәсіп кешенінің теориялық негізін ашу;
-агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік әсер етудің тұтқалары мен тетіктерін анықтау;
- Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешеніне талдау жасау;
- жасалған талдау негізінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өрісті тетігін әзірлеу.
Осы дипломдық жұмыс баламалы шолулар мен статистикалық деректер негізінде жасалды, аграрлық сектордың отандық және шетел жетекші мамандарының жұмыстары, Қазақстанның кезеңдік басылымдары; Аграрлық азық-түлік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, Үкімет қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы екі тілде жасалған аңдатпадан, кіріспеден, қорытындыдан, үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Агроөнеркәсіп кешенінің ұғымы, құрамы және құрылымы
Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) елдің экономикасында ерекше мәнге ие. Ол қоғамның тіршілік әрекетін қолдау жағдайын анықтайтын халық шаруашылығының негізгі кешендерінің қатарына жатады. Оның мәні адамдардың тамақ өнімдеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар ол халықтың жұмыспен қамтылуына және барлық ұлттық өндірістің тиімділігіне елеулі әсер етеді [1] .
Агроөнеркәсіп кешені ауыл шаруашылығын дамытумен, оның өндірісіне қызмет көрсетумен және ауыл шаруашылық өнімдерін тұтынушыға жеткізумен байланысты халық шаруашылығы салаларының жиынтығы болып табылады.
Агроөнеркәсіп кешенінің басты міндеті халықтың тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларға деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені халық шаруашылығының аса ірі кешені болып табылады. Ол жетпісінші жылдардың ортасында, халық шаруашылығының көптеген салаларын бірыңғай кешенге біріктіру үшін материалдық-техникалық, ғылыми-теоретикалық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттар туындаған кезде біртұтас кешен ретінде қалыптасты [2] .
Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылығы салаларының негізгі және өмірлік маңызды салаларының бірі және өнеркәсіп үшін басты шикізат жеткізушілердің бірі болып табылады. Шикізат ретінде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 50% пайдаланылады. Ауыл шаруашылығы тамақ, құрама жем және өнеркәсіптің басқа салаларына шикізат жеткізеді.
Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы - өнеркәсіп тауарларын ірі тұтынушы. Өнеркәсіп ауылдарға тракторлар, автомобильдер, машиналар, жабдықтар, отын мен майлағыш материалдарды, минералдық тыңайтқыштарды, құрама жем және т. б. жеткізеді.
Демек, өнеркәсіптің кейбір салаларының дамуы ауыл шаруашылығына байланысты, алайда ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің табысты жұмыс істеуі өнеркәсіптің даму деңгейімен анықталады.
Ауыл шаруашылығына экономика саласы ретінде өсімдік және мал шаруашылықтарының өнімдерін алу үшін ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу және мал өсіру кіреді. Өз кезегінде, өсімдік шаруашылығы: егіншілік, көкөніс шаруашылығы, жемшөп өндіру, жеміс шаруашылығы, бақша шаруашылығы, шалғын өсірушілік, гүл өсірушілік, орман шаруашылығы бөлімдерінен тұрады.
Ауыл шаруашылығы саласындағы шаруашылық субъектілерінің нысандары үш санат бойынша беріледі: ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа және үй шаруашылықтары. Ауыл шаруашылық кәсіпорны - ауыл шаруашылық қызметін жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам немесе өндірістік кооператив нысанында құрылған заңды тұлға. Шаруа (фермер) қожалығы - тұлғалардың отбасы-еңбек бірлестігі, мұнда бірлестік басшысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеу және өткізу үшін ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерді пайдаланумен байланысты қызметін жеке кәсіпкерлік негізінде ұйымдастырады. Үй шаруашылығы - жеке ауладағы отбасының немесе бірнеше отбасының өндірістік қызметі.
Ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің көлемі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өнімдерді іске асыру көлемі, демек, халықтың тамақ өнімдеріне, ал өнеркәсіптің - шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі осының шамасына байланысты.
Өзіндік құн деңгейі, табыс сомасы, өнімділік деңгейі және басқа экономикалық көрсеткіштер өнім өндіру көлеміне байланысты. Сондықтан шаруашылық қызметіне талдау жасауды өнімдерді, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін зерделеуден бастау қажет.
Елдің экономикасының табысты дамуы көбінесе ауыл шаруашылық өндірісінің өсу қарқыны мен тиімділігімен анықталады. Ауыл шаруашылығын тиімді дамыту табиғи-ресурстық әлеует пен қоғамның игілігін сақтауға ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманда әлемдегі Қазақстанның жағдайына да әсер етеді. Елдің Аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын дамытуға кешенді көзқараспен келуді талап етеді. Салалық инфрақұрылымды дамытудың тиісті деңгейі болмай өндіріс құралдарын шығаратын АӨК-тің бірінші саласы да, ауыл шаруашылығын білдіретін - екіншісі де, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын - үшінші сала да қалыпты жұмыс істей алмайды. Сондықтан Қазақстанның ауыл шаруашылығын тұрақтандыру және бұдан әрі дамыту мемлекеттің рөлін күшейту және экономиканың осы аса маңызды саласына қолдау көрсетпеу мүмкін емес.
Халық шаруашылығының әрбір саласында айрықша өндіріс құралдары, дайындалатын өнімі, белгілі бір өндірістік қарым-қатынасы бар, қызметкерлерден тиісті біліктілігінің бар болуын қажет етеді. Ауыл шаруашылығына сонымен қатар кейбір ерекшеліктер тән:
- ауыл шаруашылығында басты, таптырмайтын өндіріс құралы ретінде жер пайдаланылады. Басқа өндіріс құралдарынан айырмашылығы жер дұрыс пайдаланған болса тозбайды, өз сапасын сақтайды;
- ауыл шаруашылығындағы айрықша өндіріс құралдарына тірі организмдер жатады - олар биологиялық заң негізінде өсіп-жетілетін өсімдіктер мен жануарлар. Өсіп - өнудің экономикалық үдерісі табиғи үдеріспен өзара байланысып жатыр;
- ауыл шаруашылық өндірісінің нәтижелері топырақ-климат ахуалына байланысты, ал өнеркәсіп өндірісіне бұл фактор әсер етпейді. Бұдан басқа, топырақ-климат ахуалы ауыл шаруашылығының орналасуы мен мамандандырылуына елеулі әсер етеді. Жеке ауыл шаруашылық дақылдары тек қана белгілі бір климат ахуалында өсіп-жетіле алады;
- ауыл шаруашылығында жұмыс істеу кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді. Бұл ауыл шаруашылық өндірісінің маусымдылығына негізделеді. Күздік дәнді дақылдарды өсіру кезінде өндіріс уақыты пен жұмыс істеу кезеңі арасындағы айырмашылық анық көрінеді. Оларды өндіру кезеңі дайындау мен егіс кезі шілде-тамыз айларында басталады және келесі жылы егін жинау кезі шілде айында аяқталады. Осы уақытта жұмыс істеу кезеңі бірнеше рет тежеледі және қайта жаңғырады: танапты дайындау, егіс, өсімдікті баптау, егін жинау және басқалар, ал негізінен өсімдіктің өсуі мен даму жағдайымен анықталатын өндіріс кезеңі үздіксіз жалғасады. Маусымдылық өндірісті ұйымдастыруға, техника мен еңбек ресурстарының пайдаланылуына елеулі әсер етеді:
- cалада шығарылған өнім оның құралдары (тұқым, жемшөп, мал төлі, органикалық тыңайтқыш және басқа) ретінде өндірістің бұдан кейінгі процесінде тікелей пайдаланылады, ал кәсіпорын негізгі шикізатты басқа салалардағы кәсіпорындардан алады. Өндіріс технологиясының айрықшалығы осындай ерекшеліктерге байланысты. Ауыл шаруашылығында технологиялық үдеріс биологиялық факторларды, тірі организмдерді пайдалануға негізделеді, ал өнеркәсіпте химиялық, физикалық және механикалық үдерістерді пайдалану негізге алынады;
- aуыл шаруашылығында еңбек заттары емес (өсімдік), өндіріс құралдары (тракторлар, машиналар, комбайндар және басқа ауыл шаруашылық техникасы) ауыстырылады. Өнеркәсіпте, әдетте, еңбек заттары (шикізат) ауыстырылады, ал құрал-жабдық, машиналар, станоктар бекітіліп беріледі. Ауыл шаруашылық техникасының айрықшалығы сонда, олар негізінен өнімдердің жеке түрлерін өндіру үшін пайдаланылады және басқа түрлері үшін жарамсыз. Өнімдердің әрбір түрін өндіруге арналған машиналар кешені бар. Сондықтан техникаға деген жалпы қажеттілік өнеркәсіп салаларына қарағанда мұнда елеулі жоғары.
Ауыл шаруашылық өндірісі үлкен жер алаңдарында жүргізіледі. Егіншіліктегі өндірістік үдерістердің басым бөлігінде жылжымалы жұмылдырғыш агрегаттар қолданылады. Ауыл шаруашылық өндірісінің кеңістіктегі бытыраңқы орналасуы әр түрлі жүктерді тасымалдаудың үлкен көлемін қажет етеді: ауыл шаруашылық дақылдарын, тыңайтқыштарды, жемшөпті және т. б. жинау. Мұның бәрі ауыл шаруашылық өндірісінің энергия ресурстарына деген жоғары қажеттілігіне негізделеді. Ауыл шаруашылығының ерекшелігі мұндағы ұдайы өндірістің экономикалық үдерісі табиғи үдеріспен тығыз тоқайласады, мұндағы өнім өндірісі өсімдік пен малдың өсу және дамуындағы биологиялық циклмен байланысты. Ауыл шаруашылығына тән биологиялық үдерістердің тоқтатылуы өнеркәсіп өндірісінің бастамасы болып табылады. Атап айтқанда, өсімдік пен малды өсіп-өндіру, жеміс жинау және сүт алу ауыл шаруашылығына, ал ұнды тарту, жемісті қайта өңдеу, май өндіру, мал сою өнеркәсіпке жатады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы жылдар бойынша ауа-райы жағдайына қарай елеулі дәрежеде ауытқып отырады, бұл өз кезегінде мал шаруашылығын дамытуға және жалпы ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігіне әсер етеді. Су ресурстары ерекше рөл атқарады. Ауыл шаруашылығында су өндірістің заттай және таптырмайтын элементі болып табылады, ол алдымен республиканың су тапшылығы бар аудандарында өнімді шығаруға және оның құнын қалыптастыруға қатысады. Ауыл шаруашылығының бесінші ерекшелігі табиғи факторлардың және өсімдік пен малдың айрықша қызметі осы саладағы жұмыс істеу кезеңінің өндіріс уақытымен сай келмеуіне әкелуінде. Ауыл шаруашылығының жетінші ерекшелігі мұнда дайын өнім өндіріс құралы ретінде өндірістің келесі циклына енеді. Осы және басқа себептерге байланысты негізгі және айналым құралдарын қалыптастыруда ерекшеліктер пайда болады. Ауыл шаруашылығындағы тауар өнімдерінің деңгейі өнеркәсіптің деңгейінен төмен болуы осының нәтижесі болып табылады [3, 157-160бет] .
Дамыған елдерде ауыл шаруашылығы индустриалды технология саласын құрайды және көп салалы агроөнеркәсіп (АӨК) немесе азық-түлік (АК) кешенінің тізбегі ретінде ғана дами алады. Осы технологиялардың негізін ауыл шаруашылық емес салалар құрайды. Олар түпкілікті ауыл шаруашылығы өнімдері құнының 50% келетін өнеркәсіптің өндіріс құралдары мен материалдарын жеткізеді.
Қазіргі заманғы жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі халық шаруашылығының бірқатар басқа салаларының тұтасымен табысты жұмыс істеуіне елеулі деңгейде байланысты. Алдымен ауыл шаруашылығына техника, ауыл шаруашылық машиналарын, жанар-жағармай материалдарын, у химикаттарын, тыңайтқыш, құрылыс материалдарын және басқаларды жеткізетін салаларға байланысты.
Ауыл шаруашылығын дамытудың серпіні мен қарқыны көбінесе өндіріс құралдарын дайындайтын өнеркәсіп салаларындағы өндіріс деңгейімен анықталады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығының дамуы ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қызмет көрсететін салалар мен өндірістердің тиімді қызметімен тығыз байланысып жатады. Мұның бірінші кезекте техниканы жөндеу, ауыл шаруашылық объектілерін құрылыс, өндіріс құралдарымен жабдықтау, өнімдер мен материалдарды тасымалдау жөніндегі салалар мен өндірістерге қатысы бар.
Ауыл шаруашылығы - өндірістің өзгеше саласы, оның басты ерекшелігі - жердің өндірістің негізгі құралы ретінде бар болуы. Өндірістік басқа құралдарынан жердің ерекшелігі - адам еңбегінің өнімі, оның мөлшері өсе алмайды; ауыл шаруашылығында дұрыс пайдаланылған жағдайда жер өз сапасын жойып қана қоймайды, тіпті оны жақсартады, ал өндірістің басқа құралдары біртіндеп сапалық және табиғи тозып, орны басқасымен ауыстырылады. Жер, өндіріс құралы бола отырып, сонымен қатар еңбек құралы және еңбек заттары болады [4] .
Ауыл шаруашылығын орналастыру мен мамандандырудың аса маңызды табиғи факторлары мыналар болып табылады: топырақтың сапасы; аязсыз кезеңнің ұзақтығы, белсенді температура сомасы (жылумен қамтамасыз ету) ; күн радиациясының шамасы (жарықпен қамтамасыз ету) ; ылғалдандыру жағдайы, жауын-шашын мөлшері; қолайсыз ауа-райы ахуалының қайталану мүмкіндігі (қуаңшылық, қатқақ, жел және су эрозиясы) ; су ресурстарымен қамтамасыз етілуі; жергілікті жердің топографиялық жағдайы және басқалар. Табиғи факторлар өсімдік шаруашылығы саласына әр түрлі дәрежеде, олардың өңдеу ареалын анықтай отырып, жоғары деңгейде әсер етеді. Бірқатар дақылдар үшін (әсіресе жылу сүйгіш) бұл ареалдар аса шектелген, мысалы, жүзім, шай, цитрус дақылдары және басқалар; басқалары үшін - барынша кең (арпа, күздік бидай, картоп және басқа) . Мал шаруашылығын орналастыру үшін табиғи факторлар жемшөп базасы арқылы көріне отырып, елеусіз әсер етеді. Жайылымдағы мал шаруашылығы (қой, ірі қара мал шаруашылықтарының кейбір бағыттары; бұғы шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және басқа) табиғи-климат ахуалына неғұрлым басыбайлы. Мұнда жайылымның бар болуы, олардың ауқымы, өсімдіктің құрамы және оларды пайдалану кезеңінін ұзақтығы сияқты факторларды бөліп қарауға болады.
Ауыл шаруашылығын орналастыру үшін сонымен қатар әлеуметтік-демографиялық факторлар да аса маңызды. Халық ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі тұтынушысы болып табылады, сондықтан осы өнімді тұтыну құрылымының аймақтық ерекшеліктері болады. Ауыл шаруашылығын мамандандыруға қала мен ауыл халқының арасындағы ара қатынас әсер етеді. Бұдан басқа, халық сала үшін еңбек ресурстарының үнемі өсіп отыруын қамтамасыз етеді. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне қарай ауыл шаруашылық өнімдерінің еңбекті қажетсінетін әр түрлі сипатталатын кез келген өндірісі дамып отырады. Көкөніс, картоп, қант қызылшасы және басқа техникалық дақылдар өндірісінде, мал шаруашылығының кейбір салаларындағы өндірісінде еңбекті қажетсіну неғұрлым жоғары болып саналады. Мамандандырылған білікті кадрларды пайдалану еңбек өнімділігін өсіруге, осы өнімді өндірудегі еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бірқатар аймақтардағы халық көші-қонының артуы қазіргі уақытта өнімнің еңбекті қажетсінетін өндірісін шектеуге әкеліп отыр. Сонымен қатар орналастыру мен мамандандырудағы маңызды фактор өткен жылдары жеткіліксіз түрде есепке алынған және бірқатар жағдайларда бұрын жалпыодақтық қорға жеткізудің жоспарлы көлемімен анықталатын шетке шығарылатын өнімнің көптеген түрлерін өндіру мүмкіндігін елеулі шектейтін жергілікті халықтың мүддесі болып табылады (кесте - 1. 1) .
Ауыл шаруашылығын орналастыру мен мамандандырудың неғұрлым мәнді экономикалық факторларына мыналарды жатқызуға болады:
- өткізу нарығына қарай шаруашылықтардың орналасуы мен қайта өңдеу кәсіпорындарының, шикізат пен түпкілікті өнімді сақтау үшін ыдыстың бар болуы, көлік құралдары мен байланыс жолдарының бар болуы және жай-күйі.
Кесте 1. 1 - 1 қаңтарға 2007ж. жалпы жердің алаңын және жерді пайдаланушыларға ауылшаруашылық жарамдылығы
егістік
шабындық
жайылым
бақшалар
Соның ішінде:
-бау - бақша жүргізетін адамдардың жері
-шаруа қожалығын жүргізуге арналған азаматтардың жері
-ауыл шаруашылық заңды тұлғалардың жері
6, 1
2295, 1
199, 5
5, 2
2272, 2
194, 6
3, 6
672, 9
28, 0
-
66, 6
5, 8
-
1122, 7
152, 7
1, 6
410, 0
8, 1
Оның ішінде:
-шаруашылық
серіктестіктері және АҚ
-ауыл шаруашылық кооперативтері және басқа кәсіпорындар
997, 9
46, 6
981, 5
44, 8
429, 6
28, 4
14, 7
2, 2
401, 2
13, 0
136, 0
1, 2
Байланыс жолдарының сипаты мен жай-күйі де тікелей әсер етеді. Жеңіл тасымалданатын өнім өндірісін неғұрлым тиімді саналатын жерлерде шоғырландыруға болады. Өнімді үлкен көлемде тасымалдау мүмкіндігі тасымалдаудың арзандауына әкеледі:
- ауыл шаруашылығының құрылған өндірістік әлеуеті: мелиорацияланған жердің, өнімді мал басының, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын құрылғылардың, өндірістік құрылыстардың және басқалардың бар болуы;
- ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің алаңы, оның құрылымы: жан басына келетін аңыздың және ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің мөлшері;
- көрсеткіштер жүйесімен анықталатын ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігі, оның негізгілері: жер алаңының бірлігі мен материалдық және еңбек шығынының бірлігіне келетін ауыл шаруашылығы өнімінің түсімі және жалпы табысы, өндірістің пайдалылығы. Экономикалық тиімділікке ауыл шаруашылығын орналастыру мен мамандандырудың барлық қарастырылып отырған факторларының жиынтығы әсер ететінін атап өту керек;
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің аймақаралық байланыстарының ерекшеліктері мен тұрақтылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мүмкіндігі, оның кепілдігі кейбір аймақтарда тек қана неғұрлым қолайлы жағдайы бар ауыл шаруашылығының салаларында дамыту үшін негіз құрайды. Әрине, мұнда қажетті ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға, оны тасымалдауға шығатын шығыс, осы аймақтағы оның өндірісінің шығысымен салыстырыла отырып, есепке алынады;
- ауыл шаруашылығын өнеркәсіптен жеткізілетін өндіріс құралдарымен қамтамасыз ету. Осы өнеркәсіп өнімі бағасының деңгейінің ауыл шаруашылық шикізаты мен оның қайта өңдеу өнімдерінің баға деңгейіне сәйкес болуы;
- ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мөлшері. Мысалы, шаруа қожалықтары мамандандыру мүмкіндіктерін шектейді.
Ауыл шаруашылығының негізгі салалары - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы, олардан мынадай шағын салалар бөлініп шығады: астық шаруашылығы, жемшөп өндіру, техникалық дақылдар өнідіріс (зығыр, қызылша шаруашылықтары және басқа), бау-бақша өндіру, көкөніс шаруашылығы, мал шаруашылығы, шошқа, қой, құс, қоян, тоғандағы балық, аң, ара шаруашылықтары және басқалар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz