Химиялық қосылыстардың күрделі қоспалары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ6
1 Әдеби шолу9
1. 1 Бояғыштар туралы жалпы түсінік9
1. 2 Бояғыштардың классификациясы мен номенклатурасы11
1. 3 Бояғыштар сапасына қойылатын талаптар13
1. 4 Азобояғыштар туралы жалпы түсінік19
1. 5 Азобояғыштарды топтастыру20
1. 6 Азобояғыштар синтезінің мазмұны27
1. 7 Реакция механизмі32
2 Тәжірибелік бөлім33
2. 1 Азобояғыштарды зертханада синтездеу33
2. 2 Азобояғыштардың қасиеттерін зерттеу47
3 Органикалық синтез зертханасында жұмыс жасау ережелері мен қауіпсіздік техникасы55
ҚОРЫТЫНДЫ58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР59
КІРІСПЕ
Органикалық бояғыштарды қолдану аясы көп әрі алуан түрлі. Оларды әртүрлі маталар мен жіптерді (зығыр, жүн, қағаз-мақта, жібек, жасанды және синтетикалық талшықты) бояу үшін қолданады. Органикалық бояғыштармен теріні, былғарыны, ағашты, қағазды, әртүрлі пластмассаларды, резеңкені, ас өнімдерін, т. б. бояйды. Органикалық бояғыштар лак - сыр материалдарын, көркем бояу, түрлі - түсті қарындаштар, типографиялық сыр мен қара бояу алуда қолданылады, сондай-ақ әртүрлі материалдарды бояу үшін қасиеттері әртүрлі органикалық бояғыштар қажет. Қазіргі таңда синтетикалық бояулардың 1 - ға тарта түрлері бары белгілі, және олардың саны үздіксіз артып отырады. Жыл сайын жаңа, қолдануға ыңғайлы, ашық, шыдамды бояғыштар пайда болып, ескілерін ығыстырып отырады. Органикалық бояғыштар мен аралық өнімдерді шығаратын химия өнеркәсібінің саласы анилинді-бояу өнеркәсібі деп аталады. Бұл атаудың шығуының тарихи себебі бар, өйткені ең алғашқы бояулар анилиннен алынған екен.
Соңғы жылдары бояғыштар химиясында маңызды өзгерістер орын алды. Органикалық қосылыстардың түстілік теориясы квантты - химиялық көрсеткіштердің негізіне толық орнықталды және хромофора мен ауксохромалардың классикалық түсінігінен алыстады. Бояғыштардың мынадай “классикалық” топтарына қызығушылық бәсеңдеу үстінде: - нитро және нитрозобояғыштар, арилметанды, хинониминді және күкіртті, сонымен қатар полициклді хинонды. Бояғыштарға жаңа патенттер де кездеспейді. Текстильді материалдар өндірісінде синтетикалық талшық үлесі өсуде, сондықтан синтетик - химиктер осы талшықтарды бояуға арналған спецификалық бояғыштарды жасау үстінде. Дисперсті бояғыштар синтезіне негізінен көп көңіл бөлінеді. Текстильді материалдар өндірісінде пигменттерді қолдану кеңеюде, сонымен қатар оптикалық ағартқыштар қолданысы өсіп келеді. Осыған орай дипломдық жұмыстың өзектілігі: азобояғыштарды алу және қазіргі кезде қолданылу мүмкіндігін қарастыру.
Белгілі бір түс (реңк) денелерді (талшықтар, маталарға және т. б) бояуға қабілетті заттардың қолданылуы ерте кезден белгілі. Осы мақсатта түсті сазбалшық, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар ағзалары құрамындағы заттар қолданылды.
Бояғыштар - спектрдің көзге көрінетін жақын ультракүлгін және инфрақызыл аймағында электр - магнит сәулелерін қарқынды түрде жұтып алып, оның қуатын түрлендіруге қабілетті және осы қабілетін басқа денелерге тиесілі ете алатын химиялық қосылыстар. «Бояғыш» сөзінің шығу тегі А. Е. Порай-Кошиц есімімен байланысты.
Бояғыштың ерекшелігі - боялатын материалға (мысалы, текстиль, қағаз, елтірі, шаш, тері, ағаш, тамақ) сіңіп, оның барлық көлеміне таралып, түс беруге қабілеттілігі.
Азобояғыштарды алу технологиясының базасында екі химиялық реакция бар: ароматтық аминді диазоттау және феноламин немесе аминмен диазоқосылыстан алу.
Азобояғыштар - бір немесе бірнеше азотоптардан (мысалы, қызыл конго, метилді сарғылт - қызыл, β - нафтолоранж, т. б. ) тұратын органикалық қосылыстар. Азобояғыштардың түстері алуан түрлі, алайда тұрақты емес. Азобояғыштар - синтетикалық бояғыштардың ең көп таралған түрі, олар матаны, теріні, резеңкені бояуда, лак - сыр, полиграфия және басқа өндірістерде, аналитикалық химияда индикатор ретінде қолданылады. Молекулалары хош иісті радикалдарды байланыстыратын - N = N - бір немесе бірнеше азотоптардан тұратын органикалық бояғыштар. Санына қарай бұл топ моно-, дис-, трис- және полиазобояғыштар деп бөлінеді. Әдетте азобояғыштардың хош иісті ядросында алмасқан немесе алмаспаған NH 2 және OH, сондай-ақ NO 2 , Cl, SО 3 H, COOH, т. б. топтар болады. Азобояғыштардың суда ерігіштігіне қарай қышқылды топтарға бөлінеді.
Азобояғыштардың тәжірибелік мағынасы болып көбіне күрделі құрылымды бояғыштар болып келеді.
Азобояғыштарды ароматтық аминдерден және оксиқосылыстардан алады. Оларды диазоттау және азоүйлесімділік реакцияларының көмегімен алады. Сонымен қоса амин және бензолдың оксиқосылыстардың және нафтолиндік қатардың әр түрлі қарапайым және күрделі орынбасарларды көптеп қолданады.
Азобояғыштардың техникалық классификациясына сәйкес ол тікелей, қышқылды, басты, ацетатты, жібекке арналған бояғыштар, құраушы бояғыштар, талшықта қолданылатын, пигменттер және т. б жатады [1] .
Азобояғыштарды көбіне келесілер үшін пайдаланады: өсімдіктер, жануарлар және синтетикалық талшықтарды, резина, былғары, пластикалық массаларды, лактық бояғыштар, полиграфиялық және индустриялық басқа да салаларында.
Текстиль өнеркәсібінде әдетте сегіз негізгі түр бояғыштары қолданылады. Алғашқы 5 класс бояғыштары (тікелей, күкіртті, азоидты, реактивті, текшелік) негізінен целлюлозалық, мақта және вискозалық талшықтарды бояуға арналған. Бояғыштардың соңғы 3 классы (қышқылдық, негіздік және дисперсиялық) табиғи және синтетикалық талшықтарды бояуға арналған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: азобояғыштардың синтездеу және олардың қасиеттерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Тақырып бойынша әдеби шолу;
- Азобояғыштарды синтездеу әдістерін меңгеру;
- Бояғыштардың сапасына қойылатын талаптарды сипаттау;
4) Азобояғыштардың қасиеттерін анықтау.
Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен, 15 кестеден, 2 қосымшадан тұрады. Осы жазылған дипломдық жұмыс кезінде 27 әдебиет көздері қолданылды.
Дипломдық жұмыс кезінде қолданылған терминдер: азобояғыш, органикалық синтез, диазоттау, азоқосылу, β - нафтолды қызғылт сары, метилді қызғылт сары, ерігіштік.
Қысқартылған сөздер: МЕМСТ - мемлекеттік стандарт, Ж, 2Ж - сарғыш рең, З- жасыл рең, К, 2К - қызғылт рең, С - көкшіл рең, X - хромды көк - қара; ТР - қатты сынапты; ТД - қатты диафрагмалық (балқытылған) ; РХ - химиялық ерітінді; РД - диафрагмалық ерітінді; ШМК - шекті мүмкін концентрация.
1 Әдеби шолу
1. 1 Бояғыштар туралы жалпы түсінік
Соңғы жылдары бояғыштар химиясында маңызды өзгерістер орын алды. Органикалық қосылыстардың түстілік теориясы квантты - химиялық көрсеткіштердің негізіне толық орнықталды және хромофора мен ауксохромалардың классикалық түсінігінен алыстады. Бояғыштардың мынадай “классикалық” топтарына қызығушылық бәсеңдеу үстінде: - нитро және нитрозобояғыштар, арилметанды, хинониминді және күкіртті, сонымен қатар полициклді хинонды. Бояғыштарға жаңа патенттер де кездеспейді. Текстильді материалдар өндірісінде синтетикалық талшық үлесі өсуде, сондықтан синтетик - химиктер осы талшықтарды бояуға арналған спецификалық бояғыштарды жасау үстінде. Дисперсті бояғыштар синтезіне негізінен көп көңіл бөлінеді. Текстильді материалдар өндірісінде пигменттерді қолдану кеңеюде, сонымен қатар оптикалық ағартқыштар қолданысы өсіп келеді.
Белгілі бір түс ( реңк) денелерді (талшықтар, маталарға және т. б) бояуға қабілетті заттардың қолданылуы ерте кезден белгілі. Осы мақсатта түсті сазбалшық, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар ағзалары құрамындағы заттар қолданылды [2] .
Өсімдік және жануар текті табиғи бояғыштардың көбі қоғамныңтұтынуын қанағаттанарлық мөлшерде өндірілді.
XVIII ғ текстильді өнеркәсіптің қарқынды дамуы және де текстильді бұйымдардың машиналық өндірісі түрлі талшықтарды жергілікті әдісе қарағанда анағұрлым тезірек бояуға қабілетті арзан бояғыштарға сұраныс өсті.
Таскөмір шайыр құрамындағы өнімдерді зерттеу бензол, толуол, нафталин және басқа да ароматтық көмірсутектердің ашылуына негіз болды. Олардың қасиеттерін және айналым өнімдерін зерттеу нәтижесінде басқа ароматтық аминдердің ашылуына әкелді (Н. Н. Зинин, 1842 ж) . Анилин, толуидин, нафтиламин, бензидин және басқа ароматтық аминдердің алыну тиімді әдістерінің ашылуы алғашқы синтетикалық талшықтарды ашуға көмектесті.
Ең алғаш синтетикалық талшықты 1855 ж Варшава университетінің профессоры Я. Натансон алды, ол кезде Юрьевте (Тарту) жұмыс жасаған. Анилинді дихлорэтанмен біріктірілген құбыршада қыздыру арқылы ол қызыл түсті қосылыс алды, жүн және жібекті әдемі қызыл түске бояды. 1858 ж Верген (Франция) басқа әдіспен дәл осы бояғышты алды және оны фуксия гүліне ұқсатып Фуксин деп атады. Бұл бояғыш осы атаумен қазір де белгілі. 1856 ж ағылшын химигі В. Перкин анилиннің тотығуымен қызғылт- күлгін түсті жібек матаны бояйтын қосылыс түзді. Аз ғана уақыт ішінде оның өндірісі ұйымдастырылды және Анилинді күлгін атты бояғыш шығарыла бастады, бірақ ол қолданыс таба алмады. Кейінірек, француз бояушылары оны мальва түсіне ұқсатып, “Мальвеин” деп атап бояғыш ретінде қолдана бастады. Мальва түстес жібек жоғары сұранысқа ие болды. Мальвеин өндірісі анилинді бояғыш өнеркәсібінің дамуына бастау болды. 1858 ж диазоттау реакциясы (П. Грисс) ашылды, ол ең көпсанды бояғыштар класына жататын және түрлі химиялық қасиеттерге ие азобояғыштардың синтезіне негіз болды.
Барлық алғаш синтетикалық бояғыштар кездейсоқ алынған. Бутлеров А. М (1861 ж) дайындаған органикалық қосылыстардың құрылым теориясы органикалық химияның теориялық негізін, сонымен қатар органикалық бояғыштар синтезінің химиясының негізін құрады. Бағытталған зерттеулер нәтижесінде құрылым бекітілді және Ализарин синтезі (1863 ж), Индиго синтезі (1870 ж) іске асты және басқа жаңа бояғыштар кластары ашылды (күкіртті, антрахинонды, полициклді және т. б) . аз уақыт ішінде жүздеген кең көлемді түрлі түсті синтетикалық бояғыштар алынды, олардың сәйкесінше түстері соғұрлым қанық және арзан әрі сапалы. 1900 ж таман 1230 жеке бояғыштар синтезделді.
Бояғыштар алу өндірісінің отаны Англия болды, алайда Герменияда капитализмнің қарқынды дамуы Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында Германиядағы бояғыштар өндірісі 90 % - ды құрады. Германияның бояғыш өндірісі негізінен барлық дүниежүзін қамтамасыздандырды.
Бірінші дүниедүзілік соғыс кезінде өзіндік жеке бояғыштары болмаған елдер өндірісті Екінші дүнежүзілік соғыс басына қарай бастаған.
Ұлттық анилин бояғыш өнеркәсіптің дамуына белсенді үлес қосқан ғалымдар қатарына: Н. Н. Ворожцев (ст), В. А. Измаильский, М. А. Ильинский, Н. М. Кижнер, А. И. Королев, А. Е. Порай - Кошиц, В. М. Родионов, Р. Қ. Эйхман және басқалары жатады. 1940 ж 34, 2 мың тонна сол кезде белгілі барлық бояғыштар кластары, соның ішінде тиоиндигоидті, кубтық полициклді және антрахинонды бояғыштар өндірілді.
Ұлы Отан соғысы кезінде анилин бояғыш өндірісі 80 % - дық шығынға ұшырады. Алайда, 1950 ж ескі қалпына келтірілген және жаңадан салынған зауыттарда 46, 5 мың тонна бояғыш өндірілді, яғни соғсқа дейінгі өнімділік деңгейінен асып түсті. Келесі әрбір бес жыл сайын жаңа табыстарға қол жеткізілді. 1975 ж 88, 7 мың тонна бояғыш өндірілді. Келесі онжылдықта өнеркәсіп мақсаты орташа сапалы бояғыштардың сапасын күшейту, бояғыштарды шығару қалыптарының жақсартылуына негізделді.
Бояғыштардың негізгі қолданыс аймақтары тестильді және жеңіл өнеркәсіп, соның ішінде мақтақағазды, жібек, тері- былғары, жүн, мата және аз мөлшерде - химиялық талшық, пластикалық масса, резина- техникалық бұйымдар өнеркәсібі, лакбояғыш заттар, полиграфиялық және қағаз өнеркәсіптері жатады [3] .
1. 2 Бояғыштардың классификациясы мен номенклатурасы
Бояғыштардың алғаш химиялық классификациясы түстіліктің хромофоралы - ауксохромалы теориясына негізделді, теория органикалық қосылыстардың бояғыштығын молекула құрамындағы хромоформды топтардың болуымен түсіндіріледі. Бұл көрсеткіш бойынша бояғыштар нитробояғыштар, нитрозобояғыштар, азобояғыштар, полициклокетонды және басқа болып жіктеледі. Кейін бұл топтар қатарына химиялық құрамы мен алыну әдістері ұқсастығы ойынша біріккен топтар- үшфенилметанды, антрахинонды, индигоидті, күкіртті бояғыштар қосылды. Бұл классификация қазіргі уақытқа дейін де сақталды. Кейінірек хиноидті теория негізінде А. Е. Порай- Кошиц құраған классификция түзілді.
Б. И. Степановтың соңғы кездері бояғыштардың ортақ белгілеріне негізделген, кластарының кезектесу тәртібі хромофорты жүйелерінің біртіндеп күрделенуі арқылы жасақталған жаңа жіктемесі қолданылуда. Бұл жіктеме бойынша барлық синтетикалық бояғыштар 19 классқа бөлінген. Ол жіктеме бояғыштар технологияларының химиясында қолдануға ыңғайлы, алайда талшықты материалдарды өңдеу мен бояу саласында маманданып жатқан студенттер үшін қолайлылығы аз. Бояғыштар құрылымының ұқсастығына, химиялық қасиеттері мен қолданылу әдістеріне қарай барлық синтетикалық бояғыштар мына кластарға жіктелген:
1) нитро- және нитрозобояғыштар;
2) нолиметинді бояғыштар;
3) арилметанды бояғыштар;
4) хинониминді бояғыштар;
5) азобояғыштар;
6) азометинді бояғыштар;
7) антрахинонды бояғыштар;
8) антрапиридиндік бояғыштар;
9) текшелік бояғыштар;
9. 1) индигоидты және тиоиндигоидты бояғыштар;
9. 2) антрахинондық және басқа текшелік бояғыштар;
9. 3) перинондық бояғыштар;
9. 4) полициклохинондық бояғыштар;
10) күкіртті бояғыштар;
11) фталоцианиндік бояғыштар;
12) флуоресцентті (оптикалық) ағартқыштар.
Бұл кластар мәні мен өкіл саныц бойынша әр түрлі; нитробояғыштар мен нитрозобояғыштар аз және олардың мәні көп емес, ал азобояғыштар басқаларымен салыстырғанда көп және антрахинонды және полициклді бояғыштар секілді өте маңызды.
Бояғыштардың номенклатурасы. Бояғыштардың атаулары рационалды советтік номенклатурасы техникалық классификацияға негізделеді. Алғашқы сөзі топты білдіреді - тікелей, қышқылдық, күкіртті, кубтық, тиозоль, спиртте ерігіш, майда ерігіш және т. б. кейбір бояғыштардың тізбегіне бірінші сөз ретінде топтық белгілері қолданылады: Хромды - жүн бояуға арналған хромдаушы қышқылдық бояғыштар; Бірхромды - хромды тұздарды өндірумен қатар бояуға қабілетті бояғыштар үшін; Тиоиндиго- кубтық индигоидті бояғыштарға; Лакты - лак алуға арналған бояғыштар үшін; Люминофор - флуоресценцияға қабілетті бояғыштар үшін; Белофор - флуоресцентті (оптикалық) ағартқыштарға арналған.
Бояғыштар атауларының екінші сөзі олардың түсін білдіреді - сары, қызыл, көк және т. б, кейде сапалық көрсеткішпен - “таза”, “қою”, “ашық”. Кей жағдайларда қолдану әдістері, мысалы “диазо” жұрнағы (диазо - қою - жасыл) - талшықта диазотталушы; бояғыштың ерекше қасиеттері (“берік”, “жарыққа тұрақты”), химиялық құрылымы (“антархинонды”, “флотацианинді” және т. б) және де қолдану аймақтары (“тері үшін”, “аң терісі үшін”, “полиэфирлі”) .
Түс атауынан кейін бояғыштың реңін білдіретін әріп қойылады: Ж, 2Ж - сарғыш, З - жасыл, К, 2К - қызғылт, С - көкшіл. О әрпі негізгі реңкті білдіреді, оған байланысты қалған басқа реңктерді анықтайды. Мысалы, кубтық К көк кубтық О көкпен салыстырғанда қызғылт болып келеді. әріптің алдындағы сан реңктің күшеюін білдіреді.
Кейбір бояғыштар интернационалды атауларға ие: Индиго, Ализарин, Сафранин, Родамин, Аурамин, Хризофенин, Эозин, Индулин, Нигрозин және т. б.
Техникалық маңыздылыққа түрлі физикалық - химиялық құбылыстарға боялған бұйымдардың анағұрлым тұрақты бояғыштар (жарық, жуу, үтіктеу, үйкеліс, химиялық тазарту және т. б) ие болады.
Бояғыштардың жарыққа тұрақтылығы 8 баллдық шкала бойынша бағаланады (8 - максимал тұрақты, 7 - жоғары, 6 - өте жақсы, 5 - жақсы, 4 - қанағаттанарлық, 3 - біркелкі, 2 - төмен, 1 - нашар), ал бояғыштардың басқа түрлі өңдеулерге төзімділігі 5 баллдық шкаламен бағаланады ( 5- реңк өзгермейді, 4 - өте нашар өзгеріс, 3 - маңызды, 2- көрінетін, 1 - үлкен) . Реңктің ақ түсті бақылау маиериалына өтуі: 5 - боялмайды, 4 - өте нашар боялады, 3 - көрінетін, 2 - күшті боялу, 1 - терең боялу.
Бояудың тұрақтылығы бояғыштардың химиялық табиғатына, материалдың химиялық табиғатына, боялудың концентрациясына, бояу түріне және басқа факторларға байланысты [4] .
1. 3 Бояғыштар сапасына қойылатын талаптар
Бoяғыштар - жеке органикалық заттар және олардың қоспалары әр түрлі материалдарға түс беруге пайдаланылады. Олар маңызы бiрдей жиi сияқты қолданып, айқын айыратын функциялар материалдардың бояуында белгi қоятындығыменнен, бояу және пигмент терминдер. Бояу - бұл қай затқа жұққызылатын (оған тартумен) материалға iшкi туысқандықпен өңдеудiң қандай болса да кезеңдерiне кем дегенде ие болады. Еритiн бояуды процесстiң кейбiр кезеңiнде бояу ортасындағы бояулары. Олар материалдарды iшiне кiредi және тал жiптерi бар мықты байланыстарды аз-кем құрастырады. Барлық тоқыма бояулар - органикалық заттар болып табылады.
Aзинді бояғыштар. Хинониминді бояғыштар тобы, түстері қызылдан қою қараға дейін болатын феназин туындылары; тоқыма емес материалдарды бояуда, полиграфиялық бояулар өндірісінде, лазер техникасында, т. б. жерлерде қолданылады.
Aкридинді бояғыштар. Aкридин туындылары; табиғи жібек және кейбір тоқыма емес материалдарды сары немесе қызғылт сары түске бояуда қолданылады.
Aлизаринді бояғыштар. Құрамында окси- тобы бар антрахинон туындылары; басытқы бояғыштар ретінде қолданылады.
Aминксантенді бояғыштар. ксантеннің туындылары; тоқыма емес материалдарды бояуда, сия, қарындаш, косметикалык препараттар ендірісінде қолданылады.
Aнтантронды бояғыштар. Aнтантрон туындылары; мақта, вискоза, зығыр маталарға ашық қызғылт сары түс беретін кубтық бояғыштар ретінде, қағаз бояуда, полиграфиялық бояулардың пигменттері ретінде қолданылады.
Aнтрахиназолды бояғыштар. Aнтрахинон ядросымен конденсацияланған азол туындылары, мұндағы мақта, вискоза және зығыр маталарына күрен қызыл, қызыл және күлгін қызыл түс беретін кубтық бояғыштар ретінде колданылады.
Aнтрахинонды бояғыштар. Антрахиноннын амино - және окси - туындылары; синтездік және басқа талшықтарды бояуда, лак - бояу және резеңке өнеркәсібінде, полиграфияда колданылады.
Aрилметанды бояғыштар. диарилметанды, триарилметанды, ксантенді және акридинді бояғыштардың топтық атауы.
Aцедиантронды бояғыштар. Полициклді хинондар; кубтық бояғыштар, жасанды және синтетикалық талшықтарды бояуда пигмент ретінде, полиграфиялық бояулар өндірісінде, т. б. салаларда қолданылады.
Aцетоерімтал бояғыштар. Ацетонда ерімтал бояғыштар; суда ерімейтін бояғыштар; негізінен, ацетат талшығын бояуда қолданылады.
Басытқы бояғыштар. Тoқыма материалдарды суды ерітінділерінде бояйтын және металдық басытқылар, тотығу дәрежесі + 3 болатын металдар қосылыстарының (хром, темір, т. б. ) көмегімен талшық бетіне ұсталатын бояғыштар.
Белсенді бояғыштар. Мoлекулаларының құрамында талшықтар макромолекулаларының функциялық топтарымен коваленттік байланыс түзіп, әсерлесетін атомдар немесе атомдық топтамалары бар бояғыштар.
Виoлантронды бояғыштар. Виолантрон туындылары кубтық бояғыштар, пигменттер, люминофорлар ретінде колданылады.
Гeмицианинді бояғыштар. Тізбектің шетінде азоты бар орынбасарларының біреуі ғана гетероцикл құрамына кіретін полиметинді бояғыштар; катионды бояғыштар ретінде полиакрилонитрилді талшықтар бояуда колданылады.
Диaрилметанды бояғыштар. Пара орындарында электрдонорлық және электракцепторлық орынбасарлар болатын фенилметан туындылары; полиакрилонитрилді талшықтар бояуда, көбейткіш техникада қолданылады.
Дибeнзпиренді бояғыштар. Полициклді хинондар, мұндағы К - Н, С1, В; сары түсті бояулар беретін кубтық бояғыштар ретінде колданылады.
Изoвиалонтронды бояғыштар. Изовиолантронды галогендеуде тузілетін өнімдер; ашық күлгін жөне кызғылт көк түс беретін кубтық бояғыштар, пластмасса, резеңке, ЛБМ пигменттері ретінде қолданылады.
Индигoидті бояғыштар. Гетероциклді қосылыстар, мұндағы көміртек атомымен бес немесе алты мүшелі ароматтық немесе гетероциклдік қалдық түзетін атомдар тобы; кубтық бояғыштар және пигменттер ретінде қолданылады.
Катиoнды бояғыштар. Құрамында аммоний тобы бар бояғыштар; полиакрилонитрилді және басқа синтетикалық талшықтарды бояуда қолданылады.
Kсантенді бояғыштар. Окси және аминоксантенді бояғыштардың топтық атауы.
Kубтық бояғыштар. Суда ерімейтін бояғыштар, сілтілік ортада ерімтал және целлюлоза талшықтарына тартылғыштығы бар туындылар түзіп тотықсызданады.
Kүкіртті бояғыштар. Химиялық қосылыстардың күрделі қоспалары; молекулалар құрамында гетероциклді фрагменттер, өзара дисульфидті, сульфидті және басқа топтармен байланысқан ароматтық және хиноидты циклдері бар, мақта маталарын және жіптер бояуда қолданылады.
Қышқылдық бoяғыштар. Cуда ерімтал, карбон қышқылдары мен сульфоқышқылдар тұздары; жүн, табиғи жібек, полиамидті талшықтар, былғары, т. б. бояуда қолданылады.
Мaйдалық бояғыштар. Cуда ерімейтін немесе аз мелшерде еритін бояғыштар; жоғары дисперсті сулы суспензиялардағы гидрофобты талшықтарды бояуда қолданылады.
Mайда ерімтал бояғыштар. Полюссіз және аз полюсті орталарда ерімтал бояғыштар, бензиндерге, майларға, балауыздарға аздаған түс беруге қолданылады.
Mакрогетеоциклді бояғыштар. Полифункционалды қосылыстар, мұндағы А - бірдей немесе әр түрлі карбо- немесе гетероциклді ароматтық фрагменттер; түстері қою көктен сарыға дейін өзгереді.
Mероцианинді бояғыштар. Tізбек шеттерінде азоты бар электрондонорлы және оттекті электронакцепторлы орынбасарлары бар полиметинді бояғыштар; синтетикалық және жасанды талшықтарды сары түске бояйтын пигментгер мен дисперсті бояғыштар ретінде қолданылады.
Mеталлы бар бояғыштар. Қышқылдық бояғыштар (көбінесе азобояғыштар), молекулаларына металл атомын (Сг, Со, Си) өндіріс процесі кезінде енгізеді; жүн және полиамидті талшықтар бояуда қолданылады.
Mонометинцианинді бояғыштар. Cимметриялы азоты бар гетероциклді радикалдар арасында бір метин тобы бар цианинді бояғыштар; фотоэмульсиялардың оптикалық сенсибилизаторлары ретінде қолданылады.
Hегіздік бояғыштар. Cуда ерімтал органикалық негіздердің тұздары; жүн, табиғи жібек, полиамидті талшықтар, қағаз, жазу машинасының ленталарын бояуда, фаналь лактарының өндірісінде, т. б. салаларда қолданылады.
Oксазинді бояғыштар. Хинониминді бояғыштар, феноксазин туындылары; түстері қызғылт күлгіннен көкке дейін өзгереді; пигменттер мен тікелей бояғыштар ретінде және лазер техникасында колданылады.
Oксанинді бояғыштар. Тізбек шеттерінде оттек бар орынбасарлар кіретін полиметинді бояғыштар; фотоэмульсиялардың оптикалық сенсибилизаторлары ретінде қолданылады.
Oксиксантенді бояғыштар. Ксантеннің туындылары; тоқыма емес материалдарды бояуда қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz