АҚШ миграциялық саясатының келешегі


Мазмұны
беті
Кіріспе . . . 3
I АҚШ миграциялық саясатының қазіргі жағдайы . . . 9
1. 1 АҚШ миграциялық саясатының негіздері мен міндеттері . . . 9
1. 2 АҚШ миграциялық саясатының ұйымдық-институционалдық
және құқықтық негіздері . . . 29
II АҚШ миграциялық саясатын жетілдіру жолдары . . . 43
2. 1 АҚШ миграциялық саясатын жүзеге асырудың стратегиясы мен
тактикасы . . . 43
2. 2 АҚШ миграциялық саясатының келешегі . . . 55
Қорытынды . . . 59
Әдебиеттер . . . 62
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Миграциялық процестер Америка мемлекеттігінің қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мемлекет иммигранттар ұрпақтарының алмасуының арқасында пайда болды, қалыптасты және дамыды. АҚШ қазір де басқа мемлекеттермен салыстырғанда иммигранттарды ең көп қабылдайтын мемлекет. АҚШ-тың кейінгі әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуы иммигранттардың ағымымен байланысты. Олардың еңбегі мен қуаты елдің экономикасын нығайтуға және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін жоғарылатуға септігін тигізді. Осыған байланысты америка ұлтын иммигранттар ұлты деп анықтайтын көзқарас қалыптасты. Миграциялық процестер мемлекеттің кең ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді. “Migratio” латын тілінен аударғанда - басқа жерге бару, ауысу, көшу деген мағынаны білдіреді. Халық миграциясы - тұрғылықты жерін ауыстырумен байланысты халықтың көшіп-қонуы [1, 6] .
Халық миграциясы - халықты орналастырудың маңызды мәселелерінің бірі және халықтың механикалық көшіп-қонуы ретінде ғана емес, әлеуметтік-экономикалық өмірге әсер етуші күрделі қоғамдық үрдіс ретінде қарастырылады. Халық миграциясы адамзат тарихында үлкен роль атқарды, онымен елдің орналасу, жерді игеру, өндіріс күштерін дамыту, білім және нәсілдердің, тілдердің және халықтардың ығысу үрдістері байланысты. Халық миграциясы әр түрлі аспектілерге ие, олардың сипатын және құрылымын, олардан туындайтын салдарларды демогрпфия, экономика, география, статистика, этнография сияқты бірнеше ғылымдар зерттейді. Жалпы экономикалық және аймақтық жоспарлау, еңбек ресурстарын қолдану мақсатындв халық миграцияны зерттеудің қолданбалы маңызы бар.
Халықтың саны және тығыздығы кез-келген елдің дамуына қажетті алғышарттар. Әрине, халықтың орналасу тығыздығының ролі туралы асыра айтуға және онымен әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің арасына тікелей байланыс орнатуға болмайды. Америка Құрама Штаттары, Австралия, Канада, Израиль сияқты елдер мигранттар үшін пайда болғандай.
Халық миграциясы - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, қоғамдық өмірдің шаруашылық жіне экономикалық-саяси жақтарымен тығыз байланысты.
Демографиялық энциклопедияға сүйенсек, миграция - белгілі бір аумақтың шекарасы арқылы өзінің тұрғылықты жерін белгілі-бір уақытқа немесе мәңгілікке ауыстыруы [1, 6] .
Миграцияның басты белгілерінің бірі әкімшілік шекараларды (мемлекет, облыс, т. б ) кесіп отуі болып табылады. Осы негізде алдымен сыртқы (эмиграция және иммиграция) және ішкі миграцияны бөліп шығарады. Сыртқы миграция мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты; ол халықаралық миграция атауына ие болған. Ішкі миграция халықтың бір мемлекеттің ішінде көшіп-қонуымен байланысты. Уақыт параметрлеріне қарай миграция тұрақты, уақытша, маусымдық, өзгермелі және деп бөлуге болады.
Халық иммиграциясы - бір мемлекетке басқа бір мемлекет азаматтарының тұрақты немесе уақытша тұруға баруы. Халық иммиграциясы бірнеше себептермен анықталады: экономикалық (еңбек күштерінің келуі немесе жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған немесе өмір сүру деңгейі жоғары мемлекетке келуі), әскери (бөтен жерлерді жаулау және оларды әскери отарлау), және саяси (саяси, ұлттық, нәсілдік, діни және т. б. қуғындаудан қашу, мемлекеттер арасында аз ұлт өкілдерімен алмасу, т. б. ) . Халық иммиграциясы әлемнің кейбір бөліктерін орналастыру және әлемнің көптеген мемлекеттерінің халықтарының қалыптасуында үлкен роль атқарды. Халық иммиграциясы халық санының динамикасына айтарлықтай ықпал етеді [1, 7] .
Халық эмиграциясы - мемлекеттен шығу, тұрақты немесе уақытша тұру, әдетте жұмыс істеу мақсатымен басқа бір мемлекетке көшу. Халық эмиграциясы тұрақты немесе уақытша, кейде маусымдық болуы мүмкін, кейде оның мерзімі келісім-шартпен немесе жалдаудың (мысалы, егіс жинау үшін, т. б. ) басқа шарттарымен шектелуі мүмкін. Халықтың экономикалық себептермен эмиграциялануымен қатар бір мемлекеттен басқа бір мемлекетке саяси, этникалық, діни себептермен көшуі орын алады. XX ғасырдың екінші жартысындағы негізгі ағындар - бұл батыс Еуропа елдерінен Америка Құрама Штаттары, Канада, Австралия және т. б. мемлекеттерге (бұл - тұрақты эмиграция) және Батыс Еуропа елдеріне дамушы мемлекеттерден “арзан” жұмыс күштерінің келуі (бұл - уақытша эмиграция) [1, 8] .
Бұл әсіресе АҚШ ұлттық саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын иммиграциялық процестерге қатысты. АҚШ миграциялық саясаты жұмыс күші нарығын реттеу құралы ретінде экономикалық қажеттіліктермен тығыз байланысты. Сонымен қатар жаһанданумен байланысты миграциялық процестер мемлекеттің миграциялық саясатының интеграциялық бағытта болуына әсер етеді. Бұл миграция саласында халықаралық әріптестіктің дамуына себепкер болады. Осыған байланысты миграциялық процестерді мемлекеттік басқару жүйесін және миграциялық заңнаманы оңтайландырып, жетілдіру қажеттілігі туындайды.
XX ғасырдың 60-90 жылдары мигранттардың ең көп бөлігі АҚШ-қа тиесілі болған - 27 500 мың адам, ГФР-ға - 8 740, Францияға - 7 012, Канадаға - 6 240 мың адам қоныс аударған [1, 22] . Аса көңіл бөлетін жағдай - бірішіден иммиграциялық қатынастарды реттеудің сан ғасырлық тәжірибесі қалыптасқан миграциялық ұйымдар қызметі мен бір жүйеге келтірілген миграциялық заңнамасы біз үшін маңызды әрі зерттеуді қажет етеді. Екіншіден, бұл елдер біліктілігі жоқ жұмыс күшінің жаппай иммиграциялық кезеңін бастан өткерген. Біліктілігі жоғары мамандарды елге тарту үшін иммиграциялық саясаттың приоритетті бағыттары анықталған. Бұл процесс еліміздің қазіргі жағдайына қатысты болғандықтан да одан сабақ алар тұстары бар. Үшіншіден, босқындарды қабылдап, оларға тиісті мәртебе беру жағдайы ұлттық заңнамамен бекітілген. Төртіншіден, заңсыз миграциямен күрестің тиімді механизмдері жасалған және иммигранттар мен жергілікті халықтың интеграциясын мемлекеттік және қоғамдық қолдау қажеттілігі айқындалған.
Қазақстан мен АҚШ-тың миграциялық саясаттарын салыстыратын болсақ - АҚШ-та тек иммиграциялық саясат жүзеге асырылып, ал ішкі миграция экономикалық механизмдер арқылы реттеледі. Яғни ішкі миграцияны реттеудің әкімшілік әдістері шектеулі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. АҚШ миграцияық саясатының артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру дипломдық жұмыстың мақсаты мен алға қойған міндеттерін айқындайды. Диплом жұмысының басты мақсаты - АҚШ миграциялық саясатының мазмұны мен мәнін ашып көрсету, мемлекеттің миграциялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудағы негізгі бағыттарын, миграция саласындағы бұрынғы және қазіргі орын алып отырған жағдайларды талдау және соған байланысты мемлекеттің қолданатын стратегиясы мен тактикасын қарастыру болып табылады. Осылайша АҚШ миграциялық саясатына жан-жақтылы талдау жасау мақсаты қойылды.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер белгіленді:
- АҚШ-тың миграциялық саясатының тарихын талдау;
- АҚШ миграциялық заңдарын қарастыру;
- Миграциялық ұйымдар қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздерін қарастыру;
- АҚШ миграциялық саясатының келешегіне баға беру үшін жүзеге асырылып отырған стратегияларын қарастыру.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндетін орындау үшін шетелдік миграциялық ұйымдар қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздерін қарастыру өте маңызды.
Миграциялық саясат - бұл конституциялық құрылым қағидаларына негізделген миграциялық заңнама нормалары мен миграция саласындағы қоғамдық қатынастардың дамуының объективті негізделген мақсаттар, міндеттер мен бағыттарының жүйесі. Сондай-ақ миграциялық процесс субъектілерінің жүзеге асыратын мемлекеттік басқару механизмдерінің жүйесі. Ол мемлекет аумақтары мен жекелеген аймақтарында жеке тұлғалардың орын алмастыруы, көшіп-қонуы, орналасуы мен интеграциясына бағытталған. [2; 4]
Миграциялық саясат босқындардың, мәжбүрлі көшіп-қонушылардың, саяси және уақытша баспана іздеушілердің, еңбек және басқа көшіп-қонушылардың мәселелерімен, әрі азматтардың және шетел азаматтарының құқықтық мәртебесімен, оның конституцуиялық-құқықтық негізімен және жекелеген жеке тұлғалардың топтарының ерекшеліктерімен тығыз байланысты [2, 4] .
Миграциялық саясаттың басты мақсаты - миграциялық ағымдарды реттеу, стихиялы дамып келе жатқан миграциялық үрдістердің жағымсыз нәтижелерінің алдын алу, мигранттар құқығын кедергісіз жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау және баспана іздеуші тұлғаларға адамгершілікпен қарауды қамтамасыз ету [2, 5] .
Конституциялық-құқықтық нормалар мемлекеттің және ондағы миграцияға байланысты қалыптасқан жағдайларға қарай миграцияның жалпы ережелері мен қағидаларын бекітеді және азаматтардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың, босқындардың, мәжбүрлі жер аударушылардың құқықтық мәртебесін, паналауға құқық, пана алуға құқығы бар тұлғалар тобын, миграция саласында шешім қабылдайтын органдарды, есеп және бақылау тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың миграциялық процестерге араласу шегін анықтайды [3, 10] .
Сондай-ақ кез келген саясаттың институционалды негізі субъектілер болып табылады, оларға алдымен мемлекеттік билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, жеке тұлғалар және т. б. жатады. Қоғамда қалыптасқан идеология, яғни азаматтық қоғамның тіршілігі және қызметінің принциптері кез келген саясаттың негізі болып табылады. Саясаттың негізгі элеметтеріне құқықты да жатқызуға болады, өйткені ол қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ демократиялық мемлекет шеңберінде шара, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік органдардың шектеуі ролін атқарады. Саяси қызметтің нысандары, тәсілдері және бағыттары, органдардың мемлекеттік-биліктік құзіреттері, яғни саясатты жүзеге асыру механизмдері де саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Дипломдық жұмыстың жаңалығы - АҚШ миграциялық саясаты тақырыбында жазылған отандық ғылыми еңбектердің болмауына қарамастан келесідей мәселелерді жүйелендіріп, кешенді түрде зерттеуге ұмтылыс жасау болып табылады:
- Миграциялық процестердің жаһандануына байланысты мемлекеттік миграциялық саясат еңбек қатынастарын реттеу құралынан мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды.
- Миграциялық заңнаманы қарастыру нәтижесінде миграциялық саясаттың құқықтық негіздеріне талдау жасалды.
- Миграциялық процесті реттеудің ұйымдық-институционалдық негіздері қарастырылды.
- Миграциялық қызмет органдары іс-әрекеттерінің ерекшеліктері қарастырылды.
- АҚШ миграциялық саясатын жетілдіру жолдары қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмысты жазу барысында монографиялар, кітаптар, мақалалар жинағы, мерзімді баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ, сонымен қатар АҚШ миграциялық заңдары, миграциялық ұйымдардың ресми сервері, Ақ үйдің ресми сайтынан көптеген материалдар қолданылды.
Теориялық тұрғыдан алғанда осы тақырып бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектері бар: Терещенко В. Ю., Брюханов А. А. Американское иммиграционное законадательство. Москва 1995, М. М. Иванов. Правовое регулирование иммиграционного процесса (условия и процедуры приобретения статуса постоянного жителя США) . М., 2005; Г. Витковская. Мировой опыт миграционной политики: ретроспектива и новейшие тендеции. М., Гендальф, 2004; David Weissbrodt, Laura Danielson. History of US Immigration Law and Policy 2004; Myron Weiner Migration and Refugees: Politics and Policies in the United States and Germany
1998; Edward J. W. Park, John S. W. Park, Probationary Americans: Contemporary Immigration Policies and the Shaping of Asian American, 2005; Coming Together?: Mexico-United States Relations By Barry P. Bosworth, Susan Margaret Collins, 2005. Сонымен қатар В. Л. Иноземцевтің “Безопасность и свобода иммиграции - новая Американская дилемма”, О. А. Ивановтың “Нелегальная иммиграция в США (1990-е годы) ”, “ Иммиграция в США в последнем десятилетии XX - начале XXI века”, “ Реорганизация Американской иммиграционной системы (2002-2004гг. ) ” “ Правовое регулирование иммиграционного процесса (условия и процедуры приобретения статуса постоянного жителя США) ”, М. Денисенконың “ Организационное устройство миграционной политики” атты ғылыми еңбектері мен мақалалары АҚШ-тың миграциялық саясатына арналған.
Бұл жұмыстың дайындалу барысында негізінен келесі мерзімді басылымдардан алынған мақалалар мен жарияланымдар қолданылды: “США и Канада”, “Мировая экономика и международные отношения”; “Международная жизнь”; “Полис”.
Элетронды БАҚ арасында: Ақ үйдің, АҚШ Мемлекеттік департаментінің, Ішкі Істер департаментінің, Шекараны күзетуді және көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Басқарманың, Азаматтық және иммиграция Бюросының, Иммиграция және кедендік рәсімдеу Бюросының, Шекараны қорғау және кедендік Бюросының, Әділет Департаментінің, Еңбек Департаментінің, Денсаулық сақтау Департаментінің, АҚШ Конгресінің ресми сайттарынан көптеген ақпараттар алынды.
Дипломдық жұмыс қолданысының маңыздылығы. Дипломдық жұмыс тақырыбы - “Америка Құрама Штаттарының миграциялық саясаты” маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені кез - келген мемлекеттің басты байлығы - адам ресурстарының қалыптасуы мен дамуы - тұтастай қоғамның тарихи, әлеуметтік - экономикалық, саяси және басқа да сан алуан мәселелерінің қайнар көзі, түпкі негізі. Мемлекеттердің табиғи, жан-жақтылы даму деңгейлері әр түрлі болатындықтан адамдардың миграциясы эволюциялық құбылыс. Ал оны белгілі-бір заң шеңберінде реттеу - мемлекеттің миграциялық саясатының мақсаты. АҚШ-тың миграциялық саясаты - оның мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының негізі болып табылады. Сондықтан да миграциялық саясат - АҚШ-тың стратегиялық приоритетті бағыттарының бірі болғандықтан өте маңызды әрі күрделі мәселе. Қазіргі уақытта бір полярлы әлемнің қалыптасу қауіптілігі, яғни дүниежүзі бойынша тек бір мемлекеттің - АҚШ-тың үстемдік орнату жағдайы оның демократиялық дамуымен қатар сыртқы саясатына, миграциялық саясатына да байланысты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделініп, мәселенің зерттеліну жағдайы бағаланған, мақсаты мен міндеттері айқындалған. Бірінші тарау бойынша АҚШ миграциялық саясатының қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, АҚШ миграциялық саясатының негіздері мен міндеттері, АҚШ миграциялық саясатының ұйымдық-институционалдық және құқықтық негіздері қарастырылған. Ал АҚШ миграциялық саясатының жетілдірілу жолдарына екінші тарауда көңіл бөлінген. Онда АҚШ миграциялық саясатын жүзеге асырудың стратегиясы мен тактикасына және АҚШ миграциялық саясатының келешегіне талдау жасалған. Қорытындыда жоғарыда аталған мәселелер бойынша нақты тұжырымдар берілген.
I АҚШ миграциялық саясатының қазіргі жағдайы
1. 1 АҚШ миграциялық саясатының негіздері мен міндеттері
Миграциялық процестер Америка мемлекеттігінің қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Мемлекет иммигранттар ұрпақтарының алмасуының арқасында пайда болды, қалыптасты және дамыды. АҚШ қазір де басқа мемлекеттермен салыстырғанда иммигранттарды ең көп қабылдайтын мемлекет. АҚШ-тың кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы иммигранттардың ағымымен байланысты. Олардың еңбегі мен қуаты елдің экономикасын нығайтуға және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін жоғарылатуға септігін тигізді. Осыған байланысты америка ұлтын иммигранттар ұлты деп анықтайтын көзқарас қалыптасты. Қазіргі АҚШ аумағында келімсектер мен олардың ұрпағы ғана емес, елдің тұрақты тұрғындары - үндістер, алеуттар, гавайлықтар да тұратынына қарамастан, - жаңа мемлекетті құрған иммигранттар. Өмірлік құндылықтар мен саяси институттар жүйесі, американдықтардың қазіргі символдары мен идеалдары келімсектермен келген идеялардың негізінде қалыптасқан. Осыған байланысты иммиграция мәселелері АҚШ-тың қоғамдық-саяси өмірінде маңызды роль атқаруы заңды құбылыс.
Көптеген антропологтардың айтуы бойынша, АҚШ-қа алғашқы келушілер 20 000 жыл бұрын Азиядан келгендер болып саналады. Ол адамдар алғашында батыс аймақтарға қоныстанды және кейбір мәдени топтар Атлант мұхитымен шектес аймақтарда тұрды [4, 10] .
Ал АҚШ аумағына алғашқы тұрақты қоныстанудың негізін салған испандықтар болып табылады. 1565 жылы Испания Солтүстік Американың оңтүстік бөлігін отарлауын бастаған болатын және қазіргі Нью-Мексико, Флорида, Техас, Аризона, Колорадо және Калифорния кіретін ұлан-байтақ жерді басып алған [4, 10] .
1608 жылы Квебектегі алғашқы қоныстың негізін салған француздар өз билігін Ұлы көлдер мен Иллинойса алқабын жағалай кеңейтеді, ал 1682 жылы кейіннен Луизиана аталған колонияның негізін салған. Онда кейіннен Жаңа Орлеанның негізі қаланған болатын [5, 22] .
XVII ғасырдың бірінші жартысында Гудзон өзенінің алқабында голланддықтардың қоныстары пайда болды. 1624 жылы олар ағылшындар отарынан кейін Нью-Йорк атауына ие болған Жаңа Амстердам факториясының негізін қалады [4, 34] .
Қазіргі АҚШ аумағында ерте отарлау кезеңінде пайда болған еуропалық қоныстардың ішінде ең көбі және орнықтысы ағылшын қоныстары болды. 1607 жылы Лондон компаниясы Чесапик шығанағында алғашқы ағылшын қонысы Джеймстаун негізін салды. 1620 жылы Массачусет бұғазының жағалауына “Мейфлауэр” кемесімен Англиядағы діни қуғыннан құтылған және Жаңа Плимут қонысының негізін қалаған пуритандар келеді. Бұл қоныстардың соңынан уақыт өте келе колонияларға айналған жаңа қоныстар пайда бола бастайды: Нью-Хэмпшир, Масачусетс, Коннектикут, Род-Айленд, Нью-Джерси, Пенсильвания, Вирджиния, Мэриленд, Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина, Джорджия [4, 42] .
Ағылшын отарларының орнықтылығы және көптігі Англияның тек экономикалық, теңіз және әскери қуаттылығымен ғана анықталмайды, сонымен бірге өз иеліктерін шаруашылық игеру басты мақсаты болған ағылшын отарларының сипатымен де анықталады. Ағылшын аристократтарына және корольға белгіленген жер рентасы түрінде пайда әкелетін бағаланбас байлық жер болды. Осы фактордың арқасында үкімет отарларға елдің қонуын қолдады. Үкімет оны Англияның қуаттылығының одан әрі өсуінің басты шарттарының бірі ретінде қарастырды.
Отарлау кезеңіндегі иммиграция құрамы әр түрлі болды: Америкаға саяси және діни қуғындардан құтылушылар, жері жоқ шаруалар, күйзеліске ұшыраған кәсіпшілер, кедейленген дворяндар келе бастады, сонымен қатар король билігі Америкада үлкен жер иеліктерін берген аристократ отбасыларының өкілдері де келді. Екі топқа бөлінген келісім бойынша жұмыс істейтін жұмысшылар ерекше категорияны құрады. Біріншісіне өз еріктерімен эмиграциялық агенттермен немесе кеме иелерімен келісімге қол қойғандар (немесе соңғысына ауызша уәде бергендер) жатады, келісімге сай олар өздерінің Америкаға көшкендерін бірнеше жыл өтеуге міндеттенді. Екінші топқа мәжбүрлі түрде келісімге қол қойғандар жатады, олар: қылмыскерлер, қаңғыбастар, жарлы-жақыбайлар, ауқатсыз қарыздары бар адамдар [4, 43] .
Біраз уақыт өткен соң Ағылшын колонияларын қоныстандыру кезінде иммигранттар ерікті түрде келе бастады. Иммиграция негізінен жол бағасымен, әр түрлі аурулармен және жергілікті тұрғындармен шиеленіспен шектелді. 1640 жылы колония халқының саны 25 000 жетті [5, 28] .
Америка революциясына дейінгі жылдарда колонияға жаңа келушілер көптеген жерлерден және әр түрлі себептермен келе бастады. Еуропалықтардың көбі: ағылшындар, француздар, немістер, испандықтар және португалдықтар экономикалық себептермен немесе өз отандарындағы діни қуғыннан қашып келді.
Өкінішке орай, осы иммигранттардың біразы колонияларда да осы қуғын-сүргінмен қақтығысты. Квакерлер Пенсильваниялда орналасты, және шығыста суық қарсы алғандықтан Шотландиялық ағылшындар шығысқа Миссисипимен шекаралас жерлерге көшті. Басқалары, Франция гугенаттары сияқтылар тез орналасты. Кейбір жеке колониялар квакерлер мен католиктерді кіргізбеу үшін немесе оларға дискриминациялық салық салу үшін біраз шектеулер қабылдады. Колониялық шектеулер аталған иммигранттарды райынан қайтаруға біраз тиімді болды. Қалғандары АҚШ-қа күштеп әкелінді.
Ағылшын судьяларының қаңғыбастар мен қылмыскерлерді күштеп колонияларға жіберуге құзіреттері болды. Бұл топтар да колониялық шектеулермен соқтығысты; колониялар кедейлер мен қылмыскерлерді 1639 жылдан бастап шығара бастады. Әсіресе, солтүстік колониялар қылмыскерлердің келуіне шектеу салды, себебі иммигранттарды ең көп қабылдаушы осы аймақ болды. Бұл шараларға қарамастан, колониялардың иммигранттар ағымын тексеруге мүмкіндігі болған жоқ. Себебі, оларда заңды өкілеттілік және орталықтандырылған әкімшілік құрылым болған жоқ.
Колониялық иммиграциялық шектеулер АҚШ-тың осы саладағы кейінгі заңнамасына әсер етті. Өз заңдарында федералды үкімет колониялар сияқты сол топтарды елге кіргізуге тиым салды. Федералды үкімет колониялардағыдай негізгі жеке салықтар және “қажеті жоқ” адамдарды депортациялау сияқты санкцияларды қолданды.
АҚШ-тың иммиграциялық саясаты америка мемлекеттігінің пайда болуымен қатар пайда болды. Мемлекеттің экономикалық дамуына, бұл үрдістің сапалы және санды сипаттамасын реттеу үшін қажетті иммигранттар ағымын қамтамасыз ету иммиграция саласындағы негізгі міндеттер болып табылады.
Бұл кезде иммиграциялық заңнама - америкалық құқықтың өте күрделі және жан-жақты әзірленген салаларының бірі болды. АҚШ - әлемдегі ең ірі “иммиграциялық” мемлекет болып табылады, оның дамуы ғасырлар бойы жаңа келімсектердің ағымымен және бұл үрдісті мемлекеттік реттеу қажеттілігімен байланысты болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz