Арал экологиясының ахуалы


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
I. Арал өңірінің топырақ, суларының экологияға байланысты өзгеруі географиялық орналасуына жалпы сипаттама
1. 1. Арал теңізінің зерттелу тарихы . . . 10
1. 2. Арал теңізінің геологиялық құрлысы . . . 13
II. Арал өңірінің топырақ, суларының экологияға байланысты өзгеруі
2. 1. Арал өңірінің суларының экологияға байланысты тартылуы . . . 17
2. 2. Арал өңірінің шаруашылық кешеннің дамуы және оның экологияға әсері . . . 19
2. 3. Арал өңірінің топырағының суларының экологияға байланысты ластануы . . . . 22
III. Арал теңізінің сақтау жөніндегі халықаралық шаралардың маңызы
3. 1. Суармалы жерді экологиялық сауықтыру және топырақ құнарын көтеру . . . 33
3. 2 Арал экологиясының ахуалы . . . 42
3. 3. Антропогендік әсер түрлеріне экологиялық мониторгтін маңызы . . . 46
3. 4. Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ерекшелігі . . . 49
3. 5. Табиғи ортаны қорғауда халықаралық мәселелер
Қорытынды . . . 50
Қолданылған әдебиеттер . . . 53
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қазіргі таңда Арал өңірінің экологиялық жағдайы өзекті мәселелердің бірі болып тұр, сондықтан бақыланып отырған дағдарыс, топырақ пен судың өндірістік қалдықтармен және ауылшаруашылық өнімдерімен ластануы, Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуымен байланысты, факторлардың әсері, топырақ жамылғысының деградацияға ұшырауының негізгі көріністері, шөлдену, тұздану әліде болса қиыншылықты жеңе алмай тұр 20-шы ғасырдың соңында Қызылорда облысының территориясына экологиялық және медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен жүргізілген мониторинг аймақтағы топырақ, су, өсімдік өнімдерінде және жануарлардың ұлпаларында токсиканттардың, ауыр металл тұздарының, пестицидтердің, гербицидтердің, симметриясыз диметил гидразин және т. б. шекті рауалы концентрациядан айтарлықтай жоғары болғанын көрсетті Облыс бойынша адам мен жануарлардың организмдеріне ортаның экстремалды факторларының әсерінің айқындалу деңгейі оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытта жоғарылайтыны көрсетілген Қазіргі кезде Қызылорда облысының қоршаған орта жағдайына әсер ететін мынадай экстремалды факторларды атауға болады:
1) климаттың құрғауы және судың аздығы;
2) ауыз судың жетімсіздігі және химиялық құрамының санитарлық көрсеткішке сәйкес келмеуі;
3) жердің беткі қабатының тұздануы және түрлі жіктелмеген токсинді заттармен улануы;
4) табиғи ортаның өндірістен бөлінетін, ауылшаруашылықтық, тұрмыстық-шаруашылықтық қалдықтармен және түрлі химиялық тастандылармен ластануы.
Зерттеу жұмысының мақсаты
Зерттеу жұмысының мақсаты - Арал өңірінің әр түрлі аймақтарындағы топырақ пен судың ластану деңгейін зерттей отырып, экологиялық ластануын анықтау;
Арал өңірінің топырақ құрамындағы ауыр металл иондарының (қорғасын, мыс, мырыш, кадмий) мөлшеріне бақылау жүргізу арқалы туындау себептерін көрсету ;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Арал өңірінің әр түрлі аймақтарындағы топырақ пен судың ластану деңгейін анықтау;
Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- топырақ пен судың өндірістік қалдықтармен және ауылшаруашылық өнімдерімен ластануын, анықтау;
- туристік фирмалардың қызметтерін басқару бойынша нарық тетіктерін енгізудегі ұсыныстарды негіздеу;
Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын тұрғындардың салауатты өмір салтына, денсаулықтарына бақылау жүргізу;
Зеріттеу жұмысының проблемасы :
Мектеп оқушыларына экологиялық білім, тәлім-тәрбие берудің әдістемелерін оңтайластыру.
Зерттеу объектісі:
Арал өңірінің экологиялық жағдайын жан-жақты зеріттеу.
Зерттеу пәні :
Арал өңірінің топырағының суларының экологияға байланысты ластануы н анықтап, талдау жасау. .
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық саясат мәселелері бірқатар ресейлік ғалымдардың, атап айтқанда В. Н. Экзарьян, Н. Н. Моисеев, Н. Ф. Реймерс, В. П. Казначеев, В. И. Вернадский, Э. И. Колчинский [6] және т. б. ғылыми еңбектерінде қарастырылған.
Өкінішке орай, өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік-экологиялық дамуының тарихи тәжірибесін зерттеуге байланысты еңбектер өте аз.
Жалпы алғанда, зеріттеудің тарихнамасын келесі топтарға бөлуге болады. Ресей мемлекетінің позициясымен саяси-әлеуметтік және экологиялық даму мәселелерін қарастырған В. И. Данилов-Данильян, К. С. Лосев, Л. Н. Самойлов, Т. А. Акимова, В. В. Хаскин, Г. Бейтсон, С. Гроф [7] және т. б. сияқты орыс ғалымдарының еңбектерін бірінші топқа жатқызуға болады.
Қарастырылып отырған мәселені зерттеген қазақстандық ғалымдардың еңбектерін екінші топқа енгізуге болады. Біріншіден бұлар - М. Пик, В. И. Фурсов, Т. Ергалиева, Ж. Б. Шілдебаев, А. Б. Бигалиев, Е. Ж. Жамалбеков, Т. К. Сұлтанбеков, Н. Қ. Сейдақұлова, Б. Э. Төлеубаев, Р. Атраубаева, А. Есеналиев, А. Нұрғызыранов, Қ. Шапшаңов, Ә. Т. Қанаев, З. Қанаева, Г. О. Нурбетова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Зерттеу жұмысының әдістемесі- зерттеліп отырған мәселеде Арал өңірінің экологиясына салыстырмалы - кешенді талдау әдісі қарастырылған . Дипломдық жұмыста әлеуметтік-экологиялық \ статистикалық, салыстырмалы т. б. әдістер қолданылған
Зерттеудің теориялық негіздері:
Зерттеу барысындағы қарастырылып отырған Арал өңірінің топырақ, суларына экологиялық мәселелері төңірегіндегі шетелдік және отандық эколог ғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық негіздері болып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу көздері
И. В. Мушкетов пен Г. Д. Романовский Арал маңын, зерттеп, Түркістан аймағының алғашқы геологиялық картасын (1881) жасады. Онда бүкіл Оңтүстік Қазақстан өңірі камтылды. Академик Л. С. Беректің Арал теңізін зеріттеудегі зор еңбектерін атауға болады, сонымен бірге И. В. Мушкетов, П. Г. Игнатьев және В. Д. Елпатьевский т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Қызылорда облысының әр түрлі аймақтары бойынша топырақ пен су көздеріндегі ластанулар зеріттеліп, экологиялық ластанулардың жоғары болғаны анықталды.
Бұл Қазақстан территориясындағы экологиялық апат аймақтары туралы келтірілген қысқаша сипаттамада республикадағы барлық экологиялық мәселелерді қамту қиын сондықтан тұрақты дамуда экологиялық мәселе негізгі мәселелердің бірі болып табылады. .
Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері:
Зерттеу үш кезеңге бөлініп жүргізілді.
Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбына байланысты жұмыстар жүргізіліп, материалдар жинақталды, жоспар жасалды, ұсынылып отырған тақырыптың мақсат, міндеттері айқындалды, бақылау жұмыстары жүргізілді. Арал өңірінің топырақ, суларының экологияға байланысты өзгеруіне талдау жасалып, олардың ерекшеліктері нақтыланды.
Екінші кезеңде Арал өңірінің шаруашылық кешендерінің жағдайына арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, бағдарламалар мен оқулықтарға жан-жақты талдау жасалынды. Ауыл шаруашылығы кешенінің нарықтық экономикасының дамыту жолдарын қорғауға назар аударылып, эколгиялық іс-шаралар жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде Арал өңірінде климаттың өзгеруінің топыраққа суларға әсеріне және экологияға байланысты материалдар жинақталды, қоршаған ортаға бақылау эксперименті жүргізілді. Эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланып, ұсынылған әдістеменің ұтымдылығы анықталды.
Жұмыстың қолданбалы мәні- Зерттеу нәтижелерін экологиялық географиялық, зерттеу деректері ретінде пайдалануға болады сонымен бірге ауылшаруашылығы саласын дамытуда экологиялық бақылауды жетілдірудің, қажеттілігі және соның нәтижесінде, топырақты, суды тиімді пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысында талданған, анықталған мәліметтерді келешекте мектептегі географияның факультативтік курстарында, жоғары оқу орындарының география және экология мамандықтары студенттерінің оқу процесінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылып отырған мәселелер-
1. Арал өңірінің топырағының суларының экологияға байланысты ластануына шолу .
2. Арал өңірінің шаруашылық кешеннің дамуына байланысты экологиясының нашарлауына шолу жасау;
2. Арал өңірінің экологиялық жобаларының мемлекеттік маңызын талдау;
3. Ауыл шаруашылығын тиімді ұйымдастыру мен дамытуда қажетті жобаларды ұтымды пайдалану мақсатында саланың дамуының экономикалық- экологиялық үлгілері ұсынылды.
4. Арал өңірін дамытудың ел экономикасына тигізетін әсерін бағалау;
5. Арал теңізінің тартылып, теңіздің маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының себептерін анықтау.
Жұмыстың әдіснамалық негізі- экологиялық, экономикалық географиялық, ғылымдарының теориялық негіздері, жалпы заңдылықтары мен ұғымдары, эмпирикалық дерек көздерін пайдалану және оларға талдау жасау әдістері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс компьютерде теріліп, 59 бетте (оның ішінде кесте, сурет) баяндалған. Құрылымы жағынан дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Арал теңізінің географиялық зерттелу тарихына жалпы сипаттама.
1. 1. Арал теңізінің зерттелу тарихы.
Арал теңізі алабы өзендері сирек, шөлді аймақта орналасқан. Теңізге Қазақстан территориясы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені құяды. Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары мен ғалымдарының назарын өзіне аударып келеді. Арал туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птоломей теңіздің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табиғатын жан-жақты зеріттеуде орыс ғалымдарының сіңірген еңбектері зор. Академик Л. С. Беректің Арал теңізін зеріттеудегі зор еңбектерін атап кетуге болады. Көп жылдық зеріттеулерінің нәтижесінде «Арал теңізі « деген үлкен еңбегі жарық көрді. [1]
Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т. б. ) ежелгі заманнан-ақ қазіргі Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, Геродот (б. з. б. 5 ғ. ) Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығын және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаған. Птолемей (б. з. 2 ғ. ) өз еңбектерінде Жайық (Dаіх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендері туралы мәліметтер келтірген. 9 - 10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсірді және гректердің Әмудария мен Сырдария өзендері Каспий теңізіне құяды деген топшылауын теріске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегі деректерінде Жайық, Жем, Сағыз өзендері аталған. 13 ғасырда Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшілер өздері жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерінің жеке бақылаулары негізінде Каспий теңізінің тұйық алап екендігі туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдері, Тарбағатай, Жетісу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтірген. 15 - 17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәліметтер Ресей әдебиеттерінде жинақтала бастаған. Бұл мәліметтер Мәскеу мемлекетін және оған іргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кітабы”) атты еңбекте қазіргі республиканың батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінің біршама жерлеріне нақтылы сипаттама берілген. 17 ғасырларда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жеріне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулері жиілей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәліметтері жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкіл жері сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697) . Бұл туынды С. Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сібірдің сызба кітабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі қамтылған. 18 ғ-дың 30-жылдарынан 19 ғ-дың 60-жылдарына дейін созылған Ресейдің Қазақстанды отарлау үрдісі оның аумағының геогр. зерттелуінің сипаты мен барысына әсерін тигізбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекеті билігін орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды. 1820-21 жылдары экспедициялық зерттеулер нәтижесінде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесінің табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлімінде Бат. Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берілді. [2]
19 ғ-дың 1-жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейінгі аралықта Г. С. Карелин өлкені картаға түсірумен бірге әр түрлі аймақтардың (Каспий теңізі жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен коллекциялар жинады. Атақты неміс ғалымы А. Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген көлемді еңбегін шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейін Қазақстан туралы жиналған географиялық деректер А. И. Левшиннің “Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы”) деген кітабында (1832) қорытындыланды. Бұл кітап Қазақстанның жері туралы берілген алғашқы толық географилық сипаттама болды. 1840-50 жылдар аралығында Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан өңірлеріне Ресей ботанигі Л. И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетісу Алатауына, Балқаш-Алакөл ойысының шығыс бөлігіне физикалық-географиялық сипаттама берді. 19 ғасырдың орта шенінде Арал (А. И. Бутаков) және Каспий (К. М. Бэр, Н. А. Ивашинцов) теңіздері жан-жақты зерттелді. 1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедицияға И. Г. Борщов пен Н. А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерінің маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесінде Батыс Қазақстанның жер беті, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейді. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесінің ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классикалық монографиясында Батыс Қазақстанды ландшафтылық-географиялық облыстарға бөлді. 1856-57 жылдары П. П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзінің әйгілі саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенің орографиясына (таулы жер бедері) жаңаша сипаттама беріп, тұңғыш рет биік тау ландшафтын анықтады. П. П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бірі - Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегі Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерін жан-жақты зерттеудің ғылым негізін жасағандығы болды. 1865-79 жылдары И. В. Мушкетов пен Г. Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солтүстігін, Балқаштың оңтүстігін, Тарбағатайды зерттеп, Түркістан аймағының алғашқы геологиялық картасын (1881) жасады. Онда бүкіл Оңтүстік Қазақстан өңірі камтылды. И. В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған “Туркестан” (“Түркістан”) еңбегін жазды (1886-1906) . Ол сонымен бірге 1887 ж. Верныйдағы (қазіргі Алматы) зілзаланың себебін және зардаптарын зерттеді. 19 ғасырдың 90-жылдарында Сібір темір жолын салуға байланысты Солтүстік Қазақстанда көрнекті геолог К. И. Богдановичтің жалпы басшылығымен бірнеше экспедициялық зерттеу жүргізілді. Осының нәтижесінде Солтүстік және Орталық Қазақстанның геологиялық құрылысының негізгі сипаты анықталып, бірнеше көмір кен орындары (Екібастұз, т. б. ) ашылды. А. Н. Замятин, Н. Н. Тихонович және С. И. Мироновтың зерттеулері нәтижесінде Ембі мұнайлы өңірінің стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерімен байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н. Г. Кассин, А. А. Козырев, П. В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бірқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәліметтер берді. Геология, топырақ тану, ботаника, т. б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедері және оның ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргізді. Мысалы, Мушкетов өзінің геологиялық зерттеулерінің нәтижесінде Тянь-Шаньның қазіргі жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негізгі белгілерін анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргізген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңірлер жер бетінің өзгеруіне эолдық факторлардың күшті әсер тигізгенін дәлелдеді. Д. Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның ірі масштабты гипсометриялық картасын жасады. М. В. Баярунас Маңғыстаудың оңтүстігіне жүргізген геологиялық зерттеулері кезінде қосымша геоморфологиялық бақылаулар жүргізіп, Қарақия, Қауынды, т. б. тұйық ойыстарға жан-жақты географилық сипаттама берді. Санаулы ғана арнаулы геоморфологиялық зерттеу жұмыстарының ішінде Л. С. Бергтің еңбегі ерекше. Ол алғашқы болып Солтүстік Арал шөлдерінің жер бедері пішіндеріне геоморфологиялық сипаттама берді. [4]
"Арал теңізі" 1898 - 99 жылдары Берг, П. Г. Игнатьев және В. Д. Елпатьевский Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен Солтүстік және Орталық Қазақстанның ірі көлдеріне зерттеу жүргізді. 1899 - 1902 ж. аралығында Берг Арал теңізінің гидрологиясын зерттеді. Нәтижесінде Арал теңізі туралы бұрынғы түсініктер түбірімен өзгертілді. Бұрын бүкіл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш көліне дейін созылып жатқан біртұтас Арал - Каспий алабы болды деген ұғым теріске шығарылды. Өз зерттеулерінің нәтижесін Берг “Аральское море” (“Арал теңізі”) монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерінің нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Осыдан кейінгі жылдары Берг Балқаш көлін жан-жақты зерттеді. [5]
1. 2. Арал теңізінің геологиялық құрлысы.
Арал теңізі-жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Амударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында. [6]
Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде екінші, ал дүние жүзінде төртінші (Каспий, Солтүстік Америкадағы Жоғарғы көл, Африкадағы Виктория көлінен кейін) орын алатын көл. Қазақстан мен (Қызылорда, Ақтөбе обылыстары) Өзбекстан елдері арасында, Үстірттің солтүстік-шығыс шетінде орналасқан. 1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит денгейінен 53 м биіктікте жатқан. Ауданы 66 мың км², суының көлемі 1064 км³ болатын. Ұзындығы 428 км, ені 235 км еді. Теңіз суы антропогендік әрекеттің нәтижесінде, шаруашылық мақсатына үздіксіз суды пайдалану барысында 2002 жылы теңіз деңгейі 20 м төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер -Сырдария 1974 жылдан және Амудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. Арал теңізінде ірілі -ұсақты 1100 аралдар тобы болатың, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылып кетті. Кезіндегі ең ірілері: Көкарал, Барсакелмес аралдары келмеске кетті. Ұзақ уақыт аралында КСРО-ның бактериологиялық қаруын сынау алаңы болған. [7]
Арал теңізінің Қазақстанға қарайтын бөлігінің жағалауы әр түрлі. Батысы Үстіртке тірелетің жағалауы жарқабақты, биік (190 м) және аз тілімденген. Теңіздің Қазақстандық солтүстік жағалауы өзен-жылғалардың құрғақ аңғарлармен, ішке кіріп жатқан шығанақтармен тілімделген, Арал маңы Қарақұмы мен Үлкен, Кіші Борсық құмдарына жалғасады. Қалған бөлігінің жағасы ойпатты, құмды, жазық, ұсақ аралдар мен шығанақтардан тұрады. [8]
Арал теңізі орналасқан өңірдің климаты шұғыл континентті, құрғақ, шілде айының орташа температурасы +24°+26°С, ең жоғарғы температура +45°С. Қаңтар айының орташа температурасы оңтүстік батыста -6°-8°С, солтүстік және солтүстік-шығыста -11°-12°С, төменгі температура -38°С. Қыста теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі қатып жатады. Жылдық жауын-шашын оңтүстік-батыста 100 мм, солтүстік шығыста 125-130 мм.
Арал теңізінің тұздылығы табиғи жағдайда 9-11% болатын. Соңғы 40 жылда суармалы жер ұлғайды, Шардара, Арнасай, Сарықамыс бөгендері пайда болды. Соған байланысты теңіздің тұздылығы 35%-ге жетті. [9]
Теңіз суының түсі қара көк, мөлдірлігі 25м. Теңіз суы тұнық. Арал теңізінде органикалық дүние Каспий теңізіне қарағанда әлқайда кедей. Теңізде балықтың 20-дай түрі бар. Кәсіпшілігі жөнінен неғұрлым құндылары: бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа ауланады. Жерсіндірілген балықтардан каспий шоқыры мен балтық салақасын атауға болады. [10]
Қазақстан мен Өзбекстанның мақта және күріш егістігіне өзендердің суын қарқынды пайдалану себебінен Арал теңізінің денгейі едәуір төмендеді. Алып жатқан ауданы 40 мың км²-ге кеміді. Теңіз Үлкен Арал және Кіші Арал болып екіге бөлінеді. Теңіз жағалауы 100-150 км - дей шегінді. Теңіз түбі сор, сортанға айналуда. Тартылған теңіз жағалауын тұз бен құм жауып жатыр. [11]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz