Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы


Мазмұны
Кіріспе6
1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ9
- Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы9
- Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру негіздері және оның тиімділік көрсеткіштері14
- Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары18
- АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, РАЙЫМБЕК АУДАНЫ «БАСТАУ» ӨК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ24Алматы облысы Райымбек ауданы «Бастау» өндірістік кооперативінің сипаттамасы және орналасқан жері24«Бастау» өндірістік кооперативіндегі жер ресурстарының пайдаланылуын талдау30Өсімдік шаруашылығы бойынша өндірістік жоспарының орындалуын талдау36
- АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫ «БАСТАУ» ӨК АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ46Мал шаруашылығын дамытудың бағыттары46Ауыл шаруашылық өнім өндірісін мелекет тарапынан ынталандыру тетіктері48
ҚОРЫТЫНДЫ55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР61
КІРІСПЕ
Агроөнеркәсіп кешені халық шаруашылығының ең басты салаларының бірі болып есептеледі, сондықтан елімізде, әсіресе біздің республикамызда оны әрі қарай дамыту мәселелеріне зор назар аударылып келеді.
Ауылшаруашылық өндірісінің алдында тұрған басты міндеттер болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, ал мал шаруашылығына тиісті жем-шөп қорын жасау болып табылады.
Бүгінгі күн талабына сай алда тұрған басты міндеттердің бірі-әр аймақтың климат топырақ ерекшеліктерін еске ала отырып, өндіріске ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің интенсивтік технологиясын және басқа прогрессивтік агротехникалық шараларды енгізу арқылы егіннің шығымдылығын молайту және әр гектар жердің берекесін арттыру. Нарықтық экономика агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарынан ғылыми-техникалық жетілу жетістіктерін енгізу, өндірісті басқару мен шаруашылық формаларының тиімділігі, кәсіпкерлік белсенділігі, ұсыныстары негізінде өндіріс тиімділігін жоғарылатуды талап етеді. Бұл есепті өткізудің басты рөлі шаруашылықтың қызметіне талдау жүргізу болып табылады.
Мұнда талдау өсімдік шаруашылығы өнімін өндірудің талдау мағынасы және есебі. Өсімдік шаруашылығы бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуына кезеңдерде келтірілген талдау жүргізбес бұрын шаруашылықтың алғашқы жағдайы талданады, яғни шаруашылықтың тарихы, орналасқан жері, басқару құрылымы.
Екіншіден, шаруашылық оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге әсер ететін немесе оған байланысты көрсеткіштерге талдау жүргізіледі. Талдау нәтижесінде өсімдік шаруашылығы бойынша өнімді өндіру резервтері анықталады.
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасудан тұрақтану кезеңіне бет алуы ауыл шаруашылығы саласына да өзіндік әсерін тигізуде. Оған дәлел ретінде, елімізде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы ішкі өнімнің көлеміндегі үлесінің 9, 3%-деңгейінде анықталып және 1999 жылдан бастап, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім өндірісінің көлемі жыл сайын орта есеппен 15, 4%-ұлғаюын келтіруге болады.
Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі қәзіргі кезде тиімді менеджмент жүйесінің қалыптасуын талап етеді. Ауыл шаруашылығын басқару мемлекет тарапынан жүргізілгенімен әлі күнге дейін елімізде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қалыптасып отырған мәселелер (техника мен технологиялар, машиналар мен тракторлардың моральдық және физикалық тозуы, су жеткізіп беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнының қымбаттығы және ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін берілетін несиенің жетіспеушілігі және т. б. ) әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.
Елімізде ауыл шаруашылық тауарлары өндірісінің менеджменті төмен, барынша қарама-қайшы және асығыстық жағдайда қалыптасып отыр. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы өнімін тиімді ұйымдастыру мен үйлестіру және бақылау дәрежесі де төменгі деңгейде орын алуда. Осының нәтижесінде елімізде ауыл шаруашылығына жарамды ұлан-байтақ жері бола тұра, отандық өндірушілер өндірген азық- түлік өнімдерінің жетіспеушілігін бастан кешіруде. Осындай жағдайдан арылудың бірден - бір жолы ― ауыл шаруашылығындағы өнім өндірісі менеджментін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арақатынасын теңестіре ұстауда тиімді менеджментті дамытудың ролі аса маңызды екендігін дүние жүзі елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қәзіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жекеленген түрлерінің өзіндік құны мен нарықтағы бағаның арақатнасына жасалынған талдау ауыл шаруашылығы шикізатын дайындаудың және сатып алудың тиімді басқару жүйесінің жоқ екендігін көрсетеді; бұл ескірген ұқсату технологиясы мен қатар отандық тауар өнімдерінің бәсекелестік деңгейінің төмендігінің бір факторы болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласында отандық өнімдердің бәсекелестік қәбілеттілігін арттыру және әлемдік кластеризация жүйесіне өнімдерді бағыттау үшін, ең алдымен ауыл шаруашылығы өнім өндірісінде менеджментті жетілдіруге назар аудару қажет.
Дипломдық жұмысымның объектісі Алматы облысының ауыл шаруашылығы өндірісі. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылдық аймағында орналасқан «Бастау» өндірістік кооперативінің өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруін талдау тақырыбына және осы кооперативтің экономикалық тиімділігін молайту мәселелеріне арналған.
Міндеті: Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді ынталандыру механизмдерін анықтау, қалыптастыру.
Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын талдап, оның басым бағыттарын анықтап, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді ынталандырудың механизмдерін жетілдіру. Ауыл шаруашылығын дамытудың нақты шараларын ұсыну.
1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңыздылығы
Экономикалық тиімділігі ауылшаруашылық өндірісінде натуралдық және құндық көрсеткіштер жүйесімен мінезделеді. Натуралды көрсеткіштер мал, ауылшаруашылық өнімділігі мен шығымдылығы.
Құндық көрсеткіштері - жалпы кіріс, таза кіріс және пайда.
Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін артыруда-материал, шикізат, отын, энергия ресурстарын, еңбек, қаржы ресурстарын үнемді қолдану, жоғарғы тиімділігі аз технологиялық процесстерді қолдану, яғни бір сөзбен айтқанда, экономикалық ресурстарды тиімді пайдалануды айта аламыз.
Экономикалық ресурстар дегеніміз - өнімдерді өндіру, өткізу үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар мен адамдардың өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды әртүрлі көзқарасқа сәйкес топтастыруға болады:
- Материалдық ресурстар - жер немесе шикізат материалдары және капитал.
- Адам ресурстары-еңбек және кәсіпкерлік қызмет
«Жер» ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.
«Капитал» немесе инвестициялық ресурстар ұғымы - тауар өндіру және қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс, жабдықтар және тағы басқа) .
Өндіріс процесін және өндіріс құрал - жабдықтарының қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп атайды.
«Еңбек» ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл-ой қабілеттігін көрсетеді.
Барлық экономикалық ресурстар жалпы бір қасиетке ие. Бұл бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің, пайдалы қазба байлықтардың, өндіріс құралдарының, жұмыс қорының белгілі бір шегі болады. Кез-келген шаруашылық өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады.
Ресурстар - бұл экономикалық өндіруге пайдаланылатын факторлар. Ресурстар нарығының ерекшелігі олардың тапшылығы, өндіріс көлемінің және ресурстарға ұсыныстың шектенуіне байланысты. Ресурстарды сақтауды экономикалық ұйымдастырушылық және техникалық сипатының шаралар кешені ретінде пайдаланған инвестиция, еңбек және басқа да ресурстармен салыстырғанда озық сапалық және сандық өнімнің өсуін аса ұстамдылықпен қарау қажет.
Нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі өндірісті арттырады. Ол ұлттық табыс серпінінде тұтыну және қолдану арасындағы қатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорында ресурстарды сақтау қорланудың заңдылықтарын ұдайы өндірісте кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет.
Шаруашылықтың негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынандай сапалардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, аммортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез-келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыз дыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз міндеттерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.
Сондықтан негізгі қорларды әсіресе олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы- сапалық тозу болып табылады. Шаруашылықтың негізгі міндеті болып саналатыны - ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу, себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және шаруашылық, жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Негізгі қордың заттың мазмұны-еңбек құралдары. Ол шаруашылықтарда ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік процесске әлденеше рет қатысады, соның өзінде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді.
Негізгі қорлар өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың шаруашылықтың өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қаруландыру деңгейіне байланысты болады. Өндірістік үрдіске қатысу дәрежесіне қарай негізгі қорлар екі түрге өндірістік және өндірістік емес бағыттағы болып бөлінеді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға жататындар-ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары. Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады. Өндірістік емес негізгі қорлар өндіріске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасап отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді. Бұған тұрғын үй, мектеп, кітапхана, аурухана тағы басқалар жатады.
Пайдалану үдерісінде негізгі өндірістік қорлар табиғи және сапалық жағынан тозады, сөйтіп, шаруашылықты едәуір ысырапқа ұшыратады. Негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылай пайдалану жолымен, негізгі көрсеткіштердің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық коэфициенті, жабдықтау жүктемесінің коэфициентін арттыру мүмкін. Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әртүрлі бос болып тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.
Әрбір шаруашылықтың қалыпты жұмыс істеуі үшін оның айналым қоры болуы керек. Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процесстер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін алдын-ала қаражат бөлу ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Айналым қаражаттарының - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қордың заттық мазмұны - еңбек заттары. Негізгі қордан айырмашылығы сол- айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.
Айналым қорларды оңтайлы және үнемді жұмсау - шаруашылықтың бірінші кезекті міндеті болып саналады. Себебі, материалдық шығындар ⅔ өнеркәсіп өнімдерінің өзіндік қорын құрайды. Айналым қорының құрамы, оның құрылымы өндірісті мамандандыруға байланысты.
Шаруашылықтарда айналым қаржыларының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты шаруашылықта айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік апат күрделігіне, өнгдіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайларына және тағы басқаларына байланысты болады.
Өндіріс тиімділігін жоғарылатудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.
Өндірістің нәтижелігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде шаруашылықтардың өндіріс процесінің маңызды заттың элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға шаруашылық ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.
Шаруашылықтың айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
- өндірістің маусымдылығы
- тауар-материалдық құндылықтарды ж, ткізудің әркелкілігі
- қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және тағы басқалар.
Нарықтық экономиканың негізгі шегі - шаруашылықтарда айналым қорларының жетіспеушілігі. Осы мақсатта шаруашылықтарда өндіріс қажет ететіндей мөлшерде өндірісте қосалқы қорлар жасаған дұрыс. Олардың материалдық артық қоры болмағаны жөн.
Жұмыс күші - адамның табиғи және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның еңбекке деген қабілеттілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі» жұмыс күшін тауарға айналдырады. Жақсы іріктеліп алынған шаруашылықтың еңбек ұжымы - кәсіпкерліктің негізгі міндеттерінің бірі.
Бұл шаруашылық басшылығының түпкі ойын ұғыну, түсіну және оларды іске асыруға қабілетті пікірлес және серіктес ұжым болуы тиіс. Бұл кәсіпкерлік қызметінің табысына және шаруашылықтың өркендеуіне кепілдік береді.
Адам факторының ықпалы шаруашылық жұмысының икемділігін арттырудағы негізгі аспектілеріне мыналар жатады: кадрларды іріктеу және жылжыту, кадрлар дайындау және үздіксіз оқыту; қызметкер құрамының тұрақтылығы және икемділігі; қызметкерлер еңбегін материалдық бағалылығын жетілдіру.
Нарық жағдайында шаруашылықтарда еңбек ресурстарына деген көзқарастар өзгереді. Жұмыскер өндіріс процесінде бір ғана факторына емес, ал шаруашылық басшылығы тарапынан түпкілікті қамқорлықтың мақсаты мен көзіне айналып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастап кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарығына кері әсерін тигізуде.
Еңбек нарқының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салаларды және аймақ бойынша болудың тепе-теңдік үлесімділігіне жету.
Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні тиімділігі төмен шаруашылықтардың бағытын өзгерту, немесе мүлдем тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кешуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік- экономикалық процесстер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігін жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.
Нарықтық қатынастар жағдайында «еңбекке қабілеттілігі» жұмыс күшін тауарға айналдырады. Шаруашылықтағы кадр саясатының бағдарламасының негізгі бағыттары мыналарды қамтуы қажет: жұмыс күшінің саны және кәсіпқой біліктілігі жағынан қажеттілікті анықтау; нысандарды тарту, кадрларды пайдалануды жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу.
Егер де бұрын шаруашылықтарда кадрларды іріктеу, орналастыру және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға қамқорлық жасалынған болса, ал қазіргі кезде аса маңызды әлеуметтік мәселе - ең алдымен түрлі себептермен босап қалғандарды жұмысқа орналастыру.
1. 2 Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру негіздері және оның тиімділік көрсеткіштері
Жерді пайдалану заңдарының негізінде жазғандай мемлекеттік жер ресурстарының тиімді пайдаланылуы үшін мемлекеттік жер кадастры жүргізіледі, онда жердің құқықтық, шаруашылық және табиғи жиынтығы және керекті мәліметтер жиынтығы бар, ол мынандай бөлімдерден тұрады:
- жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу;
- жерді сандық және сапалық есепке алу;
- топырақтардың сапасын айыру;
- жерді экономикалық бағалау;
Топырақтың сапасын айыру жер құйқасын жіктеу, агротехниканың және егіншілік қарқындылығының салыстырмалы жағдайлары кезеңдегі құнарлық бойынша топырақтардың салыстырмалы түріндегі сипаттамасы болып табылады. Сапа айыру (бонитировка) дақылдарды өсіруге ең қолайлы жерлерді айқындауға, әртүрлі топырақтар оларды біркелкі өңдеу жағдайларында бере алатын өнімділік-дақылдардың «қалыпты шығымдылығын» анықтауға мүмкіндік береді, яғни жерге агрономиялық баға беріледі.
Жерді экономикалық бағалау жердің өндіріс туралы ретіндегі экономикалық, шаруашылық құндылығын жинақтап, қорытып сипаттайды. Жерді бағалау үшін 1 гектардан алынған жалпы өніммен қатар, шығындардың орны толтырылуы және шаруашылыққа кірген таза кіріс пен оның ең аз қоғамдық қажетті мөлшері арасындағы айырым ретінде есептелетін өзгермелі кірісті пайдаланады.
Экономикалық бағалау бал түрінде де, ақшалай түрде де жүргізіледі. Сөйтіп, жерді экономикалық бағалау ауыл шаруашылық емес, өзге мүдделерге арнап жер бөліп беру кезіндегі ауылшаруашылығы шығындарын анықтау мен бұл жерлерді ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін пайдаланудың экономикалық тиімділігін айқындауға мүмкіндік береді. Осындай бағалау негізінде жер бағасы мен жерді пайдаланғаны үшін ренталық төлемдер жүйесі белгіленеді.
Жер салығының мақсаты - жерді ұтымды пайдалану мен аумақтардың әлеуметтік мұқтаждары үшін бюджет қарастыруды қамтамасыз ету. Салық мөлшері 1 гектарға есептелініп белгіленеді және жердің сапасы мен орналасқан орны бойынша сапасын айыру қалпына қарай өзгеріске түседі.
Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып- қор қайтарымы.
Қор қайтарымы-бұл өнім өндіру үшінпайдаланған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.
Қор қайтарымын ұлғайту- бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарымына кері көрсеткіш қор сиымдылығы.
Қор сиымдылығы - бұл негізгі өндірістің қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасып сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі шаруашылықтың өндірістік қуатының көлемін анықтайды.
Өндірістік қуат - саланың, цехтың, агрегаттық жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негнізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі.
Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттың өндіріс пен еңбектің неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз. Еңбеккерлердің маммандануын көтеру өндіріс тиімділігін және еңбек өнімділігінің өсуіне әсерін тигізеді.
Шаруашылықтың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және тиімді пайдалануы - жұмыстың уақытында орындалуына, машина механизмдер, қондырғылардың тиімді пайдалануына және өнімді өндіру көлемінің нәтижесіне, оның өзіндік құнына және басқа да экономикалық көрсеткіштеріне байланысты.
Сонымен бірге, еңбек ресурстарының пайдалану тиімділігін - ауылшаруашылыққа арналған жердің көлемі бір еңбеккерге шаққанда, жыртылған жер бір еңбеккерге шаққандағы көрсеткіштер сипаттайды.
Маманданған еңбек ресурстарының нәтижесінде еңбек нәтижесі байқалады. Шаруашылықтағы еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады. Еңбек өнімділігі - өндіріс процесінде еңбектің тиімділігі.
Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші- өнім шығару көрсеткіші. Еңбек өнімділігін арттырудың тиімділік көрсеткіштері төмендегідей:
- өндірістің техникалық деңгейін жақсарту, яғни өндірісті механикаландыру және автоматтандыру;
- құрал - жабдықтардың жаңа түрін қолдану;
- жаңа технологиялық процестерді қолдану;
- шикізаттың және жаңа конструкциялық материалдық сапасын арттыру.
- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, яғни қызмет ету көлемін және нормаларын ұлғайту;
- нормаларды орындамайтын жұмысшылардың санын азайту;
- есеп және есептеу жұмыстарын толық механикаландыру;
- өндірісті мамандандырудың деңгейін арттыру;
- басқару құрылымын жақсарту;
- өндірістегі құрылымдық өзгерістер, яғни өнімнің жеке түрлерінің көлемі деңгейін өзгерту;
- өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығын өзгерту, жартылай дайын өнімдер мен қосалқы мөлшердің көлемін өзгерту;
Экономикалық тиімділігін арттыруда қаржылық ресурстарда есепке алынады. Айналым қаражаттары әрқашанда қозғалыста болып, ауспалы айналым жасайды, яғни айналыс сферасынан өндіріс сферасына, өндіріс сферасынан айналыс сферасына қайта айналып келіп отырады.
Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды.
Айналым қаржысының айналымдылығы - айналым қаржысының тиімді пайдалануынын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Айналым қаржысының айналымын жылдамдату шаруашылықтың негізгі мақсаты болып табылады және оның мынандай жолдары бар:
Ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану; өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру; шикізат, отын - энергетика ресурстарын үнемді қолдану және тағы басқа. Шаруашылықтағы айналым қорлары шаруашылықтың өз қорларынан және қарызға алынған ресурстардан тұрады.
Айналым қорлардың көздеріне табыс, несие, жарғы қоры, бюджеттік қорлар, кредиторлық парыздар тағы басқалар жатады.
1. 3 Ауылшаруашылық өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz