Басқарудың экономикалық механизмі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Басқару құндылық және тиімділік категориясы ретіндеБасқару түсінігі және оның құндылық, тиімділік ұғымдарымен байланысыБасқарудың экономикалық механизміБасқарудағы құндылық және тиімділік
  2. Сырым ауданы экономика және қаржы бөлімінде басқарудың құндылық және тиімділік ретінде іске асырылуыСырым ауданы экономика және қаржы бөлімінің ұйымдық-экономикалық жағдайы (сипаттамасы) Басқарудың құндылық және тиімділік ретінде іске асырылуыСырым ауданы экономика және қаржы бөлімінің экономикалық жағдайы
  3. Сырым ауданы экономика және қаржы бөлімін басқаруды құндылық және тиімділік жетілдіру жолдарыҚұндылық пен тиімділікті іске асырудағы басқару функцияларын жетілдіру бағыттарыБасқару әдістерін қолдануды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Басқару жүйесі екі, бір-бірімен тығыз байланысты - басқарушы және басқарылатын - бөліктен тұрады. Оларды зерттеуде, біздің ойымызша, белгілі тепе-теңдік керек.

Қазақстанда басқару теориясы мен практикасын игеру қиыншылығы осы уақытқа дейін нарық қатынастары толық қалыптаспағанына байланысты болып отыр.

Осыған байланысты нарықты экономика өркендеген елдердің бай тәжірибесін игеру менеджер кадрларын дайындауда зор маңызы бар. Бұл экономиканы өзгертудің, көптеген басшылар, мамандар және қатардағы қызметкерлердің рыноктық көзқарасын қалыптастыру және дамытудың тиімді жолы.

Енді міне нарықтық экономика дамуының барысында қазір біздерге «топ-менеджер», «менеджмент» деген сөздер таңсық емес, олар бұрынғы «басшы», «басқару қызметі», «басқару» деген сөздерге жаңа мән беріп отыр. Бірақ бұл сөздер синонимдер болса да басқару термині кең мағыналы. Басқару дегеніміз басқарылатын жүйеге әсер етіп оны талапқа сай қалыпқа келтіруді білдіреді. Атап айтқанда басқару субъекті ретінде менеджер бой көрсетеді.

Қазақстан экономикасында соңғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдеріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субьектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субьектілердің жұмысын бағалау өлшемімен бірге, осы субьектілердің өздері үшін іс-қимылдардың негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс үдерімін жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай есепке алып отырулары керек. Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық шетелдік ерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Мұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс-тұрысының ынта-ықыласын, интеллектілігін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. Дипломдық жұмыстың мақсаты басқару ісін құндылық және тиімділік ретінде анықтай отырып, оның жетілдіру бағыттарын анықтау. Дипломдық жұмысты орындауға бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, бөлщендегідей міндеттер қойылады:

  • Басқаруды құндылық, тиімділік категориясы ретінде қарастыру және оның тиімділік, құндылық ұғымдарымен байланысын анықтау;
  • Басқарудың экономикалык механизмін зерттеу;
  • Нақты зерттеу объектысында басқарудың құндылық және тиімділік ретінде іске асырылуын зерттеу;
  • Нақты зерттеу объектосында басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмысың зерттеу объектосы Сырым ауданы экономика және қаржы бөлімі.

Дипломдық жұмысы орындауға Сырым ауданы экономика және қаржы бөлімінің 2009-2011 жж аралығындағы мәліметтері қолданылды, сонымен бірге Қазақстан Респуликаының ТМД-елдері ғалымдарының зерттеу тақырыбы бойынша еңбектері теориялық және әдістемелік негіз болды.

Дипломдық жұмысты орындауда экономикалық талдау, топтау, т. б. әдістер қолданылды.

  1. Басқару құндылық және тиімділік категориясы ретіндеБасқару түсінігі және оның құндылық, тиімділік ұғымдарымен байланысы

«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберліген білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынандай түсінік беріледі:

  1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
  2. Билік және басқару өнері;
  3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды
  4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі;

Менеджмент негіздері курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берліген:

Менеджмент-бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның матеиалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі.

Профессор И. Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалды және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің эконмикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.

Белорусь ғалымы Н. И. Кабушкиннің ойынша менеджмент-бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-әрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер. 1

Ф. М. Русинов пен М. Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі деп түсіндіреді.

Э. А. Уткин «Курс менеджмента» еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді: Менеджмент-бұл нарық жағдайында, ы кәсірорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің түрлі принциптерін мен қызметтерінғ әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі.

А. А. Радугиннің менеджмент түсінігінің негұрлым қысқаша сипаттамасын қолданады. Оның пікірінше, менеджмент-бұл әрі өнер, әрі ғылым.

Менеджмент-бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай сипаттаманы Вачугов Д. Д жетекшілік еткен ғалымдар тобы Основы менеджмента деген кітапта береді.

Менеджмент саласындағы маман Веснин В. Р. басқару және менеджмент деген түсініктерді ажыратпайды. Менеджмент /мекеме, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар мен олардың жекелеген бөлімшелеріне/ жетекшлік жасамау.

Бір анықтама екінші анықтаманы дамытады, себебі, олардың бәріне тән ортақ нәрсе-менеджмент-бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесы. Терминологиялық пікір таластар мен елудени астам менеджмент анықтамасының иинтерпретациясына тоқталмай-ақ, менеджменттің басқару еңбегінің сипат ымен мазмұнын зерттейтін ғылым екендігін айтып өту керек. Менеджментке анықтама бермеген О. С. Виханский мен А. И. Наумов дұрыс жасаған.

Мененджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдалады.

Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. Тейлордың пікірінше, менеджмент - ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеді.

П. Друкердің түсіндіруінше, менеджмент ғылым немсе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Оо менеджмент ұғымына кең мағынада түсінікт беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтұанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік берілді. Олар батыстағы іскерлік әлімге Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерді топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметтегі алуан түрлі клубтарды және іскер кәіспорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен імндеттері белгіленелі және айқындалады. 2

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған байланысты белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

  • Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
  • Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
  • Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Құраулы Күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік теу.
  • Құрама одақтық немсе клубтық менеджмент. Мемелекеттік мекемелердегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
  • Бизнес менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
  • Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес -менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Петерсон мен Плоумен былай атап көрсетеді: менеджменттегі сұндай өзгешеліктержің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы негізге алынатын түсініктерге сейенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке де, бұлар материалдық жағдайларға да тәуелсіз ретінде қарастырылады, себебі, соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.

Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мақмұны нақты жағдайға қарап ғылымды қолдану.

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұнының өзгеруімен байланысты фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардыңғ ойдағыдай іс - әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұымдастырауымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Вольфганг Хайер өзінің Еуропада бизнес қалай жасалады кітабында былай жазды: Менеджмент-бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы. Егер Батыста кез келген кәсірорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол қоғамға танытатын да тек басшылар. 3

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұығым-бұл басшылық.

Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немсе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады.

Жеке кәсіпорынның, өзінің құқықтық нышандарына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлеріне іскер кәсіпорын менеджментіңің айырмашылығ сол, кәсіпорынның мақсаты, демек, оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе нарық арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешілігі, олар өзінің шешімдеріне экономикалық түснікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртібісі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделеді.

Менеджменттегі басты нәрсе-кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес жұмыс істеу міндетіне жататыны-қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.

Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немсе бәсекелестеріне қарғанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.

Кәсірорын-еі алдымен адмдар. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады. : менеджмент-бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.

Кәсіпорындардағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорын құрарда жаңа инвестицуияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарық капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу, анағұрлым күрделі іс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауытырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз - ұжым жұмысын ұйымдастыру, кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады, олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

Сонымен, менеджменттің екі ұғымы бар:

Біріншіден, менеджмент-бұл басқару, басшылық ету органы, екіншіден, менеджмент-бұл адамдарды басқару әрекеті.

Менеджмент бойынша классикалық зерттеуінде (Мескон М. және басқалар, 1999) басқарушылық функцияларының басқа құрамы қарастырылған: стратегиялық жоспарлау, стратегияның жүзеге асырылуын жоспарлау, әсерлесу мен өкілеттікті ұйымдастыру, ұйымдарды құрастыру, ынталандыру, бақылау. Басқарудың бұндай және басқа да функцияларының мәні кейінгі дәрістерде және тәжірибелік сабақтарда толығырақ оқытылады. 4

Басқару сапасы басқару функциялары қалай орындалатынына тікелей тәуелді екені айқын шығар. Ал басқару функцияларының орындалу сапасы ең алдымен ұйымның бірінші басшысы өз функцияларын қалай орындайтынына тәуелді. Сондықтан, кезкелген ұйымның кезкелген басшысына орындауға тура келетін басшы функцияларына көп көңіл бөліп, зерделеген жөн. Олардың мәнін ең қысқа ғылып Цицерон түсіндірген: «Бағыттау, заңдарға сәйкес әділеттіні бұйыру - міне, осылар лауазымдық тұлғалардың мәселелері».

Басшының мәселесі ол басқаратындардың жұмысынан қатты ерекшеленеді, себебі ол бағыныштыларына қарағанда, ахуалдардың және мәселелердің бірнеше есе көп түрлерімен кездеседі. Сонымен қатар, оған бұндай мәселелердің шешілуіне бірнеше есе көп жауапкершілік жүктелген.

Қазіргі заманғы басшының функциялары көп түрлі, бұл олардың бөлшектеп жіктелуіне әкеледі. Әртүрлі авторлармен ұсынылған осындай үш жіктелуді қарастырайық (Аникин Б. А., 2001) .

Файоль бойынша басшының функциялары.

  1. Алдынала ала көру және жоспарлау - «болашақты зерделеу және іс-әрекеттер жоспарының алдынала жобасы (набросок) ». Файоль бұл функцияны кәсіпкерлік қызметте ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметте де басты қылып санаған. XX ғасырдың басында ол Франция экономикасы дамуының ұлттық жоспарын жасап шығару қажеттілігін көздеген. Кейін Файольдің бұл ой-пікірі «ұлы тоқыраудан» шыққан кезде АҚШ-та және елді индустриализациялау, Ұлы Отан соғысы кезіндегі және одан кейінгі халық шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру барысында КСРО-да сәтті жүзеге асырылды. Жапония мен Германия да соғыстан кейінгі жылдары өз елдері дамуының ұлттық жоспарларын жасап шығарып. Сәтті іске асырды.
  2. Ұйымдастыру - бұл «кәсіпкерліктің материалдық, сонымен қатар, адамдық та құрылымын құру». Басшының мәселесі фирманың қызметін оңтайлы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық құрылымды жасауға негізделеді.
  3. Өкімдерді беру «персонал ортасында белсеңділіктің ұстанылуын» білдіреді. Басшының бұл функциясы алғаш екі функциямен логикалық түрде байланысқан. Басшының жұмысы жоспарды құрастырудан және ұйымның мақсатттарын анықтаудан басталады. Кейін осындай мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым құрастырылуы тиіс. Және тек осыдан кейін ұйым персоналдың белсеңділігін ұстап тұратын өкімдерді беру арқылы қажетті бағытта қозғалысқа түседі.
  4. Үйлестіру - бұл «күштерді біріктіріп және үйлесімді іс-әрекет етіп, тығыз байланыста бірге жұмыс істеу». Ұйымның қызметінде талай жұмыскерлер қатысатындықтан, олардың күштерін әрдайым үйлестіру қажеттілігі пайда болады. Бұл - басшылар мен атқарушылар арасындағы ақпараттың үзіліссіз айналуы, жүйелі түрде кездесулер мен кеңестерді өткізу есебінен жүзеге асады.
  5. Бақылау - «бәрі де орнатылған ережелерге және жасалған өкімдерге сәйкес өткізілуін қадағалап, байқау». Тиімді бақылау тез арада іске асырылып, белгілі бір процедура бойынша орындалуы тиіс және атқарушыларға тәуелді болмауы тиіс.

Десслер бойынша басшының функциялары.

Десслер де, Файоль секілді, келесідей бес функцияны бөліп айырған:

  1. Жоспарлау - мақсаттар мен стандарттарды қою, іс-әрекеттердің ережелерін және тізбектілігін жасап шығару, жоспарларды жасап шығару және болашақты болжау.
  2. Ұйымдастыру - бағыныштылардың алдына мәселелерді қою, оларды бөлімдер бойынша бөлу, оларға өз өкілеттіктерінің бір бөлігін табыстау, ақпаратты басқару және беру каналдарын жасап шығару, бағыныштылардың жұмысын үйлестіру.
  3. Персоналды басқару - кандидаттар үшін стандарттарды анықтау, жұмыскерлерді іріктеі, оларды сұрыптау, жұмыстың стандарттарын орнату, жұмыскерлерге өтемақылар (компенсации), жұмыстардың орындалуын бағалау, кеңес беру, жұмыскерлердің оқып-үйренуі мен дамуы.
  4. Басшылық ету - жұмыскерлерді жұмысты орындауға қалай мәжбүр етуге болады деген мәселені шешу, моралдық қолдауды көрсету, бағыныштыларды ынталандыру.
  5. Бақылау - сатылымдардың квотасы (үлесі), сапасы, өнімділіктің деңгейі, жұмыстардың орындалуын осындай стандарттарға сәйкестігін тексеру, қажетті болса оларды түзету секілді стандарттарды орнату.

Файоль мен Десслерда басшы функцияларының саны бірдей екеніне қарамастан, олардың әрқайсысының құрамы мен мазмұны бір-бірінен әлдеқайда ерекшеленетіні айқын. 5

1. 2. Басқарудың экономикалық механизмі

Әлеуметтік-экономикалық механизмдерді басқарудың әртүрлі механизмдері бар - құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, ұйымдастырушылық-экономикалық, қаржылық және т. с. с. Бүкіл осындай алуан түрлі ассортименттен бұнда басқарудың экономикалық механизмі қарастырылады.

Жалпы мағынада «басқарудың экономикалық механизмі» түсінігі - іс жүзінде пайдаланылатын, негізі ретінде басқарудың объектісі мен субъектісі арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастар салынған басқару механизмінің өзіне ғана тән ерекшеліктерін бейнелейді. Бұндай өзара қарым-қатынастардың көрнекі мысалдары ретінде мемлекет пен салық төлеушілері, жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскер, халықаралық экономикалық қызметке тартылған мемлекеттер және т. б. арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды келтіруге болады.

Сондықтан, басқарудың механизмі туралы айтпас бұрын, басқару механизмінің берілген түрімен реттелетін басқару объектісі мен субъектісі дегеніміз не екендігін ұйғарып алу керек. Алдымен, жеке алынған елдің экономикасы секлді басқарудың күрделі және ауқымды объектісін қарастырайық.

Экономиканың басқарылуы жүзеге асырылып жатқан деңгейге байланысты оны макроэкономикалық және микроэкономикалық етіп бөлуге болады. Бірінші жағдайда басқару объектілері: бүкіл елдің, оның ірі аймақтарының, шаруашылық ету салаларының экономикасы, екінші жағдайда - ұйымдар, кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар, кішігірім кәсіпкерлік құрылымдар мен аймақтар. Макроэкономикалық басқарудың құрамында бүкіл ел экономикасының салалық, аймақтық басқарылуын, сонымен қатар, функционалдық басқарылуын айыруға болады. Басқарудың соңғы түріне мемлекет қаржыларының, ақша айналысының, мемлекеттік меншіктің және сыртқы экономикалық байланыстардың басқарылуы жатады.

Макроэкономикалық деңгейдегі басқару субъектілері - бұл басқарушылық шешімдерді қабылдауға құқығы бар, іс-әрекеті бүкіл елдің экономикасына, салалық және аймақтық экономикаға, сонымен қатар, шаруашылық қызметтің ірі салаларына және түрлеріне таратылатын заңдылық, атқарушылық, құқықтық органдар.

Микроэкономикалық деңгейдегі басқару субъектілері - бұл оларға бағынышты ұйымдарды, кәсіпорындарды, фирмаларды және т. с. с. басқаруға құқығы бар басшылық ететін органдар мен жеке тұлғалар.

Макроэкономикалық және мемлекеттік басқару түсініктері бір-біріне теңбе-тең емес, себебі мемлекеттің экономикаға ықпалы макроэкономикалық, сонымен бірге, микроэкономикалық деңгейге де таратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың ұйымдастыру - әкімшілік әдістері
Қоғамдық шаруашылық механизімі
Басқарудың экономикалық механизмінің түсінігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер
Қаржы саясаты
Қаржы механизмі
Нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның маңызы, мәні мен қаржылық сипаты
Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz