Жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I ТАРАУ. АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ-
АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫН
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта
оқытудың зерттелу
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта
оқытудың педагогикалық және лингвоәдістемелік
негіздері ... ... ... 24
1.3. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта
оқытудың психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..41
II ТАРАУ. АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТА ОКЬПУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2. 1. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта
оқытудың қазіргі
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
6
2.2. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта
оқытудың әдістемелік
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 63
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 85
КІРІСПЕ
Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық өзгерістер
халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет
етіп отыр. Бүгінгі өмірді жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамнан өзінің келешегіне
не ала алады деген сұраққа жалпы қауым болып жауап іздестіруде.
Бүгінгі танда білім беру жүйесіңдегі бірінші міндет — ол дүние жүзі
елдерінде жастарды бейбітшілік рухта ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу
және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мөдениетін кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың бойындағы адами құндылықтарды: қайы-рымдылықты,
сүйіспеншілікті дамьпу, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.
Үшіншіден, білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай
отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғысынан
кемелденуіне аудару.
Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни
руханилығын дамыту — заман талабы. Егер адам руханилығынан айырылса, онда
ол эмоция мен сезімнен айырылады, жалаң рационализм мен прагматизмнің
құлына айналады. Сейтіп, материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған
қоғамдық даму адамзатты рухани жұтандыққа душар етіп, құндылық бағдарын
өзгертіп жіберуі мүмкін.
Жалпыадамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен
бастап, бірге дамиды, жасы үлғайған сайын қоршаған ортасына сөйкес бірге
қалыптасады.
"Әр заманның өз адамы" деген қағиданың мәніне терең үңілетін болсақ, өмір
тәжірибесі өзінің нәтижесімен көрсете отырып, дәлелдеп береді.
Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс
тапқан. Онда: "Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік,
интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін
қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі", — деп
жазылған. Ал "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім
мазмұнын гуманитарлаңдыру тұжырымдамасында" білім беру жүйесінің негізгі
міңдеттері төмеңдегідей көрсетілген:
— жеке адамның рухани қабілет мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен
салауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін
жағдайлар жасау;
— жеке адамның шығармашылық қабілеттері мен өзіндік ерекше-ліктеріне
қарай тәрбиелеуді дамыту.
Соның ішінде гуманитарлық білімнің мазмұнын жаңарту мақсатында оқыту
процесін ізгілендіру және баланы дербес қабілетін ескеріп, терендетіп оқыту
мақсаты көзделген. Бұл мақсатка жетіп, аталған міндеттердің орындалуы, ең
алдымен, жеке тұлғаның рухани құндылықтарының дамуына баса назар аударуды
қажет етеді.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие
тұжырымдамасында: "Бастауыш мектептің езіңде баланың танымдық және
психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім
алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Бұл кезеңде
гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керек, өйткені
осы жастағы балалар әсершіл әрі ұғымтал келеді.
Бала бастауыш мектепті бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайындағы
әсерін қисынды да жүйелі баяңдап, жаныңдағы адамдармен ешбір қиындықсыз
белсене қарым-қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түсініп, өмірде
қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруге тиіс", — деп
көрсетілген нұсқау да біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап
отырғандығын дәлелдейді.
Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні және атқаратын
қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық
мәселесімен тікелей байланысты қарастырылып, осы кезге дейін күн тәртібінен
түспеуі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесінің аса
қажеттілігін байқатады.
Өйткені оқыту процесінде оқушының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған. Адамгершілік ұғымының
педагогикалық термин ретінде ғылыми тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы
бар. Ал рухани ұғымының мәні әр түрлі элементтерді, салаларды қамтитыны
белгілі. Бірақ бұл ұғым осы кезге дейін педагогика ғылымы саласында
категориялық деңгейде анықтамаға ие бола қойған жоқ.
Адамгершілік қатынастар, адамгершілік тәрбиесі туралы бірқатар
ғалымдардың (Тюменова К.О., Коратов В.М., Марьенко И.С., Харламов И.Ф.,
Бодырев И.М., Иващенко И.В., Иллорионова Л.П., Махмудова Г.Х., Романова
Л.И., Меңжанова А. және т.б.) еңбектерін зерделей келе, мынадай қорытынды
жасауға болады.
Адамгершілік тәрбиесінің маңызы мектептің күн тәртібінен ешқашан түскен
емес, Кеңестік педагогика ғылымы адамгершілік тәрбиесін маркстік-лениндік
ілімге сүйене отырып, тербиенің аса маңызды құрамды белігі ретінде
қарастырды. Ал социалистік қоғамның тарихи тәжірибесіне көз жіберсек,
адамгершілік тәрбиесінің мәселелері үнемі жаңа адам тәрбиелеу міңдеттерімен
байланысты болып келгенін байқаймыз. Ондағы адамгершілік тәрбиесінің өзекті
міндеті — оқушының бойында социалистік қоғамға сай елжандылық,
интернационализм, ұжымшылдық және т.б. қасиеттерді қалыптастыруды көздеді.
Егер біз ертеректегі ғұламалардың еңбектеріне жүгінсек, осы пікіріміздің
дұрыстығына көз жеткіземіз. Оған әл-Фарабидің: "...Адамға ең бірінші білім
емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың
қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі", — деген сөзі
дәлел. Демек, бүгінгі танда педагогика ғылымыңца әлі де толық шемімін таба
алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін
дамыта оқыту болып табылады.
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту баланың мектеп
табалдырығын аттаған сәтінен бастап жүзеге асырылса, онда қоғамның
әлеуметтік қажеттілігін өтейтін рухани бай тұлға қалыптасуына игі ықпал
етеді. Бұл идея адам бойында жалпыадамзаттық, құңцылықтарды дамытып,
қалыптастыруды ғылыми және практикалық тұрғыда зерттеп, онын әдістемесін
жасау мақсатын туғызды. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міңдеттер қойылды:
— жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқьпу жөніндегі
педагогикалық, психологиялық және лингвоәдістемелік әдебиеттерге тақырып
тұрғысынан талдау жасау;
— жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуды педаго-гикалық-
психологиялық тұрғыда негіздеп, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта
оқыту ұғымының мәнін анықтау,
— жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту барысында оқушының
білімін, білігін және дағдысын қалыптастыруға бағытталған мәтіңдер,
жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін жасау, тиімді әдіс-тәсілдерді белгілеу.
Егер сабақтарда берілетін білім мазмұны мен әдіс-тәсілдері оқушының өзін-
өзі өз әрекетінің субъектісі ретінде тануына мүмкіңдік туғыза отырып, оның
жан-жақты рухани дамуына бағдарланса, онда бастауыш сыныптан бастап, жеке
тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыта оқыту жүзеге асады.
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың ғылыми-әдіснамалық
негіздері мыналар:
— философияның адам болмысы, адам әрекеті туралы және теория мен
практиканың бірлігі, сана мен әрекеттің бірлігі, қабілеттің дамуы және
руханилық туралы қағидалары, таным теориясы;
— жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру туралы
психология, педагогика ғылымындағы жетекші ұстанымдар, дамыта оқыту идеясы.
Зерттеудін ғылыми жаңалығы:
— оқыту процесінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту
жөніндегі көзқарастарға талдау жасалынып, кезеңдерге жіктелді;
— ана тілі сабағында оқушының коммуникативтік таным әрекетін басқарудың
әдістемелік моделі жағдайларында жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта
оқыту ұғымының мәні анықталып, педагогикалық термин ретінде алғаш рет
әдістеме ғылымына айналымға енгізілді.
Зерттеу нәтижесінде бастауыш буынның 1—2-сыныптарындағы ана тілі
сабағында жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың әдістемесі
дайыңдалып, бүгінгі күнгі ана тілін окыту өдістемесіндегі өзекті мәселені
жүзеге асыруда нақты қадам жасалды. Зерттеу ана тілі әдістемесі ғылымындағы
ғылыми-әдістемелік жаңа зерттеулерге пайлануға негіз бола алады. Зерттеу
нөтижелерін оқу бағдарламаларының жаңа нұсқаларын жасауда, сонымен бірге
ана тілі пәні оқулықтарының мазмұнын жетілдіруде, көмекші әдістемелік
құралдар дайындауда және сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыруда пайдалануға
болады. Сол сияқты жоғары және арнаулы оқу орындарының оқьпушылары мен
студенттері және жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдері оқу-тәрбие
процесінде қолдануларына болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
— жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың педагогикалық,
лингвоәдістемелік жөне психологиялық негіздемесін жасау;
— жеке түлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту ұғымының мәні;
— жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуға арналған мәтіндер,
тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі және тиімді әдіс-тәсілдер;
— жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың жолдары мен
бағыттары және әдістемелік жүйесі;
I ТАРАУ. АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
1.1. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың зерттелу жайы
Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек, әл-Фараби, Ибн Сина,
Фердауси, Ж.Баласағүн, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, КД.Ушинский,
А.С.Макаренко, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, Ы.Алтынсарин,
Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов,
М.Жұмабаев сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бірде-бірі рухани-адамгершілік
құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызына көңіл бөлмей
өткен емес.
Мөселен, әл-Фараби философиялық трактаттарында: "Жақсы мінез-құлык пен
ақыл біріккенде ғана олар адамшылық қасиеттер болып табылмақ", — деп жазса,
XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің атақты "Ұлы дидактика",
"Ағайыңды чехтарды тәрбиелеу" атты еңбектерінде тұңғыш рет білім беру мен
тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды.
XVIII ғасырдың көрнекті ағартушылары мен педагогтары А.Н.Радишев,
И.И.Бецкой, Н.И.Новиков пен Ф.И.Янковичтің ғылыми ақиқатты оқып үйренуде,
баланың қабілетін дамытуға және ұнамды адамгершілік сапасын нығайтуға
кемектесетін оқыту өдістерінің қолданылуын талап етулері бүгінгі күнгі жеке
тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесінің қажеттігін
айқындайды.
Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов рухани-адамгершілік сезімді туғызатын
әсемдік тегін болмыстан, сұлулық негізін табиғат жаратылысынан іздеп, адам
мен табиғат арасындағы байланысты, үйлесімділікті сезіне білді жөне сол
сезімді жас жеткіншек зердесіне қүюға талпынды. Өйткені халық
шыгармашылығының "қай түрінде де табиғат құбылысының әсері болатыны анық.
Халық табиғаттың әсем құбылыстарын жырға, күйге, ою-өрнекке түсіргенде,
алдымен, кәсіптік қажеттілігін ойластыра отырып, жарастық, әсемдік жағына
да баса көңіл бөлген. Әсемдік адам тұрмысына қажетті құбылыс болумен қабат,
асқақ сезім туғызатын рухани күш екендігі анық". Сондықтан Ш.Уәлиханов
болмысқа деген эстетикалық көзқарасын, талғамын, эстетикалық сезімін
ауызекі шығармашылық арқылы көрсете білді. Мысалы, халыктың поэтикалық
өнерінің бала бойында жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпалы
туралы пікірін өлең, мақал-мәтелдер, эпостар жинағынан кездестіреміз.
Сонымен қатар табиғаттың да адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне деген
пайдасы оның күнделіктерінде, сапарнама түрғысынан жазған еңбектерінде
тұжырымды берілген.
Қазақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы тәжірибе
деп бағаланатын Ы.Алтынсариннің "Қазақ хрестоматиясы" оқулығында балаларды
қазақтың өдеби мұраларымен ғана таныстырып қоймай, әлем әдебиеті
үлгілерімен де сусындатқан. Ы.Алтынсарин өзінің Н.И.Ильминскийге жолдаған
хатында бастауыш сыньштарға арнап қазақ тілінде кітап жаза бастағанын, оған
"мағыналы жұмбақтар, ойына ой қосатын..., қызықтыратын... әңгімелер, мүмкін
болғанынша, қазақ өлеңдерінің арасынан іріктеп" өлең қосатыны жайлы
баяндайды. Сонымен қатар Ә.Дербісәлиевтің зерттеуі бойынша Ы.Алтынсарин
жасөспірімдерге адамгершілік рухта тәрбие бере алатын еңбектерді ғана
аударғаны және осы аудармалары арқылы оның еңбек, адамды сүйе білу,
кішіпейілділік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдастық және т.б.
мәселелерге кең көңіл бөлгені аңғарылады.
Ағартушы хрестоматия мазмұнына қазақтың төл әңгіме, аңыз, ертегілеріне
кеңірек орын берген және олардың бәрінің адамгершілік қасиетгерді
дәріптеуін басты назарда ұстаған. Яғни, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін
дамыта оқыту мөселелерін Ы.Алтынсарин да басты мақсат етіп, біршама жүзеге
асырған деген тұжырымға келеміз. Өйткені, ол жас жеткіншектерге ұлттық және
жалпыадамзаттық құңдылықтарды үйлестіре отырып үйрете білген.
Қазақ педагогикасында ірі тұлғалардың бірі — А.Құнанбаев та өзінің
өлендерінде, қара сөздерінде балаларды жамаңдықтан жирендіріп, жақсылыққа
үндеп отырған. Абай шығармаларының тәрбиелік потенциалы бүгінгі күнге дейін
өз күшін жойған жоқ. Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген козқарасын
қалыптастыруда Абай өлендерінің рөлі ерекше. "Қуатты ойдан бас құрап,
еркеленіп шығар сез" деп ұлы ақынның өзі айтқанындай, оның өлеңдері туған
жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамдардың көңіл-күйі сан
алуан сезімдерімен ұласып, музыка үніндей естіледі.
Ақын шығармаларының негізі — адамгершілік және имандылыққа тәрбиелеу.
Мәселен, ұлы Абай "біреуге көмектесу — ішкі зор қуат пен терең ақыл және
ыстық сезімнің ісі" - деп біледі.
Міне, осындай қасиеттер түгелдей бір адам бойында болғанда ғана, ол
салиқалылықпен біреуге жанашыр бола алады дейді. Сол сияқты Абай баланы
әділдікке тәрбиелеудің мәнінің зор екенін "дұшпаныңа да әділ бол" деп
білдірсе, ал рухани-адамгершілік қасиеттердің мәнін "адамзаттың бәрін сүй,
бауырым деп...", "іштегі кірді қашырса, адамның хикмет кеудесі", "өзің үшін
үйренсең, жамандықтан жиренсең, ашыларсың жылма жыл" деген сөздерімен аша
түседі.
Белгілі ғалым Н.Нұрахметов: "Абай тікелей мұғалімдікпен айналысып, сабақ
беріп, арнайы түрде педагогика жөне психология ғылымдарына бағыштап еңбек
жазбағанымен, оның шығармаларының өне бойы адам жанының небір түкпірлеріне
үңілетін, адам тәрбиесіне қатысты тұнып тұрған идеяларға толы. Соның
бастысы — жеке тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруына апаратын жолды дәл тауып,
"жан құмары" — "білмекке құмарлық" деп жұмбақ шешуіне айналдырғаны. Қазіргі
педагогика тілімен айтқанда, Абай оқушы үнемі еңбектеніп, іздену үстіңде
болу керек. Тоқырауға ұшырау қауіпті, сондықтан ақыл-ойын дамытып, білім
мен біліктілігін шыңдап отырса ғана, тұлға болып қалыптасады деп
түйіңдейді. Бүл пікірлері жеке тұлғаның даму теориясының басты
қағидаларымен үндесіп жатыр", — деп А.Құнанбаев пікірлерінің бүгінгі заман
талабымен үндестігін, маңыздылығын дәлелдей түседі.
XIX ғасырдың II жартысында Ресей педагогтары арасында ана тілін оқытудың
иегізгі мақсаты — пән мазмұны бойынша ақпараттар беру емес, жалпы
іскерлікті қалыптастыру, анық айтқанда, ойлау, сөйлеу, жұмыс қабілетін және
жалпы дамуын дамыту деген пікір орныға бастады. Ол пікірді ұстанушылар
тұлғаны жан-жақты дамытуда ана тілі пәнінің ролі зор, өйткені ол баланың
ішкі жан дүниесіне қозғау салатын, бірден-бір эмоциялық пән деп есептеді.
Демек, бұл ғалымдар баланың дамуын эмоциялық көңіл-күймен тікелей
байланысты қарастырған.
Адамның дамуы — өте күрделі, ұзақ және қарама-қайшылыққа толы процесс.
Өйткені дамудың қозғалыс күші — қарама-қайшылықтар күресінен туындайды.
Даму факторларына талдау жасау сонау антикалық ғалымдардан басталған.
Педагогика мен психология саласында оқушы дамуын П.П.Блонский,
Л.С.Выготский, Г.С.Костюк, С.Л.Рубинштейн, А.Р.Лурия, Л.Термен, Э.Геккель,
Ф.Мюллер, И.Шванцара және т.б. ғалымдар зерттеген.
Ал И.Г.Песталоции тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мек-тептердің
бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді ұсынды. Ол "адамның ақыл-ойының
қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс
ұйымдастыруға байланысты", — деп ерекше атап көрсетті.
Оқытудың тәрбиелік сипатын ашу мәселесі жөнінде ХІХ ғасырдың екінші
жартысында В.Г.Белинский мен АИ.Герцен, Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов
және т.б. құнды пікірлер білдірген. Мысалы, В.Г.Белинский мен А.И.Герцен
оқудың мазмұнын карастырғанда, жастардың өмірге деген көзқарастарын білім
арқылы қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлген. Олар меңгерілген білімнің
жүйелілігіне, бірізділігіне, ең бастысы, өмірмен байланысты болуына баса
назар аударды. А.И.Герцен: "Егер ғылымдарды белгілі бір жүйемен және
тәртіппен оқытатын болса, қиын немесе көңілге қонбайтын ғылым болмайды,
окуда баланын белсенділігі тым қажет, олар сабақта өз бетінше оқуға,
өздері сұрап білуге, өз бетінше мәселені талқылап шешуге тиіс", — деген
пікірді ұсынды.
Ал В.Г.Белинский: "Адамның тәні сияқты, жанына да тәрбие керек, онсыз жан
семіп қалады, енжарлықтың ми батпағына батады", — деп адамгершілік
қасиеттерді қалыптастырумен қатар, оқушының сезіміне әсер ету арқылы жан
дүниесіңдегі құндылықтарды дамытып отырудың маңызын ашып көрсетеді.
Н.А.Добролюбов мектептің міңдеті — ақыл-ой, дене және адамгершілік
жағынан әр салалы жетілген, қоғамдық істерге саналы түрде біте қайнаса
араласатын, табанды күресші, халық тілегін қорғаушы азаматтарды әзірлеу деп
есептеді.
Ол әсіресе оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше іскерлік әрекеттерін
дамыту үшін әр алуан және мазмұнды жаттығулар жүргізуді, шығармалар
жазғызуды, өздігінен кітап оқуды, байқаулар мен экскурсиялар ұйымдастыруды
ұсынды.
Н.Г Чернышевский оқытуды ұйымдастыру формалары мен оның әдіс-тәсілдері
оқушылардың сан алуан білімдерді ойдағыдай игеруіне, олардың рухани күші
мен қабілеттерінің жан-жақты дамуына, дұрыс ой-пікірлерінің қалыптасуына
зор әсер етуі тиіс деп есептеді. Ол оқу материалының көлемі мен оқыту
әдістерін анықтауда оқушының жас ерекшелігін, оның ой-өрісі мен
қабілеттерін қатаң есепке алуға, материалдың біртіңдеп және тізбектеп
берілуіне, қорытындылар мен тұжырымдардың анық, дәл айтылуына баса көңіл
бөлді.
XIX ғасырдың II жартысында Л.Н Толстой оқушының жан-жақты дамуын
қамтамасыз ететін әдістеме жасады әрі ол жеке тұлғаның шығармашылығын
дамыта отырып, тәрбиелеуді мектептің басты мақсаты деп есептеді. Мұндай
ұстаным оның: "Если ученик в школе не научится сам ничего не творить, то в
жизни он всегда будет только подражать, копировать, умели сделать
самостоятельное приложение этих сведений" — деген пікірінен айқын
аңғарылады.
Аталған ғалымдар пікірлерінің түйіні жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін
дамыта оқытуға әкеліп саяды.
Демек, бұл кезеңдерде де жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту
меселесі бойынша зерттеудің алғашқы қадамдары жасалғаны байқалады.
Бірақ қоғамның дамуына қарай ол бағыттың мақсаттары өзгеріп отырғандығы
анық.
Міне, бұл зерттеулерге шолу баланы жеке тұлға ретінде дамыту идеясы әр
заманның өзіне тән талабымен өлшеніп, тарихи кезендерге сай қорытынды
жасалып отырғандығын көрсетеді.
Ал ана тілін оқыту әдістемесіңде осы мәселелердің қандай деңгейде
қарастырылғанына тоқталатып болсақ, пәңді оқыту мазмұнына сәйкес тербиелей
отырып оқытудың негізі XIX ғасырда қаланғанына көз жеткіземіз.
1920—1930 жылдары кеңес педагогтары мен әдіскерлері оқытудың жаңа
ұстанымдары мен әдістемесін жасады. Олар сабақтағы топтық және ұжымдық
жұмыс формаларын, әдебиет сабақтарын өмірмен байланыстырудың жолдары мен
тәсілдерін айқындады.
В.Я.Стоюнин: "Нужны критические разборы которые должны прояснить
нравственную сторону жизни", — дейді. Демек, оның ойынша ана тілі сабағында
мәтіндік талдаулар емірдің адамгершілік жақтарын және сыни ойлауын
дамьггатындай болуы тиіс. Яғни, оқушы әрбір шығарманы өзінше қабылдап, өз
бетімен қорытынды жасай білуі керек. Мұндай пікір М.Жұмабаевтың: "Тербиеші
балаға түрлі әсерді құлық көзімен салыстырып, үйретуге міндетті. Бала
салыстырып, сынап үйренсе, адамгершілік туралы белгілі бір ұғымға ие
болады. Ол уақытта алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ
пен қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын болады",— деген сөздерінен айқын
аңғарылады.
Ендеше, бұдан оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы қай заманның болса да
ғалымдарын терең ойлаңдырғаны байқалады. Сонымен қатар біз көтеріп отырған
мәселенің осы кезеңде біршама ізденістер болғанын көрсетеді.
Қазан теңкерісінен кейінгі жылдарда әдебиетті оқыту әдістемесі тарихында
талас-тартысқа толы кезең болды. Соңдықтан біздің зерттеу мәселеміз туралы
да осы тұста тереңірек қозғалады.
Баланың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту жолдарын Ә.Диваев,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Әуезов және т.б.
ғалымдар ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып, айқындап берді.
М.Жұмабаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, С.И.Абакумов, К.Б.Соловьев,
Н.Б.Бархин және т.б. ғалымдар бастауыш сыныптарда оқушыны шығармашылыққа
баули отырып, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оны жан-жакты дамыту
мен тәрбиелеуде керкем әдебиеттің маңызы жөнінде мәселені қарастырды.
Ал Н.Б.Бархин баланың қызығушылығын арттырып, айналасына өзге қатынас
орнату үшін 1-сыныпта-ақ қызық және қысқа әңгімелерді импровизациялауға
болады дейді. Оның 1-сыныпта сахналау әдісін, ал 2-сыныпта оқығанын
өңгімелеу әдісін қолдануы сол кезендегі білім беруде оқушының жас
ерекшелігі ескеріліп, қабілет деңгейі анықталатынын байқатады.
Осы жылдары баланың әсерлену қасиетін дамытатын сахналау едістемесіне де
кеп көңіл бөлінді. М.Жұмабаевтың, Е.Е.Соловьеваның, В.А.Малаховскийдің,
И.И.Руфиктің еңбектерінде сахналау әдісінің түрлі аспектілері: сахналық
түрлері, түрлі шығармаларды оқып-үйренудегі әр түрлерін қолдану мүмкіндігі
және т.б. қарастырылды. Е.Е.Соловьева "Мектептегі сахналау — ойын" атты
еңбегінде сахналаудың мынадай түрлерін көрсетеді. Олар:
— дауыс ырғағының көмегімен оқу;
— кейіпкерлердің мінездерін, мимикаларын, бет әлпетін келтіре отырып
рөлге белу;
— драмалық импровизация.
Бұл әдіс-тәсілдер жиынтығы біз зерттеп отырған жеке тұлғаның рухани-
адамгершілігін дамыта оқытудың басқа да әдістерін жан-жақты қарастырып,
оларды жүйелеуге мүмкіндік туғызды.
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуға арналған әдіс-
тәсілдерді қоддануда А.Байтұрсыновтың: "Қай әдіс жақсы?" деген еңбегіндегі:
"Әр әдіс өз орнында жақсы. Әдіс — кезекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің
жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнынан қажеттігіне қарай" — деген қағидасын
басшылыққа алған жөн.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский — кеңес өдістемесі мен қазіргі оқу өдістемесінің
тоғысында өмір сүрген адам. Оның пікірінше, бастауыш сыныптағы әдеби оқыту
процесі саналы және дамыту сипатында болуы қажет. Ол: "Шығармамен жұмыс
жасағанда оқушы жылдам және дұрыс оқитындай ғана емес, сонымен қатар
оқығанын терең түсініп, сезінетіңдей деңгейде ұйымдастырған дұрыс", —
дейді. Оның жасаған түсіңдірмелі оқыту әдістемесінің мәтінмен жұмыс істеуде
маңызы зор болды. Солардың ішінде шығармашылық талдауға көп көңіл белді.
Ғалымның шыгармашылық сипаттағы тапсырмалары "Родное слово"
хрестоматиясьшда кең түрде берілген. Бүл тапсырмалар көбінесе, оқушының
оқығанын өз басындағы жағдайлармен салыстыруға, шығарманы эмоциялы
қабылдауға бағытталған. Оның: "Наставник русского языка обязан дать детям
упражнения, возбуждение мысль и вызывающие выражение этой мысли в слове", —
деген сөзін ана тігіі сабағына жеке түлғаның рухани дүниесіне бойлай еніп,
ішкі сезімін жарыққа алып шығатын тәсілдерінін бірі деп білеміз.
К.Д.Ушинский оқушы адамгершілігіне игі ықпал ететін шығармашылық
жұмыстардың бірі — оқыған материалға ұқсас әңгіме айтқызып, талдату деп
есептеген. Ғалымның бұл идеясы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
К.Д.Ушинскийдің ізбасары, оқулық пен оқу құралдарының авторы, белгіті
әдіскер Н.Ф.Бунаковтың: "Бастауыш мектептің негізгі пәні деп, шынын
айтқанда, ана тілін есептеу керек" — деген ойымен толық қосыламыз. Өйткені
бұл сабақта жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуға толық
мүмкіндік бар. Оған зерттеу барысындағы эксперимент қорытындысы дәлел.
Осы кезенде ұлт мектептеріңде ана тілін оқытуға байланысты елеулі
өзгерістер болды. Көркем әдебиет пен жалпы медәниеттің қол жеткен
жетістіктері негізінде бастауыш мектептерге арналған ана тілі оқулықтарын
жасау мәселесі қолға алынады. Сонымен қатар ана тілін оқытудың тиімді
жолдары жан-жақты қарастырылды.
Мәселен, сондай алғашқы оқулықтардың бірі К.Сырғалиннің "Қазақша әліппе"
кітабында педагогикалық әдептілік мәселесіне ерекше мән беріледі. Автор ана
тілін оқыту кезіңде мұғалімді баланың жағдайын түсіне білуге, жақсы
қасиеттерін дамытуға үндейді. Ол: "...оқытқан уақыттарыңызда жылы жүрек,
жұмсақ сөз, адамгершілікпен оқытыңыз", — деген бір ауыз сөзінде біз көтеріп
отырған мөселенің түп төркіні жатыр.
Бұдан жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта окьту мәселесі әрбір
уақыт кезендеріндегі ғалымдарды толғандырып отырғандығын аңғаруға болады.
Ал "Қазақ совет мектебінің тарихы" деген еңбектің авторы Ә.Сембаев
мүғалімге ана тілін оқытуда баланың жеке бас ерекшелігін есепке ала отырып,
адамгершілік сезіміне дақ салмауға айрықша тоқтатады.
Сонымен қатар ана тілін оқытуда осы мақсатты көздеген алғашқы оқулық
авторлары ретінде М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Нұрбаев,
З.Ерғалиұлы, Ғ.Балғынбаев, АЖандыбаев, А.Мамытұлы, Ж.Тілепбергенов,
М.Қалтаев сияқты ғалымдарды атауға болады.
Жоғарыда аталған ғалымдардың пікірлері негізінде біз ана тілі сабағында
жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту мен оның тиімді жолдарын
жүйелеу мүмкіндігіне ие болдық. XX ғасырдың басында ана тілін оқытудың
тиімді әдіс-тәсілдерін іздеу процесі жалғаса берді. Олар А.Я.Островский,
В.П.Вахтеров, Ц.П.Балталон, З.А.Флеров және т.б. ғалымдардың педагогикалық
еңбектерінде айқын көрініс тапты. Мысалы, В.А.Флеровтың: "...дети учились
читать — мыслить, читать — чувствовать, читать — жить", — деген қысқа
тұжырымы біз көтеріп отырған мәселенің негізгі түйінін меңзейді.
1937 жылдан бастап, кеңес мектебі түсіңдірмелі окыту әдісіне қайта көшті.
Оның басты себебі: кешенді оқытудың зиянды жақтарынан арылу қажеггілігі,
оқу және оқу әдістеме бағдарламасын толығынан жүйелеу, оқу сабақтарында
тәрбиелеу бағытын күшейту, оқу дағдысын қалыптастыру жұмыстарын тереңдету
және т.б. болды.
С.Жиенбаевтың "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" атты еңбегінде
оқушыларды саналы оқуға, түсініп оқуға үйрету жолдарын, оқығандарын айта
да, жаза да білуге баулитын жұмыс түрлерін (толық және қысқаша мазмұндау,
экскурсиядан алған әсерлерін, суретті әңгімелеу және т.б.) топтастырып
көрсетуі бізге жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың тиімді
әдіс-тәсілдерін жіктеуге көмегін тигізді.
Сонымен бірге 1930 жылдардағы Ш.Сарыбаев, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев,
А.Садуақасов және басқалардың зерттеулерінде оқушының адамгершілік
қасиеттерін қалыптастырудың әдістері — белсенді сейлеуге үйрету, көрген-
білгендерін, алған әсерін түрліше жеткізе білуге баулу әдіс-төсілдері жан-
жақты қарастырылған.
С.П.Редозубов: "өлең, мысалдарды оқығанда оның тілі мен мазмұнына үлкен
мән берілуі қажет", — дей отырып, суреткердің жасаған бастапқы көркем
бейнесін өзгертіп алмас үшін мәтінді ұсақ детальдарға дейін талдаудан аулақ
болуды ескертеді.
1960—1980 жылдардағы зерттеулерге көз жүгіртсек, оқу сабағыңда оқушының
шығармашылық әрекетін ұйымдастыру мәселесіне кызығушылық арта бастағаны
байқалады. Бұл кезенде педагогикалық, психологиялық және әдістемелік
зерттеудің басты бағыттары оқыту процесінде оқушыны жан-жақты дамыту болды.
Оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар дамыта оқыту міндеттерін жүзеге
асырудың жетекші жолы деп қарастырылды.
Осы жылдары одақ келемінде С.Л.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов,
Ш.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин және т.б. ғалымдардың
зерттеулері нәтижесінде оқушыны жан-жақты дамытып, оның белсенділігін
арттыруды көздеген дамыта оқыту технологиялары дүниеге келді. Бұл бағытты
бүгінгі күнге дейін ұстанушылар: Г.Селевко, В.П.Беспалько, Монахов және
т.б.
Мәселен, Ш.Амонашвилидің негізгі идеясы ынтымақтастық педагогикасы және
жеке басты демократиялаңдыру, ізгілеңдіру болды. Ол өзінің идеясын "тәрбие
процесінің барлық саласында әр баланың жеке басына құрметпен қарау керек"
деген ұранмен жүзеге асырды. Оқу процесін ізгілендіру принципін ұстанған
педагогтың пікірі күні бүгінге дейін жалғасын табуда.
Ол өз еңбектеріңде жеке тұлғаның білімді өздігінен іздену қабілетін
ашудың түрлі жолдарын көрсетеді. Оның оқушының жеке басына құрметпен қарау
ұстанымы жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда басты назарда
болуы тиіс.
Ал В.Ф.Шаталов өзінін қиын мақсат жэне тірек идеяларын "барлық балалар
дарынды екеніне сеніміміз мол. Жаңа бағдарламалар бір қарағаңда қиынырақ
керінгенмен, оқушылар толық меңгере алады" деген қағидамен іске асырды. Ол
тұлға шығармашылығын дамыту, интеллектуалдық деңгейін көтеру мақсаттарын
көздеді. Ғалым оқытуды ізгілендіру идеясының негізі — жеке тұлғаның жеке
ерекшелігін білу деп есептейді.
И.П.Волков балалардың әр саладағы қабілеттерін айқындау, дамытуға
қажетті, тиімді жағдай туғызу, 1-сыныптан бастап балалардың қабілеттерін,
бейімділіктерін дамытатын дербес, өздігінен орындайтын шығармашылық
тапсырма жүйесін құру, оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асырумен
айналысты.
Е.Н.Ильиннің "оқушының рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі зерттеу
нысанасы болып табылады" деген пікірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін
дамыта оқытуды көздегенін байқатады. Ол әдебиет пәні арқылы оқушының
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды жүзеге асырды және бұл мақсатта әр
оқушының ішкі жан дүниесін демократияландыру идеясын басшылққа алды.
Оның идеясы бойынша мұғалім жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал жасау арқылы
оның өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасайды.
Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін
дамыту мақсатыңда қазіргі кезде біздің оқу-тәрбие процесімізде кеңінен
қолданылуда. Осындай әдістемелер арқылы оқушының рухани-адамгершілігін
дамыту жүзеге асады десек те, өз халқының ұлттық дүниетанымына сай, мазмұны
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы ойшылдардың даналығынан бастау
алатын әдістеменің кажеттігі әрқашан айқын көрініп тұрады.
Мәселен, Елбасы Н.Назарбаевтың: "Тарих толқынында" атты еңбегінде:
"..Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың
этикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары,
ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол рухани
қазына әрбір адамның ішкі жан дүниесін байытып, сана-сезімін шарықтата
көтеретініне күмән келтіре алмайсың" — деуінің өзі біздің жоғарыда айтқан
пікірімізге толық дәлел бола алады.
Еліміз егемендікке қол жеткізген тұста оқыту процесін ізгілендіру,
оқушының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру бағытыңда бірқатар
зерттеулер жасалды. Оған Ә.Қоңыратбаев, Т.Ақшолақов, С. Ұзақбаева,
А.Бейсенбаева, Т.Қ.Жұмажанова, Г.Құрманбаева, Қ.Бітібаева және т.б.
ғалымдар зор үлес косты.
Аталған ғалымдар орта және жоғары буындағы оқушылардың жас еркшеліктеріне
сай оқу материалдарын іріктеуде өздігімен қабылдау қабілеттіліктерін
жетілдіруге баса көңіл бөліп, айналасына саналы көзқарас қалыптастыру
мәселесін жан-жақты қарастырған. Бірақ зерттеулер нысаны — жоғары сынып
оқушыларын оқыту болып табылады.
Мысалы, Ә.Қоңыртабаев: "Әдебиет пәні — қоғамтанудың басты құралдарының
бірі. Әрбір шығарманың өзінен ұғым, нәр, лөззат ала білмеген оқушының жан
дүниесі ойдағыдай өсіп жетілмейді. Әрбір окушы жаныңда көркем шығарманы
қызығып окитын ынта туса, бұл — білімнің басы", — дейді. Ал Т.Ақшолақов:
"Әдебиеттанымдық әдіс-тәсілдерге жетік болмайынша, шығармаға білгір талдау
жасай алмақ емеспіз. Мектепте әдебиетті оқыту сапасын жақсарту, окъпудың
педагогтік әрі көркемдік мәдениетін арттыру әдебиетті зерттеу ғылымының
заңдылықтарын, теориясын, әдіс-тәсілдерін шығарманы талдауда қолдана
білумен сабақтас, соған тікелей байланысты", — деп, жоғары сынып
оқушыларының таным кабілеті деңгейін де қарастырады. Өйткені бұл кезенде
әдебиетте оқушының жас ерекшелігіне сәйкес өзі оқып, оның мазмұнына саналы
түрде бойлауы қажет көлемді көркем шығармалар оқытылады. Ондағы әдебиет-
танымдық әдіс-тәсілдер де бастауыш сыныптарға қарағанда баланың жас
ерекшелігіне қарай өзгеше болады.
Ал бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері түрліше. Соңдықтан
олардың жас және жеке ерекшеліктеріне карай оқу материалдарын жеткізудің
сан түрлі тәсілі қодданылады. Ал бастауыш сыныпқа арналған ана тілі
оқулықтарында сол көркем шығармалардан үзіңді немесе шағын мәтіндер мен
өлеңдер беріледі.
Сонымен жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың нақтылы
жүйелі әдістемесі болмағанымен, оқытуды оқушының ішкі жан дүниесін баурап
алатындай етіп ұйымдастыру мәселесі ұлы ойшылдардың басты нысанасында
болып, еңбектеріне көрініс тапқаны байқалды.
Енді жеке тұлғаның рухани-адами ершілігін дамыта окьпудың мәнін ашып
алайық.
Баланы жеке тұлға ретіңде жан-жақты дамыту бағыты философия саласында
І.Е.Ерғалиев, Ә.Нысанбаев, С.Мурзалин, В.Д.Пекелис, Г.Г.Соловъева,
С.Е.Нұрмұратов, Ғ.Ақмамбетов, психология саласында Л.С.Выготский,
Ж.Аймауытов, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, А.А.Люблинская, педагогика саласында
В.А.Сухомлинский, М.Жұмабаев, Н.И.Болдырев, С.Р.Рахметова, Р.Г.Лемберг,
Ж.С.Хасанова, А.Қ.Қисымова, А.Д. Алюжный, А.С.Елемесова, ЛА.Байсеркеев,
С.Ұзақбаева, Х.Шалғынбаева, А.А.Бейсенбаева және т.б. ғалымдардың іргелі
еңбектерінде қарастырылған.
Оқыту мен дамытудың ара-қатынасын анықтау тек әдіснамалық қана емес,
тәжірибелік жағынан да мәнді болып табылады. "Даму" ұғымынның психологиялық
анықтамасы — "жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы" деген
мағынаны береді. Филсофиялық сөздікте "даму" ұғымы "мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы", — деп
түсіндіріледі.
Ал педагогикада жеке адамның дамуы деп, оның жүйке жүйесіндегі
функционалдық мүмкіншіліктерінің, психикалық процестерінің, адамгершілік
қасиеттерінің, білімінің, көзқарасының, оқу қабілетінін материалдық және
рухани байлықты игерудің және сол байлықты қелешекте жасаудың даму тарихын
айтады.
Оқыту — алға қойған мақсатқа жетуге бағытталған оқытушы мен оқушының
өзара реттелген әрекеті. Білім беру мазмұны мен оқыту формалары және оқыту
әдістерін таңдау оқыту мен дамытудың арақатынасына тікелей тәуелді
Ал тақырыпқа сәйкес рухани-адамгершілік ұғымының мәні мен мағынасын ашып
көрелік. Алдымен педагогикалық категория ретінде анықталып, орныққан ұғым —
адамгершілікке тоқталсақ, ол қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты
білдіретін моральдық ұғым. Ал адамгершілік тәрбиесі — ізгілікке,
инабаттылыққа баулудың жолы болып табылады.
Ендеше, жеке түлғаның рухани-адамгершілігінің қалылтасуы адамгершілік
түсініктің, адамгершілік сезімнің және адамгершілік мінез-құлықтың, яғни
мінез-құлықтың эмоциялық пен интеллектуалдық жақтарының бірлігінен тұрады.
Ал Л.И.Божович адамгершіліктің қалыптасуы адамгершілік дамудың өзіндік
сапалық нормаларының жетілген біріне біртіндеп айналуы деп есептейді. Адам
қабілетінің сыртқы мінез-құлыққа емес, ішкі мінез-құлыққа бағдарлануы
адамгершілік дамуының ең жоғары деңгейі болып табьлады. Бұл деңгейге жету
үшін бала өзі нақты адамгершілік қатынастар мен мінез-құлықтарын тәжірибеге
енгізуі қажет.
Ж.Пиаже адамгершілік дамудың: баланың үлкендер талабын орындау барысында
және өзінің қатарымен қарым-қатынаста дамуы деген екі кезеңін көрсетеді.
Және ол адамгершілік дамуды баланың әлеуметтік аймақ талабына бой алдыруы
деп түйіндейді. Ителлектуалдық даму мен адамгершілік даму туралы түсінікте
белгілі бір сәйкестік бар.
Ал В.А.Крутецкия жеке тұлғаның адамгершілік түсініктері сапасының даму
деңгейін былай бөледі:
1) адамгершілік туралы қарапайым түсінік енді ғана жинақтала бастайды;
2) адамгершілік туралы жалпы түсінігі жинақталғанымен, ол терең емес, тек
бірде кеңейіп, бірде тарылып тұрады;
3) адамгершілік туралы түсініктің мәнін бірде анық, бірде айқын емес
ашуы, оның мазмұнынан тұратын негізгі белгілерін дұрыс бөліп ала білу
білігі пайда болады;
4) оқушы адамгершілік туралы түсінікті, оның мазмұнын терең түсініп,
толық игереді. Адамгершілік туралы түсінігі жалпы түсінік жүйесіне енеді.
Қорыта келе, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту дегеніміз
— тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі
қуатының оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір
оқушының бойындағы жалпыадамзаттық құңдылықтарды қарым-қатынасқа түсіру
арқылы дамыту және оларды білім, білік, дағдылары негізінде қалыптастыру.
Гуманист-педагог Я.Корчактың сөзімен айтқанда, "оқушыны ең алдымен көруге,
түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді".
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуы оның өміріңдегі ең
ірі өзгеріске кездесетін сәті — мектеп табалдырығын аттауынан бастап, оқу-
тәрбие процесінде жалғасады. Өйткені бастауыш буында баланың негізгі іс-
әрекеті оқу болып есептеледі. Мектеп оқушысы оқу процесінде табиғат
әлемімен және адамдардың өмірімен, оның бүгінгі күнімен және өткенімен
танысуын жалғастыра береді.
Бұл жөнінде белгілі психолог Б.Г.Ананьев: "Оқу іс-әрекетінде оқушы
хайуанаттар мен өсімдіктер әлемі өмірінің зандарын, тіл және мөлшер,
кеңістік жөне уақыт заңдарын танып біледі, басқа адамдарды, олардың еңбегі
мен күресін, еңбек пен танымның субъектісі ретінде өзін танып біледі", —
деген болатын. Осы процестердің толық жүзеге асырылуы жеке тұлғаның рухани-
адамгершілік қасиеттерінің дамуымен, қалыптасуымен тікелей байланысты.
Шындығында, оқушының білім алу процесінде жеке тұлға ретінде дамуы,
қалыптасуы оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында
жүзеге асады.
1.2. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың педагогикалық
және лингвоәдістемелік негіздері
Оқыту — екі жақты процесс. Оңда мұғалім мен оқушынын өзара ынтымақтастық
іс-әрекеті жүзеге асады. Осы процессте оқушының ақыл-ойы, танымы, білігі
мен дағдысы қалыптаса отырып, әр оқушының жеке тұлға ретіңде жан-жақты
дамуы жүзеге асырылады. Оқыту процесі өзіне тән мынандай функцияларды
атқарады.
Оқытудың білім беру функциясы оқушыны біліммен қамтамасыз етеді, оны өз
бетімен білім алуға, білік пен дағдыны игеруге даярлайды. Қазіргі педагог
ғалымдардың пікірінше (П.Н.Пидкасистый, Т.А.Ильина, Р.М.Қоянбаев,
И.П.Подласый), білімді толық игеру үшін мынадай талаптар ескерілуі тиіс.
Олар:
— білімнің толықтығы;
— білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, бірізділігі;
— білімнің ұғымдылығы;
— білімнің тәрбиелік сипаты;
— білімнің әрекеттілігі.
БҰл талаптардың ішінде біз жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта
оқытуда білімнің тәрбиелік сипатын басты нысанаға аламыз. Демек, оқытудың
білім беру функциясы ғылым негіздерін, білім мен дағдыны игерту үшін бойына
жалпыадамзаттық құндылықтарды жинақтаған ақыл-ойы жетік адам дайындауға
бағытталуы тиіс. Өйткені жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда
оның тәрбиелік функциясы негізгі рол атқарады. Оқытудың тәрбелік сипатын
оның ғылыми мазмұнына тәуелді дегенді алғаш рет анықтаған ғалымдар
Н.И.Пирогов пен КД.Ушинский болатын. Сондықтан жеке тұлғаның рухани-
адамгершілігін дамыта оқытуға К.Д.Ушинскийдің мына қағидасы негіз бола
алады: "тәрбиелей отырып оқыту — дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын,
ойын, есін, қиялын дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне
дайындау". Бұл көзқарасты кезінде ғалым И.Ф.Гербарт: "Оқыту — адамгершілік
тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал", — деп тұжырымдаған болатын.
Ендеше, педагог-ғалымдардың тәрбиелей отырып оқыту жөнінде пікірлеріне
сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады.
Тәрбиелей отырып оқыту ғылыми білімнің оқушы сеніміне айналуын сипаттайды
және олардың сезімдерін оятып, мінез-құлықтарына ықпал етеді. Сөйтіп тәрбие
мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім
алу процестеріне ұласады. Өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғанып өзіндік
көзқарасының қалыптасуына, өзгемен санаса білуіне ықпал етеді. Сөйтіп жеке
тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің саны арта түседі. Мысалы,
бастауыш сынып жасындағы бала өзінің бойындағы қасиеттеріне, мінез-
құлқындағы ерекшеліктеріне сын көзбен қарап, олардың жағымсыз жағын
болдырмауға тырысады. Жақсыға құмар, өзгеге еліктегіш, тілалғыш, сезімтал
және батыл болғысы келеді. Бастауыш сынып оқушысының мұндай әрекетін ғалым
Р.Қоянбаев: "...олардың өзін-өзі өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген
алғашқы ынтасы", — деп түсіндіреді.
Жалпы ана тілі сабағының мазмұны білімнің тәрбиелік сипатымен
айқындалады. Мәтінді талдау кезінде оның құрылымы мен мазмұны жеке тұлғаның
рухани дүниесін бойлайтындай, сөйтіп, оның өзіндік пікірін туғызатындай
деңгейде ұйымдастырылғаңда ғана жеке тұлғаның рухани-адамгершілігінің
дамуына мүмкіндік туады. Мәтінді талдауға дайындық процесінің өзі білімнің
негізі тәрбиеде жатқандығын аңғартады.
Тәжірибе жүргізу барысыңдағы оқыту процесіңде оқушы назарын оқу
мазмұнының тәрбиелік сипатына аудара отырып, оқу материалынан қажеттісін
өзі іздейтіндей жағдай туғызылды. Онда мынадай әрекеттер жүзеге асырылды:
а) оқушының көңіл-күйін бір арнаға келтіру;
ә) оқушыны сабақ мазмұнынан хабардар ете отырып, оған белсене қатысуға
ынталандыру. Мысалы, "Кәрі қыстың қаһары" (2-сыныпта) тақырыбын өткенде
дайындық кезеңінен бастап, үнтаспа арқылы қысқы боран дыбысын тындаттық.
Дыбыс ерекшелігін ажыратып, қысқы боранды суреттеууіе жетелейтін мынадай
сұрақтарға жауап алынды: "Қандай желдің дыбысын естіп отырсыңдар?", "Қай
кездегі жел деп ойлайсындар?", "Желдің дыбысынан қыстың қандай екенінін
сезіп отырсындар ма?" және т.б. Нәтижесінде сабақтың дайындық кезеңіңде-ақ
мәтін мазмұнын оқушылар өздері әңгімелеуге кірісіп кетеді.
Оқьпу процесінің өзіне тән ерекшеліктері де бар. Біріншіден, оқыту
процесі — тәрбие процесіне қарағанда неғұрлым оңай басқарылатын, тез іске
асырылатын, нәтижесі жылдам көрінетін процесс. Сондықтан да соңғы
уақыттарда оқытудың білімдік жағына көп көңіл бөлініп, оқушыны білім
қорымен ғана қамтамасыз етуге баса назар аударылып келеді. Екіншіден,
сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекетіне сыртқы
факторлар әсер етпейді. Яғни белгіленген білім көлемінің толық игерілуіне
мүмкіңдік болады.
Ал тәрбие процесінде алға қойған максаттарды, тәрбиелеу шараларын тез
іске асыру, тексеру мен нәтижесін анықтау, өлшеу мүмкін емес.
Әрі тәрбие процесіне сыртқы факторлардың елеулі әсері де бар. Сондықтан
да оқыту процесінің тәрбиелік ықпалын анықтау, жеке тұлғаның рухани-
адамгершілік қасиеттерінің дамуы мен қалыптасуына бақылау жасау жан-жақты
зерттеумен қатар, ұзақ мерзімді бақылауды қажет етеді.
Оқытудың тәрбиемен бірлігі білім беру мен дамытудың өзара байланыс
заңдылығына сәйкес. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму
процестерімен тығыз байланысты. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша оқыту
дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының "ең таяу зонасын" жасайды.
Баланы ізденуге талпындырады. "Ең таяу даму зонасы" одан әрі "актуальды
даму зонасына" көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз
бетімен орыңдайды. Сөйтіп, оқушының жеке тұлға ретінде өзіндік бағыты
қалыптаса бастайды.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке тұлғаның таным қабілетін
мақсатқа сәйкес жетілдіреді және ішкі мүмкіндіктерін жарыққа шығарады.
Демек, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта отырып оқыту — бұл
оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ішкі сезімдеріне
әсер ету арқылы таным іс-әрекеттерін барынша дамыту. Сонымен қатар өзін
өзгемен салыстыра отырып, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны
қабілетіне қарай еркін игеруге үйрету, өзін-өзі тәрбиелеуге басшылық жасау.
Оқытуды оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке
тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуға бағыттау жоғарыда айтылғандай, ең
алдымен, оқыту мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттар мен оқу-әдістемелік
кешендерді дайыңдағанда басты назарда болуға тиіс.
Бастауыш сыныптағы ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін
дамыта оқытудың білім беру мен даму зандылығына сәйкестігі тек шығармашылық
ізденістер арқылы жүзеге асырылды. Себебі, табиғат, қоғам құбылыстарында,
жеке адамның ақыл арнасыңда, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде — бәрінде
шығармашылықтың табиғи процесі үздіксіз жүріп жататыны педагогикалық
әдебиеттерден белгілі. Оңда ол процесс белгілі бір заңдылықтармен, табиғи
жүйемен дамиды. Табиғат ішкі шығармашылық процестерді өзі басқарады. Біздің
тілге тиек ететін құбылысымыз — табиғи шығармашылық процестердің үздіксіз
дамуына себепкер болатын сыртқы факторлар. Сыртқы факторларды ішкі табиғи
мүмкіндіктерді ескере отырып реттеу, жүйелеу, басқару жеке адамның ой-
санасына, қызметіне байланысты.
Сыртқы факторларға ең алдымен, мұғалімнің жеке тұлғаның дамуына ықпал
ететін түрлі бағыттағы қызметі, сондай-ақ құрбылары мен қатарлас
сыныптастарының ықпалы, ата-анасының тәлім-тәрбиесі жатады. Мұнда мұғалім
мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың — олардың мақсаты бір педагогикалық
мәселелерді шешу кезіндегі сөз, қимыл-қозғалыс, ым арқылы бір-бірімен
түсінісуі сияқты әрекеттердің мәні зор. Сөз — қарым-қатынастың дыбыстық
жағы, ал қимыл-қозғалыс, ым — қарым-қатынастың үнсіз өту барысы. Бұлардан
басқа қарым-қатынастың іштей сөйлеуге байланысты көрінбейтін жағы да
болады. Ол — ішкі жан дүниеге, әсіресе, сезімге, көңіл-күйге байланысты
болатын қарым-қатынас.
Мұғалім мен оқушының сезімдік қарым-қатынасының да жеке тұлғаның рухани-
адамгершілігінің дамуында ерекше мәні бар. Оқушылардың көңіл күйіне қарай
ұйымдастырылған сабақта ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Р.И.Лемберг
оқушының мектептегі өзіндік және ерікті іс-әрекетінің басталуы туралы
түсініктің байланысын: "Ішкі сезімнің қозғауымен өз еркімен басталған іс-
әрекет әрқашан элементтердің қорытындысы болып табылады. Ал өзіңдік іс-
өрекетіңде ішкі импульс, яғни еріктілік элементі болмаса, өзіндіктің
негізгі сапасын, құлшынысын, өзін-өзі тексеруге, нәтіжесін көруге ынтасын
жояды", — деп дәлелдейді. Өйткені көңіл күйдің үйлесімділігі іс-әрекеттің
нәтижелі болуының себепшісі.
Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын орнатып,
үйлесімділікке қол жеткізуде Ш.Амонашвилидің мұғалімдерге берген кеңесін
басшылыққа алуға болады. Ол: "педагогикалық процесте баламен тіл таба білу,
яғни балаға өз ойын, талғамын, көңілдегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден
көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы
ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи
дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер-қуатының жемісін көруге
мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім
шығармашылығымен ұласып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда
болады", — дейді.
Оның бір ұшы оқушымен қарым-қатынастағы өзара құрмет көрсету әрекетіне
келіп тіреледі. Ол турасында: "Менің педагогикалық тәжірибемнің мазмұнын
қысқаша түрде қалай анықтауға болады деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz