Денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ1

1 БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ3

1. 1 Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіндегі орны3

1. 2 Денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызы10

1. 3 Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы, қағидалары мен атқаратын қызметі16

2 БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ23

2. 1 Қазақстандағы білім беру жүйесінің бағытын талдау және бағалау23

2. 2 Халық денсаулығының негізін құрайтын көрсеткіштер жүйесін талдау29

2. 3 Халықты әлеуметтік қорғау бағдарламалардың қамтылуы мен әсері, олардың тиімділігін бағалау43

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ53

3. 1 Білім беру саласындағы мемлекеттің саясатын жүзеге асырудағы іс-шаралардың тиімділігін жетілдіру53

3. 2 Әлеуметтік аурулардың алдын алуды, диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру60

3. 3 Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары69

ҚОРЫТЫНДЫ75

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР77

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан- 2030 стратегиясында халықтың жаппай білім алуы, денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың білімді, өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін, халықты әлеуметтік қорғау үшін күш салу керек» деп айтылған [1] .

Мемлекеттік саясат - бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын толығымен, сондай-ақ оны құраушы класстарды, деңгейлерді (қабаттардың), әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік професионалды топтарды, әлеуметтік бірлестіктерді (жанұялар, халықтар, қала, аудан, аймақ тұрғындары) өзгерту және сақтау мақсатындағы әлеуметтік топтардың өзара арақатынасы. Оның басты нысаны - халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы болып келеді. Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік коллективтер көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты, әлеуметтік - саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты, әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады. Әлеуметтік жұмыс субъектілері қоғамның қатысуымен мемлекет саясатының мақсатын, міндетін анықтайды және оны жүзеге асыруға қатысады. Бұл мемлекеттік саясаттың обьектілері қоғамның әлеуметтік және әлеуметтік еңбек саласында кездеседі.

Оның негізгі көрсеткіштеріне:

-көпшіліктің білім алуы

-денсаулығы

-халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік тұрақтылық жатады.

Мемлекеттік саясат - бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық - насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты - тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі. Нарықтық экономика механизмдерін қалыптастыру мәселелерінің арасында халыққа білім беру, денсаулығын сақтау әлеуметтік қорғаудың сенімді және тиімді жүйесін жасау шаралары аса маңызды орындардың бірінде тұр, өйткені әлеметтік “беріктік” резервінің шексіз болуы мүмкін емес.

Нарыққа өту жағдайларында халықтың білімі, денсаулығы, әлеуметтік қорғалуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс қабылданған әлеуметтік саясат - тұрақтылықтың кепілі, ал саясат негізінде әлеуметтік қорғау жүйесі жатыр. Егер елде әлеуметтік тұрақтылық болмаса, халық өз тұрмысына риза болмай жиі-жиі ереуілденіп тұратын болса, сөйтіп әлеуметтік сілкіністердің еліне айналатын болса, басқа мәселелердің барлығы бос әңгіме болып қалмақ. Сондықтан Елбасының соңғы жолдауында Қазақстан жолының жаңа кезеңі - экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу-өмірлік маңызды нәрсеекендігі аталып көрсетілді. Бүгінгі әлемде бұл - әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыттарын. айқындап берді [2] . Сондықтанда халыққа білім беру, денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын зерттеу бітіру жұмысының өзектілігін құрайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттің білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы жүргізіп отырған саясатының қалыптасуын, оны жүзеге асырудағы бағыт-бағдарламаларын талдау және іс-шараларды жүзеге асыруды жетілдіруге арналған ұсыныстар беру. Осы мақсаттан төмендегідей міндеттер орындалуы тиіс:

  • Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;
  • Денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызын көрсету;
  • Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы, қағидалары мен атқаратын қызметін нақтылау
  • Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғауға арналған мемлекет саясатының жүзеге асырылу бағыттарын талдау;

Зерттеу жұмысының нысанасы - мемлекеттің білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы қызмет жүйесі және оларды талдау.

Зерттеу жұмысының пәні - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы мемлекет саясатын жүзеге асырудағы бағдарламалар.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі бөлімде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің саясатының қалыптасуына, іске асуына және атқарылатын шараларды жетілдіруге байланысты ұсыныстар беріледі. Қорытынды бөлімде негізгі айтылған тұжырымдар мен ұсыныстар келтіріледі.

1 БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіндегі орны

Мемлекеттік саясат - (social polity) таным-білім ортасы, экономикалық, саяси әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік сараптаманың амалын қарастырады.

Мемлекеттік саясат-бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын толығымен, сондай-ақ оны құраушы класстарды, деңгейлерді (қабаттардың), әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік професионалды топтарды, әлеуметтік бірлестіктерді (жанұялар, халықтар, қала, аудан, аймақ тұрғындары) өзгерту және сақтау мақсатындағы әлеуметтік топтардың өзара арақатынасы. Мемлекеттік саясаттың басты нысаны - халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы болып келеді. Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік коллективтер көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады. Әлеуметтік жұмыс субъектілері қоғамның қатысуымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының мақсатын, міндетін анықтайды және оны жүзеге асыруға қатысады. Бұл контексте әлеуметтік саясаттың обьектілері қоғамның әлеуметтік және әлеуметтік еңбек саласында кездеседі. Оның негізгі көрсеткіштеріне -

  • көпшіліктің білім алуы
  • денсаулығы жағдайы
  • әлеуметтік топтардың қарым - қатынасының конструктивтілігі және әлеуметтік тұрақтылық жатады.

Білім беру жүйесінің адам даму индексіне әсері “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында (2007 жылы 27 шілдеде қабылданды) білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр [3] .
Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси - экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық - коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар үрдістерін айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (2012 жылы 27 қаңтардағы) «Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.
Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» екендігін атап көрсетіп, үкіметтің алдына білім беруге байланысты жаңа міндеттер мен тапсырмалар қойды [2] . Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

-компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі-ні, электрондық және телекоммунациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру;

-Ақпараттық мәдениет дегеніміз - тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін, анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін т. с. с дұрыс пайдалана білу деген сөз.

ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс - жүзіндік білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені даусыз. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Психологиялық зерттеудің негізгі бағытының бірі-компьютермен жұмыс істеушінің психологиялық ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік беретін арнайы әдістемені қолдану.

Оған мыналар кіреді:
- психодиагностикалық ақпартты жинау;

- адам туралы жалпы емес, оның нақты бір ерекшелігі мен қасиеті туралы ақпараттыалу;

-салыстыру мүмкіндіктерін беретін адамның психологиялық ерекшеліктерін көрсету;

- алынған ақпаратты іс - жүзіндік және диагностикалық мақсаттарға қолдану.
Психодиагностикалық зерттеу барысында компьютерлендірудің мүмкіндігін ескере отырып, психодиагностикалық әдістеменің мынадай түрлерін көрсетуге болады:

- психофизиологиялық тесттер;

- стандартталған өзіндік есептер ( тесттер, ашық сұрақ кітабы, шкалалау әдістемесі ) ;

- проективтік техникалар;

- диагностикалық техникалар.

Компьютерлік оқытуға өтудің психологиялық негіздерін дамыту қажет, себебі, компьютерлендіру кезінде пайда болатын әдістемелік мәселелердің бірі. Компьютерлендіру - қоғамдық практиканың саласы, онда психологиялық білімнің кең қолданылуы керек және білімге қажеттілік өсуі тиіс, себебі, оған әлеуметтік - психологиялық, педагогикалық, педагогикалық позиция тарапынан қорғауға болады. Оқушының ақпараттық ортамен қарым - қатынасы осы орта - дан қажет білімді алуына тікелей байланысты.

Білім адамзат дамуының маңызды факторы болып табылады, ол тұлғаның зерделі және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру және дамыту үшін қызмет атқарады. Білім адам әлеуеті дамуының базалық мүмкіндіктерінің бірі болып табылады, оны іске асыру қоғамның одан әрі ілгері дамуын қамтамасыз етеді. Білімділік 15 жастағы және одан жоғары сауатты халықтың үлесімен, сондай-ақ халықтың оқытумен қамтылу көрсеткішімен бағаланады. Сауаттылық - адамның күнделікті өміріне қатысты шағын мәтінді оқу, түсіну және жазу қабілеттілігі. Сауаттылық дамушы елдер үшін білімділіктің ең маңызды көрсеткіші болып табылады, сондықтан АДИ-ді есептеу кезінде оған оқытумен қамту көрсеткішіне қарағанда екі есе көп салмақ қосылады. 1995 жылға дейін адамның дамуы туралы дүниежүзілік баяндамаларда оқыту мен қамту көрсеткішінің орнына 25 жастағы және одан жоғары адамдар үшін есептелетін оқудың орташа ұзақтығы көрсеткіші пайдаланылды. Алайда бұдан былайғы 1995 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада нөміріне және т. б. қатысу үшін қажетті ресурстарға қол жеткізуді білдіреді. Адам дамуының осы үш компоненті үшін іс жүзінде әлемнің барлық елдеріне арналған тұрақты есептелетін және салыстырмалы көрсеткіштердің жүйесі ұсынылды. Бұл ретте базалық көрсеткіштердің сандық мәндері адам дамуының белгілі бір аспектісінде таңдау мүмкіндігін кеңейту туралы айтады. БҰҰ ДБ ұсынған гендерлік факторды есепке алу арқылы индекстерді есептеу әдістемесі бойынша Қазақстанда жалпы, білім алу мүмкіндігі жөнінде жыныс өкілдері өзара тең. Жүйе ретінде білім - бұл өзара ұштасқан білімдену бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының жиынтығы əрі оларды іске асырушы білім мекемелері мен білімді басқару органдарының торабы. Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған «Білім туралы заңына» сəйкес құрылады. Бұл Заң білім саласындағы келесідей мемлекеттік саясат принциптерін белгілеп берді. Олар:

-білімнің адамилық (гуманистік) сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен салауаттылығының, тұлғаның еркін дамуы, азаматтық сезім жəне Отанға деген сүйіспеншілік тəрбиесінің басымдылығы принципі;

- аймақтық мəдени жəне білім кеңістіктерінің бірлігі, білім жүйесі арқылы көп ұлтты мемлекет жағдайында ұлттық мəдени құрылымдар мен аймақтық мəдени салт-дəстүрді қорғау принципі;

- жалпы халықтың білімге теңдей қол жеткізе алуы, білім жүйесін оқушы-тəрбиеленушілердің даму деңгейлері мен ерекшеліктері жəне дайындығына икемдестіру принципі;

- мемлекеттік, жеке меншік білім мекемелеріндегі оқудың зайырлылық (светский) сипаты;

- білім жүйесіндегі еркіндік пен əрқилы пікірлер сиыстығы (плюрализм) принципі;

- білім басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты, білім мекемелерінің дербестігі принципі. Заң өзіндік сипаттарымен, əсіресе, деңгейі жəне кəсіби бағыттарымен ажыралатын білім мекемелерінің құрылымын анықтап береді. Қазіргі қалыптасып жатқан білім жүйесінде білім мекемелерінің төменде көрсетілген типтері белгіленген: - мектепке дейінгі: ясли, бала бақшалар;

- жалпы білімдік (бастауыш, жалпы, негізгі жалпы, орта(толық) жалпы білім: мектептер, гимназиялар, лицейлер, т. б.

Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол - мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы - үлкен ұлттық мәні бар міндет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге “қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет” екенін атап көрсеткен болатын. Біздің мемлекеттің жақын 10 жылдағы стратегиялық міндеті - елімізді мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосу. Бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына енуді жаһандық бәсекелестікке бейімділік индексінің негізінде бүкіл экономикалық форумның (ИТК) рейтингі бойынша анықтайды. Индекстің 10 көрсеткішінің екі көрсеткіші елдегі білім берудің дамуы мен сапасына қатысты [4] .

Педагогикалық мағынада-білім беру өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік, рухани азаматтық талғам жасауға және осы талғам үшін жауапкершілікке, қазіргі әлем ұлттық ұқсастығын және жаһандық проблемаларын мойындауға, өз кәсібін және өзінің тиісті қызметін өзі анықтауға үйрету. Өйткені, мұның бәрі өзгермелі өмірде өзінің орнын табуға және елдің өркендеуі мақсатында болатыны сөзсіз. Әлеуметтік тұрғыдан - бұл әлеуметтік ең мәнді игіліктердің бірі, ұлттық адам капиталын өсірудің іргетасы және негізгі құралы.

Әлеуметтік-саяси мағынада - бұл азаматтық құндылықтар мен азаматтық сананы, азаматтық және демократиялық қоғамды жасау мен қалыптастырудың бірден-бір құралы. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан - бұл елдің экономикалық өсуінің, оның байлығы мен бәсекелестік қабілетінің қайнар бұлағы және негізгі ресурсы.

Өркениеттік мағынада - мәдениеттер мен өркениеттер жалғастығының негізі, бүгінде қоғамның жаңа қалыпқа - “білім қоғамына” және оған сәйкес “білім экономикасына” өтуді қамтамасыз ететін алтын көпір. Осы себепті бүкіл әлемдік өркениетте экономикалық прогресс пен әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа ұмтылатын мемлекет пен қоғам білімнің дамуына мүдделі болып қана қоймай, онда өздерінің тұрақты қатысуына мүдделі. Бұл елдердегі білім саясаты әлеуметтік саясаттың тек ажырамайтын бөлігі болып қалмай, оның базалық негізін құрайды.

Білім саясатының негізгі мағынасы - ұлттық білім берудегі әлеуметтік идеология мен әлеуметтік басымдықтарды жасау және іске асыру.
Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде білімнің рөлі елдің демократиялық қоғамға, құқықтық мемлекетке, нарықтық экономикаға өту міндеттерімен, таяудағы он жылда Қазақстанның бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы міндеттерімен анықталады.

Жеке тұлға қажеттері мен мүмкіндіктерін ескеруге орай əрқилы білім алу формалары: оқу орнында (күндізгі, күндізгі-сырттай (кешкі), сырттай оқу формалары), отбасылық оқу формасында, өзіндік оқу, экстерін оқуы. ҚР «Білім туралы Заңына» орай білім жүйесіне оқу мекемелері мен олардың іске асырып баруы тиіс білімдік бағдарламалар жəне стандарттар кіреді. Бағдарламалар қажетті деңгейдегі жəне бағыттағы білім мазмұнын анықтайды.

Қазақстан Республикасында жалпы білімдік (негізгі жəне қосымша) жəне кəсіптік (негізгі жəне қосымша) болып ажыралған жалпы білім бағдарламалары бойынша оқу, білім процестері жүргізіледі. Жалпы білімдік бағдарламалардың міндеті тұлғаның жалпы мəдениетін қалыптастыру, жеке адамды қоғам өміріне бейімдеу, кəсіби білім бағдарламаларын саналы таңдау мен игеру негіздерін қалау. Кəсіби білім бағдарламалары кəсіби жəне жалпы білімдік деңгейлерді бірізді көтеру міндеттерін іске асыруға, белгілі талаптарға сəйкес мамандар дайындауға бағытталады. Осы заманғы білім жүйесінің аса бір көзге түсетін ерекшелігі -білім жүйесін басқарудың мемлекеттік формасының мемлекеттік - қоғамдық формаға біртіндеп ауысуы, мұндай басқарымның мəні- білім проблемасын мемлекет пен қоғам мүдделерін үйлестіре жасау үшін осы екі жүйенің бірлікті күш- қуат жұмсау қажеттігі.

Білімнің мемлекеттік сипатын елде ҚР «Білім туралы Заңына» сай жүріп жатқан білім саласындағы біртекті мемлекеттік саясат айқындайды. Оның ұйымдасу негізі- нақты уақытқа арналған жоғары заң шығарушы билік қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

Бағдарлама мазмұны, бір жағынан, мемлекеттік саясаттың жалпы принциптерімен анықталса, екінші жағынан, замандық бағыт-бағдар жəне болашақ даму жағдайларын ескерумен білім жүйесіне жасалатын объектив талдаулар нəтижелерімен белгіленеді.

Білім кеңістігінде мемлекет саясатын бірізді асырып бару үшін мемлекеттің білім басқару- республикалық, облыстық, аудандық - органдары түзіледі. Елдегі басқару құрылымдары- білім жəне ғылым министрлігі, облыстық оқу департаменттері жəне аудандық оқу бөлімдеріне бөлінген. Жалпы білімдік бағдарламалардың міндеті тұлғаның жалпы мəдениетін қалыптастыру, жеке адамды қоғам өміріне бейімдеу, кəсіби білім бағдарламаларын саналы таңдау мен игеру негіздерін қалау. Кəсіби білім бағдарламалары кəсіби жəне жалпы білімдік деңгейлерді бірізді көтеру міндеттерін іске асыруға, белгілі талаптарға сəйкес мамандар дайындауға бағытталады. Бүгінгі таңда білімді басқару жүйесі бір орталыққа тəуелділігінен босатылған, яғни республикалық органдар дамудың стратегиялық бағыттарын береді де, ал жергілікті мекемелер нақты ұйымдастыру, қаржылық, мамандар жəне материалдық қамтамасыз ету мəселелерін шешеді.

Мемлекеттік басқару көздерімен бірқатар мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының өкілдері, ата-аналар мен əлеумет белсенділерінен жасақталған қоғамдық басқару органдары да жұмыс алып барады. Қазақстандағы оқу орындарының санын 5-кестеден жылдан жылға артып жатқандығын байқаймыз.

1-кесте - Қазақстандағы білім беру орындарының саны

2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
: Білім беру
2002:
2003:
2004:
2005:
2006:
2007:
2008:
2009:
2010:
: Мектепке дейінгі мекемелердің саны
2002: 1 103
2003: 1 095
2004: 1 106
2005: 1 120
2006: 1179
2007: 1327
2008: 1500
2009: 1692
2010: 1852
: Мектепке дейінгі мекемелердегі балалар-дың орындарды тол-тыруы (100 орындарға балалардың саны
2002: 86
2003: 90
2004: 95
2005: 99
2006: 103
2007: 105
2008: 108
2009: 107
2010: 106
: Мектептер саны
2002: 8 456
2003: 8 381
2004: 8 320
2005: 8221
2006: 8157
2007: 8055
2008: 7958
2009: 7859
2010: 7811
:

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар-дың саны (оқу жылының

басына, мың адам)

2002: 3109, 6
2003: 3139, 5
2004: 3071, 7
2005: 2935, 9
2006: 2824, 6
2007: 2715, 9
2008: 2726, 3
2009: 2526, 6
2010: 2534, 0
: Оқу орындарының саны
2002: 318
2003: 335
2004: 357
2005: 385
2006: 415
2007: 442
2008: 460
2009: 471
2010: 481
: Халықтың 10 000 адамына шаққанда оқу орындардағы студенттердің Саны
2002: 132
2003: 142
2004: 168
2005: 225
2006: 261
2007: 294
2008: 321
2009: 320
2010: 309
: Дереккөз: ҚР Cтатистика агентігінің материалдарынан, Астана, 2009 ж

Сонымен білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзіретін және адамгершілік ақыл-ой мәдени дамуының жоғары днңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру үдерісі халқымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Республикада «Білім туралы» Заңды жүзеге асырудың маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбиеісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

1. 2 Денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызы

Кез келген елдің болашағы - оның халқының денсаулығына байланысты екендігі - дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз - салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасысының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы денсаулық тақырыбы
ҚР-ғы әлеуметтік саясат
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі көрсеткіштерінің жағдайын талдау
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары
Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы. (1991-2006ж.ж)
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар
Қазақстанның әлеуметтік жағдайы және кедейшілік деңгейін талдау
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заң.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz