Жергілікті билік органдары


ЖОСПАР
Кіріспе3
1. Діни қатынастар саласы және мемлекеттік биліктің теориялық негізідері6
1. 1 Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік билік және жергілікті өзін- өзі басқарудың қоғамда алатын орны6
1. 2 Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің өзара байланысы15
1. 3 Жергілікті өзін-өзі басқаруға саласына әсер етуші діни факторлар22
2. «Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ. ҚР - ғы жергілікті өзін - өзі басқарудағы діни мәселелерді шешу26
2. 1 «Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ атқаратын негізгі қызметтері және діни қатынастар мәселелері26
2. 2 ҚР - дағы жергілікті өзін - өзі басқарудағы діни қатынастардың ахуалы28
2. 3 ҚР - дағы діни бірлестіктердің негізгі көрсеткіштерін талдау38
3. ҚР діни қатынастары және мемлекеттік басқарудың механизмін жетілдіру жолдары42
3. 1ҚР-ң діни қатынас саласындағы мемлекеттік биліктің даму перспективалары42
3. 2Қазіргі таңдағы діни қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің көріністері47
3. 3 ҚР- дағы діни проблемалардың алдын алу шаралары52
Қорытынды56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:58
Қосымша 160
Қосымша 261
Қосымша 363
Қосымша 463
Кіріспе
Қазақстан Республикасы демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет, оның басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы. Республика қызметінің негізін қалаушы принциптер мыналар: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылығы бар халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, Парламентте немесе Республикалық референдумда дауыс беру арқылы мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешу. Республикадағы Мемлекеттік билік ортақ, Конституция және заңдар негізінде оның заңнамалық, орындаушылық және сот тармақтарының бөліну принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекет пен діни бірлестіктер арасында тығыз қарым-қатынас орнағанын, жылдан-жылға діннің қоғамдағы орны, рөлі артып келе жатыр. Бүгінгі күні жалпы елімізде 4, 5 мыңнан астам діни бірлестік жұмыс істеп тұр. Діни ғибадатханалар саны - 3, 3 мың.
Елімізде дінаралық келісім мен татулықты нығайту мақсатында әлемге үлгі болатындай істер атқарылып келеді. Бұл орайда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада өткізіліп жүрген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерін айтсақ та жеткілікті.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ҚР-дағы діни қатынастар және мемлекеттік биліктің теориялық негізі мен қызметін талдау және жергілікті өзін-өзі басқарудағы діни қатынас саласының ерекшелігін қарастыру. Мемлекеттік билік және діни қатынастағы жергілікті өзін-өзі басқару проблемалары және оларды шешу туралы сөз болмақ.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Ә. Дербісәлі «Ислам және заман», Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газет, ғылыми-сараптамалық журнал «Қоғам және дәуір», халықаралық ғылыми журнал «Қазақстанның ғылыми әлемі» және т. б.
Дипломдық зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеті. «Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыру» атты диплом тақырыпты жазу барысында, мемлекеттiк билік органдармен азаматтардың өзара қарым-қатынастарда мүддесiнің көрсетілуі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметтiң актiлерi. Сонымен қатар діни қатынастар проблемаларын шешуге қатысты ұсыныстар ұсынылады және де аталған мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланады.
Бұл мақсатқа сай, дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттер қойылады:
-Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғамда алатын орны;
-Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің өзара байланысы;
-Жергілікті өзін-өзі басқаруға саласына әсер етуші діни факторларды реттеу;
-ҚР - дағы жергілікті өзін - өзі басқарудағы діни қатынастардың ахуалы;
-ҚР - дағы діни бірлестіктердің негізгі көрсеткіштерін талдау;
-ҚР-ң діни қатынас саласындағы мемлекеттік биліктің даму перспективалары;
-ҚР- дағы діни экстремизмнің алдын алу шаралары мен ұсыныстар.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста жергiлiктi өзін-өзі басқарудағы діни қатынас саясатын жүргізу («Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ негізінде), оны дамыту мақсатында жүзеге асатын қажетті іс-шаралар нәтижелілігін байқаймыз. Мұнда мемлекеттік биліктегі діни қатынас саласымен жәнеде «Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ жақын танысуға мүмкіндік берілген.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде, шетелдік тәжірбиеге және отандық ғылымдардың мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқарудағы діни қатынас саласы бойынша еңбектері, идеялары мен тұжырымдамалары алынды.
Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқарудың заңдық нормативтік актілері, «Діни қызмет және діни бірлестіктер тіралы» заң, электронды үкіметті дамыту бағдарламалары және республикадағы мерзімді баспа материалдары пайдаланылды.
Жұмыстың қолданбалы құндылығы . Дипломдық зерттеу жұмысын жоғары және орта оқу орындарында тақырыпқа қатысты пәндерге қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың мақұлдануы . Дипломдық зерттеу жұмысы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетінде орындалды. Бұл дипломдық жұмыс «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының 2012 жылдың мамыр айындағы мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыс көлемі 60 бет. Сонымен қатар, дипломдық зерттеу жұмысында 3 кесте, 3 сурет және 4 қосымша бейнеленіп отыр.
1. Діни қатынастар саласы және мемлекеттік биліктің теориялық негізідері
1. 1 Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік билік және жергілікті өзін- өзі басқарудың қоғамда алатын орны
Мемлекеттің пайда болуы туралы этнография жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Осындағы мәліметтердің бірі: Діни теория -мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді. Нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарына -абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін айтады. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі - Фома Аквинский [4] .
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
-ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді жəне қандық туыстыққа негізделді;
-тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;
-бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, əскербасылары жəне т. б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мəселелерін шешіп отырды.
Мемлекет - бұл арнайы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын əлеуметтік билікке анықтама беріп алу қажет. Əлеуметтік билік - бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың билік құрушылардың еркі мен əрекеттері басқа тұлғалардың бағынушылардың - еркі мен əрекеттеріне үстемдік құрады. Əлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дəрежеде тұрақты адамдар тобына - руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға жəне т. б. тəн.
Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мəжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік жəне бағынушылық сипаттағы бұқаралық саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді жəне өз қызметінде бұқаралық негізге - қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.
2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді жəне олар арқылы жүзеге асырылады.
3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.
4. Егеменді билік-ол кез-келген биліктен дербес жəне тəуелсіз.
5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді жəне қоғамдық тануды иеленген.
Кесте 1. Мемлекет терминінің ұғымы және мемлекет белгілері
Е с к е р т у: Мемлекет ұғымының негізгі түсінігі және мемлекет белгілерінің жіктелуі
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде мемлекеттік билікте жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай төмендегідей болып бөлінеді:
- заң шығарушы;
- атқарушы;
- сот билігі.
Билік объектісі мен субъектісінің қарым - қатынасына қарай:
- авторитарлық;
- тоталитарлық;
- демократиялық болып бөлінеді.
Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:
- жалпы биліктің бүкіл қоғамға жүруі;
- жария-саяси сипатта жүруі;
- мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы [26] .
Қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік - экономикалық дамудың ғылыми негізделген мақсаттарына қол жеткізудің қарастырылып отырған құралдар құрамында халық шаруашылықтық басымдықтарды дәл осындай ғылыми негіздеу қажетті орнын алмағандығын ерекше атап өтукерек. Бұл құралдың басқалардан қағидалы түрдегі ерекшелігіне көңіл аударатын болсақ: ол экономика дамуының мақсаты мен оны мемлекеттік реттеу арасында аралық жағдайды қамтиды. Осы тұста мақсатқа экономикалық басымдылықтар бағынышты сипат алады және оның мәнісін білдіреді, ал мемлекеттік реттеуге қатысты - бастапқы орында болады. Бұл реттеудің көптеген механизмдері, алдын ала белгілі экономикалық басымдықтарды қамтамасыз ету арқылы мақсатқа жетуге қызмет ететіндігін білдіреді. Осылайша жоғары айтылғандарды негізге ала отырып, мемлекеттік реттеудің бастапқы қалпымен оның негізгі бағыттарын бейнелейтін келесі кестені ұсынуға болады (Қосымша 1 қараңыз) .
Бұл қосымшадағы үзік сызықтар арқылы қосылған бөліктер өзара тығыз байланыстылықты білдіреді. Егер микроэкономика макроэкономиканың негізін қаласа, ал макроэкономикалық мәселелерді мемлекеттік реттеу, нарықтық реттеу механизмдерін тиімді қолдану үшін тиісті жағдайлар жасайды.
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т. б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады. Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер - мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттін міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер - тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер - мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:
- заңдылык;
- патриотизм, отан сүйгіштік сезім, іс-әрекет;
- мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына
бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;
- мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы;
- бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;
- жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі) ;
- азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;
- мемлекеттік қызметкерлердің өз ісіне маманданғандығы мен біліктілігі
және кәсіби мығымдылығы (принципшілдігі) ;
- мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болатындығы және есеп беріп
тұратындығы;
- мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін адалдықпен, бастамашылдықпен атқарып, ерекше маңызды әрі күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін мадақталып көтермеленуі;
- бірдей жұмысқа тең еңбекакы алатындығы;
- бағынышты мемлекеттік қызметкерлер мен төменгі мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінің өздерінің өкілеттігі шеңберіндегі шешімдерін орындаудың міндеттілігі;
- мемлекеттік құпия больш табылатын немесе заңмен қорғалатын құпиядан
басқа, қоғамдық пікір мен жариялылыктың ескеріліп отыратындығы;
- мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан корғалатындығы;
- мемлекеттік қызметкерді қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе
көңілдегідей етіп орындамағаны үшін және өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке басы жауапты;
- мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін үздіксіз арттырып отыруы.
Мемлекеттік қызмет негізінен екі қызмет атқарады. Оларды төмендегі 2 кестеде толық көрсетілген.
Кесте 2. Мемлекеттік қызмет түрлері
Ес к е р т у: Мемлекеттік қызмет түрлерінің негізгі атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасы демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет, оның басты құндылығы адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы. Республика қызметінің негізін қалаушы принциптер мыналар: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бар халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, Парламентте немесе республикалық референдумда дауыс беру арқылы мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешу. Республикадағы Мемлекеттік билік ортақ, Конституция және заңдар негізінде, оның заңнамалық, орындаушылық және сот тармақтарының бөліну принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Қазақстан Республикасындағы биліктің заң шығарушы тармағы қос палаталы Парламент арқылы жүзеге асырылады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Қазақстан Үкіметін Конститутцияда көрсетілген тәртіп бойынша Республика Президенті құрады.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т. б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:
- Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге
бөлінеді:
1) Жоғары өкілдік орган - Парламент. Парламент - бірден -бір заң шығаратын орган.
- Жергілікті өкілдік органдар - облыстық, аудандық, қалалық
мәслихаттар.
2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент. президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
3. Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
8. Барлау, қарсы барлау органдары.
9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі - мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі - лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету қоғамның міндеті [7] .
Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:
-атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
-мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі ( 2 Қосымшаны қараңыз) :
1. Туынды тәсілдер бойынша:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура, т. б) . Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет) ;
б) Жергілікті (әкімшілік) ;
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет) ;
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер
органдары) .
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент) ;
б) Атқарушы(Әділет және т. б. министірліктері) ;
в) Сот органдары (соттар) ;
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалы органдар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Парламент, Үкімет және т. б. )
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитеттер) .
Саяси және мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері. Саяси биліктің ерекшеліктері:
-Ол - адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы ролі басым болады да, қоғам сол тап мүддесі тұрғысынан басқарылады.
-Қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық- саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі.
-Саяси биліктің ерекшелігі - арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы.
Мемлекеттік саяси режим - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режимнің түрлерінің жіктелуін төмендегі 3 кестеден көруге болады.
Кесте 3. Мемлекеттік саяси режим түрлері
Е с к е р т у: Мемлкеттік саяси режим түрлернің негізгі атқаратын қызметтері және жіктелуі
Саяси биліктің қасиеттерінің бірі - оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет - биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет - үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу. Саяси билік қоғамда көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады. Мемелекеттік билік саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері:
1) Ол белгілі бір территориясында ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік.
2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппатарына сүйенеді.
3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.
Жергілікті билік органдары. Әкімдік - Қазақстан атқарушы билігінің аймақтағы органы. Әкімдік басшысы әкім, ол республика Президенті мен Үкіметінің облыстағы өкілі боп саналады. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке Қазақстан премьер-министрінің ұсынысымен Президент тағайындайды.
Басқа әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері Қазақстан Президенті белгілеген тәртіп бойынша тағайындалады немесе сайланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz