Жаздық бидайдың ауыспалы егістігі орны


МАЗМҰНЫ
Кіріспе. 2
Әдебиетке шолу. 4
1. 1. Бидайдың жалпы сипаттамасы. 4
1. 2. Бидайдың морфо - биологиялық ерекшеліктері. 11
1. 3. Бидайдың агротехникасы. 16
1. 4. Бидайдың сорттары. 20
2 - тарау. Шаруашылыққа жалпы мәлімет. 22
2. 1. Шаруашылық ЖШС «Бектау» орналасқан жері. 22
2. 2. »Бектау» ЖШС топырақ - климат жағдайлары. 25
Метреологиялық жағдайлар. 26
Бидай егісінде арамшөптерге қарсы күрес. 27
Бидай егісінде ауруларға және зиянкестерге қарсы күрес. 29
Зиянкестер. 29
5. Жобаны экономикалық бағалау30
6. Еңбекті қорғау31
7. Қоршаған ортаны қорғау41
Қорытынды46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі48
Кіріспе.
Дүние жүзі егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында бірінші орынды бидай алады. Жер шары халқының жартысынан көбі негізінен бидаймен - нан, макарон, кондитер өнімдері тағы басқалармен қоректенеді. Аталған өнімдердің қоректілігі жоғары болып халық мұқтажын қанағаттандыру үшін оларды бағалы сапа көрсеткіштері мен қасиеттер болған абзал.
Астық өндірісі - ауыл шаруашылығының ірі саласы. Қазақстан астық өндіру жөнінде дүние жүзінде бесінші орында тұр. Егін шаруашылығының көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орында (Ресей мен Украинадан кейін) . Бірақ астық сапасы жағынан бірінші орын алады. Оған мен іс-сана өткізген жердегі «Бектау» ЖШС - нің қосар үлесі зор, себебі астық аспан ашық күн астында толық пісіп, дән ұлпасының мөлшері, шынылығы және басқа көрсеткіштері артып, сапасы жақсартады.
Дәнді дақылдар ең әуелі адамзаттың азық қоры болып табылады. Астық - жер шарындағы халықтың негізгі азық - түлігі. Сонымен қатар, дәнді дақылдар - өңдеу өнеркәсібінің шикізат қоры (сыра қайнату, сыра өндіру, крахмал т. б) .
Шаруашылықтың материалдық техникалық базасына тоқталатын болсақ, соңғы екі - үш жылда шаруашылыққа қажетті жаңа техникалармен толықтырылды. Айта кетер болсақ Джон-Дир фирмасының комбайндары, тракторлары және жегілетін кешенді агрегаттарымен өсімдік қорғайтын және астық артқыш тракторы қолданылуда. Сонымен қатар: Бюллер-Версетайл, МТЗ-82. 1 тракторлары; Саммерс тыңайтқыш шашатын құралы; Гигант 1000 култиваторы мен Моррис тырмасы; көпжылдық шөптерді шабатын өздігінен жүретін Мак-Дон, престейтін Вестерн және артатын Кун агрегаттары; және тасымалдайтын Кенверт (лизинг) машинасы. Шаруашылықтың техника және ауыл шаруашылық машиналармен қамтамасыз етілуі толық шаруашылықтың жаңа техникалармен толықтырылғанына көз жеткізуге болады. Шаруашылықта көп жұмыс жаңа техникалармен жүргізіліп келеді, себебі олар жанармай шығынын және уақытты үнемдейді. Бір мезгілде үш-төрт операцияны жүргізеді және алым ендері мен сиымдылықтары бұрынғы техникамен салыстырғанда жоғары, мысалы Джон-Дир фирмасының өсімдік қорғайтын машинасының алым ені 36 метр, комбайндарынікі 12 метр, Самермтің алым ені 24 метр, ал лизингке алынған тасмалдағыш Кенверт машинасының сиымдылығы 40 тоннаға дейін барады. Сондықтанда осы техникалар шаруашылық үшін тиімді әрі үнемді болып отыр.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Соңғы он жылда шаруашылық өнімдерінің көлемі 3 есеге дейін ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы - республика экономикасының басым бағыттарының бірі. Қазақстанның климат жағдайы мал шаруашылығын дамыту мен дәнді дақылдарды егуге мүмкіндік береді. 2009 жылы ауылшаруашылық өнімдеріне 330 миллиард теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылға қарағанда үш пайыз жоғары. Егіс алаңы алдыңғы жылға қарағанда 1, 6 миллионға артық, дәлірек айтқанда 21миллион 600мың гектарды құраған.
Дәстүрлі түрде ең көп өнім Қ останай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жиналды. Қазақстан жан басына шаққанда астық өндірісі мен ұн экспорты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 40-тан астам еліне бидайды экспортқа жібереді. Осы жылдар ішінде біздің негізгі мақсатымыз бағдарлы әлеуметтік экономика құру, азаматтардың экономикалық жағдайын көтеру болды. Бізге адам әлеуетін дамытудың тиімді үлесін қалыптастырып, өмір сапасының қазақстандық ұлт стандартының негізін қалауға қол жеткізу мүмкіндігі туды. [179] .
Агроөнеркәсіптік кешеннің алдында тұрған міндеттерінің маңыздыларының бірі халықтың қажеттілігіне сәйкес нарықты сапалы азық-түлік тауарларымен толтыру болып табылады. Қазақстандағы осы міндетті шешу негізінен егін шаруашылығын тиімді жұмыс істетуге байланысты. Оның даму деңгейі көп жағдайда республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылықта, оның азық-түліктік қауіпсіздігін белгілейді. Республикамызда ауыл шаруашылығын дамыту туралы бағдарлама қабылданып іс жүзіне асырғаннан кейін соңғы жылдары егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астықты мол өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Шаруашылықтың қазіргі мүмкіндіктерін ескеріп, осы жобада мен жаздық бидай егісін негізгі зиянкестерден қорғау шараларын дайындап ұсынбақпын, ал қарқынды технологияның бүкіл элементтері кейін, шаруашылықтың экономиялық жағдайы жақсарғанда толық игеріледі деген сенімдемін.
Жұмыстың мақсаты. Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ЖШС «Бектау»-да жаздық жұмсақ бидай егісін негізгі зиянкестерден қорғау шараларын қарастыру және болашақта оның қолдану жолдарын ұсыну.
Әдебиетке шолу.
1. 1. Бидайдың жалпы сипаттамасы.
Бидай -жер шары халқының басты азық- түлік дақылы. Бидай астығы мен оның өңделген өнімдері тамақтық және технологиялық қасиеттері жағынан басқа дәнді-дақылдардың ішінде ерекше орын алады. Бидайдың дәнінде клейковиналық (дән ұлпасы, уызы) белок түзу қабілеті ақ нан пісіруде, макарон жәнге басқа нан өнімдерін дайындауында оны үлкен маңызға ие етеді.
Бидай астығының сапасын жақсарту бірнеше бағытта жүргізілуде: өнім шығымы мен сапасына әсер ететін технологиялық процестерді жетілдіру; мол өнімді, әрі жоғары сапалы жаңа бидай сорттарын шығару және оларды өндіріске енгізу; осы заманғы өсіру технологияларын қолдану және т. б.
Ұн тарту және нан өнімдерін өндіру кәсіпорындарының өндірістік процестерін механикаландыру мен автоматтандыруды жетілдіру нәтижесінде астық сапасына осы талаптар қойылуда.
Жер шары халқының жартысынан астамы бидай өнімдерін күнделікті өмір тіршілігінде пайдаланады. Оның құрамында организмге қажетті заттардың көпшілігі бар.
Бидай дәнінде орта есепен 12-14 пайыз ақуыз (белок), 70 пайыз әртүрлі көмірсутектер (қант, крахмал, гемицеллюлоза және т. б), 2 пайыз шамасында май және сонша мөлшерде клетчатка мен минералды заттар болады. Бидай дәнінің қоректік сапасын анықтайтын негізгі заттар - ақуыз бен крахмал. Бидай нанының құрғақ затында 16-17 пайыз ақуыз (белок), 77-78 пайыз көмірсутегі және 1, 2-1, 5 пайыз май құрастырады. Астықтың, ұнның және нанның тағамдық құндылығы калориялығына, айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, лейцин, триптофан және т. б), дәрумендер (витаминдер В, С), ферменттер мен минералдық заттардын мөлшеріне байланысты.
Бір киллограм бидай нанында 2000-2250 калория энергия болады. Нанның калориялығы деп оның 1000 гр жаққанда бөлініп шыққан жылу мөлшерін калориямен есептеуді айтады. Адамдар орта есеппен өзіне керекті көміртегінің жартысын, ақуыздың 30 пайыздан астамын, В дәрумені топтарының 56 пайызын және С дәруменінің 80 пайызын осы наннан алады.
Бидай наны тамақтығы жағынан қара бидайдың нанынан анағұрлым жоғары, өйткені ол адам ағзасында жеңіл қорытылады. Клейковиналық ақуыз бен крахмалдың тиімді ара қатынасының нәтижесінде бидайдың тор көзді наны оның өте жоғары көлемінің арқасында ас қорыту өзегінің сөлдерімен жанасады да жеңіл қортылады. Адамзаттың қоректенуіндегі бидайдың ерекше маңызы оның егіс көлемін, астықтың жалпы түсімін арттыруға мүмкіндік береді. [1] .
Астық өндірісінің жалпы жағдайына келетін болсақ Қазакстанда 2003 -2005 жылдары орта есеппен жыл сайын 14, 5 млн. т. астық өндірілді, оның 11, 0 - 11, 5 млн. тоннасы немесе 79, 3 пайызға таяу бидай болып табылады. Елімізде тауарлы астықты негізінен солтүстік облыстарының тың игерген аудандарында өндіреді. Қазақстанның солтүстігіндегі төрт облыстың (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) үлесіне бүкіл бидай өндірісінің 70 пайыздан астамы тиеді [14] .
Қазақстанның солтүстік өңірі батыстан шығысқа қарай 1300, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 шақырымға созылып жатыр. Бұл аумақта орналасқан төрт облыстың - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар - жер көлемі 600 мың шаршы километрден асады. Ақмола облысының оңтүстігі мен батысына қарай және Павлодар облысының оңтүстігіне қарай Орталық Қазақстанға жататын Қарағанды облысының егіншілікпен айналысатын аудандары орналасқан. 2003 - 2005 жылдары орта есеппен жыл сайын 13, 7 млн га жерге бидай егістігі орналастырылып, 11, 5 млн. тоннаға таяу бидай астығы жиналады. Болашақта Республикамызда бидай егістік жерлерін 20 млн. га дейін жеткізуге мақсат қойылып отыр [14] .
2005 жылы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері көрсеткендей себілген алқаптан бастапқы кіріске алынған салмақпен 13357, 9 мың тонна астық бастырылды. бұл өткен жылғыдан 19, 7 % аз, сонын ішінде Солтүстік Қазақстан облысында -3125, 0 мың тонна, Ақмолада - 3083, 0 мың тонна, Қостанайда - 2610, 6 мың тонна, Алматыда - 826, 3 мың тонна, Шығыс Қазақстанда - 650 мың тонна, Жамбылда 630, 7 мың тонна, Қарағандыда- 311, 6 мың тонна, Оңтүстік Қазақстанда - 470, 6 мың тонна, Ақтөбеде - 394, 2 мың тонна, Батыс Қазақстанда - 392, 0 Імың тонна, Павлодарда - 383 мың тонна, Қызылордада -181, 3 мың тонна.
Көрсетілген күнге дәнді дақылдардың өнімділігі (бастапқы кіріске алынған салмақпен) бір гектардан 9, 5 центнер болды, өткен жылы 12, 5центнер болған. Өнімділігі өткен жылғыдан кем астық жинаған Қызылорда (33, 0 центнер, өткен 2004 жылы 34, 2 центнер болған), Алматы (тиісінше. 19, 0 және 21, 4), Жамбыл (17, 6 және 20, 8), Солтүстік Қазақстан (10, 4 және 13, 0) . Ақмола (8, 6 және 11, 3) . Қостанай (8, 5 және 13, 0), Қараганды (7, 5 және 8, 3), Батыс Қазақстан (6, 0 және 10, 5) және Ақтөбе (5, 6 және 8, 9) облыстары болды.
Сонымен бірге 1 гектардан алынған астық түсімі Оңтүстік Қазақстан (21, 7 центнер, өткен жылы 21, 3 центнер болған), Шығыс Қазақстан (тиісінше 12, 2 және 11, 8), Павлодар (7, 0 және 6, 9) облыстарында артып отыр.
Дәнді дақылдардың жаңа өнімінен тұқым құю барлық жерде жүріп жатыр. 1 қазандағы жағдай бойынша 1909, 1 мың тонна немесе қажетті 95. 6 % дәніді дақыл дайындалды. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұқым құю толықтай аяқталды, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында қажетті тұқымның 94 % - 92 %. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында - 86, 4 % -74 % және Қызылордада - 54 % дайындалды. Өткен жылы көрсетілген күнге тұтастай республика бойынша талап етілетін тұқым көлемінің 1940, 0 мың тоннасы немесе 97, 5 % құйылған еді [15] .
Қазақстанда 1997-2006 жылдары аралығында экспортқа 3, 0-3, 5 млн. т астық жіберілді, оның 90 пайызы бидай мен арпа. Бидай өнімін арттырудың негізгі жолдары - ол өсірудің қарқыңды технологиясын қолдану болып табылады. Ол негізінен материалдық -техникалық ресурстар және ғылыми жетістіктер мен озат тәжірибені кенінен пайдалануға сүйенеді.
Жаздық жұмсақ бидай өнімін арттыруда алғы дақылға үлкен маңыз беріледі. Ең жақсы алғы дақылдар - таза сүрі жер, одан кейінгі екінші жақсы алғы дақыл - дәнді бұршақ дақылдары, одан кейінгісі сүрлемдік жүгері, пішенге немесе жасыл балаусаға өсірілген сұлы, арпа да айтарлыктай алғы дақыл болады.
Солтүстік Қазақстанның далалық және орманды далалы аймақтары үшін Қазақстан астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында (кейіннен ҚазАШҒЗИ) және басқа ғылыми мекемелердің ғалымдары қысқа айналымды төрт, бес, алты танапты, дәніді - сүрі жерлі және дәніді - отамалы дақылдардың ауыспалы егістерін әзірледі.
Жаздық бидай өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі топырақты негізгі өңдеу. Топырақты ғылыми талаптарға сай өңдеу ылғал жинақтауға, сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде Қазақстанның солтүстік облыстарында топырақты жазықтілгішпен өңдеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз паясын сақтауга, соның әсерінен қыста қар тоқтатуға, ал терең қопсыту арқылы қар суын сіңіруге жағдай жасайды. Паясы сақталган танаптарда топырақ аз тереңдікке тоңазиды да ерте көктемде тез жібіп қар суы жақсы сіңеді [4] .
Дақылды қарқынды өсіруде себуге рұқсат етілген сұрыпты, жоғары сапалы тұқым таңдап алу және тұқымды дәрілеу бидай өсіру технологиясындағы маңызды агротехникалық шара. Осының нәтижесінде топырақтағы және тұқымда сақталған ауру қоздырғыштардың зиянды әсері басылады да жаңа өнім сапасы жақсарады. Ғылыми деректерге сүйенсек себуге рұқсат етілген жаңа сұрып, бұрынғы сұрыппен салыстырғанда әр гектардан қосымша 1, 5-3, 0 центнерге дейін, кейде одан да жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін көрінеді. Тұқымды улағыш заттармен байтан - универсал 19, 5 % с. т. 1 тонна тұқымға 2 кг, агроцит 50% с. т. 2, 0-3. 0 кг/т, бенлат 50% с. т. 2, 0-3, 0 кг/т, витавакс 200, 75 % с. т. - 2, 5 - 3, 0 кг/т, раксил 6% с. т. 1 тонна тұқымга - 0, 6л, ТМТД 80% 1, 5-2, 0 кг/т, фенорам 70% с. т. 2. 0-3, 0 кг/т, фундазол 50% с. т. 2, 0-3, 0 кг/т және тағы басқа препараттарды колданылады. Дәрілеу агрегаттары ПС - 10, «Мобитокс», «Мобитокс супер» машиналары дәрілейді. Тұқымды дайындау жүйесінде асфальтталған аландарда себудің алдында күнге қыздыру қарастырылады. Бұл агротехникалық шара жаздык бидай тұкымыныи өну әнергиясы мен танаптың өнгіштігін арттырады. Солтүстік Қазақстан климат жағдайларының өзгешелігі жаздық бидайдың қолайлы себу мерзімін анықтауға мұқият қарауды талап етеді. Бұл аймақта ерте мерзімде сепкенде танаптар қара сүлымен қатты ластанады және жаздық бидай өнімін күрт төмендетуіне әкеп соғады.
ҚазАШҒЗИ, Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылыгы тәжірибе станцияларының, Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті окымыстыларының зерттеулері көрсеткендей, 15-25 мамырда себілген жаздык бидай барынша жоғары өнім алуды камтамасыз етеді, сондықтан оның колайлы себу мерзімі болып табылады.
Жаздық жүмсақ бидайдың қарқынды өсіру технологиясында бидай себілгеннен кейін егінді күтіп-баптауда - арамшөптермен, аурулармен және зиянкестермен күресу шаралары маңызды рөл аткарады, жаздык бидай егістігіне егістік қалуен, шырмауық, жатаған бидайық тағы басқа атпатамырлы, • тамырсабақты көп жылдық арамшөптер, ал бір жылдык түрлерінен кара сүлы, жасыл және көкшіл сүр ит қонақ, қүс тарысы тағы басқалары үлкен зиян келтіреді. Егістік арамшөптермен шамалы ластанғанда астық шығыны 3-7 %, ал күшті ластанғанда 20 - 30 % дейін жетеді [4] .
Нақты шаруашылықтарда агротехникалық және химиялык коргау шараларын ұйымдастырғанда танаптардың арамшөптермен ластану карталары жасалады, оларда ластану деңгейі мен арамшөптердің түр күрамы анықталады да түптену кезенінде гербицид қолданылады. Егістікті аурулармен зиянкестерден қорғау үшін кіші авияция (АН - 2) мен ОП - 2000 - 2, ОП - 3200, ПОМ-630-1, ОПУ-400 және тағы басқа жер үсті бүріккіштері колданылады.
Пестицидтермен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет, сонымен бірге ауыл шаруашылығы саласында арамшөптерге, ауруларға және зиянкестерге қарсы пайдаланылатын қолдануға рүқсат етілген химиялық кұралдардың тізімінде бекітілген енгізу уақыты мен нормаларілн орындау шарт. Айналаның қорғалуын қамтамасыз ету мақсатымен химиялық өңдеу жүмыстарын жел жылдамдығы 4 м/сек аспайтын жағдайда жүргізілуге тиіс. Әдетте, егістікте химиялық өңдеу жүмыстарын таңертенгі және кешкі уакыттарда жүргізеді, бұл уақыттарда айтарлықтай тынық және температура төмен болады.
Бидайдың шыққан жері- алдыңғы Азия орталығы- қазіргі Ирак, Аравия территориялары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған.
Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі220млн\га, екпе дақылдардың ішінде ол бірінші орын алады. Оның егіс көлемімен жалпы түсімі бойынша біздің еліміз дүние жүзінде алдыңғылардың бірі (1988 жылы тиісінше 48, 1млн\га және 84, 4млн\т) . Бидайды өндірудегі ірі мемлекеттер қатарына Қытай (29, 0 млг\га және 87, 5 млн\га) . Америка Құрама Штаттары (21, 5 млн\га. т. ) . Ұнмен нанның сапасын анықтайтын жұмсақ бидай сорттарының көрсеткіші- ұнның «күшіне» қарай күшті, орташа және әлсіз болып үш топқа бөлінеді:
Күшті бидай ақуызының көптігі, уызының жиырымдылығы және созымдылығы жағынан көзге түседі. Мұндай ұннан пісірілген нан көмпиіп тұрады, түрі өте ұнамды, бүйір қабығы жұқа немесе тор көзді, жұмсақ созылмалы келеді, сондай-ақ өте дәмді, сүйкімді иісі болады. Сонымен қатар күшті бидайдың байытушылық қасиеті бар. Әлсіз бидайдың ұнына аздап күшті бидайдың ұнын қосқанда одан шығатын нанның сапасы анағұрлым жақсарады. Күшті бидай ең таңдаулы бидай болып саналады, сондықтан оған ішкі және халықаралық нарықта сұраныс жоғары.
Орташа нандық күшті бидай ешқандай қоспасыз жақсы сапалы нан береді. Оған жататын сорттар ақуызының мөлшері орташа, уызының жиырымдылығы біршама төмен, сондай-ақ қамырының ашытылған кездегі ферменттік тұрақтылығы да төмендеу болады.
Осал (әлсіз) бидайдың ақуызы шамалы, дән уызының жиырымдылығы өте әлсіз болады. Сондықтан нан сапасын жақсарту үшін міндетті түрде күші бидай ұнына қосады.
Бидай түрлері. Бидай қоңырбастар (poaceae) тұқымдасына және (triticum) туыстығына жатады. Осы заманғы жіктеу бойынша бұл туыстық 22 түрді біріктіреді. Ол 4 гентикалық топқа бөлінеді:
1. Диплоидты бидайлар, олардың соматикалық жасушасында 14 хромосом (2n -14) болады. Бұл топтың өкілдеріне мәдени бірдәнді, жабайы бірдәнді жатады. Диплоидты түрлердің ішінде дәніндегі ақуыз мөлшері 35-37 % жететін, саңырауқұлақ ауруларына төзімді үлгілеріде бар.
2. Тетраплоидты түрлер, соматикалық жасушасында 28 хромосом (2n- 28) бар, өкілдері ретінде қатты бидай жабайы, қосдәнді бидайды тағы басқа атауға болады. Тетраплоидты бидайлардың ішінде қатты бидай (triticum durum) барынша үлкен маңызға ие, ол дүние жүзінде егіс көлемі бойынша екінші орын (жұмсақ бидайдан) кейін алады.
3. Гексаплоидты түрлер (2n - 42) соматикалық жасушасында 42 хромосомы бар көптеген бидай өкілдерінің бірігуін қамтамасыз етеді. Бұларға жұмсақ бидай, спельта, карлик тағы басқа бидайлары жатады. Олардың ішінде ең көп тарағаны жұмсақ бидай (triticum aestivum) . Бұл бүкіл дүние жүзінде көп тарағаны жұмсақ бидай.
4. Октаплоидты түрі (2 n- 56) қолдан жасалған. Оған грибобой бидайы (triticum funicidum) жатады.
Дәннің гүл қабықшаларынан ажыратылу дәрежесіне қарай барлық бидай түрлері жалаңаш дәнді, немесе нағыз бидайлар және қабықты немесе полба бидайлары болып екі топқа бөлінеді:
Жалаңаш дәнді (нағыз) бидайлардың масағы сынбайды, қалыпты жағдайда бастырғанда дәндері қабықшалардан жеңіл ажыратылады (жұмсақ, қатты, карлик, персикум тағы басқа бидайлар) .
Қабықты (полба) түрлерінің масағы омырылғыш және бастырғанда өте қиын үгітіледі (спельта, мәдени бірдәнді тағы басқа бидайлар) .
Жұмсақ бидай (triticum aestivum) жоғарыда көрсеткендей егіншілікте көп тараған, масағы борпылдақ, қылтықты және қылтықсыз, қылтықты формаларында қылтықтары жан- жағына шашыраңқы орналасқан және масақ ұзындығынан қысқа. Масақ қабықшасы ұзынша әжімді, оның қыры (киль) жіңішке, негізіне қарай жойылып кетеді. Масақтың бет жағы бүйірінен жалпақ. Масақ асты сабағының бөлігі қалыпты жағдайда кеуек. Дәндері жеңіл үгітіледі, ұсақ, орташа және ірі болып келеді, ұнды немесе жылтыр (шынылы) . Айдары айқын ажыратылады, қылдары ұзын. Қазақстанның солтүстігінде ең көп тараған түршелерге жұмсақ бидайдан лютесценс, барбаросса және қатты бидайлар жатады.
1. 2. Бидайдың морфо - биологиялық ерекшеліктері.
Бидай, арпа, сұлы, қара бидай - дақылдардың бірінші тобына жатады. Бидайдың тамыр жүйесі шашақты болып келеді. Түп немесе ұрықтық тамырлар және түйін, немесе қосалқы тамырлар ажыратылады. Түп тамырлар тікелей тұқым ұрығынан өсіп шығады, ол түйін немесе қосалқы тамырлар (кейде «екінші» тамыр депте атайды) сабақтың жер асты түйінінен түзіледі. Бұл тамыр түрлерінің екеуіненде өсімдік тіршілігінде үлкен маңызы бар. Жақсы дамыған түп немесе екінші тамыр жүйесінің қалыптастырған бидай өнімінің 65% түп тамырлар. Дәнді дақылдардың тамырлары, соның ішінде бидай тамыры 100см және одан да тереңге бойлайды. Бірақ олардың негізгі массасы (80-90) топырақтың жыртылатын қабатында орналасады. Тамыр жүйесіне неғұрлым қуатты болса, өсімдік қоректік заттар және ылғалмен соғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Түп және қосалқы тамырлар талшықтарын түзеді де, олар өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін және қуаңшылыққа төзімділігін күшейте түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz