Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДА БІЛІКТІЛІКТІ
КӨТЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

1.1. Бiлiм беру саласында ақпараттық технологияны қолдану арқылы
бiлiктiлiкi көтеру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 7
1.2. Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтерудің дидактикалық
негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша педагог
мамандардың біліктілігін арттыру кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13

II-ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ

1. Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Электронды оқулықтарды пайдалану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Электронды оқулықтарды информатика сабағында пайдаланудың тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
2.4 Информатика оқулығына қойылатын талаптар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
2.5 Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
... ... ... ... ... .. 31

III-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
КЕШЕНДЕРІНЕ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

3.1. Білім беру үдерісінде электрондық оқулықтардың заман талыбына
сейкестігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 33
3.2. Электронды оқу-әдістемелік құралдың құрлымы
... ... ... ... ... ... ... ... .. 35
3.3. Электрондық оқу-әдістемелік құрал жасақтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... 46

КІРІСПЕ

ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық
эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны
өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып
табылады.
Бұдан 15 жылдай бұрын орта мектептерге Информатика және есептеу
техникасының негіздері пәні енгізілген болатын. Аталған пән оқушыларды
информациялық қоғамдағы өмір талаптарына сай дайындауда үлкен роль атқарып
келді және атқара берді. Алайда, жаңа информациялық технологиялардың өте
шапшаң даму қарқыны біздің бұл пәнге деген қөзқарасымызды түбегейлі
өзгертті.
Соңғы бір екі жыл ішінде пайда болған жаңа программалық өнімдер
жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса
қажеттілігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта
білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды.
Президентіміздің білім саласын ақпараттандыруға байланысты Мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі мектептерді
техникамен қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгізуге
көп көңіл бөлуде.
Біздің еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге программалау
элементтерінің енгізілгендігіне отыз жылдай уақыт болды. Мектеп
информатикасы информатика ғылымның бір саласы ретінде, атап айтқанда
мектептегі оқу процесінде пайдаланылатын ЭЕМ-ді программалық, техникалық,
оқу-әдістемелік және ұйымдастыру жақтарынан қамтамасыз етуді зерттейтін
саласы ретінде анықталады.
Қазіргі уақытта "қоғамды ақпараттандыру", "білім беруді
ақпараттандыру" деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызда жиі кездеседі.
Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз — ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам
өміріне іс-әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен
рөлінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс. Ол оқыту мазмұны,
әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі
мәселе: білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі
талаптарының бірі — оқу үрдісіне электронды оқу-әдістемелік құралдарды
енгізу. Өйткені, бүгін таңдағы білім беру саласыңда тек мұғалімнің
айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын
қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды
оқу-әдістемелік құралдарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқу материалдарын ұтымды игеруде электронды оқу-әдістемелік
құралдардың атқараттың рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық
тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық
иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып
отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида
бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды
болады.
Электронды оқу-әдістемелік құралдар - ғылыми негізде дайындалған
педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқу-әдістемелік құрал дайындаудың
тұжырымдық негізі модулдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады.
Сонымен қатар электронды оқу-әдістемелік құрал дайындаудың педагогикалық
ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электронды
оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін
есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.
Электронды оқу-әдістемелік құрал — оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын
қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу,
тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электронды оқу-әдістемелік құрал
жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіңдіктер береді. Атап айтқаңда:
кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса,
электрондық оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;
—гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге
көмектеседі.
Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда
пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықтарын электронды
оқу-әдістемелік құралды пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның
өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-
төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.
Сондай-ақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология секілді
пәндерге қатысты үрдістерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен
диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды
гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың
көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін
көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.
Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы
тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет.
Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша
тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім
беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге
асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы
бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес
болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы
тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене
қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат
мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол
жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек.
Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу
қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен
байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын
өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың
негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген,
мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-
психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау
жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген
педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының
жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын,
ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген
ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып
білім беруді кажет етеді..
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык
мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады.
Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем
бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың
динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген
сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык
мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс
жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
-  құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.
Дипломдық жобаның өзектілігі: Дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман
талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп
тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту
процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Сондықтан
оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар
ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту қажет. Компьютерлік оқыту үрдісінің
құрылымдық сызбасын информатиканы оқытуда қарастыру.
Зерттеу объектісі: Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінің негізгі
сұрақтары, оқытудың жаңа технологиялары зерттелді. Электрондық оқулықты
жасау барысында FrontPage бағдарламасының HTML тілінің мүмкіндіктері
зерттеліп, қолданылды.
Дипломдық жобаның жаңалығы: Осыған дейін біздің университетімізде
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар,
сонымен қатар электронды оқулық жасақтау.
Дипломдық жобаның мақсаты: Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Жобаның құрылымы мен көлемі - диплом жобасы кіріспеден, екі тараудан
және қорытындыдан тұрады, пайдаланған әдебиеттер саны - 12.
Бірінші тарауда ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдануда
біліктілікті көтерудің жолдары, бiлiм беру саласында ақпараттық
технологияны қолдану арқылы бiлiктiлiкi көтеру
Екінші тарауда компьютерлік оқу құралы, Компьютерлік оқу құралын жасау
әдістемесі, Электронды оқулықтарды информатиканы оқыту әдістемесі пәнін
оқытуда пайдаланудың тиімділігі қарастырылған.
Үшінші тарауда Электронды оқу-әдістемелік құралды жасау жолдарын,
оның
І-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДА БІЛІКТІЛІКТІ
КӨТЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

1.1. Бiлiм беру саласында ақпараттық технологияны қолдану арқылы
бiлiктiлiкi көтеру

Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге,
бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз
қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк
бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала
бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған
мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және
қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды.
Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби
шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге,
басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты
даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң
өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық
кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен
бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне
пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның
келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
– оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру
арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және
оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн
пайдалану;
– оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-
iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
– проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану
арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
– жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер,
телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология)
пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын
жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi
мүмкiндiктерi ұсынылады:
– ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң
мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:  информатика, ақпараттық және
желiлiк технологиялар  саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
– информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
– бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
– информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика
мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;
– арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
– облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк
бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
– облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын
қалыптастыру;
– оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық
технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны
меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде
институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру
процесi жүзеге асырылуда.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде
дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған
материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
– болашаққа негiзделген  — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк
бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған
курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
– рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту
бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге
бағытталуы қажет;
– эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi
талап етiледi;
– iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi,
бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы  нәтижесiн анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың
тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер
бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы  мен
олардың жеке тұлға ретiнде  қалыптасу деңгейi анықталады;
– жекелеген консультация беру  - тыңдаушыларға консультация беру
ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк
ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты
игерiлетiн мәселелердiң мазмұны  мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-
тәсiлдер.
Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық
сипатты анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану
тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б.
жұмыстарды қамтиды.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль
бойынша құрастырылған:  “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы
ақпараттық технологиялар”.
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына
қойылатын талаптарына сай анықталады:
1. Қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас
түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау,
ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық
тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).
2. Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-
әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн
түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн  меңгерту; қолданбалы
программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
3. Өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн
пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм;
коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң
ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды
қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.

1.2. Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтерудің дидактикалық
негіздері
 
Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта
даярлауда ерекше роль атқарады.
Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық
мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен
формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап
және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын
жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда
информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі
мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту
бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.
Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жүйесi бiлiм беру
мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеруге қойылатын талаптарға
сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесi
құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлерi қарастырылады:
1. Пәндiк – мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу
қабiлеттiлiгi.
2. Аналитикалық бақылау – пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау
проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
3. Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға
бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
4. Коммуникативтiк – Мұғалiм-Оқушы, Оқушы-Оқушы, Мұғалiм – Ата-ана
және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
5. Бейiмделген – қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес
проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
6. Ынталықпсихологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар
арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
7. Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу
қабiлеттiлiгi.
8. Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму
нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу
қабiлеттiлiгi.
 Педагог мамандардың құзырлық қалыптастыру деңгейлерi
Пәндiк
Коммуникативтiк
Ұйымдастырушылық
Аналитикалық бақылау
Бейiмделген
Ғылыми-iзденiстiк
Жобалық
Ынталықпсихологиялық
Бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы (88 сағаттық) оқыту мазмұны
тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауды жетiлдiру курстарына дайындықты
ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиелеудiң субъективтiк әдiстерiне бағытталған.
Ал оның мазмұны қолданбалы сипатта құрастырылды.
Мұғалiм  – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және
интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты,
ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi
өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту
бағыттарын талап етедi. 
Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен шектелiп қалмауы
керек. Олар үшiн  оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi,
оқушы деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi, 
оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық
технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға
бағытталған теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар,
психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде
қарастырылуы керек.
Курс мазмұнын құрастырудағы модульдiк принцип түрлi бiлiм беру
бағдарламаларын модульдеп сабақтастыруға мүмкiндiк бередi. Модульдiк
мазмұнды игеру барысында тыңдаушының кәсiби шеберлiгiнiң өсуiне және өз
қызметiн жан-жақты бағалап, талқылаудан өткiзуге әсерiн тигiзедi.  
Курстың моделiн жасақтау барысында бiз келесi мақсаттарды негiзге алдық:
– бiлiктiлiктi көтерудi түрлi деңгейлермен қамсыздандыру;
– тыңдаушылардың мамандық құзырлылығын қалыптастыру;
– тыңдаушылардың өзiн-өзi дамуы мен жетiлу жағдайларын қалыптастыру.
Тыңдаушылардың бiлiм жетiлдiру мазмұны бiр-бiрiмен байланысқан үш
блоктан тұрады:
Бiрiншi блок-модуль (инварианттық) — ҚР бiлiм саласындағы негiзгi
мемлекеттiк саясатының бағыты (6 сағат). Бұл блок тыңдаушылардың әлемдiк
педагогикадағы инновациялық процестер туралы теориялық бiлiмiн және
Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру жүйесiн дамыту тенденцияларын игеру
мәселелерiн қамтиды:
−  ҚР “Бiлiм туралы” заңы;
−  Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейiн бiлiм берудi дамытудың
Мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi;
− Тұлғалық әлеуметтендiрудiң құқықтық негiздерi.
Екiншi  блок-модуль (инварианттық)– Бiлiм беру процесiн әлеуметтiк-
психологиялық жағынан қамсыздандыру (24 сағат):
− Оқыту мен тәрбиелеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн анықтайтын психологиялық
диагностика;
− Мұғалiм – тұлғаны әлеуметтендiрудiң негiзi.
Үшiншi  блок-модуль – Пәннiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiруге
бағытталған инновациялық әдiстер (56 сағат) (инварианттық, вариативтiк
модульдер) тыңдаушының өзiн-өзi дамуының, оқытушының жеке тұлғаны дамыту
мехнизмiн жетiлдiру мәнiн ашуға бағытталған:
− бiлiм берудегi нәтижеге бағытталған құзырлылық тәсiл;
− тыңдаушының кәсiби шеберлiгiн шыңдауға  бағытталған модельдеу мен
жобалау қызметiн дамыту;
− қазiргi мұғалiмнiң ғылыми-әдiстемелiк жинағын өзiн-өзi дамыту
көрсеткiшi ретiнде бейнелеу;
− бiлiм беру қызметкерлерiнiң қызметiн  ақпараттандыру саласына бағыттау
(информатика курсының мазмұны жаңартылып, әрi дамытылады. Оның басты себебi
ақпараттандыру саласы жылдан-жылға жаңа мазмұнмен толығып отырады.
Сондықтан информатика мұғалiмдерi осы проблеманы басқарушы болғандықтан
аталған проблемаға сәйкес олардың бiлiмi кеңейтiледi).
Оқыту бағдарламаларын таңдау тыңдаушыларға жүргiзiлген тест пен
сауалнама қорытындысы бойынша жүргiзiлуi қажет. Курстағы әрбiр топқа
жасақталған бағдарламаның мазмұнына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп
отырады.
Курстық дайындықты жобалау барысында тұлғалық-бағдарлық бөлiктер
ескерiлдi. Ол педагогикалық өзара қарым-қатынасты орнықтырумен байланысты.
Бiздiң жағдайымызда, тыңдаушылар өзара бiр-бiрiмен тәжiрибе алмасу мен
ойларын ортаға салу әрекеттерi жүзеге асырылады. Аталған блокты қолдану
кезiнде  бiрлескен өзара әрекет пен қарым-қатынас iске асырылады,
эмоциональдық-психологиялық және iскерлiк қарым-қатынастар дамытылады және 
тұлғалық бағдарлау қалыптасады. Мұндай жағдайда, тыңдаушылардың өзiндiк
жұмысы ұйымдастырылып, олардың шығармашылық мүмкiндiктерiнiң дамуы
қамтамасыз етiледi.
Бiлiм мазмұнының аралығындағы аралық топ пен оны ұйымдастыру келген
тыңдаушылардың дайындық деңгейiне байланысты. Бiлiктiлiктi көтеру
жүйесiндегi негiзгi келелi мәселелердiң бiрi түрлi салалардағы теория мен 
практика бойынша мұғалiмдердiң инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi үйрену
болып табылады.
Шет елдiк және отандық тәжiрибелерге талдау жасау барысында педагог
кадрлардың мамандық құзырлығының дамуына әсер ететiн оқу қызметтерiнде
қолданылатын әдiстер мен тәсiлдердi дамыту қажеттiгi анықталынды. 
Сондықтан дәстүрлi сабақтарды (лекция, семинарлар) қолданумен қатар
дөңгелек үстел, тренингiлер, iскерлiк ойындар, тақырыптық пiкiрталастар,
практикалық жағдаяттарды талқылау  және т.б. дәстүрлi емес әдiстердi
кеңiнен қолдану қажет.  Мұндай әдiсте сабақтарды өткiзу тыңдаушылардың
өздiгiнен жұмыс жасауына, қабiлетiнiң дамуына және жекелей жұмыс жасау iс-
әрекетiнiң қалыптасуына мүмкiндiк бередi.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: жеке, топтық, фронтальды, ұжымдық жұмыс
жасау формалары.
Қолданылған технологиялар: жобалау әдiсi, модульдеп және  деңгейлеп
саралап оқыту технологиялары.
Қорытынды диагностика: тестiлеу, рефлексия, жобаны қорғау.
Жоғарыда атап көрсеткендей, педагог мамандардың бiлiктiлiгiн үздiксiз
көтеру барысында вариативтiлiк қағидасы жүзеге асырылады. Мұндай тәсiл
педагог мамандардың жаңа ақпараттық технологияны өз салаларына қолданудың
сапасын арттыратыны сөзсiз.
Сондықтан мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiнде бiлiктiлiктi көтеру
курстарынан басқа информатиканы оқытудың жеке әдiстемесiнiң мiндеттерiн
шешуге байланысты проблемалық курстарды да ұйымдастырған тиiмдi.
Проблемалық курстардың тақырыптары облыс мұғалiмдерiнiң сұраныстары мен
қажеттiлiктерiн талдау арқылы анықталынады. Ол курстың оқу жоспарын
өзгертiп, iзгiлiктiлiк қағидасы негiзiнде  құруға мүмкiндiк бередi:
− Turbo Pascal ортасында программалау;
− Visual Basic ортасында программалау;
− Информатикадан олимпиадаға оқушыларды дайындау. Олимпиадалық
есептердi шешу;
− Деректер қорын басқару жүйесi. Microsoft Access;
− Интернет-технология. Web-дизайн негiздерi.
Проблемалық курстарды өткiзу барысында тыңдаушылардың дайындықтарын
қамтамасыз ету үшiн келесi оқу-әдiстемелiк құралдары дайындалып,
пайдалануға берiледi:
− Оқу құралы: Жаңа ақпараттық технологиялар. Windows операциялық
жүйесiнiң негiздерi. Word мәтiндiк процессоры;
− Оқу құралы:  Жаңа ақпараттық технологиялар. Компьютерлiк желiлер;
− Оқу құралы  Microsoft Access бойынша лабораториялық практикум;
− Оқу құралы Microsoft Excel бойынша лабораториялық практикум;
− Мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк құрал. Қалалық (аудандық)
олимпиадалар: өткiзу ережелерi, дайындау әдiстерi, есептердi шешу
мысалдары (1996-2001 жж).
− Электрондық оқу құралы Turbo Pascal тiлiнде программалау;
− Электрондық оқу құралы HTML негiздерi;
− Әдiстемелiк құрал Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын
талаптар. Информатика кабинетiнiң ережелерi;
− Әдiстемелiк құрал Бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерi үшiн 
ақпараттық технологияны енгiзу мәселелерi.
Аталған құралдардан басқа курстың барлық тыңдаушылары өздерiне қажеттi
нормативтiк, әдiстемелiк және анықтамалық материалдармен, программалық
құралдармен ақысыз түрде  қамтамасыз етiледi.

 1.3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша
педагог мамандардың біліктілігін арттыру кезеңдері
Мазмұндық құрылым информатика мұғалімдері үшін  келесі деңгейлер
бойынша беріледі:
1. Іргелі. Бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық
деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және
дағдыны қалыптастыру.
2. Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық
технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлуімен
анықталады.
3. Арнайы. Бұл “Информатика және ақпараттық технология” пәнiн берудiң
әдiстемелiк мәселелерiн шешумен  анықталады
 
Білім беру мекемелерінің басшылары мен пән мұғалімдері үшін мазмұндық
құрылым келесі деңгейлер негізінде анықталады:
 1. Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолдану бағытындағы   элементарлы-бейімделген деңгейі. Бұл деңгейде келесі
мазмұндар қарастырылады: компьютермен және оның құрылғыларымен  жұмыс жасау
техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу процесіне
қолданбалы программалық құралдарды қолдану дағдылары. Сонымен бірге келесі
мәселелер де қарастырылады: білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-
құқықтық жағынан қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны
білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді
басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.
2.Қызметтік-ізденістік деңгей. Мұнда педагог мамандар  ақпараттық
технологиямен жұмыс жасау негіздерін практикалық түрде меңгереді. Сондықтан
мұнда жұмыс орындарын автоматтандыру процесін құру технологиясы (АЖО-
директор, АЖО-оқу ісінің меңгерушісі, АЖО-сабақ кестесі, АЖО-кітапхана және
т.б.) және мультимедиялық электрондық оқу құралдарын жасақтау алгоритмі
сияқты мәселелер  қозғалады. Сонымен бірге келесі сипаттағы мәселелер де
қарастырылады:
- білім беруді ақпараттандырудың теориялық негіздері;
- білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері;
- педагог мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ақпараттық
технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық шарттары;
- ақпараттық технология негіздерін оқытуда жобалау және итерактивтік
әдістерді қолдану негіздері;
- басқарудың ақпараттық жүйесін автоматтандыру моделі және оқу
процестерін ақпараттандыруды дамыту технологиясы.
3. Жүйелік-шығармашылық деңгей. Мұнда келесі мәселелер қарастырылады:
электрондық оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау алгоритмі;
автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау технологиясы: АЖО-директор; АЖО-
оқу ісінің меңгерушісі; АЖО-бухгалтер; АЖО-сабақ кестесіжәне т.б.;
әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мақсатында web-сайтты жасақтау; оқыту
әдістерін жетілдіру және т.б.
Сонымен бірге педагог мамандардың біліктілігін және курстың сапалық
өлшемін айқындайтын компьютерлік тест сұрақтарын құрастыру алгоритмі
түсіндіріледі.
Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың,
тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына
сай дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай
деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап
ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі
жалғасуда.
Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі  мыналарға
сүйенеді:
¬ Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру
есебінен қоғам  мүшелерінің ой-өрісінің  даму  деңгейін көтеру;
¬ өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін  кеңейту және міндетті емес білім
беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай
жағдай туғызу.
  Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
– методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
– әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
– қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен
дамыту;
– оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
– педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
– өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
– информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі
іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
– тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен  білім деңгейін бағалау.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін  ақпараттандыру
телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру
жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және 
дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас
телекомуникациялық желіні құру  және дамыту арқылы  шешіледі. Олар:
ϖ ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру  мен жеделдету  процесін жоғары
деңгейге жеткізу;
ϖ  жасалынған және дамып келе  жатқан телекоммуникациялық желілерді
біртұтас  бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
ϖ  біртұтас  ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен
алмасуды қамтамасыз ету;
ϖ  білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға 
мүмкіндік жасау.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің
біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша
көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру.
Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша
біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.
Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны
өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз
қажет.   
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық
құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық
электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті
мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін
мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі
тренинг курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім
беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу
бағдарламалары жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті
мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми
түрде дәлелденген және бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды. 
Оқу кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды
елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың
өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады.
Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің
көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен
есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Оқу процесіне жана информациялык технологияларды енгізу ісі
математикамен де тығыз оайланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын
толығынан компъютерлік негізге ауыстыруға болмайды.
Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың
абстрактылык ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі
тиіс. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа
деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып
келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест
тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз.
Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде
пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
II-ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ

2. Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі

Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын
кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып – үйрену құралдарын
айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде
оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалну
жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі
де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып
келеді. Еліміздің ұлттық ғылым академиясы да компьютер арқылы үздіксіз
білім беру ісіне көңіл бөліп, көптеген педагогикалық тақырыптарда ғылыми
жұмыс жүргізу ісін қаржыландарып келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім
саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан
кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компьютерлердің көптеп
қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да
дәлелдеп отыр.
Оқу жүйесінде информациялық технологияны жалпы қолданудың маңызынан
гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға
қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.
Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру
тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз
ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар
шешуге тура келеді, олар:
• Компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға
болатынын анықтау;
• Оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
• Компьютерге жүктелетін функциялар (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;
• Әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін
компьютерлік оқу құралын жасау.
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі
көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп
отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды.
Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық-оқу
материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің алшақтығы білім
берудің негізгі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде
берілген материалдарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет
етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал
беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу
құралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына
баса көңіл аудару ісі алдын-ала анықтылады.
Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және
әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:
• Таратылып берілетін оқу материалдары;
• Бақылау және тестен өткізу материалдары;
• Жаттығулар;
• Сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге
арналған әдістемелер;
• Әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі,
яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру
жолдары;
• Экраннан берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компьютердің
мультимедиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне
қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес
жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған
материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік
технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту-үйрету
функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Оқыту жүйесінде арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын
компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге
асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет.
Төменде осындай шығармашылық топтың мүмкін деп саналатын бір нұсқасының
функционалдық құрамы көрсетілген, онда пән мұғалімнен бөлек компьютерлік
оқыту әдіскері, білім сапасын тексеру жағының мамандары, суретшілер
(дизайнерлер), программалаушылар болуы тиіс.
Мұнда мынадай негізгі талаптардың орындалуын атап өткен дұрыс:
• Компьютерде қолданылатын ақпараттық-оқу материалдарды мен тексеру,
бақылау сұрақтары айқын, әрі түсінікті болуы шарт;
• Берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін жасау,
яғни оқу процесіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін ескере
отырып, бұрыңғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіретіндей мүмкіндіктер
болуы тиіс;
• Оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының, сабақтың
және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке сценарийін жасайтындай
мүмкіндіктер болуы қажет;
• Даярланған программаның ашықтық деңгейін анықтау, яғни оны
пайдаланушылар (оқыту ісін нақты түрде жүргізіп отырған мұғалімдер) оқу
құралының белгілі бір функциональдық блогын оқу жүйесінің соңғы
талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы, оқу
құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу немесе оқу процесін басқару
бөлігін жетілдіру, т.с.с..
Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға
айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай
қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар
арқылы жүргізіледі, олар: Visual Basic, Delphi, Power Builder, Power Point,
т.б. Бұларды пайдаланудың артықшылықтары:
• Программа жасау мерзімін қысқарту;
• Программа жасау мен оны пайдалану кезеңдерінің барлығында да оны
сүйемелдеу ісінің жеңілдігін қамтамасыз ету;
• Оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы мұғалімге
материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;
• Оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы
интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.
Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML және
“Java” тілдерін немесе бұл жұмысты жеңілдететін FrontPage, Dreamviewer
программаларын пайдалану қажет.
Біздегі алғашқы электронды оқу-әдістемелік құралдарға шет тілін,
Қазақстан тарихын, волеология, қоғамтану, информатика пәндерін оқып
үйренуге арналған CD-дискілерге жазылып, даярланған оқу құралдарын айтуға
болады. Олар модульдік принципке сәйкес тақырыптарға бөлініп,
гиперсілтемелік мәтін құрастыру тәсілмен жасалып, мектеп бағдарламалары мен
жоғары оқу орындарының көптеген тақырыптарын қамтиді.
Бұдан былай қазақ-орыс тіліндегі электрондық оқу құралдары да тегін
таратылатын күйге жетіп, Интернет жүйесіндегі АҚШ, Ресей білім
порталдарындағы тәрізді оқу орындарының web-сайттарында орналастырады деген
ойдамыз. Қазақ-Британ техникалық университеті мұнай-газ және информатика
саласындағы мамандар даярлауда студенттер күшімен жасалған электрондық оқу
құралдарын алдағы оқу жолында үздіксіз білім беру бағдарламасында сәйкес
www.kbtu.edu.kz адресі бойынша орналастырмақшы болып отыр.
Ал, Ресейде кең тараған алғашқы компьютерлік оқулықтарға Информатика
мамандықтарға арналған кәсіби сөздік курсын жатқызуға болады, онда бірнеше
жоғары оқу орындары дайындаған 17 түрлі программа дестесі (пакеті)
келтірілген. Бұл оқулықтың ерекшелігіне бір программалық кешен аймағында
бірнеше жеке оқу программаларын біріктіріп, информатика пәнін оқытудың
біртұтас компьютерлің курсын жасау ісі жатады. Оған кез келген маман
қосымша тақырыптар қосып толықтыруына болады. Оның үстіне бұл программаға
арнайы информатикалық есептеу программаларын да қосып пайдалану мүмкіндігі
қарастылырған.
Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру
саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Қазіргі кезде
электронды оқу-әдістемелік құралдар жасау ісі өндірістік индустрияның жаңа
арнасын қалыптастыруда. Ол білім жүйесіндегі информатиканың бір саласы
ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бөледі. Бұдан былай оқу орындары
мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар сатып алумен
қатар электрондық оқу құралдарын сатып алуға тұрақты қаржы көзін бөліп
отырулары керек. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім
бері жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырап, барлық мектептерді
кем дегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске
асырылған болатын. Кейіннен қабылданған Қазақстан Республикасы ұлттық
ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы
да компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға
көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт – сол компьютерлік техниканы тұрақты
жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды
пайдаланып, кез келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау,
қолдану ісіне жұмылдыру ісімен жалғасуы тиіс. Президентіміз бастаған Білім
жүйесін ақпараттандыру ісін әрі қарай дамыту барлық пәндер бойынша
компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін
жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің
нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні талас
тудырмаса керек.

2.2. Электронды оқулықтарды пайдалану

2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтің халыққа жолдауында Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу
қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз
электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді
пайдаланымыз.
Электронды оқу-әдістемелік құрал пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту
процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық
ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында Электрондық
оқу құралдарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай оңдау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға
жылжу мүмкін емес. Осы принципті басшылыққа ала отырып, біз бастауыш
мектепте Кирилл и Мефодий жүйелік программаны сабақта пайдаланамыз, оқу
бағдарламамыз да сол оқулық негізінде құрылған. Әр сабаққа арналған бейне
көрініс электронды оқу-әдістемелік құралта бар. Бұл электронды оқу-
әдістемелік құрал бастауыш сыныпқа сабақ бергенде өте тиімді, мұғалім көп
ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар.
Әсіресе, алгоритм, логика, Интернетке шығу, сайт құру.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы
біртұтас ой жоқ. Электронды оқу-әдістемелік құрал дегеніміз –
мультимедиалық оқулық, сондықтан электронды оқу-әдістемелік құралдың
құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқу-әдістемелік құрал
оқушының уақытын үенмдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және
оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі,
оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы
болады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша
бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт
масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге
пайдалы. Электронды оқу-әдістемелік құралдың ең қажет элементі –
аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін
ажырата білу, жүрек қағысын байқау.
Бір жағынан, электронды оқу-әдістемелік құралдың келеңсіз жақтарды да
бар. Бұл психология – педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың
жоқтығы сияқты. Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау, оқушының жеке
ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын және оқып үйренудегі мамандық бойынша
бағыты ескерілмейді.
Ең үлкен кемшілігі – фрагменттік бағдарлама. Ол материалдарды толық
қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдағы санитарлық,
гигиеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің
қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі. Ол әсіресе жоғары кластарға
арналған математика, физика, Елім-ай тағы басқа электронды оқу-
әдістемелік құралдарына байланысты.
Информатика пәні бойынша Информатикадан 30 сабақ бағдарламасы және
Электрондық практикум берілген. Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика
негіздерінен кез келген мәліметті тауып алып, оқып үйренуге болады.
Лабораториялық, пратикалық жұмыстар жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны
меңгеруге арналғаг тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.
Электронды оқу-әдістемелік құралдарды қолдану барысында оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ
мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидиактикалық көмекші
құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім
беруде электронды оқу-әдістемелік құралдарды сабаққа пайдалану – оқытудың
жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған,
шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа сапалы білім беруде
жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе
алмасып, кемшілік – жетістіктерді айтып отырсақ жұмыссыз өнімді болады деп
ойлаймын.
Қазақстан Республикасында қабылданған білімді дамыту Тұжырымдамасы
2015 жылға дейінгі мемлекеттік білім саясатын дамытуға негізделген және ол
білім жүйесін құруды қайта ұйымдастыруға бағытталып қана қоймай, сонымен
қатар, оның мазмұнын дүниежүзілік білім ортасын интеграциялауға мақсат етіп
отыр.
Білім берудің кез келген саласында Электронды оқулықтарды пайдалану
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағы оқулықты пайдалану қазіргі
заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы ұстанымды
басшылыққа алған біз бастауыш мектепте Кирилл және Мифодий бағдарламасын
сабақта пайдаланып келеміз және оқу бағдарламамыз да сол оқулық негізінде
құрылған. Әр сабаққа арналған бейне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Информатика сабақтарын әзірлеу
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану
Информатика хрестоматиясына қойылатын талаптар
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Пәндер