Жеңіл жаза көзделетін қылмыстар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Қылмыстық жазаның түрі ретінде өлім жазасының пайда

болуы мен даму тарихы

1. 1 Өлім жазасының ежелгі дәуiрден қазіргі кезге дейінгі дамуы . . . 5

1. 2. Ресейде өлім жазасын қолдану . . . 14

1. 3 Қазақстан тарихындағы өлім жазасы . . . 19

2. Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолданудың қылмыстық-құқықтық аспектілері

2. 1 Өлім жазасы қылмыстық жазаның ең ауыр жаза түрі ретінде . . . 25

2. 2 Өлім жазасы түрінде жазаны орындау . . . 37

3. Қылмыстық жазаның түрi ретінде өлім жазасын алып

тастаудың адамгершілік-құқықтық себептері

3. 1 Өлiм жазасын алып тастаудың жақтастары мен қарсы

жақтарының аргументтері . . . 48

3. 2 Қазақстан Республикасындағы өлім жазасын алып тастаудың

халықаралық қылмыстық құқығы және құқықтық себептері . . . 54

Қорытынды . . . 59

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Кіріспе

Өлім жазасы . . . Қазіргі таңда қылмыстық-құқықтық, саяси, адамгершілік және әлеуметтік психологиялық мәселелерге баға беруде ең бір өзекті мәселелердiң бірі - өлім жазасы екендігі баршамызға мәлiм.

Өлім жазасы болу керек пе, жоқ па? Бұл сұрақ дамыған мемлекеттерде сан рет әлеуметтік және құқықтық талқыға түсiп, қоғамның пікіріне ие болған. Әсіресе, бұл мәселе тарихтың дағдарысқа ұшыраған сәттерiнде ояна бастады. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы дамуын «кризисті» деп айта аламыз ба? Елде даму көрсеткiшi жоғары, экономикалық дамуы күнделiктi өсуде, қылмыстық- құқықтық санасы өсуде. Яғни, айта алмаймыз. Бірақ сонда да Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында жаза түрi өлім жазасын алып тастау ең өзекті мәселенiң бірі болып тұр. Қазақстан өзінің демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде Конституцияда бекітіп, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары және бостандығы деп көрсете отырып, қазіргі таңда өлім жазасын алып тастау туралы мәселе қойды. Бұл сұрақты Қазақстан халқына Жолдауында ел Президенті де - өлім жазасы өзекті мәселелердiң бірі болып саналып, зерттеуді қажет етеді деп көрсеттi.

Бұл зерттеу жұмысының объектісіне қылмыстық жазаның түрi ретінде өлім жазасы, оның жаза мақсатына сай келуі, өлім жазасының орындалу тәртiбi, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдылығының даму сатысындағы бұл ерекше шараны алып тастау себептері жатады.

Өлім жазасы - жаза жүйесiндегi ең бір ауыр жазаның бірі. Ол адамды өмір сүру құқығынан ғана емес, өмірінен де айырады. Мемлекет арнайы уәкiлеттi органдары арқылы адамды оның өмірінен айыруға құқылы ма?

Көрсетiлiп отырған жұмыстың актуалдығы, қазіргі таңда өлім жазасын алып тастау туралы пікір туғызған басты мәселе - адамның ең басты құқықтарын - өмір сүру құқығын бұзу болып табылады.

Өлім жазасын қолдану айналасында даулар бүкiл әлемде бірінші жыл емес: оның тарихы мыңжылдықтармен есептеледі.

Зерттеудің бірінші тарауы - өлім жазасын ерте дәуiрден біздің таңымызға дейінгі қолдану тарихи құқықтық сараптауға арналған: оның пайда болуы, дамуы және жаза есебінде қолданылуы.

Зерттеудің екінші тарауы - қылмыстық жазаның түрi ретінде өлім жазасына қылмыстық-құқықтық баға беруге арналған, оның жаза мақсатына сай келуі, өлім жазасына кесілген тұлғаларға қатысты үкімнің орындалу тәртiбi мен әдістері. Өлім жазасына баға беруде, мемлекет өлім жазасын тағайындаумен өз мақсаттарына жетеді ме?

Үшінші тарауында - жалпы философиялық, адамгершілік-этикалық, діни, психологиялық аспектілер тұрғысында өлім жазасын қолдану керек пе жоқ па, өлім жазасын алып тастауға қатысты негізгі халықаралық-құқықтық құжаттары, сонымен қатар, қазіргі таңда оны түрлi елдерде қолдануы қарастырылады.

Бұл зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңынан өлім жазасын алып тастау себептерін анықтау және де қылмыстылықпен күресу үшін қылмысты-құқықтық шараларды жетілдіруді жүзеге асыру болып келеді.

Өлім жазасы ең бір күрделi қылмыстық-құқықтық мәселе болып табылады. Бұл туралы даулар заңгерлер аясында ғана емес, адамдар, қоғам ортасында жүредi. Ең жоғарғы жазаны қолдану мәселесi қоғамды екі топқа бөлдi және бүгiнгi қазақстандықтарға бұл мәселенi шешу керек: өлім жазасы болу керек пе, жоқ па?

Осы жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және зерттеу барысында қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1. Қылмыстық жазаның түрі ретінде өлім жазасының пайда

болуы мен даму тарихы

1. 1 Өлім жазасының ежелгі дәiрден қазіргі кезге дейінгі дамуы

Өлім жазасы! Біреулердің бұл екі сөз қорқыныш тудырады, ал екіншілердің наразылығын тудырады. Көптеген елдерде өлім жазасы қылмыстық жазаның түрi ретінде ресми заңдық негізде адамды өмірінен айруды - заңдық өлтіру деп атап жатады. Сонда өлiм жазасы кісі өлтіруден несімен ерекшеленеді? Ол біздің қылмыстық-құқықтық санамызға, демократиялық, адамгершілік, әділеттік қағидаларына сай ма? Осындай пікірлерді түрлi халық өкілділерінен естиміз.

Өлім жазасы аясындағы мәселе әр уақытта екі жақты қарастырылды -

«ия және жоқ», және де өлім жазасының мәселесiне тарихи жағынан үңілетін болсақ, қоғамда болатын пікір, әр сатыда екі бағытта жүредi - қарсыластар мен өлім жазасын жақтайтындар.

Қылмыстық жазаның түрi ретінде өлім жазасы қалай дамыды, бір сәт өткен шақ, тарихқа үңіліп көрейiк.

Заңдылық түрде өлім жазасының пайда болуын мемлекеттің пайда болуын байланыстырамыз. Сол кездегі ел билеушілер өлім жазасын - әділеттілікті қалпына келтіретін әділ жаза екендігіне сенімді болды.

Алғашқы қауымда өлiм жазасы аңшылық немесе жемiс теру секiлдi жай құбылыс едi. «Мықтылар өмiр сүредi» қағидасы көрсетiлген ережеден аутқыған сәтте-ақ өмірінен айырған. Бұл ереже «мемлекет» және «құқық» пайда болғанша қолданылып келді. Мүмкін осы қауымда өлім «қанды кек» пен «талион» қағидасын таныған болар. Қанды кек пен талион өлім жазасының мемлекеттен бұрын қолданылып келген және де мемлекет пайда болғаннан кейінгі даму дәрежесіне жеткен.

Өлім жазасы туралы алғашқы деректерді Хаммурапи заңдарында кездестіреміз(б. д. д. 5ғ) . Хаммурапи заңдарын шығарушы авторлардың қылмыстық-құқықтық негізде «талион» идеясы бар: істеген кінәсі үшін жазамен кек алу, сондықтан да ол қылмыспен «тең» болуы тиіс.

Ежелгі еврей заңдарында талион идеясы былай көрсетілген: «И да не скажется глаз твой: жизнь за жизнь, ока за ока, зуб за зуб, рука за руку». [1. с. 50-47]

Біз талионда тек бір қатігездікті көреміз. Бірақ, бұл ежелгі халықтар үшін жазаны шектеуден бірден бір әдісі еді: саған істелгеннен артық істемеу. Алғашқы қауымдағы әділеттіліке көзқарастар бойынша жау сені қанша әлсіретсе, сенде оны соншалықты әлсірет деп түсіндірілді. Мысалы: Жаңа Гвинеяның бір тайпасы жау жағынан өлгендер саны екі жағында да теңескенше соғысты жүргізе берген.

Хаммурапи заңдарында өлім жазасының мемлекетке жасалған қылмыстарды қоспағанда, 30 жағдайын көрсеткен. Өлім жазасы ереже бойынша аса қатыгездікпен жасалған: өлтіру, тұншықтыру, ағашқа отырғызу.

Хаммурапи заңдарында әрекеттің субъективтік жағын анықтау қалыс қалды - ниеті, абайсыздық, яғни, өлім жазасы қылмысқа қатысы жоқ адамға қолданылуы мүмкін еді. Қазіргі таңда кінәсін анықтамай жауапкершілік көздеу - объективті ауытқу болып табылады.

«Бұл объективті ауытқу ежелгі Қытай құқығында кең көлемде етек жайған, оған дәлел б. д. д. ІІІ ғ. билік еткен Хань императорының кінәлінің туысқандарының үш әулиетін құрту жарлығы болады. Біріншіден, денелері инемен шаншылып, содан мұрны мен аяқтары кесіліп, өлгенше таяқтармен ұрылады. Бастарын кесіп алып, денелерін алаңда көпшіліктің алдында бөлшектерге бөліп тасталады. Осындай жағдайларға қылмыс жасаған жас баладан бастап, кәрі шалдар да тап болады». [2. с. 50-51]

Хаммурапи заңдылықтары талион идеясы қолданып, қылмыстық жазасының түрі ретінде өлім жазасын қолдануға алғашқы қадам жасағандардың бірі еді.

Мына заңдары да (ежелгі Үндістан) өлім жазасын қолдануда Хаммурапи заңдарынан кем түспеді. Жаза өте қатаң болды. Қылмыс үстінде ұсталған ұры сол азамат өлтірілуі тиіс еді. Талион қағидасына сай кісі өлтіргені үшін жаза -өлім жазасы болды. Қандай да болмасын мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа қастандық өлім жазасына кесілді. Ежелгі Үндістанда өлім жазасының түрлеріне - үшкір ағашқа отырғызу, тұншықтыру, басын алу жатты.

Ежелгі гректердің ежелде жүйелендірілген құқығына Драконт заңы (б. д. д. VII ғ. ) болды. Бұл заңдар өздерінің қаталдығымен әйгілі: жеміс жидектерді ұрлағандардың жазасы әкесін өлтіргендермен теңдей, яғни өлім жазасына кесіледі.

«Плутархтың жазуы бойынша, Драконтадан - қылмыстың үлкен бөлігіне не үшін өлім жазасы деп сұрағанда, ол ұсақ қылмыстар өлім жазасына лайық, ал үлкен қылмыстар үшін одан артық жаза таба алмадым деген екен». [3. с. 75]

Солонның билік ету кезінде Драконта заңдарының жекелеген бөліктері қолданылып, қалғандары алынып тасталды. Жеке меншікке қол сұғу өте қатаң заңдармен жазаланды.

Ұрлық, ереже бойынша, өлім жазасымен жазаланды. Мемлекетке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең ауыры: мемлекеттік сатқындық, демократиялық құрылымға қарсы қастандық болды. Осы қылмыстар бойынша кінәлілер өлім жазасына кесілді.

Қасақана адам өлтіру мен абайсызда адам өлтіруге көзделетін жазада айырмашылықтар бар еді. Қасақана адам өлтіруге - өлім жазасы, абайсызда адам өлтіруге - мемлекеттен қуылу еді.

Өлім жазасы институтының дамуына үлкен ықпалын тигізген Рим құқығы еді. Алғашқы Рим заңдары «ХІІ кесте заңдары» аталды (б. д. д. Vғ. ) .

«ХІІ кесте заңдары» қатаңдығымен ерекшеленеді. «Үйді немесе нанды өртегендер, егістік алқаптарда рұқсатсыз егісті жинағандар өлім жазасына кесілді. Ал, егер олар абайсызда істесе, құл болып, ақыр аяғы өлімге апарар еді». [4. с. 101]

Рим заңгерлері қызметкерлердің қылмыстарына жаза беруді қапыс қалдырмады - парақорлық, қазынаның ақшасын иемдену деген қылмыстар міндетті түрде өлім жазасына кесілді.

Өлім жазасын орындау кінәлілердің дәрежесіне, табына қарай жүзеге асырылды. Өлім жазасына кесілген атақтылар мен солдаттардың басын қылышпен алса, атақты еместерді өртеді, жерге көмді. Құлдарды айқасқан ағаштарға қағып өлім жазасына кесетін.

Алғашқы қауым мен құл иеленушілік қоғамда өлім жазасының пайда болуы мен дамуын қарастыра отырып, сол уақытта қылмысқа жаза қолдануда ешқандай шектеулер болмаған, яғни жазаның түрі көп және әртүрлі әдістермен жасаған деген қорытындыға келеміз.

Ерте феодалдық монархияның пайда болу кезінде Варварлар құқығында негізгі орын алған заңдық дәстүрлер еді. Бұл кезеңдерде ең бір жоғары тұрған дәстүр қанды кек болды, кегін алмай өлген тыныш таппайды деген сенім болды. Тұрақты бір ереже болмады. Саксондық дәстүр бойынша өлтіргені үшін жауап беретін қылмыскер және оның балалары болды. Ал, Бургундік дәстүр бойынша, балалары емес, тек қылмыскер ғана жауап беруі тиіс еді. Кек алушылардың аясы да шектеледі. Олар өлген адамның ең жақын туыстары - әкесі, баласы, ағасы болуы мүмкін. Басқа да опасыздық, қашқындық үшін жаза биліктегілердің шешімімен қолданылды. Мұндай қылмыскерлерді асты, батпаққа батырды. Басқа қылмыстар үшін жәбірленушілерге ерік берілді немесе жаза ретінде айыппұл салынды.

Феодализмның дамуында Батыс Европа елдерінде азаматтық істермен қатар қылмыстық істерді де қарайтын діни соттар пайда болды. Діни соттар қарауына құдай алдында күнә деген қылмыстық істер кірді. Олардың қатарында: сиқыр жасау, дінді мойындамау, жұбайының көзіне шөп салу, қанның араласуы, екі әйел алу секілді істер болды.

Бұл кезе қолданылып жүрген құқықтар: Ломбард құжаттарының құрамасы, Саксондық және Швабтық айна заңдары, немістің «Каролинасы» және тағы басқалар жатты.

Сонымен, «Каролина» заң жинағында өлім жазасы туралы көп айтылған және жазаның ауыр түрлері көп еді. Жазалардың түрлері: өлім жазасы, өртеу, дөңгелекке салып өлтіру, асып өлтіру, суға салып өлтіру, тірідей көміп өлтіру, өлтіру алдында ыстық темірмен сынау, өлтіру орнына сүйрелеп апару.

Әр қылмыс жасалған сайын судья қылмыстың жазасын беру үшін жан қинайтын және ұзаққа созылатын өлім жазаларын ойлап тауып отырды.

«Тарих мынадай үкімдерді келтіреді (exquisitis poenis) :

- үлкен жардан құлату және оны таспен атқылап, одан кейін дарға асу;

- шоқ астына тірідей көму;

- аттармен, пілдермен, арбамен тартып өлтіру;

- басынан аяғына дейін терісін сыпырып алу;

- темір ілгіштермен ішкі мүшелері мен қабырғаларын суырып алу;

- өртеу;

- денесін екіге бөлу;

- мемлекетке жасаған опасыздығы үшін арба үстінде дарға асатын алаңға апарып, тірідей асулы тұрған жерінде ішкі органдары мен жүрегін алып, өзінің шекесіне ұрған және де қасапшы қанды жүрегін алып, көпшілікке қарап: «Міне опасыздың жүрегі»[5. с. 20-64] - деп айқай салады. Сол кездерде «Мемлекеттік опасыздық» деген түсініктің өзі толығымен анықталмаған еді. Ол кездерде көптеген әрекеттерді қылмыс деп табуға болар еді. XVI ғасырға дейін өліктердің ішкі құрылысын зерттеу қылмыс ретінде қаралып өлім жазасына кесілді.

Испанияның королі Филип ІІ, ұлттық бостандығы үшін күрескен Нидерландының халқын өлім жазасына кесу туралы үкімді мақұлдады. 25 мың адам өлім жазасына кесілді. [6. с. 65]

Ағылшындарда да жазаға қатаң еді - қылмыс санының барлық түрі бойынша 4-5 миллион адам өлім жазасына кесілді: Генрих VІІІ - 72 мың адамды, оның қызы Елизавета (XVI ғ. ) - 89 мың адамды өлім жазасына кесті.

Өлім жазасын қолдануда жас мөлшері шектелмеді. Мысалы: XVII ғ. Епископ Вюрцбург 9 жасар қызды «сиқыршы» деп танып, сіңілісімен бірге өртеп жіберген.

Өлім жазасы меншік пен жеке адамдарға қарсы ауыр және ерекше ауыр қылмыстары үшін көзделді.

Ресми теориялар бойынша жазалаудың негізгі мақсаты - қорқыту болып табылды. Флоренцияда өлім жазасына кесілгендерді халық алдында шығарып үкімді орындау дәстүрге айналды. Осы дәстүрді өлім жазасына кесілгеннің жанын қинау арқылы жүзеге асыруға тырысты. Мұнда қайнатылған май, қолданылды, (яғни өлім жазасына кесілген адамды бірден емес, бірте-бірте сол майға түсірді), тірідей көму, ішкі мүшелерін ақтару, көмейіне балқытылған темір құю сияқты түрлі амалдарды қолданды.

Өлім жазасын орындауда жан алғыштың маңызы зор болды. Ол кездері бұл жоғары ақылы мамандықтарының бірі болды. Жан алғыштың үкімді орындаудағы өнері әкеден балаға берілетін мұра еді.

«Барлық орын алған зорлық Құдайдың талап етуі» - деп түсіндірілді. Яғни «сиқыршылар» Құдайдың талап етуімен өртенеді деп дәлелденді».

Ол кездері әйелдерді күшпен алып қашу, күйеулерін алдау, әйелінің кұлмен төсекте болғандығы үшін өлім жазасына кесу өте жие кездесті.

Орта ғасырларда «Каролина» заң жинағының орнына өздігінен ерекшеленетін 1768 жылғы Австрияның «Терезиана» кодексі болды. «Терезиана» үкімді орындауды заңдастырумен қатар, оны қалай орындау керектігін де түсіндірген. Жазаға қатысты кодекстің авторлары қиялдарға ерік берді. Яғни, өлім жазасына қосымша ретінде, адамның терісінен белдік кесіп алуға рұқсат етілді.

Бірақ, мұндай адамды таңғалдыратыны - өлім жазасының қатаңдығы емес, осыны біле тұра, ұрылардың эшафоттың жанында, халық көп жиналған жерде қалталарға түсуі.

Бір қызығы антикалық мемлекеттер секілді, орта ғасырларда да өлім жазасын «үлкен» және «кішкентай» немесе жай және білікті (кәсіби маман) орындаған боп бөлінді. Жай істерге дарға асу, басын алу, тұншықтыру, қылмыскер көмейіне балқытылған металл құю жатты.

Сонымен, Ортағасырлық Европада адамдардың қылмыстары мен бостандықтары тапталды. Шіркеу инквизициялары әлем траихының ашуға ең ұялатын беттері болып қалды. Бірақ тарих бір орында тұрмайды, феодалдық қоғамның орнына, буржуазиялық құрылым келді.

Буржуазиялық төңкерістердің бірінен кейін бірінің болуы Европаны дүр сілкіндірді. Халықтың сұрануы - қылмыстық жаза ретінде өлім жазасын тек қылмыскерлерге қолдану, олардың жан-ұясына кесірін тигізбеу, сондай-ақ діни қылмыстарға қолданбау.

Осы және басқа да пікірлер нәтижесінде 1791 жылы Францияда Қылмыстық кодекс қабылданды. Бұл кодекс «қиялы қылмыстардан» (мысалы: сиқыршы деп кінәләу) бас тартты және де істі заңды сотта қарап, ең маңыздысы, өлім жазасын жанды қинап емес, жәй басын алумен шектелді. Бірақ, бұл буржуазиялық-демократиялық кодекс Наполеон тұсындағы саяси режимнің мүдделеріне қарсы тұрды. 1810 жылы жаңа Француз кодексі қабылданды (оны жиі «Наполеон кодексі» деп атайды) .

Француз төңкерісінен басталған қылмыстық құқықты жаңашалау Англияда да орын алды. ХІХ ғ. басында ағылшын заңдары қандай да болмасын саналы түрде істелген қылмыстардың 240 құрамына өлім жазасын бұйыруғадай болды. Өлім жазасына адам өлтірушілер мен ұрылар ғана емес сонымен қатар, хатпен қорқыту, орман ағаштарын кесу, тиын ұрланса да үкім орындалды.

1819 жылы жазаларды неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылды, ал 1841 жылы өлім жазасы алынып тасталды. Мұндай теңденция көптеген елдерде байқалды.

Қылмыскерлерді тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу өте жиі айтылды. Бірінші рет тәрбиелеу шарасы ретінде қылмыстық атқару мекемелеріне орналастыру XVIII ғ. орын алды.

Қылмыскерлерді қылмыстық атқару мекемелеріне орналастыру Францияда, Англияда, Италияда және тағы басқа мемлекеттерде өлім жазасына шектеу салу туралы пікірталасты болдырды.

1791 жылы өлім жазасын алу туралы мәселе Францияның Кеңесінде қаралды, бірақ та өлім жазасы алып тасталмағанымен, үкімді орындау шектелді.

Қоғамдық пікірлерді де алға қоя отырып, бір қатар ел үкіметтері өлім жазасын белгілі бір қылмыс аясында қолданатын болды. Мұнда айта кетсек, Австрияның Қылмыстық кодексі өлім жазасын 5 жағдайда қолданды; ағылшындардың қылмыстық заңы өлім жазасын ерекше ауыр қылмыстар - корольдік мүшеге қастандық жасау, теңіз қарақшылығы және тағы басқа бойынша қолданылды.

Француздардың 1810 жылғы Қылмыстық кодексі өлім жазасын 39 жағдайлар ғана бойынша; 1848 жылғы 15 қылмыстың түрі бойынша ғана қолданылды (адам өлтіру, өртеу және тағы басқа) . 1848 жылы Швейцария Конституциясы саяси қылмыскерлерге өлім жазасын алып тастады, ал, 1874 жылғы Конституциясында бейбіт кезде жасалған қылмыстар үшін алынып тасталды. Португалияда өлім жазасы 1867 жылы, Нидерландыда 1870 жылы, Норвегияда 1902 жылы қылмыстық заңдарынан алынып тасталды.

І-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін Европа елдерінің бір қатары өлім жазасынан бас тартты. ІІ-ші Дүниежүзілік соғыс қарсаңында саяси режимді елдерде өлім жазасы қайта қалпына келтірді. Екі соғыстың ортасындағы кезең әлемді екі топқа бөлді. Бірінші жағы - буржуазиялық демократиялық режимді сақтаған (АҚШ, Англия, Франция, Бельгия, Голландия және тағы басқа) . Екінші жағы - әскери диктатураны, фашистік режимді қолдаған елдер (Италия, Германия, Болгария, Испания, Қитай және тағы басқа) .

Осы кезеңде буржуазиялық қылмыстық құқықтың тарихында екі фактор орын алды - төтенше заңдар және соттан тыс репрессия. Төтенше заңдар күнделікті құбылыс болды. Саяси қылмыстар және тағы басқа қылмыстар үшін қылмыстық жаза қолдану Қылмыстық кодекстің баптарында тікелей көрсетілді.

Төтенше заңдармен көрсетілген жазалар өте қатаң болды: өлім жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру және тағы басқа.

Жиі кездесетін - соттан тыс репрессия еді (үкімсіз) : полиция мекемесінде өлтірілуі, «қашуға әрекет» кезінде өлуі, қинау кезінде өлуі. Төтенше заңмен соттан тыс репрессияның фашизм кезінде маңызы ерекше болды. Өлім жазасын орындаудың ерекше түрі «қылмыскерлерді лагерде ұстау болды. Олардың ішінен тірі қалғандары аз болды. Өлім жазасын орындау құралының бірі газ камералары, топтық ату, өртеу және тағы басқа».

«Освенцим лагерінде газ камераларына 1500-1700 адамды кіргізді. Содан соң газга қарсы маска киген жан алғыштар камераның ішіне улы зат «циклон» лақтырады. Өліктердің барлығын өртеді. Бұл лагерде күнделікті 10-12 мың адам өлтірілді». [7. с. 338]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА МОРАТОРИЙ
Қылмыстық теріс қылық ұғымдары
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
Рақымшылық және кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
Қылмыстық жаза туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Қазақ тарихындағы өлім жазасы
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Өлім жазасының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz