Саяси қозғалыстың өшу сатысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

1- тарау. Қоғамдық ұйымдардың теориялық әдістемелік негіздері

1. 1. Қоғамдық ұйымдардың концептуалдық аспектісі

1. 2. Қоғамдық ұйымдардың қоғамдағы атқаратын рөлі мен түрлері

1. 3. Қазақстандағы партия жүйелері мен қоғамдық ұйымдардың даму

ерекшеліктері

2 - тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық қоғамның дамуының тұжырымдамасының қорытындысы және даму келешегі.

2. 1. Қоғамдық ұйымдар - азаматтық қоғамның қозғаушы күші ретінде

2. 2. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдардың даму үдерісі

2. 3. Астана қаласындағы озық қоғамдық ұйымдар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қоғамдық ұйымдар (бірлестіктер) бүгінгі азаматтық қоғамның ажырамас атрибуты болып табылады. ХVII ғасырда неміс философы Гегель бірлестіктерді - мемлекеттің түп-тамырын құрайтын азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі деп санаған. Ол: «Біздің қазіргі мемлекеттерде - азаматтар шектеулі шамада ғана мемлекет ісіне араласады, бірақ адамға жеке мақсаттарынан басқа, жалпыға ортақ мемлекет істеріне қатысуы қажет. Мемлекет оған әрқашан бермейтін, бұл жалпыға ортақтықты бірлестіктерден табады» - деп пайымдаған [1] .

Қоғамдық ұйымдар ежелден-ақ, мемлекеттерде кластардан және ерікті азаматтардан құралған өкілдіктердің бірлестіктері болған. Олар адамзат тарихының орта ғасырларында орын алған болатын. Осы бірлестіктердің негізінде, көбінесе, діни идеялар жатқан.

Азаматтық қоғамды дербес субстанция ретінде «байқағандардың» қатарына алғашқы ойшылдардың бірі - ежелгі грек философы Платон (427-347 жж. б. з. д. ) кірген. Оның пайымдаулары адам туылғанынан тән әлеуметтік қажеттіліктер жайында, идеалды адамзаттық қоғам және қатаң мемлекеттік билік туралы. Қоғамның мемлекеттік-ұйымдасқан түрінен бөлек, қоғамның басқа да формалары бар. Ал, оның шәкірті Аристотель өзінің еңбектерінде азаматтардың өмірін барлық салада талдай отырып, мемлекет пен азаматтық қоғамды ашық бөліктерге бөлген. Аристотель полис идеясын дамыта отырып, адамды қоғамдық, саяси жан ретінде қарастырды, ал мемлекетті - саяси азаматтың қоғамдағы дамуының табиғи өнімі деп қарастырды. Полисті адамзаттық бірлестіктердің жоғарғы формасы санады (8. Платон, Аристотель. ) .

Мемлекеттің қоғамнан бөлінуі, оның және қоғамның дербес болуы тек буржуазиялық революцияның қорытындысы негізінде немесе сауда-қаржылық қатынастың толық билеуі бекітілген жағдайда болады. Қоғамдық қатынастардың дамуы негізінде ғалымдардың азаматтық қоғам жайында көзқарастары, пікірлері қалыптасқан болатын. Азаматтық қоғам сұрақтары құқық және қоғамдық келісім концепциясында айқындалады. Бұл концепцияда адам бостандығына, жеке адамның өзін-өзі бағалауына, оның жеке мүлігіне және оның азаматтық құқығынан ажырамастығына көп көңіл бөлінген (голенкова) .

Осы кезеңнің негізгі теоретиктерінің қатарына ағылшын философы Т. Гоббсты (1588-1679 жж. ) атауға болады.

Ең алғашқыда «Қоғамдық келісім» теориясын Т. Гоббс, Дж. Локк, Жан-Жак Руссо негіздеген болатын. Бұл дегеніміз - азаматтық қоғамның, мемлекеттің, құқықтың пайда болуын түсіндіретін әлеуметтік-экономикалық теория. Т. Гоббс авторитарлы монархияны қолдаған, ал Дж. Локк либералдық монархияны қолдаса, Жан-Жак Руссо либералдық республиканизмды жақтаған болатын. Жан-Жак Руссоның «қоғамдық келісім-шарт туралы және саяси құқық принциптері» деп аталатын кітабында: қоғамдық келісім шешетін негізгі мәселе осы - «ассоциацияның әрбір мүшесінің тұлғасын және мүлкін барлық ортақ күшпен қорғайтын және қоршайтын ассоциацияның түрін табу керек және сол арқылы әрбір адам бәрімен бірігеді, тек өзіне ғана бағынады және бұрынғысынша азат болып қала береді», - деп атаған (жж руссо 17 б) .

Т. Гоббстың пікірінше, адамдардың өмірі саяси биліксіз «қауіпті, қатыгез және қысқа» болатын еді. Саяси биліксіз адамдар «барлық нәрсеге құқығымыз бар» деген оймен, әркім өз білгенін істер еді. Сондықтан, осындай жағдайды болдырмас үшін, адамдар саяси қоғамды, яғни азаматтық қоғамды «қоғамдық келісімді» орнату арқылы құрды.

Тәуелсіздік алған күннен бері өткен уақыт бедерінде Қазақстан жаңа тұрпатты, құқықтық-демократиялық мемлекетке айналуға табанды талпыныстар жасап келеді.

Қазақстан Республикасының Конститутциясындағы 1 бапқа сәйкес біздің мемлекетіміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Демократиялық әлеуметтік мемлекеттің барлық міндеттері мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы әлеуметтік келісім-шарттардың институтциялануы арқылы шешіледі, нақты айтқанда - мемлекет, жұмыс беруші, кәсіподақтар, қоғамдық ассоциациялар мен үкіметтік емес ұйымдар арқылы. (мусатаев, 183 б. )

Жалпы, азаматтық қоғамды қалыптастыруда саяси партиялардан бөлек, қоғамдық қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар және кәсіподақтардың да маңызы зор.

Қоғамдық ұйымдар - азаматтық қоғамның элементі. Ол адамдардың мүддесін іске асырудың құралы ретінде құрылады. Қоғамдық ұйымдар түрлі мақсаттарда құрылады. Кез келген мемлекетте қоғамдық ұйымдардың ішінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметі айрықша маңызға ие. Үкіметтік емес ұйым - әлеуметтік проблемаларды шешуде, азаматтық қоғам қалыптастыру мәселесінде мемлекет пен азамат арасында дәнекерлік рөлін атқарып, қоғамдық қатынастарды реттеу тетіктерінің бірі болып отыр. (мұса С, 3 б) .

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Азаматтық қоғам қазіргі демократияның қалыптасуының алғышарты және құрамдас бөлігі. Азаматтық қоғамның негізгі элементінің бірі - қоғамдық ұйымдар. Қоғамдық ұйымдар - азаматтардың ерікті бірлестігінен тұрады және саяси белсенділіктерін арттырады. Ол әлеуметтік қоғамның саяси жүйесінің құрамдас бөлігі.

Дипломдық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі . Елімізде азаматтық қоғамды орнату, ондағы маңызды рөл ойнайтын қоғамдық ұйымдар орнату қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Ол жайында ежелгі грек ойшылдары Платон, Аристотель, классиктер Т. Гоббс, Дж. Локк, Жан Жак Руссо өздерінің қоғамдық келісім теориясын жазған. Қазақстанда да әлі күнге дейін толық зерттелмегендіктен, қазіргі таңда да түрлі баспаларда, оқулықтарда қоғамдық ұйымдар жайында жазылып жатыр. Оны С. Сыздықова, А. Кендербекова, Б. Аяғанов, т. б. зерттеушілер зерттеп жатыр.

Зерттеу пәні. Қоғамдық ұйымдар азаматтық қоғамның элементі ретінде

Зерттеу мақсаты. Азаматтық қоғамның орнауындағы қоғамдық ұйымдардың рөлі, қоғамдық ұйымдардың түрлері мен атқаратын функцияларын білу, қоғамдық ұйымдардың пайда болу жолдарын қарастыру. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдардың шығу тарихы мен қазіргі кездегі қоғамдық ұйымдар. Олардың даму үрдісі мен келешегі.

Зерттеу міндеттері. Жұмыс мақсаттарына байланысты мынадай міндеттер қарастырылды:

  • Қоғамдық ұйымдардың теоретикалық-әдістемелік негіздері.
  • Қоғамдық ұйымдардың концептуалдық аспектісі.
  • Қоғамдық ұйымдар - азаматтық қоғамның қозғаушы күші ретінде.
  • Қоғамдық ұйымдар азаматтық қоғамның элементі ретінде.
  • Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдардың даму үдерісі.
  • Астана қаласындағы қоғамдық ұйымдар және олардың қоғамдағы рөлі

Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1- тарау. Қоғамдық ұйымдардың теориялық әдістемелік негіздері

1. 1. Қоғамдық ұйымдардың концептуалдық аспектісі

Қоғамда ерікті адамдар ортақ мүдде негізінде коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдарға бірігеді. Коммерциялық емес ұйымның бір түрі - қоғамдық бірлестіктер (қоғамдық ұйымдар) . Қоғамдық ұйымдар табыс табуды көздемейді. Бірақ кәсіпкерлікпен де айналысады, дегенмен одан түскен табысты құрылтайшылармен немесе ұйым мүшелерімен бөлісуге құқы жоқ.

Ол азаматтардың рухани, мәдени, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыру мақсатында құрылады. Қоғамдық ұйымдар немесе бірлестіктер адам құқығын қорғау, қайырымдылық қызметіне қатысу, білім беру, ғылымды дамыту, өнер, физкультура-спорт жұмыстарын жүргізу, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қорғау тағы да басқа заң тыйым салмаған қызметтерді атқарады. Қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің түрлері қанша болса, мақсаттары да сан алуан. Нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік, таптық араздықты, конститутциялық құрылысты күштеп өзгерту әдістерін жақтайтын немесе практикада жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының территориялық тұтастығын бұзуды мақсат ететін, соғысты насихаттайтын, сондай-ақ, адам құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол беретін бірлестіктер құруға тыйым салынады.

Қоғамдық ұйым - ерікті және өзін-өзі басқаратын құрылым. Әрбір азамат қоғамдық ұйымды құра алады және заңды жұмыс істеп жатқан қоғамдық ұйымдарға мүше болып кіре алады, қажет уақытында ол ұйымнан шыға да алады. Қоғамдық ұйымдар өздерінің ішкі құрылымын, мақсаты мен жұмыс істеу тәсілдерін өздері шешеді, өздері анықтайды. Мемлекет бұлардың жұмысына заңда көрсетілген (заңның 22, 23-баптары) жағдайларда ғана араласа алады.

Мысалы, мемлекеттік қаржы органдары қоғамдық бірлестіктердің пайда көздерін, түскен ақша мен салықтың төленуін бақылайды, ал сот қоғамдық бірлестіктердің заңды ұстануын тексереді, жұмыстарының жарғыдағы мақсаттан ауыткымауын тексереді. Заңға қайшы жұмыстар жасалған жағдайда сот жолымен сол ұйымның жұмыстарын тоқтата алады. Бірақ, ешқандай үкімет қоғамдық ұйымдардың ішкі құрылымының, сайлауын т. б. бақылауға ала алмайды.

Коммерциялық емес ұйымдардың үш түрі болады:

  1. Қоғамдық бірлестіктер;
  2. Қоғамдық қорлар;
  3. Қоғамдық мекемелер;

4-бап. Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.

Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттармен айқындалады.

5-бап. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары мен

мiндеттерi

1. Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн коммерциялық емес ұйымдардың:

1) заңдарда белгiленген тәртiппен банктерде шоттар ашуға;

2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұйымның толық атауы бар мөрi, мөртабаны және бланкiлерi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген эмблемасы (нышаны) болуына;

3) меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оқшауланған мүлкi, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;

4) мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды иемденiп алуға және жүзеге асыруға;

5) егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, басқа заңды тұлғалар құруға;

6) филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;

7) қауымдастықтар мен одақтарға кiруге, сондай-ақ олардың қызметiне қатысуға;

8) жарғыда көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

9) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Коммерциялық емес ұйымдар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

2) белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа

да мiндеттi төлемдердi төлеуге;

3) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен (мекемелердi қоспағанда) жауап беруге;

4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болуға мiндеттi. (ком. емес. уйым тур заң)

Коммерциялық ұйымды құрмас бұрын, алдымен оның жоғарыдағылардың қай түріне жататынын анықтап алу қажет. өкінішке орай, кейбір азаматтар ұйымды құрып, тіркеп алғаннан кейін ғана сандарын соғып қалады. Себебі, қоғамдық ұйымдардың әрбір түрінің өз ерекшелігі, рұхсат етілген қызмет түрі бар. Енді, осы ерекшеліктерге тоқталсақ, олар:

а) жұмыстың мақсаты;

ә) мүшелерінің болуы (немесе болмауы) ;

б) басқару органдары мен олардың құрылымы;

в) мүлікті иелік ету жүйесі

Азаматтар өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру жолында бір ғана топты емес, көптеген азаматтарды тартатын болса, мұндай ұйымды қоғамдық қозғалыс дейміз. Мысал ретінде, «Семей-Невада», «Азат» сияқты республикаға танымал қозғалыстарды атап өтуге болады.

Қоғамдық ұйым мен қоғамдық қозғалыстың басшы органы - съезд (конференция) немесе оның мүшелерінің, қатысушыларының жалпы жиналысы болып есептеледі. Тұрақты басшы орган - сайланбалы коллегия (басқарма, кеңес) . (19 қыдырәлі)

Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады. Қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі болып келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени -ағарту, спорттық, қорғаныс және т. б) жатады.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
- Қоғамдық -саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар;

- Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар;

- Экологиялық сипатта құрылған ұйымдар;

- Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы) ;

- Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т. б) . (қаз. жоғ. мек. 201 б. ) .

Ұлы неміс философы, әлеуметтанушы және саяси ойшыл Хабермас Юрген өз еңбектерінде қоғамтануға көп көңіл бөлген. Қоғамдық саяси тәжірибедегі басты мәселе бір-бірін түсінушілікке, саяси биліктің тіліне, партияның, әлеуметтік топтардың мәселелеріне көңіл бөледі. Оның идеясында, басқаша айтқанда, концепциясында әлеуметтік саяси бағыт бар. Сонымен қатар, Хабермас Юрген идеологиялық және саяси қондырмаға (надстройка) үлкен мән берген болатын. Ол басшылық пен бағыныштылар арасындағы қатынасты түсіндірген. Осы схема бойынша қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету механизмдерін түсіндіргісі келген.

М. Вебер өзінің зерттеуінде ұйымдардың бюрократиялық теориясын жасаған болатын. М. Вебердің айқындауынша, ұйым белгіленген даму стратегиясын қабылдау керек. Олар келесідей:

1. Мақсатқа жету үшін қажетті тапсырмалардың барлығы жұмыстың жоғары мамандандырылған түрлеріне жіктелу қажет. Атқарушылар өз жұмысының эксперті болуы керек және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, тиянақты атқару қажет.

2. Әр жұмыс немесе тапсырма «абстарктілі ережелер жүйесі» бойынша орындалуы қажет.

3. Әрбір қызметші немесе ұйымның офисі басшылық алдында өзінің әрекеті үшін немесе бағынушылардың әрекеттері үшін жауап беруге міндетті. Басшылардың билігі эксперттік біліммен негізделеді және жоғарыдан басқару иерархиясы бойынша басқарылады. Осылай командалық шынжыр құрылады.

4. Ұйымдағы әр арнайы тұлға өз офисінің жұмысын формальды өткізу қажет. Ол бағынушылар мен өзінің арасында, сондай-ақ, клиенттер арасында әлеуметтік дистанцияны сақтау керек.

5. Бюрократиялық ұйымға жұмысқа алу жұмысшының техникалық квалификациясына негізделеді. Жұмысшының жұмыс бойынша көтерілуі еңбектік стажына және жеке жетістіктеріне байланысты болу қажет.

М. Вебердің пікірінше социологияның негізгі мақсаты әлеуметтік әрекеттерді оның себептері арқылы түсіндіру болып табылады. Халықаралық әлеуметтік ұйымдардың өзара әрекеттері адамдардың өз ісіне өзі мән беру арқылы жасалатын және ол іске асырылған жағдайда жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс- қимыл.

Сондықтан әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен, әрекеттерінің өз ісіне берген мағынасын анықтау қажет; екіншіден, әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет. М. Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкеледі. Сондай-ақ, әлеуметтік әрекеттер институттар мен топтардың іс-әрекет сипатына әлеуметтік ықпал етеді. Сөз жоқ, өркениетті елдердегі әлеуметтік әрекеттер бірінші кезекте қайырымдылық ұйымдарының өзара қарым-қатынасын жақсарта отырып, қоғамның тұрақталуына толық әсер ете бастады.

Ренсис Лайкерттің Мичиган университетіндегі зерттеулерінде тиімді (эффективті) ұйымның тиімсіз (эффективсіз) ұйымнан құрылымдық өлшемі бойынша айырмашылығын көрсетті. Лайкертпен жасалған «Система - 4» жүйесінде ұйым адамның мотивациясы негізінде құрылады:

  • Мақсатқа қарай жылжу процесі;
  • Шешім қабылдау;
  • Бақылау;
  • Децентрализация. (мильнер 27 б)

Қоғамдық ұйым дегеніміз - бұл халықтың белгілі бір тобының мақсат-мүддесін білдіріп, қорғайтын, біршама тұрақты және төменнен жоғары қарай ұйымдасқан ішкі құрылымы бар, мүдделерінің ортақтығы негізінде ерікті түрде мүшелікке кірген, өзін-өзі басқаратын адамдардың ерікті бірлестігі.

Қоғамдық ұйымдарға тән белгілер:

  • оның жарғысының болуы;
  • мамандандырылған басқару аппаратының болуы;
  • біршама тұрақты құрамының болуы;
  • ұйым мүшелерінің оның мүліктік негіздерін құруға материалдық тұрғыда қатысуы (мүшелік, мақсатты жарналарды төлеу) (әуелгазина200)

Қоғамдық ұйымдар - мүдделерінің ортақтығы негізінде еркін ерік білдіру нәтижесінде пайда болған, бірақ өз әрекеттерінің мақсаты ретінде пайда түсіруді көздемейтін азаматтардың ерікті құрылымы. Қоғамдық ұйымдардың жарғысына сәйкес, оның мүшелері заңды және заңсыз тұлға бола алады. Қоғамдық ұйымның жоғарғы басқарушы органы съезд (конференция) немесе жалпы жиналыс болып табылады. Қоғамдық ұйымның үнемі әрекет етуші басқарушы органы таңдаулы алқалы орган болып саналады.

Қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар көптеген белгілерімен ерекшеленеді: өз мақсаттарымен, атқаратын қызметтерімен, сонымен қатар, мемлекеттік билікке қатынасымен, қызмет орындарымен, қызмет түрлерімен және әдістерімен, пайда болу себебімен.

Мысалыға:

  • мақсатының өлшемі бойынша: қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар революциялық және контрреволюциялық, реформаторлық және консервативтік, ұлттық-демократиялық, экологиялық болып келеді.
  • қызмет саласы бойынша: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни, ғылыми, ағартушылық және тағы басқа.
  • қызмет орны бойынша: жергілікті, аймақтық, жалпы мемлекеттік, халықаралық, парламентте әрекет етушілер, басқару құрылымының ішінде, оқу жүйесінде және ғылыми мекемеде, діни салада болады.
  • пайда болу себебі бойынша: апатты және саналы ұйымдасқан.
  • ұйымның тәсілі (әдісі) бойынша: клубтар, ассоциациялар, бірлестіктер, одақтар, соғыстар (фронттар) ;

- әлеуметтік құрылымы бойынша: жастар, әйелдер, кәсіптік болады [зеркин, 302 б. ] .

Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік және бизнес құрылымдарынан толығымен ерекшеленеді. Қоғамдық ұйымдардың ерекшеліктері мынадай:

  • Олар спонтанды түрде пайда болады. Пайда көрмейді.
  • Оны құрушылар қызығушылық танытқан ерікті азаматтар болады. Британияда қоғамдық ұйым құрып, бірлесу адамдардың негізгі құқықтарының бірі.
  • Мұндай ұйымдар пайдасыз болып табылады. Ондағы қаражатты ұйымның мәселесін шешу үшін және мақсатқа жету үшін пайдаланады.
  • Қоғамдық ұйымдардың қызметі ерікті адамдардан құралған басшылардың қамқоршы кеңесімен бақыланады.
  • Ұйымның қызмет саласы, мақсаты, жұмыс ережелері жарғыда белгіленеді.

Бұл қоғамдық ұйымдарға тән жалпы сипаты. Сондай-ақ, олардың арасында айырмашылықтар да бар:

-Шешілетін мәселенің көлемі мен ауқымы. Үшінші секторға ұлттық деңгейде жұмыс істейтін үлкен ұйымдар жатады.

-Персонал және қаржыландыру. Ерікті түрде бірлесіп, қайырымдылық жұмыс жасағаны үшін төлемақы талап ететін ұйымдар да бар. Бұған тұрақты капиталы бар ұйымдар кіреді.

-Қызмет түріне байланысты ұйымдар: Үшінші сектордың ұйымдары қызметі жағынан өте түрліше. Олардың біреуі ұлттық болса, басқалары діни, жергілікті болып келеді[нжо, 28 б. ]

Қоғамда ұйымдар, соның ішінде, саяси ұйымдардың мүшелерінің саны мен сапасының көрсеткіші жоғары болған сайын, олардың саясатқа қатысу деңгейі де жоғары болып есептеледі. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіне араласуына жол берілмейді[сыздықова, 25 б. ] .

Мемлекеттік құрылымда қоғамдық ұйымдар бір қалыпта тұрмайды. Олардың қалыптасуы мен даму барысы бірте-бірте жүзеге асырылады. Осымен байланысты қоғамдық ұйымдардың іс-қимылын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Алғашқы кезеңде қоғамда қоғамдық ұйымдардың құрылуына қажеттіліктің туындауы және оның құрылуы, ал екінші кезеңде қоғамдық ұйымдардың әрекет етуі жүргізіледі. Үшінші дамыған жұмыс кезеңі. Төртінші олардың қызметінің тоқталуы немесе өшу сатысы жүзеге асырылады (әуелғазина200) .

1. 2. Қоғамдық ұйымдардың қоғамдағы атқаратын рөлі мен түрлері

Қоғамдық ұйымдар адамдардың мүддесін іске асырудың құралы ретінде құрылады. Көбінесе олар стихиялы түрде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар өте көп. Ол қоғам өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар ерекше міндеттері мен функцияларын жүзеге асыра отырып, қоғамдық мәні бар мәселелерді маңызды шешеді, мемлекеттік құрылымның жан-жақты дамуына қомақты үлес қосады. Қоғамдық ұйымдардың тармақтанған жүйесінің қалыптасуы азаматтық қоғамның дамуының көрсеткіші болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қозғалыс
Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар
Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қызметі.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси бірлестіктер мен қозғалыстар анализі
Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік
Қазақстандағы саяси қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz