Шариғаттағы қылмыстың объективтік жағы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 Адам өмiрiне қарсы қылмыстарды қарастыратын қылмыстық

заңның даму тарихы ……… . . . …… . . . … . . . 8

1. 1 ХҮII ғ. соңы-ХХ ғ. 90 жылдарына дейiнгi заңдардағы кiсi

өлтiру мәселесi… . . . 8

1. 2 Тәуелсiз Қазақстанның қылмыстық құқықтық заңдарындағы

адам өлтiру қылмысы . . . … . . . 22

2 Адам өлтiру қылмысы үшiн жауапкершiлiк түсiнiгi және

жазаның топтастырылуы. . … . . . …… . . . …… . . . ……… . . . … . . . 30

2. 1 Қылмыстық жауаптылық пен жазаның ұғымы… . . . …. …… . . . 30

2. 2 Қылмыстық заң бойынша адам өлтiру үшiн жаза мен

жауаптылықтың топтастырылуы . . . 39

3 Адам өлтiру қылмысын тергеу әдiстемесi ………. …… . . . … . . . 43

3. 1 Адам өлтiру тергеу әдiстемесiнiң теориялық және

криминологиялық сипаттамасы… . . . … . . . 43

3. 2 Типтiк тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы . . . …. 49

3. 3 Күш қолдану белгiлерi бар мәйiт табылған жағдайларда

жүргiзiлетiн алғашқы тергеу әрекеттерi…. …… . . . … . . . ……… . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . … . . . ……… . . . . . . … . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Республика қызметінің түбегейлі принциптері; қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу [1, 3 б. ] .

Дүниежүзiлiк қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып, Қазақстан Республикасы өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды, оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын атайды, ол өз азаматтарының туа бiткен ажырамас құқықтары мен бостандықтарын танып, белгiлi бiр кепiлдiктер бередi. Адамды, оның өмiрi мен денсаулықтарын, басқа да игiлiктерi мен заңды мүдделерiн қауiптi қол сұғушылықтардан қорғау мiндетi қылмыстық құқықтың мойнына жүктелген. Бұл мiндеттi жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген иглiктерiне нұқсан келтiретiн iс - әректтердi қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкiндiгiн көздейдi.

Қазақ құқығы-қазақ халқының және барлық көшпелi өркениеттiң мәдени байлығы. Ол мың жылдық тарихтың ерекшелiгi және өмiршеңдiгiмен, адам еркiндiгiн жақтаған сипаттармен әлем назарына iлiндi. Ұлы далада, көшпелi өркениеттiң негiзiн құраған, қыпшақтар даңқының үстемдiгiнiң ерте құлдырауы, тиiсiнше Қазақтың құқықтық мәдениетiнiң беделi мен рөлiнiң құлдырауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай.

Ертедегi қазақтардың күнделiктi өмiрiнде кездесiп тұратын азаматтық және қылмыстық iстердi шешу мiндетi билерге жүктеледi.

Тарихымызға көз жүгiртер болсақ, тiлiмiздiң ұшына ең алдымен үш жүздiң ұлы билерi-Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке есiмдерiнiң оралуы жайдан емес. Қазақ халқының бiрлiгiн, тұтастығын бас саясат қылып ұстаған Тәуке ханның қазаққа жасаған көп игiлiгiнiң бiрi-ескiден келе жатқан әдет-ғұрып нормаларын қайтадан жүйелеп, өз заманы талабына сай “Жетi жарғаны” қабылдауы. Бұл заң жобасын қабылдау кезiнде жоғарыдағы айтқан үш бидiң және басқа да билердiң кеңес-ақылдары Тәуке ханға толыққанды заңды дүниеге әкелуге көп септiгiн тигiздi.

“Жетi жарғаны” “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есiм ханның ескi жолы” секiлдi ескi заңдар қалаған. Бiрақ бұл заңның алдындағылардан ерекшелiгi-қатал кесiм, қанды ауыз өлiмге тыйым салынғандығы. Әрiден берiге қанды өткел салған, қарғыс зауалын алған суық сұсты ажалын сүйретiп жеткен “қанға-қан, жанға-жан” дейтiн тоқтатымды жеткенше жеңiлдетiп, құн төлеу, айып атау сияқты жаңа кесiк түрлерiн далалық құқыққа енгiзуiнде.

“Жетi жарғы”-көшпелi қазақ халқының Ата заңы. Ол “Қасым салған қасқа жол”, “Есiм салған ескi жол” сияқты дала заңдарының заман талабына сай өңделiп, дамытылып, толықтырылған билiк, үкiм нұсқауларының жинағы. Бірақ күнi бүгiнге дейiн “Жетi жарғының” толық нұсқасы табылған жоқ.

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Елiмiздiң тәуелсiз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жыл болды. Осы жылдар iшiнде көптеген iс тындырылды. 1997 жылы шiлденiң он алтысында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексi қабылданып, ол 1998 жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап заңды күшiне ендi.

Қазақ ССР-iнiң 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексiнiң нормалары өмiрiмiзде орын алған саяси, әлеуметтiк, экономикалық өзгерiстерге сай келмегендiктен, жаңа Кодекстiң қабылдануына байланысты өз күшiн жойып, 1998 жылдың бiрiншi қаңтарынан әрi қарай қолданылмайды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестiк таптық идеология тұрғысында, әкiмшiлiк-әмiршiлiк жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптерiне негiзделген едi [2, 6 б. ] . Сондықтан өмiрдiң өзi ескi идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетiн, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды барынша қамтамассыз ететiн жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етедi.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген.

Жаңа Қылмыстық заңның ең басты мiндеттерiнiң бiрi адам, қоғам, мемлекет мүддесiн қорғау болып табылады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 96-102 баптарында көзделген нормалар адам өлтiру сияқты қылмыстың алдын алуды мақсат тұтады. Мемлекет адам өлтiру проблемасын қылмыстық құқықтағы нормалар арқылы реттейдi. Қылмыстық заң кiсi өмiрiне қастандық жасаған қылмыскердi ақтап немесе сынауды емес, оны объективтi түрде жазалауды және оны жауаптылыққа тартудағы әдiлеттiлiктi көздеуi тиiс.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл жұмысты жазу барысында негiзiнен А. Н. Ағыбаев [3 ], А. В. Наумовтың [14] оқулықтары, Н. Дулатбековтың [7] монографиясы, М. Қ. Бисенова [4], Джумабекова Р. А. [6], Нақысбеков Т. А. [ 7] Амуртаева Д. Т. [13], Жабагина Р. А. [19], Жетпісов С. К. [22], Кемали Н. С. [23] кандидаттық диссертацияларының .

Соңғы кезде адамның жеке басына қарсы бағытталған қарастырып жүрген ғалымдардың қаламынан шыққан еңбектерде зерделенуде. Бұл бағыттағы iзденiстерге Рахметов С. М. [9], Нақысбаева Т. Ә. [10], Садықова Ж. Е. [11] сияқты Отандық ғалымдардың қосқан үлестерi қомақты.

Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi. Жұмыста Қазақстан құқығы бойынша адам өлтiру үшiн жауапкершiлiктi топтастыру және жазаларды қолданылуы терең де, жан-жақты зерттеу мақсаты көзделiп отыр. Осы мақсатты төмендегi мiндеттердi шешу арқылы жетуге болады:

- ХҮII ғ. соңы-ХХ ғ. 90 жылдарына дейiнгi заңдардағы кiсi өлтiру мәселесiн ашу;

-Тәуелсiз Қазақстанның қылмыстық құқықтық заңдарындағы адам өлтiру қылмысына тоқталу;

-Қылмыстық жауаптылық пен жазаның ұғымы ашу

-Қылмыстық заң бойынша адам өлтiру үшiн жаза мен жауаптылықтың топтастырылуы қарастыру;

-Адам өлтiру қылмысын тергеу әдiстемесiне тереңiрек тоқталу [2, 101б. ] .

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысы тақырыбының ғылыми жаңалығы оның жаңа қылмыстық заңға негізделген ережелерін қарастыруда. Сонымен бірге адам өлтіру қылмысы үшін жаза мен жауапкершілік арнайы әдебиеттер мен дерек көздерінде ғана кездесуі қарапайым халықтың бұл мәселе бойынша хабарсыз болуына үлкен әсерін тигізеді.

Зерттеу жұмысының әдiстемелiк негiзiн қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдiстер теориялық негiзiн қылмыстық құқық, криминология салаларында iргелi еңбектер қалады. Тақырыпты зерттеу барысында тарихи талдау, салыстырмалы құқықтану, үйелi - құқықтық құрылымдық талдау әдiстерi кеңiнен пайдаланылды. Адам өлтiрудiң криминологиялық аспектiлерiн зерттегенде статистика және нақты әлеуметтiк (қылмыстық iстердiң материалдарымен танысу) әдiстерге жүгiну орын алды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемi. Жұмыстың құрылымы зерттеудiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттарына сай келедi. Диплом жұмысы кiрiспеден, негiзiгi бөлiмнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады. Негiзгi бөлiмi үш тарауға бөлiнген.

1Адам өмiрiне қарсы қылмыстарды қарастыратын қылмыстық заңның даму тарихы

1. 1 ХҮII ғ. соңы-ХХ ғ. 90 жылдарына дейiнгi заңдардағы кiсi өлтiру

мәселесi

Қазақ елiнiң тарихының бiр тармағы-қазақтың ата жолы, қазiргi құқық деп аталатын ұғымға толық сәйкес келетiн әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерi және қоғамдық өмiрдегi қатынастар. Бұл қастерлi қазынамызды баға жетпес байлық ретiнде зерек көңiлмен зерделейтiн әр еңбек -халқымыздың рухани мұрасын молайтатын жүйелi жұмыс нәтижесi.

Қазақ құқығының әлемдiк өркениетте алатын орны жайлы академик С. З. Зиманов: “Қазақ құқығы-қазақ халқының және барлық көшпелi өркениеттiң мәдени байлығы. Ол мың жылдық тарихтың ерекшелiгi және өмiршеңдiгiмен, адам еркiндiгiн жақтаған сипаттармен әлем назарына iлiндi. Ұлы далада, көшпелi өркениеттiң негiзiн құраған, қыпшақтар даңқының үстемдiгiнiң ерте құлдырауы, тиiсiнше Қазақтың құқықтық мәдениетiнiң беделi мен рөлiнiң құлдырауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың еркiндiк қабiлетiнiң сақталуымен, оқшау орналасуымен түсiндiруге болады”-деп атап өттi [2, 12 б. ] .

Ертедегi қазақтардың күнделiктi өмiрiнде кездесiп тұратын азаматтық және қылмыстық iстердi шешу мiндетi билерге жүктеледi. Билердi қазiргi күнгi судьялар құсап ешкiмде сайлап қоймаған. “Бұрын қазақтардың барлық дау-жанжалдарын өздерiмен бiрдей, өз араларында өмiр сүрiп, бiте қайнасқан, алайда олардың мiнез-құлқын, әдет-ғұрпын жетiк бiлетiн билер шешiп, әрi билiк шешiмiнде мүлде қателеспеген. Билер өздерiне жүктелген қасиеттi мiндеттi жете түсiнiп, ең ауыр қылмыс-ұрлықтың тамырына балта шабуға мейлiнше назар салған”-делiнген Алекторов жұмысында [4, 4 б. ] .

Қазақ даласында би ешқашан сайланбалы қызмет болған емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келiсiмi мен шешiмi бойынша елдiң салт-дәстүрiн бiлетiн, шежiреден хабары бар, аузы дуалы, сөзi уәлi, шаруасы түзу, ата тегi белгiлi және елге беделдi, сыйлы адамдар ғана би болған.

Ел iшiнде, көпшiлк жұртқа әдiл, тура билiгiмен танылған билер беделi әрқашан күшейiп, олардың орны маңыздала түседi. Әдiл билер iшiндегi шоқтығы жанған жұлдыздардың тек ауыл арасындағы дау-дамайды ғана емес, бүкiл далалық мәселелердi де шешуге хұқы болған. Осы жағынан тарихымызға көз жүгiртер болсақ, тiлiмiздiң ұшына ең алдымен үш жүздiң ұлы билерi-Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке есiмдерiнiң оралуы жайдан емес.

Шариғатта қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінбейді. Жаза және қылмыстың түсініктері, қылмыстық жауаптылық, қылмыстарды қайталау сияқты сұрақтар арнайы түрде қарастырылмаған. Ал қылмыскерді жасырып отырған немесе қылмыс іздерін жасырған адамдар қылмысқа қатысушылар ретінде ескерілмеген.
Шариғат бойынша қылмыстар 3 түрге бөлінеді:
1) құранда жаза мөлшерлері көрсетілген іс-әрекеттер (хадд) ;
2) жеке адамға қарсы қылмыстар (джинаят) ;
3) соттың шешімі бойынша жаза ретінде түзеу қолданылатын іс-әрекеттер.

Қылмыс түрлерін жасалу сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай санаттарға бөлу қалыптасқан. Нақтырақ айтсақ:
1-санатқа Аллаға және барлық мұсылман қоғамының қатаң қағидаларына қарсы бағытталған өте ауыр қылмыстар жатады. Мысалы, құдайды мазақтау, дін ауыстыру, басқа дінге сенушілермен достық қарым-қатынаста болу, ел басына қарсы шығу, діни салттарды орындамау, жезөкшелік, дәлелсіз түрде жезөкшелікпен айыптау, жала жабу, малмен жыныстық қатынасқа түсу, ұрлық, қарақшылық, басқаның мүлігін алып қою, спирттік ішімдіктерді ішу және т. б. Мұндай қылмыстар үшін құранмен әртүрлі шаралар және өлім жазасы қарастырылған. Алынған мәліметтерге қарағанда қазіргі күнде Сауд Арабияда жоғарыда көрсетілген қылмыс түрлерінен бөлек есірткі заттарды осы мемлекет аумағына алып келген адам (азаматтығы, жынысы және жасына қарамай), сондай-ақ қорқытып алу, спирттік ішімдіктерді мемлекетке алып, оны дайындау немесе сатуда ауыр қылмыстар қатарына жатады.

Түрлі мазхабтарға тиісті құқықтанушылар жоғарыда айтылған қылмыстың кейбір түрлерінің бірінші топқа жататын-жатпайтындығы туралы пікірлерін білдірген. Бір топ ғалымдар дәлелсіз түрде жезөкшелікпен айыптау, жала жабу қылмысына Құран Кәрімде қатаң жаза белгіленген болса да, бірақ бұл қылмыстың жасалуын жариялаған кейбір адамдардың әрекеттері өзіне залал келтіреді, сол үшін мұндай қылмыс үшін жаза тек қана жәбірленушінің талабына қарай қолданылады, жәбірленуші қылмыскерлердің күнәсін кешуі қажет деп оны бірінші топтағы қылмыстар қатарына қоспау туралы пікірін білдірген. Бірақ Ханафи мазхабындағы құқықтанушы ғалымдар бұл қылмыстың қоғамға әсері болғаны үшін күнәдан босатуға жол бермейді деп есептейді.

Дін ауыстыру - рухани және азаматтық өліммен ұштасқан ең ауыр қылмыс болып танылады. Дінін ауыстырғандарға өлім жазасының ең қиын тәсілдері қолданылған. Үкімді орындауға дейін қылмыскердің некесі бұзылып, оның мүлігі тәркіленіп, оны мұсылмандық салтпен жерлеу құқығынан айырған.

Елбасына қарсы шыққандар дін ауыстырылғандарға теңестірілген. Осы сылтаумен билік етуші топ халықтың тәуелсіздікке ұмтылуын басып отырған. Имамдар мен пайғамбардың атына кір келтіргендерді өлтіруге әр адамның құқығы болған. Құлдар құқықтың субъектісі болмаған, олардың құқықтары қорғалмады. Бірақ жазаға келгенде дін ауыстыру үшін құлдар ерікті адамдарға теңестірілген. Мұсылман діні басқа діндерге агрессиямен қарайтын дін болып табылады және олардың өкілдерін "кейінгі өмірде отта қиналатын дінге сенбеушілер” деп атайды [4, 5 б. ] .

Шариғат ашық түрде мұсылмандар мен мұсылман еместердің қылмыстық құқықтық қатынаста тең еместігін көрсеткен. Егер мұсылман емес мұсылмандық мемлекетте жүре тұра мұсылманша киініп, мұсылманның үйінен жоғары үй тұрғызса, қоңырау соқса, ашық жерлеу салттарын жүргізсе, атқа мінсе, қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Мұсылман мен мұсылман еместің арасындағы достық шариғат бойынша дін ауыстыру болып саналады. Құранда мұсылмандарға мынадай сөздер айтылған: "Олар сендерді өздері сияқты жасағысы келеді, құдай жолына түспегенше олармен дос болмаңдар” делінген.

Шариғаттың қағидалары Шығыс елдерінде билік етуші топпен өзінің агрессиялық саясатында басқалардың территориясын жаулап алу үшін, кәпірлерге қарсы "қасиетті соғыстың” өрістеуі, ұлттық теңдікті және ел басшылары арасындағы достықты жою үшін қолданылды.
Айта кететін жайт шариғатта дінге қарсы қылмыстар туралы толық және ашық түрде айтылмаған. Намаз ережелерін бұзу, спирттік ішімдіктерге, құмар ойындарына салыну қылмыс болып табылған. Құранда былай айтылған "Сенушілер, шарап, ойын, құмар - шайтанның ісі, сондықтан одан қашыңдар”.

Шариғат жеке меншік құқығын қорғаған: ұрлық жасағаны үшін қылмыскерден заттың бүкіл құнын төлетіп қоймай, оны ұзақ мерзімге абақтыға қамап немесе дене мүшелерін кескен; қарақшылығы үшін өлім жазасы да қолданылған.

2-санатқа мына қылмыстар жатады: адамды өмірінен айыру, денсаулығын зақымдау немесе жара түсіру. Қасақана адам өлтіру үшін өлім жазасы қарастырылды, бірақ жәбірленушінің туыстарының қалауы бойынша қылмыскер ақша немесе мүлік берумен құтылған. Денеге зақым, жара түсіру үшін шариғат тән жазаларын қарастырған, бірақ талапкер сұранысы бойынша бұл жаза мүлік берумен ауыстырылған.

3-санаттағы қылмыстарға: соғыс кезінде қашу, жалған куәгерлік, жалған жала жабушылық, әлеуметтік қарым-қатынасқа қарсы бағытталған барлық түрдегі қылмыстар, оларға зекет төлемеу, адамдарға материалдық зиян келтіру, (ұрлық және басқыншылықтан бөлек) бітім бойынша міндетін орындамау, қан үшін айыппұл төлемеу, кем өлшеу, кем тарту, біреуді күндеу, парақорлық, бюджетті немесе жетімнің ақысын жеу, көрінеу жалған үкім шығару, жалған куәлік беру, қоғамда жүру-тұру ережелерін бұзу, адамдарға немесе өз қол астындағы жұмысшыларға зұлымдық көрсету, дінде көрсетілгендерді теріске шығару, қоғамдық мүлікті талан-таражға салу, намысқа тию (айдап салу), еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы (нәпсіқұмарлық), зейнетақы төлеу міндетінен бас тарту және тағы да басқалары жатады. Бұл қылмыстар үшін мұсылман мемлекеттерінде жарияланған таъзир, яғни қатесін айтып ұялту, ұру, түрмеге қамау, айыппұл төлету, тайпадан шығару сияқты жазалар қолданылады. Осы айтылғандардан шариғаттың әрқилы жазаларға, мысалы, өлім жазасы, тәнге немесе мүшеге зақым келтіру сияқты шаралар қолданатынын көреміз. Түркия, Парсы, Шығыс және басқа да мұсылман мемлекеттерінің тарихын зерттеген ғалым М. Капустин былай деген: "байлар үшін тән жазалары ақшалай айыппұлмен немесе мүлікті тәркілеумен ауыстырылады”. Бұларға мысалы: қанды кек алу, ұжымдық жауапкершілік қағидасы жатады. Құранда бұған байланысты былай делінген: "Мұсылмандар! Сендерге кек алуға болады: ерікті-ерікті үшін, құл-құл үшін, әйел-әйел үшін. Ал егер оның істеген іс-әрекетін бауыры кешірсе, онда ол сол адамға жақсы ісімен жағуы керек”.

Құранда кек алу құқығын тек жағдайы теңдес адам үшін жүзеге асырған, яғни құлдар құлиеленушісі үшін, әйел ер адам үшін, мұсылман емес мұсылман үшін, ерікті емес ерікті үшін кек алуға құқысы жоқ. Аталған салттар билеуші топтың қолында жұмыскерлерді пайдалануда үлкен құрал болды.

Қылмыстық құқық пәні бойынша әрбір қылмыс төрт элементтен (қылмыс объектісі, қылмыстың объективтік жағы, қылмыс субъектісі, қылмыстың субъективтік жағы) тұрады.

Төрт құрам элементі барлық қылмыс түрін сипаттаушы негізгі құрал болып табылады. Сүнниттіктің төрт ғылыми зерттеулерінде қылмыс түрлерінің түсініктерін ғылыми-теориялық және тәжірибелік жағынан талдаған, суреттеген. Осының негізінде әрбір қылмысқа жеке жаза белгіленген.

Шариғат бойынша қылмыстардың жалпы объектісі - дін және мемлекет негіздері, тұлғаның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, намысы, мүліктің түрлері, әсіресе жеке мүліктер, қоғамдық тәртіп және оның қауіпсіздігі. Діни ережелер сауда-саттық тәртіп ережелері, әділ соттау негіздері және басқа бірқатар қоғамдық қарым-қатынастар да бола алады. Мысалы, діннен бас тарту, құдайға күмәндану, көп құдайшылық, исламнан безу сияқты әрекеттер бір қылмыстың түрлі көріністерін білдіреді. Бұл қылмыстардың жалпы объектісі діни қарым-қатынастар болып, айыпталушының қылмыстық әрекеті діни қарым-қатынастарға залал келтіруге бағытталған. Адам бұл қылмыстарды жасау арқылы ислам дінінің қоғамдағы беделін төмендетуге әрекет етеді. Исламның алғашқы таралған кездерде бұл қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейі жоғары болып саналғаны белгілі. Себебі айыпты осындай әрекеттері арқылы көпшіліктің ислам дінінен бет бұруына себепші болуы мүмкін болған. Сондықтан бұл қылмысқа қатаң жаза "хадд” белгіленуі негізсіз емес.

Шариғатта зиянның салдарын мүлікке келтірілген зақым бойынша анықталатындығы мәлім. Қылмыстық заңда анықталғандай көрсетілген жағдайларда ғана қылмыстың заты туралы айтуға болатындығын дәріптейді [2, 15-19 б. ] .

Мұсылман қылмыстық құқығы тізімінде қылмыстардың объектісін, әсіресе оның затының мөлшерін толық анықтау - адамның қылмысты әрекетін дұрыс дәрежелеумен қатар, оған тиісті жазаның түрін белгілеуде көмек береді.

Шариғаттағы қылмыс түрлері жалпы объектілерден тұрады демей, керісінше оларды қылмыстың тікелей объектісі ретінде талдау керек. Мысалы, адам өлтіру қылмысының тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулыққа зардап келтіруде адамның денсаулығы. Опасыздықпен айыптау, яғни жала жабуда адамның абырой-намысы, ислам дінінен безуде дін негіздері және басқа да қылмыстың объектісі болуы мүмкін.

Сонымен, мұсылмандық қылмыстық құқықта адам қылмыс жасаса, қоғамға келтірген залалдары үшін қылмысына сай жазаланады. Сонымен бірге қылмыс объектісін, әсіресе оның затын анықтау, қылмыстарды іріктеу, әрбір қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейін талдау және қазылар тарапынан қылмыстық заңды әділ бағалау мәселелері оларда өзектілік білдіреді.

Шариғаттағы қылмыстың объективтік жағы. Қылмыстық заңдармен қорғалатын объектіге қарсы бағытталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілер қылмыстың шындық жағын мазмұндайды.

Әрекет немесе әрекетсіздік тек заң жағынан қорғалатын объектіге қарсы бағытталған болса, яғни қоғамға қауіпті болса, қылмыс деп саналады. Қоғамға қауіпті болмаған әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың белгілері болмағандығы үшін қылмыс деп саналмайды.
Қылмыстың объективтік жағы болмаса, қылмыстың объектісіне шабуыл болуы мүмкін емес, субъектінің ойында әрекеттің объективтік белгілерін анық көрсететін субъективтік жағы да және қылмыстың субъектісі де болмайды. Қылмыстың басқа элементтерімен бірге, оның объективтік жағы да қылмыскер жасаған күнәнің дәрежесін анықтайды және оған тиісті белгіленетін жазаға әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық мәдени және діни дәстүрлердің халықаралық құқыққа әсері
Ислам дініндегі қылмыс пен жаза
Қылмыстың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі
Қылмыстың бъективтік жағының негізгі белгілері
Қылмыстың құрамы және құрылымы
Қылмыс құрамының обьективтік жағының түсінігі және маңызы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативтік белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz