Әлем әдебиеті Мұхтардың шығармалары арқылы ұлы


МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 3-5
І тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ әңгіме жанры және
М. О. Әуезов прозасындағы қаламгерлік ізденістер . . . 6-35
І. 1. М. Әуезов әңгімелерінің зерттелу тарихы . . . 6
І. 2. М. Әуезовтің ХХ ғасыр басындағы әңгімелерінің жанрлық ерекшеліктері
мен тақырыптық мазмұн даралығы . . . … . . . 13
ІІ тарау. М. О. Әуезов әңгімелерінің драмалық табиғаты және тарихилық
мәселесі . . . 36-65
ІІ. 1 М. Әуезов әңгімелеріндегі «қорғансыздар» тақырыбы: драмалық
табиғаты мен тарихи шындық болмысы . . . …… . . . 38
ІІ. 2 . Алғашқы жылдардағы әңгімелеріндегі трагизм, тарихилық, ұлттық таным
және образ жасау шеберлігі . . . … . . . 57
Қорытынды . . . 69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . … . . . 72
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі : Қазақ әдебиетінің кең тынысты бір саласы саналған әңгіме жанрына тың екпін әкелген М. О. Әуезовтің көркем прозасы шын мағынасында көркемдік пен шынайылықтың берік тоғысынан туған өнер туындысы десек артық айтқандық емес. Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы - қазақ әдебиетіндегі көркем проза табиғатын тақырыптық және мазмұн жағынан байытып, жаңа бір сатыға көтерілуіне қапысыз қызмет еткен жазушы.
Бүгінде қазақ әдебиетінің проза жанры көкжиегінің өрістеу, өсу динамикасын танып білу үшін ұлттық дүниетаным тұрғысынан М. Әуезов шығармасын қайта таразылау талабы келіп туындайды. Әрі кемеңгер жазушы шығармаларының драмалық табиғаты мен тарихи шындық болмыс- бітімі Кеңестік идеология тұрғысынан талдануы бүгінде жазушы шығармаларына берілген толық қанды әділ баға емес. М. Әуезов шығармаларының құндылығын, көркем әдеби мұраларының көркемдік, танымдық сипатын әр дәуір әр қырынан өзінше танып, оған өзінің ой - пікірін білдіріп отыруы заңды құбылыс. Әр дәуір, әр ұрпақ қанша пікір білдірсе, мұхтартану саласы және ұлы суреткер мұраларының көркемдік әрі шындық табиғаты мен берік болмыс - бітімі соншалықты байып, қордалана түспек. Мұхтар шығармаларының рухани табиғатын танып білуде, зерттеуде ұлттық рухани тәрбиені басты назарда ұстанамыз.
Диплом жұмысының зерттеу өзектілігі бүгінгі уақыт талабына сай, кемел жазушының талғампаз оқырманның ой -парасатына, сезім қабылдауына лайықталып жазылған еңбектерін егеменді ел парасаты тұрғысынан пайымдау және сол арқылы жазушының қазақ әдебиетіндегі көркем әңгіме жанрын қаншалықты биіктеткенін саралау болып табылмақ. М. Әуезовтің көтерген тақырыбының әрі суреткерлік дүниетаным ашу үшін, стильдік табиғатына үңілу ушін оның әңгімелерінің драмалық сипаты мен тарихилық мәнін ашу маңызды болмақ.
Қазақ әдебиетіндегі орнын айқындап, шығарма мазмұны мен ішкі танымын зерделеуде көркем тіл табиғаты басты назарға ілінбек. Мұхтар Әуезовтің көркемдік ерекшелігі мен шындығы берік тоғысқан әңгімелерінің драматизмдік табиғатын зерттеп қарастыру өткен ғасырдың 30 - 40 - жылдарынан басталса да, бүгінге дейін жүйелі ғылыми қалыпқа түсіп, өз бағасын әлі де толық алып болмауымен өзекті.
Диплом жұмысының нысаны: Зерттеу жұмысында негізгі нысанға «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Сөніп-жану», «Қаралы сұлу», «Кінәмшіл бойжеткен», «Жетім», «Қыр әңгімелері», «Ескілік көлеңкесінде»,
т. б. әңгімелері алынды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының басты мақсаты - 1920 - 30 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі көркем проза жанрының көркемдік, драматизациялық ерекшелік келбетін, тақырыптық сипатын, шындықтың болмыс - бітімін игерудегі жетістіктерін саралау, Мұхтар Омарханұлы шығармаларының тақырыптық мазмұнын, тарихи шындыққ қатысын, образдар табиғатын ұлттық таным тұрғысында зерделей жүйелі қарастыру.
Диплом жұмысының бөлімдері мен тараушаларын жазуда Мұхтар Әуезов әңгімелерінің өзектілігі мен бүгінгі күнде де өз маңызын жоймаған өміршеңдігін, ондағы ұлттық сана болмысы мен дүниетанымдық парасатын танып білу сынды іргелі мәселелерді басты мақсат етіп ұстанып отырдық.
Қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлғаларды жүйелі тұрғыда зерттеу нысаны етіп қарастыру бүгінгі әдебиеттану ғылымының кенжелеу қалып отырған дүниесі болғандықтан қазақ әдебиетіндегі проза жанрының кезеңдік сипатын қарастыра кетуді мақсатты бағыттардың тіні етіп алдық. Ұрпақ қай қоғамның, қай заманның болмасын өзекті мәселесі болатыны ақиқат. Міне, сол тәрбие үрдісіндегі ұрпақтардың көркемдік тұрғыда рухани жетілуіне негіз болатын құралдардың бірі - Мұхтар Омарханұлының әңгімелері болатыны шындық. Осы бітіру жұмысында жазушы туындыларын жанрлық, тақырыптық аяларына қарай жіктеп қарастырдық. Қазақ әдебиетіндегі көркем әңгіме саласын едәуір өрістетіп, тақырып жағынан кеңейткен Мұхтар Омарханұлының ХХ ғасыр басындағы көркемдік ерекшелігі мен шындық болмыс-бітімі өзара жарасымды үйлесім тауып, бір арнада тоғысқан әңгімелерінің драмалық табиғатының талдануы, тарихи шындық сипатының ашылуы жұмыстың өзектілігі мен мақсатын айқындайды. Жазушы шығармаларын жанр, түрлік жағынан жіктей қарастырып және 20- жылдары жазылған әңгімелерінің тақырыптық, стильдік ерекшеліктерін ашуға баса назар аудардық.
Қазақта Әуезовті зерттемеген, ол туралы сөз қозғамаған қаламгер кем де кем шығар. Бірақ оны «зерттеп қойған», «айтылып болды» деп қарау үлкен білместік болар еді деп ойлаймыз. Бітіру жұмысымызда қазақ әдебиетінде әлі де толық зерттелмей жүрген Әуезов әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі мен шындық болмысына жаңаша пайым ету тәсілдеріне баса назар аудардық. Жалпы, Әуезов әңгімелерінің тарихилық сипаты мен драмалық келбеті, көркемдік ерекшелігі мен шындықты игерудегі шеберлік болмысына тиісінше көңіл бөлінбеуі осы тақырыптың зерттелуін қолға алу қажеттілігін дәлелдейді. М. Әуезов әңгімелерінің көркемдік және тарихи-драмалық негізінің қуаттылығымен өзіне назар аудартатынын, сол арқылы өзінің ерекше даралық стилімен өзгешеленетінін, ерекшеленетінін байқадық. Осыған орай диплом алдына мынадай міндеттерді шешу мәселесі қойылды:
- М. О. Әуезов әңгімелерінің тарихилық және драмалық негіздерін қаламгердің тұтас шығармашылығы, сондай-ақ ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс контексінде қарастыру;
- М. Әуезов әңгімелеріне негіз болған оқиғалардың көркемдік берілу нәтижесі арқылы олардың жанрлық табиғатын айқындау;
- жазушы әңгімелерінің әлеуметтік мәселелерді көтеруі, тақырыптарды ашудағы шеберлігі;
- М. О. Әуезов әңгімелерінің жанрлық-стильдік ерекшеліктерін зерделей отырып, сол шығармалардағы көркемдік дәстүр жалғастығы мәселесіне талдау жасау;
- тарихилық мәселесінің көркем әдебиеттегі көрінісін М. О. Әуезов әңгімелері аясында қарастыру;
- М. О. Әуезов әңгімелерінің қазақ әдебиеті тарихындағы орны мен рөлін айқындау.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес анықталды. Бітіру жұмысында жүйелік - хронологиялық, әдеби - ғылыми аналитикалық талдау, ғылыми тұжырымдарды саралау, жинақтау және қорытындыларды негіздеудің әдіс-тәсілдері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдық сипаттары: М. О. Әуезов әңгімелерінің тарихилық сипаты, драмалық табиғаты, көркемдік қуатының жүйелі түрде ғылыми мәселе ретінде қарастырылуы тақырыптың жаңалығын байқатады. М. О. Әуезов әңгімелерінің тарихилық, драмалық негізіне қатысты табылған тың деректер, оның әңгімелерінің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Тарихилық пен драматизм мәселелерінің ара қатысы айқындалады. Осы материалдар негізінде жасалған салыстырулар, М. О. Әуезов әңгімелерін зерттеу арқылы көркемдік қуатын, драмалық табиғатын айқындау дипломдық жұмыстың өзіндік ғылыми жаңалығы болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Жұмыстың ғылыми негізге сүйенген нәтижелері мен басты тұжырымдық қорытындыларын жоғарғы оқу орындарының студенттері мен жалпыға бірдей білім беретін орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына М. О. Әуезов әңгімелеріндегі драматизм және ондағы тарихи шындық, сондай-ақ көркем образ жасаудағы шеберлігі мен шағын тақырыптың көркемдік қуатын таныту мақсатында арнайы семинар пәні ретінде пайдалануға ұсынылады. Сондай-ақ студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларында жасалар мұхтартану тақырыбына қатысты баяндамалар мен реферат, курс жұмысы, бақылау жұмыстарында қолдануға жарайды.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан (ішкі тараушалары бар), қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫ ЖӘНЕ М. О. ӘУЕЗОВ ҚАЛАМГЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕРІ
1. 1. М. Әуезов әңгімелерінің зерттелуі
М. Әуезовтің шығармашылық мұрасының күрделі де ажырамас бөлігін құрайтын 20-жылдардағы әңгімелерінің зерттелу тарихын қарастыру арқылы қазақ әңгімелерінің даму, көркею, жаңа сапаға көтерілу сипатын анықтарымыз белгілі.
Ұлы суреткердің көркемдік әлеміндегі алғашқы тәжірибелері, шығармашылық ізденісі мен суреткерлік даралығы ХХ ғасырдың 20-жылдарында-ақ жазылып, айтыла бастады. Жазушының өзі жайлы баспасөзде жарияланған еңбектің басы «Сарыарқа» газетінде басылды, «Игілікті іс» деп аталатын мақалада Ойқұдықта «Еңлік-Кебек» пьесасының қойылып, оны М. Әуезовтің ұйымдастырғаны айтылған. Бұл мақала жазушы жайлы жазылған талай толымды еңбектің төлбасы болуымен де аса құнды[1] . Мақала жазылған уақыттан бүгінгі күнге дейін Әуезов шығармашылығы турасындағы ғылыми еңбектер тізімі артып, әуезовтану саласы кең қанат жая өркендеді.
Әдебиеттің қадам алысымен бірге әдеби сынның да қалыптаса бастағаны аян, бұл ретте М. Әуезовтің де баспасөз арқылы төл әдебиетіміздің сол күнгі даму үрдісі жайындағы толғамдарымен оқырманмен бөлісіп отырғанын айтқан ләзім. Бұл жылдары прозаның алғашқы үлгілерін жасаушылардың алдыңғы легінен көрінген М. Әуезовтің де төлтума шығармалары нысанаға алынып жетістік, кемшілік жақтарын таразылау басталды.
Жазушы шығармасына қатысты баспасөз арқылы Ж. Аймауытов [2], Ж. Орманбайұлы[3], Д. Ысқақов [4], С. Сәдуақасов [5], М. Қаратайұлы[6], Ғ. Тоғжанов[7] сынды сол тұстағы әдебиет қамқоршылары өзіндік түйіндеулерін ортаға салған. Қазақ сынының басы, М. Әузовтің «Бәйбіше-тоқал» пьесасына талдау жасалған «Қорғансыздар» мақаласының авторы Д. Кәкітайұлы шығармаға ой кезімен қарап, орнықты пікір білдіреді. «Турлі ұсақ кулық, жіңішке айла, екіжүзділік, опасыздық, қиянатшылдықтардың жасырын ішке тыққан найзалардың бақталас, бәсекелердің түрлі тарау байланыстарын ашық түрде кестелей шешуден һәм тілмен айтылған әсерлі суреттерден көреміз. Қолға алған мәселесін жете тексеріп, түзу уғынып, жарыққа салғанын байқаймыз» [4, 74] деп пьесаның мазмұнын қуаламай, көтерген жүгіне, көркемдігіне баға берген.
Әдебиетті таптан бөлмеу идеясы тұрғысында байлам жасаған Ғ. Тоғжанов: «Мұхтар жаңалықты, үлгіні өткеннен іздейді, қазақтың баяғы батыр, шешен биі, сал серісі, ерке қызы, міне, Мұхтардың үлгілі адамдары осылар» деген сын айтады[7] .
Көркем әдебиет, әдеби шығарманың қоғам тіршілігін қырағы байқап, байыпты зерделеп, терең сезіне білу және тілек етуден гуындайтыны айқын. Қазақ әдебиетінде М. Әуезовтің салған сүрлеуі - реализм. Жазушы өз ортасының бар шындығынан алыс кете алмаған, заман ақиқатын әсіре боямадан қорғай отырып, дәлдігімен, шындық өлшемімен берген.
XX ғасырдың 20-жылдары әдебиетке бір табан жақын жүргендердің сын айтуды машық көріп, асыра сілтеп, сынап қарағаны жегігіартылған. «Біздің осы күнгі жазушы, сылшыларымыз көркем әдебиетті сынай қалса жүлып алғандай белден қос аяқ салады. Орта белінен келіп бастайды. Көбіне айтаіындары осы күнгі көркем әдебиетіміз қандай болуы керек. Қалайша басталуы жөн, ана ақын неге өткенді көксей береді, мына ақын неге әлдеқашан артта қалған, қазақ ұлтының көрген кемшіліктерін зарлайды»[8, 83] деген түйін сын айтушылардың профессионалдық жақтан толыспағанын, рухани, ұлттық сана орнын кеңестік идеологиямен алмастырғанын аңғартады. XX ғасыр басында әдебиеттің дамуына үлес қосуға ниет еткендер легі артқанмен, олардың өзі сыңар пікір ұстанды. Кейбірі кеңестік идеологияны қуана қуаттап, жаңа әдебиет жасаудың негізі ескіні түп-төркінімен жоюда санаған және ғасырлар бойы қордаланған әдеби-мәдени мұрамыздың енді қажеті болмасына сенген. Бұларға ескі әдебиеттің құнарлы тұсынан үлгі алмайынша жаңа әдебиеттің пайда болмасына кәміл сенгендердің пікірі қайшы келді. М. Әуезовтің шығармалары төркінінде де «ескіні аңсау бар» деген айып тағылады. Жазушы шығармаларына мұқият үңілсек, кейіпкерлері арасында астамшылық жасап, әдемі, жеңіл өмір сүргені жоқ. Басымы - өзгенің илеуінде кетіп зар-мұң арқалағандар, екінші бірі - кеңес қызметіндегі қарапайым адамдар. Түртпекке негіз боларлық өрескелдік көрінбегенімен, қалайда сүріндірудің амалын іздеушілер де жоқ емес. Дегенмен, тек «түрі ұлттық», «мазмұны социалистік» шығармалар жазуға ден қойылған тұста Әуезовтің көркемдік қуаты күшті туындыларын жоғары бағалаушылар тағылған мінінен арши отыра, өз деңгейінде талдауға негіз қойған.
М. О. Әуезовтің есімі қазақ арасында Абай журналына колемді мақалалар жазуы арқылы, ал бұрынғы көп ұлтты Кеңес өкіметінің көлеміне араға он жыл сала кеңінен танылды. 1929 жылы Мәскеуде жарық көрген «Әдебиет энциклопедиясында»: «Ауэзов публицист, критик и историк казахской литературы. В литературе Казахстана Ауэзов как драматург занимает почетное место. Его драма «Каракоз» с изумительной чуткостью и исторической правдивостью восстановившая национальные и бытовые особенности народных певцов Казахстана получил 1-ую премию на конкурсе драматургов в 1926 г. в Кызыл-Орде. Особое место занимает также «Байбачи-Токал» (жены-соперницы) »[9] деп жазылған.
М. Өуезовтің шығармашылығы жөнінде жазылған еңбектің саны 1917-40 жылдар аралығында 140-тан асқан, олардың басымы драмалық шығармаларын талдауға арналды[10, 15] . М. Әуезов әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастайды. Алайда бұл жөнінде естеліктерде ғана айтылғанымен, толымды дерек жоқ. Өмірбаяндарының бірінде өзі де балалық шақта ақындыққа әуестенгенін жасырмаған[11] . Өлең жазуды қай уақыттан бастады және ол қандай тақырып қозғап, нені өзек етті - бұл әлі күнге дейін зерттеушілердің алдында тұрған түйіні қиын сұрақ, басы ашылмаған мәселе.
Ишмұхамет Әлин өз естелігінде М. Әуезовтің 15-16 жасында көркемсөз жазуға бейім болғандығын айтады [12, 374] . Бірақ, оның қандай талпынысын байқағаны, қандай негізге сүйеніп айтқаны беймәлім. Т. Жұртбайдың «Бесігіңді түзе» атты еңбегінде Мәден Түсіпбаеваның М. Әуезовтің уыты мен сатирасы мол «Маса» атты сықақ-әңгіме жазғаны жөніндегі дерегін келтіруі - жазушы шығармашылық жолының әлі күнге беймәлім тұсы барының айғағы[13, 71] . Сондықтан, ақиқатына жетуде сүйенерге негіз болмағандықтан 1917 жыл «Алаш» газеті бетінде жарияланған «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласы мен тыңнан түрен салған қазақ драматургиясының басы «Еңлік-Кебек» ұлы тұлғаның шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдары саналады. Ұлттық баспасөздің алғашқы қарлығаштары «Сарыарқа», «Абай», «Қазақ тілі», «Шолпан», «Сана», «Ақ жол» - жазушының шығармашылық қасиетін шыңдап, тамаша туындыларының кеңінен танылуына ықпал еткен басылымдар.
Жазушының алғашқы он жылда жазған шығармаларын екшеп, табиғатына үңілсек, оның кейінгі шығармаларынан бөлектігі айқын аңғарылады. 1932 жылы жазған ашық хатына[14] дейін қаламгер дала тіршілігін, қазақ өмірінің тартысты, қайшылықты тұстарын ерекше шынайылықпен суреттесе, оның кейінгі жылдардағы шығармаларында өкіметтің талабын көп ескергендігі байқалады. Басына қара бұлт үйірілген осы жылдардағы қасаң саясат М. Әуезовті өз туындыларынан бас тартуға да мәжбүр етті.
С. Сейфуллин [15], І. Жансүгіров [16], Тоғжанов [17], Е. Ысмайыловтардың [18] өткір сындары «Қаракөз», «Хан Кене» пьесалары теңірегінде өрбіді. Сыншылардың пікірінше, Әуезовтің бұл шығармалары оның түпкі арман-тілегінің көрінісі. Сондықтан, М. О. Әуезовтің 30-жылдардағы шығармашы -лығының келесі кезеңі кеңестік санаға сай тақырыпқа ойысып, публицистік еңбектері мен көркем шығармаларында қарапайым адамда тағдыры, индус -трияландыру, колхоздастыру сынды ірі мәселелер көтерілді, сонымен қатар бұл жылдары жазушының «Абай» романы жазылды. Бұл - М. Әуезов шығармашылығына байыпты баға беріліп, ғылыми-зерттеу еңбектердің дүгшеге келе бастаған тұсы. Жазушы шығармаларының сонылығы, көркемдігі, маңызы жайлы Б. Кенжебаев пен Шаңғытбаевтың [19], С. Мұқановтың [20], Т. Нұртазиннің [21], Мұстафиннің [22] еңбектері, сонымен қатар орыс тілінде А. Фадеевтің [23], З. Кедринаның [24], Ю. Лебединскийдің [25] еңбектері жарық көріп, жазушының шығармашылық қасиеті А. Нұрқатовтың «Мұхтар Әуезов» [26], М. Сильченко мен Смирнованың «М. О. Әуезовтің творчестволық жолы» [27], Е. Лизунованың [28], Ы. Дүйсенбаевтың «Мұхтар Әуезов» [29] атты монографиялық зерттеу еңбектерінде сарапталды.
Ұлы тұлға мұрасын зерттеу, талдау жолында М. Қаратаев [30], С. Мұқанов [31], Е. Жанпейісов [32], Р. Нұрғалиев [33] сынды зерттеушілер тың пікірлер айтып, шығармаларының көркемдік құндылығына үңілді.
Исі қазақтың бар болмыс-бітімін бойына сидырған «Абай» романының 1949 жылы жарық көруі М. Әуезовтің шығармашылық қасиетінің жоғары бағаланып, романның көркемдік қуаты мен тіл сұлулығы турасындағы зерттеу еңбектердің жарыса жарық көруіне әкелді. Жазушының ғұламалық келбетін танытқан зерттеу еңбектің қай-қайсысы болсын, оның өмірі мен өскен ортасы жайын айналып өтпеген. Жазушының өмір тәжірибесіне кемеңгер Абай дәстүрінің ықпал етуі зерттеушілер назарынан тыс қалмады.
Ұлы жазушы өміріндегі өресі биік шығармалары арасынан 1917-1929 жыл аралығында жазылған әңгімелері мен драмалық шығармаларын екшеп алып, ғалымның қаламгерлік құдіретінің қыр-сырына терең бойлауға ниет қойған зерттеуші Ы. Дүйсенбаев болатын. Жазушының шығармашылық жолының алғашқы он жылындағы еңбектерінің идеялық астары мен ой көріктілігі, тіл сұлулығына тоқталып, сындарлы зерттеу еңбек жасады[29] .
Тыңнан түрен салу, жаңа, жақсыға ұмтылудың әсіре қажеттілігіне өзгені тәнті етіп, еліктіру - кез келгеннің бойына дарымаған қасиет. Бұл - табиғаттың тым сирек құбылыстарының бірі. Олай болса, халықтың рухани дамуына ұлы Абайдан кем үлес қоспаған Әуезовті табиғат ананың халқына берген үлкен сыйы деп қабылдаған абзал. Қазақ драматургиясының алтын тасын М. Әуезовтің қалауының өзі, оның өзгеден биік өресі мен парасаттылығының айғағы.
М. Әуезовтің драмадағы түңғыш еңбегінің заманалар қойнауына кеткен ғашықтық жайлы ауыр оқиғаға арналуы да тарихын таразылап білуге, кешегісінің ақиқатына жетуге ұмтылған азамат ісі. «Ұлттық топырақта драматургиялық дәстүрдің жоғына қарамай, елдер әдебиетінен үйрене отырып, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере алатын трагедия жасады. Сюжеттік желінің тартылуы, композиция құрудағы шеберлік қаламгердің драма заңдылықтарын жақсы білгендігін көрсетеді», - дейді ғалым Р. Нұрғалиев. [34, 185] . М. Әуезовтің драматургиядағы қарымды еңбегін түпкілікті зерттеген Р. Нұрғалиев Семей жерінде жазылып, алғаш сахналанған «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз» пьесаларының ішкі ерекшелігін, тұтынған мақсатын, жазылу жайын үңги қарады.
М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасы бойынша «библиографиялық көрсеткіштер» 1958, 1966, 1968, 1972 [35] жылдары жарық көрді. Бұл еңбекте Әуезов шығармаларының жариялануы және оның өмірі мен шығармашылығының зерттелуі жайындағы еңбектер, шетел тілдеріндегі библиографиялық мағлұматтар қамтылған еді. Ал М. Әуезовтің қолжазба мұрасы [36] атты мазмұнды еңбек жазушының жеке өз архивінде сақталған түрлі қолжазбалар, қойын дәптер, газет-журналдар қиындылары еніп, ғылыми сипаттамаға түсірілді.
Ұлы тұлғаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өмірі мен шығармашылығына қатысты барлық құжаттар, деректер бір ізге түсіріліп, толықтырылып, хронологиялық тәртіп бойынша жүйеленіп, ғалымдық, педагогтік және қоғамдық қызметтеріне қатысты қызықты деректер «М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі» атты кітапқа енді[37] . Дегенмен, бұл еңбек әлі де толықтыра түсуді қажетсінеді. Ұлы дарын иесінің сиясы кеппеген күйінде жоғалып кеткен «Ел ағасы» пьесасы мен «Сұғанақ сүр» атты повесінің, орыс тілінен аударылған бірнеше шығармаларының және 20-жылдары жазылған туындылары қолжазбасының табылмағаны осыны айғақтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz