Мұғалімнің ата - аналармен әңгімелесулері


Жоспар:
Кіріспе
I ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен алып барылатын жұмыс.
1. 1 Мұғалімнің ата-аналармен қарым-қатынас стилі.
1. 2 Ата-аналарды балалар ұжымын тәрбиелеу жұмысына қатыстыру.
II ТАРАУ. Мұғалім мен ата-ана ортасындағы тәрбиелік жұмыс байланыстары.
2. 1 Мұғалімнің ата-аналармен әңгімелесулері.
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері мен дамуында жанұяның орны.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы. (актуалдығы)
Қазіргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғарлауы. Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Жанұя тәрбиесі адам өміріне қажетті негізгі қызметтерді атқарыды:
1. Репродуктивті - баланың туылуы.
2. Тәрбиелілік - жанұяның әрбір мүшесінің жеке тұлға болып қалыптасуына, тәрбиелік жағдай жасауы.
3. Тұрмыстық-экономикалық - жалпы тұрмысты, бюджетті басқару.
4. Коммуникативті - жанұялық қатынасты, басқа адамдармен қатынасты ұйымдастыру.
Жанұя - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-кұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Жанұя тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер жанұяға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде жанұяда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, жанұя өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті -қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану.
Толық емес жанұяларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың көбінде ана мен бала ғана болады. Жанұя тәрбиесінің проблемасы - ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр етеді. Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды. Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастады. Мұндай жанұяларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай жанұядағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) жанұя жұмысын ұйымдастыруда қолайсыз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу керек. Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моралдық қасиеттерін калыптастырулары қажет.
Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі. Жанұя тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. «Бала құқығы туралы конвенция» маңызды негізгі құжат болып табылады. «Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек», - деп жазылған Конвенцияда. Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана «баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін» орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, жанұяның дамуына кепіл беретін және жанұя өмірінің, жанұя ұжымындағы өзара байданыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.
I ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен алып барылатын жұмыс.
1. 1 Мұғалімнің ата-аналармен қарым-қатынас стилі.
Бастауыш сынып мұғалімі мен ата-аналар төменгі сынып оқушыларының негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан педагог жүргізетін тәрбие жұмысың нәтижелілігі оның ата-аналармен жұмыс істей білуіне, олармен ортақ тіл тауып, олардың көмегімен қуатталуына сүйене білуіне байланысты.
Мұғалімнің ата-аналар мен жұмысының формалары мен тәсілдері әртүрлі. Оған ата-аналардың жалпы жиналысын өткеру, ата-аналармен топтық және жеке өткерілетін әңгімелесу, оларды балалар мен жұмысқа тікелей қатынастыру, ата-аналар арасында педагогикалық білімдерді тарату және тағы басқалар жатады. Бірақ формалар мен тәсілдердің әр түрлілігі жұмыстың табысты бола бермейтіндігін мұғалім жақсы түсінуі керек. Тәрбие қызметінің мазмұны және тәсілдері мен бірге, мұғалім мен оқушылардың ата-аналарының арасында қалыптасатын қатынас стилі де шешілуі ролге ие болады.
«Мұғалім -ата-аналар» қатынасында жетекші ролді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы оның негізгі кәсібі. Оның арнаулы дайындығы бар, әр түрлі педагогикалық ситуациялардан шеберлік пен қолданатын тәрбие құралдарының бай арсеналына ие.
Мұғалім ата-аналар мен жұмыс істей отырып, балаға, оның әрекеттеріне, оқудағы табыстары мен сәтсіздіктеріне, өз міндеттеріне көз-қарасына және тағы басқаларына баға беріп отырады. Мұғалімнің ата-аналар мен өз ара түсінісуі көбінесе оның ұнамды және ұнамсыз баға беруде дұрыс өлшемді сақтауы мен ерісіледі. Бұнда педагог барлық уақыт мынаны ұмытпауы тиіс: әр сапары баланың жеке басына емес, оның конкрет әрекетіне баға беруі керек. Міндетті түрде ата-аналар мен біріге отырып, кездескен жағдайдан шығудың, оны түзету жолдарын табуы керек. Екіншіден, мұғалім балаға ұнамсыз баға беру арқылы еркті немесе ерксіз түрде ата-анаға да баға береді. Оның үстіне ата-анаға әрі жеке адам әрі тәрбиеші ретінде баға беріледі. Мұғалімнің балаға және ата-аналардың тәрбиелік тәсірінде дұрыс талап қойып, дұрыс баға беруі педагогикалық көз-қарастан мақсатқа сай, әдепті формада болуы тиіс, сонда ғана педагог пен ата-аналардың арасында дұрыс қатынасқа ерісіледі.
Педагогикалық жақтан дұрыс қатынас орнату үшін мұғаліммен ата-ана ұлттық тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін бірдей түсінуі, балалардың өсуіне бірдей пікірде болуы, әр бір баланың өсуінің перспективалары мен қиындықтарын көре білуі керек. Өкінішке орай, ата-аналар жиналысында немесе оқушының әкесі не анасы мен қысқа әңгіме уақтында мұғалімнің балаға наразылығын, оның ұнамсыз әрекеттерін асығып айтып жатқандығын байқауға болады. Мұғалімнің бұл ойы түсінікті: ол уақыты аз болғандықтан, ата-ана назарын бірден тәрбие жұмысындағы ең басты, ең қиын нәрсеге аудармақшы болады. Ал ата-ана болса бұндай кездесуден ләззат ала алмайды олар: «мұғалім менің баламның (немесе қызымның) жақсы тараптарын, шаққандығын, жаңалыққа әуестігін, достарына жан ашыр екендігін қалайынша білмейді екен», -деп ойлайды. Осы себеп, дұрыс қатынас орнамайды, ата-аналар мұғалімдерге сенімсіздікпен қарайды. Әсіресе үлгермейтін және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналарының жағдайы қиын. Ісшеңдік пен әңгімелесудің орнына мұғалім барлық ата-аналардың көзінше жаңағыдай оқушы жайлы ашуланып айтып береді, оны күлкіге айналдырады, ал сол баланың ата-анасы болса ұялып, өкініп, ренжіп енді мектепке келмеуге бел буады.
Сондықтан да мектепке тәртібі мен үлгеруі жақсы оқушылардың ата-аналарының үй-іші әлекке салатын балалардың ата-аналарынан көре жиі және ықыластанып келетініне таңдануға болмайды.
Мұғалімнің оқушы тағдырына мәпдарлығы, оның кеңпейіл қатынасы, ата-аналардан ауқамдасты көруге ұмтылуы ғана өз-ара тіл табысуға көмектеседі. Мұғалім ата-аналарға балаларының жақсы тараптарын көбірек айтуы тиіс. Ата-аналар мен жұмысқа бұлай қарау мұғалімнің олармен дұрыс байланыста болуына, тәрбиелік тәсірлерінің бағдарын белгілеуіне көмектеседі.
Мұғалім үзіл-кесіл айтпайды, баланы тәрбиелеуде бірігіп жұмыс істеу бойынша ақыл-кеңес айтады, өз ара келіседі, ата-аналар оқушының оқудағы, тәртібіндегі немесе жолдастарымен қатынасындағы барлық табыс және өзгерістерді біліп отыруы тиіс. Сонда ғана ата-ана бірігіп жұмыс істеу жақсы нәтиже береді деген сенімге ие болады.
Педагогтың ата-аналар мен қатынас стилі дегеніміз - балаға тәрбиелік тәсір етудің белгілі бір принциптеріне негізделген жұмыс тәсілдері мен құралдарының тұрақты системасы. Педагог та, ата-ана да әрбір оқушыға ондағы оптимистік сенім мен қарауы тиіс. Баланың өз күшіне сеніміне көмектесу - мұғалім мен ата-ананың міндеті. Өзінің өзіне сенуі оқушыны тәрбие субъектіне айналдырады: ол кем-кемнен өзінің алдына әр түрлі міндеттер қойып, оны шешудің жолдарын іздеп табатын болады.
Педагог пен ата-ана қатынасының гуманистік стилінің характерлі белгісі бір-біріне терең сенім және шын жүректілік болып табылады. Ата-ана өзінің мұғалімге айтқан қалаған күмандануы, қорқынышы немесе баланың мінез-құлқы мен ұқыптылығына берген бағасы өзінің ұлы мен қызына зиян келтірмейтіндігіне сенімді болуы керек. Мұғалім де, ата-ана да өздерінің балалары сеніп айтқан сырды ашпауға міндетті. Үлкендер баланың мәпі үшін бұл құпияны бір-біріне айтуы мүмкін. Бірақ бұны бала білмеуі керек. Көпшілік жағдайларда баланың өзі айтқан сырдың жария болғанын біліп қоюы мұғалім мен ата-ананың, мұғалім мен оқушылардың қатынасының бұзылуына алып келеді.
Мұғалім мен ата-ананың қатынасы басқа қатынастарға да тәсір етеді. Егер де мұғалім мен ата-ананың қатынасы сәтті болмаса, тілекке қарсы мұғалім кейде баланы да жек көреді. Бұл педагогикалық жақтан өте тұрпайы қателік және бұндай жағдайда балаларды тәрбиелеуде жақсы нәтижеге ерісуге сенуге болмайды. Немесе: мұғалім мен оқушы белгілі бір уақыт ішінде тіл табыса алмайды. Ата-ана бұндайда кейде өз-ара түсінбеушіліктің себебін ашудың орнына баласының тарапына шығып алып, барлығына мұғалімді кіналайды, сөйтіп өз-ара қатынастарын бұзып алады.
Ата-аналар мен жұмыста педагог әрқашан және кез келген жұмыста педагогикалық нормалар мен такттарды сақтауға, балаларда өзі қалыптастыруға тиіс гуманистік қатынастар идеалын берік ұстауға міндетті екенін тағы бір рет ескерткен мақұл.
Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары
. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық - педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу. Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Дұрыс және тұрақты қызмет ететін ата-аналар комитеті - сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үтіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т. б. ) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады. Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары - оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет. Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық - педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға) . Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда демеушілік көмек көрсетеді. Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық - педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарынын жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т. б. ақпарат береді. Жиналыстар жанұя мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әнгімелесу-жиналыстар, т. б. Жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткізіп тұру керек, яғни бұл процестің жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және жанұядағы шынайы жайды анықтау үшін керек.
Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі -ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т. б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, «жанұя суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардын педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультациялар және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай ағым-данулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А. С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: «Кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады», -дейді А. С. Макаренко. Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық ойындар, үйірмелік сабақтар, т. б. ) . Көптеген мектептерде «Ашық есік күндері» дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақтарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т. б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесінің тәжірибесімен алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады. Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі. Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың жанұяларымен әрі қарай жұмысының бағыттарында анықтайды.
Мұғалім бірінші сынып оқушысының жанұсымен танысуы.
Мұғалімнің ата-аналар мен жұмысы баланы мектепке жазу уақтындағы алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы әңгімелесуді ата-ана мұғалім кеңесін пайдаланалатындай, сүйтіп сабақ басталарға дейінгі уақыт ішінде баласын мектепке толық дайындағандай етіп өткеруі керек.
Оқуда жыл бойына мұғалім өз оқушыларының жанұяларында болуы керек. Оқушының үйлеріне баруға жақсы дайындалуы, оған барғанда нелерге назар аудару керектігін, ата-анадан не сұрап, қандай кеңес беру керектігін ойластырып алуы керек. Әрбір жанұяның өзіне сай өзгешеліктері бар екендігін есепке ала отырып мұғалім мыналарға назар аударуы тиіс;
1. Жанұядағы жалпы атмосфера, микроклимат, ата-ананың өз-ара және олардың жанұяның басқа ағалары мен қалай екендігі. Сондықтан да мұғалімнің үйдегі үлкен адамдар түгел ғана уақытта келгені дұрыс. Әңгіме бастағаннан-ақ жанұяда өз-ара түсінудің жағдайын, бір-біріне силастығын, тұрмысқа болған ортақ пікірлерін, үлкендердің кішкенелерге қатынасын, ондағы балалардың орнын аңдау қиын емес.
2. Үйдегі жалпы тәртіп: оқушының сабаққа дайындалатын арнаулы бұрышы барма, баланың заттары, оқу құралдары, кітаптары, ойыншықтары қандай жағдайда. Оқушы бұрышының дұрыс ұйымдастырылуына, баланың жұмыс істеуіне оның қолайлылығына, стол және орындықтардың баланың бойына сайлығына, жарықтықтың дұрыс түсуіне, үйде радио мен телефизордың бар-жоқтығына назар аударуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz