Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ9

1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері14

1. 1 Шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселесінің философия, психология, педагогика ғылымдарындағы зерттелу теориясы14

1. 2 Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық және психологиялық-педагогикалық шарттары19

1. 3 - әрекеті пәнаралық байланыс арқылы қалыптастыру барысы28

2. Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мазмұны36

2. 1 Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру технологиясының педагогикалык сипаттамасы36

2. 2 Оқушының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру технологиясын тәжірибелік-эксперимештік жұмыс барысында сынақтан өткізу47

2. 3 Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру эксперимента нәтижелерінің өнделуі59

Қорытынды73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі76

Қосымша 178

Қосымша 282

Қосымша 386

КІРІСПЕ

Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер көптеп саналады. Солардың қатарына жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі казіргі танда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте шығармашылық тұлғаға тән біліммен іскерлікті беру қажеттігі туындайды. Өзгерістерді жүзеге асыруда белгіленген құжаттардың мазмұнындағы негізгі бағыттармен мақсат, міндеттер басшылыққа алынуда. Атап айтканда, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім беруді дамытудың 2011-2020 жыддарга арналган мемлекеттік багдарламасында: бастауыш мектептің бағдарламасына сәйкес шетел тілін, информатиканы оқыту, оқу-тәрбие процесі баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, олардың жеке қабілеттерін ашуга және дамытуға бағытталу қажеттігі көрсетілген [4; 5] .

Шығармашылық- мәдени немесе материалдық құндылыктарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жогары формасы болып табылады. Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарга қол жеткізеді.

Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылықка деген тұрақтыда жогары қызыгушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың органикалык бірлігінде көрінетін, оган бірнемесе бірнеше әрекет түрлерінде прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылык белсенділік тән - тұлга. Шығармашылықка талпыныс адамның танымдық мотивациясын қалыптастырушы ретінде, шығармашылық процестің "оталдырғыш"механизмі ретінде саналады.

Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады.

Шығармашылық қабілет, іс-әрекет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған. Адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды ұлы дала ойшылары Жүсіп Баласағүн, Әл-Фараби, Абай тұжырымдарын, көзқарастарынтиісті еңбектерінде білдірген. Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко өз шығармаларында қабілеттерді дамыту жолдарын қарастырған.

Шығармашылық қабілеттердің, шығармашыл тұлганың болуы адам қанындағы құрамның өзгешелігімен сипатталады деген пікірXX ғасырдың 20-жылдарына дейін үстем болды. Кеңестік кезеңіндегі психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулер шығармашылық қабілеттердің нышаны кез келген адамда болатыны дәйекті түрде дәлелденді. Ал, 60-жылдардан бастап жалпы білім беретін мектеп пәндерін оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндегі зерттеулер жүргізілді.

Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына
байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, музыкалық қабілеттер
(Б. М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер
(В. И. Киреенко), математикалық қабілеттер (В. А. Крутецкий
), педагогикалық қабілеттер (Н. В. Кузьмина) . Сондай-ақ
оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту
(В. Г. Разумовский), және т. б. мәселелер бойынша зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді.

Оқыту аркылы баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін педагог-ғалымдар Ш. А. Амонашвили, Л. И. Божович, Я. А. Понамарев Н. Ф. Талызина, Д. Б. Эльконин, И. С. Якиманская және т. б. қарастырған және аталған ғалымдардың еңбектері көптеген іс-тәжірибелерге негіз болды.

Республикамызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде жоғарғы сыныптарға шығарма жазғызу (Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева ), факультативтер және үйірме жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру (В. Д. Чернов), оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту (Қ. Ә. Жаманбаев), оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау (А. Б. Мырзабаев), шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін аныктау (Ж. Балкенов ), бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту (М. Мұхамедин ), шығармашылық қабілеттерін дамыту (Б. А. Тұрғынбаева), оқушыларды еңбекке баулудағы техникалық шығармашылыкты дамыту (М. Қ. Қаламқалиев, А. П. Сейтешов, О. С. Сыздықов) мәселелері тереңінен зерттелген.

Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда пәндік білімдер мен іскерліктердің оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы ерекше болары айқын.

Бастауыш мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды дамыту бағыттары бойынша көптеген зерттеулер жүргізілген. Олар бастауыш сыныптардағы математиканы оқытуда компьютерді пайдалану (А. Ө. Байдыбскова), бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда оқу ссептерін пайдалану әдістемесін (Ж. Т. Билялова), бастауыш сынып оқушыларының экономикалық тәрбиесінің педагогикалық негізін қарастыру (М. З. Жанбөбекова ), бастауыш мектепте сәндік-қолданбалы өнер сабақтарының еңбекке баулумен өзара байланыстарын (А. Т. Рыбкин), оқушылардың танымдық белсенділіктерін халық педагогикасы кұралдары арқылы дамыту (Г. Қоқымбаева), бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру (Б. Иманбекова, Ф. Саметова), т. б. мәселелерді камтыған.

Елімізде қалыптаскан әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде дамыту мәселесін педагогикалык тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мәселенің мектеп тәжірибесінде өз дәрежесінде іске асырмауы арасындағы карама-кайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын "Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру" деп алуымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыстар арқылы қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны жүзеге асырудың педагогикалық жолдарын, шарттарын анықтау.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.

Зерттеудің пәні: пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш мектептегі оқыту процесі пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылса, оқушылар жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер процесі жағдайында болса, онда олардың шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасу нәтижелілігі арта түседі.

Зерттеудің міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи еңбектерді зерттеу және талдау.

2. "Шығармашылық", "шығармашылық іс-әрекет" ұғымдарының мәні мен мазмұнын айқындау; "Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізіндегі шығармашылық іс-әрекеттері" ұғымының педагогикалық мәнін ашу.

3. Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау, мазмұнына сипаттама беру.

4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетінпәнаралық байланыс негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын, жолдарын аныктау.

5. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру әдістемесін эксперимент жүзінде тексеру және оларды практикаға ендіру.

Зерттеудің жетекші идеясы: оқу-тәрбие процесін пәнаралык байланыс негізінде ұйымдастыру, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастыруды нәтижелі етеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне қоғам, табиғат пен ой-пікірлердің даму зандылыктары, жеке тұлға жөніндегі теория және оны дамытудағы шығармашылық іс-әрекет тәсілдің рөлі жөніндегі, олардың мәнін айқындайтын философиялык, психологиялық-педагогикалық тұжырымдар, "Білім туралы" Заң, іс-әрекет теориясы алынды.

Педагогикалык құбылыстарды (пәнаралық байланыстар негізіндегі шығармашылық іс-әрекетті) талдау ' кезінде жүйелік-құрылымдық және кешенді тәсілдер пайдаланылды. Біздер пәнаралық байланыс негізінде оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыруда бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық процестерінің ғылыми объективтілігі мен дәлдігін қамтамасыз ететін объективтілік әдіснамалық қағидаларға сүйендік.

Зерттеу көздеріне философ, психолог, педагог ғалымдардың мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу, шығармашылығын дамыту жөніндегі еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің құжаттары, оқу жоспарлары мен бастауыш мектеп бағдарламалары, оқулықтары мен әдістемелік құралдары.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; зерттеу мәселесі бойынша алдыңғы қатарлы бастауыш мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесін зерделеу, талдап қорыту; оқу-әдістемелік құжаттарды (оқу бағдарламаларын, оқу және әдістемелік құралдарды) талдау; бастауыш сынып мұғалімдерімен, оқушыларымен сауалнама жүргізу, әңгімелесу; бастауыш сынып оқушыларының оқудағы және сабақтан тыс шұғылданыстарындағы іс-әрекет нәтижелерін бақылау, зерделеу; педагогикалық-тәжірибелік эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін талдауда логикалық әдістерді, математикалық статистика әдістерін пайдалану.

Зерттеудің жаңалығы :

- шығармашылық тұлғаны қалыптастыру философия, психология, педагогика ғылымдары тұрғысынан зерделенді және оны іс-жүзіне асырудағы әдіс-тәсілдер айқындалды;

  • "шығармашылық", "шығармашылык іс-әрекет" ұғымдарының мазмұны нактыланды;
  • "Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралык байланыс негізіндегі шығармашылық іс-әрекеттері"ұғымының мазмұны нактыланды;
  • пәнаралық байланыс негізіндегі бастауыш сынып оқушыларының зерттеліп отырған іс-әрекетін қалыптастырудың әдістемесі теориялық тұрғыда негізделіп, сынақтан өткізілді және алынған нәтижелерді практикаға ендірудің мүмкіндіктері ғылыми-әдістемелік нүсқау ретінде белгіленді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: педагогика ғылымындағы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру проблемасы ғылыми тұрғыдан негізделгендігі.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: : бастауыш сыныптардағы пәнаралық байланыстар бойынша білімдер мен іскерліктердің мазмұны айкындалды.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

  • "Шығармашылық", "шығармашылық іс-әрекет" мәні; "бастауыш сынып оқушыларының пәнаралықбайланыс негізіндегі шығармашылық іс-әрекеттері" ұғымының педагогикалық мәні;
  • Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастырудың педагогикалық жолдары мен шарттары;
  • Зерттеліп отырган іс-әрекетті қалыптастырудың әдістемесі мен эксперимент нәтижелері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипдомдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты, нысаны, пәні, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, болжамы, , ғылыми жаңалығы тұжырымдалған.

"Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері" тақырыбындағы бірінші тарауда шығармашылық тұлғаға тән сапалық қасиеттері мен ортақ іс-әрекеттер негізі, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық және психологиялық-педагогикалық алғы шарттары айқындалады, оқушы шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс арқылы қалыптастыру мәселесінің философия, психология, педагогика ғылымдарындағы зерттеу жайы мен бастауыш сыныпта шығармашылық іс-әрекетте қалыптастырудыц практикалық жайы талданады.

«Пәнаралық байланыс аркылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың мазмұны» атты екінші тарауда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесі мен технологиясының педагогикалық сипаттамасы беріледі, шығармашьшық іс-әрекетті қалыптастыру әдістемесі мен технологиясын тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынактан өткізу барысы мазмұндалады.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша тұжырым жасалып, пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілген.

1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселесінің философия, психология, педагогика ғылымдарындағы зерттелу теориясы

Білімнің, ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлыктардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы "адам ресурсы" шығармашылығын калай қамтамасыз етуте байланысты.

Шығармашылық белсенділікті дамыту мәселесіне, әсіресе жұмыстағы өнертабыстық пен тиімді ұсыныс жасауға Кеңес үкіметінің орнауы кезінде үлкен мән берілді. 1919 жылы 30 маусымда интервенция және соғыстан кейінгі ауыр кезенде тарихта алғаш рет өнер табыстықты (ойлап табушылыкты) пайдалануға сол кезеңде социалистік құқық беретін өнер табыстық жөніндегі ереже бекітілді[6] .

Қазіргі даму кезеңінде кез келген өндіріс саласы адамдарының шығармашылықты игеруі тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік прогрестің жетекші факторы болып табылады.

Тиімді ұсыныс жасау мен өнер табушылық - ТМД елдеріндегі шығармашылықғың, әсіресе ғылыми-техникалық шығармашылыктың едәуір көпшілік және мәнді түрі болып табылады. Адам қоршаған ортаны өзгертуде айқындалған үш шығармашылық іс-әрекет түрін орындайды. Бірінші - қоршаган ортадағы өмір сүруші зандылыктарды, қасиеттерді және құбылыстарды объективті зертелеуі. Бұл сөзсіз ғалымдардың назарын аударатын және іс-әрекеттің көлемді нәтижесі жаңа ашылым болып табылады. Келесі шығармашылық іс-әрекеттің түрі әртүрлі шаруашылық іс-әрекет саласындағы күнделікті туындайтын тапсырмаларды (міндеттерді) шешумен байланысты. Қаңдай да бір түпнүсканы ойлап табу (изобретения-өнертабыс) болып табылады. Шығармашылық іс-әрекеттің үшінші түрі - тиімді ұсыныс жасау [7] .

Анықтамалықтарда жаңа ашылым, өнер табушылық (өнертабыс) және тиімді ұсыныс жөнінде төмендегідей пікірлер айтылады. "Жаңа ашылым (жаңалық ашу), табиғат күшін адамның пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін, материалдык әлемді танудың ерекше акті болып табылады", - деп сипатталады [8] . Жаңа ашылымда ғылымның қоғамдық функциясы көрінеді - өндірістің дамуы, еңбекөнімділігінің артуы, адамның өмір сүруінің едәуір жоғары дәрежесін камтамасыз етуі. Өнер табыстың мәні ғылыми-техникалық прогресс темпінің жеделдетілуі үшін олардың табиғатының өзімен келісілген болады, яғни олар өзімен экономикалық және басқа да оң тиімділікке ие жаңа техникалық шешімді ұсынады; өнертабыс бірінші кезекте еңбек құралдары, материалдар мен технологиялық процестердің бәсекеші мүмкіндіктердің пайда болуымен белгілі болады. Сонымен өнер табыс жаңа және кез келген халық шаруашылығының саласында, әлеуметтік-мәдени құрылыс немесе елдің қорғанысында оң тиімділік беретін міндеттерді техникалық шешуде мәнді өзгешелікке ие болып танылады. Тиімді ұсыныс - бұл қандай да бір нәрсені жетілдіру, жақсарту және ол " . . . барлық уақытта пайдалы" болып табылады Өнертабыс объектісінің бірі - әдіс. Әдіс өзара байланыскан әрекеттерді ретті жүзеге асыру жиынтығы ретінде - тәсілдерді , операцияларды орындауды күшпен (мысалы, кесу), ұзактығымен (уақыт бойынша) жүзеге асыру (мәселен, температурамен, қысыммен) сипатталады. Сондай-ақ, әдіске сақтандыру, диагностика тәсілдері және адамдар мен жан-жануарлардың ауруын емдеу де қатысты болып табылады [8] .

Тиімді ұсыныс жасаушылар мен өнер табушылардың ұсыныстары негізінен техникалық, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі және техникадағы прогрестің кайнар көзі болып табылады. Өнер табушылар мен тиімді ұсыныс жасаушылардың іс-әрекеті таза механикалық ауыр дене еңбегінен босату және еңбектің ыңғайлы, оңтайлы жағдайын құру болды.

Қазіргі уақытта адамдардың шығармашылық іс-әрекетінің базасы (негізі) еңбек іс-әрекетіне байланысты емес ортақ құраушылардан тұратыны ғалымдар зерттеуінен белгілі болып отыр.

Г. С. Адьтшуллер, ВА. Бухвалов және Жалпы көпшіліктің техникалық және ғылыми шығармашылығын зерделеу экономистердің, психологтардың, әлеуметтанушылардың, философтардың зейінін өзіне көп аударды және аударып келеді. Бұл мәселе өнер табушылар мен инженерлердің ынталы-зерттеу пәні болды.

Шығармашылыктың (техникалық және ғылыми) табиғатын жүйелі зерттеу мәселесі және олардың жүруінің әртүрлі формалары өткен ғасырдың басынан бастау алады. Осы бағыттағы басты кезеңге бір қатар ғалымдар мен инженерлердің жұмыстарын санауға болады. Оған инженер П. Энгельмейердің "Теория творчества" (19Юж. ) ; философ И. Лапшиннің "Философия изобретения и изобретение в философии" (1922ж. ) ; В. Бехтеревтің "Умственный труд с рефлексологической точки зрения и измерения способности к сосредоточению" (1926ж. ) ; А. Нечаевтің "Психология технического изобретательства" (1929ж. ) ; П. Якобсонның "Процесс творческой работы изобретательства" (1934 ж. ) .

Өнер табушылық өндірістік іс-әрекеттің көптеген түрлерінен нақты еңбектің түрі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында бөлінді. Оның себептерінің бірі шығармашылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында өнеркәсіптік лабораториялар пайда болды.

Сол кезендердегі әдебиеттерде негізінен көркем және поэзикалық шығармашылық, өнер мәселелері талқыланды. Сондықтан да Ю. А. Дмитриев адамның шығармашылық іс-әрекетінің түрі техникалық шығармашылық " . . . көркем, әдеби, музыкалық шығармашылықка Караганда едәуір кеш еңбек іс-әрекетінің өзіндіктүрі ретінде туындады" - деп айтуын, шығармашылық іс-әрекеттердің өзі және олардың зерделенуінің қоғамдық тарихи кезендердегі жағдайлармен байланыстылығын көрсетеді [6] .

Б. А. Лезинаның редакциялаумен сегіз томдық "Вопросы теории и психологии творчества" жинағы филологтарды, психологтарды, тарихшыларды, философтарды және критиктерді біріктірумен поэзикалық және көркем шығармашылыктың мәселелерін жан-жақғыкарауга ұмтылыс жасаумен алгашкы томы 1907 жылдан соңғысы 1923 жылдар аралығында Харьков қаласында жарық көрді. Бұл Ресейдегі"шығармашылық психологиясы" тағдырына қызығушылық танытқанын көрсетеді. Сондай-ақ сол кезендерде суретшілер мен өнер кайраткерлері тек ғана қолөнермен шығаруы мүмкін еді.

Адамның шығармашылыктағы іс-әрекеттерінің құрылымы менмазмұны үқсас болып келетіні жөніндегі пікірлер де XX ғасырдың бас кезеңінде пайда болды. Ғалымдар мен инженерлер: В. Освальд, А Луанкаре, Т. Рибо, П. Энгельмейер, П. Вальден XX ғасырда бастауалған техникалық шығармашылықғың мәні жогары екендігін көрсетті. Ғалымдар мен инженерлер техникалық өнер табушылық және жаратылыстанудағы жандашылымның өнердегі шығармашылық сияқғы шығармашылық іс-әрекет екендігі жөніндегі тезисін қорғады. Олар техникалық өнер табыстағы адамның іс-әрекетінің жоғары рухани жүруінің көрінісі көркем шығармашылыктағы сиякты екендігін атап көрсетті. Шығармашылық идеяның туы суретшілер дегідей және өнер табушылар дағыдай бірдей жүреді. Ол жөнінде Т. Рибо " . . . Өз табиғатында механик пен суретшінің жасаушықиялы тепе-тең (барабар) және бір-бірінен тек кана өзінің мақсатымен, көріну жағдайымен және тәсілімен айрықшаланады", -деп жазды [9] .

Жалпы XX ғасырдың 20-жылдарына дейін шығармашылық іс-әрекет шығармашыл тұлғаның құдай берген өзіндік ерекшелігі деп есептеліп келді. Осыған байланысты кейбір ізденуші-ғалымдар шығармашылық процесті зерделеуге болмайды, себебі данышпандық идея өнер табысшыға, ғалымға, суретшіге құдайдың табыстауы түріндс жүреді деген қарсы пікірлер де айтты. Осындай пікірге келіспейтіндіг жөнінде П. Энгельмейер "Жоқ . . . Данышпандық жалпы Алланы берген сирек сыйы емес, . . . ол, керісінше тіптен сиректік емес және кімде-кім ақымақ болып туылған болмаса, солардың үлесі ", - деп шығармашылық процестің негізін қалайтындарды кұдайдың бергенің тартуы емес екендігін сипаттайды [10] .

XX ғасырда өнер табушының шығармашылық іс-әрекеттері-. зерделеуі кезінде мақсатты түрде шығармашылық процесті дәстүр; -:қараудан қандай-да бір зерттеудің жаңа әдістерін тандауы қажа болды. Өнертабушының шығармашылық процестерінің сатысын немесе фазасын зерделеу қатынасы бойынша Якобсон есте сақтаукажеттігі жөнінде " . . . егерде процестерді талдау барысында өнертапқыштық барлық шығармашылык әрекеттерінің ең кажеті жақтарын бізге ашса, өнер тапқыштық шығармашылығы деп аталатын бірегей күрделі қасиеттерін және оның сапасының барлығын толығымен ашпайды, өйткені кейбір жағдайлар осылайша зерттеу кезінде жақшаның сыртында қалып қояды және бөлек қарауды талап етеді", -депжазды [11] .

Шығармашылықтың психологиялық жалпы мәселелерін қарастыру ұмтылыстарының жүргізілуімен катар, адамның шығармашылық міндеттерді (тапсырмаларды) шешудің нақты процестерін экспериментальны зерттеу ұйымдастырылды. Бұл зерттеулер XX ғасырдың 30-жылдары өнімді (шығармашылык) ойлау деген атауға ие болды. Адамның өткен тәжірибесі жағдайындағы ұқсастық жеткіліксіздігінен, оған қандай-да бір жаңа пайда ету керек болды. Сондықтанда бұл жағдайдағы ақыл-ой іс-әрекеті (қызметі) өнімді ойлау деп аталды.

И. С. Сумбаев шығармашылыктың бастапкы кезеңінде басым сипат алатын, сана астылык іс-әрекет көрінісі ретінде қарастырылатын "сезім көрегендігі" ұғымын жаңғыртады [12] . Ол бұл мәселені 3 сатыда қарастырады.

- сезім көрегендігі және ықылас-ниет (ой-ниеттің туындауы, идеяны болжамға сүйеніп үғыну) ;

  • ойлау және пайымдау (ойлап табудың схемасын немесежоспарын жасау) ;
  • іскерлік (кез келген тәжірибелі маман орындайтын, ойлаптабылған шығармашылыктың қатынасынсыз құрастыру) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Шығармашылық туралы ұғым
Аэрографиямен матаны бояу
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz