Боран романы енді


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ7

1 «БОРАН», «ҚАҺАРЛЫ КҮНДЕР», «ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЛАМГЕРДІҢ ІЗДЕНІСТЕРІ7

1. 1 Жазушының шығармашылық даралығы мен өзіндік ерекшеліктері. 22

2 Т. АХТАНОВ КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ ПОРТРЕТТІК КЕСКІНДЕРІ. 30

2. 1 Автордың шығармашылық лабараториясындағы пейзаж мәселесінің көркемдік айшықтары. 38

2. 2 Автор романдарындағы лирикалық шегініс пен ретроспекцияның қолданылуы ерекшелігі. 46

ҚОРЫТЫНДЫ50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ54

КІРІСПЕ

ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, ХХ ғасырдың басында қанатын кеңге жайған қазақ прозасы өткен ғасырдың екінші жартысында биік көркемдік-эстетикалық құндылықтарды игеріп, саналық өзгеріс, көркемдік ізденістерімен дараланғандығы баршаға аян. Әдебиеттің өзге жанрына қарағанда, қазақ прозасының жоғары көркемдік-эстетикалық қуатымен халықтың рухани өмірінде үлкен орын алатыны ақиқат. Әсіресе, соңғы 40-50 жыл көлемінде біршама шарықтап, әдебиет зерттеушілері мен ғалымдар тарапынан осы жанрдың негізгі мәселелері әр қырынан зерттеліп, өз бағаларын алып та келеді.

Соғыс және соғыстан кейінгі қазақ прозасының даму жағдайы кім-кімнің болса да көңілін аудармай қоймайды. Өйткені, туған әдебиетіміздегі белді де белсенді жанр - прозада кешегі және бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері, әлеуметтік проблемалары негізінен айтылып келеді. Осы әдеби қозғалыста өнімді еңбегімен көзге түскен жазушы, сыншы, драматург - Тахауи Ахтанов, 1-және 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Қаламгер өз шығармаларын жазу барысында қым-қиғаш сюжет, елден ерек кейіпкер іздеп әуреленбейді. Әдеттегі өмірдің өзіндей, айналаңдағы күнде көріп жүрген құбылысты өзіндік шұрайлы да құнарлы тілімен, қарапайым тәсілдермен тамаша етіп бейнелеп береді. Сол себепті де, оның шығармалары мен ондағы кейіпкерлер адам жанына неғұрлым жақын, күнделікті өмірде өзімізбен араласып бірге жүргендей шынайы, табиғи қасиетке ие болып келеді. Жазушы көркем әдебиеттің табиғатын, әсіресе романдар мен повесті бар болмысымен, ішкі жан дүниесімен терең түсінеді. Өзі өмір кешіп жатқан ортаны, қоғамды, уақытты жіті бақылап, өз соқпағынан жаңылмайды. Қайсыбір көркем дүниелері мен романдарындағы кейіпкерлер суреткерлік шеберлікпен екшеліп, ұлттық бояумен зерделенген бейнелер. Жазушының әрбір шығармасы мен кейіпкерінің жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі мен істеген ісі шыншыл да нанымды бейнеленетіні соншалық, үлкен сүйіспеншілікпен жазылғанына шүбә келтіре алмайсыз. Оның сомдаған негізгі кейіпкерлерінің барлығы да - қарапайым адамдар, ауыл тұрғындары, сол ауылдан нәр алған жандар. Қаһармандардың мінез-құлқы, сана болмысы ауыл өмірімен ажырамас бірлікте, соған сай қалыптасып дамиды. Ал, халқымыздың бар ұлттық қадір-қасиеті, ерекшелігі, таным-болмысы сақталған ауыл - әр саналы азаматтың көкейіндегі асыл ұғым болып қала беретіні даусыз.

Әдебиет әрқашан халық жүрегімен бірге соғып, замана туралы ой толғап, жаңа бейнелер туғызып отырады десек, қаламгер прозасының идеялық-көркемдік мазмұнына тереңірек ену барысында жаңа бір ізденістердің, қолданыстардың, сипаттың куәсі бола аламыз. Бұл тұрғыда ұлы жазушы М. Әуезов: «Әрбір даму үстіндегі әдебиет шеберлігі ілгерілеп, үдей түседі де, өзінен бұрынғы ұлттық дәстүрдің бар жақсылығын пайдалана отырып, соған тың жаңалықтар, игі үлгілер қосып, үдете, өсіре береді» [1; 350] - дейді. Яғни, ұлттық әдебиет - ұлттық идеяға, ұлттық ойға, белгілі бір халықтық ақиқат пікірге ойысып, түйінді тоқтамға келгені абзал десек, бұл ойымыз әрі шындықтан ауытқымай, әрі сауатты болуға тиіс. Талай қаламгер ат ізін салған ауыл мен соғыс өмірін тілге тиек етіп, өзіндік ерекше мазмұнға ие, дара келбет, жеке дидар, бөлек болмысы бар бейнелер сомдаған Тахауи Ахтанов есімінің соңғы уақыттарда сыншылар тарапынан қалыстау қалып отырғандығы өкінішті-ақ. Жазушының қаламгерлік келбеті мен суреткерлік шеберлігін көркем дүниелері арқылы бағамдайтынымыз белгілі бола тұра, жазу үрдісі жағынан М. Әуезовтың шәкірті саналатын қаламгерді тұрғыластарының, жас оқырмандарының көбі жете біле бермеуі қынжылатын-ақ жайт.

Жазушының арнасынан аса асқақтамай, бүлкілдеп ағатын мөлдір тұмадай әңгімелерінің табиғатында адами, табиғи тазалық, адамгершілік суреттеледі. Қаламгер белгілі тақырыптың өзінен бұрын байқалмаған бедер тауып, безендіре біледі. Ол бедер белгілі тақырыптың терең қойнау-қатпарларына бойлатып, шыңырауларынан шым-шымдап сыр суыртпақтап, сонылығымен тәнті етеді. Жазушы шығармаларын талдау арқылы стильдік даралық, жанрды жаңа идеялық-көркемдік ізденістермен байыту, т. б. байқаймыз.

Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың: «Жаңа автордың кез-келген көркем шығармасын оқығанда немесе талдағанда, жан сарайымызда ең алдымен: Адам дегеніміз кім? Тылсым құдірет иесі туралы қандай ойлар түйінделеді? Өмір құпиясы жайында не толғамдар айтылады? Деген сұрақтар мазалайды. Егер бізге бұрыннан таныс жазушы болса, онда өмірдің қай қырын ашып, қандай жаңа ойлар айтады екен деп ұмтыласың» [2; 22] - деген пікірі осы орайда жазушы шығармаларының табиғатына қатысты айтылғандай. Біздің ойымызша, Т. Ахтанов - үлкен суреткер, шеберліктің шыңына шыққан жазушы. Жазушы үшін ең бастысы - адам. Оның прозасы - сол адамдардың қуаныш-арманы, ой-мақсаты, қиял-мұңы, т. б. жан дүниесіндегі өзгерістерге толы. Қаламгер әсіресе, адам жанындағы түрлі сезім-шарпулар, түрліше психологиялық ахуалдарды жарқырата ашып беруді алдына басты мақсат етіп қояды. Осы орайда, атақты ғалым Л. Гинзбург: «Психологиялық талдаудың әртүрлі жолдары бар. Ол тікелей авторлық баяндау немесе кейіпкердің өзін-өзі байқауы (самоанализ) формасында, болмаса оның іс-әрекеті, қимылы арқылы жүзеге асады. Бұлардың ішінде талдауда кейіпкердің ішкі және сыртқы сөздері ерекше орын алады» [3; 45] - дейді. Осы айтылғандары өз қаламгерлік мәнерінде Т. Ахтанов та бар қажеттілікпен, ерекше ыждаһаттықпен қолданады.

Жазушы әдебиетке 60-жылдардан бастап дендеп араласты. Және батыл кірісті. Осының нәтижесі ретінде «Махаббат мұңы» (1960), «Дала сыры» (1963) кітаптары, «Боран» (1966), «Шырағың сөнбесін» (1973) романдары жарық көрді. Осыдан кейін-ақ оның қаламынан небір көркем дүниелер туындады.

Жұмыстың өзектiлiгi. Т. Ахтанов шығармашылығы келесі ұрпаққа келелі ойлар, түрлі танымдық, адамгершілік хикметтер айтады. Келесі ұрпақтың бойындағы бар адамгершілік құндылықтарды тамыршыдай дөп басып тізіп берген дәуір жазушысының қаламынан туған зерек ойлы толғамдарды мысал ретінде талдау жасай білсек, шығарманың құндылығы да сонда, эстетикасы да сонда деп есептейміз. Әсіресе ХХІ ғасырда зерттелуі жағынан кейіндеп қалған соғыс әдебиетін, ондағы тек соғыс суреттерін ғана айшықтай бермеген, сонымен қатар қиын-қыстау кезеңдегі адамның адамгершілік болмысын, ішкі эллегиясын түсіндіре білген, шынайы жаза білген жазушының шын бағамын беру келелі істеріміздің қатары болып саналмақ.

Жұмыстың зерттелу деңгейi. Тахауи Ахтановтың жалпы шығармашылығы күнi бүгiнге дейiн бiршама зерттелдi деп айта аламыз. Әр жылдары шыққан прозалық шығармалары мен қаламгердің мерейтойлары тұсында белгiлi қаламгерлер мен зерттеушiлер өз пiкiрлерiн белсендi бiлдiрiп отырған. Солардың iшiндегi көлемдi де терең талдаулар жасап, жазушы прозасының әр алуан қырларын жан-жақты зерттеп, пiкiр бiлдiргендер: Ә. Кекiлбаев, Ә. Тәжiбаев, М. Қаратаев, С. Қирабаев, З. Ахметов, Т. Әбдiрахманова, З. Қабдолов, З. Серiкқалиев, С. Әшiмбаев, А. Егеубаев, С. Құлбарақов, Г. Бірәлі, Б. Майтанов, Ж. Әбдiрашев, т. б.

Сонымен қатар Тахауи Ахтанов шығармашылығы ғылыми зерттеулерге де арқау болып келедi. Соның iшiнде филология ғылымдарының кандидаты және докторлық ғылыми дәрежесiн алу үшiн жазылған С. Құлбарақовтың «1960-70 жылдардағы қазақ Т. Ахтанов прозасындағы көркемдiк iзденiстер» (2004), Гүлмира Бірәлінің «Т. Ахтанов поэзиясындағы адамгершілік ізденістер» («Шырағың сөнбесін», «Боран», «Қаһарлы күндер» романдары бойынша) деген диссертацияларында жазушы шығармашылығын зерттеуге бiршама кең орын берiлген.

Зерттеудiң мақсаты мен мiндетi. Зерттеудің мақсаты: Т. Ахтанов прозасындағы адамгершілік пен соғыс мәселелерінің көркем жинақталуын, олардың бір-бірімен байланысып, жазушы тапқан тың тақырып пен идеяның ара-қатынасын айқындау. Жазушының соғыс тақырыбына тереңдеп бару себептерi мен оны көркем бейнелеуiнiң негiздерiн анықтау болып табылады. Бұл мақсаттарды орындау үшiн алдымызға мынадай мiндеттер қойдық:

- Тахауи Ахтанов поэзиясындағы, бұған дейiн арнайы зерттеу объектiсiне айналмаған әйел-аналар бейнесі мәселелерінің көркем принциптерін айқындау.

  • Дәуір шындығын берудегі қаламгердің өзіндік қолтаңбамен сомдап, үш бірдей романында өз алдына көптеген концептуалдық идеялар қоя білгенін, жаңашылдығы мен ұлттық дәстүр принциптерін бұлжытпай ұстағандығын дәлел етумен қатар оның шығарманың мүлдем басқа арнадағы көркемдік дәрежеде жазылғанын айшықтау.

Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiзi. Диплом жұмысының теориялық негiзiне Қазақстан Республикасының және шет елдiк ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектерi мен тұжырымдары алынды. Соның iшiнде проза жанры туралы, оның қоғамдық ортадағы қызметi туралы зерттеу еңбектер жазған, оның портреттік бейнелеу принциптерi туралы ой айтқан т. б. туралы батыл болжам, түйiндi пiкiр бiлдiрген ғалымдар: З. Ахметов, З. Қабдолов, С. Қирабаев, М. Базарбаев, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, Т. Әбдiрахманова, С. Сейiтов, Ж. Дәдебаев, С. Негимов, Қ. Ергөбек, т. б. еңбектерiмен қатар алыс және жақын шет ел ғалымдары Бочаров А. Г., Чичерин А. В., Толстой Л. Н., Гинзбург Л. ғылыми еңбектерiндегi теориялық ой-тұжырымдарға сүйендiк.

Зерттеу әдiсi ретiнде прозаны тарихи, теориялық тұрғыдан зерттеуде көп қолданылатын объективтi-аналитикалық және салыстырмалы зерттеу әдiстерi қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында Тахауи Ахтановтың батыл суреткер екендігі, көркем сөз шебері екендігі, оның дәуір тынысын бере алған шығармалары аталған романдары екендігі теориялық тұжырымдарға сүйене отырып дәлелденедi.

Жұмыстың практикалық мәнi. Ендiгi уақытта адамзат алдында соғыс зауалы тек тарих беттерінде жазылады. Сондықтан да соғыс тақырыбында жазған қаламгерлер шығармашылығы ұдайы уақыт келе өседі. Соғыс тақырыбы кеңес үкіметінің сыни көзқарасы бұғауында болғандықтан айтылмай кеткен сырлар өте көптеп табылады. Зерттеу нәтижелерiн сондай еңбектерге пайдалануға болады.

Зерттеудiң дерек көздерi. Т. Ахтановтың әр жылдары жарық көрген романдары, газет, журналдардағы шығармалары, мақалалары, сындары. Қаламгер шығармашылығы туралы пiкiр бiлдiрген жазушы, ғалым-сыншылардың еңбектерi.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 «БОРАН», «ҚАҺАРЛЫ КҮНДЕР», «ШЫРАҒЫҢ СӨНБЕСІН» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЛАМГЕРДІҢ ІЗДЕНІСТЕРІ

Жазушының көркемдік ізденістеріне жататын барлық дерлік қасиеттер өз дәуірінде Тахауи Ахтановта болғаны рас. Жоғарғы білімді, аспирантураны бітірген жазушы ендігіде көркем шығарманың сан-қатпарлы тылсым сырына үңіледі. Жаңашылдықты тек ізденіс пен мол еңбектен табуға болатынын ұғынған ол шын мәнісіндегі жаңа туынды жасауға бел буады. Әр шығармасына жаңаша дем берер элементтер іздейді. Ақыры, зор талаптың нәтижесінде тамаша жетістіктерге қол жеткізгені аян. «М. Әуезов бастаған бірқатар жазушылар Б. Момышұлының сұранысына қолдау білдіріп, тікелей соғыс майданы шындықтарын суреттеген шығармалар жазды. Ә. Әбішев, Ғ. Мүсірепов үлкен ізденістерге барды. Қандай соғыс болмасын ол - қоғамдық құбылыс. Ендеше, ол әлеуметтік, қоғамдық-философиялық тұрғыдан диалектикалық пайымдауды қажет етеді. Соғыс - жай қоғамдық құбылыс қана емес, саясаттың жалғасы, оны күшпен жүргізу. Бұнда саяси мақсатқа жету үшін басты шешуші құрал болып табылатын Қарулы Күштерден басқа экономикалық, дипломатиялық, идеологиялық және басқа да күрес құралдары қолданылады. Соғыстың мәні оның саяси мазмұны арқылы анықталады. Олар саяси көзқарас тұрғысынан жаһандық, азаматтық, мемлекетаралық, прогрессивті, реакциялық, әділетті және әділетсіз т. б. бөлінеді. Сонымен қатар, олардың өз заманындағы идеология мен түсініктер тұрғысынан да бағаланып, кейін сынға ұшырап жатулары әбден мүмкін.

Адамзат тарихына көз салсақ, әлемде әртүрлі деңгейдегі қақтығыстар бейбіт күннен әлде қайда көп болған. Жалпы, өз мазмұны бойынша ол қандай соғыс болса да оны ақтау және соғысты болдырмайтын қоғам (социализм, коммунизм) туралы үгіт-насихат тарату - жаңсақ пікір. Ең дұрысы - соғысты болдырмаудың қамын жаһандық деңгейде, адамзат мүддесі тұрғысынан ойлау. Адам баласының жауы да, оларды бір-біріне жауықтыратын да, қоғамның аты емес, оларда өмір сүретін адамдардың затында, саяси-әлеуметтік санасында, жүрек жылуында, бір-біріне деген түсінігінде.

Ендеше, соғыстың себебі де адамда, оны болдыратын да, болдырмайтын да адам. Адамға адам дос, бауыр болса, бір-біріне өшікпесе, мемлекет пен мемлекет, ел мен ел де тату болмақ. Олай болса біз адамзат тарихындағы соғысты күндерді жеңісті күндер деп дәріптеп тойлап берудің өзін де ой елегінен өткізгеніміз абзал. Әйтпесе, қараңыздаршы, жаһан тарихы соғысқа толы, тіпті, соғыстардан ғана тұратын сияқты. Әріге бармай-ақ өзімізді алайықшы. Өткен тарихымыздың көбі қақтығысқа толы, тарихымызда аты қалғандардың есімдері де сонымен байланысты. Эпостарымыздың мазмұны да бастан-аяқ соғысқа құрылған. Осы тұрғыдан алғанда, біздің ойымызша, бұл салаға қатысты «бүгінде соғысты жырлау мен мадақтаудан гөрі пацифистік пікірлер өрбігені жөн», - деген академик Ғарифолла Есім пікірінің мерейі үстем болғаны жөн.

Соғыс жылдарындағы әдебиеттің де, өнердің де негізгі тақырыптары Отанды қорғау болды. Отан соғысының көркем әдебиет шежіресінен Жамбылдың: «Отан әмірі», «Москваға», «Ленинградтық өрендерім!», «Алынбас қамал», «Өлім мен өмір белдесті» т. б. туындыларының алатын орны ерекше, өйткені, олар мәңгі жасайтын патриоттық шығармалар еді. Халық ақындары Н. Байғанин, Д. Әлімбаев, Ш. Қошқарбаев, О. Шипин, К. Әзербаевтар патриоттық өлең-жырлар шығарды. Туғанына биыл 150 жыл толғалы отырған танымал халық ақыны, Ақтөбе өңірінің тумасы Нұрпейіс Байғанин «Ер туралы жыр» (Нарсұтбай Ерболатов туралы) және «Жиырма бес» (Т. Тоқтаровқа арналған) деген дастандарында кеңестік жауынгерлердің ерлік істерін бұрынғы батырлардың эпостық бейнелері дәрежесіне көтереді, өзінің творчестволық өнерін жауға қарсы күреске жұмсайды.

«Майданнан жеңіспен оралған Ә. Шәріпов, Қ. Қайсенов, Т. Ахтанов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Нұршайықов, С. Бақбергенов және басқа қаламгерлер еңбек етті. Ал соғыс жағдайындағы адам тағдырын үлкен эпос жанры заңдылықтарына сай суреттеген Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Ә. Нұрпейісовтің «Курляндия», Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» секілді романдары ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің үлкен жетістіктері еді». [4; 4]

«Қаһарлы күндер» романы. Бұл роман 1956 жылы жарық көрді. Роман бірнеше рет қайта жарияланып, орыс, неміс, т. б. халықтар тіліне аударылды. Романда екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында қарапайым жауынгердің көрсеткен ерлігі шыншылдықпен бейнеленеді. Ең алғашқы “Қаһарлы күндерінен” бастап жазушы қиынға жол тартып, қияға сермеді. Ахтановтың "Қаһарлы күндер" романы Ұлы Отан соғысына арналған. Мәскеу түбіндегі үлкен айқас сахнасы, даңқты генерал дивизиясының ерлігі, табандылығы осы романда көркем суреттеледі. Бұл кітаптағы кейіпкер - батольон командирі Арыстанов Мұрат Б. Момышұлының прототипі.

Ол кездегі майдан тақырыбындағы әдебиет әлі дабыра қаққан даңғазалық пен “жеңдік” деген желөкпеліктің жетегінде жүр еді. Қоғамдық сана айтқанға сөзсіз сене салатын әлеуметтік әулекілікті отаншылдық, айдағанға көзсіз көне қоятын әлеуметтік әумесерлікті ерлік деп ұғатын елірме психологиядан әлі арыла алмап еді. Мыңдаған қаралы шаңырақ пен миллиондаған жетім-жесірдің көңілдеріндегі күйік шоғы мен көздеріндегі қаяулы жасына көпке дейін көңіл бөле қоймаған-ды. Майдан даласынан жеңіспен оралған алтын жұлдызды сайыпқырандардың ауылдағы сағынып қалған аршын төсті аруларын аймалағандарын қызықтап баққан қызыл сөзді романдар төрт жылға созылып, шаңырақ қалдырмай, қара жамылтып кеткен соғыс деген аждаһа құбылыстың ақылың жетпес арамза табиғатын терең зерделеп, байыппен пайымдауға құлықтылық танытпады. Еуропалық көркем ой бірінші дүниежүзілік соғыс бітпей жатып зарлана тебіренген «Зая ерлік», «Зая ғұмыр», «Зая ұрпақ» тақырыбына жиырма миллион боздағынан көрер көзге айырылған кеңестік кеңкелес сана аттап аяқ баспады. Көкіректерін тілімдеп жатқан дерттен гөрі құлақтарына құйып баққан көкіме үгітке көбірек ден қойды. Ол үгіт барша соғыс, қырып-жою атаулыға аза бойы қаза тұратын пацифизмді ұрынбай жүре алмайтын, қырып-жоймай тұра алмайтын фашизмнен бетер құбыжық санап, бекерлеп бақты. Көз ашпастан жетім қалған бейбақ ұрпақты «олар - жаман, біз - жақсымыз», «олар өлтірсе - жендеттік, біз өлтірсек - ерлік» дейтін бағзы мәжусилік дәуірінің қанқұйлы көзқарасына қайта итермелеп, одан бергі обал, сауап, иман, рақым, аяныш, мейірім ұғымдарын бейқағида, бейтарап, бейшара буржуазиялық гуманизмге жатқызып, тек өз табыңдағы мен өз тобыңдағыны ғана аяп, қалғандардың қасіретіне көз жұма қарайтын пролетарлық гуманизмге, өзіңе ұқсамайтындардың бәрінің соңынан шырақ алып түсетін әлеуметтік безбүйректікке баулуға күш салды. Ұлы Отан соғысы мен Жеңіс тақырыбын әлгіндей әумесер көзқарастың бірден бір оқулығына айналдыруға тырысты. Бірақ күні кешегі қан қасапта жаппай қырылып қала жаздаған майдангер ұрпақ пен көктей сола жаздаған жетім ұрпақ оған көне салмады. Олар қаршадайынан қан мен көз жасының шын бағасын біліп өскен-ді. Олар үшін әдебиет пен өнер партизандар үшін тау-тас пен қалың орман сияқты ұрымталдан килігіп, ұрыс салатын ұтымды айқас алаңына айналды. Ресми саясат әспеттеп баққан майдан шындығының орнына “окоп шындығы”, көзсіз ерлік тақырыбының орнына қасірет пен мейірім тақырыбы көбірек күйттелді. Соның арқасында XX ғасырдың гуманистік әдеби мұрасын кеңес әдебиеті де талай үздік туындылармен толықтырды.

Тахауи Ахтановтың жазу шеберлігі сонда, қиыннан қиыстырып, диалектілер мен тұрақты сөз тіркестерді жөнсіз қолданбай, әдебиет теориясындағы роман жанрындағы барлық шарттарға орайлас келуінде. Романның кеңістігі мен уақыты орынды сипатталған. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы олардың образын аша білу әрбір жазушының қолынан келе бермесі анық. Осы құрылымдық торияны Т. Ахтанов барынша, толықтай меңгерген, сөз саптасы, ой орамы, тілі барлығы да ретімен, тамаша құрама туынды бола білген. Жазушының ойындағы тылсымдықты оқырман бір деммен-ақ түсініп отырады. Оқылуы тез. «Шырағың сөнбесін» романындағы негізгі сюжет реалистік бағытта, қаламгердің ой шыңынан шыққан барынша терең, тартымды оқиға. Оқырман көзін бір демде-ақ тартып ала білетін шым-шытырық композициясы мен ойландыру методикасын кезектесе қолданатын автор тілі өз заманында проза жанрының шыңына айналған үрдіс екені мәлім. Мысалы Әбіш Кекілбаевтың, Мұхтар Әуезовтың шығармаларымен салыстыратын болсақ, біздің нысандағы автор барынша жеңіл түсінімді, жалпақ тілдікке салып, бірде авторлық баяндаумен, бірде кейіпкердің өз ойы ретінде оқиғаны тізбекке тізіп отырады. Ал М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні», «Қилы заман» туындылары барынша күрделенген, аса зор метафоралар мен метонимиялар арқылы мағынасын аша түскен, байыта білген шығарма деп баға беруіміз орынды. Әбіш Кекілбаевта да сол, («Бәйгеторы», «Үркер», «Елең-алаң») күрделі сөз тіркестерін молынша қамтып, оқиға желісіне ұйытқы етіп әр түрлі суреттеу мен баяндау құралдарын қолдана біледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парсы тілінен енген сөздер
Повесть, роман – идеялық- өркемдік ізденістер
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Т. Ахтанов прозасындағы қаһарманның адамгершілік әлемі
Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (эссе) көркем шығармадағы психологизм.(реферат) тарихи тақырыптағы қазақ романдары
КЕҢ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Т.Ахтанов-қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
ШӘКӘРІМ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz