Бағдарламаның интерфейс талаптары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
Кіріспе: Кіріспе
3: 3
: 1
Кіріспе: Есептің қойылуы
3: 5
: 1. 1
Кіріспе: Есептің қалыптастырылуы
3: 5
: 1. 2
Кіріспе: Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы
3: 5
: 1. 3
Кіріспе: Бағдарламаның интерфейс талаптары
3: 7
: 2
Кіріспе: Жобалау бөлімі
3: 10
: 2. 1
Кіріспе: Ақпарат базасының сипатттамасы
3: 10
: 2. 2
Кіріспе: Алгоритмнің сипаттамасы
3: 11
: 2. 3
Кіріспе: Қолданушы интерфейсінің ұйымдастырылуы
3: 13
: 3
Кіріспе: Дипломдық жобаны орындаудың аспаптық құралдары
3: 14
: 3. 1
Кіріспе: Қолданылған операциялық жүйенің қысқаша мінездемесі
3: 14
: 3. 2
Кіріспе: Программалық тілдің қысқаша мінездемесі
3: 20
: 4
Кіріспе: Эксплуатация
3: 29
: 4. 1
Кіріспе: Аппараттық жабдықтарға қойылатын талаптар
3: 29
: 4. 2
Кіріспе: Қолданушыға нұсқау
3: 29
: 4. 3
Кіріспе: Бағдарламашыға нұсқау
3: 33
: 5
Кіріспе: Экономикалық бөлім
3: 35
: 5. 1
Кіріспе: Бағдарламалық өнімді өндірудегі еңбек сыйымдылығының есебі
3: 36
: 5. 2
Кіріспе: Еңбек ақысының шығыны мен бағдарламалық өнімді өндіруге арналған мамандар санының есебі
3: 38
: 5. 3
Кіріспе: Құрылғы бағасының есебі
3: 45
: 5. 4
Кіріспе: Эксплуатациялық шығынның есебі
3: 47
: 5. 5
Кіріспе: Бағдарламалық өнімді өңдеуге шығын сметасын құрастыру
3: 51
: 5. 6
Кіріспе: Бағдарламалық өнімнің сату бағасын есептеу
3: 55
: 5. 7
Кіріспе: Есесін қайтару мерзімінің есебі
3: 58
: 5. 8
Кіріспе: Техника - экономикалық көрсеткішінің есебі
3: 59
: 6
Кіріспе: Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау шарасы
3: 63
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 71
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 72
:
Кіріспе: Қосымша А CD-R диск мазмұны
3: 74
:
Кіріспе: Қосымша Б Программаның мәтіні
3: 75

Кіріспе

Менің дипломдық жобамның тақырыбы «Avia Standart. kz» ЖШС-ның техникалық бөлім жұмысын автоматтандыру бағдарламасын құру, яғни техникалық бөліміне арналған мәліметтер базасын құру болып табылады. Оның ішінде ғимарат ішіндегі жөндеуге жататын компьютер жайындағы мәлімет сақталу керек.

Қазіргі автоматтандырылған жүйелер заманында осы сияқты бағдарламалар үлкен сұраныста болады.

Берілген бағдарламалық өнімнің мақсаты - ғимарат ішіндегі жөндеуге жататын компьютер жайындағы мәлімет сақталу керек. Сонымен қатар қолданушыға ыңғайлы жұмыс жасау мүмкіндігін беру және артықшылығын көрсету.

Жоба техникалық бөлім жұмыскерлеріне ақпаратты жинау, сақтау және оларды өңдеу процесі түріндегі жүктелетін жұмыстарды жеңілдету, анықталған критерийлер бойынша ақпараттарды ыңғайлы түрде іздеу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Өзінің негізі ретінде бағдарлама құрылғылар туралы ақпаратты санауға мүмкіндік беретін мәліметтер жиынынан тұрады. Сондықтан берілген бағдарламалық өнім техникалық бөлімдердегі жұмысты ұйымдастыру үшін универсалды болып табылады.

Бұл дипломдық жобалаудың тақырыбын «Техникалық бөлім» деп алуымның да бірнеше себептері бар. Бірақ ең маңыздысы оның компьютерге немесе арнайы бейнелеу құрылғыларына жүктелетін форматталған электрондық құжат екендігінде.

Барлық ақпараттар кесте түрінде көрсетілген. Сол себепті жұмыскерлер ең алдымен әр бағыттағы кестені бөлек - бөлек көре алады. Ал қалған берілгендер бағдарламамен жұмыс жасау процесінде өңделеді де оның нәтижесі осы кестеге қосылып көрсетіледі.

Осы жоғарыда айтылып кеткен мәселелерге сүйене отырып берілген бағдарлама автоматизацияланған деп айтуға болады.

Бағдарламаны жасаған кезде назар аударатын басты мәселе - бағдарлама интерфейсі. Қолданушы бағдарлама интерфейсіне қарап, бағдарламамен жұмыс істеу талабын анықтайды. Егер бағдарлама интерфейсі түрлі - түсті палитра түстерінен құрылған болса, онда қолданушы бағдарламамен жұмыс істеу барысында шаршап, оның бағдарламамен жұмыс істеу талабы да төмендейді. Сондықтан бұл бағдарламаның интерфейсі тек қарапайым түстерден ғана тұрады:

  • ақ және сұр түсті экран;
  • қара түсті символдар шрифті.

Дипломдық жобалау алты бөлімдерден құралған:

1) есептің қойылуы бөлімі. Бұл бөлім үш бөлімшеден тұрады: есептің қалыптастырылуы, кіріс және шығыс мәліметтерінің сипаттамасы, бағдарламаның интерфейс талаптары. Мұнда сөздік және математикалық модельдер, кіріс және шығыс құжаттарының атаулары, тағайындалуы, алған жері және құжаттардың келтірілген мысалдары сонымен қатар бағдарламалық өнімінің интерфейсіне қойылған талаптар жазылады;

2) жобалау бөлімі. Мұнда ақпарат базасының сипатттамасы, алгоритмнің сипаттамасы және қолданушы интерфейсінің ұйымдастырылуы деген бөлімшелер бар. Осы жерде пәндік аумақты анализдеу нәтижесінде алынған барлық мәліметтердің, алынған кестелердің тізімдері, пәндік аумақты анализдеу арқылы алынған негізгі операциялар жиыны сонымен қоса интерфейс элементтерінің сипатталуы кіреді;

3) дипломдық жобаны орындаудың аспаптық құралдары. Бұл бөлім екі бөлімшелерден құралған. Бірінші бөлімшесінде қолданылған операциялық жүйесінің қысқаша мінездемесі жөнінде жазылған. Екінші программалау тілінің қысқаша мінездемесі бөлімшесінде бағдарламалық өнімді өңдеуге таңдалған программалау тілі туралы жазылады;

4) эксплуатация бөлімі. Эксплуатация бөлімі үш бөлімшелерден құралған: аппараттық жабдықтарға қойылатын талаптар, қолданушыға нұсқау мен программистке нұсқау. Аппараттық жабдықтарға қойылатын талаптар бөлімшесінде аппараттық ресурстардың минималды конфигурациясына қажетті талаптар, сыртқы құрылғылар тізімі, бағдарламаның арнайы функцияларын орындау үшін арналған құжаттар тізімі жазылады. Екінші қолданушыға нұсқау бөлімшесінде бағдарламалық өнімнің қалай жұмыс істейтіндігі туралы мәлімдейді. Ал программистке нұсқау бөлімшесінде программистке арналған нұсқаулар болуы қажет;

5) экономикалық бөлім. Бұл осы дипломдық жобадағы ең үлкен бөлім болып табылады. Оның құрамында жеті бөлімшелер бар. Мұнда келесі берілгендер есептеледі: бағдарламалық өнімді өндірудегі еңбек сыйымдылығының есебі, еңбек ақысының шығыны мен бағдарламалық өнімді өндіруге арналған мамандар санының есебі, құрылғы бағасының есебі, эксплуатациялық шығынның есебі, бағдарламалық өнімді өңдеуге шығын сметасын құрастыру, бағдарламалық өнімнің сату бағасын есептеу мен техникті - экономикалық көрсеткішінің есебі.

6) қауіпсіз техникасы және еңбек қорғау шарасы бөлімі. Бұл бөлімде қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жұмысты бастау алдындағы қауіпсіздік талаптары, жұмыс уақытындағы қауіпсіздік талаптары, апат жағдайындағы қауіпсіздік талаптары, жұмысты аяқтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен еңбек қорғау заңдары айтылады.

Қорытынды бөлімінде жасалған жұмыс нәтижесі бойынша қысқаша айтылып өтеді және де осы программаны қолдану бойынша ұсыныстар мен кәсіпорынға кірістіру мен өңдеу перспективасы туралы жазылады.

1 Есептің қойылуы

  1. Есептің қалыптастырылуы

Дипломдық бағдарламалық өнімнің мақсаты «Техникалық бөлім» мәлімет базасын құру болып табылады. Бұл бағдарлама техникалық бөлімдегі қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге арналған. Бағдарламалық өнімді өзге техникалық бөлімдерде қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Avia Standart. kz» ЖШС-ның техникалық бөлім жұмысын автоматтандыру бағдарламасы» болғандықтан мекеме жайлы қысқаша анықтама берген жөн болады.

Практика өткен кәсіпорын - «Avia Standart. kz» ЖШС. Мекеме келесі мекенжайда орналасады: Астана қаласы, Тұран көшесі, 18 үй. Бөлімнің директоры - Асанов Серик Дариевич. Әкімшілік бірнеше бөлімдерден тұрады. Тәжірибе «Техникалық бөлімде» өтеді. Техникалық бөлімі орталықтың 1 қабатында 107 кабинетте орналасқан. Бөлім меңгерушісі - Дженалинов Алибек .

Кәсіпорынның міндеттемелері:

  • компьютерлер арасында желілерді орнату;
  • қалалық әкімшіліктің сайтын жетілдіру;
  • клиент-сервер структурасын жетілдіру;
  • компьютерлерді жөндеу;
  • кеңсе құжаттарын дайындау.

Осыдан басқа техникалық бөлімі орталықтағы жұмыскерлер кең қолданбалы программаларды орнатумен айналасады.

1. 2 Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы

Қарастырылып отырған «Техникалық бөлім» бағдарламасында кіріс мәліметтері ретінде жөндеуге жарайтын құрылғылар туралы барлық мәліметтер енгізіледі. Бағдарламада қолданылатын кіріс құжаттары кесте 1. 1-де көрсетілген.

Кесте 1. 1 - Кіріс құжаттары

Кестенің аты
Жолдың аты
Сипаттамасы
Типі
Көлемі, байт
Кестенің аты: Name_OTDEL
Жолдың аты: ID
Сипаттамасы: Нөмірі
Типі: Санауыш
Көлемі, байт: Бүтін
Кестенің аты: Name
Жолдың аты: Бөлімнің аты
Сипаттамасы: Мәтіндік
Типі: 20
Кестенің аты: OPERATORI
Жолдың аты: ID
Сипаттамасы: Нөмірі
Типі: Санауыш
Көлемі, байт: Бүтін
Кестенің аты: Surname
Жолдың аты: Тегі
Сипаттамасы: Мәтіндік
Типі: 25
Кестенің аты: Name
Жолдың аты: Аты
Сипаттамасы: Мәтіндік
Типі: 10
Кестенің аты: Ot
Жолдың аты: Әкесінің аты
Сипаттамасы: Мәтіндік
Типі: 15
Кестенің аты: Fio
Жолдың аты: Тегі
Сипаттамасы: Мәтіндік
Типі: 25
Кестенің аты: Dostup
Жолдың аты: Кіру рұқсат
Сипаттамасы: Мәтіндік
Типі: 15
Кестенің аты: Parol
Жолдың аты: Пароль
Сипаттамасы: Сандық
Типі: 25
Кестенің аты: Osnovnaya
Жолдың аты: ID
Сипаттамасы: Нөмірі
Типі: Санауыш
Көлемі, байт: Бүтін
Кестенің аты: Otdel
Жолдың аты: Бөлімнің аты
Сипаттамасы: Мәтіндік
Типі: 30

Кесте 1. 1 - соңы

Device
Құрылғы
Мәтіндік
10
Nomer
Тіркеу нөмірі
Сандық
9
Prichina
Сыну себебі
Мәтіндік
15
Vid
Жөндеу түрі
Мәтіндік
15
Ispol
Жөндеуші
Мәтіндік
25
Postup
Кіру рұқсат
Мәтіндік
15
Vidach
Тапсыру
Күн/мерзім
10
Id_glav
Басты нөмірі
Санауыш
Бүтін
Kabinet
Кабинеті
Сандық
5
: Otdel
Device: Id
Құрылғы: Нөмірі
Мәтіндік: Санауыш
10: Бүтін
: Id_otdel
Device: Бөлімнің нөмірі
Құрылғы: Санауыш
Мәтіндік: Бүтін
: Tel
Device: Ішкі телефоны
Құрылғы: Сандық
Мәтіндік: 4
: Etazh
Device: Қабаты
Құрылғы: Сандық
Мәтіндік: 2
: Kabinet
Device: Кабинет нөмірі
Құрылғы: Сандық
Мәтіндік: 5
: Ustr
Device: Id
Құрылғы: Нөмірі
Мәтіндік: Санауыш
10: Бүтін
: Name
Device: Құрылғының аты
Құрылғы: Мәтіндік
Мәтіндік: 15
: Vid
Device: Id
Құрылғы: Нөмірі
Мәтіндік: Санауыш
10: Бүтін
: name
Device: Жөндеу түрі
Құрылғы: Мәтіндік
Мәтіндік: 15

Ал бағдарламаның шығыс мәліметтеріне іздеу, есеп беру нәтижелері шығады. Есепті сурет 1. 1-ден көруге болады.

Сурет 1. 1 - Есеп беру

1. 3 Бағдарламаның интерфейс талаптары

Берілген дипломдық жобаның интерфейсі қолданушы интерфейсінің реализация принципіне сәйкес орындалуы шарт.

Бағдарлама берілгендер мен командаларды әртүрлі тәсіл арқылы (пернелер тақтасы, тышқан, басқа да құрылғылар) енгізу мен қосымша функцияларға деген көпнұсқаулық (“ыстық пернелер”, мәзір. . ) мүмкіндігін беру керек, сонымен қатар бағдарлама терезеден терезеге, режимнен режимге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Яғни нақтырақ айтқанда интерфейсте қолданушының сана сезіміне кері әсерін тигізетін элементтердің болмағаны жөн. Онымен қоса ол келесі жағдайларды дұрыс өңдеуі қажет: басқа аппараттық (бағдарламалық) платформаға ауысқанда қолданушы интерфейсі мен соңғы қосымшаның ауысуы автоматты түрде орындалу.

Қолданушы интерфейсін құрудың көпдеңгейлі ұйымы досшыл құрастырылған. Досшыл интерфейс сөзінің мағынасы интерфейстердің қасиеттер жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Ол қолданушыға бағдарламамен жеңіл жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл қасиеттерінің кейбіреулерін атап шығайық:

  • қолданушыға түсінікті терминдерді, белгілерді және суреттерді қолдану; жүйелік анықтаманың бар болуы; қолданушының қателіктеріне сыпайы қарау; интерфейсті қолданушыға қарап жасау керек (білім деңгейіне байланысты) .

Интерфейс шешімдері үш этапқа бөлінеді:

  • физикалық. Есептеуіш жүйелерінің техникалық құрылғыларымен ассоциялайды (перне тақтада пернелердің орналастырылуы, тышқанның функциялары, дисплейдің графикалық және түстер сұранысы) ; синтаксистік. Қосымша мен қолданушы арасындағы сұқпаттың шегінен ақпаратты көрсетуді реттеу; семантикалық. Қолданушы интерфейсінің элементтерінің мағынасымен байланысты.

Қолданушы интерфейсінің жалпы талаптарына:

  • унификациялау; досшыл; нақты үнсіз жағдайда параметрлерді анықтайды. Мәтін орнына пиктограмманы реализациялауға, командаларды жедел енгізу әдісінің көмегінен тұрады; баптау құрылғыларының көмегімен берілетін иілгіштік; сұхбатты құрылғыларға бөлу, яғни қолданушы интерфейстерінің компоненттерін қиындық деңгейлеріне бөлу; қолданушының қателіктерін табу және оларды өзгерту мүмкіндігі, яғни қате әрекеттерді алып тастау мүмкіндігі.

Қолданушы интерфейсінің концептуалдық проекциялау негізгі есептеулердің шешімдерін құрайды:

  • терезелердің құрылымын және атрибуттарын анықтау; сызбасын өңдеу; оқу материалдарының навигациялығын беретін қолданушы интерфейсінің құрылғыларын анықтау; сұхбат сызбасын өңдеу; қолданушы интерфейсінің басқару элементтерінің жиынтығын анықтау; қолданушы интерфейсінің баптау параметрлерін белгілеу.

Терезелердің негізгі атрибуттарына:

  • басты көлемдер мен орналастырылуы (терезені шақырған кездегі жоғарғы сол жақ бұрыштың өлшемі) ; терезе көрсетудегі стандарттық манипуляциялау операцияларын көрсету (манипуляциялау, максимизациялау, қайта құру, ауыстыру, көлемді өзгерту) ; басқа терезелерге қарағандағы терезелердің көрсетуін реттеу; көлемдердің өзгерту шегі; әшекейлендіру стильі (рамка түрі, фон түсі, атаудың бар болуы, жылжу сызықтарының болуы және т. б. ) .

Нақты мәселеге қарамастан өндірушінің квалификациясы қорғалатын кейбір формальдық талаптарды айта кетуге болады:

  1. терминологиялық орта және интерфейс. Белгілі бір диалог шығатын жерде қолданушыға түсінікті терминдер қолданылуы тиіс, және де оған түсініксіз өндірушінің терминдері жазылмауы керек (<жазба>, <индексация> т. б. ) . Диалогта қолданылатын сөздер сыпайы түрде жазылып, СУБД-ның ағылшын тіліндегі көмекші хабарларын экран бетіне шығармауға тырысу керек. Және де программада қолданылатын терезелердің түсі стандартқа сай келуі керек;
  2. пернелер тақтасын қолдану. Қандай да бір пернені басқан кезде (әсіресе функционалдық) алдын-ала қарастырылған іс-қимылдар шақырылуы тиіс. Осы іс-қимылдардың пернелерге байланысы тиісті түрде орындалуы керек. F1 - көмек; Enter - келісу, енгізудің соңы; Esc - келіспеу, алгоритмнің бұдан бұрынғы бұтағына қайтып оралу (экран формасын қалпына келтіру арқылы) ; Tab - келесі жолға, терезеге т. б. көшу; Shift+Tab - бұдан бұрынғы жолға қайтып оралу т. б;
  3. қозғалыс реті. Алгоритм ағашымен “жоғарыдан төмен” қарай қозғалғанда барлық өтілген бұтақтың аты шығуы керек. Енгізілген мәліметтерді сақтау арқылы ғана бұдан бұрынғы деңгейге қайтып оралуға болады (мєзір бµлімі мен жазба нұсқауларын таңдау арқылы) ;
  4. көмек көрсету мен жарнаманың түрлері. Программаны іске қосқанда осы программаның мәні мен мүмкіндігін көрсететін жарнамалық бет пен автордың мәліметтері шығады. Кез-келген алгоритмнің бөлігінде осы уақыттағы барлық белсенді пернелер көмек көрсету жолында көрінуі тиіс. Кез - келген сәтте F1 пернесін басқан кезде контекстік - бағынышты (оқиғаға бағынышты) көмек көрсету мәтіні шығу керек;
  5. кірістірілген және шығарылған құжаттардың бейнесі. Енгізу мен жөндеуге арналған экран формасы қолданушының үйреншікті құжатына максимум ұқсас болуы керек. Жұмыс нәтижесі тек қана экран бетінде ғана емес, сонымен қатар қолданушыға үйреншікті пішінінде жөндеу және баспаға шығару мүмкіндігімен текстік файлда да шығарылуы керек;
  6. құжаттардың құрылғылары. Программа ішкі құжаттарда комментария, көмек құрылғысы, мәзір құрылғысы мен диалог түрінде, ал сыртқы құжаттарда құрамында минимум есептің қойылуы, деректер базасының құрылысы, құрамында жарнаманың элементтері, алгоритмінің жазылуы, экран пішіні, кірістірілген және шығарылған құжаттардың мысалдары бар қолданушыға арналған нұсқау есеп түрінде қамтамасыздандырылады.

Қосымшаның басты терезесі бастапқы болып табылады. Әрине ол оны жүктегеннен кейін ғана көрінеді. Содан кейінгі терезелер екілік терезелерге жатады да, олар сонымен қатар ұрпақтын және ағымдық та болуы мүмкін.

Ұрпақтық терезелер бастапқы терезенің бірінші координатына (оның жұмыс облысының сол жақ жоғарғы бұрышы) тәуелді болады. Олардың көрсетілуі мен орын ауыстыруы осы облыспен шектелген болып келеді. Бастапқы терезенің орын ауыстыруы оның ұрпақтық терезелерінің синхронды орын ауыстыруына әкеп соғады да ол активті болады. Терезелердің түрлері сурет 1. 2-ден көруге болады.

Сурет 1. 2 - Терезелердің түрлері

Ағымдық терезелер экранның кез - келген жеріне орналаса алады да, олар бастыпқы терезеге тәуелсіз орын ауыстыра алады. Үнсіз түрде ақырғы терезенің орын ауыстыруы, егер мұндай байланыс әдейі қосымшада реализацияланбаса ғана одан пайда болған ағымдық терезелердің жағдайына әсер етпейді.

Режимдік емес немесе ұрпақтық терезелер сұхбаттың параллелді бұтақтарын ұйымдастыру үшін қызмет етеді. Қолданушы ұрпақтық және режимдік емес немесе бастапқы және режимдік емес (егер ұрпақтық терезелер болмаса) терезелері арасында қосылуы арқасында автивті терезені таңдай алады. Режимдік емес немесе ұрпақтық терезелерден басқа терезелерге ауысқанда олардың сұхбаты үзіледі, бірақ жұмысы аяқталмайды. Енгізілген ақпарат қосымшаға апарылады. Терезені жапқан жағдайда ғана сұхбат жұмысы аяқталады.

2 Жобалау бөлімі

2. 1 Ақпарат базасының сипаттамасы

«Техникалық бөлім» программасы Delphi программалау ортасында жасалған. Жөндеуге әкелінген құрылғылар туралы мәлімет кесте түрінде сақталынады. Осы кестелер сурет 2. 1-де көрсетілген.

Сурет 2. 1 - Мәліметтер сызбасы

Көрсетілген кестелер туралы анықтаманы кесте 2. 2-ден қарауға болады.

Кесте 2. 2 - Мәліметтер кестесі

Кестенің аты
Жолдың аты
Сипаттамасы
Кестенің аты: Name_OTDEL
Жолдың аты: ID
Сипаттамасы: Нөмірі
Кестенің аты: Name
Жолдың аты: Бөлімнің аты
Кестенің аты: OPERATORI
Жолдың аты: ID
Сипаттамасы: Нөмірі
Кестенің аты: Surname
Жолдың аты: Тегі
Кестенің аты: Name
Жолдың аты: Аты
Кестенің аты: Ot
Жолдың аты: Әкесінің аты
Кестенің аты: Fio
Жолдың аты: Тегі
Кестенің аты: Dostup
Жолдың аты: Кіру рұқсат
Кестенің аты: Parol
Жолдың аты: Пароль
Кестенің аты: Osnovnaya
Жолдың аты: ID
Сипаттамасы: Нөмірі
Кестенің аты: Otdel
Жолдың аты: Бөлімнің аты
Кестенің аты: Device
Жолдың аты: Құрылғы
Кестенің аты: Nomer
Жолдың аты: Тіркеу нөмірі
Кестенің аты: Prichina
Жолдың аты: Сыну себебі
Кестенің аты: Vid
Жолдың аты: Жөндеу түрі
Кестенің аты: Ispol
Жолдың аты: Жөндеуші
Кестенің аты: Postup
Жолдың аты: Кіру рұқсат
Кестенің аты: Vidach
Жолдың аты: Тапсыру

Кесте 2. 2 - соңы

Кестенің аты
Жолдың аты
Сипаттамасы
Кестенің аты: Osnovnaya
Жолдың аты: Id_glav
Сипаттамасы: Басты нөмірі
Кестенің аты: Kabinet
Жолдың аты: Кабинеті
Кестенің аты: Otdel
Жолдың аты: Id
Сипаттамасы: Нөмірі
Кестенің аты: Id_otdel
Жолдың аты: Бөлімнің нөмірі
Кестенің аты: Tel
Жолдың аты: Ішкі телефоны
Кестенің аты: Etazh
Жолдың аты: Қабаты
Кестенің аты: Kabinet
Жолдың аты: Кабинет нөмірі
Кестенің аты: Ustr
Жолдың аты: Id
Сипаттамасы: Нөмірі
Кестенің аты: Name
Жолдың аты: Құрылғының аты
Кестенің аты: Vid
Жолдың аты: Id
Сипаттамасы: Нөмірі
Кестенің аты: name
Жолдың аты: Жөндеу түрі

2. 2 Алгоритмнің сипаттамасы

Формалар арасындағы ақпараттық байланыс құрылымы сурет 2. 3-де сәйкес келтірілген.

Сурет 2. 3 - Формалар арасындағы ақпараттық байланыс құрылымы.

Бағдарламалық өнімнің сызба - нұсқасы сурет 2. 4-те сәйкес келтірілген.

Сурет 2. 4 - Сызба - нұсқасы

Модульдердің анықтамасы кесте 2. 5-де сәйкес келтірілген.

Кесте 2. 5 - Модульдер анықтамасы

Модуль: Модуль
Анықтама: Анықтама
Модуль: UDM1
Анықтама: Қолданылатын модульдер контейнері
Модуль: UnitADDOTD
Анықтама: Жаңа бөлімді қосу модулі
Модуль: UnitADDOT2
Анықтама: Жаңа кабинетті қосу модулі
Модуль: UnitAddpar
Анықтама: Жұмыс орындаушыны қосу модулі
Модуль: UnitAddust
Анықтама: Құрылғыны қосу модулі
Модуль: UnitAddvid
Анықтама: Жұмыс тиін таңдау модулі
Модуль: UnitDOSTUP
Анықтама: Программаға кіру рұқсат терезесі
Модуль: UnitGL
Анықтама: Бас мәзір терезесінің модулі
Модуль: UnitOPER
Анықтама: Жаңа қолданушыны қосу модулі
Модуль: UnitOTCHET
Анықтама: Есеп беру модулі
Модуль: UnitUST
Анықтама: Құрылғы түрлерінің модулі
Модуль: UnitVID
Анықтама: Құрылғыны жөндеу тұрлерінің модулі
Модуль: UnitVIDACH
Анықтама: Құрылғыны қайтару модулі

2. 3 Қолданушы интерфейсінің ұйымдастырылуы

Қазіргі уақытта кез келген специализацияланған функционалдық бағдарламалық өнімнің мақсаты - қолданушының жұмыс процесінің жеңілдігі мен ыңғайлығы. Функционалды программалаудың интерфейсі жалпы көпшілікпен қолданылған стандартқа сәйкес келуі тиіс.

Бұл бағдарламалық өнімнің басты мақсаты мәліметтерді еңгізу процессі, берілген информацияның өңделуі және сақталуы, сондықтан бұл бағдарламада жарық визуалдық эффекттерді қолдануға болмайды. Бұл бағдарламалық өніммен жұмыс істеуді бастау үшін тек бағдарламаны жіберу қажет.

Берілген бағдарламалық өнімнің ең басты мақсаты берілгендерді енгізу процесін жеңілдету мен алынатын ақпараттарды өңдеу мен оны сақтау болып табылады. Сондықтан осындай бағдарламаларда ашық визуалды эффектілерден алшақ болған жөн.

Егер біз бағдарламада ашық көк, қызыл, көгілдір немесе тағы да басқа осындай түстерді қолдансақ әрбір қолданушының бұл программамен жұмыс жасау мүмкіндігі кемиді де, оның көзі ауырады. Сондықтан бағдарламада қолданылатын түстердің түсі көзді ауыртпайтындай болғаны дұрыс, өйткені егер программада түрлі - түсті түстер қолданылса онымен жұмыс жасауға қиын, әрі ыңғайсыз болып табылады. Мысалы көк, сұр, қоңыр тағы да басқа түстер көзді ауыртпайды. Тек қана қызыл, жасыл тағы да басқа түстерді программада қажетті бір хабарлануды немесе тыйым салуды шығарған кезде бірден көзге түсу үшін қолданған қолайлы. Сонымен қатар бұл түстердің бір - біріне сәйкес келгені де дұрыс. Осы жерде менің айтқым келіп отырғаным, бағдарлама әдемі түрде әрлендірілген болса, онымен жұмыс жасауға өте ыңғайлы болып табылады.

Берілген программалық өніммен жұмысты бастау үшін бағдарламаны жіберу керек. Ол Дельфи программалау ортасында жазылған, сондықтан оның интерфейсі қарапайым болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Объектіні басқарудың ақпараттық моделі
Май ауданы бойынша көші-қон халықтарының статистикалық мәліметтерінің бағдарламасын құрастыру
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің архитектурасы
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері
Электрондық оқулықтардың қолдануы
Объектіге бағытталған Java бағдарламалау
Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді таңдау
Бағдарламалау тілдерінің өркениеті
Ақпарат базасынның сипаттамасы
Mp3 player бағдарламасын құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz