Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. ТМД мемлекеттерінде дипломатия және дипломатиялық құқықтың қалыптасуы мен дамуы

1. 1 ТМД мемлекеттерінде дипломатия мен сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы

1. 2 ТМД мемлекеттеріндегі дипломатиялық құқықтың қалыптасуы мен дамуы

1. 3 ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату

2. ТМД мемлекеттерің дипломатиялық қызметі

2. 1 ТМД мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдері

2. 2 ТМД мемлекеттерінің консулдық мекемелері

2. 3 ТМД мемлекеттерінің халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктері

3. Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары

3. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы қатынас органдарының ТМД мемлекетінің сыртқы қатынас органдарымен байланысы

3. 2 Қазақстан Республикасының ТМД мемлекеттерімен бекітетін көп жақты және екі жақты шарттары

3. 3 ТМД мемлекеттерінің Қазақстан Республикасының қатысуымен халықаралық конференциялар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық қатынастардың маңызды және өзекті мәселелерінің бірі болып - дипломатиялық байланыстар және оларды халықаралық реттеу табылады. Дипломатиялық қатынастар-халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің сыртқы қыры болып табылады және оларды реттейтін дипломатиялық құқық нормалары халықаралық ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты дамытудың жалпы саяси және құқықтық негізін құрайды.

Мемлекетаралық қатынас және бірінші кезекте әр түрлі мемлекеттер арасындағы барлық қатынастар негізі болып табылатын-олардың бейбіт қатар өмір сүру қағидасы - дипломатияның әртүрлі нысандарын қолдану арқылы жүзеге асады. Дипломатия халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидалар мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылғанда ғана мемлекеттердің ынтымақтастығы мен бейбіт қатар өмір сүруінің шынайы құралына айналады.

Дипломатиялық қатынастарды дамытудың мақсаты мемлекеттердің қауіпсіздігі мен бейбіт қатар өмір сүру жағдайында олардың арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту және үлғайту, ал мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу қызметі ретіндегі дипломатияның өзі қазіргі халықаралық құқықпен күш қолдануға тыйым салынған жағдайда, мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. 1960-1980 жылдары БҰҰ-ның жетекшілігімен мемлекеттердің сыртқы байланысына қатысты халықаралық құқық нормаларын жүйелеу мен жедел дамыту бойынша орасан зор жұмыс жұргізілді. Осы жұмыс нәтижесінде қабылданған 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 1969 жылғы арнайы миссиялар туралы конвенция, 1973 жылғы дипломатиялық агенттерді қоса алғанда халықаралық қорғауға ие түлғаларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын-алу және жазалау туралы конвенция, 1975 жылғы мемлекетттердің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастардағы өкілдік етуі туралы Вена конвенциясы тиісті сыртқы қатынас органдарының көмегімен жүзеге асырылатын мемлекеттер арасындағы ресми қатынастардың берік халықаралық негізін құрады.

Дегенмен аталған конвенцияларды қабылдағаннан кейін де негізінен нормативтік реттелгендігіне қарамастан ұлттық және шетелдік халықаралық құқық әдебиеттерінде жеткіліксіз зерттелген дипломатиялық қызмет саласы бар. Бұл - арнайы миссиялардың дипломатиясы саласы.

Тақырыптың зерттелуі. ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің дипломатиялық құқығын және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік - экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды.

1990 жылдардың басында Достастық мемлекеттері арасында негізінен екі жақты экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттарда да ТМД шеңберінде жеке мемлекеттердің әртүрлі бірлестіктері (одақтар, әріптестіктер, альянстар т. т) : Белорусь пен Ресей Одағы-«екілік», Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Орта Азиялық Экономикалық Қауымдастығы - «төрттік», Белорусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік Одағы - «бестік», Грузия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова альянсы (ГУӘӨМ) т. т. байланыс қатынастар орын алуда.

Осы аталған «әртүрлі өлшемдегі» және «әртүрлі қарқындағы» қарым-қатынастық үдерістер бұрынғы КСРО республикаларындағы лидерлердің және қалыптасып келе жатқан ұлттық-саяси элитаның Орта Азиялық «төрттікте» біркелкі экономикалық кеңістік құрудан бастап, «бестікте» Кедендік одақ кұру, «екілікте» мемлекеттердің бірігуіне дейінгі мүдделерін бейнелейтін реальды жағдайдың көрінісін береді. Қайта құру жылдары осы тұрғыда жаһандану барысында түрлі жобалардағы Қазақстанның дүниежүзілік тарихи үдерістегі орны мен рөлін талдаушы көптеген еңбектер жарық көрді /2/. Бұл еңбектердің авторлары «Қазақстан - көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына орналасуы себепті де конструктивті интеграцияға айрықша мүдделі. Дәл ҚР-сы XX ғасырдың аяғында басталған қайта құрулардың объективті жағдайлары мен ішкі табыстарына байланысты өзара қарым-қатынастың басты күшіне айналып отыр» деген пікірге сүйенеді /1/.

Қазақстан мен Ресей мемлекеттері қоғамдарының тарихи трансформациясы мен қазіргі үдерістеріне, соның ішінде эволюциясы мен ұлтаралық қатынастарына салыстырмалы талдау жасаудың бітіру жұмысын жазуымыз үшін көп көмегі болды. Еуразия халықтарының конструктивтік және комплиментарлық бірге өмір сүруінің тарихи қалыптасқан дәстүрлерін одан әрі дамыту қажеттілігі - жоғарыда аталған еңбектердің ортақ қорытындысы .

Қазіргі тарихнаманьң негізгі ғимаратын әрине посткеңестік кеңістікті дамыту проблемалары мен нақты сюжеттерге және оған кіруші елдер, олардың арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, аймақтағы сыртқы саяси ахуалдың ерекшеліктері мәселелеріне арналған еңбектер құрайды. Көптеген зерттеулерде ТМД елдеріндегі жүріп жатқан дипломатиялық, саяси, мәдени өзгерістер мәселелерінің кең эмпириялық материалдары салыстырмалы талдаулармен бірге беріліп, тарихи тәжірибені дұрыс түсін-діруге және ұзаққа созылған қоғамдар эволюциясының тенденцияларын ашуға бағытталған мазмұнды қорытындылар жасалған. Ғалымдардың посткеңестік елдер арасындағы ынтымақтастықтың тиімді түрлерін іздестіруге қарай ұмтылысы Еуропадағы осыған ұқсас тәжірибесін зерттеуге деген заңды кызығушылығын туғызды.

М. В. Стрежневаның зерттеулері әлеуметтік мәдени тұрғыдан алғанда Еуропалық Одақ пен ТМД арасындағы салыстырмалылыққа құрылған. Автор, проблемаға тарихи-философиялык кең шолу жасай отырып, аймақтық бірлестіктердің кұрылуын, ұйымдастырушылық түрлері мен қызметін қарастырады. ТМД елдерінің экономикалық және саяси қарым-қатынасының келешегі, институционалдық жүйелерінің ортақ белгілері мәселелеріне тоқталады /6/. КСРО кезеңінде қалыптасқан біркелкі экономикалық біртұтастықтың ыдырауының себебінен туған дағдарыс салдарларын жою жолдары, ТМД - ның барлық елдері үшін өте маңызды болып есептелетін экономикалық ынтымақтастық проблемалары бірқатар еңбектерде жинақталған. Бұл еңбектер интеграцияның халықаралық тәжірибесін салыстырмалы түрде зерттейді .

ТМД-ның құрылуы, ұйымдастырылуы және құқықтық қалыптасуы, функциясы механизмдері мен қызметіндегі сәтсіздіктер себептері тарихына арналған қомақты еңбектер тобын атауымызға болады. Зерттеушілер негізінен Достастық елдерінің экономикалык өзара байланыстары динами-касын, саяси-құқықтық базасындағы өзгерістерді, оның дамуының ағымдағы, соның ішінде - мәдениет, әлеуметтік, қауіпсіздік салаларындағы проблемаларға назар аударады. Бұл еңбектерде Қазақстанның халықаралық байланыс рөлі фрагментті ғана беріледі. Көптеген авторлар Достастықты бұрынғы кеңестік республикалардың «өркениетті ажырасуының» құралы ретінде ғана көріп, бұл саладағы табыстарды баяндай отырып, ТМД шеңберіндегі қалыптасқан өзара байланыстың тәжірибесін тиімсіз деген пікірге келеді /7/.

Әр түрлі деңгейдегі формаларын ұйымдық бекіту динамикасы ғалымдар назарын Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) және Біртұтас экономикалык кеңістік (БЭК) сияқты болашағы зор ұйымдар тәжірибесін және мемлекетаралық өзара әрекеттің экономикалық аспектілерін зерттеуге қарай ауыстырады /8/. Сол сияқты ЕурАзЭҚ-ғы экономикалық әріптестіктің басты бағыттарын, Еуропалық Одақ (ЕО), Солтүстік-Америкалық еркін сауда аймағы (НАФТА), Латынамерикалық жалпы рынок (МЕРКОСУР), Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақ-тастық форумы (АТМЭЫФ) т. б. осындай кооперациялар мен ынтымақтастық шеңберіндегі негізгі интеграциялық бірлестіктердің жемісті тәжірибелерін басты қозғаушысы әрі көшбасшысы рөлін атқара алады.

Жалпы тақырыптың тарихнамасында салыстырмалы түрде алғанда 1992-2011 жылдарда ТМД елдері арасындағы байланыс мәселелерін зерттеуде ғалымдардың жиі назар аударған саласы экономикалық сала болып қала береді және бұл көбінесе Қазақстан мен Ресей арасында карастырылады. Сондықтан біз бітіру жұмысымызда тараулардың басым көпшілігінде Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынастарына көбірек назар аудадық . Сол сияқты, ТМД елдері арасындағы халықаралық қауіпсіздікті қорғаудағы бірлескен күрес, өзара ықпалдастықтың ұйымдық-құқықтық базасын жетілдіру т. т. проблемалар талдауына да біраз еңбектер арналған /8/. Мысалы, С. Л. Ткаченко мен С. Петерманн КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі ТМД елдері арасындағы әскери саладағы қатынастарына, оған Солтүстік Атлантикалық Альянстың ықпалына тоқталады. 1992 жылғы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне қол қойысу тарихы мен оның, жүзеге асырылуына, Келісімнің әскери одаққа трансформациясына, 2000 жылдан кейінгі кезеңдердегі Ресей Федерациясының сыртқы және қауіпсіздік саясатындағы өзгерістерге назар аударылады /9/. Мәдениетаралық өзара байланыстарды қарастыруда достастықты нығайту-дың мемлекетаралық түрлері мен құралдарына, ғылыми, шығармашылық, білім мекемелерінің мемлекеттік емес, жеке құрылымдарынан гөрі кәсіби мемлекеттік жағына ғана көбірек көңіл бөлінеді. Оның ішінде де ең жиі зерттеу тақырыбына айналған мәселе - білім беру үдерісін дамыту саласындағы ынтымақтастық /10/.

Көптеген авторлар, Қазақстанның жалпы сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің әртүрлі бағыттарына, жекелеген сюжеттеріне, аспектілеріне, экономикалық әсіресе энергоресурстар саласындағы ынтымақтастыққа, көбіне Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара әрекет өлшемдеріне тоқталады. Аталған бағыттағы жұмыстар қатарына А. Е Есенбаевтың, Е. Б. Жатқанбаевтың, Б. Сомжуректің, Т. А. Толеубаевтың, Н. Исингарин мен С. Масакованың, А. Иваситаның т. б. еңбектерін /12/ атауға болады. Мысалы, Т. А. Мансуров пен Қ. К. Тоқаевтың еңбектерінде әртүрлі құжаттар мен жеке дипломатиялық тәжірибелері негізінде Ресей және ТМД-ның басқа елдерімен интеграцияны дамыту мақсатындағы ҚР-ның сыртқы саяси стратегиясы мен халықаралық қызметі баяндалады.

Отандық ғылым жақын арада А. Шайхутдинов пен С. Абдулпаттаевтың Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелеріне арналған Қазақстан Президенті Қоры жанындағы дүниежүзілік экономика және саясат институты даярлаған еңбекпен толықты [13] . Авторлар елдің сыртқы саяси бағыты динамикасын, проблемалық-хронологиялық және география-елдік талдауларын қоғамның жаңаруының ішкі саяси, экономикалық міндеттерімен байланысты қарастырады. Сол сияқты интеграциялық үдерістерге, Қазақстанның әсіресе ортаазиялық көршілес мемлекеттермен, Ресеймен қарым-қатынастары мәселелеріне көңіл аударады. Ғалымдардың бұл бағыттағы шынайы даму үдерісіне Астананың бастаушы болғандығы, оның заңдылығы жөніндегі пікірлерін толық қолдаймыз.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1991-2011 жж. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейінгі жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең Кеңестер Одағының ыдырап, мемлекеттің негізі құрылуымен, экономика мен саяси жүйенің терең кұрылымдық өзгерістерінің іске асуымен ерекше. ҚР-сы Халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде ТМД, ЕурАзЭҚ т. т. шеңберінде белсенді қарым-қатынас жасауда.

Зерттеудің максаты мен міндеттері. ТМД елдерімен қарым-қатынасындағы жағдайларын анықтау, дипломатиялық құқығын және дипломатиялық тәжірибесін анықтау. Содай-ақ, қоғамның жаңаруы мен демократиялық қайта құруларды тиімді жүзеге асыру мақсатында жүргізген саяси-құкықтық, әлеуметтік-экономикалык, әскери-саяси және гуманитарлық салалардағы халықаралық өзара қарым-қатынастарының нақты-тарихи түрлерін, әдістері мен нәтижелерін қарастыру, осы үдерістегі Қазақстанның орны мен рөлін, қосқан үлесін анықтау, талдау және қорытындылау.

Осы мақсатта:

-ТМД кеңістігіндегі Қазақстанның қарым-қатынастары мен интеграциялық үдерістердің тарихи алғышарттары мен жағдайларын қорытындылау;

-бұрынғы кеңестік республикалар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас үдерісі қалыптасуының саяси-құқықтык механизмдері мен түрлеріне, ондағы Қазақстан Республикасының рөліне талдау
жасау;

-XXI ғасырдың басындағы дипломатиялық байланыс тиімділігін елдің тұрақтылығы мен одан арғы прогресі
мақсатында пайдалану бағытындағы Қазақстан Республикасының
қосқан үлесін және сыртқы саясаты тұжырымдамасының негізгі
элементтерін анықтау;

-ТМД мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық
ынтымақтастықтағы Қазақстан мен әр түрлі елдердің екі жақты
мүдделерін анықтау.

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе, үш тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1. ТМД мемлекеттерінде дипломатия және дипломатиялық құқықтың қалыптасуы мен дамуы

1. 1 ТМД мемлекеттерінде дипломатия мен сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы

РСФСР, Белорусь және Украинаның басшылары желтоқсан айының басында Белорусь астанасы Минск қаласында бас қосты. Бұл Республика басшылары жүргізілген келіссөзден соң 1922 жылғы КСРО - ны құру туралы келісім шарт күшін жойғанын мәлімдеп, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев та, басқа Орта Азиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Халық арасында славян республикаларының өзіндік пактісі құрылып жатыр деген әңгіме тарай бастады.

1991 жылғы желтоқсанның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабад қаласында бас қосты. Белорусь кездесуінен кейін пайда болған қолайсыздықтың бәрін жеңе отырып, Орта Азия мен Қазақстан республикаларының басшылары Минск қаласында қабылданған шешімді қолдамайтындықтары жөнінде хабарлады. Бұл бұрынғы КСРО республикаларының, қазіргі тәуелсіз мемлекеттердің Алматыда басқосуына мүмкіндік берді.

Желтоқсанның 20 - сында тәуелсіз елдер одағы төңірегіндегі бірқадау мәселелрді талқылау үшін Әзербайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, РСФСР, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары Алматыға жиналды. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылғы желтоқсанның 21 - інде жергілікті 11:30 минутта тәуелсіз елдердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясына жиналды. М. С. Гарбачев бұл жиынға шақырылған жоқ. Сағат 15 те күні бұрын әзірленген құжаттарды талқылау аяқталды. Жергілікті уақытпен сағат 17 де Алматыда 11 республиканың басшылары жиналыстыңң қортынды құжаттарына өз қолдарын қойды. Міне осы сәттен бастап КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты және құрамын кірген республикалар тең құқылы құрылтайшысы болып саналатын Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы дүниеге келді.

Алматы кездесуі негізінде келісілген мәселелрдің аса маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қаруы бар мемлекет есебінде Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина басшылары қол қойды. Мемлеекттер келісі бойынша қатыстырушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достастығына енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

ТМД ның құрылуы мен жүйеленуі КСРО құрамында өмір сүріп үйренген халық үшін тиімді.

Бірақ, ТМД ға көзқарас бұрынғы Одақтас республикалар тарапынан әр келкі болып отыр. Бірқатар республикалар (Балтық бойы елдері, Молдова, Грузия) ТМД құрамына кіруден бас тартты. Ал кейбіреулері ТМД - ны бұрынғы КСРО республикаларының мәдениетті түрде ажырасу формасы ретінде қарап, уақытша байланысты жоғалтпай, ортақ мүлікті келісіммен бөлісуге ыңғайлы мүмкіндік деп қарады. 1992 жылдан Ресей мен Украина арасында Қара теңіз флоты үшін талас басталды. Осы бәседе Ресей қарулы күштерінің генералдары әскери ұнамсыз қылықтар көрсетуге дейін де барды. Сондай - ақ, Ресей тарапынан Қазақстан аумағындағы Байқоңыр айлағына да ешбір негізсіз талаптар қойылды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев сыртқы саяси бейбітшілік саясатын ұстануды ескере отырып, Лиссабон хаттамасына қол қою арқылы Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болатындығын мәлімдеді. Әлемдегі ең үлкен мемлекет - КСРО - ның ыдырау және оның құрамындағы Республикалардың саяси бостандық алуы көптеген сауалдарыды туғызды. Ал, олардың бәрібірде бейбітшілік жолмен шешімін таппады, оған Молдово (Днестр жағалауындағы аймақ), Грузия (Осетия мен Абхазия), таулы Карбахтағы қантөгістер мысал.

Жершілдік бағытын ұстанған саяси топтар арасындағы күрес Тәжікстанда көптеген адам өлімінің болуына әкеліп соқты.

1993 жылы қаңтар айында Минскіде өткізілген ТМД елдерінің басшыларының кездесуі республикалар арасында жинақталып қалған мәселелрдің бірталайына шешім табуға көмектесті.

Минскідегі кездесу достықты, экономикалық және саяси байланысты әрі қарай нығайту жолында нәтижелі жұмыстар атқарды.

Дегенмен, ТМД - ның құрылуы оңай болмады. КСРО мүлкін бөлісуде республикалар арасындағы туған пікірталастар, сомдық аймақ құру және КСРО-ның ортақ қару - жарағын бөлісудегі қақтығыстар сол қиындықтардың көрінісі.

Бірталай қияндықтар, әсіресе, Украина, Қазақстан, Беларус аумағындағы Ресейдің әскери орталықтарын әкетужәне таратуда байқалды.

Республикалар егемендігін ала отырып, өзінің қауіпсіздігі үшін қосымша кепілдік қажет етті; олар Ресейдегі саяси тұрақсыздыққа, әр - түрлі саяси күштер мен қозғалыстарға күмәндене қарады.

КСРО-ның құлауы мен Ресейдің Орталық Азиядан өз еркімен шегінуі континент картасында айтарлықтай геосаяси вакуум қалдырды.

Осы аймақта Ресей ықпалының төмендеуі АҚШ, Батыс Европа мен дамыған Азия мемлекеттерінің қызығушылықтарын айтарлықтай арттырды. Олар Орталық Азияда өз экономикалық мақсаттарын қанағаттандыратын саяси мүдде көздейде. (1)

XXI ғасырда бүкіл адам баласы дамудың жаңа бір сатысына қадам жасады. Трансформация процесі қазіргі өркениеттің барлық саласын қамтуда. Бұрынғы мәдени-тарихи типтердің көптүрлі орнын жалпыға бірдей өмірлік материалды-рухани стандартты жүйе ауыстыруда. Бұл планеталық деңгейде «мобализация» деген атқа ие болды. Бүгін осы жүйенің әсер етуіндегі эпицентрінің бірі - Орталық Азия. Соңғы кезде бұл аймақ әлемге қауіп төндіріп отырған тынымсыз жерге айналып отыр. Бұған әлемдегі бипалярлық жүйенің құлауы да әсер етпей қоймады. (2)

КСРО-ның құлауымен Орталық Азияның биосаяси болашағы бұлыңғыр болып тұр. Осы аймақта «Теңіз күштері» (АҚШ, Батыс Европа, т. б. ) өз саясатын нығайтуда. 1991 жылдан кейін Орта Азия ірі державалардың саяси ойын алаңына айналғаны шындық. Бұл шындық жаңа бір қорқыныш ызғарымен келді.

Осы аймақтың глобальды және геосаяси жағдайы тек ғалымдарды ғана қызықтырмай тіпті бүкіл әлем жұртшылығын өзіне бет бұрғызды.

Азияның посткеңестік республикалары жүйелі дағдарысты бастарынан кешіруде. Осы бір тұрақсыздықтың негізгі ұғымына - экономика мен идеологияны жатқызуға болады.

Ендігі жерде, осы аймақтағы елдерге тоқталатын болсақ, ең бірінші еліміз Қазақстаннан бастайық. Жерінің табиғи ресурстарға бай, экономикамыз жоғарылауда, бірақ саяси реформалар біршама ақсаңдауда.

Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, егеменді халықаралық субъектісі ретінде алған мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға бар күш-жігерін жұмсай бастады. Біздің мемлекетіміз сыртқы саясаттық шараларды дайындауға кірісті, соның ішінде ең бірінші ”Жақын шетелге” байланысты, яғни ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге.

Н. Ә. Назарбаев “Тәуелсіз газетпен” сұхбатттасқан кезде “ТМД елдері үшін интеграция, ынтымақтастық тек қана экономикалық пайда ғана емес керек десеңіз, қажетті рухани - психологиялық тұрақтылық жағдайды, ертеңгі күнге сенімділік деген болатын”.

Достастықтың басты мақсаты - саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешіп, өзара тиімді жағдайларда бұрынғы Кеңестік республикалардың интеграциясын қамтамасыз ету.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы стратегиялық алғы міндеттердің бірі - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатынасушы мемлекеттермен ынтымақтастық. Осыған сүйене отырып, Қазақстанның саяси дипломатиялық және экономикалық міндеттерді шешу, тәуелсіз принципі негізінде Достастық территориясындағы қауіпсіздікті сақтау мәселесіндегі бірлестік, территориялық мызғымастық пен мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау үшін, Достастық шеңберіндегі байланыстарды нығайтуды қолдап отыр.

Бұл бағыттағы жұмыс екі деңгейде жүргізіліп жатыр: екі жақты қатынастар мен ТМД шеңберіндегі көпжақты байланыстарды дамыту. Қазақстан ТМД-ға мүше-мемлекеттер интеграциясын күшейту, қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру бағытын ұстанып келеді. Достастыққа байланысты Қазақстан ұстанған позициясының заңды әрі өміршеңдігін, тәжірибе жеткілікті түрде дәлелдеп береді.

Кеңес Одағы ыдырауы ТМД мемлекеттеріндегі өндірістік салалардың әлсіреуіне, бағаның тым қымбаттануына, тоқтаусыз инфляцияға, халықтың көпшілігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, яғни бір сөзбен айтқанда әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа алып келді.

Қазіргі таңда барлық республикалар жетпіс жыл ішінде қалыптасқан әкімшілік жетекшілік бір орталықтан басқаратын экономикалық жүйесінен бас тартып отыр. Оның үстіне экономикалық шындық егемендіктің жаңа белгілерін талап етуде, ал ол болса ерікті ынтымақтастықта жатыр. ТМД елдерімен бұзылған Қазақстан байланыстарын қайта қалпына келтірудің шарты - нарықтық әрбір шаруашылық субъектісінің көтерме және жеке айналымдар бөлімдеріне ену мүмкіндіктері болып табылады. Бұл онсыз да монополияланған экономикада жаңа монополиялы құрылымдардың пайда болуынан сақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі
ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату
Қазіргі геосаясат жағдайындағы Қазақстан мен халықаралық ұйымдар қарым-қатынасы
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
Дипломатиялық құқық
Түркия Республикасының тоғызыншы
Халықаралық азаматтық іс жүргізу: түсінігі мен негізгі институттар
Халықаралық және ішкі мемлекет құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін реттеудегі мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz