Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері

1. 1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі

қағидалары . . . 5

1. 2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар . . . 16

2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2. 1 Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері . . . 22

2. 2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары . . . 26

  1. Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары . . . 38

3 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері (механизмі)

3. 1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру жолдары . . . 57

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64

Кіріспе

Дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам құқықтарының проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өзінің қызметіне жете көңіл бөлмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.

Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.

Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.

Ал құқықтық мемлекет дегеніміз - жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғары талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде - бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет.

Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.

Біздің зерттеуіміз адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының құқықтық мемлекетте іске асырылуына арналған. Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматгардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет кұру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету - заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды.

Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.

Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес.

Дипломдық жұмыста мемлекеттік аппараттың адам құқықтарын қорғау жөніндегі қызметін жетілдіруге арналған.

  • Біріншіден, адам құқықтарын қорғау демократиялық құқықтық мемлекеттің басты ішкі қызметіне айналуы тиіс.
  • Екіншіден, бұл мемлекет пен адам мүдделерінің арасындағы басымдылықтарды бөлуді жаңаша қарастырушы негізгі идея.
  • Үшіншіден, әртүрлі мемлекеттік органдар бұл қағиданы іске асыру барысында түрліше қызмет атқара отырып, адам құқықтарын қорғау ісіне өз үлестерін қосып келеді.
  • Төртіншіден, адам құқықтарын қорғауда құқықтық мемлекеттің орнын анықтай отырып, біз адам құқықтарын қорғау, сақтау, қамтамасыз ету және кепілдік беру сияқты қызмет түрлерін анық шектейміз.
  • Бесіншіден, адам құқықтарын қорғау механизмін жүйелілік қағидасы бойынша талдай отырып, біз бұл жүйеде кемшіліктер, қарама-қайшылықтар, қайталаулар орын алып отырғандыгын анықтадық.

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандыктың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқыықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» [1, 3 б. ], - деп жазылған.

Адам құқықтарын бекітуге, оларға кепілдік беру, қамтамасыз ету, қорғау және іске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің (қалыптасқан немесе енді ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистік бастаулардың, демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткені оның нәтижесі қолданылған тәсілдерге сәйкес болып шығады.

«Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, демократия - мемлекеттік билік өзінің бағдарламалары мен қызметін көпшілік таныған адам құқықтары мен бостандықтарына негіздегенде ғана мән-мағынаға ие бола алады [2, 34 б. ] .

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің қорғаушылық қызметінен бөлген меншікті, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және т. б. қорғау қызметінен ажыратқан және оларды басқа қызметтің негізіне алып, оның мазмүнын кеңейткен абзал. Біздің пікірімізше, мемлекеттің адам құқықтары саласындағы қызметін тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттің адам құқықтарын бекіту, қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, оларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі іс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергі жағында мемлекет қызметінің барлық аталған түрлері бір-бірлеріне өте жақын, бағдарлары бойынша бір-біріне ұқсас, оларды бір-бірінен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткені, сайып келгенде, олар белгілі бір бірлік пен тұтастықты құрайды.

Тақырыбының ғылыми зерттелу денгейі. Қарастырылып отырған проблемаға Ресей және Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Бірінші кезекте бұлардың қатарына РҒА академигі Е. А. Лукашеваның басшылығымен жасалынған іргелі еңбектерді атауға болады. Ол КСРО ыдырауынан кейінгі Ресей мен ТМД елдеріндегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау проблемасын бірінші болып ғылыми зерттеу деңгейіне көтерді.

Адам құқықтары мен бостандықтары проблемасына Т. Б. Бекназар Юзбашев, В. А. Карташкин, И. А. Ледях, Б. Г. Манов, Р. Мюллерсон сияқты Ресей зерттеушілерінің еңбектері арналған.

Қазақстанда бұл проблемаға Т. А. Ағдарбеков, М. Т. Баймаханов, М. С. Башимов, Б. А. Есентемірова, А. Жұмағұлова, Г. К Искакова Г. Лупарев, А. К. Мұхтарова, Ғ. С. Сапарғалиев, С. Н. Сәбікенов, А. В. Турлаев, Н. А. Шайкенов сияқты ғалымдардың жұмыстары арналған. Бұл қатарда Еуразия кеңістігінде адам құқықтарын іске асыру теориясы мен практикасына талдау жасалынған Ж. Д. Бусурмановтың зерттеуі ерекше орын алады.

Сонымен қоса ғылыми зерттеуде А. Т. Ашеулов, Т. А. Ағдарбеков, Н. Е. Айтқұлова, М. Т. Баймаханов, Ж. Д. Бусурманов, М. С. Башимов, М. С. Бейбітов, С. В. Бахин, С. Ж. Жалыбин, Е. Жовтис, С. З. Зиманов, Г. К Искакова, А. С. Ибраева, А. К. Котов, А. Қараев, Т. В. Кашанина, Д. О. Кұсайнов, Қ. Мәми, Б. А. Майлыбаев, А. К. Мұхтарова, Н. И. Матузов, К. Б. Мурзаев, М. С. Нәрікбаев, Л. Т. Назаркулова, Ғ. С. Сапарғалиев, С. Н. Сәбікенов, М. А. Сәрсембаев, Г. Ж. Сүлейменова, А. Я. Сухарев, А. В. Стремоухов, Р. Түсіпбеков, Г. Д. Тленчиева, А. К. Тасбулатова, К. Х. Халиков, А. Г. Шмарин және т. б. авторлардың еңбектері қолданылды.

Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеті. құқықтық мемлекеттің қалыптасу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының іске асырылуын жағымды тәжірибені анықтау және қарама-қайшылықтармен кемшіліктерді табу арқылы жүйелі талдау.

Зерттеудің негізгі пәнін - құқықтық мемлекеттің басты қағидасы - адам құқықтарын қорғау, сақтау, кепіл беру және қамтамасыз ету бойынша ерекшеліктері болып табылады.

- адам құқықтарын қорғауды мемлекеттік аппарат қызметінің негізін қалаушы қағида ретінде зерттеу және оның қызметін жетілдіру бойнша шаралар ұсыну.

Аталмыш мәселені зерттеу барысында мынадай мақсаттар қойылады:

Тақырыптың өзектілігі. Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдармен азаматтардың құқықтары тұжырымдамасына негізделген және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж. ), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), «Балалар құқы декларациясы» (1959), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды. Алайда «азаматтың құқы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады.

Диплом жұмысы тақырыбын зерттеудің жаңалығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды; кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қозғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өмірінің, отбасының және басқаларының денсаулығы және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.

Тақырыпты зерттеудің міндеттері мен әдіснамалық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттік өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлкеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ) . Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттік тану және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституция «Адам және азамат» деген ІІ тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтық да құқы мен міндеті туралы айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12-бап, 3-тармақ) . Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге «адам құқы» ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ, «адам құқы» мен «азамат құқы» ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген - адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда «барлығы», «адам», «еркім», «ешкім де емес» деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты болса, онда ол туралы көрсетіледі. 13-бапта: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуы құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» делінген, 14-бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-бапта былай жазылған: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық, зомбылық жасауға, басқада қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын қандай жағдайда болмасын азаматтығынан айыруға болмайды (10-баптың 2-тармағы) . Конституцияда республика азаматының әскери қызметті өтеуге міндеті айрықша атап көрсетілді (36-бап) және т. б. Қазақстан Республикасы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар - адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

Жұмысты зерттеудің деректік негізі барысында Ғ. С. Сапарғалиев., С. А. Табанов., Е. Қ. Нұрпейісов., З. О. Ашитов., Қ. Д. Жоламан., А. Н. Тәукелов., А. Қ. Мұхтарова секілді отандық заңгерлердің зерттеулері басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, 5 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері

1. 1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі қағидалары

Мемлекет қызметінің бағыты адам құықығының басымдылығынан туындауы тиісті. Себебі мемлекет өкімет органдарының басты міндеті - адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, құқықтары мен бостандықтарын тануын, сақтау және қорғау болып табылады. Сондықтан адамға байланысты оның құқықтық жағдайын анықтайтын құқықтық нормалардың маңызы өте зор.

Адам мен адамзаттың құқықтық жағдайы (құқықтық мәртебесі) дегеніміз, әдеттегінше оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Шын мәнінде, бұл адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты мазмұны болып табылады. Бірақ та оған өзгеше құқықтық факторлар әсер ететінін әрдайым естен шығармауымыз керек. Олар - азаматтық қағидалар, құқық пен бостандық кепілдіктері. Адамның құқықтары мен міндеттері көптеген құқық салаларында тұжырымдалған. Солардың ішінде адамның қоғамдық жағдайын дәріптеуде мемлекеттік құқық саласының атқаратын рөлі ерекше. Әсіресе, адамның, азаматтың құқықтық мәртебесінің негізгі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Оған мыналар кіреді: азаматтылық, адам мен азаматтың құқықтық жағдайының конституциялық принциптері, олардың негізгі құқықтары мен бостандақтары (азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени), конституциялық міндеттер. Бұл адамның құқықтық жағдайныңы басты элементі, ядросы. Құқықтық мәртебесінің негіздері адамның қоғамдағы жағдайын анықтауда басты шешуші рөл атқарады, өмірлік маңызы бар, мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-тарауында берілген (10-39-баптар) .

Адамның құқықтық жағдайы мұнымен шектелінбейді. Азаматтардың өзге құқықтары мен міндеттері көптеген әр түрлі құқық салаларында тұжырымдалады, бірақта бұлар негізгі құқықтарға бостандықтар мен міндеттерге бағынышты, оларды одан әрі дамытуға және нақтылана түсуіне бағытталған. Адам мен азаматтық құқықтық жағдайына мінездеме беру үшін, алдымене, адам, тұлға, азамат ұғымдарының арақатынасын ажыратуымыз, олардың конституциядағы құқықтық мәртебесінің принциптерін және негізгі белгілерін анықтауымыз қажет. Осы сұраққа жауап берместен бұрын «адам», «тұлға» және «азамат» ұғымдарын айқындап алу керек. Әдеби шығармаларда, ауызекі әңгімелерде адам, тұлға, азамат ұғымдары олардың арасында белгілі бір айырмашылық бар болса да, бірқатар жағдайда бір мәндес сөздер ретінде қолданылады. «Адам» ұғымы жеке адамның биологиялықәлеуметтік табиғатын білдіреді. Оны тірі жәндіктің өкілі ретінде қарауға тиіспіз. Биологиялық жаратылыс ретінде «саналы адам» (homo sapiens) деңгейіне жеткен адам дамуы өте баяу өтеді. Мындағы жылдар бойы адам денесінің анатомиялық құрылысы, оның ағзалары өзгерген жоқ десе де болады. Ал әлеуметтік яки тұлға сипатындағы тұрғыдан алғанда адам дамуының орасан зор өрлеу жолынан өтті. Кез келген нақтылы адам тұлға болып саналады, және ол табиғи және әлеуметтік ерекшеліктерге ие бола алады.

Тұлға дегеніміз - нақтылы қоғамдық-экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды сипаттайтын ерекшеліктердің жиынтығын білдіреді. Тұлғаның қайталанбас даралығы адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының өкілі ретінде адамға тән кейбір ортақ белгілерді де қамтиды: оларға ұлты, кәсібі, әлеуметтік жағдайы және оның қоғамда алатын орны, жауаптылығы тағысын тағы жатады. Тұлғаның осындай жалпы сипаттарының жиынтығы оның әлеуметтік бейнесін айқындайды. Дәлірек айтсақ, жұмысшының, ғалымның, саясаткердің, зейнеткердің, қылмыскердің тұлғасы туралы айтуға болады.

Қазақстан Республикасында тұлға нарықтық қатынастарға өту жағдайында материалдық игіліктер өндірісі саласында, оны бөлу мен айырбастау жоғары деңгейдегі еркіндікті иеленеді. Қазіргі уақытта әрбір азамат өнеркәсіп кәсіпорнының, сауда мен өзге қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындардың жеке немесе ұжымдық меншік иесі яки орташа немесе ірі бизнесмен бола алады. Бірақ өмірде кездесетін белгілі бір объективтік, не субъективтік жағдайларға байланысты адам өзін тұлға ретінде сезінбеуі де мүмкін. Оған мысал ретінде адамның жүйке жүйесінің ауруына байланысты оны сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануын алсақ та жеткілікті [5, 55б] .

Азамат ұғымы публистикалық мағынасында жиі қолданылады, ол адам - өз Отанының ұлы немесе қызы деген ұғымды білдіреді. Басқаша мағынасында бұл ұғымы адамның кез-келген мемелекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екендігін аңғартады. (мәселен адамның монархиялық мемелекетпен құқықтық байланысы «бодан» ұғымымен сипатталады) . Оның тығыз байланыстылығын мынадан көруге болады: мемлекет азаматтарға толық құқықтар мен бостандықтарын белгілеп берсе, ал азаматтар заңды түрде белгіленген сыйлықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу, т. с. с. жүзеге асырады.

Жаңа Конституцияда «азамат» термині қолданылған кезде Қазақстан Республикасының азаматы жиі айтылады. Мәселе мынада: басқа мемлекеттерде тұратындар сияқты Қазақстан аумағында тұрып жатқандардың бәрі бірдей оның азаматы болып табылады. Олардың арасында шетелдік азаматтар немесе азаматтыңы жоқ адамдар болуы мүмкін. Олардың құқықтары мен бостандықтарының сол мемлекет азаматтарына қарағанда аздығы - мысалы, кейбір саяси және әлеуметтік экономикалық құқықтардың, соның ішінде сайлауға не сайлануға, әскер қатарына алынуға, жоғары лауазымды қызметке көтерілуіне болмайтындығы. Жалпы алғанда, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (12-бап, 4-тармақ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АДАМ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәселе
Қазақстан Республикасының адам және азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz