Жасөспірімің интеллектілік дамуы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
1. Ақыл - ойы кем жасөспірімдердің әлеуметтік ортада тұлғалық даму мәселесі . . . 9
1. 1. Жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері дамуының психологиядағы зерттеулері . . . 9
1. 2. Тұлғалық ерекшеліктер мен әлеуметтік адаптация мәселесінің байланысы . . . 21
1. 3 Тұлғалық ерекшеліктердің ақыл-ойы кем жасөспірімдердің әлеуметтік дезадаптациясына әсері . . . 33
2. Отбасында және қосымша мектеп-интернаттарында тәрбиеленетін жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерді зерттеуін ұйымдастыру нәтижелерін талдау . . . 46
2. 1 Тұлғалық ерекшеліктерді зерттеудің әдістері жүргізілу барысы . . . 46
2. 2 Тұлғалық ерекшеліктерді зерттеу нәтижелерін салыстыру . . . 56
Қорытынды . . . 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Кіріспе
Қоғамдағы болып жатқан өзгерістердің барлығы әрбір адамның, әсіресе жасөспірімдердің дүниеге деген көзқарасында, психикалық қалыпта бейнеленеді. Жасөспірімдердің мәселелерін шешуде тек жасөспірімдерді қарастыруға болмайды. Оның өмір сүретін қоғамдық ортасының қалпын да зерттеу қажет.
Қазіргі жасөспірім әлеуметтену тенденциясы мен мазмұны жағынан күрделі әлемде өмір сүруде. Бұл біріншіден, жас адамдарға жаңа талаптар қоятын техниктік-технологиялық қарқынның жаңартылуымен байланысты. Екіншіден, нақты өмірлік тұғыры әлі бекітілмеген жасөспірімге терең әсер ететін ақпараттардың қанық сипатымен байланысты. Үшіншіден, балаларда үмітсіздік пен тітіркену (өзіндік жауапкершілік сезімі жоқ уақытында) тудыратын, біздің қоғамды жаулап алған экологиялық және экономикалық дағдарыстармен байланысты.
Жасөспірімдік шақта физикалық дамудың негізгі факторы болып жыныс мүшелерінің дамуы табылады, ол ішкі мүшелердің жұмысына әсер етеді. Жасөспірімдік шақтағы физикалық даму ерекшеліктері бұл кезеңде дұрыс өмір тәртібіне, оның ішінде отбасылық өмірде қалыптасатын еңбек ету, дем алу, ұйқы және тамақтану, дене тәрбиесі мен спорт, еңбек ету тәртібіне маңызды орынды береді.
Жасөспірімнің психикалық дамуының ерекшелігі осы кезең барысында, ол прогрессивті, сонымен қатар гетерохромды сипатта болады. Латын тілінен аударғанда (adolescere) жасөспірім сөзі «ересек адамға айналу дегенді» білдіреді. Жасөспірімдік кезең пубертаттан басталып, ересектік міндеттерді қабылдаумен аяқталады.
Қазіргі уақытта біздің қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, идеологиялық тұрақты емес жағдай жасөспірімнің тұлғалық дамуы мен жүріс-тұрысында әртүрлі ауытқулардың өсуін көрсетеді. Олардың арасында тек жасөспірімдердің жоғарғы мазасыздығы мен рухани кедейшілігі ғана емес, олардың шектен шыққан арсыздықтары, мейірімсіз қылықтары, агрессивтілігі жоғары алаңдаушылықты туғызады. Бұл процесс әсіресе баланың балалық шақтан ересектік қалыпқа өтуінде, яғни жасөспірімдік шақта байқалады.
Бүгінгі күні біздің қоғамда жасөспірімдерге бағытталған позитивті әсер етулер өте аз. Сонымен байланысты, әлеуметтік адаптация жасөспірімдердің психологиялық дамуына әсер ету мәселесі өзекті болып табылады.
Әлеуметтік дезадаптация - бұл индивидтің қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің, әлеуметтік дамудың, индивидтің әлеуметтенуінің бұзылуын білдіреді. Жағымды әлеуметтік рөлді жүзеге асыруға мүмкіндік болмағандықтан, жасөспірім дамудың қажеттіліктерін іске асыру үшін басқа жолдар іздейді.
Жасөспірімдік шақ адамның дамуының ең қиын кезеңдерінің бірі. Ол индивидтің барлық дерлік болашақ өмірін анықтайды. Бір жағынан жасөспірімдік шақ психикалық даму сипатына орай балалық кезеңге ұқсайды, екінші жағынан біздің алдымызда дамып келе жатқан, қоғамдық бақылаулардың жаңа сипатына бағытталатын адам. Ол шынайы түрде жаңа өзара байланыс, қарым - қатынас формаларына енеді, олардың мінезін түсінуге, өзін-өзі анықтауға тырысады. [1] . Жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерді көп жылдар бойы зерттеуде. Осы зерттеулердің ішінде жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау көп қарастырылыған.
Жасөспірімдік шақта терең өзгерулер жүреді, тұлғаның тұтастай дамуына әсер ететін өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі тану жетіледі. Көптеген авторлардың пікірінше өзін-өзі бағалау жасөспірімдік шақтың орталық жаңа түзілістерінің бірі болып табылады. В. С. Журавлев Ю. А. Захаров және тағы басқа авторлар өзін-өзі бағалау мазмұнының өзгеруін бақылай отыра келе жасөспірімдердің өзін-өзі қабылдау, тұлғалық сипат және мінез факторларына көп көңіл бөлетіні туралы айтады [2] . . Өзін-өзі бағалаудың маңызды жиынтықтарының бірі жасөспірімдердің өздерінің сырт келбетінің көрінісі болып табылады. Жасөспірімдерде өзін-өзі бақылауға, бейімдігі, эгоцентризм, “Мен бейнесінің” тұрақсыздығы байқалынады. Жасөспірім басқалардың арасында ол қандай екенін, оларға қаншалықты ұқсайтыны сұрақтарына жауап іздейді [3] . .
Осымен бірге жасөспірімдердің өз-өзіне қатынасы қалыптасады. 13-15 жастағы жасөспірімдерде өзін-өзі қабылдамау феномені байқалынады. Жасөспірімнің өзін-өзі бағалауы күшті аффективті бояуға ие. Адамның өміріндегі қызығушылықтар маңызды рөлге ие. Жасөспірімнің қызығушылықтары тұрақсыз болуы бәрімізге мәлім. Қызығушылықтардың қалыптасуының бірнеше қайнар көздерін бөлуге болады. Біріншіден ол - мектеп. Көп дәрежеде белгілі бір пәндерге және іс-әрекет түрлеріне қызығушылық жанұяда қалыптасады. Мысалы: ұл әкесіне қарай отырып, программист болам деп, компьютер алдында көп отырады. Қызығушылықтар мен қабілеттердің дамуының көздері музыкалық және хореографиялық мектептер, әртүрлі үйірмелер мен спорт секциялары болып табылады. Жасөспірімдер оларға әртүрлі себеп бойынша барады. Біреулерінде анық мақсат бар: мысалы, ұлдар спорт секциясына физикалық сапаны дамыту үшін барса, қыздар каратэға өзін-өзі қорғай алу үшін барады. Өздерінің қабілеттерін максималды түрде ашатын іс-әрекет аймағын табу барлық дерлік жасөспірімдердің тілегі [4] . .
Д. И. Фельдштейннің айтуы бойынша: “Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауының дамуы өзінің ойларымен, күтімдерімен, бағдарларымен тығыз байланысты. Жасөспірімдер алғаш рет өздерінің ішкі дүниесін сырттай зерттей отырып, олар басқа адамдарға ұқсамайтынын көреді. Осыған байланысты оларды ешкім түсінбейді деген ойлар пайда болады. Мұндай ойлар жоғары үрейліліктің және жалғыздық сезімінің пайда болуының жағымды фонын құрайды”[5] . . Жасөспірімдерде жоғары үрейрілік көп дәрежеде құрбы - құрдастармен қарым-қатынасымен байланысты екенін эксперименталдық мәліметтер дәлелдейді. Қарым-қатынас процесінде жүзеге асатын ашулану, эмоционалды тепе-теңсіздік жасөспірімдерге тән болып табылады. Физиологтар оны осы кезеңде болатын жыныстық жетілумен байланыстырады.
Осы кезеңде қыз балаларда көңіл күйдің тез ауысуы, жоғары сезімталдылық, ренжу байқалынса, ұл балаларда жоғары қозғалғыштық байқалынады [6] . . Осыған байланысты жасөспірімдердің тұлғалық тепе-теңсіздігі туралы айтып кеткен жөн.
Тұлғалық тепе-теңсіздік жасөспірімнің негізгі ерекшелігі. Бір-біріне қарама-қайшы сипаттар, талпыныстар, тенденциялар бір-бірімен күресе отырып, есейіп жатқан баланың мінезі мен жүріс- тұрыс қарама-қайшылықтарын анықтайды. Анна Фрейд осы ерекшелікті келесідей суреттейді:” . . . жасөспірімдер өзімшіл, олар өздерін Әлем орталығы деп санайды. Бір жағынан олар қоғам өміріне қызығушылықпен араласса, басқа жағынан олар жалғыздыққа құмарланады. Кей-кезде олардың жүріс-тұрысы басқа адамдарға қатысты дөрекі, бірақ соған қарамастан өздері өте сезімтал болып келеді. Олардың көңіл-күйлері оптимизм мен пессимизм арасында ауытқиды. Кейде іс-әрекетті ынтамен орындаса, кей-кезде іс-әрекетті орындағанда енжарлық көрсетеді [7] . . Сонымен бірге жасөспірімдік шақтағы ересектік болуға ұмтылуға тенденция бар.
Әлеуметтік дезадаптация жасөспірім мен орта арасындағы өзара әрекеттесудің бұзылуы. Өкінішке орай, тәжірибеде негізгі көңілді тек қана бір жаққа - дезадаптацияланған жасөспірімге бөлінеді, ал оның ортасын қараусыз қалдырады.
Жасөспірімдердің дезадаптация мәселесі өте өзекті, өйткені жасөспірімдердің ерте дезадаптациялануы жұмыс істей алмайтын, отбасын құрай алмайтын ұрпақтың қалыптасуына әкеледі.
Қорыта айтқанда, жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс өз спецификаға ие. Дезадаптацияланған жасөспірімдердің мәселесін шешу әлеуметтік топтың және кәсіпқой жұмыскерлердің бірлескен күшін талап етеді.
Қазіргі замандағы қоғамда әлеуметтік дезадаптация мәселесінің өзекті болуын есепке ала отырып, бұл жұмыста келесі мақсат қойылады: отбасында және қосымша мектеп-интернаттарында тәрбиеленетін жетім қалған ақыл-ойы кем жасөспірімдердің әлеуметтік дезадаптациялану деңгейін анықтау.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- Әлеуметтік дезадаптациялануды зерттеудің әдістемелерін анықтау.
- Әлеуметтік дезадаптациялану деңгейін зерттеуді жүргізу.
- Отбасында және қосымша мектеп-интернаттарында тәрбиеленетін ақыл-ойы кем жасөспірімдердің әлеуметтік дезадаптациялану деңгейлерін салыстыру.
Зерттеудің объектісі: ақыл-ойы кем жасөспірімдердің әлеуметтік дезадаптация процесі.
Зерттеудің пәні: ақыл-ойы кем жасөспірімдердің әлеуметтік дезадаптациялану деңгейі.
Жоғарыда айтылғанға орай біздің болжамымыз : жетім қалған ақыл-ойы кем жасөспірімдердің отбасында тәрбиеленетін ақыл-ойы кем жасөспірімдермен салыстырғанда әлеуметтік дезадаптация деңгейі жоғары.
1 Ақыл - ойы кем жасөспірімдердің әлеуметтік дезадаптациялану мәселесі
1. 1 Жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері дамуының психологиядағы зерттеулері
Жасөспірімдік шақ адамның дамуының ең қиын кезеңдерінің бірі. Ол индивидтің барлық дерлік болашақ өмірін анықтайды. Бір жағынан жасөспірімдік шақ психикалық даму сипатына орай балалық кезеңге ұқсайды, екінші жағынан біздің алдымызда дамып келе жатқан, қоғамдық бақылаулардың жаңа сипатына бағытталатын адам. Ол шынайы түрде жаңа өзара байланыс, қарым - қатынас формаларына енеді, олардың мінезін түсінуге, өзін-өзі анықтауға тырысады. [1] . Жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерді көп жылдар бойы зерттеуде. Осы зерттеулердің ішінде жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау көп қарастырылыған.
Жасөспірімдік шақта терең өзгерулер жүреді, тұлғаның тұтастай дамуына әсер ететін өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі тану жетіледі. Көптеген авторлардың пікірінше өзін-өзі бағалау жасөспірімдік шақтың орталық жаңа түзілістерінің бірі болып табылады. В. С. Журавлев Ю. А. Захаров және тағы басқа авторлар өзін-өзі бағалау мазмұнының өзгеруін бақылай отыра келе жасөспірімдердің өзін-өзі қабылдау, тұлғалық сипат және мінез факторларына көп көңіл бөлетіні туралы айтады [2] . . Өзін-өзі бағалаудың маңызды жиынтықтарының бірі жасөспірімдердің өздерінің сырт келбетінің көрінісі болып табылады. Жасөспірімдерде өзін-өзі бақылауға, бейімдігі, эгоцентризм, “Мен бейнесінің” тұрақсыздығы байқалынады. Жасөспірім басқалардың арасында ол қандай екенін, оларға қаншалықты ұқсайтыны сұрақтарына жауап іздейді [3] . .
Осымен бірге жасөспірімдердің өз-өзіне қатынасы қалыптасады. 13-15 жастағы жасөспірімдерде өзін-өзі қабылдамау феномені байқалынады. Жасөспірімнің өзін-өзі бағалауы күшті аффективті бояуға ие. Адамның өміріндегі қызығушылықтар маңызды рөлге ие. Жасөспірімнің қызығушылықтары тұрақсыз болуы бәрімізге мәлім. Қызығушылықтардың қалыптасуының бірнеше қайнар көздерін бөлуге болады. Біріншіден ол - мектеп. Көп дәрежеде белгілі бір пәндерге және іс-әрекет түрлеріне қызығушылық жанұяда қалыптасады. Мысалы: ұл әкесіне қарай отырып, программист болам деп, компьютер алдында көп отырады. Қызығушылықтар мен қабілеттердің дамуының көздері музыкалық және хореографиялық мектептер, әртүрлі үйірмелер мен спорт секциялары болып табылады. Жасөспірімдер оларға әртүрлі себеп бойынша барады. Біреулерінде анық мақсат бар: мысалы, ұлдар спорт секциясына физикалық сапаны дамыту үшін барса, қыздар каратэға өзін-өзі қорғай алу үшін барады. Өздерінің қабілеттерін максималды түрде ашатын іс-әрекет аймағын табу барлық дерлік жасөспірімдердің тілегі [4] . .
Д. И. Фельдштейннің айтуы бойынша: “Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауының дамуы өзінің ойларымен, күтімдерімен, бағдарларымен тығыз байланысты. Жасөспірімдер алғаш рет өздерінің ішкі дүниесін сырттай зерттей отырып, олар басқа адамдарға ұқсамайтынын көреді. Осыған байланысты оларды ешкім түсінбейді деген ойлар пайда болады. Мұндай ойлар жоғары үрейліліктің және жалғыздық сезімінің пайда болуының жағымды фонын құрайды”[5] . . Жасөспірімдерде жоғары үрейрілік көп дәрежеде құрбы - құрдастармен қарым-қатынасымен байланысты екенін эксперименталдық мәліметтер дәлелдейді. Қарым-қатынас процесінде жүзеге асатын ашулану, эмоционалды тепе-теңсіздік жасөспірімдерге тән болып табылады. Физиологтар оны осы кезеңде болатын жыныстық жетілумен байланыстырады.
Осы кезеңде қыз балаларда көңіл күйдің тез ауысуы, жоғары сезімталдылық, ренжу байқалынса, ұл балаларда жоғары қозғалғыштық байқалынады [6] . . Осыған байланысты жасөспірімдердің тұлғалық тепе-теңсіздігі туралы айтып кеткен жөн.
Тұлғалық тепе-теңсіздік жасөспірімнің негізгі ерекшелігі. Бір-біріне қарама-қайшы сипаттар, талпыныстар, тенденциялар бір-бірімен күресе отырып, есейіп жатқан баланың мінезі мен жүріс- тұрыс қарама-қайшылықтарын анықтайды. Анна Фрейд осы ерекшелікті келесідей суреттейді:” . . . жасөспірімдер өзімшіл, олар өздерін Әлем орталығы деп санайды. Бір жағынан олар қоғам өміріне қызығушылықпен араласса, басқа жағынан олар жалғыздыққа құмарланады. Кей-кезде олардың жүріс-тұрысы басқа адамдарға қатысты дөрекі, бірақ соған қарамастан өздері өте сезімтал болып келеді. Олардың көңіл-күйлері оптимизм мен пессимизм арасында ауытқиды. Кейде іс-әрекетті ынтамен орындаса, кей-кезде іс-әрекетті орындағанда енжарлық көрсетеді [7] . . Сонымен бірге жасөспірімдік шақтағы ересектік болуға ұмтылуға тенденция бар.
Д. Б. Эльконин жасөспірімнің ересектікке тенденциясын қарастырады, яғни ересек болуға талпыну. Ересектік сезім жасөспірім шағының орталық жаңа түзілісі болып келеді. Ересектік сезім -өзіндік сананың ерекше формасы. Жасөспірімде ересектік сезім қалай көрінеді? Ең алдымен ол ересектермен қарым-қатынасқа түскенде оған тең дәрежеде қарауды талап етеді. Ересектік сезім тәуелсіздікке ұмтылу тілегінде көрінеді. Сонымен бірге өзіндік көз қарастар, бағалар, өзіндік жүріс-тұрыс байқалады [8] . . Осының барлығы басқс адамдармен қарым-қатынас кезінде қалыптасады.
Жасөспірімдік шақта қарым-қатынас қажеттілігі өте үлкен. Қарым-қатынас оқуда да, ата-аналармен қатынасында да із қалдырады. Осы кезеңдегі негізгі іс-әрекет интимді-тұлғалық қарым-қатынас. Терең және мазмұнды қарым-қатынасты достық қарым-қатынасты көруге болады. Жасөспірімді тыңдай білетін, түсіне алатын, оның уайымы мен бағдарларын қабылдайтын, өзінің күшіне сенімсіздікті жеңуге көмектесетін, әрі психотерапевт рөлін ойнайтын әрине оның жақын досы.
Бұл кезеңде қарым-қатынас интенсивті болғандықтан “Топшылану реакциясы” туралы айтады. Жасөспірімге референттік топта болуы өте маңызды. Бірақ кейде жасөспірім өз құрбы-құрдастардың арасында жалғыз сезінеді. Сонымен бірге барлық жасөспірімдер топқа қабылданбайды, олардың кейбіреулері оқшауланған. Көп жағдайда ол - өз-өзіне сенімсіз, тұйық немесе шектен тыс агрессивті жасөспірімдер [9] . . Айтылған ерекшеліктерге орай осы шақтағы агрессивтілік басқа кезеңдерге қарағанда өте айқын көрінеді.
Жасөспірімдік шақтағы айқын көрінетін тұлғалық ерекшеліктерінің бірі - агрессивтілік. Агрессивті жасөспірімдерге құндылық бағдарының кедейлігі, қарапайымдылығы, қызығушылықтардың болмауы тән. В. Г. Степановтың айтуынша: “Бұл балаларда зерделік дамудың төмен деңгейі, жоғары еліктеу көрінеді. Оларға эмоционалдық дөрекілік, наразылық тән. Бұл жасөспірімдерде өте жоғары немесе осыған қарама-қарсы өте төмен өзін-өзі бағалау, жоғары үрейлілік, әлеуметтік контакттарға түсу қорқынышы, эгоцентризм, қиын жағдайдан шығу жолын білмеу, басқа механизмдерге қарағанда қорғаныс механизмдерінің үстем болуы байқалынады. Сонымен бірге агрессивті жасөспірімдердің ішінде зерделік және әлеуметтік жағынан жақсы дамығандары да кездеседі. Оларда агрессивтілік мәртебені көтеру құралы ретінде көрінеді [10] . . Сондықтан агрессивтілік жасөспірімдік кезеңге тән болғандықтан, оны қарастырмауға болмайды.
Жасөспірімдердің психикалық дамуы жасөспірімдік жастың негізгі мазмұны балалық кезеңнен ересектік кезеңге өтумен суреттеледі. Дамудың барлық жақтары сапалық қайта құрылудан көрінеді, жаңа психологиялық білім қалыптасады.
Бұл жасты неге қиын жас кезеңі деп суреттейді? Мектепке оқуға қабілетті емес оқушылар орта сыныптарда жиі кездеседі. В. В. Прохоровскийдің зерттеу мәліметтерінің нәтижесі бойынша төменгі сыныпта бұл жағдай 5-8 % көрсеткіште болса, ал кеткіншек кезеңде 18-20 % көрсеткішті көрсетеді [11] . .
Жасөспірімдік жастағы қиыншылықтарды әртүрлі психофизиологиялық және психикалық кемістіктерді жыныстық жетілумен байланыстырады. Организмнің қарқынды дамуының нәтижесінде жасөспіріме қорқыныш сезім, қозушылықтың жоғалауы, депрессия болуы мүмкін. Кейбіреулер дененің жеке бөліктерінің және оның пропорцияларының даму темпінің сәйкес келмеуіне байланысты өздерін қолайсыз сезінеді, ыңғайсыздық білінеді. Бұл кезеңде бақылау жүргізушілер елеулі өзгерістерді ескере отырып, бұл кезеңді суреттеуде « скачок роста » , « эндокринный шторм » « гормональная буря » - деген түсініктерді қолданады [12] . .
Жасөспірімдікке, жыныстық жетілуге байланысты дене және физиологиялық дамуындағы жедел өзгерістердің деңгейі жаңа жан күйзелістерін тудырады.
Осы жастағы оқушылармен нақты практикалық жұмысты жоспарлау, іске асыру үшін, біріншіден, психологтың жұмыстың нақты бағыттарын белгілеу керек.
Жасөспірімің жеке басының әлеуметтік-моральдық ересектігінің дамуында қарым-қатынастың ерекше түрі - жақын жолдастармен және досымен қарым-қатынас, маңызды роль атқарады. Жыл өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жасөспірімер сыйлы, беделді, қайсыбір салада озық кластастарымен қарым- қатынас жасауға ұмтылады. Мұндайда жолдастық қасиеттер, білімділік, қолынан бәрі де келетіндіктер, батылдық, спорттағы жетістіктер, өзін-өзі ұстау мәнері, ересектермен қатынасттардағы дербестік сияқты алуан түрлі жағдайлар тартымды болуы мүмкін [13] . .
Балалардың жақындасуы үшін мүдделер мен сүйікті кәсіптердің ұқсастығының, әңгімелесудің тартымдылығының үлкен маңызы бар. Жасөспірімдік өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді, өзі де оны өз ісіне ортақтастыруға ұмтылады. Жолдасымен қарым-қатынастың кейде тартымды болатыны соншалық, жасөспірімдік онымен бірге өзін бұрын қызықтырмаған, қәзір де қызықсыз іспен шұғылдана бастайды. Алайда кейін ол бұған шыңдап ден қоюы мүмкін. Сондықтан жолдастарымен қарым-қатынас жасау - жасөспірімердің жаңа мүдделердің пайда болуының қайнар көзі. Біріне-бірі ұнайтын балалар әр түрлі істерде ынтымақтасуға үмтылып, әрқайсысының айтқанын көбіне екеуі бірігіп істейді. Бірлесіп жұмысты жақсы істей білуді жасөспірімер өте бағалайды [14] . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz