Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу


МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 3-7 І. Африкадағы ұлт-азаттық қозғалыстар және олардың барысы 1. 1 Ұлт-азаттық қозғалыс қарсаңындағы Африка халықтарының саяси-әлеуметтік жағдайы . . . 8-20
1. 2 Африка арабтарының тәуелсіздік үшін күресі және тәуелсіз араб мемлекеттері . . . 21-32
ІІ. Азиядағы ұлт - азаттық қозғалыстардың сипаты және нәтижесі 2. 1Ұлт-азаттық қозғалыстардың жүру ерекшеліктері және барысы . . . 33-57
2. 2 Азиядағы араб мемлекеттері тәуелсіз ел ретінде . . . 58-71
Қорытынды . . . 72-73
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі . . . 74-76
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ХХ ғасырдың екінші жартысында отарлық жүйенің ыдырауы оның күйреуіне ұласты. Отаршылдықтың күйреуі капитализмнің жалпы дағдарысын тереңдетіп, дүние жүзіндегі күштердің арақатынасына елеулі ықпал жасады. Ұлт-азаттық қозғалыстар-дүние жүзілік революциялық қозғалыстың бөлінбейтін құрамдас бөлігі.
Азия және Африка-отаршылдық қасіретін бәрінен де көбірек шеккен континенттер. Отарлық езгі Африка және Азия арабтарының дамуын ұзақ уақыт бойы тежеп келді. ХХ ғасырдың тарихшылары Африканы «ұйқыдағы континент» деп атады. Отаршылар Азияда айрылған көп отарларының есесін Африка халықтарын қанауды күшейту арқылы қайтаруға дәмеленді. Бірақ континенттердің қанау мен езгіге ұшыраған халықтарын отарлық тепкіден азат болу жолында алғаш болып күресті бастаған Африка арабтарының тәуелсіздік үшін қажырлы күрес жүргізуі империалистердің жоспарларын жүзеге асырмай тастады. Африка және Азия арабтары отаршылдық үстемдігінің зардаптарын ерекше күшті түсінді . Араб халықтарының сыбағасы - қайыршылық пен құқықтарының аздығы болды. Өнеркәсіп өнімі жан басына шаққанда дамыған елдерге қарағанда 10 - 20 есе аз өндірілді. Империалистер жергілікті халықты қараңғылық пен надандықта ұстады. Ашаршылық пен ауру-сырқау құрып кетуге душар етті. Кәсіпорындар мен плантациялар отаршылардың иелігінде болды. Өздерінің экономикалық және саяси күш - қуатын пайдалана отырып, олар араб халықтарының арасындағы байланыстарға кедергі жасап келді .
Қанау мен езгіге ұшыраған Азия және Африка арабтары өздеріне тән «арабтық жолмен» отарлық тепкіден азат болу жолында күрес бастады.
Ұлт - азаттық қозғалыстар 50 - жылдардың басынан бастап Араб халықтарының арасында кең қанат жайды. Дегенмен де араб әлемі ХХ ғасырдың екінші жартысына отарлық тәуелділік түйіндерінен арылмай өтті. Араб елдерінің барлық территорияларында шетел әскерлері болды, осы елдердің көпшілігі әлі де болса отар болды, ал кейбіреулері Ұлыбритания мен Францияның қарамағында болды .
Міне, осы отаршылдық қысым мен ескі феодалдық тәртіптен арылу мақсатында жүргізген араб халықтарының тәуелсіздік үшін күресі кезіндегі арабтардың жанқиярлық әрекеттері, өз ықпалын сақтап қалуға тырысқан империалистердің құйтыртқы әрекеттерін айқындау ғылыми жұмыстың өзектілігі болып табылады .
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Егер Француз революциясы 1789 жылы монархияны құлатып, зайырлы әлеуметтік - саяси қоғам орнатса, Ресейдегі Қазан революциясы 1917 жылы пролетариат диктатурасын дүниеге әкелсе, ХХ ғасырдың екінші жартысында отарлық жүйенің күйреуіне түрткі болған араб халықтарының ұлт - азаттық қозғалысына тән ерекшеліктердің мәнін ашып, оны жете түсіндіру негізгі мақсатым болып табылады. Осы мақсатта мынадай міндеттер қойылды :
- Ұлт - азаттық қозғалыстың жүруі барысындағы Ұлттық бірлік майдандарының құрылуы және олардың әрекетін айқындау;
- Кейбір қозғалыстардағы ислам дінінің рөлін негіздеу;
- Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу;
- Азия және Африка арабтарының ынтымақтастығы шараларын дәріптеу;
- Қозғалыстардың өздеріне тән «арабтық жолмен» жүруін атап көрсету;
- Тәуелсіздіктен кейінгі араб халықтарының даму жолдарының әрқилы болуын атап көрсету;
Зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығы :
Жұмыста қозғалған мәселелер қазіргі таңда өзектілігін жоғалтпаған тың тақырыптың бірі болып табылады. Бұрын - соңды зерттеліп келсе де, қазіргі кезең төңірегінде қозғалып отырған сұрақтар шешіміне байланысты зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да, қазіргі жаңаша көзқараспен Араб халықтарының тәуелсіздік үшін жүргізген күрестерінің әртүрлі жолдары мен ерекшеліктерін және метрополия елдерінің отарлық саясатының бет-пердесін айқын ашып көрсету ғылыми жұмысымның жаңалығы болып табылады.
Зерттеу жұмысымның хронологиялық шегі: Зерттеу жұмысымның хронологиялық шеңбері ең соңғы араб елдерінің тәуелсіздік үшін жүргізген күрес жылдарына дейін 1945-1990 жылдар аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысымның территориялық ауқымы : Ұлт - азаттық қозғалыстың негізгі ошағы болған араб елдері орналасқан аймақтарын қамтиды.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы : Дипломдық жұмысыма байланысты тарихнамалық еңбектерге келетін болсақ, Египеттегі шілде революциясына қатысты Мәскеуде 1979 жылы жарық көрген Г. А. Насердің «Проблемы египетской революции. Избранные речи и выступлении:1952 - 1970г. г. » атты еңбегінде революция кезіндегі Египеттің жағдайы, әрекет етуші саяси күштер, әсіресе ол елдегі «Ерікті офицерлер» арасындағы ішкі қайшылықтар туралы айтылса, 1979 жылы шыққан А. А. Агарышевтің «Гамаль Абдель Насер» еңбегінде президент Насердің отаршылдыққа қарсы ұстанымы туралы, Египетте социалистік идеялардың пайда болуы және оны египеттіктердің қолдауы жөнінде толық айтылған. И. П. Беляев пен Е. М. Примаковтың «Египет: время президента Насера» еңбегінде араб бірлігін сақтауға үлес қосқан Насердің саясаты және сол кездегі Египеттің саяси - әлеуметтік даму жағдайы туралы толық мағлұмат алуға болады. Алматы қаласында 1999 жылы жарық көрген К. Кожахметулының «Движение солидарности и борьба арабских народов за свободу и независимость (сер. 50 - х - начало 80 - х г. г. ) »монографиясында тәуелсіздік үшін күрес жолындағы араб халықтарының ынтымақтастығы мен бірлігі, Алжир патриоттарының жеңісі жөнінде мәлімет аламыз.
1975 жылы Мәскеуден шыққан Н. И. Прошиннің «История Ливии (конец ХІХв. -1969г. ) » еңбегінде Ливиядағы революцияға дейінгі кезеңде саяси идеялардың пайда болуы мен революцияның жүру барысы баяндалады. М. Крайем «Тунисский рабочий класс и борьба за национальное освобождение в 1939-1952 г. г. » еңбегінде тунистік жұмысшылардың қалыптасуы, олардың отаршылдыққа қарсы ұлттық күресі айтылады. Сонымен бірге Мәскеуден 1983 жылы шыққан Р. Г. Ланданың «История алжирской революции 1954-1962г. г. » еңбегінде алжирліктерде ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы, француздарға қарсы күрестің барған сайын өрши түсуі, алжир халқында басқыншыларға қарсы патриоттық рухтың пайда болуы, тәуелсіз ел болуға ұмтылысы туралы толық мәлімет берген. Ирак тарихына қатысты С. Г. Гореликовтің «Ирак» және О. Г. Герасимовтің Мәскеуден 1984 жылы шыққан «Ирак» еңбектерінде 1958 жылғы шілде революциясының барысы мен тәуелсіздіктен кейінгі Ирактың даму жағдайынан мағлұмат береді.
Араб халықтарын отарлау саясатын әртүрлі қырынан көрсете білген авторлар ретінде С. Л. Агаев, В. А. Кремнюкті атауымызға болады. Әлемдік геосаясатпен ерекшеленген Иранға қатысты, оның әлеуметтік - саяси дамуына байланысты Мәскеуден шыққан еңбектерді атап өтуге болады. С. Агаевтың, А. Б. Резниковтың, А. М. Бининашвилидің еңбектерін ерекше атап өткен жөн. В. А. Кремнюктің 1984 жылғы «Борьба Вашингтона против революции в Иране» еңбегінде Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыстың жүру ерекшеліктері мен отаршыл АҚШ-тың жүргізген саясаты туралы баяндалған. А. М. Бининашвили еңбегінде Иранның сыртқы саясатының АҚШ төңірегінде айтылуы Иран туралы мәліметтің құндылығын арттырады. С. Л. Агаевтің 1987 жылғы «Иран между прошлым и будущим: События. Люди. Идеи» еңбегі Парсы шығанағы мен Таяу Шығыстағы Иран факторына байланысты зерттеліп, елдің экономикасы мен сыртқы елдер саясатындағы Иранның ерекше орны жайында мағлұмат береді.
Дегенмен, өз жұмысымда тарихи еңбектерге сүйене отырып, соңғы кездегі жарияланымдардағы мәселелерді сараптай келе тақырыбымды ашуға тырыстым.
Зерттеу жұмысымның деректік негізі: Зерттеу жұмысымның деректік көздеріне құжаттар мен материалдар жинақтары енеді. Сонымен қатар аталған жұмысымызда тақырыбымызға байланысты мерзімдік басылымдардың материалдары алынды. Нақтырақ айтсақ, «Континент», «Саясат», «Новейшая история», «Азия и Африка сегодня» секілді журналдардан құнды мәліметтер табуға болады. Осылармен бірге интернет сайттарындағы жарияланымдарды пайдаландым.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі: Жұмыста зерттеу тақырыбымен байланысты деректер мен әдебиеттерді нақты тарихи және тарихнамалық талдауға негізделген проблемалық-хронологиялық зерттеу әдісі пайдаланылды .
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі: Аталған дипломдық жұмыс бойынша 2008 жылы студенттердің дәстүрлі ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасалды және бұл жұмыс «Әлем тарихы» кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Құрылымы: Кіріспеден, екі параграфқа бөлінген екі тараудан, қорытындыдан және сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері мәселенің қойылымына қарай оның әрбір тарауында байланысып шешіледі .
1. Африкадағы ұлт-азаттық қозғалыстар және олардың барысы 1. 1 Ұлт-азаттық қозғалыс қарсаңындағы Африка халықтарының саяси-әлеуметтік жағдайы
Соғыс жылдарында және соғыстың аяқталған жылдарынан кейін Египеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы алға жылжуы, әсіресе буржуазиялық өнеркәсіпте ерекше байқалады, ол Египет экономикасының орталық сипатын өзгерпеді. 1947 жылғы өндіріс орындарындағы египеттік еңбекші 271 мыңнан аса адамды құрады. Елде жоғары санатты жұмысшылардың жоқтығы анық байқалып тұрады, әсіресе қолөнер мен ауыл шаруашылығына қатысты жағдайларда көбірек кездесті. Бұл кезде жұмысшы табы әртүрлі ұсақ буржуазиялық, саяси буржуазиялық және діни-саяси бағыттағы ағымдардың ықпалында болды .
Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында ұсақ буржуазия өкілдері мен интеллигенция маңызды рөлге ие болды. Бұл топ өкілдері, әсіресе елдің саяси өміріне араласты, яғни жергілікті олигархтар мен шетел капиталының үстемдіктерін экономикада тұрақтандыруға ықпал етті.
Елдің тұрғындарының көптеген бөлігі-шаруалар, олар езгінің жартылай феодалдық әдісіне тартылды. 1945 жылдары-ақ Египетте 1, 5 млн жерсіз шаруа тіркеуге алынды, осылай бола тұрса да өңделген және пайдаға жарамды жерлердің 36% 12 мың египеттік және шетелдік помещиктер (барлық жер иеленушілердің 0, 4%) иеленді. Міне, осылайша соғыстан кейінгі жылдары Египетте аграрлық сұрақ шешімін кейінге қалдыруға өткір мәселеге айналды.
Соғыстан кейінгі жылдары Египетте әлеуметтік қарама-қайшылықтар орын алды. Әскери өндірістің таратылуына байланысты ондағы мыңдаған жұмысшылар көшеде қалды, мақтаның өңделген артық қоры жиналып қалды (екі жылдық табыс мөлшерінде) . Сонымен бірге отаршыларға қарсы «ағылшын әскерлері әкетілсін!» деген ұранмен күрес өрши түсті. Азаттық қозғалысына жастар жағы белсене араласты [1] .
1946 жылы 18-19 ақпанда қатысушылардың Ұлттық комитеті мен жұмысшылардың Ұлттық комитеті бірігіп өткізген мәжілісте көптеген мәселелер қаралды, онда екі комитеттің оқу орындары мен өндіріс кәсіпорындарын біріктіру мақсатында жұмысшылармен қатысушылардың Ұлттық комитетін құруға шешім қабылданды. Оның құрамына қалалық жұмысшылар мен ұлттық буржуазияның орта және аралық өкілеттері кірді. Оған солшыл вафистер, яғни Вафд партиясының оппозициялық өкілдері (оның көшбасшылары жаппай қозғалыс арқылы монополдық басқаруға ұмтылып, комитетті мойындамады), коммунистік топтардың, кәсіподақтардың өкілдері қатысты.
Буржуазиялық Вафд партиясының солшылдарының азаттық қозғалысын басқарудағы бақталастары араб елдерінде өкілдіктері бар және Египеттің барлық губернаторлықтарында бөлімшелері бар-«мұсылман- ағайындар» ассоциациясының басшылығы болады. Ассоциацияның құрамына көпестер, қолөнершілер, студенттер, қызметшілер, жұмысшылар, әскерлер, шаруалар және офицерлердің белгілі бір бөлігі кіреді. Ассоциацияда көптеген нағыз патриоттар болды, бірақ оның көпшілік бөлігін ұлттық жіне фанаттық пиғылдағы мұсылман элементтері құрады [2] .
Азаттық қозғалыс кезінде (1946 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында) демократиялық кәсіподақ ұйымдарын Египеттің жұмысшы кәсіподақ Конгресіне біріктірді. Шілде айының басында конгресс елдегі барлық патриоттарға 11 шілде күні Египетте ағылшын үстемдігінің орнағанына 64 жыл толуына орай жаппай ереуілге шығуға үндеу жариялайды. Оған жауап ретінде 1946 жылдың ақпанынан үкімет басында отырған ірі финансис және жер иеленуші Сидки демократиялық қозғалысқа соққы беруге шешім қабылдайды. Нәтижесінде барлық солшыл бағыттағы органдар, оның ішінде жұмысшылар мен қатысушылардың Ұлттық комитеті, Египет жұмысшыларының кәсіподақ Конгресі және тағы басқа бірқатар ұйымдар жабылып, өздерінің өмір сүруін тоқтатты.
Елдегі ұлт-азаттық қозғалыстардың кең етек жаюы Англияны Египет үкіметімен келісімге келуге мәжбүрледі, осының негізінде Сидки-Бевин келісім-шартына қол қояды, бірақ бұл Египет үшін мәжбүрлік болып табылады. Бірақ келісім-шарт аяғына дейін бектілмейді, өйткені осы кезде Египетте қайтадан халық ұлт-азаттық қозғалыстарының толқыны көтеріледі. Сидки-паша қызметінен кетуге мәжбүр болды, үкімет басына Нукраши паша келді. Ал Англиямен қарым-қатынастағы келіссөздерді қайта жандандырды, бірақ ағылшындықтар ешқандай ымыраға келмеді. 1947 жылы қаңтарда келіссөздер үзілді және Египет үкіметі ағылшын-египет жанжалы мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берді. Қауіпсіздік Кеңесінде Египеттің әділетті талаптарын тек Кеңес Одағы, Польша және Сирия қолдады. АҚШ Англияны қолдап, Египетке тікелей келіссөзге қайтадан келуге ұсыныс жасады. Көптеген қарқынды отырыстардан кейін Қауіпсіздік Кеңесі ешқандай шешім қабылдамай, египеттік сұрақты қарауды кейінге қалдырды.
1947 жылы қыркүйек айында Египетте көптеген митингілер мен демонстрациялар жүрді. Тоқыма өнеркәсібінің ірі орталығы Махалла аль-Кубрада екі апта бойы 27 мың жұмысшы ереуілге шықты. Оларға Александрия және Шубра аль-Хайма тоқымашылары қосылды. «Империализм жойылсын!», «Англияға қарсымыз!» деген ұрандармен жүрген ереуілдер қарқынды саяси демонстрациялармен жалғасты. Халық қозғалысы өрши түсті. 1948 жылдың басында ереуілге мұнайшылар, студенттер, медициналық қызметкерлер шығады.
Осы кезде кең етек алып келе жатқан халық қозғалысын жоғары билеуші топ сыртқы жауға қарсы қолдануға тырысты. Қозғалыс 1948 жылға 15 мамырдағы Израильмен соғысқа тұспа-тұс дәл келді. Египет өкіметі Израильмен соғыста жеңіл жеңіске жетуді ойлады, бірақ Египет 1948 жылғы Израильмен соғысқа барлық жағдайда дайын емес еді, сондықтан Египет армиясының жеңілістері елде наразылық туғыза бастады. Елде жаппай үкіметке қарсы демонстрациялар орын алады. Осы кезде «мұсылман- ағайындар» ассоциациясының ықпалы айтарлықтай өсе бастады, олар ағылшындармен одақтасқан египеттіктерге, шетелдік ұйымдарға, жоғары шенді ағылшын шенеуіктеріне қарсы бір қатар террористік әрекеттер жасап отырды. «Мұсылман-ағайындар» террористік қызметінің қауіптілігі соншалықты үкіметке үлкен үрей туғыза бастады, соның кесірінен король және кабинет мүшелері қастандықтан қорқып, қоғамдық орындардан көрінуден қалды.
1948 жылы 15 мамырда Египет, Сирия, Ливан, Сауд Арабиясы, Иордания және Ирак Израильге қарсы әскери қимылдарын бастады. Бірақ араб әскери соғысқа дайын емес еді, олар саны жағнан аз және нашар қаруланған болатын. Сонымен бірге араб одақтарының арасында бірлік болмады. 1949 жылдың басында әскери қимылдар тоқтатылып, нәтижесінде Израиль бір қатар араб аудандарын жаулап алды. Империалистік державалар БҰҰ шешімімен санаспай, 1950 жылғы бұл жаулап алушылықты мойындайды. БҰҰ-ның Палестинада араб мемлекетін құру туралы шешімі бұзылып, бұл территория Израиль мен Иордания арасында бөліске салынады. Газа аймағы Египет бақылауына түседі [3] .
Палестина соғысындағы шығын, үкіметтің ағылшын оккупациясын тоқтатумен күрескісі келмеуі, экономикалық қиыншылықтың көбеюі елде үкіметке қарсы жаңа демонстрациялар мен студенттердің толқуларын туғызды. Палестинадағы соғысқа қатысушылар, яғни көптеген әскердегі офицерлер-Гамаль Абдель Насер басқарған «Ерікті офицерлер» құпия ұйымына кірді.
Соғыс монархиялық жүйенің әлсіздігін көрсетті. Бұның барлығы король Фарук пен оның айналасындағылардың кінәсін айқындап тұрды. Осыдан кейін патшалық құрып тұрған монархиялық жүйенің өзіне сенімсіздік пайда бола бастады. 1949 жылы шілдеде король осындай келеңсіздіктерді жою мақсатында Вафдылықтарды қатыстыра отырып, каолициялық үкіметті тағайындайды, бірақ бірнеше айдан соң күрделі қарама-қайшылықтар кесірінен ол үкімет тарап кетеді.
1950 жылы қаңтарда Египет үкіметі саяси дағдарыстан шығу үшін парламенттік сайлау өткізеді, онда Вафд партиясы жеңіске жетеді. Партия көсемі Мұстафа Наххас өз кабинетін жасақтайды. Халықтардың қысымымен Вафд үкіметі кейбір саяси тұтқындарды босатуға және жұмысшылардың жалақысын көтеруге мәжбүр болды. Сайлаудан кейін елде жаңа толқындағы азаттықты талап еткен демонстрациялық қозғалыстар өріс алды. Бірақта вафдистер елді Англия үстемдігінен азат ету үшін келіссөздер жүргізу керек деп санады. Шамамен 16 айға созылған келіссөздер нәтижесіз аяқталып, оған қоса Судан мәселесі шиеленісіп кетті.
1951 жылы 15 қазанда Египет үкіметі халық қозғалысының қысымымен Англия, Франция, Түркияның Египетті «Орта шығыстық басшылыққа» қосылуға жасаған ұсынысынан бас тартады. Осы күні партия бірауыздан 1936 жылғы египет-ағылшын келіссөзі мен 1899 жылғы Судан жөніндегі келісімді денонсациялауға заң шығарады [4] .
Ағылшын империалистері бұл денонсацияға қатал жазалаумен жауап береді. 20 күн ішінде (15 қазаннан бастап) оккупанттар 500 египеттіктерді жаралап, өлтірді. Ағылшындық әскерлер Суэцті қоршайды. Суэц каналы аймағында партизандық қозғалыстар бой көтерді. Египеттік патриоттар ағылшын әскелерімен қарулы күреске шықты. Ағылшын отаршылары Суэц ауданындағы Кафр-Абду ауылын жермен жексен етеді.
Осы кезде Вафд үкіметі екі жақты саясат жүргізеді:бір жағынан ағылшын-египет келіссөзін денонсациялайды, екінші жағынан ағылшын әскерлеріне қарсы ешқандай шара қолданбай, полицейлік күшті халық бұқарасына қарсы қояды.
1952 жылы 26 қаңтарда Каирде ағылшын және басқа да шетел мекемелерін өртеген және тағы басқа бейберекетсіздік орын алады. Король Фарук Вафд үкіметін қызметінен босатып, оның орнына бір уақытта елдің әскери губернаторы қызметін атқаратын Али-Махирді премьер-министр етіп тағайындайды. Али-Махир үкіметі демонстранттар мен ереуілге қатысушыларды қатаң жазалады, елде әскери трибуналар қызмет етті, көптеген ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдары талқандалды. Осы аталған бөлімізді түйіндейтін болсақ, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Египетте азаттық алуға деген ұмтылыс одан әрі күшейді және аталған мақсатта астыртын ұйымдар құрылды. Осы астыртын ұйымдардың ықпалы көршілес жатқан Магриб елдеріне де таралып, Африка халықтарының азаттық күресінің одан әрі өрлеуіне әсер етті[5] .
Магриб елдерінің бірі болып есептелетін Тунисте соғыстан кейінгі жылдары орталық жүйеге қарсы жаңа азаттық қозғалыстары басталды. Халық бұқарасы ендігі жерде отарлық езгіге шыдай алмады. 1946 жылы сәуір айында компартия ұлттық бостандық үшін күрестің бағдарламасын дайындайды. Бұл бағдарламаның негізінде мынадай талаптар жатты: протекторат жүйесін тарату, әкімшілік аппаратты ликвидациялау, Ұлттық құрылтай жиналысында сайлау өткізу, халық таңдауымен үкімет құру, аграрлық реформа жүргізу (отаршылдардың, олармен әрекеттес болған феодалдардың жерлерін ұсақ шаруаларға беру) . Осы бағдарламаның негізінде 1946 жылы 4 тамызда Тунис компартиясының Орталық комитеті елдің патриоттарын Ұлттық Майдан құруға шақырады.
23 тамызда Жаңа Дестур тұрғындардың барлық өкілдері саяси партияларды біріктіріп тәуелсіздік Конгресін шақырады. Полиция конгресс отырысына кіріп келіп, ұйымдастырушыларды тұтқындап, жиналысты таратып жіберді. 1946 жылы Тунисте екі кәсіподақ орталықтары болды. Біріншісі - Тунис еңбекшілерінің кәсіподақтық бірігуі (ОПТТ) пролетарлық интернационализм қағидасын ұстанып, өздерінің қатарына жергілікті және еуропалық жұмысшыларды біріктіреді. Жетекшісі саясибюро мүшесі Х. Садауи болатын. Екінші кәсіподақ орталығы-тунистік еңбекшілердің жалпы одағы (ВСТТ) Жаңа Дестур ықпалында болып тунис ұлтына қызмет етушілер мен жұмысшыларды біріктірді. Одақ басшысы - Фархат Хашед болды. Олар 1946-1947 жылдары бірқатар саяси және экономикалық ереуілдер ұйымдастырды. 1947 жылы 5 тамыздары француз әскерлері мемлекеттік бас резиденттің бұйрығымен Сфакс қаласындағы жұмысшы көтерісшілерге қарсы от шашады. Бұл әрекеттері елде наразылық туғызады. 1948 жылы сәуірде Тунисті теміржолшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің жалпы ереуілі жаншылады. Француз билігі мәнсіз ымыраға келушілікті жүргізіп отырады [6] . 1945 жылы 15 қыркүйекте елде үлкен кеңестің қызметі қайта жаңғырған болатын. Францияда құрылтай жиналысының сайлауы өтті. Сол уақытта Францияның төртінші Республикасының конституциясы бойынша Тунис Франциямен біріккен мемлекет статусында қала берді. 1947 жылы тамызда отаршыл билік тунистік ірі саудагерлер және ауыл мен қаланың орта буыны арасында протекторат жүйесін нығайту мақсатында 6 тунистік және 7 француздан тұратын министрлік кабинетін жасау идеясына кірісе бастады. Бірақ бұл ұсыныс жаңа мемлекеттік хатшы Мұхаммед бен Юсуф тарапынан қолдау таппады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz