Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері


Мазмұны
Кіріспе
Ел дамуының бағдарламалық құжаты - «Қазақстан -2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы» атты ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспары, негізгі қағидалары мен бағыттары баяндалған. Қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде, жаңа тарихи жолдағы кедергілерімен күресу әдістерін, қоғамға жат құрылыстармен, әсіресе қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.
Осы тұста ел Президенті былай деп атап көрсетеді: «Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет.
Алайда, біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп - қатердің алдын-аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз - бұл біздің өзімізге, мақсаттары мен басымдықтарды дәл білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруымызға байланысты».
Сондықтан Елбасы Н. Ә. Назарбаев қоғамдық және құқықтық тәртіпті бұзушылықпен күресті күшейту қажет екенін ескерте отырып: «Заңның шынайы үстемдігін бекіту және заңды құрмет тұтатын азаматтарды қылмыстылықтан қорғауды, керісінше, билік пен заңның барлық күшін заңды жолмен өмір сүруді қамтамасыз етіп жүрген адамдарға қатысты қолдануымыз керек», - деп талап етті.
Бұл үшін, әрине, біз қоғам өмірінің барлық салаларында болып жатқан өзгерістерге сәйкес жұмыс жасауымыз қажет. Өкінішке орай, біздің Республикамызда әлеуметтік - психологиялық, әлеуметтік - экономикалық, жағымды әлеуметтік көріністерге кері әсерін тигізетін келеңсіз құбылыстар аз кездесіп жатқан жоқ. Құқық қорғау жүйесінде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан реформалар осындай жағымсыз құбылыстарды ауыздықтауға бағыттталған.
Келеңсіз құбылыстардың ең қаупті жақтарының біріне қылмыстылық жататыны белгілі. Кейбір көрсеткіштердің динамикалық тербелісіне қарамастан, құқық бұзушылықтың деңгейі әлі де жоғары болып отыр.
Байқап отырғанымыздай, соңғы жылдары қылмыстардың жалпы саны азайғанына қарамастан ол қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесінің аса ауырлығымен және бұрын - соңды көрініс таппаған жаңа белгілерімен сипатталынады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - әкімшілік құқықтың нормаларындағы жауапкершіліктің түрлерін, құрамын теориялық негізде терең талдап, оны біршама жетілдіру; аталған жауапкершіліктің алдын алу шараларын анықтау; осы бағыттағы сауықтыру проблемаларын, тәжірибелік ұсыныстарды топтау.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін өзінің алдына мынадай міндеттерді қойды:
- Әкімшілік жауаптылықты тарихи - құқықтық тұрғысынан қысқаша шолу;
- Әкімшілік жауаптылықтың сипаты мен зерттеліп отырған жауапкершілік түрлерінің элементтері мен белгілерін талдау;
- Әкімшілік жауапкершіліктің оның өзге де құқық бұзушылық құрамдарымен арақатынасын талдау.
- Әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу, сауықтыру проблемаларын талдау.
Зерттеу обьектісі мен заты.
Дипломдық жұмыстың обьектісі - әкімшілік құқықбұзушылықтың ерекшеліктерін анықтау және сондай құқықбұзушылық жасауына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу.
Зерттеудің заты - әкімшілік құқықбұзушылық жасаған үшін жауаптылыққа байланысты қоғамдық қатынастар; заңда көзделген әкімшілік құқықтық нормалар; осы құқықбұзушылықты алдын алу саласындағы нормативтік құқықтық актілер .
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы жұмыс сипатына, оның орындалу деңгейіне, зерттеу мақсаттары мен логикасына негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспеден; 3 бөлімнен, бірнеше тараудан; қорытындыдан; қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Әкімшілік құқықбұзушылықтың теориялық аспектілері
Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шеңберінде ең алдымен атқарушы субьектілерін олардың конституциялық міндеттеріне толығынан сәйкес етіп ұйымдастыру мен қызметіне, сондай-ақ реттелетін басқарушылық қатынастарға басқа қатысушылардың мінез - құлқына белгілі құқықтық режим орнатады. Қазақстан құқығының бұл саласының атқаратын қызмет рөлінің негізгі көрінісі, оның реттеу функциясы осыған саяды.
Оған тағы бір басқа - тағайындалған құқықтық режимді сақтауды да, реттелінетін басқарушылық қатынастар шеңберінде тараптардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды да қамтамасыз ететін құқық қорғау функциясы қосылады.
Сонымен, әкімшілік құқық - атқарушы билікті нақтылы жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын Қазақстанның құқықтық жүйесінің саласы. [1]
Әкімшілік құқық реттеу функциясын жүзеге асыра отырып, басқару қатынастарына, оларға қатынасушылардың мінез - құлқына өз нормаларының реттеушілік ықпал жасайтын құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері болып табылады.
Қазақстан құқығының қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы ретінде мынадай үш заңдық мүмкіндіктерді пайдаланады: тапсырма беру, тыйым салу, ерік беру. Олар тұтас алғанда қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасау құралдарының мазмұнын құрайды:
- тапсырма беру - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс - қимыл жасауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу. Мысалы, жұмысқа алу органның, мекеменің немесе кәсіпорынның бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұл мәселені шешеудің басқадай тәртібі белгіленбеген.
- тыйым салу - құқықтық нормада қаралған жағдайда осы не басқа іс қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалардың барлығы.
Әкімшілік - құқықтық реттеудің ерекшеліктері ең алдымен мемлекеттік органдардың ерекше түрімен жүзеге асырылатын заңдық биліктік қызмет ретіндегі мемлекеттік басқарудың өзгешелігімен айқындалады. Ол басқарушылар мен басқарушылар арасындағы қатынастарды заңды түрде байланыстырушы болып табылады, сол себепті реттеу құқықтық құрал рөлін атақара отырып, мақсатты басқарушылық ықпалмен өте тығыз байланысты. Ал бұл ықпал ету әрқашанда басқарылушылардың еркін басқарушының бірыңғай еркіне бағынуын болжайды.
Сондықтан, әкімшілік - құқықтық реттеу мына сияқты қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған: олардағы тараптардың жағдайы олардың заңдық тепе - теңдігін болдырмайды, олар субординациялық қатынастарда болады.
Қоғамдық қатынастарды әкімшілік - құқықтық реттеудің ерекшеліктерін оны қатысушылары тепе - теңдікке негізделген қатынастарды реттеудің азаматтық - құқықтық әдісімен салыстыру арқылы айқындауға болады.
Әкімшілік құқық нормаларының әрекеттілігі маңызды ерекшеліктермен өзгешеленеді, олардың мәні мыналарға келіп тіреледі:
- Әкімшілік - құқықтық реттеу механизміне өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның шығарған міндетті тапсырмалары тән болып табылады. Оларға басқа тарап бағынуға міндетті.
- Әкімшілік құқықтық - реттеу қатынасқа қатысушылардың біреуінің біржақты ерік білдіруін болжайды. Бұл ерік білдірушілік заңды түрдегі өктемдік, сондықтан да оның шешуші маңызы бар.
Сонымен, басқару органының өз еркін білдіруі біржақты және міндетті болатыны белгілі болды, ол мемлекеттің атынан іс - қимыл жасайды немесе заң бойынша оған биліктік өкілеттіктер берілген, сонымен қатар басқа негіздер бойынша да мысалы, белгілі бір аймақтың халқымен сыйланған жергілікті өзін - өзі басқару органы.
Осы анықтаманың негізінде атқарушы билікке тән бірнеше ерекшеліктерін бөліп баяндауға болады:
- Атқарушы билікті жүзеге асыру процесіндегі ең маңыздысы, онсыз ешбір қызметінің түрі шындығында мүмкін емес, атап айтқанда, қандай да бір мәселе бойынша қабылданған шешімді орындау жүзеге асырылады. Әрине, мемлекетке қатысы жөнінде сөз ең алдымен тиісті заңдарда бекітілген нормаларды орындау туралы болуы мүмкін. Нақ осы міндет билікті бөлу механизмінің шегінде атқарушы биліктің функционалдық қызметінің негізгі мазмұнын құрайды. Соған сәйкес атқарушы билікті жүзеге асыру процесі болып табылады. Бұл мемлекеттік қызметінің сондай ерекше түрі, соның процесінде құқық қолдану жүзеге асырылады.
Сонымен бірге мына мақсаттарға қолданылып жүрген заңнамалардың талаптарын тікелей орындауға; атқарушы биліктің ықпалында болатын экономиканың, мәдениеттің әр түрлі объектілерінің, т. с. с. қалыпты және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, азаматтардың бостандықтары мен демократиялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің қоғам алдындағы міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.
- Атқарушы биліктің өзі көрініс табатын ерекше құқықтың нысандары бар, олар нормативтік және нормативтік емес жеке - дара актілер. Солардың көмегімен атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде құқықты қолданудың барлық негізгі міндеттер шешіледі, Бұл актілер заңға тәуелді. Ғылыми және оқулық әдебиеттерінде оларды басқарудың құқықтық акілері ретінде сипаттайды.
- Атқарушы биліктің ерекше көрнекті бір белгісі, оның белгілі бір субъективтік көрінісінің болатындығы. Бұл осы билікті жүзеге асыру арнайы субъектілердің құзіретіне жатқызылғандығын білдіреді. Соған сәйкес мемлекеттік биліктік механизміде атқарушы билік органдары деп аталатын ерекше буын бөлінеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады. Атқарушы билік органдары туралы айтқанда, бірнеше мән-жайларды ескеру керек. [2] Бір жағынан қолданылып жүрген заңнамалар мен тиісті заңға тәуелді құқықтық актілер атқарушы билікті жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын сипаттаған кезде әр түрлі тұжырымдарды жиі пайдаланады: атқарушы билік органдары; атқарушы органдар; мемлекеттік басқару органдары; мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органдары; мемлекеттік биліктің атқарушы - өкім етуші органдары, тағы сол сияқты. Мұндай әр түрлі терминологияларды «атқарушы билік органы» мен «атқарушы орган терминдерінің ұқсастықтарымен түсінуге болады. Бұл терминдер шындығында біріне-бірі барабар. Өйткені атқарушы биліктің органы сол бір мезгілде әрі атқарушы орган болмауы мүмкін емес.
Екінші жағынан, «атқарушы органдар» жинақталған термин, ол атқарушылық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын кез-келген органды сипаттауға мүмкіндік береді. Мысалы, Конституцияның 89-бабында тұрғын халық жергілікті өзін өзі басқаруды сайланбалы және басқа жергілікті өзін өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады делінген. Атқарушы органдар сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерде, коммерциялық құрылымдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде бар, бұл құрылымдардың барлығы да мемлекеттік органдар болып табылмайды. Бұларға қарағанда атқарушы билік органдары Конституциялық мағынасына ең алдымен мемлекеттік органдар болып табылады. Ал бұл дәл мағынасында артқарушы билік органдарын білдіреді - бұлар тек қана қолданылып жүрген заңнамалармен құқық қолдану сипаты бар ерекше мемлекеттік функцияны жүзеге асыру жүктелген атқарушы органдар. Солай болғандықтан, осындай шекте мемлекеттік билік жүзеге асырылады; өзге нұсқаларда мемлекеттік сипаты жоқ биліктік өкілеттіктерді іске асыру жөнінде айтылады.
Жоғарыда айтылған жағдайлардан шығатын негізгі қорытынды осындай: атқарушы биліктің мемлекеттік биліктің тармағы болғандықтан, оның субъектілері, яғни оның функцияларын нақты жүзеге асыратын органдары болып тек қана атқарушылық құзырет берілген мемлекеттік органдар танылуы мүмкін. Әрине, мемлекеттік биліктің не заң шығарушы, не сот органдары олардай бола алмайды.
Сонымен бірге атқарушы биліктің өзін едәуір тереңірек сипаттауға мүмкіндік бар. Атқарушы билік биліктің саяси - құқықтық санат ретіндегі жалпы ұғымнан туындаған. Мұндай мағынада билік бағынышты субъектілердің қызметіне, мінез-құлқына айқындауыш ықпал жасай алатын құқық, қабілеттілік пен мүмкіндік болып табылады. Атқарушы билік бұл қасиетін бүкіл мемлекет көлемінде, яғни мемлекеттік ұйымдастырылған қоғамның әр түрлі жеке дара және ұжымдық элементтеріне қатысты білдіреді.
Осыған байланысты мынандай сұрақ заңды: атқарушы биліктің мақсаттарына қалай, қандай жолмен қол жеткізіледі? Бұл сұраққа жауап атқарушы биліктің мемлекеттік құқықтық табиғатын ескеруді талап етеді. Соған сәйкес заңдарды нақты іске асыру мақсатында атқарушы билік органдары мемлекеттік билік өкілеттердің белгілі бір көлемін пайдаланады. Бұл сияқты өкілеттіктердің басқа бөлігі заң шығарушы және сот билігі органдарының үлесіне жатады.
Ал енді осы атқарушы биліктің өзі мемелекеттік қызметтік түрі екендігін білдіре ме? Жоқ, білдірмейді. Бұл жөнінде барлық мәселе мынада, кез-келген өкілеттердің, олар кімге берілсе де, тиісті сыртқы көрінісі болуы керек. Басқаша айтқанда, олар тек қана белгілі бір іс-әрекеттер, яғни қызмет нысанында нақты пайдаланылуы мүмкін. Ал мұның өзі атқарушы билікті жүзеге асыру үшін соған уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың қызметі қажет екендігін білдіреді. Әйтпесе атқарушы билік дерексіз түсінікке айналады.
Сонымен, мынандай қорытынды жасаған орынды: атқарушы билік мемлекеттік қызметпен бірдей емес. Бірақ та мемлекеттік қызметтің тиісті түрі - мемлекеттік биліктің өзі емес, шынында тек қана оны нақты іске асырудың нысаны. Билік мұндай қызметтің мазмұны, оның функционалдық мақсат - міндетінің көрінісі болып табылады.
Сондықтан, атқарушы билік мемлекеттік қызметтің ерекше, яғни құқық қолдану түрінде көрініс табады. Бұл оның атқарушылық құзырет берілген арнаулы субъектілердің қызметінде бейнеленетіндігін білдіреді.
Бұдан бұрын ерекше атап көрсетілгендей, мұндай субъектілер ретінде билік органдары болып табылады. Нақ осы субъектілердің қызметінде атқарушы билік әсерлі, яғни, шынайы, елеулі қасиеттерді иеленеді.
Мұндай органдардың қызметін қалай сипаттауға болады?
Бұдан бұрын баяндалғандардан барынша айқындықпен мынандай қорытынды жасауға болады, тап сол мемелекеттік басқару өзінің мақсат - міндеті мен мазмұны бойынша мемлекеттік қызметтің түрі болып табылады, соның шеңберінде басқарушы билік нақты жүзеге асырылады. Соған сәйкес атқарушы биліктің барлық субъектілері шындығында мемлекеттік басқару жүйесінің буындары болып табылады. Мемлекеттік басқару, өз кезегінде, атқарушы - өкім етуші сипаты бар қызмет, бұл, біріншіден, оның функционалдық бағыттылығын, және, екіншіден, оның мемлекеттік - биліктік сипатын білдіреді.
Ең кең мағынада басқару деп бірдеңеге басшылық етуге, қандайда болмасын ұйымдасқан жүйелерге қатысты, бірлескен қызметінің қатысушыларының мінез - құлқына, олардың ұйымдасқан түрде өзара байланысты іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында реттеушілік ықпал жасауға арналған қызмет түсініледі. Басқарудың әлеуметтік қызметі осыған тіреледі. Әрине, оның мақсаттарына басқарылатындардың еркін басқарушылардың еркіне белгілі бір шамада бағындырған жағдайда қол жеткізілуі мүмкін. Әлеуметтік басқаруды іске асырудың механизмі осындай, ал басқарудың өзін қоғамдық байланыстарды ұйымдастырудың құралы ретінде түсінуге болады.
Әлеуметтік басқарудың бұл белгілер атқарушы билікті және оны іске асырудың нысандарын талдаған кезде оңай табылады, ол жөнінде бұдан бұрын айтылған болатын және атқарушы билікті қазіргі кезеңдегі ұғымда іске асыру механизмінің мемлекеттік басқару механизмімен толығынан сәйкес екендігі белгілі болып отыр.
Атқарушы биліктің нақты көрінісінде сипатталғанда оның тағы да маңызды ерекшеліктерін ескеру қажет. Заң шығарушы сот биліктері тармақтарымен салыстырғанда ол қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және әкімшілік - саяси аялдарында болып жатқан процестерге тікелей ықпал етеді.
Мемлекеттік биліктің барлық аса маңызды атрибуттары тап сол тиісті атқарушы билік органдарының қарауында атап айтқанда: қаржы комуникациялардың аса маңызды құралдары; ішкі және сыртқы қауіпсіздік қызметтері, мемлекеттік меншік объектілері, тағы сол сияқты. Сонымен бірге нақ сол атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етіледі, мемлекеттік емес секторлардың әр түрлі объектілердің жұмысын реттеу және басқарылатын аядағы қоғамдық қатынастардың қызметіне мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады. [3] Осының бәрі - жариялылық мүдделердің басымдылығын соншалықты айқын білдіретін мемлекеттік басқарушылық қызметінің басты бағыты.
Сондықтан да атқарушы биліктің құрылысы туралы мәселе Қазақстанның тиімді мемлекеттілігін қалыптастырудың аса маңызды жәйттар қатарына жатады. Осыған орай атқарушы биліктің ең оңтайлы құрылымдары мен олардың өзара қарым қатынастардың іздеп табуға, оның әрбір органы мен лауазымды адамның құзыретін дұрыс белгілеуге, атқарушылық тәртіпті нығайтуға, барлық мемлекеттік қызметшілердің іскерлік біліктіліктері мен жауапкершіліктерін арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реттеуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік реформаны жүргізу мақсатында 2011 жылғы 10 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінің одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлық шығарады. Ол жарлықпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерінің ара - жігін ажыратуға негізделеген мемлекеттік басқарудың принциптері белгіленіп жүзеге асырылады. [4]
Президенттің 2005 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында жоғарыдағы мақсатқа бағытталған атқарушы билікті реформалауды одан әрі жүргізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұл жөнінде атқарылуға жататын бірнеше келелі бағыттар мен міндеттер белгіленіп, Үкіметке нақты тапсырмалар берілді. Олардың ішінде мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін айқындайтын, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу процесін аяқтайтын заң жобаларын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізу; жергілікті органдарға өкілеттіліктің бір бөлігін беру арқылы биліктің орталық деңгейінің басы артық мемлекеттік функцияларының санын қысқарту; оңтайлы мемлекеттік аппарат жасақтау; аппараттың кәсіби деңгейін оңтайландыру, тағы басқа.
Президент 2006 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Біз елімізде Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымның тиімділігін арттыруға бағытталған ауқымды саяси реформаларды жалғастыра беретін боламыз» деп көрсеткен. Мұны іске асырудың мысалы ретінде «электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар қызметін рейтингтік бағалауды ендіру туралы қойылған нақты міндеттерді атап етуге болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Республика Парламентінің 3-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде еліміз өтпелі кезеңді табыспен аяқтап, өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқан кезде «Қазқстан - 2030» Стратегиясында қойылған дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде ықшам әрі кәсіби Үкімет жасақтау міндетінің маңызы бұрынғыдан да арта түсетіндігін атап көрсетіп, сол себепті әкімшілік реформа жасау жөнінде бастама көтергендігін жария етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын 2007 жылдың наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында келесі онжылдықта шешуге айқындалып ұсталынған он басты міндеттердің бірі әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. «Біздің мақсат, делінген Жолдауда, Үкіметті жаңғырта жаңарту, жоғары кәсіби мемлекттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын жасақтау. Олар болса, мемлекет көрсететін қызметтің басты тұтынушылары барлық азаматтар мен бизнестің тікелей талаптарына бағынуға тиіс». [5]
Қазіргі кезеңдегі жағдайда атқарушы билік өзінің мемлекеттік басқарушылық мағынасында қандай да болмасын объектілерге тікелей басқару жасаудан барған сайын көбірек деңгейде бас тартуда. Бұл бірінші кезекте бұрын мемлекеттік меншікте болған кәсіпорындар мен мекемелерді мемлекет иелігінен алумен, оларды жекешелендірумен және акционерлендірумен байланысты. Осыған орай « мемлекеттік реттеу» термині жиі қолданылатын болды.
Енді «мемлекеттік басқару» мен «мемлекеттік реттеу» ұғымдарының ара қатынасы қандай екеніне тоқталайық. Бұл ұғымдардың мақсатты айналымы бойынша принципті айырмашылықтары жоқ. Олардың болатын себебі, реттеу шындығында өзінің мәні бойынша мемлекеттік басқарушылық қызметінің өте қажетті элементі, оның функцияларының яғни қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл сияқты функциялардың ішінде әдетте өкім ету, реттеу, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау аталады. Бұл орайда өкім ету басқару субъектісінің басқару объектілерінің қызметінің белгілі бір тәртібін белгілеуден, яғни оны ретке келтіруден тұрады. Реттеу басқаруға қарсы қойылмайтындығы осының өзінен - ақ белгілі. Өзгеше болуы мүмкін емес, өйткені басқару қызметі функцияларының біреуі осы қызметтің бәрін «сіңіруі» мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz