Банктің активті операцияларын талдау
Delta Bank АҚ ТФ мәліметтері бойынша Банктің корпоративті клиенттерін
несиелендіру тәртібі тақырыбына жазылған диплом жұмысына
Аннотация
Дипломдық жұмыста банктің корпоративті клиенттерін несиелендірудің
теориялық негіздері сипатталып, Delta Bank акционерлік қоғамының қаржы-
шаруашылық қызметіне, оның ішінде банктің несие операцияларының құрамы мен
құрылымына, несие операцияларының тиімділігіне талдау жасалған. Талдау
қорытындылары бойынша банктің корпоративті клиенттерін несиелендіруді
жетілдіру шаралары ұсынылды.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан, 60
түсіндірме беттен, 17 кестеден, 2 диаграммадан тұрады.
Аннотация
на дипломную работу по теме: Порядок кредитования корпоративных
клиентов банка на примере данных ТФ АО Delta Bank
В дипломной работе рассмотрены теоретические основы кредитования
корпоративных клиентов банка. В дипломной работе по материалам банка
проведен анализ финансово-хозяйственной деятельности, в том числе
рассмотрены состав и структура кредитных операций и дана оценка
эффективности кредитных операций. Предложены мероприятия по
совершенствованию кредитования корпоративных клиентов банка.
Дипломная работа состоит из введения, трех глав и заключения.
Дипломная работа содержит 60 страниц пояснительной записки, 17 таблиц и 2
диаграмм.
Annotation
on diploma work on the topic: Order of crediting of corporate clients
of bank on the example of information of Delta Bank
Theoretical bases of crediting of corporate clients of bank are
considered in diploma work. In diploma work on materials of bank the
analysis of financially-economic activity is conducted, including
composition and structure of credit operations and is considered
estimation of efficiency of credit operations. Measures are offered on
perfection of crediting of corporate clients of bank.
Diploma work consists of introduction, three chapters and conclusion.
Diploma work contains 60 pages of explе message, 17 tables and 2 diagrams.
Мазмұны
Кіріспе
8
1.Банктің корпоративті клиенттерін несиелендірудің теориялық
негіздері
10
1.1 Шаруашылық субъектілерді несиелендірудің негізгі түрлері
10 1.2 Delta Bank АҚ-ның заңды тұлғаларды несиелендіру тәртібі
16
2.Delta Bank акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық қызметінің
негізгі буыны – несие операцияларына баға беру
21
2.1Delta Bank акционерлік қоғамының ұйымдық-құрылымдық
ақпараттық базасына сипаттама
21
2.2 Банктің активті операцияларын талдау
22
2.3 Банктің несие операцияларының құрамы мен құрылымына талдау
30
2.4 Несие операцияларының тиімділігін талдау
37
3.Банктің корпоративті клиенттерін несиелендіруді жетілдіру
шаралары
41
3.1 Несие операцияларын жетілдіру жолдары
41
3.2 Банктің несиелік қызметін жетілдіру мақсатында корпоративті
клиенттер тартудағы жүргізетін шаралары
50
3.3 Банктің проблемалы несиелерінің алдын-алу мақсатында несие
портфелін бақылау және реттеу
54
Қорытынды
57
Қолданылған әдебиеттер тізімі
59
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциалық
банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі
саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие
ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру,
депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-
сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Шаруашылық субъектілер бұл экономиканың белігілі бір саласында қызмет
етуге,яғни шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арнайы рұқсатнамасы бар
тұлға. Яғни бұл мемлекеттік мекемелер емес, керісінше, ірі, орта, шағын
кәсіпкерлік субъектілері.Олардың негізгі қаржы көздері өз меншігіндегі
капитал және банктен берілетін несиелер. Қазіргі кезде банктен алынатын
несиелердің басым көпшілігі ұзақ мерзімге беріледі. Ал қысқа мерзімді
несиелендірудің үлесі өте төмен. Әрине қысқа мерзімді несиелерді беруде ол
бойынша бекітілген пайыздық ставкалардың көлемі төмен, осыған байланысты
банктің табысы төмендейді деген тұжырым бар. Дегенмен банктің активтерінің
айналымдылығы мен өтіміділігі арта түседі. Сондай-ақ негізінен шаруашылық
субъектілер қазіргі кезде ірі несиелерге мұқтаж. Ал ол несиені қысқа
мерзімде негізгі қарызы мен сыйақы мөлшерін толық жабу қиындықтар туғызуы
мүмкін.
Елбасы Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында былай
деді: Жапония, Германия, Италия, Бельгия сияқты елдерде шағын және орта
бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды,
көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын
құрайды.
Сондықтан да біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен
жаңа идеологиясын түзуге тиіспіз. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске
асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық
экономикадағы өз орнын табуға тиіс.
Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды,
кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!
Осыған орай екінші деңгейлі банктер кәіспкерлікті қолдау мақсатында
несиелендіру қызметін белсендіріп отыр. Ресми деректер бойынша шаруашылық
субъектілердің саны артуда.
Президентіміздің 2006 жылғы жолдауында Қазақстанды әлемнің 50 бәсеке
қабілетті елдерінің қатарына қосуға байланысты басымдықтарының ішінде де
шаруашылық субъектілерді қолдау бойынша бірнеше мәселелер қарастырылған.
Оның ішінде экономиканың тұрақты және қарқынды дамуын қолдау үшін
кәсіпкерлік субъектілерін сапалы өнім шығару мен сұранысты ынталандыру үшін
фискалды, ақша –несиелік құралдарды қолдану керкетігі туралы айтылған. Ақша-
несиелік құралдардың ішінде басымдықтардың бірі несиелендіру болып
табылады.
Міне осы жағдайлар мәселенің өзектілігі мен осы бағытта ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Берілген дипломдық жұмыста біздің
негізгі мақсатымыз шаруашылық субъектілерді несиелендіру, оның ішінде қысқа
мерзімді несиелендірудің ерекшеліктері мен даму жолдарын айқындау. Осы
мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер туындайды:
- қысқа мерзімді несиелендірудің мәні және ерекшеліктері
- шағын субъектілерді қысқа мерзімді несиелендірудің ерекшеліктерін
айқындау;
- екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметіне талдау
- несие операцияларының тиімділігін талдау
- банктің несие қызметінің даму бағыттары
Жұмыстың талдау объектісі – Қазақстан Республикасында қысқа мерзімді
несиелендірудің даму жағдайы мен Delta Bank акционерлік қоғамының
несиелік қызметі.
Ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының банктік қызмет саласын
реттеу бойынша нормативтік актілері, Delta Bank акционерлік қоғамының
қаржылық есеп берулерінің мәліметтері.
1.Банктің корпоративті клиенттерін несиелендірудің теориялық негіздері

Заңды тұлғаларды несиелеу қандай-да бір шаруашылық субьектілердің
қажеттіліктерін алуға мүмкіндік беретін ақшалай ресурстарды белгілі-бір
қағидалар мен шарттарға сәйкес беру болып табылады.
Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік
қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң
сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара
байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да,
несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің
негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады.
Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
- несиенің ақылылығы;
- несиенің қамтамасыз етілуі;
- несиенің сыйақылылығы;
Несиелеудің соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші класты
қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде
ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің
қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды [1].
Мерзімділік – бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне
негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз
алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға
тиістігімен қорытындалады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы
туындайды.
Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде,
басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан
ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды.
Несиенің ақылылығы – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін
қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылылық – бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін
пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін
пайызын несиенің бағасы деп атайды.
Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін
басты факторларына мыналарды жатқызуға болады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша
белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
- банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
- өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз
мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
- несиеге деген сұраныс;
- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;
- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.
Сенім несиесі -- несиенің бұл түрі нақты қамтамасыз етілмейді
және сондықтан да бұл несие әдетте банктен бұрын алынған несиелер бойынша
шағымдары жоқ және банктің бұрынғы байланыстары бар, несие қабілеттілігі
бойынша бірінші дәрежелі клиенттерге беріледі. Оларға несие қысқа мерзімге
(бір айдан үш айға дейін) өндірістік процесті жүзеге асыру барысында
қосымша ақша қаражаттарынан пайда болған қажеттілікті қанағаттандыру үшін
беріледі.Ссуда оның қайтарылуына сәкес міндеттемелермен (залог түрінде,
кепіл яғни клиент сеніміне) қамтамасыз етілмей берілетін болғандықтан,
проценттік ставка басқа несиелерге қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде
бекітіледі.
Несиені рәсімдеу үшін кәсіпорын банкке өз өтінішін ұсынады,
онда несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі көрсетіледі,және несиелік
қабілеттілік пен несиелік келісім жобасын анықтау үшін баланс өтініледі.
Банк (несиенің берілуіне дейінгі) несиеге қажеттіліктің туындау
себептерінің негізділігін де, әрі қарайғы оның мақсатты пайдалануын да
тексермейді. Ссуда валютасы не банк қарыз алушының есеп айырысу шотына, не
ұсынылған есептік ақша құжаттар бойынша төлемдер жүргізуге тікелей
бағытталады. Мерзімі жеткен кезде ссуда қарыз алушының есеп-айырысу шотынан
алынады. Ссудалық қарызды өтеу мерзімін кешіктірген әр күн үшін (несие үшін
процент) банк несиелік келісімде белгіленген мөлшерде өсім алады. Қарыз
алушыда берілген бланктік несие бойынша мерзімі өткен қарыздың пайда болу
фактісінің өзі клиентке банк сенімінің төмендеуіне және әрі қарай мұндай
несиелерді беруден бас тартуына әкеледі [2].
Контокоренттік несие - банктік тәжірибеде контокорренттік
шоттарды қолданудың шет елдік тәжірибесі келесілерді дәлелдейді:
Біріншіден, банк контокоренттік шоты ұзақ мерзімді және берік
қатынастары бар және де банктік несиеде үнемі қажеттілігі болатын
клиенттерге ашады;
Екіншіден, клиент және банк арасындағы контокорренттік қатынастар
ерікті болып табылады, яғни олар қандай да бір нұсқау, бұйрық бойынша,
сондайақ осы қатынастардың бір тарабынан өтінуі бойынша жасалынбайды;
Үшіншіден, контокорренттік шот шаруашылық органдарының төлемдік
айналымын рационализациялау үшін пайдаланылатын болғандықтан,
контокорренттік несие өз табиғаты бойынша бұл шоттың теріс сальдосын жабуға
арналған бланктік несие және сәйкесінше, контокорренттік шот бірінші
кезекте несиелік репутациясы (атағы) жоғары кәсіпорындарға ашылуы, ал содан
соң шоттың дебеттік саоьдосының лимиттелген мөлшерін қамтамасыз етуі
ретінде үшінші тұлғалардың кепілдігін, құнды қағаздарды немесе мүліктің
белгілі бір бөлігін кепілге қоюы келісімін ұсынған клиенттерге ашылуы
қажет;
Төртіншіден, банк өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында
контокорренттік несие негізінен ағымды өндіріс және айналымды қаржыландыру
үшін беріледі және инвестицияларды қаржыландыруымен байланысты емес;
Бесіншіден, клиентке шот бойынша міндеттемелер мен талаптарды
теңестіру үшін қарыз қаражаттарын тарту құнын оперативті пайдалану
мүмкіндігін қамтамасыз етуіне байланысты контокорренттік несие анағұрлым
қымбат несиелер қатарына жатады. Сонымен бірге, контокорренттік шотқа
қызмет еткені үшін банк міндетті түрде қарыз алушыдан тағы да айналымдық
комиссияны алады;
Алтыншыдан, қарыз алушының контокорренттік несиелерді қолдануы банкте
басқа несиелерді рәсімдеуін шектемейді; егер контокоррент бойынша дебеттік
сальдоның жоспарланған мөлшерінен асатын қарыз қаражаттарына қажеттілікті
уақытша көбейту күтілетін болса;
Жетіншіден, контокоррентік қатынастардың дұрыс жүргізілуі банк және
клиент арасында ерекше келісіммен сипатталады, онда бірнеше келіссөздер
жасалған, банк несиенің бұл ормасы кезінде жауапкершіліктің пайдасыз құқтық
салдарынан анағұрлым тәуекелге ұшырайтын тұлға ретінде қаралады.
Келісімдегі маңызды пункт банктің бұл шотты жабуға ешқандай мерзіммен
шарттастырған құқығы болып табылады.
Шет елдегі контокорренттік қатынастарды құрудың жоғарыда аталған
принципиалдық жағдайлары біздің де коммерциялық банктермен әрекеттегі
несие, қаржы, банк, салықтар, есепжәне есеп беру және т.б. Облыстағы
заңдылықтар есебінен контокорренттік несиелерді беру тәртібі туралы
меншікті (өз) нұсқауларын өңдеу үшін тиімді қолданылуы мүмкін. Әзірше
мұндай несиелеу локальдық (жергілікті) сипаттағы тәжірибе, эксперименттер
шегінен шықпайды.
Вексельді несие - вексельдік несиелер ұсынушы және вексель беруші
несиелерге бөлінеді. Ұсынушы вексельдік несиелер екі түрлі болады: есептік
және кепілдік.
Вексельдер есебі – бұл оларды банктің сатып алуы, оның нәтижесінде
вексельдер банктің қарамағына толығымен өтеді, онымен бірге вексель
берушілерден төлемді талап ету құқы да өтеді.Банкке вексельді есепке
ұсынған вексель ұстаушы ол бойынша тез арада төлем яғни вексель бойынша
төлем мерзімі жеткенге дейін алатындықтан, ол үшін бұл банктен несие алуды
білдіреді. Сондықтан банктермен вексельдерді есепке алу бұл ссуда берудің
әдістерінің бірі болып табылады. Мұндай операция үшін банк есептік процент
немесе дисконт деп аталатын процент алады. Оның мөлшері клиентпен келісу
бойынша анықталады. Есептік процент банкпен вексель сомасынан оны есепке
алу (сатып алу) уақытында ұстанылады [3].
Шаруашылық субъектілерінен есепке тауарлық және коммерциялық
келісімдерге негізделген вексельдер ғана қабылданады. Банкке соңғыларын
сату вексель иесінің бланктік индоссаментімен және вексельді есепке алуға
банкпен келісім бекітумен бірге жүреді. Келісімде есепке қабылданатын
вексельдер саны және жалпы соммасы; вексельді төлеу мерзіміне дейін қалған
әр күн үшін вексельдік сомадан жеңілдік мөлшері (дисконт); вексельдер
есепке алынатын жағдай бойынша мезгіл; есептік несиенің сомасын аудару
тәртібі мен мерзімі. Қарыз алушы- вексель ұстаушы сондай-ақ банкке
вексельді индоссациялауға осы немесе басқа қызмет тұлғасына құқық беретін
расталған сенімхат және басқа құжаттар көшірмелері ұсынылады.
Вексельдер банкке белгіленген формадан реестрлер кезінде есепке
ұсынылады. Реестрдегі тізілген вексельдер бойынша жазбалар тіркелген
вексельдер реквизиттерімен салыстырылады. Содан соң вексельдер олардың
экономикалық және заңдық сенімділігі көзқарасынан тексеріледі.Заңдық
жағынан барлық реквизиттердің дұрыс толтырылуы, содай-ақ вексельде қойылған
қолдары бар тұлғалардың өкілдіктері және бұл қолтаңбалардың туралығы
тексеріледі.Вексельдің экономикалық сенімділігін тексеру мақсаты вексельде
аудармалы жазбалар қалдырған барлық индоссанттармен оны төлеудің толық
сенімділігін орнату болып табылады. Бұл үшін банктер аудиторлық фирмалардың
қызметтері және бұл шаруашылық органдардың несие қабілеттілігі туралы басқа
да мәліметтер көздері пайдалану қажет. Тексеру кезінде қанағатсыз болып
шыққан вексельдер (өз вексельдерін наразылыққа дейін жіберген заңды және
жеке тұлғалармен берілген, коммерциялық емес вексельдер дұрыс рәсімделмеген
және т.с.с) реестрдегі осы вексельдердің сомасы туралы банк жетекшісінің
(немесе оның орынбасарының) рұқсат ету жазбасымен есепке қабылданады.Бұдан
кейін қарыз алушымен келісім жасалады.
Баланстың шоттарда вексельдерді есепке алу төлемнің мерзімінің
жетуі бойынша жүзеге асырылады, ал әр аналитикалық шотта жай вексельдердің
вексель берушілері және аудармалы вексельдер акцептанттары тұрғысында
жүргізіледі.
Есепке алынған вексельдер бойынша төлемдерді уақытылы алуды
бақылау үшін банк әр күнге арнайы ведомостер екі данада толтырады, онда
барлық вексельдер бойынша мәліметтер толтырылады, банкте оның тіркелу
кітабы бойынша вексель нөмері, вексель берушілердің ұсынушылардың атауы
және әр вексельдің сомасы көрсетіледі. Төлемді алу кезінде ведомосте сәйкес
белгілер жасалады, ал вексельдр төлеушіге қайтарылады. Вексельдерді төлеуге
түсетін соммалар баланстық шоттардың сатып алу құнының кредитіне есепке
алынады,ал вексельдің номиналы және оның сатып алу құны арасындағы
айырмашылық банк кірісіне есепке алынады.
Егер төлем тез арада түссе, онда төлеушіге төлемнің мерзіміне дейін
қалған уақытқа проценттер төленеді.Төлемнің вексельде көрсетілген
мерзімнен кеш түсуі кезінде банк төлеушіден кешіктіргені үшін өсім және
вексельдің наразылығы бойынша шығыстар болса өндіріп алады.
Аналитикалық есепте баланстық шоттарға мерзімінде төленбеген
вексельдер бойынша жеке дербес шоттар жүргізіледі. Уақытында төленбеген
және наразылық көрсетілген вексельдер бойынша дербес шоттар вексельдік
соманың вексель бойынша проценттердің, есептелген өсім, айыппұлдарды толық
төлеу және вексель протесті боынша шығыстарды жабу, наразылық туралы
жазбаша хабарлама, сот шығыстары немесе мүмкін жоғалтуларға резерв есебінен
белгіленген тәртіпте баланстан қарызды есептен шығару шығындарын толық
төлегеннен кейін жабылады.
Вексельдер кепіліне берілетін саудалар вексельдер есебінен
ажыратылады, біріншіден, вексельге меншік банкке берілмейді, ол тек вексель
ұстаушымен сауданы өтегеннен кейін кезекті сатып алумен белгілі бір
мерзімге салынады; екіншіден, сауда вексельдің толық соммасы шегінде емес,
тек оның номиналдық құнының 60-90 %- не ғана беріледі.
Кепілге алынған вексельдерге банк есепке алынатын вексельдерге
қойылатын заңдық және экономикалық тәртіптегі талаптарды қояды.
Коммерциялық вексельдер кепілдігіне ссуда беру біржолғы, сондай-ақ
несиелік және кепілдік келісімдерін рәсімдеумен тұрақты сипатта да болады.
Вексельдер банкке кепілдік индоссаментпен (кепілдік сома немесе
қамтамасыз етуге сома) қабылдау - өткізу актісі негізінде беріледі. Соңғы
жағдайда банк клиентке вексельдермен қамтамасыз етуге арналған ссудалық шот
ашады. Ссуда беру осы шоттық дебеті бойынша, ал өтелуі кредит бойынша
көрсетіледі.
Арнайы ссудалық шот талап етілге дейінгі шот болып табылады, осылайша,
ссуданың мерзімсіздігі банкке кез-келген уақытта оны толық не болшектеп
өтеуін талап етуге, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді талап етуге құқы
бар. Сондықтан вексельмен қамтамасыз етуге арнайы ссудалық шот ашу кезінде
банк алдын-ала бұл шот бойынша несиені пайдаланудың барлық шарттарын қарыз
алушымен келісіп алады. Несиенің бұл түрі бойынша несиелік келісімде бұл
несиенің мынадай арнайы белгілерін табулары қажет:
- арнайы ссудалық шот бойынша қамтамасыз ету және қарыз арасындағы
қатынастың жоғарғы шегі;
- несиені қамтамасыз етуге қосымша вексельдер ұсынуды талап етуге банк
құқығы;
- қарызды өндіріп алумен кез-келген уақытта шотты жабуға банк құқығы;
- есеп-айрысу шоттардағы қатынастар есебінен арнайы ссудалық шот бойынша
қарызды өтеуге клиенттің құқығы;
- клиенттің бір вексельді оның мерзіміне дейін басқалармен ауыстыруға
рұқсат талап етуге құқығы.
Вексельдер кепілдігіне несие беру банкпен әр клиентке белгіленген
несиелеу шарты негізінде жүргізіледі. Сондықтан клиенттің арнайы ссудалық
шоты бойынша осы не басқа төлем операцияларын жүргізу алдында банк қарыз
және қамтамасыз ету арасындағы арақатынастың келісімде бекітілуі есебімен
несиенің бос қалдығының есебі жасайды [4].
Бүгінде тәжірибеде коммерциялық банктермен вексельдер кепілдігіне
несие беру үшін арнайы ссудалық шот қолданылмайды, өйткені банктермен оны
ұсыну тек бір жылғы сипатта болады. Негізінен бұл банктер үшін қарыз
алушының қаржы жағдайының тұрақсыздығынан, банкке салынған вексельдерді
жүргізу процедурасының, сондай-ақ несиелердің бұл түрі бойынша банктің
өзінің нормативтік базасының жеткіліксіз өңделуінен мұн-дай операциялардың
тәуекелділігімен байланысты.
Несиені пайдалану кезеңінде оған несиені пайдалану мерзіміне
байланысты жалпы тәртіпте проценттер есептелінеді. Қарыз алушының несиені
мерзімінде өтеуі кезінде банк оған кепілдік құнын есептен шығара отырып,
вексельдерін қайтарады. Бұл жағдайда қарыз алушы өзінің кепілдік
индоссаментін сызып тастауға құқығы бар, ол сызып тасталғаннан кейін
жазылмаған болып есептелінеді.
Несиені бекітілген мерзімде өтелмеген кезде банк кепілдікті жүзеге
асыруға құқыгы бар, яғни вексель бойынша төлем мерзімі жеткен кезде вексель
берушіге оны ұсынуға және несиені өтеуге төлем алуға не соңғысы-ның төлем
қабілетсіздігі жағдайында вексельге наразылық білдіруіне болады.
Несие беруші несие мұндай несие түрі өнім, тауар, қызмет
жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін айналым қаражаттарының жетіспеуі
кезінде және банктен ақшалай банктік несиені қымбаттығынан алу
мүмкіндігінің болмауы кезінде сатып алушылар ролінде шығатын кәсіпорын-дар
(шаруашылық жүргізуші субъектілер) пайдаланады. Мұндай жағдайда банк
клиентпен несиелік келісім бекітеді, оған сәйкес заемщик несие ретінде
банкпен оған жазылған келісімде көрсетілген жалпы сомаға банк кредитор-дың
жеке вексельдер пакетін алады.
Несиелік келісімнің мерзімі жеткенде кәсіпорын қарыз алушы (бірінші
вексель ұстаушы) оны пайдаланғаны үшін процентімен бірге алынған несиені
жабады.
Банктік вексельдер бойынша төлем мерзімдері жеткенде соңғы вексель
ұстаушылар оларды банкке ол бойынша төлем алу үшін ұсынады.
Вексель беруші несие үшін проценттік ставка ақшамен салыстырғанда
вексельдің төмен өтімділігіне байланысты жай банктік несие ставкасына
қарағанда төмен белгіленеді.
Вексель беруші несиелердің белгілі бір шекаралары бар, өйткені банктер
несиелеудің бұл түрі кезінде өз несиелік ресурстарын қолданбайды, бірақ
жеке вексельдер шығару бойынша коммерциялық банктер үшін Орталық банк
бекітетін өтімділік нормативі шегінде шектеледі.
Банктік кепілдеме негізінде берілетін несие -- заңды тұлға ретінде
қарыз алушыларға басқа банктер ұсынатын несиелер бойынша кепілдік ретінде
шыға алады. Төлемнің кепілдігі ақылы қызмет болып табылады. Банктік
кепілдік бергені үшін принципал (қарыз алушы) банкке сыйақы төлейді, оның
мөлшері тәуекелділік дәрежесімен, кепілдік беру мерзімінің ұзақтылығымен,
сондай-ақ басқада факторлармен анықталады [5].
Банкке кепілдік алу үшін келген кезде банктік кепілдік алуға
өтініш толтыруы және оның статусы мен потенциалдық міндеттемесінің
экономикалық мәнін ашатын құжаттарды толтыруы қажет.
1.2 Delta Bank АҚ-ның заңды тұлғаларды несиелендіру тәртібі
Delta Bank АҚ келесі мақсаттарға арналған несие өнімдерін
пайдалануды ұсынады:
- айналым қаражаттарын толықтыру;
- негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу;
- қайта қаржыландыру.
Бизнес-Алға бағдарламасы
Қаржыландыру заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қолданыстағы
бизнесін дамыту үшін беріледі. Аталған өнімнің басты артықшылықтары – кең
мақсатты бағытталуы және қол жетімді мөлшерлемелер.
Қаржыландыру бірреттік заем, жаңартылатын және жаңартылмайтын несие
желісі түрінде жүзеге асырылады.
Заем валютасы: теңге
Заем мерзімі: тараптардың келісімімен, жобаны жүзеге асырудың
мерзіміне байланысты. Барынша мерзім 60 ай.
Өтеу тәсілдері: Ай сайын аннуитетті төлемдермен, тең үлестермен және
тараптардың келісімімен.
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 19% бастап, тиімді мөлшерлеме жылдық 20,7%
бастап.
Заемның қамтамасыз етуі: Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан жылжымалы жәненемесе жылжымайтын мүлік кепілі; Банктегі депозит
кепілі; ақша кепілзаты немесе Банктің пікірінше өзге өтімді мүлік.
Жол картасы бағдарламасына
1 Кәсіпкерлікті дамытудың Даму қоры
2 1. Әйелдер Кәсіпкерлігі бағдарламасы
Қаржыландыру жеке кәсіпкер әйелдердің қолданыстағы бизнесін дамыту
үшін беріледі. Аталған өнімнің басты артықшылықтары – кең мақсатты
бағытталуы және қол жетімді мөлшерлемелер.

- Субъектілері: Әйелдер – Жеке Кәсіпкерлер.
- Заемның ең көп сомасы: 8 000 АЕК*
- Заем валютасы: теңге
- Заемның ең көп мерзімі: Банк пен ДАМУ КДҚ арасында бекітілген шарт
аяқталған мерзімнен кешіктірмей 60 айға дейін.
- Өтеу тәсілдері: Ай сайын аннуитетті төлемдермен немесе тең үлестермен.
- Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 12% бастап, тиімді мөлшерлеме жылдық 14%
көп емес.
- Қаржыландыруды ұйымдастырғаны үшін комиссия: қаржыландырудың сомасы
мен мерзіміне байланысты.
- Заемның қамтамасыз етуі: Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан жылжымалы жәненемесе жылжымайтын мүлік кепілі; Банктегі
депозит кепілі; ақша кепілзаты немесе Банктің пікірінше өзге өтімді
мүлік.
* айлық есептік көрсеткіш 01.04.2011ж. бойынша 1512 теңге.
3 2. Жаңаөзен қ. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын
қаржыландыру бағдарламасы
Қаржыландыру Маңғыстау облысының Жаңаөзен қ. аймағында өз қызметін
жүзеге асыратын және осы қала аймағында ресми тіркелген, Шағын және Орта
Кәсіпкерлік Субъектілерінің (ШОКС) қолданыстағы бизнесін дамыту үшін
беріледі. Аталған өнімнің басты артықшылықтары – жеңілдетілген әрі
жұмсартылған талаптар, кең мақсатты бағытталуы және қол жетімді
мөлшерлемелер.

- Заемның ең көп сомасы: 60 000 АЕК*

- Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 9% бастап, тиімді мөлшерлеме жылдық 10%

4 3. Даму аймақтар ІІ аймақтық басым жобаларды қаржыландыру бағдарламасы
Қаржыландыру Шағын және Орта Кәсіпкерлік Субъектілерінің (ШОКС)
бизнесін дамыту үшін беріледі. Аталған өнімнің басты артықшылықтары –
жеңілдетілген әрі жұмсартылған талаптар, кең мақсатты бағытталуы және қол
жетімді мөлшерлемелер.

- Заемның ең көп сомасы: 300 000 000 теңге.
- Заемның ең көп мерзімі: 84 ай.

- Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 10% бастап, тиімді мөлшерлеме жылдық 11%

депозит кепілі; ақша кепілзаты.
Корпоративтік клиенттерге кредит берудің негізгі мөлшерлемелері төрт
валютада белгіленеді – теңгеде, рубльде, АҚШ долларларында және Еврода және
қаражаттарды орналастыру мерзімдеріне және корпоративтік клиентті Банкте
қолданылатын іс-барысына сәйкес жатқызуға болатын қарыз алушылардың
санаттарына байланысты.
Кредиттер мен кредиттік желілер.
Клиенттерінің қажеттіліктеріне орай, Delta Bank АҚ ЕҰ теңгедегі,
рубльдегі және шетел валютасындағы кредиттерді ұсынады.
Кредит сомасының ең жоғарғы шегі (беру шегі, қарыз шегі және олардың
қосындысы) клиент қажеттіліктерін ескере отырып және оның кредиттік
қабілеттілігін, Банктегі кредиттік тарихын, кредит беріліп отырған жоба
ерекшеліктері және т.б. бағалау негізінде анықталады.
Кредиттік қорлардың берілуінің міндетті шарты – клиенттің Delta Bank АҚ
шоттың, оң кредиттік тарихтың (қарыз алушы бұрын кредит алған жағдайда)
және клиент тапсырған жоба талдауының оң талдауының болуы табылады [6].
Клиент қажеттіліктеріне байланысты кредиттік желілер не беру шегі не
қарыз шегі белгіленген болуы мүмкін. Кредиттік желі бойынша берілген кредит
берілу шарттарына сәйкес бірден толық сомада немесе бөлшектеп берілуі
мүмкін.
Кредиттік желі бойынша қамтамасыз ету ретінде Банк қабылдайды:
клиенттің жылжымайтын мүлігін, негізгі құралдарын, тауарлық-материалдық
қорларын, мүліктік құқықтарын кепілдікке қою; ресейлік және шетелдік
эмитенттердің ликвидті бағалы қағаздарын кепілдікке қою; сенімді банктердің
немесе төлеу қабілеті бар кәсіпорындардың кепілдіктері (кепілгерлігі);
Қарыз алушының контрагенттерінің қарыздық міндеттемелері және басқадай
активтер.
Корпоративтік кредиттік есепті алу тәртібі
Корпоративтік кредиттік есеп – үшінші тұлғаларға берілуге жатпайтын,
тек қана кредиттік тарих субъектісі – заңды тұлғаның жеке пайдалануына
берілетін кредиттік есеп түрі, құжат.
Корпоративтік кредиттік есепте келесі мәліметтер көрсетіледі:
- кредиттік тарих субъектісі туралы жалпы мәлімет (компания туралы
деректер, орналасқан жеріне қатысты ақпарат, құжаттары бойынша
ақпарат, басқарушы органы туралы мәліметтер);
- компанияның қызмет ету саласы мен компания мәртебесі туралы ақпарат;
- келісімшарттарға қатысты ақпарат;
- әрекет етуші және күшін тоқтатқан келісімшарттар бойынша жалпы ақпарат
(әрекет етуші және күшін тоқтатқан келісімшарттар саны, қайтарылмаған
қарыздың жалпы сомасы, төлеу мерзімі өтіп кеткен төлемдердің жалпы
сомасы, субъект рольдері);
- әрекет етуші келісімшарттар бойынша толық ақпарат (несие беру туралы
өтініштің берілу мерзімі, келісімшарттың басталу және аяқталу
мерзімдері, несиені фактілі өтеу мерзімі, келісімшарт номері,
келісімшарттың сыныпталуы, несиенің жалпы сомасы, қаржыландыру түрі
(несие түрі), несие мақсаты, қамтамасыз ету шарасының түрі мен құны,
несие бойынша өтелмеген сома, төлеу мерзімі өтіп кеткен төлемдердің
сомасы, ақпарат алынған қайнар көздер, несие алушымен байланысты
тұлғалар, соңғы 24 айдын ішіндегі несиені қайтару тәртібі және т.б.);
- тоқтатылған келісімшарттар бойынша толық ақпарат (несие беру туралы

тұлғалар, соңғы 24 айдын ішіндегі несиені қайтару тәртібі және
т.б.)несиенің берілген мақсаты, кепіл түрі, келісімшарттың жалпы
сомасы, мерзімді өткізіп алу күндерінің саны, төлеу мерзімі өтіп
кеткен қарыздың сомасы, қарызды өтеу кестесі және т.б.);
- кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есепті бұрын соңды алған,
БКБ клиенттері туралы ақпарат (кредиттік есепті алушы, алынған
кредиттік есеп түрі және есепті алу уақыты көрсетіледі);
- субъектінің келісімімен ақпарат берушілермен берілетін басқа да
мәліметтер.
Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік
тарихты қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6
шілдедегі № 573-II Заңына сәйкес, сіз күнтізбелік жылда бір рет компания
туралы корпоративтік кредиттік есепті тегін алуға құқылы.
1 Корпоративтік кредиттік есепті тікелей БКБ офисінде алу
Корпоративтік кредиттік есепті тікелей БКБ офисінде алу үшін,
компанияның басшысы немесе компаниямен берілген сенімхат негізінде әрекет
жасайтын сенім білдірілген тұлға (әрі қарай – Сенім білдірілген
тұлға) Корпоративтік кредиттік есепті беру туралы өтінішті, тиісті
құжаттардың көшірмесі мен түпнұсқасын БКБ-ға ұсынуы қажет (Құжаттар тізімін
қарау). Корпоративтік кредиттік есепті беру туралы өтініш компанияның
басшысы қолымен және компания мөрімен немесе Сенім білдірілген тұлға
қолымен бекітілуі тиіс. Корпоративтік кредиттік есеп өтініш БКБ-ға түскен
күннен бастап бір тәулік ішінде дайын болып, сіздің талабыңыз бойынша
беріледі. Корпоративтік кредиттік есеп компания басшысына немесе Сенім
білдірілген тұлғаға олар жеке куәлігін көрсеткен жағдайда ғана беріледі.
Егер корпоративтік кредиттік есепті алып кетуге, БКБ өтінішті қабылдаған
күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ешкім келмесе, 15-ші жүмыс күні
корпоративтік кредиттік есеп, онда бар ақпараттың құпиялығын сақтау үшін
жойылады.
2 Корпоративтік кредиттік есепті почта арқылы алу
Корпоративтік кредиттік есепті почта арқылы алу үшін, компанияның
басшысы немесе компаниямен берілген сенімхат негізінде әрекет жасайтын
сенім білдірілген тұлға (әрі қарай – Сенім білдірілген тұлға) Корпоративтік
кредиттік есепті беру туралы өтінішті және тиісті құжаттардың көшірмесін
БКБ-ға Казпочта АҚ немесе басқа да почталық қызмет көрсететін ұйымдар
арқылы жіберуі қажет (Құжаттар тізімін қарау). Корпоративтік кредиттік
есепті беру туралы өтініш компанияның басшысы қолымен және компания мөрімен
немесе Сенім білдірілген тұлға қолымен бекітілуі тиіс. Дайын Корпоративтік
кредиттік есеп, компания басшысы немесе Сенім білдірілген тұлға жеке бас
куәлігін көрсете отырып алып кете алатындай, өтініште көрсетілген поштамп
индексі бойынша жіберіледі.
3 Корпоративтік кредиттік есепті қайта алу
Корпоративтік кредиттік есепті бір күнтізбелік жылдың ішінде қайта
алуға өтініш берілген жағдайда, БКБ кредиттік есепті ақылы негізде береді.
Ақы мөлшері қосымша құн салығын есептемегенде 1097 (бір мың тоқсан жеті)
тенге 60 тиын, ҚҚС-ті қосқанда құрайды. Корпоративтік кредиттік есепті алу
үшін ақының төленгендігін растайтын түбіртек көшірмесін кредиттік есепті
алу туралы өтінішпен қоса беру қажет. Кредиттік есепті бір жылдың ішінде
бірнеше рет алуға шек қойылмайды [7].

2.1Delta Bank акционерлік қоғамының ұйымдық-құрылымдық ақпараттық
базасына сипаттама
Қазіргі таңда Delta Bank акционерлік қоғамы дамып келе жатқан
қаржылық институт, оның қызметі нарықтағы ұсыныстар мен клиенттердің тұтыну
қажеттіліктерін ескере отырып банктік өнімдер мен қызмет көрсетудің кең
спектрін ұсынып отыр.
Банк 1993 жылы 1-қыркүйекте Ақтау қаласында Батыс Қазақстанның ірі
мұнай-газ компанияларының ұсыныстары негізінде құрылған. Банк өзінің 16-
жылдық даму тарихында еліміздің қаржы нарығында өз позициясын мықтап
бекітті.
Орталық кеңсенің Алматы қаласына көшкеннен кейін банк республикалық
статусқа ие болып, Қазақстанның басқа да ірі банктерімен қызметтестік
корреспонденттік қатынас орнатып, соның нәтижесінде Ресейдің, Балтық
елдерінің коммерциялық банктерімен қызметтерстік қарым-қатынас орната
бастады. Жыл сайын клиенттік базаның ұлғая түсуі банктің стратегиялық
бағытының дұрыс жолға қойылуын көрсетеді.
16 жылдық тәжірибеден кейін өткен жылдардың жетістіктері банкке
бизнесті жүргізудің жаңа деңгейіне өтуге , әмбебап банкке айналуға
мүмкіндік берді. Осыдан кейін банк үшін ребрендинг жүргізу қажет болды,
оның себебі бөлшектік, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа стратегия
қабылдаумен байланысты болды.
Банктің қазіргі кездегі негізгі мақсаттары – жаңа стратегияны өңдеу
мен ендіруге, жаңа өнімдер мен қызметтердің стандарттарының арқасында жаңа
деңгейге көтерілу.
Клиенттердің тұтыну қажеттіліктерін және жалпы нарықтағы жағдайларды
талдау банкке бәсекелік банктік өнімдерді өңдеуге көмегін тигізді. Оның
ішінде корпоративтік клиенттер үшін және шағын және орта бизнес
субъектілерінің өздерінің айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі
құралдарды сатып алуға, жылжымайтын мүлікке алған қаражаттары да бар. Жеке
тұлғалар үшін несие өнімдері – Ипотека универсал, несие желісі
Неотложка, автонесиелеу. Сондай-ақ мынадай депозиттік өнімдер бар.
Оларға: Малыш, Мудрость, Delta-Байлык -- жеке тұлғалар үшін, ал
заңды тұлғалар үшін – Delta-Бизнес, Delta-капиталист және Delta-
Байлык.
Delta Bank-тің көптеген серіктестері бар. Олардың қатарында Cбербанк,
Связь- Банк, Райффайзенбанк, ЮниКредитБанк, Промсвязьбанк,
Транскапиталбанк, Citibank, Commerzbank сияқты ТМД және алыс шетел банктері
де бар. Банктің басқа аймақтарда 9 филиалы бар. 2010 жылғы 1-қаңтардағы
жағдай бойынша банк активтері – 30494 млн тегені, несие портфелі – 20806
млн теңгені, ал меншікті капиталы – 7272 млн теңгені құрып отыр [6].
Банк миссиясы – клиенттердің қаржылық қажеттіліктерімен сәйкес
банктік қызметтер мен өнімдерді ұсынуды болжай отырып, алдыңғы қатарлы
технологияларды қолданумен корпоративті және жеке клиенттерге жедел және
сапалы қызмет көрсету.
Банктің мақсаты:
- клиенттік базаны ұлғайту;
- клиенттерге сапалы қызмет көрсету стандарттарын енгізу;
- нарықтық конъюктураға сәйкес өнімдер мен қызметтерді өңдеу және
жетілдіру;
- банктің қаржылық көрсеткіштерін ұлғайту;
- аймақтық филиалдарды кеңейту;
- басқару жүйесі мен ішкі бақылауды күшейту;
капиталдың халықаралық нарығына шығу.
Moody’s рейтингтік агенттігімен берілген Delta Bank АҚ-ның рейтингі бойынша ақпарат:
2010 ж
2009 ж
B3 шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтинг

NP шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг

Е+ қаржылық тұрақтылық рейтингі
Е+ қаржылық тұрақтылық рейтингі
Болжам Тұрақты
Болжам Кері

Активтердің құрылымы сияқты, активтік операцияларды классификациялау
бойынша да әртүрлі көзқарастар қалыптасты.
Коммерциялық банктерде негізгі активтік операциялар мыналар болып
табылады:
- несиелік операциялар,олардың нәтижесінде банктің несиелік портфелі
құрылады;
- инвестициялық операциялар, олар инвистицияляқ портфельді құру үшін
басты негіз болады;
- кассалық және есеп айыырысу операциялары, бұл банктің өз клиенттеріне
көрсететін қызметің басты түрінің бірі болып табылады;
- басқада активтік операциялар, бұлар барлық банктік операциялардың
табысты орындалуын қаматамасыз ететін, сәйкес инфрақұрылымды құрумен
байланысты.
Банктің активтік операцияларының біршама кең таралғанын мыналар болып
табылады:
- ссудалық операциялар, олар банкке табыстың негізгі бөлігін әкеледі.
Макроэкономикалық көлемде бұл операциялардың мәні өндіру, айналымға
енгізу және тұтыну процестерін ынталандырып, олар арқылы банктер
уақытша әрекетсізде тұрған ақшалай қорды әрекет етуге айналдырады;
- инвистициялық операциялар, оларды жасау процесінде, ресурстарды құнды
қағаздарға салу немесе біріккен шаруашылық қызметі бойынша құқығын
алуда, банк инвестор ретінде көрінеді;
- депозиттік операциялар, банктің активті дипозиттік операцияларын
белгілеу Орталық банктің (корреспонденттік шот және резервтік шот)
және басқада коммерциялық банктердің шоттарында төлем қаржыларының
ағымдағы және ұзақ резервтерін жасаудан тұрады;
- басқада активтік операциялар, олар формалар бойынша әртүрлі шет елде,
банктерге айтарлықтай табыс әкеледі. Қазақстандық тәжірибеде оның
шеңбері әзірге шектеулі. Басқада активтік операциялар қатарына
жататындар: шетелдік валютамен және құнды металдармен операция жасау,
трастық, агенттік, тауарлық операциялар, тағы басқалар.
Банк активтері — пайда табу максатында банктік ресурстарды әp түрлі
активтер бойынша орналастырған қаражаттары [2].
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін
сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.
Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді
активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің
өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:
- касса және оған теңесстін акшалай қаражаттар;
- несиелер;
- бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
- банктің ғимараты мен жабдыктары.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Басқармасының 2002
жылы 16 қарашадағы №465 қаулысымен бекітілген Активтердің шартты
міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға
жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру туралы ережесіне
сәйкес, банктер Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық
банктің Банктерді қадағалау департаментіне активтері мен шартты
міндеттемелердің жіктелуі жәнс олар бойынша провизиялар құру туралы
мәліметтер береді [8].
Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ак,
басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады.
Аталған ережеге сәйкес активтер стандартты және жіктелінген болып
бөлінеді.
Жіктелінген активтерге жатпайтын активтер стандартты болып есептеледі.
Жіктелінген активтер күмәнді және үмітсіз болып бөлінеді.
Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозитттер, бағалы
қағаздар, дебиторлық қарыздары жатады.
Осы топтамаларды пайдалан отырып банктің активті операцияларының
құрылымын келесі кесетеде қарастырайық.
1-кесте
Банктің активті операцияларының құрылымы
2009 жыл 2010 жыл Ауытқуы Өсу
(+, - ) қарқын
Көрсеткіштер ы,
%
Сомасы, Үлес Сомасы, Үлес
мың тг. салмағмың тг. салмағ
ы, % ы, %
1 2 3 4 5 6 7
Ақша қаражаттары 3287870 10,8 1029122 1,98 -2258748 31,30
Банктердегі шоттар мен 1,241 1,07 179843 147,6
депозиттер 377794 557637
Қаржылық құралдар: 1,028 -125010
- банк меншігіндегі 13171 188161 0,36 60,08
- РЕПО келісімі бойынша 0,268 -
кепілдегі 81671
Сатуға арналған қаржылық 2,998 8,14 3310256 462,5
активтер:
- банк меншігіндегі 912945 4223201
- РЕПО келісімі бойынша 1,367 2,77 1023685 345,9
кепілдегі 416263 1439948
Клиенттерге берілген 67,62 79,3 20564977 199,8
несиелер 20591422 41156399
Өтелу мерзіміне дейінгі 0,926 2,09 803218 384,7
ұсталынған
инвестициялар: 282081 1085299
- банк меншігіндегі
- РЕПО келісімі бойынша 11,39 3,08 -1871079 46,06
кепілдегі 3468996 1597917
Негізгі құралдар мен 1,988 1,08 -46921 92,25
материалдық емес 605439 558518
активтер
Мерзімі өткен салықтық 0,028
активтер 8447 -
Басқа да активтер 105289 0,346 61138 0,12 -44151 58,06
Активтер жиыны 30451388 100,0 51897340 100,0 21445952 170,4
Ескертпе - Банктің 2010 жылғы бухгалтерлік балансы мәліметтеріне
түсіндірме хаты
Осы кесте мәліметтерін талдай келе активтің жалпы мөлшері баланста
21445952 мың теңгеге, яғни 70,4 пайызға артып отыр. Бұл өзгеріс негізінен
банк активтерінің ішінде бірнеше активті операциялардың көлемінің артуымен
байланысты. Оның ішінде ҚРҰБ корреспонденттік счеттардағы ақша, сатуға
арналған бағалы қағаздар, клиенттерге берілген заимдар және қаржылық
лизинг, басқа да бағалы қағаздар , капиталға инвестиция көлемінің артуы
әсерін тигізіп отыр. нымен қатар банктің өтімділігі де артып отыр, яғни
банктің жоғары өтімді қаражаттарының бірі- несиелік қаражаттар. Олардың
көлемі есеп беру жылы өткен жылмен салыстырғанда 20564977 мың теңгеге
немесе 99,8 пайызға артты. Ал тәуекелді, дегенмен жұмыс істейтін
активтердің үлесі де жеткілікті деңгейде. Мұнда банктің басқа тұлғаларға
берген барлық қарыз активтерінің үлесі максималды 85 пайыздан аспаған.
Активті операциялардың әрбір түрлері бойынша құрылымдық талдау
жасайық. Яғни, ақша қаражаттары және олардың эквиваленттеріне мыналар
кіреді: кассадағы ақша, ҚРҰБ-гі Ностро түріндегі шот, басқа банктердегі
Ностро түріндегі шот.
2-кесте
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
2009 жыл 2010 жыл Ауытқуы Өсу
Сомасы, мыңСомасы, мың(+, - ) қарқын
Көрсеткіштер тг. тг. ы,
%
1 2 3 4 5
Кассадағы ақша 419581 184946 -234635 44,1
ҚРҰБ-гі Ностро түріндегі шот 2930734 1176318 -1754416 40,1
Басқа банктердегі Ностро 212496 191775 -20721 90,2
түріндегі шот ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz