Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтары және көріну жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе . . . 3 - 5

І Бастауыш сынып жасындағы баланың психикалық даму және қалыптасуының теориялық негізі

1. 1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуы . . . 6 - 10

1. 2 Психологиядағы эмоционалдық дамудың зерттелу мәселелері . . . 11 - 24

ІІ Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтарын зерттеудің әдіснамалық негізі

2. 1 Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтары және көріну жағдайы . . . 25 - 28

2. 2 Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтарын жою жолдарымен әдістері . . . 29 - 33

2. 3 Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтарының алдын алу және түзетуге бағытталған жұмыстар . . . 34 - 38

ІІІ Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтары және оларды жеңу жолдарын эксперименталды зерттеу . . . 39 - 61

Қортыныды . . . 61 - 62

Пайдаланған әдебиеттер . . . 63 - 66

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының Білім заңында және Білім беру тұжырымдамасында келешек қоғам мүшесі, болашақта оның белсенді қайраткері болатын ұрпақпен, олардың білім алып, дамуымен айналысатын мамандарды білімді де, парасатты, шебер де, іскер етіп даярлауға баса көңіл бөлу керектігі атап айтылған. Осы тұрғыдан алғанда, бастауыш сыныптарда білім беретін маман даярлау мәселесі қай кезде де ең өзекті істің бірі.

Адамның жеке тұлға болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының негізі ұйытқысы осы бастауышта құрылатыны педагогтардың да, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Оқушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға - мұғалім. Мұғалімнің білім беру барысында орынды қолданған әдіс-тәсілдері, қарым-қатынасы, әр түрлі іс-әрекеттері негізінде оқушының жеке бас қасиеті қалыптасады. Болашақ мамандардың мектеп оқушыларымен тіл тауып, бірден іске кірісіп кетуі оңай мәселе емес. Ондай икемділік үздіксіз жүргізілетін, ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған педагогикалық білім мен дағдының негізінде жүзеге асады. Сондықтан да жоғары білімді мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында әдістемелік пәндерде оқулықтардың алатын орны ерекше.

Педагогикалық процесте орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, білімді де білікті маман даярлау-жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгілендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ мұғалімдердің әдістемелік-педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, оның ішінде оқулықтың мазмұнымен жұмыс істей алу біліктілігін қалыптастыру басты мақсаттардың біріне айналып отыр. Бүгінгі таңда жаңа оқулықтармен оқу процесінің жүргізілуі және он екі жылдық жалпы білім беретін оқулықтарының эксперименттен, байқау сынағынан өтілуі мамандардан оқулықты шеберлікпен қолдана білуді талап етеді.

Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамалары-ның жарық көруі, осыған орай мектеп бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, бастауыш сыныптарға жаңа оқулықтардың енуі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды, оқушыларды дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман даярлау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр.

Педагог-мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық білім алуымен қатар, ол алған білімін іс жүзінде қолдануына негіз салатын, кәсіптік шеберліктерін шыңдайтын, оқушылармен жүргізетін іс-шаралардың, олармен қарым -қатынасқа түсетін іс-әрекеттердің түрімен, әдіс-тәсілімен таныстыру да, үйрету де осы оқулықпен жұмыс арқылы шешіліп отырады.

Қоғамның дамуы, білім беру жүйесінің өзгеруіне байланысты оқулық мазмұнының дамытушылық бағытта жазылуы, ғалым Л. В. Занковтың қиындатып оқыту идеясын басшылыққа ұстау, болашақ мамандарға қойылатын талаптардың күрделенуіне әкеліп соғып отыр. Осы мәселелерді қарастыруда, ең алдымен, бастауыш сынып мұғалімі оқулық мазмұнын жақсы талдай білуі қажеттілігі туындайды. Бұл кезеңде әрекеттеріне алты жеті жастағы балалардың психикасы ойын немесе оқу жағдайында дамуына байланысты сапалық өзгерістерге ұшырап, әр түрлі «кедергілерден» өтеді.

Бастауыш сынып балалар мектепке оқу әрекетінің өзі үшін мүлде бейтаныс жаңа жағдайда тап болады. Психологиялық тұрғыдан келер болсақ, оның бойында бұған дейінгі барлық кезеңге тән әрекет мотивтері қарым-қатынас, заттық және ойын әрекеттері сақталған. Баланың мектепке дейінгі әрекеттердегі адамдарға сеніммен қарау сезімі, адамзат жасаған заттар дүниесіне психологиялық тұрғыдан келу экологиялық сана дамуының алғышарттарын белгілі пайдалана білу сияқты қасиеттер оқу әрекеті жағдайында да одан әрі дами түседі. [1]

А. Л. Венгер., В. В. Холмовский., Я. Я. Коломинский., Е. А. Пашко., Ш. А. Амонашвили т. б, ғалымдар баланың жеке басының дамуында оның бойында жауапкершілік пен жанашырлық сезімдерінің қалыптасуы айырықша орын алуы тиіс. Бұл сезімдер өркен жайған кезде адамдыққа жеткізген игі қасиеттер ойлантады, «керек» деген мотив нормаға сай басқа әлеуметтік саналар туғызады, жанашырлық мотиві басқалар үшін баланың жүрек кілтін ашады., - басқа адамға жанашырлық көрсете, отырып, оның қуанышына ортақтаса алады деген психологиялық ерекшеліктерін жоғарыда көрсетілген ғалымдар зерттеген

Зерттеу объектісі - бастауыш сыныптағы балалр.

Зерттеу пәні - Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтары және оларды жеңу жолдары

Зерттеу мақсаты - Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтары және оларды жеңу жолдарын анықтау

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер бастауыш сынып оқушыларын алдын-ала мектепке даярлау жұмыстары жасалынса, және де олардың жаңа әлеуметтік орта мен мұғалімге үйреніп кету процесін отбасы мен мектеп бірлесе отыра қадағаласы онда олардың эмоциялары жағымды жағына қарай қалыптасады, және де ешбір қиындықтар туғызбайды.

Зерттеу міндеттері :

- бастауыш сынып жастағы балалардың психикалық ерекшеліктері зерттелген ғылыми жұмыстарға талдау;

- психодиагностикалық жұмыстар арқылы бастауыш сынып жастағы балалардың эмоционалдық ерекшеліктерін анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық ерекшеліктеріне байланысты дамыту-түзету жұмыстарының жүйесін даярлау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері - Л. С. Выготскидің мәдени - тарихи концепциясы; А. Н. Леонтевтің іс-әрекет теориясы; Б. Д. Эльконинның жас ерекшелігі тұжырымдамасы.

Зерттеу әдістері - Ч. Д. Спилберг «Рактивті және жеке бас үрей» сатысын бағалайтын шкаласы, А. Уэссман және Д. Риско ұсынған «Эмоционалды күйді бағалау» әдістемесі мен Б. И. Додоновтың «Эмоционалды маңыздылықты бағалау шкаласы» әдістемесі.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеу барысында жинақталған материалдарды педагогикалық мамандық студенттері, мектеп психологі, жас ұстаздарға өз тәжірибелерінде пайдалануға болады.

Зерттеу базасы: Қапанбұлақ ауылы, Қапанбұлақ орта мектебі 1-сынып оқушылары.

Зерттеу кезеңдері - Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі, үш бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І Бастауыш сынып жасындағы баланың психикалық даму және қалыптасуының теориялық негізі

1. 1 Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуы

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикасының басты ерекшелігі - төңірегіндегілерден үйрену қасиетін баланың тез қабылдайтындығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат құбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатынасты эмоционалдық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді. Бұл ретте жалпы ақыл-ой дамуы мен осыған байланысты дүние көрінісінің баланың өмір жағдайында, тәрбиесіне тікелей қатысты болатынын есте тұтқанымыз жөн.

Қазіргі замандағы бастауыш мектеп жастағы баланың ақыл-ой дамуы ерекшеліктеріне объективтік тұрғыдан талдау жасау үшін дүние көрінісі туралы бала түсініктеріне және танымдық процестердің даму ерекшеліктерін талдауға арнайы жүгінген пайдалы. Бұл орайда сонымен бірге алты жеті жастағы баланың жеке басы дегеніміз не, оған қандай сезімдер тән және бұл сезімдердің әсер күші қандай? дейтін нәрселерге дұрыс бағдар жасалуы тиіс [2]

Бастауыш мектеп жасындағы балалар өмірі тіршіліктің әр алуан жақтарын қамтиды. Олар ойнайды, тентектік жасайды, дүниені таниды. Олардың танымдық ынта -ықыласы әр алуан: айталық олар құмырсқалар тіршілігін бақылап, олардың топтанып тіршілік етуі туралы теория жасай келіп, олар адамдардың күнделікті өмірде мұқият бақылай келіп, олардың өміріне қызығады, олар теңіз өмірінің, құрылыстың, космостың көрінісін көз алдарына ойша елестетеді, оларды сондай-ақ аяғымен кездейсоқ түртіп банкінің балконнан қалай құлағаны, торғайдың су ішкені т. б. қызықтырады. Баланың өзін қалай ұстауы, оның санасында қандай проблемалар туындайтыны көптеген себептерге байланысты. Баланың ақыл-ой дамуы, психикалық жай-күйі, сана- сезімнің даму ерекшеліктері, ақылы, сезімі мен еркі дамуының арақатынасы, ақыр соңында баланың зиялылығы оның жеке басын айқындайтын қайталанбас үйлестікті туғызып отырады. [3]

Бастауыш мектеп жасындағылардың ақыл-ой жағынан бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді. Бұларда қазіргі уақыт тұрғысынан ақыл-ой жағынан дарынды (вундеркиндтер), ақыл-ой дамуы тежелген және ақыл-ой жағынан артта қалған балалар деп бөлуге болады.

Қайсыбір балаға диагноз қоюмен мұғалім айналыспайды, бұл басқа мамандардың ісі. Бірақ өз сыныбының балаларының ақыл-ой дамуы өрісін оның бағдарлауы тиіс. Бұл ең алдымен ақыл-ой тәрбиесінің жауапкершілігі мұғалімге жүктелген бала үшін пайдалы. Мектеп жасындағы кішкентай балалардың ақыл-ой дамуының неғұрлым маңызды варианттарын талдап көрейік. Балалардың көпшілігінің ақыл-ойы қалыпты дамыған болып келеді. Бастауыш сыныптағы балалар заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөліп алуды және пайдалану қажет ететін

азды- көпті күрделі міндеттерді өзі шеше алады. Дегенмен, әрбір баланың өз мүмкіндіктерін пайдануы оның өмір сүру салтымен байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. [4]

Үлгілі балабақша тәрбиесіндегі қалыпты дамып келе жатқан кез-келген мектепке дейінгі жастағы бала бойынан өнер тапқыштыққа қабілеттілікті, ойындағы әрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіру, сурет салу, жапсыру және оқу мен еңбек тапсырмаларын орындау кезіндегі құрдастыққа деген дайындығын аңғаруға болады.

Бастауыш сыныпта қалыпты дамыған бала атаулы ақыл-ой белсенділігіне ие: олар айналадағы дүниені өзінің танымдық міндеттер қояды. «не үшін» және «неліктен» деген сұрақтар баланың ақыл-ой белсенділігінінің көрсеткіші болып табылады. Әрине, сұрақтардың бәрі бірдей үлкендерге бағыштала бермейді. Бала жауапты өзі табуға тырысып бағады; ол өз сұрақтарын түсініп алуы үшін «эксперимент» жүргізуі мүмкін; ол жануарларға, адамдарға, табиғат құбылыстарына мұқият түрде бақылау жүргізе алады; ол пікір айтып, тұжырымдар жасай алады. [5]

Баланың ойы ұғарлық проблемалар аясының ұлғаюы білімді меңгерумен байланысты. Білім көлемімен сапасы - бала ақыл-ойының айналадағы дүние туралы қайсы-бір хабарды меңгеруі үшін сондағы байланыстар мен қатынастарды бөліп, айқындап алуға бағышталған ой әрекетін орындай білуі тиіс, мұны оған үлкендер көрсетеді және оның әрекетінің табысты болуы да солардың көрсетуіне байланысты болады. Қалыпты дамыған бала меңгерген білімін жаңа тапсырмаларды орындауға орынды жұмсай біледі. [6]

Біздің жоғарыда айтып өткеніміздей, алты-жеті жастағы балалар бейнелі түрде ойлайды. Бейнелі ойлау мектепке дейінгі жастағы баланың өмірі мен әрекеттердегі жағдайларға, ойын үстінде, сурет салу, ойыншық құрастыру, үлкендермен қарым-қатынас жасау кездерінде туындайтын міндеттерге көп ретте сәйкес келеді. Мәселен, ойындағы бейнелерге жүгіне отырып, бала заттармен іс жүзінде не істеу керек не, оның нәтижесіне ой жүгіртеді., өзінің алдында туындаған міндеттері осындай жолмен шешеді. Сондықтан да ол зат жүзе ме немесе батып кете ме дегенді пайымдау үшін ол жүзгіштік қасиетті заттың көмегімен, пішінімен және зат жасалған материалмен байланыстырады. Мұндай ақыл-ой әрекеті арқылы баланың бейнелі ойлауына жол ашылады. Ал дерексіз логикалық ойлауға келетін болсақ, оны бала енді ғана меңгере бастайды. Бастауыш мектеп жастағылардың жекеленген логикалық пайымдаулары балдырғанның ақыл-ой дамуындағы табыстары үшін бізді таңдану, қуаныш сезімдеріне бөленсе де, тұтастай алғанда алты-жеті жастағы қалыпты балаға тән ойлау емес.

Ой өрісінің кеңдігімен, ерекше қабілетімен көзге түскен балаларды әдетте вундер

кинд деп атайды. Бұл «ғажайып балалар» айналасындағы адамдарды тез жетілуімен, еңбекке қабілетілігімен және ой белсенділігімен таңдандыра отырып, құрбыларынан көш ілгері болады.

Ақыл-ой ерте жетілуі, жақсы нышан. Ол ақыл-ой әрекеті мен келешегі өмірде табысқа жету кепілі. [7]

Ақыл-ойының кемелденуі жағынан құрбыларынан көш ілгері ұзап кеткен алты жеті жастағылар мұғалім тарапынан аса ықыластылықты қажет етеді. Мұндай балалар кітап оқуға жастайынан үйір боп, санауды ерте үйренеді. Олар көбіне білімнің белгілі бір санасымен ғана айналысады. Және бұл салада олардың қайсыбір тамаша жетістіктерді де иеленіп жатады.

Аса дарынды балаларды зерттеумен айналасып жүрген Н. С. Лейтестің кітабында келтірілген мына бір хаттарға деп қоялық . «Менің ұлым» алты жаста. Біз еріміз екеуіміз жұмыс істейміз, біздің бос уақытымыз жоқ. Содықтан біз оның ақыл-ой жағынан жетілуіне аз-маз болса да көңіл бөле алмадық, бұл жөнінде оның өз еркі өзінде болды.

Біз екі жасында оған алфавиті бар кубиктер сатып әпердік, ол сол кубиктерді пайдаланып, тез арада өздігімен санауды үйренді. Оған балаға арналған кітаптарды сатып әпере бастап едік, ол бұл кітаптарды құныға оқып, ертегілермен танысты. Үш жасқа қарай еркін әрі тез оқығаны соншалықты, ол көз жүгірткен бойы шенінен үнсіз оқи бастады, содан соң маған оқығанның мазмұнын айтып беретін болды. Осылайша ол кітапханадағы балалар кітабының бәрін дерлік, оның ішінде орыс классиктерінң балаларға арнап жазғандарын түгел оқып шықты және оқыған дүниесінің бәрінің авторларын ешқашан шатыстырмайтын еді.

[8]

Мұнымен тұрмай, ол әрпімен жазуды үйренеді және біршама сауатты да жаза алатын еді. Осы кездің өзінде ол мектептің екінші тіпті үшінші сыныптарына арналған есептерді онша көп қиналмай шығарып жүрді. Мұнан соң біздің араласуымызсыз-ақ ол мектепке оқитын көрші баланың оқулығын кеміре бастады.

Ақыл-ойы озық дамыған балалар жөнінде психолгиялық әдебиетке талай рет жазылды да. Мұндай балалардың ерекше қасиеттеріне олардың ақыл-ой белсенділігінде айқындық танытатындығындығы, ақыл-ойға түсетін күшті онша көп ауырсынбайтындығы және ақыл-ой әрекетіне аса бейімділігі жатады. [9]

Ақыл-ой жағынан дарынды балаларды ондаған жылдар бойы зерттеген Н. С. Лейтес мұндай балаларды әр түрлі жаттығудан өткізу олардың қабілетінің тез артуының көрсеткіші болатындығын жазған болатын

Ақыл-ой дамуы озық мектепке дейінгі жастағы кішкентай балаларда ақыл-ой жұмысына әдеттен тыс бейімділік аңғарылады. Ақыл-ой сабағы бала шексіз инициативті көрсете отырып, туындаған проблемалардан және оны шешуден ләззат алады. Мұндай балалар ақыл-ой жұмысын ынта- ықыласымен атқарады, олар зерігуді білмейді, оларға жалқаулықта жатады. Ойлану үстінде олардың көңілін алаңдатарлық ешбір себеп- негіз жоқ. Н. С. Лейтестің ақыл-ойы озық дамыған кішкентай жастағы мектеп оқушыларына жүргізген байқауының материалды мынадай: Оған ол үшін түсінуі қиын кейбір белгісіз терминдері бар ғылыми мәтінді жаттап алу ұсынылады. Мұндағы мақсат бала зейінің жинақтылығын және мақсаткерлігінің күшін бағалау үшін оның қызықсыз, түсініксіз мәтінді қалай оқитындығын байқау еді. [10]

Ақыл-ой тежелуінің себептері көп.

Біріншіден, мұндай балаларға сезім мүшелерінің ақауы немесе мүкістігі бар балалар жатады. Оқытуды дер кезінде жолға қоймаса, мұндай балалар ақыл-ой дамуы жағынан құрбыларынан қалып қалды.

Сөзді қалыптастыруда қатынасатын мүшелері (қимыл немесе есту мүшелері) дамымай қалған балалар айрықша қиындық келтіреді. Тілдің нашар дамуы баланың бүкіл танымдық әрекеті дамуының ерекшеліктерін айқындайды, мұның өзі мектептегі үлгірімге кәдімгідей әсер етеді. Алайда бұл кемістікті де жоюға болады. Кекештікті қалпына келтірек тиісті жұмыс жүргізілген жағдайларда балалар қалыпты даму үстіндегі құрбыларын қуып жете алады.

Екіншіден, ақыл-ой дамуының тежелуі ұзақ және ауыр науқаспен ауырған әрі бұл жылдарда олардың ақыл-ой дамуы жөнінде ешкімде қан жемеген балаларда байқауы мүмкін [11]

Үшіншіден, ақыл-ой дамуы жағынан тежелу педагогикалық тәрбиеден қағыс қалған балаларда байқалады. Үлкендермен араласпаған, олардың сүйіспеншілігіне бөленбеген және өздерінің ақыл-ой дамуы жөнінде ешкімнің қамқорын көрмеген балалар ақыл-ой жағынан дамымайды. Семьядағы жанжал, ата-анасының мас болып төбелесуі, тәрбиелік мәні шамасы қарым-қатынас - балада ақыл-ой дамуы тежелуінің бірден-бір шартты болып табылады. Бұл шартқа сондай-ақ семьяд, интернатта немесе балалар үйінде бой көрсететін ыстық ықыластықпен шынайы сезімнен, әзіл- оспақ пен негізгі тілекпен адам қарым - қатынасты да жатқызуға болады. Тілі басқа ортада өмір сүріп, бұл ортаның тілін дер кезінде меңгермеген семьяның балалары ақыл-ой дамуы жағынан кенже қалуы мүмкін. Ана тілінде ғана сөйлейтін, қазақ тілін жаңадан үйрене бастаған балаларға сабақ беретін, басқа тілдік ортаға келген, тек қана қазақ тілінде сөйлейтін мұғалім де осындай күйде бастап кешпек. Жергілікті балалардың қазақ тілі сөздік қорының аз болуы олардың ақыл-ойы бағыттың ерекшелігі тек жас мұғалімді ғана емес сондай-ақ қоныс аударған тәжірибелі мұғалімдерді де шатастыруы мүмкін. [12]

Баланың қалыпты психикалық жай-күйі - жақсы сергек көңіл-күй, көңілділек пен шалдуарлыққа құштарлық. Қалыпты бала ұйқыдан оянғанда жүзінде күлкі ойнап тұрады. Ол арайлап айтқан таңға дән риза және өз қуанышын айналасындағылармен бөліснісі келеді. Әдетте, бірнеше бала ұйықтайтын жатын бөлмелердің ертеңгілік көңілді күлкімен абыр-дабырға, у-шуға бөленетіні тегінен-тегін емес. Белсенді өмірге араласуға құштар организм түнгі тыныстау сәтінде қалпына келеді де, ұйқыдан аяғында өте серіген күйде болады.

Дені сау ертегісінен бастап белсенділік пен зеректік көресетеді. Сабақтан дене жаттығуларынан, құрбыларымен өзара қарым-қатынастан және тағы сондай тынымсыз қозғалыстардан шаруамен ол сабақ кезінде түстен кейінгі ұйқыға бөленген мерзімде тез ұйықтап кетеді, мұндай-ақ, күннің екінші жартысы да ол үшін белсенді әрекет пен көтеріңкі көңіл- күйге толы. Ал кешкісін жастыққа басы тиісімен бала тұяқ серіппестен ұйықтайды. Ұйықтап жатып, жақсы түстер көреді және түсінде көбіне ұшып жүреді. Дені сау бала ұйқыда өз денесінің жеңілдік күйін сезінеді, түсінеді көргендері оның ұшу күйімен, жан рахаты мен еркіндігінің жай- күйімен өзара астасып кетеді. Әртүрлі кездейсоқ жағдайларға байланысты балада көңіл-күй өзгеріп тұрады. Егер балдырған әлдебір тентек құрбысынан шапалақ жесе, не әлдекім оның қолынан бәрдеңені жұлып алса, егер біреу оның адамдық қадір-қасиетін қорласа, онда көңіл-күйі бұзылады. Егер ол өзінің қызба мінезіне ие бола алмай қалып, сабақта тентектік жасай бастап, сол үшін мұғалім оны тақта алдына тұрғызып қойса, онда да ұнжырғасы түсіп кетеді. Бірақ дені сау бала әбден халі бітіп, тым шаршап кетпесе, бастапқы жақсы көңіл-күйіне тез оралады. [13]

Дегенмен мектеп өміріне бейімделу кезінде алты-жеті жастағы балалар үлкен қиындықты бастан кешіреді. Өйткені ол жаңа ережелерді меңгеруге, оқуға, құрбы- құрдастарымен араласуға тиісті. Балдырған өте тез шаршайды. Оның қалыпты қуанышты көңіл-күйін басқа жай күй басады. Оның тула бойын енді мазасыздыққа толы ала құйын көңіл -күй билейді, яғни бұл - психикалық жайсыз күйді бастаған кешу деген сөз. Дені сау адамдар арасында ең көп таралған психикалық жай күй невротизм. Оның психикалық ауру - неврозға ауысуы мүмкін.

Бұл жай- күйлерді және оларды туғызатын себептерді талдауға жүгінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық- педагогикалық дамуы
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Бастауыш сыныпта үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге бейімделуі
Баланы тәрбиелеуде келісімі жоқ отбасылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz