Батыс Қазақстан облысының топырақ картасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Тарау БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . . 5

1. 1 Географиялық орналасуы . . . 5

1. 2 Су экожүйесі . . . 13

1. 3 Топырағы . . . 16

1. 4 Өсімдігі мен жануарлар дүниесі . . . 17

2 Тарау ОБЛЫСТАҒЫ НЕГІЗГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР . . . 23

2. 1 Атмосфералық ауаның ластануы . . . 23

2. 2 Су ресурстарының ластануы . . . 25

2. 3 Жерлердің экологиялық жағдайы . . . 27

2. 4 Радиациялық жағдайы . . . 28

2. 5 Облстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар . . . 37

3 Тарау БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР БАЙЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШАРАЛАРЫ . . . 43

3. 1 Өндіріс қалдықтарды, соның ішінде пестицидтердің және улы химикаттардың ыдыстарын жинастыру, залалсыздандыру, орналастыру . . . 43

3. 2 Жайық өзенінің экожүйесін сақтау . . . 47

2. 3 Орал қаласының канализациялық ағынды суларын пайдалану мақсатында орман өсіру жобасы . . . 48

2. 4 Орал қаласының канализациялық ағынды суларының тазалу тиімділігін арттыру . . . 48

2. 5 Орал қаласын көгалдандыру және микроклиматын жақсарту . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі

Көктегі не жердегі, жақсысы не жаманы бар бүкіл құбылыстар, қыбырлаған жан-жануар, жәндіктер, қалыптасқан пайдалы қазындылар, шипалы тұздар мен бұлақтар, сылдырап аққан өзен мен тұнжырап жатқан көлдер, әр ағаш пен бұта-бұта шөптесіндер бәрі де бір-бірімен тығыз байланысты, тәуелді және бір-біріне тікелей әсер етеді. Сондықтан да Иогаин Гетенің «таьиғатта бәрі де тығыз ұштасып жатады, табиғи ұлы күштің әсерімен ғана дамиды, жаратылған бағыттан ауытқу болмайды, табиғи заңдылықты бұра тарту, өз пайдасына күшпен өзгерту тек адамдардың ғана пендешілігінен туындайды» деген пәлсафалық тұжырымында қаншама ақиқат жатқаны баршаға аян.

Табиғатты қаншалықты бүлдіріп, оның байлықтарының қаншалықты жойылып жатқандығын түсінбеу адамзатты терең тығырыққа тірейді, одан әрі жол жоқ. Міне, біз осы тығырыққа жетудің аз-ақ алдындамыз. Сірә, дүние жүзіндегі табиғатты қорғауға бағытталған істердің жандануы осыған байланысты болса керек.

Осыған орай таңдалған тақырыптың өзектілігі мен оның практикалық құндылығы айтарлықтай. Зерттеу тақырыбының өзектілігі тақырыптың оның мақсаттары мен міндеттерін айқындады.

Дипломдық жұмысымның теориялық және практикалық маңыздылығы

Қазақстан Республикасының маңызды аймақтарының бірі - Батыс Қазақстан облысы. Бұл аймақтың қазіргі экологиялық жағдайына тоқталатын болсақ айтарлықтай қиын екенін аңғарамыз. Бұл аймақтағы бірден-бір су көзі Жайық өзенінің ластануы өзекті мәселелердің бірі. Сол сияқты топырақтың шөлейттенуі, агроөнеркәсіптің нәтижесінде топырақтың улануы, құнарсыздануы, атмосфералық ауасының азуы, су ресурсының бүлінуі, радияциялық сәуле және магнитті толқынның түзілуі, таралуы және Орал қаласының урбандалу нәтижесінде кешенде түрде ластануы, адамдар денсаулығының бұзылуы т. б. бұлардың барлығы Батыс Қазақстан облысының қазіргі уақытта басына төнген қара бұлт деседе болады. Бұл мәселенің шешілу жолында әркім өзінше пікір танытады. Осы жұмысымның маңыздылығы аталған проблемаларға өзімше мониторинг жүргізіп, оларды шешу жолында жасалатын жұмыстарды нақтылау және тыңнан ұсыну болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Осы жұмысымның мақсаты Батыс Қазақстан облысының қазіргі экологиялық жағдайына баға беру.

- Батыс Қазақстан облысының географиялық жағдайымен танысу

- Облыстағы негізгі экологиялық жағдайларды саралау

- Батыс қазақстан облысының экологиялық мәселелерін шешу жолдарын іздестіру.

1 Тарау БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Географиялық орналасуы

Батыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік - батыс бөлігінде, Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығысында орналасқан (сурет 1) . Жер аумағы 151, 3 мың км 2 , яғни Қазақстан Республикасы территориясының 5, 5%-ін алып жатыр. Еліміздің 1/18 бөлігін иеленіп жатқан облыс жерінің мөлшері бірқатар шетел мемлекеттерінің, мысалы, Бангладештің (144, 1 мың км 2 , Грецияның (131, 9), КХДР-ның (121, 2), Болгарияның (110, 9), Испанияның (102, 2), т. б. аумағынын асып түседі. Облыс Ақ Жайық өзенінің орта саласындағы алапта орналасқан. Оның территориясы Еуразия құрлығына сұғына кіріп, Атлант мұхиты мен оның теңіздерінен шамамен 2, 5 мың км қашықтықта жатыр. Облыс солтүстігінде Ресей Федерациясының Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор облыстарымен шектеседі. Орталығы - Орал қаласы. Облыс құрамына 12 әкімшілік- аумақтық бөлініс - Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары кіреді. Орал мен Ақсай - облыстық бағыныстағы қалалар. Деркүл, Зачаганск, Круглоозерное және Бөрлі - қала типтес кенттер [4] .

Облыста кантинеттігі тым басым климат қалыптасқан. Талай ғасырлар бойы бұл өңірі өзінің табиғи ылғалының жеткіліксіздігі мен, аса ыстық та қуаң не қара суықты ауа райымен, аңызақ не аязды желімен, шаңды дауылымен, ылғалдың ауаға бостан бос қарқынды булануымен, оған керісінше жер бетіне түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің мардымсыздығымен ерекшеленеді. Яғни, жазы ыстық, қуаң болса, қысы қарсыз, қара суықты келеді.

Сурет 1. Батыс Қазақстан облысының картасы

Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама-қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Бүкіл облыс жері үшін атмосфералық жауын-шашынның тұрақты болмауы мен тапшылығы, қар жамылғысының жұқалығы мен ашық далада ұлпа қардың жел екпінімен ұйытқып ұшып кетуі, ауа мен топырақтың тым құрғақтығы, бүкіл вегетациялық (өніп-өсу) кезеңінің өн бойында жер бетіне тікелей күн жарығының өте көп түсуі және топырақтың қарқынды булануы тән. Қысқы суық, көбіне бұлтты, бұлыңғыр, бірақ қысқы, ал жаз ыстық және әжептәуір ұзақ болады [5] .

Бүкіл облыс аумағы үшін ауаның орташа жылдық тампературасы 5, 9°С жылы келеді. Қыс маусымы, әдетте, тәуліктік температураның 0°С-тан төмендеуінен басталады; бұл құбылыс облыстың солтүстігінде қазан айының соңғы күндерінде, оңтүстігінде 5-10 қарашада болады. Тұрақты қар жамылғысы солтүстік Аудандарда желтоқсанның алғашқы он күндігінде, ал оңтүстік Аудандарда желтоқсанның екінші он күндігінің ақырында түзіледі. Қыс ерте түскен жылдары облыстың солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы қарашаның алғашқы күндерінде, ал кеш түскен жылдары қаңтарда түзіледі. Оның қалыңдығы облыстың солтүстік бөлігінде наурыздың алғашқы жартысында 25-30 см-ге және оңтүстік бөлігінде 10-20 см-ге жетеді. Қар суының орташа жылдық қоры облыстың солтүстігінде 90 мм-ге, оңтүстігінде 30-55 мм-ге дейін жиналады; қар жұқа болған жылдары орташа көп жылдық қор мөлшері 1, 5-2 есеге дейін азаяды [6] .

Ең суық ай - қаңтар, бұл айда температура облыс солтүстігінде - 14-11°С аяз болады, орташа температура - 12, 9°С. Қысқы кезеңде облыс аспанында арктикалық ағын енген кезде ауаның суықтығы оқта-текте - 30-35°С-қа дейін төмендейді, өте суық күндерде абсалютті ең төменгі температура - 40-44°С-қа дейін барады. Еейде қаңтар мен ақпанда 1-3 күнге созылатын жылымық болуы мүмкін.

Қыс айларында желдің қарқыны 4, 5-5 м/сек-қа жетеді. Әсіресе ақпан мен наурызда күшті жел соғып, қарлы боран мен бұрқасын ұйтқиды. Көп жылдық қарлы боран күндерінің қыстағы орташа мөлшері облыстың солтүстігінде 30-35 күнге, оңтүстігінде 15-20 күнге жетеді. Ауа температурасының 0°С-тан жоғары тұрақты шамасы облыстың солтүстік жағында сәуірдің алғашқы бес күндігінде, оңтүстік батысында наурыздың үшінші он күндігінің басында байқалады. Бұл кезеңде қар жамылғысы сетінеп, жылғалардан су ағып, өзендер деңгейі көтеріле бастайды. Көп жылдық бақылаулардың мәліметтері бойынша Орал қаласында 24 көкекте ауаның орташа тәуліктік температурасы 10°С-тан жоғарылайды да, ауыл шаруашылық дақылдарының басым бөлігі белсенді өсіп-өну кезеңіне өтеді. Көктем облыста ерте және жаппай басталады, бірақ күннің жылынуы үнемі ауытқулы болады, оқтын-оқтын ызғырық еседі. (сурет 2) . Жалпы, аязсыз кезең облыстың солтүстігінде 130 күнге, оңтүстігінде 170 күнге дейін жетеді. Кей жылдары аязсыз кезең бұл шамадан едәуір ауытқуы мүмкін [7] .

Жаз айларына ыстық, қуаң әрі шаңқай ашық ауа райы тән. Бүкіл аумақтағы ауаның орташа температурасы шілдеде 23, 6°С құрайды, абсолютті максимум 41-45°С ыстыққа жетеді. Облыс жағдайында топырақтың жеткілікті ылғалданып, егіннің мол өнім жинау көрсеткіші атмосфералық жауын-шашын түсіміне байланысты. Олардың жылдық мөлшері солтүстігінде 300 мм-ден және оңтүстігінде 140 мм-ге дейін ауытқиды, бүкіл облыс аумағы үшін орташа шама 263 мм-ге сәйкес келеді. Бірақ жауын-шашын әр жылда әркелкі мөлшерде болады. Агроклиматтық аудандарда 10°С-тан жоғары температуралық кезеңнің ішінде орташа алғанда солтүстікте 100-135 мм, оңтүстігінде 90-100 мм жауын-шашын түседі, бұл жылдық жауын-шашынның 45-55 мм-і ғана, ал бұл кезеңдегі булану шамасы солтүстікте 850 мм-ден оңтүстігінде 1300 мм-ге дейін шарықтайды. Вегетациялық кезең ішінде жауын-шашын мөлшері өсімдіктің қалыпты өсуі мен дамуы үшін жеткіліксіз болады, оның үстіне жылы кезеңдегі жауын-шашын жоғары температурамен ұштасадыда, іс жүзінде өсімдік үшін пайдасыз, мардымсыз болып қалады. Жылы кезеңдегі бұлыңғыр күндердің саны айына 5-8 күннен аспайды, ал желдің орташа айлық жылдамдығы жазғы кезеңде 3, 5-4, 5 м/сек. болады. Облыс ауа-райы көктем соңында және ерте күз айларында шаруаға аса қолайсыз. Осы өлара шақта ызғар өсіп, атмосфера және топырақ құрғақшылығы артып, аңызақ тұрып, шаңдақ пен құм борататын екпіні 15 м/сек-тан асатын күшті дауыл соғып, бұршақ жауу, көк мұз басу, т. б. табиғи құбылыстар жиілейді [8] .

Рельефі. Облыс табиғаты ерекшеліктерінің бірі - оның жер бедерінің тегіс, шола жазықтығы. Жерінің беткейлік сипаты солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысқа қарай төмендей түседі және өзіндік ерекшеліктері жағынан бес ірі геоморфологиялық аймаққа: Орал таулары шеткі үстіртінің батыс бөлігіне, Жалпы Сырт қыратының оңтүстік бөлігіне, Сырт алды кемеріне, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі мен Жайық өзені орта ағысының аңғарына бөлінеді [9] .

Облыстың солтүстік Бөлігін Жалпы Сырттың оңтүстік сілемдері алып жатыр, оның өзі де жонды-белесті қыратты жазық болып келеді де, өзен аңғарларымен жекелеген адырларға мүшеленген. Жалпы Сырттың абсолютті биіктігі 100 м-ден 200 м-ге дейін жетеді және тек кейбір көтеріңкі тұстары ғана 200 м-ден асады. Шаған мен Деркүлдің аңғарлары Жалпы Сырт щегінде өте тер Облыстың солтүстік-шығысын Орал таулары шеткі (Жем) үстіртінің батыс бөлігі алып жатыр, ол негізінен көтеріңкі Шыңғырлау (Утва) - Елек су айырығымен және оған неғұрлым жақын жатқан бірқатар басқа да ұсақ геоморфологиялық аймақ элементтерімен сәйкес келеді. Бұл өңір едәуір кең аңғарлар жүйесімен мүшеленген, абсолютті биіктіктері 100-200 м жонды-белесті жазық болып келеді.

Сурет 2. Батыс Қазақстан облысының климаттық картасы

Орал таулары шеткі үстіртінде, Ақбұлақ қыстағының оңтүстік-шығыс жағында, теңіз деңгейінен жоғары 263 м абсолютті биіктігі бар, бүкіл Батыс Қазақстан облысының ең биік жері - Ақтау тауы жатыр. Сырт алды кемері Жалпы Сырттың оңтүстік және Орал таулары шеткі үстіртінің батыс беткейлерін қамтиды, бір жағынын жалпы Сырт пен Орал таулары шеткі үстіртімен, екінші жағынан Каспий маңы ойпатының жағына тік құлама жасап, ендік бағытта тар алқап ретінде созылып жатыр, бұл жерде оның абсолютті биіктігі 45-100 м-ге жетеді. Кемер жер бедері жағынан алғанда жазық болып келеді және Жалпы Сырт пен Орал таулары шеткі үстіртіне қарағанда болмашы мүшеленген су айырығы учаскелеріне бөлінеді. Өзен аңғарлары түгел солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған [10] .

Облыс аумағының басым бөлігі солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай жалпы еңістенген Касрий маңы ойпатының солтүстік бөлігі шегінде жатыр. Солтүстігінде ойпаттың абсолютті биіктігі 25 м-ге жетеді де, оңтүстік бағытқа қарай біртіндеп аласара береді. Оңтүстігінде, шамамен Тайпақ ауылы ендігінен бастап ол теңіз деңгейінен төмендеп, 10 м-лік Каспий маңы депрессиясына айналады. Жазықтығына қарамастан, ойпат рельефі неғұрлым ұсақ учаскелерге молынан мүшеленген (су айырықтары, аңғарлар, тұйық ойыстар түрінде) . Осы жерде Жалпы Сырттан құлаған шағын өзендердің суы жиналатын Шежін-Дүре-Балықты депрессиясы айқын бедерленіп тұр. Облыстың шығысында Орал таулары шеткі үстірті мен Сырт алды кемерінен аққан су жиналатын Байғұты депрессиясы қалыптасқан. Каспий маңы ойпаты өзендерінің аңғарлары әлсіз тілімделумен сипатталады және тек Жайық өзенінің аңғары ғана ойпатты солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді. Ойпаттың бүкіл аумағында дерлік көктемде су басып қалатын онша терең емес ойпаңдар, қазаншұңқырлар мен көлтабандар жиі кездеседі (олардың тереңдігі 3-6 м, диаметрі 0, 5-2, 0 км) .

Облыс жерінің оңтүстік және шығыс бөліктерінде ойдым-ойдым құм басқан шағын өңірлер бар, негізінен олар едәуір дәрежеде жел мүжіген атыраулық және қайраң теңіз шөгінділерінен түзілген. Сонымен бірге облыстың бүкіл аумағы тұзды тектониканың ықпалына ұшырағаны байқалады, тұз күмбездері жер бетінде биіктігі 20-50 м-лік жайпауыт көтеріңкі төбелер күйінде кездеседі [11] .

Геологиялық құрылысы. Облыс жер қойнауының геологиялық құрылысы Каспий маңы ойысы мен тұзды күмбезді тектониканың солтүстік бөлігіндегі жағдайынан туындайды, соған негізделеді.

Каспий маңы ойысының солтүстік бөлігі (оны кейде Солтүстік Каспий маңы деп те атайды) палеозой, мезазой және кайназой шөгінділерінен түзілген. Тұзды күмбездер көтеріле жырымдаған беткейінде ғана жалаңаштанып, жер беткейінде ғана жалаңаштанып, жер бетіне шыққан пермь шөгінділерінен басқа палеозойлық жыныстар қабаты 3, 5-5 км-лік үлкен тереңдікте жатыр және олар солтүстік аудандардағы бұрғылау скважиналарымен ғана ашылады. Пермь шөгінділері сакмар және артин ярустарына жатады. Әдетте, бұл құмдақ-сазды шөгінді қабаттары бар пелицепод және маржан түзейтін организмдер фаунасының, теңіз шөгіндісінің қалдықтары болып табылады. Бұл шөгінділер мұнайлы-газды болып келеді әрі олардың өнеркәсіптік құндылығы Батыс Теплов, Жданов, Ульянов, Цыганов және Қарашығанақ учаскелерінде дәлелденген. Қарашығанақта мұнай-газ шоғырлары 4-5 км-де, қалғандарында 3200-3600 м тереңдіктегі қабаттарда түзілген. Кейінгі пермь дәуірі өзінің төменгі бөлігінде кунгур ярусынан галогенді-сульфатты шөгінділерімен, жоғарғы жағында қызыл түсті құмдақ-сазды түзілістермен ерекшелінеді. Кунгур ярусы гипс, ангидрит және борға бай тұздармен қабаттаса келіп, тасты тұз, карналий, сильвиннен қалыптасқан. Каспий маңы ойысының бүйірлік зонасының тұсында бұлар сыналана сұғынып, бір-бірімен қабаттасқан сипатта жатады да, орталық бөлігінде тұз күмбездері кейпін иеленеді. Галогенді-сульфатты шөгінділерінің қалыңдығы Каспий маңы ойысының солтүстік бүйірлік зонасында 1 км-ге дейін, орталық жағы мен тұз күмбездерінде 5 км не одан да қалың келеді. Мульдалар (ойыстар) деп аталатын күмбездер арасындағы тұз қабаттары әдетте барынша өте жұқа болып келеді, бұлардың орташа қалыңдығы - 2, 5 км. . Галогенді сульфатты шөгінділердің түзілісі жердің терең қойнауынан шыққан тұз қышқылдарының әсерімен не көлтабандық жағдайлармен байланыстырылады. Аймақтағы жоғары перьм шөгіндісі кірпішті қызыл саз, аргиллит, мол споралы-тозаңды құмдақтар түрінде кездеседі. Бояғыштар алу үшін минералды шикізат ретінде әбден жарамды қышқыл саз және саздақтар, көмірге айналған қабаттар, ал мульдаларда өте тереңде жатқан битумға бай көмір қабаттары кездеседі. Жоғары перьм шөгінділерінің қалыңдығы тұз күмбездерінде бірнеше м-ден, мульдаларды 2-2, 5 км-ге дейін болып келеді.

Триас шөгінділері сыртқы түстері жағынан жоғары перьмдіктерге ұқсас келеді, бірақ литологиялық құрамы олардан ерекше болады. Триастың карбонатты төменгі бөлігі - вятлуж және басқұнжақ ярустары түрінде қалыптасқан және жоғары терригенді бөлігі негізінен аргилетті, сазды және құмдықты келеді, қалыңдығы - 300-400 м. . Юра шөгінділері сазды және құмдақты болады. Саз шөгінділеріндегі алғашқы түзілістерде көмірге айналған өсімдік қалдықтары, маллюскалардың қайраң сулық фаунасы аралас құмдақ қабаттарын түзген, жалпы юра шөгінділерінің қалыңдығы - 250-350 м. Бор шөгінділері бір-бірінен айрықша ерекшеленетін төменгі-құмдақ-саздақ және жоғары-карбонатты жеке қабаттардан тұрады; карбонатты шөгінділер негізінен жазатын бор, мергелден, сирегек пелиципод, теңіз кірпісі, болемнит және аммониттен, фауна қалдықтары араласқан әктастан тұрады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы - 250-300 м [12] .

Палеогенді шөгінді оиоко түріндегі (кремнилі) саз, құмдақтардан тұрады. Тұз күмбездерінде палеоген жыныстары шайылып кеткен, тек күмбезаралық кеңістіктеріне сақталып қалған; бұлардың қалыңдығы - 400 м-ге жетеді.

Неоген шөгінділері саз, құм және конгломераттан, ұсақ екі бөліктен тұратын әлсіз жабысқан қиыршықтастың 3-4 қабатынан қалыптасқан. Конгломератты болуы олардың құлама тік жағалық теңіз жағалауында түзелгенін көрсетеді. Қалыңдығы - 200-250 м. .

Төрттік шөгінділер өзен, көл - батпақты түзілістер болып келеді. Литологиялық құрамы жағынан аллювийлі және золды ұсақ-малтасты, құмайт және саздақтарға ажырайды; қалыңдығы - 100 м-ге дейін [12] .

Қазба байлықтары. Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды.

Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облысқа кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм-қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, лоарды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау (Белая Горка) және Бөрлі кендері енгізілген; бұлардың жиынтық қоры 16081 мың м 3 .

Жылдық қуаты 1300 мың т. Цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың м 3 Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21619 мың м 3 болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдалануы мүмкін. Қыш шикізаты Федорвқа селосының жанынан ашылды, қоры 2042 мың м 3 .

1. 2 Су экожүйесі

Өзені. Облыстың негізгі су көзі - Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солтүстік Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы - 761 км, су жинайтын алабы - 16678 км 2 . Жайықтың облыс аумағындағы салалары - Елек, Шыңғырлау (Утва), Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка, Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.

Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К-0, 54 км/км 2 мөлшерімен сипатталады, ол жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К-0, 26 км/км 2 . Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенінсіз - 0, 036 км/км 2 , Жайықпен қоса есептегенде, 0, 040 км/км 2 коэффициентпен сипатталады. (сурет 3) .

Жалпы облыста үлкенді-кішілі 200-ден астам өзен бар, олардың 65-і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады, ұзындығы 10 км-ден аспайтын шағын жылға-өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км-ден асатын өзен небәрі - 8. Қараөзен, СарыөзенЕлек облыс жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғана ағады, олардың жалпы ағыны облыс шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мысалы, Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К-1, 40 Шолаңқаты - К-1, 04, Жақсыбай - К-1, 071, Ащыөзек - К-1, 75, Мұқыр - К-1, 4-ке тең келеді.

Көлдері. Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды есепке алмағанда) ; жалпы 150-ге жуық көл бар, олардың айдындарының аумағы 1532 км 2 . Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су (қарасу) айдындары көп. Мысалы, Шежін жайылмасы 2200 км 2 ауданды алып жатыр. Дүре - 700 км 2 , Қараөзен - 600-700 км 2 , Сарыөзен - 200-300 км 2 , ал Бұлдырты - 100 км-ге жуық жерге жайылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрты өзені Іле өзенінің ірі сол жақ саласы
Тас жолдың жалпы сипаттамасы
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылықта пайдаланатын жерлеріне әсер ететін физикалық- географиялық факторлар
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Барлық жерлер
Картографиялық өнімдердің географиялық сипаттамалары
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz