Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыстарының түрлері мен мазмұны


Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыс жасау әдістемесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 БОЛАШАҚ МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН НЕГІЗГІ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПҚА ДАЯРЛАУДА ӨЗБЕТІНШЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Өзбетінше жұмыс жасау әдістемесінің педагогикалық негіздері . . . 7
1. 2 Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыстарының түрлері мен мазмұны . . . 16
2 БОЛАШАҚ МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН НЕГІЗГІ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПҚА ДАЯРЛАУДА ӨЗБЕТІНШЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың әдістемесі . . . 33
2. 2 Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың іс-тәжірибесі . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының оқу жүйесінде түбегейлі өзгерістер енгізілуде, олар тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалау үрдісіне, экономикалық реформаға, «Қазақстан-2030» стратегиясының талаптарынан туындап әрі солар арқылы анықталады.
Басты міндеттердің бірі - ол оқыту үрдісін жетілдіре түсу және жаңарту, алған білімдердің іскерліктер мен машықтардың маңыздылығын күшейту, ұлттық білім деңгейін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Бұл арада жоғары оқу орындары қызметкерлерінің басты міндеті ұлттық-мәдени және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым және тәжірибе жетістіктеріне сүйене отырып азаматтың жеке дара болмысын қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Бұрынғы оқыту жүйесінде авторитарлық оқыту әдісі басым болған, яғни дайын берілген білімді қабылдап алуға сүйенген еді, әрі ол кәсіби шеберліктің тар ауқымында шектеулі болды.
ХХ ғасырдың екінші жартысымен ХХІ ғасырдың басындағы ғылым мен техниканың даму үрдісі енді білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа мақсаттар қойды. Бүгінгі таңда студентті дайын білімдермен қаруландыру жеткіліксіз, оларды білімді іздену арқылы -өзбеттерінше табуға, сараптауға, ал ең бастысы - оларды тиімді түрде қолдана білу іскерліктеріне баулу қажет.
Білім реформасын жүзеге асырудың ең алғашқы қадамдарының бірі бакалавриат және магистратура институтын енгізу болды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының білім жөніндегі Заңына байланысты, мемлекеттік жалпы жоғары білім беру стандарты жасалды. Ол кәсіби жоғары білім саласына байланысты Мемлекеттік саясаттың көзқарастар негізін құрайды. Бұл Мемлекеттік стандарт әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграциялау (қауымдастыру) жағдайында жоғары білімді мамандарды дайындау деңгейі турасындағы халықаралық талаптарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Айырмашылықтың негізі сонда, енді оқытудың әдіс-тәсілдері дайын білімді оқытушыдан студентке бере салмай, керісінше, білімдерді, дағдылар мен іскерліктерді студент оқытушының (көмегімен) жетекшілік етуімен өзі ізденіп табуы тиіс.
Халық өнерінің педагогикалық мүмкіндіктері, оның білім беру тәрбиелеу, дамыту функциясы көптеген ғалымдар (Г. Н. Волков, Е. В. Квятковский, А. Э. Измайлов т. б. ) еңбектерінде көрініс тапты.
Қазақстан ғалымдары ішінде С. А. Ұзақбаева, С. Момынов, М. Х. Балтабаев, Р. Қ. Дүйсембінова, Т. А. Қышқашбаев, Ұ. А. Асанова, Ш. Құлманова, Ж. З. Өтемісов, М. Оразалиева өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы оқушылармен студенттердің тәрбиесін (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік жетілдіру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетті.
Бүгінгі таңда мына қайшылықтар бар екендігі анық байқалады:
- болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыс жасау ерекшеліктері мен оларды бүгінгі оқу-тәрбие процесінде сыныптан тыс уақытты дұрыс пайдалану арасында;
- өзбетінше жұмыс жасау ерекшеліктерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда педагогикалық талаптарды ескермей енгізу арасында;
- өзбетінше жұмыс жасау ерекшеліктерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда тиімді әдістемелік қамтамасыз ету қажеттігі мен оның практика жүзінде жасалмауы арасында:
Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу проблемамызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер біліктілік бітіру жұмысымыздың тақырыбын «Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыс жасау әдістемесі» де таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу нысаны. Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыс жасау әдістемесін оқу-тәрбие ісінде қалыптастыру .
Зерттеу мақсаты. Болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың педагогикалық тиімді жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеудің болжамы. Болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың арнайы ұйымдастырып, мақсаттылықпен жолға қойса және оған ұдайы талдау жасаса: оқу-тәрбие жұмысында негізгі музыкалық аспабынан өзбетінше жұмыс жасау әдіс-тәсілдері ендірілсе, музыкалық шығармалардың орындалу ерекшеліктеріне арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жасалса.
Зерттеудің міндеттері:
- болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың теориялық негіздерін анықтау;
- болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың дидактикалық (әдістемелік нұсқау) кешенін жасау;
- болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың тиімділігін тәжірибе эксперимент түрінде тексеріп дәлелдеу.
Жетекші идея: Болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың оқу-тәрбие процесінде мақсаттылықпен, педагогикалық тұрғыда дәлелдеп ендіруге ықпал етеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Мәдениеттану қағидалары, іс-әрекет теориясы, психологиялық тұжырымдар, білім туралы мемлекеттік тұжырымдама.
Зерттеу көздері. Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, Конституцияда көрсетілген қаулылар, Қазақстан Республикасының заңдары, бағдарламалары, сонымен бірге философия, өнертану, мәдениеттану, тарих, этнография, социалогия, психология, педагогика және жоғары оқу орындардағы озық тәжірибелер, сондай-ақ автордың педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; психолгиялық, фольклорлық, тарихи-этнографиялық, өнертану, мәдениеттану, философиялық, әдебиеттану, күйшілерге арналған оқулықтар, күйші оқытушылардың озық, эксперимент жүргізу, әңгіме өткізу, эксперимент нәтижелерін бағалау математикалық тұрғыдан өткізу
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы.
- болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың ғылыми педагогикалық тұрғыда негізделді;
-домбыра атауының шығуына шолу жүргізілді;
- болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда өзбетінше жұмыс жүргізуге өткізілген сабақ сценарийлары жазылып, өткізіліп, деңгейлері айқындалды және іс-тәжірибеден тексеріліп өткізіледі.
Зерттеудің практикалық маңызы,
- болашақ музыка пәні мұғалімдерін даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың теориялық тұжырымдары мен әдістемелері теориялық енгізуге тиімді.
Зерттеу базасы. Талдықорған қаласындағы №4 мектеп-гимназиясы.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшададан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы қамтылады.
« БОЛАШАҚ МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН НЕГІЗГІ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПҚА ДАЯРЛАУДА ӨЗБЕТІНШЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ » атты бірінші тарауда өзбетінше жұмыс жасау әдістемесінің педагогикалық негіздері және болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыстарының түрлері мен мазмұны қарастырылады.
« БОЛАШАҚ МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН НЕГІЗГІ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПҚА ДАЯРЛАУДА ӨЗБЕТІНШЕ ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ » атты екінші тарауда негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың әдістемесі және болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың іс-тәжірибесі баяндалады.
ҚОРЫТЫНДЫДА теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі. Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыс жасаудың ерекшеліктеріне қызығушылығын арттырып, эмоцияланудың және танымдық белсенділік жетілдіруге болады.
БОЛАШАҚ МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН НЕГІЗГІ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПҚА ДАЯРЛАУДА ӨЗБЕТІНШЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Өзбетінше жұмыс жасау әдістемесінің педагогикалық негіздері
Болашақ музыка пәні мұғалімдерінің өзіндік жұмыстың психологиялық және педагогикалық негіздерін білуі - оның нәтижелілігінің алғы шарты. Ақыл-оймен қабылданған бейнелерді, естіген, көрген нәрселерді неғұрлым белсенді түрде қайтадан өңдей алса, білім, іскерлік, дағдылар соғұрлым тереңірек болады.
Қазіргі кезеңгі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыс үш басты бағытта қарастырылады.
1. Психологиялық-педагогикалық (тәрбие, дербестік пен өз бетіншелік мәселелерін жеке адамның болмыстық мінездемесі ретінде айқындау) ;
2. Дидактикалық (өзіндік жұмыстың мәнін, түрлерін, жолдарын, оны ұйымдастырудың талаптарын мазмұндап түсіндіру) ;
3. Әдістемелік (өзіндік жұмысты оқу үрдісінде ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістерін, жолдарын сараптау, студенттің өзіндік жұмысының әртүрін және тәсілдерін қолдана отырып, түрлі тақырыптарға өңдеулер жазып, оны жетілдіру) .
Жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқу жүйесі жағдайында «Музыкалық білім беру» мамандығын меңгеретін болашақ музыка мұғалімінің, бірінші курстан бастап-ақ, өз бетінше шығармашылығы жөнінде және оның мәні туралы нақтылы ұғымы болуы тиіс. Олар студенттің өзіндік жұмысты жоспарлай білуі, бағдарлы мақсат қоюы, кәсіби білімін алуда көрсеткен табандылық пен белсенділігі және білімдерді тәжірибе жүзінде қолдана білуі, үнемі көмек күтпей-ақ оқуда, практика кезінде және жұмыста кездескен қиындықтарды жеңе білуге дайын болуы сияқты қасиеттерінен көрініп тұруы тиіс.
Музыкалық аспапты меңгеруде өз бетінше шығармашылық қажет- ол болашақ жас музыка мұғалімінің өз мәні бойынша терең әрі тиянақты білімпаздығын, аспапта ойнау шеберліктерін, музыкалық-көркемдік тұрғысында ойлай білу, музыка сабақтарын жүргізудің психологиялық-педагогикалық жағдайларының үнемі өзгеріп отыруына орай, тез арада бейімделіп, сабақтың бағыт-бағдарын өзгерте алу және музыкалық аспапта ойнаудың орындаушылық техникаларын жүзеге асыра білу сияқты қасиеттерді көрсетумен анықталады.
Жан-жақты, әрі жоғары квалификациясы бар музыка мұғалімін дайындау дегеніміз, жеткілікті мөлшерде кәсіби білім алған, өзінің іс-әрекеттерінің болашақтағы соңғы нәтижесін болжай алатын, оның мақсаттары мен міндеттерін бағдарлы түрде құра алатын, осыған орай өзінің музыкалық-педагогикалық шеберлігін жетілдіре алатын маман дайындау деген сөз. Жоғары оқу орны студенттің санасында шұғыл әрі үлкен бетбұрыс жасап, олардың ең кем дегенде алатын стандартты «қажетті» білім мөлшеріне бағыт ұстаудан бас тартып, өзбетінше шығармашылық және ғылыми ізденіске бет бұруын іске асыруды талап етеді.
Жоғарыда айтылған мақсаттар мен міндеттерден болашақ музыка мұғалімін дайындау сапасын арттыру қажеттілігі туындайды. Ол үшін қажетті ең басты іскерлік музыкалық аспапты шебер меңгеру (сырнай-баян, домбыра, фортепиано) . Қазіргі кезеңде болашақ музыка мұғалімінің музыкалық аспапта ойнау сапасы көбінесе оның шығармашылық ойлау қабілетін, дербестік пен өзбетіншілігін және музыкалық ой-өрісін қалыптастыруға тікелей қатысы бар өзіндік белсенді дайындық сабақтарына байланысты болады.
Фортепианода ойнауға оқытудың табысты болуы үшін қажетті психологиялық және физиологиялық мінез-құлықтар мен қасиеттердің ішіндегі басты мәнділері: мүдде, жұмысқа төзімділік, жүйенің бірқалыпты икемділігі (күрт сынбайтын), ол қол жеткізіп дағдыланған ептіліктерді айтарлықтай жеңілдікпен басқаша өзгерте алуынан көрінеді; байқағыштық. Соңғы қасиет ерекше өткірленген болуы тиіс, ол «құлақ және көз арқылы қолдың қалай жұмыс істеп жатқанын және соған байланысты рояльдің дыбысы қандай болып шығып жатқанын байқауға мүмкіндік беретіндей болуы тиіс». Білім алу, үйрену тек сабақ кезінде оқытушының берген білімімен шектелмей, атақты әртістер мен өз әріптестерінңің орындаушылық үлгілері арқылы да жүруі тиіс.
Байқағыштықпен қатар өзіңді-өзің байқай алатын қабілетті дамыту керек. Бұл арада өзіңнің тек сырт қимылдарың туралы емес, сонымен бірге, ойнау кезіндегі ішкі сезім мен көңіл күйге зейінді дұрыс бөле білу т. б. психикалық үрдістер туралы айтылып тұр. Дәл осындай өзін-өзі қадағалап байқау болмайынша дұрыс жолды таңдап алу мүмкін емес, өйткені ақыр соңында «өзін-өзі байқай алмаған, өзін-өзі танып білу мүмкін болмайды. ». Өзіндік байқағыштықтың ерекше қиындығы сол, байқау объектісі және бақылаушы субъект бір адам болуында, олар бір тірі денеде, бір психикада біріккен.
Байқағыштықпен өте жақын байланысқан қажетті қасиет - ол қабылдағыштық, ұққыштық. Байқағыштық және ұққыштық - екеуінің бірлестігі көптеген басқа шығармашылық қабілеттердің дамуының негізі болып табылады.
Болашақ музыка мұғалімінің өзіндік жұмысының маңызды бір бөлігі болып табылатын қасиеттер - ол қабылдағанды тез, қолма-қол қайта өңдеу, жинақтау және қорытындылау. Аталған қасиеттер ынталылық көрсету ретінде айқындалады.
Болашақ музыка мұғалімінің өзіндік жұмысының табысты болуының психологиялық алғы шарттары жүйесінде өнерді өте сезімталдық түрде сезіну ерекше роль атқарады. Мұндай қабылдау өнердің әр түріне деген арнайы дайындықты қажет етеді. В. Белинскийдің анықтауы бойынша ол былай: «Ол да сол ғылым, сол оқымыстылық, өйткені шынайы өнерге қол жеткізу, одан шынайы ләззат алу үшін көп, әрдайым және әрдайым оқу керек, сонымен қатар, көптеген нәрселерді білу қажет, бұл - ешқандай дау туғызбайды. Өнерлер - мінезге тән ерекшеліктер түрінде болуы мүмкін».
Өзіндік жұмыстың ірге тасын қалайтын қозғаушы күш спецификалық музыкалық қабілеттерді үнемі жетілдіріп, кемелдендіріп отырады. Әдетте, олар әр музыканттың бойында өзара әртүрлі қатынаста болатын қасиеттер ретінде білінеді. Оларды көркемдік деп - музыкаға жан-тәнімен елітіп беріле білу, сезіну, көңіл-күйін келтіру, әртістік және техникалық жақтарын, яғни, кез келген шеберлікке байланысты қиындықтарды жеңе білу, саусақ қимылдарының жылдам әрі икемді, дәл және таза ойнау жақтарын қарастырады.
Барлық қасиеттердің негізінде музыкалық ырғақ, музыкалық есту және музыкалық есте сақтау деп аталатын қабілеттер жатады. Техникалық шеберлікті дамыту үшін арнайы жаттығуларды, этюдтар мен пьесаларды қолданады. Көркемдік қасиеттердің дамуы көпжылдық оқыту үрдісіндегі өзіндік дамытудың нәтижесі ретінде қаралады (айрықша дарындылық жағдайында олар ішкі себептермен өздігінен-ақ дамиды) . Дегенмен, техникалық даму табиғи қабілеттерге көбірек тәуелді болады, ал көркемдік даму - ол еңбек сүйгіштік және бағдарлы тәрбиеге байланысты.
Өзіндік үй жұмысының басты шарты - студенттің жинақталған және мақсатты түрде бағытталған зейіні болып табылады. Ол тұрақты, материалдың көлемін біртіндеп ұлғайту және оны мөлшерлеп бөліп жұмыс істеуге байланысты. Жұмыстың нәтижесі оны орындауға жұмсалған сағат санымен емес, жұмсалған зейін сапасымен анықталады. Осының шындығын растауға көрнекті пианист - педагог К. Леймер айтқандай «5 - 6 рет жарты сағаттан бар ынта мен зейін салып жасалған жұмыс, тіпті концерттік орындаушы үшін де жеткілікті бола алады».
Зейін қоя білу музыкантқа жаңа шығарманы егжей-тегжейлі, барлық бөлшектеріне дейін талдап, оны сараптаудың жекелеген сәттерін, атап айтқанда: әуенді, оның бөлшектерге бөлінуін, музыкалық сөйлемдерді, оралым-иірімдерді, олардың топтасуын, ырғақ, гармониясын дұрыс жүргізуін, фактурасын анықтауға көмектеседі. Бұл жағдайда, оқушы музыкалық материалдың барлық басты құрылымды бөлшектерін естуді үйренеді. Әрбір элементті жекелей естіген ол музыканың жалпылай дыбысталуын келтіру үшін жеңіл жол табады. Бірнеше шығарманың барлық жекелеген бөлшектері анықталған жағдайда, зейін оқушыға музыканың өсу, даму үрдісіне байланысты ретімен қисынды ой жүйесін жасай білуге, демек, өз бетімен жұмыс жасаудың іскерлігін де қалыптастырады. Бұл жөнінде академик Н. И. Несмеянов өзінің оқушыларға арнауында өте дәл айтқан: “Игеру ол - тек жаттап алу емес. Сөздің түбірі оның мәнін көрсетеді, демек, пәнді игеру - оны өзінікі етіп иемденіп алу. Білімді осыншалықты меңгеріп алу керектігі, ол сенің жеке өзіңе үйреншікті болатындай және сен оларды әртүрлі жағдайларда өте жеңіл қолдана алатындай болуың тиіс”.
Егер, оқушы музыкалық шығарманы ең соңғы орындағандағы нәтижесін өз бетінше елестете алатын қабілеті болса, сонда ғана өзіндік дайындық кезіндегі әрбір қайталап ойнау үрдісі нәтижелі бола алады, яғни бұл үрдістегі жекелеген нәтижелер соңғы ойнау нәтижесіне барып құйылуға бағытталады. Ең соңғы нәтижеге қол жеткізу үрдісінде оқушының жекеше өзіндік психикалық ерекшеліктері ескерілген жағдайда, ол сол нәтижеге, оқытушымен бірге болған сабақтарда, қол жеткізе алады. Егер оқушы ең соңғы нәтижені анық түсінбеген болса, онда үрдіс тежеліп, кешеуілдейді.
Сонымен, болашақ музыка мұғалімінің өзіндік жұмыс дағдыларын дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жету үшін қажетті:
1. Оқытушының және оқушының қозғалған мәселе жөнінде айтарлықтай хабардар болуы;
2. Осы нұсқауларда берілген жағдайларды және талаптарды туғызу, сол арқылы өзіндік дайындық үрдісіне үдемелі қарқын беру;
3. Жұмыстың осы түріне бақылау жасауды іске асыру;
4. Оқушының өзіндік жұмысының барлық кезеңдерінде оның музыкалық дамуының деңгейін дұрыс белгілеп отыруды дағдыға айналдыру.
Оқушының өзіндік жұмысына байланысты түрлі жайларды әр қырынан қарастырып зерттей жүріп, біз оқушының бойына тәрбие арқылы дарытуға тиісті қасиеттер жиынтығын анықтадық және оларды нақтылап айрықша көрсету қажет деп таптық. Өйткені бұл қасиеттер жиынтығы оқушының жалпы дамуының, сонымен бірге, оқу-білім үрдісінің сапасын және нәтижелік деңгейлерін де анықтайды. Солардың ішінде ең алдымен, бағдарлы мақсаттылық (мақсатқа ұмтылушылық) қасиетін ерекше атауға тиіспіз. Бұл қасиетті дамыту табандылықты, қайраттылықты, еңбек сүйгіштікті, музыканы қабылдау белсенділіктерін, жалпы ой-өрісінің деңгейін, түрлі қызығушылық пен сұранысы және жалпы адами құндылықтарды қалыптастырып, орнықтылауға көмектеседі. Бағдарлы мақсаттылық оқушының ішкі жан дүниесін, өмірге көз қарасын, оның болашақта қоғамға пайдалылығын және әлеуметтік маңыздылығын көрсететін мінездеме іспеттес. Оқу үрдісіндегі еңбекке бейімділік, оқу ақпараты мәліметтерін жақсы түсініп қабылдап алу, оларды сараптай білу, белсенділік, өзіндік дербестік пен өзбетіншілік және т. б. - бұлар оқытудың алғашқы кезеңінде тәрбиеленетін қасиеттер. Мақсатқа ұмтылушылық - оқушының рухани күйіне, ішкі сезіміне ықпал етудің басты құралы. Бағдарлы мақсаты жоқ, өзіндік тәртіптің не екенін білмейтін оқушының оқу үрдісінде білімдік мәліметтерді нашар игереді, өзі әрдайым бейғам жүреді. Өзіндік тәртіпті босаңсыту шығармашылық дербестік пен өзбетіншілікті дамытуға кедергі жасайды, оқу үрдісінің сапасын төмендетеді, бұл өзіне деген сенімділікке, оқудың мақсатына, берілген міндеттерді орындаудың қажеттілігін түсінуге нұқсан келтіреді. Шығармалардың төмен сапада орындалғанын қанағат тұту әдеті дами бастайды, оқытушының берген төмен бағасына қынжылмай қарайтын болады. Тәрбие жұмысы оқытушының жеке басының көрсеткен үлгісіне, оның еңбекке деген жауапкершілігіне, әрдайым жақсы нәтижеге жетсем деген тырысушылығына, ең бастысы, еңбек тәртібіне өте саналы түрде қарауынан басталады. Шығарманы ойнаудың техникалық және орындаушылық тәсілдеріне байланысты жұмыстарды жүйесіз жүргізу студенттің техникалық және есту аппараттарының жұмысын қисынды реттілікпен дамыта тәрбиелеуге кедергі келтіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz