Ана туралы әңгімелер циклі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 3
1 Ғабит Мүсірепов прозасының зерттелу тарихы ... ... ... ... ... .. 6
2 Драматургиядағы Ғабит Мүсіреповтің
суреткерлік ерекшелігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
3 Ғабит Мүсірепов және әдебиеттану ғылымы мен өнерінің мәселелері

... ... . 48
Қорытынды

... ... 69
Пайдаланылған әдебиет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 73
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиеті барлық жанры
кемелденіп өскен, одақтық, қала берді дүниежүзілік мәні бар әдебиетке
айналды. Бірнеше ондаған жылдар ішінде көптеген идеялық, көркемдік
табыстарға жетті. Төңкерістен бұрын, негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыса,
бұл күнде прозаның да, драматургияның да, поэзияның да тамаша туындылары
дүниеге келіп отыр. Әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының да жетістіктері
мол.
Қазақ кеңес әдебиетінің осындай үлкен профессионалдық биікке
көтерілуіне елеулі үлес қосқан жазушылардың бірі – Социалистік Еңбек Ері,
Қазақ ССР-нің Халық жазушысы Ғ. М. Мүсірепов. Ол 60 жылға жуық уақыт
ішінде әдебиеттің түрлі жанрында бағалы еңбек етіп келді. Көрнекті прозаик,
талантты драматург, жалынды публицист, қоғам қайраткері Ғ.Мүсіреповтің
еңбегін жұртшылық жоғары бағалайды. Оның творчествосы туралы 60-жылдары
жарық көрген Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркінде былай делінген:
Ғ.Мүсірепов – қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Әдебиетте
60 жылға тарта еңбегінің ішінде Ғ.Мүсіреповтің қаламынан туған пъесалары,
әңгімелері мен романдары кеңестік дәуірдегі қазақ мәдениетінен елеулі орын
алады.
Жазушы шығармалары туралы орыс әдебиетінің белгілі қайраткерлері де
әр кезде терең мәнді пікірлер айтқан.
Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығы туралы қазақ кеңес әдебиеттану
ғылымында көптеген пікірлер берілген, талдаулар жасалған. Жазушының
Тулаған толқында атты шығармасына алғашқы сынның бірі XX ғасырдың басында
жариялана бастаған. Содан бері қарай әр кезеңде Ғ.Мүсірепов шығармашылығы
үздіксіз сөз болып, әдеби сынның ілтипатына бөленіп келеді.
Жазушының шығармашылық жолы мен суреткерлік диапазонын танытуда бұл
аталған еңбектердің қай-қайсысында да болмасын бағалы пікірлер айтылған.
Түрлі проблемаларға арналған жекелеген диссертациялар, зерттеу таныстыру
мақалалары және бір төбе. Бұларда Ғ.Мүсірепов шығармашылығының сан қыры,
стильдік жағынан өзіне ғана тән ерекшеліктері, характер сомдауы, оқиға
іріктеу, оны құру шеберліктері, өмір шындығынан көркемдік шындық жасау
ұсталығы, тіл байлығы т.б. жайында біршама-ақ сөз болған.
Суреткер ретінде халқымызға жақсы танылған Ғ.Мүсірепов
публицистиканың да майталман шебері. Оның қолынан көптеген өміршең
очерктер, жалынды пафосқа толы мақалалар шыққан. Ол өмірдің күн тәртібінде
тұрған көкейкесті мәселелеріне дер кезінде үн қосып отырды. Шаруашылықтың
да, мәдени өмірдің де проблемалық жайлары әрдайым жазушы назарынан тыс
қалған емес.
Мұның үстіне Ғ.Мүсіреповтің әр кездерде маңызды жиналыстарда жасалған
баяндамалары, газет-журнал беттерінде басылған сын мақалалары қосылғанда,
оның талантының жан-жақтылығы таныла түседі. Ғ.Мүсірепов әдебиеттану мен
әдебиет сынының келелі мәселелерін ертеден-ақ көтеріп келді. Ол белгілі
проблемалар жөнінде дисскусия –айтыстарға да қатысып отырды. Оның беделді
пікірлері, парасатты пайымдаулары әр кезде құрметпен ілтипатқа алынды.
Осыншама қиын да қыруар еңбектерінің үстіне Ғ.Мүсірепов үлкен
қоғамдық жұмыстарды қоса алып жүрді. Қазақ ССР Ғылым академиясының
академигі ретінде де ол талай келелі, кәделі жиындарға қатысып пікір айтты.
Ғ.Мүсірепов – Бүкілодақтық әдебиет қозғалысына да ықпал жасаған адамдардың
бірі. Халық оның осы аса зор еңбектерін бағалап, оны еліміздің ең жоғарғы
органы – Жоғарғы Советке бірнеше рет депутат етіп те сайлады.
Ғ. Мүсіреповтің аудармашылық өнері мен тәжірбиесі де көп үлгі. Ол орыстың
және шетел драматургиясының таңдаулы нұсқаларын, көптеген прозалық
шығармаларды қазақ тіліне аударады. Оның аудармалары дәлдігімен,
көркемдігімен ерекшеленеді.
шығармашылығына ерекше көңіл қойып тоқталып өтетіндігі осындай себептерге
байланысты.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы хақында айтылатын пікірлер мен
зерттеулер түгелденіп бітті десек, жаңсақ кеткен болар едік. Осы кезге
дейін Ғ.Мүсірепов туралы бірталай зерттеулердің, көптеген мақалалардың
жарияланғанына қарамастан, жазушы творчествосының кейбір тұстары мен
қырлары әлі де болса жеткілікті сөз болмаған. Ғ.Мүсіреповтің прозасын
талдауға кірісерде біз осы жағдайларды есте тұттық.
Жазушы Ғ.Мүсірепов те қазақ қаламгерлерінің сапына әдебиетіміздің
осы алғашқы қалыптасу дәуірінде, 20-жылдардың аяқ кезінде келіп қосылған.
Қазақ әдебиеттануындағы Ғ.Мүсіреповтің әдеби және ғылыми мұрасын
зерттеудегі әр жылдар ізденістер арнасы ғабиттану ілімінің қалыптасу және
даму жолдарын айқын аңғартады. Сондықтан да Ғабиттануды ұлттық
әдебиеттанудағы абайтану, шоқантану, ахметтану, мұхтартану, сәбиттану
ілімдері сияқты жеке арнада қарастыру қажеттілігі туындайтыны заңды.
Ғ.Мүсірепов ұлттық сөз өнерінің көркемдік кемелденуіне және
әдебиеттану ғылымының қалыптасуына да өзіндік үлес қосқаны мәлім. Мұның
өзі ғабиттанудың қалыптасуын екі арнада, атап айтқанда, қаламгер
шығармашылығының проза, драматургия және ғылыми, сын зерттеулерінің
қарастырылуы тұрғысынан байыптауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттануда сөз өнеріндегі айтулы қаламгердің, белгілі сыншы,
әдебиетшінің, әдеби ғылыми мұрасын қарастыру сыни рецензиялық мақаладан
басталып, шығармашылық портрет тұрғысынан сараланып, монографиялық
сипаттағы зерттеуге ұласатыны белгілі. Бұл тұрғыдағы ғылыми-зерттеушілік
ізденіс ғабиттануға да тән.
Зерттеу нысаны. Ғ. Мүсіреповтің прозасы, очерктері мен драмалық
шығармалары, әдеби сын зерттеу еңбектері.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты –
Ғабиттану ғылымының тарихы пәнінің жоғары оқу орындарында оқыту
қажеттілігін анықтау, авторлық ұстанымды ғылыми тұрғыдан талдау. Осы
мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысына мынадай нақты міндеттер қойылды:
- Ғабиттану ғылымының тарихын зерттеу;
- Ғабит Мүсірепов шығармаларына идеялық-тақырыптық талдау жасау;
- Сыни еңбекте бағалануын зерделеу.
Диплом жұмысының дереккөздері. Қазақ және орыс ғалымдары мен
зерттеушілерінің теориялық, жалпы типологиялық еңбектері пайдаланылды.
Қазақ әдебиеттанушылары М.Базарбаев, М.Қаратаев, Н.Ғабдулин,
Р.Бердібай, З.Ахметов, Т. Ахтанов, Т.Нұртазин, З.Қабдолов, С.Қирабаев,
Р.Нұрғали, Х.Әдібаев, М.Бекбергенов, Ш.Елеукенов, Б.Шалабаев, Ә.
Нарымбетов, З.Бисенғали, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Майтанов, Т.Есембеков, С.
Әшімханова, сол сияқты орыс әдебиеттанушылары Е.Лизунова, З.Кедрина,
Л.Климович, С.Марков, Б.Рунин, О.Мацкевич т.б. ғалымдардың ғылыми-теориялық
еңбектері, пікірлері басшылыққа алынып, Ғабит Мүсірепов мұрасы әдеби-
теориялық тұрғыдан қарастырылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ғабиттанудың қалыптасу, даму,
өркендеу кезеңдері қамтылып, қаламгер шығармашылығы жан-жақты талданады,
қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ғабиттанудың өзіндік орны сарапталып
көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмыстың нәтижесін қазақ
әдебиетінің тарихы курсында, Ғабиттану элективті пәнін оқыту барысында
көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
- Ғ. Мүсіреповтің әдеби мұрасы - қазақ халқының тарихын, оның
басынан өткерген қилы кезеңдерді тануда үлкен мәнге ие болып табылатын
құнды қазына;
- Ғ.Мүсірепов меңгерген тақырыптар, қозғаған әлеуметтік, рухани
өмірімізге қатысты мәселелер оның шығармаларында терең көркемдік
шешімін тапқан;
- Ғ.Мүсірепов – ұлттық сөз өнерінің көркемдік кемелденуіне және
әдебиеттану ғылымының қалыптасуына өзіндік үлес қосқан қаламгер;
- Ғабиттануды ұлттық әдебиеттанудағы абайтану, шоқантану, ахметтану,
мағжантану, мұхтартану, сәкентану, сәбиттану ілімдері сияқты жеке
арнада қарастыру қажеттілігі туындайтыны заңды.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмысты жазу барысында салыстырмалы талдау,
тұжырымдау, жүйелілік, сараптама, сипаттама, жинақтау әдістері
пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі үш тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ПРОЗАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Ғ. Мүсірепов мұрасының ішкі табиғатын, өрі мен ылдиын, тарихи -
өркениеттік динамикасын, танымдық күш – қуатын, тіпті композициялық
құрылымының астарын ұғыну және соларды біліктілікпен – зерттеу объектісіне
айналдыру оқырман мен ғалымнан белгілі даярлықты талап етіп қана қоймайды,
олардың әрқайсысын кемелдендіре түседі [ 1, 180 б.].
Сөз арасында тоқтала кетейік, шығармалары арқылы тарих тұңғиығына
еркін бойлаған жазушының өзі де Отандық және әлемдік тарихи үрдістерден мол
хабардар болатын. Бұған Күнделігінде әр жылдары өзі үшін жүйелеген
сақтар, үйсіндер, қаңлылар, байырғы түркілер, қыпшақтар, қытайлар,
славяндар, моңғолдар, қайта өрлеу дәуірі, ислам діні жайлы ойтүйіндері мен
деректері айғақ бола алады. Қазақ халқы,- деп жазған екен Күнделігінде,
- 12-13 ғасырдың ішінде Қытайдың солтүстік шығысынан бастап Днепрға дейін
көшіп жүрді. Батыс түрік, Шығыс түрік, Алтын Орда, Ақ Орда , Көк Ордалардың
бәрінде де болды... Әр тұста жайылып жүріп, бағына жүріп, алыстай жүріп,
табыла жүріп, тілдерін бұзбаған, әндерін бұзбаған, әдет-ғұрпын бұзбаған
т.т... не үшін қазақ осы күнге дейін ұлт болмады дейміз? Қате де обал. Бұл
жерде қазақ этносының түпкілікті қалыптасуы, партиялық құжаттарда
тәптіштегендей, социализм тұсы емес, 14-15 ғасырлардан да әріде жатыр деген
методологиялық тұжырымының бүгінгі күнде де мейілінше өзекті болып
отырғанын айта кеткеніміздің еш артықтығы жоқ [ 1, 181 б.].
Ғ.Мүсірепов шығармаларының негізгі тарихи мәні, біздің ойымызша,
асқан суреткерлік шеберлікпен Қазақ елін, жерін, қазақ ұл-қыздарын,
азаматтарын, яғни қазақ әлемін, біріншіден қазақтардың өзіне, екіншіден,
алыс-жақын шетелдіктерге мейлінше дәл әрі әділ таныта алғанында. Ұлттың
перзенті бола алу оңай шаруа емес. Ал оның әдеби – көркем баяншысы биігіне
көтерілу тұлғалардың ғана маңдайына жазылған. Міне, осынау ұлы міндетті
орындап шығу үшін Ғабит табиғат бойына берген бар қасиетті, түстеп айтар
болсақ, жеті қасиетті – білім, ой, тіл, ар-ұят, намыс, ерлік, тәкаппарлық,
табандылық - өмірінің ақырына дейін қолынан қаламы түскенше сарқа
пайдаланды, нысанды байрағындай қастерлеп өтті. Жазушы шығармасындағы
қандай ғана қазақ қаһарманын, оның ауылын, даласын, табиғатын, күйінішін,
сүйінішін, жүріс-тұрысын, ойын-күлкісін, әзіл-қалжыңын алмаңыз, өз
қандасыңызды, тіпті күнде көріп жүрген танысыңызды, ортаңызды, мәнді болмыс
– бітіміңізді танисыз. Жақсылығына қуанасыз, жаманшылығынан жерисіз. Және
бұлар сүреңсіз, мызғымастай қатып қалған, әрекетсіз, бейтарап кейіпкерлер
мен бояулар емес, бірін-бірі толықтырып, шырайландырып жіберетін, Абай
айтқандай, тілге жеңіл, жүрекке жылы, айналасы теп-тегіс жұмыр дүниелер,
өңшең сыңғырлаған үйлесім. Суреткерлік таным мен шеберліктің іргетасы
іспетті осынау қағидаларға сүйенгенін Ғабеңнің өзі де жасырмайды. Ұлпан
бейнесін ашуға бағышталған ізденістерін қорытындылағанда былай деп жазған
екен: Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып толыға түскен
бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасап жүрді. Мен ол
бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі,
есейген кезі, мінезі, мейірімі т.т... Мен сиқырға бара алмадым, кәдуілгі
тірі әйел бейнесін жасамақ болдым [ 1, 181 б.].
Ғабеңнің ұлылығы, шығармаларының тарихи мәні – тірі, шынайы қазақ
бейнесін, қазақ әлемін сомдағанында. Туындыларында ұлтымыздың тағдырына
ізін қалдырып, санасына таңба салған тарихи өзгерістердің мәні тақырып
кезеңіне сай әлеуметтік құрылымының түрлі сатыларында тұрған субъектілер
әлемдік өркениеттегі қазақ қоғамының алар үлесі мен орнының қасиеті, парқы,
мәртебесі өзгеге де жақын тарта беретіні ақиқат. Атақты жазушы М.Шолохов
сырт жерде кездескенде қазақстандық әріптестерімен қазақтарым, достарым
деп қауышады екен. Ғ.Мүсірепов шығармаларымен де барша оқырман осы сезіммен
табысып жатады.
Жазушы қазақ баласының басынан өткен килы қауып-қатерді нағыз азапты
ауыр сынақ дей отырып, ыстыққа күйген, суыққа тоңған халқымыз болашаққа,
жақсы күндерге сенімін, құлшынысын жоғалпағанын өткеннен алған сыбағасы,
еншісі ғана емес, ертеңі үшін де пайдасы шексіз асыл қазына ретінде
қабылдауды ұсынады. Көркем сөз сиқыршысы Ғ.Мүсірепов қазақты қазаққа, алыс-
жақынға таныстырумен қатар, өз тілімен айтсақ, сонша быт-шыт болған
кездері бола тұрса да... халықтың беті хош, есен болға бұрылып
кетпегеннің себебіне үңілген үлкен ой иесі. Бұл орайда ол екі
методологиялық пайымдауға айрықша жүгінгенін байқаймыз. Бірі – байырғы
заманнан күні кешеге дейін қазақ даласын мекендеген тайпалар мен
этностардың мәдени-рухани сабақтастығы мен тұтастығының бұзылмағанын,
екіншісі – ұрпақтар жалғастығының алтын діңгегі әйел затын қадірлей де
қастерлей білудің маңыздылығын таным принципі биігіне көтеруі. Жазушы
шығармаларына ден қойғанда, Қозы Көрпеш – Баян сұлу дәуірінен Амангелді
заманына дейін Еуразияның сайын даласында бірыңғай шаруашылық - мәдени тип
өмір сүріп келгенін алға тартатынын байқау қиын емес. Оның өзегін
көшпелілілер өркениеті құрады. Ал осы өркениеттің 20 ғасыр барысында күрт
өзгеруін, сондай-ақ бумеранг принципімен мәдени-рухани сабақтастыққа
тигізген әсерін социалистік құрылыс, әсіресе ұжымдастыру тақырыбына
арналған шығармаларында ашқан. Дәстүрлі қоғамдағы қазақ пен колхозды
ауылдағы қазақтың арғы тегі ортақ бола тұра, замана пәрменімен бір-бірінен
алшақтай бастағанын суреттейтін түйінді 1935 жылы жарияланған Түннел
повесінен қысқаша үзіндімен айғақтасақ: Биыл ғана салынып біткен көк
төбелі үлкен клубқа колхозшылардың алды жинала бастады. Кәрі-құртаңдар
бүрсеңдеп ішке кірді де, жастар есік алдында күрес салды. Тракторшы палуан
Шәріп қидай сыпырып бәрін жығып жүр
Ия, Ленин бабам! Әуп! – деп көтеріп алады да, иіріп-иіріп лақтырып
жібереді. Жығылған жігіттер қарға бір аунап, ыржиып ұра келеді. Төстектеу
ғана, жауырыны жап-жалпақ Ырысбай тракторшы шыға келіп, Шәріптің жағасынан
ұстай алды да:
- Ия, Сталин бабам ! – деді.
- Қой, әй! Қой, әй! Ленин мен Сталинді біріне –бірін қарсы қойып сыйынуға
бола ма екен!? Өзің қарашы, қараңғы екенсің ғой! – деп, Шәріп күреспеді.
Ырысбай да ұялып тоқтай қалды:
- Қарсы қойғандық па екен? Қарсы қойғандық па екен? Ойын емес пе, әшейін?-
деп кейін шегінді [ 1, 182 б.].
Осы бір кішкене оқиғаның өзінен-ақ колхозшы қазақтың ескі әруаққа
сыйынуды әлдеқашан тастағандығы, Ленин мен Сталин көсемдерін қалай
құрметтейтіндіктері айқын көрініп тұрды. Қаз дауысты Қазыбекті қара палуан
Жәнібекке қарсы қойып, сыйына беретін қазақ Ленин мен Сталинді ойнап та
қарсы қоюға болмайтынын әбден ұғынған. Рас, Ғабеңнің кейінгі
шығармаларында кеңестік эксперименттердің екінші дәстүрлі мәдени-рухани
үрдістерді табиғи желісінен айырғаны соншалықты саясаттанған,
идеологияланған мазмұн мен формада суреттелмейді. Дегенмен, жағымды
өзгерістер әкелген социализмнің өзі адамдар жанына, сезімі мен жүрегіне
ауыр жара салғаны жазушының назарынан тыс қалмаған. Әлеуметтік әділеттілік
бұзылған қоғамда, табиғи ырғақта дамуынан айрылған елде заңсыздықтың,
жүгенсіздіктің, өктемдіктің етек жаятынын еске салады. Нақтырақ айтсақ,
тоталитарлық жүйенің қылмыстары және әркездегі басты байлық – адамға,
адамның мәдени-имандылық ұстанымдары мен құндылықтарына әкелген ойраны он
екі-ақ беттік Сөз жоқ, соның іздері мен одан да көлемі шағын
Сілекеевтердің кенжесі әңгімелерінде драмалық, трагедиялық толғаныспен
зерделенген. Әңгімелерге қойылған тақырыптардың өзі көп жайдан хабар
береді. Сөз жоқ, соның іздері деген тақырыпқа қарап, алғашқыда хайуанға
қатысты әңгіме шығар деген ойға қаласыз. Қазақы ұғымда сілекей онша жағымды
ассоциация туғызбайды. Кенжесі деген сөз тіркесі үрдістің аяқталғанын
білдірсе керек [ 1, 183 б.].
Сөз жоқ, соның іздерінде тағдыры талқыға түскен келіншек Нәзікен
сирек мамандықты игерген, Алтай поэмасының авторы, қыздай қосылған жары,
кен инженері Жантасымен алты-ақ ай отасып, ол халық жауы ретінде ана кейін
кейін өздерімен араласып жүрген Айдарбек дегеннің етегінен ұстайды. Бұл
сырты – бүтін, іші – түтін, заманы түлкі болса, тазы болып шалатын,
тұрлаулы берекесіз жан болатын. Айдарбектің өресі мен тағдырын жазушы былай
сипаттаған: Шала оқыған кен инженері, бір мекеменің өндіріс бастығы, ішкі
істерді басқаратын облыстық мекеменің өндіріс жақтарын бақылайтын адамы,
ГАИ-ды басқарып, Гаитанин атанған адам, жасы елуге жетпей-ақ пенсионер....
Осы жас зейнеткер ішкілікке салынғаны соншалықты, кейде үйін таба алмай,
түні бойы қаңғырып жүреді, кейде әлде қай жерде құлап қалады. Автор халық
жауы Жантастың ұсталуына Айдарбектің қатысы бар деген позицияны ұстанады.
Ал Жантастың тұтқындалған сәтін суреттеуі тоталитарлық заманда таланты
ашылған Ғабеңнің тап сол тоталитарлық жүйеге шығарған мызғымас үкіміндей
көрінеді. Әңгімеде қазақтың марғасқа азаматын 1937 жылы қамауға алған Ежов-
Берияның жендеттері арада жарты ғасыр өтсе де, ескі дағдысынан жаңылмай,
1986 жылғы желтоқсанда қайта тіріліп келген шығар дейсің. Сөз зергері
қаламымен тоталитарлық тәртіптің адам табиғатына жат қылығы мен болмысын
сипаттаған жолдар кімнің болсын жанын түршіктіреді: Қанын ішіне тартып,
сұрланып алған екі жігіт кіріп келді де; - Жантас Асылбеков, жүріңіз! –
деп есікті нұсқады.
Халық жауы деген сұмдық сөзбен келіп тұрған екі жігітке қарап, өз
халқының досы қандай болатынын білмей қалуға да болатын еді. Сұр киінген,
қанын ішке тартып алған сіріңке сұрдың екеуі де ысқырынып тұр. Бірінің оң
жақ бетіне томпағынан бастап миықтығына дейін ығы-жығы безеу - әдейі
басылған қара таңба дерсің. Екіншісінің бетіне қарап, адам жүзінен ешбір
ізгі сана-сезімнің саңылауы байқалмайтынына таң қалғандайсың. Бұл екеуі өз
қызметтерінің елдік мәніне біржолата түсіне алмай қойған Шыңғысхан
заманында тамұққа алынып, қазір содан шығып келіп тұрғандай, тым жат еді [
1, 184 б.].
Әңгімеде кейіпкерлер саны көп емес. Оқиғаның желісі саяси қуғын-
сүргінге құрылған. Араққа салынған Айдарбектің үш орыс серігі ауызға
алынады. Жантастан қалған жалғыз тұяқ. Сейіл аптал азамат болып,
институттағы оқуын аяқтап, баяғы әкесінің орнына қызметке орналасады.
Нәзікеннің екінші күйеуінен туған қызы Сәуле әке-шешемен келісімге келуден
біржолата безініп, үзілді-кесілді бел байлаған, қатты бұралған домбыра
ішегіндей ширығып өседі. Қысқасы, кешегі пысықай Айдарбектің енді
бөтелкелестерімен көше жағалап кетуі 1937 жылы жыландай ысқырғандардың
өркениеттік өрлей тегеурініне төтеп бере алмаған себепті өшуін ғана емес,
тұтас бір жүйенің тығырыққа тірелгенін, күйреу алдында тұрғанын мүскіндесе,
жас ұрпақ Сейілдің уақытша жеңілдікке алданбай, ұлағатты әке орнын басуы
есеңгіреген, бірақ әлеуетін жоймаған ұлы даланың жасампаз күші мен болашағы
алда екенін насихаттайды.
Шығарма КСРО-ның күйреуінен 30 жыл бұрын жазылған. Автор дүниеден
өткеннен кейін 6 жылдан соң құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан
держава қаусап түсті. Мүсіреповтың екінші көрегендігі де айна қатесіз
аяқталды. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті болып Ғабең болашағынан
үміт күткен Сейілдей ұрпақтың, тең құрбысының алды Н.Назарбаев сайланды.
Ал екінші методологиялық тұжырымға қысқаша тоқталсақ, қазақ халқының
тарихы мен тағдырында әйел-ананың алатын орнын, қадір-қасиетін
Ғ.Мүсіреповтей көркем бейнеленген ақын-жазушымыз әзірге жоқ десек, ақиқатқа
жүгінген болармыз деп ойлаймыз.
Ой еңбегінің құдіретімен, интеллектуалдық ізденістің күшімен туған
әдеби шығарманың тарихи мәні көптеген өлшемдермен анықталып жатады.
Солардың ішінде бірі де болса бірегейі, біздің ойымызша, тарихи шындықты
бұрмалаусыз бейнелеу. Егер кәсіпқой тарихшы –ғалым тарихи шындықты ашу
үшін фактілерді, оқиғаларды, құжаттарды, заттай және жазбаша деректерді
хронологиялық ретпен әрі қисынды ішкі байланыста жайғастыруға, талдауға
тиіс болса, жазушының міндеті тарихи үрдістің көркем сомдалған, ұлттық
келбеті ашық, авторға тән философиялық – эстетикалық қолтаңба туындының өз
бойында мазмұндалып тұратын шындықты биік көркемдік – танымдық деңгейде
ұштастыра алған қаламгер. Сөз жоқ, әдебиет теориясы бойынша жазушының қиялы
өмірде болған кейбір оқиғалардың өрбуі тосын көрінетін Жеңілген Есрафил,
Айгүл қойшының күндері, Айжан қойшының түндері сияқты шығармаларында
тарихи шындық жатыр. Айталық, өткен ғасырдың 30-жылдары аяғында жарық
көрген көлемді шығармасы Жеңілген Есрафилде жұмысшылар ат құлағы
көрінбейтін боранға қарамастан темір жол құрылысын қар астынан үңгір салып,
жалғастыра береді. Іздеушілер жеткенде жетпіс метрдей жердің рельсі де
төселіп, тек шегеленуі, бекітілуі ғана қалған екен. Автор жазғандай, қап-
қараңғы, көгілдір үңгір ... Тарсылдатқан, шұңылдатқан дыбыстар...
Күңгірлеген адам дауыстары... Шпал...Рельс...Консерві иісі...Тамақ иісі...
[ 1, 185 б.].
Әрине, боранмен айқаса жүріп, қар астында темір жол салу шарт емес
шығар. Дегенмен, әңгімеге арқау болған еңбек құлшынысы сол 30-шы жылдардың
табиғатына тән болатын. Жазушы өз заманының тарихи шындығын адам мінездерін
ашу негізінде суреттей алған. Осының өзінде ымыраға келмейтін принципті
мәселелер бар ғой. Солардың бірі – тіл тазалығы мәселесі. Әр сөздің өз
орнында тұруын қадағалауға келгенде. Мүсіреповтей қатал ұстаз – оқытушы
кемде-кем. Ғабең ой сұлулығын сөз сұлулығымен қатар қойған тәлімгер.
Сонымен, 20 ғасыр басының төлі Ғ.Мүсірепов ұзақ ғұмыр кешіп, ғасырмен
бірге есейді, тауқыметін де шекті, қызығын да аз көрген жоқ. Терең ойымен
жүздеген ғасырлар тәжірбиесін көктей шолып өте алған ол халқының әдеби-
көркем танымының көкжиегін кеңейтіп, бүгінгі оқырмандар мен қаламгерлерді,
ертегінің батырларындай, иығына мінгізіп алып, алыс қияларға, биік шыңдарға
талмай қарауға үйретіп тұрған алыбымыз.
Қазақ әдебиетіндегі дәстүрлік проблемасы кең мағынасында философиялық
проблема. Ол бұрынғы мен бүгіннің, көне мен жаңаның аралығындағы табиғи
жалғастық құбылысының мәселесі, философия тілімен айтсақ, дәстүр мен
жаңашылдық дейтін проблеманың қарастыратын заңдылығы. Табиғат құбылысы
болсын, өзгеріп отыратын қоғам өмірі болсын, адамның, сондай-ақ бүкіл жан-
жануардың, өсімдіктің өркендеп өмір сүруі болсын бұлар дәстүр мен
жаңашылдықтың құбылыстарының өзара тектес, тамырлас байланыссыз, яғни осы
екі ұғымның бірінен екіншісінен туындайтын заңдылықсыз бәрі бір жоққа
шықпақ екен, былайша айтқанда , тірлік болмас екен [ 1, 192 б.].
Осыған ұқсас, әйтсе де өзіндік өзгешелігі бар, ерекшелігі бар, тегін
сақтай отырып, жаңара да жаңғыра жалғасатын күрделі диалектикалық даму
процесі қоғамдық, рухани құбылыстарға тән. Бұл процесс барды мүлдем жоққа
шығармайды. Қайта оның құнды, құнарлы қасиетін жарамсыз ескісінен ажыратып
алып, жаңартады. Жаңашылдықтың жақсы нәтижесін ең алғаш жаңа әдебиеттің
іргесін қалаған алыптар тобының шығармаларынан байқаймыз. Сәкен мен
Ілиястың, Иса мен Сәбиттің поэзиясы, Бейімбет, Мұхтар, Ғабит прозасы соның
кепілі. Осы құбылыс прозаның көлем жөнінен ең шағын - жанры әңгіме мен
новеллада да бой көрсете бастады. Жиырмасыншы-отызыншы жылдары Б.Майлин мен
Ғ.Мүсірепов едәуір кемелдендірген бұл жанр одан кейінгі жылдары біраз
бәсеңдеп қалып та еді. Тек алпысыншы жылдары дүр сілкініп, қайта қанат
жайған [ 1, 192 б.].
Ғ.Мүсірепов табиғи талғамы, талант мәдениеті жоғары қаламгер. Он
ойланып, жүз толғанып жазатын суреткер. Оның жазушылық ерекшелігі бізге
тигізетін ықпал әсері жөнінде белгілі қаламгер Б.Соқпақбаев былай дейді:
... Ғабит Мүсірепов шығармаларының өн бойында шашылып жататын бір әсем
маржан бар. Ол оның өткір, өткір де тапқыр әжуә-сықақтары. Жазушы не
жөнінде белгілі айтса да оқушысын әлсін-әлсін серпілтіп, күлдіріп отырады.
Сахнадағы конферансьедей ал мен күлдірем деп ала-құла киініп айқай салып
шықпайды. Өзінің өзеттік барынша жинақы салқын қандылық қалпынан айнымай
отыратыны, езуіңді жиғызбайтын құдіреті бар. Ғабит мысқылдары етіңе оқыс
тамып кеткен удай немесе байқаусызда тырнауыштың басын басып кетіп, сабы
мойыныңды соққандай, көп жағдайда тосын әсер етеді. Ғабит асылы, тек
күлдіру үшін күлдірмейді, ой салу үшін күлдіреді. Сол себептен де меніңше,
оның шығармалары неғұрлым сезімтал, неғұрлым көреген сауатты оқушыны қажет
етеді.Бір қызығы осы жағдайлардың бәрі Бердібек шығармаларында да
ұшырасады [ 1, 193 б.].
Ғ.Мүсірепов саяси-әлеуметтік, қоғамдық өмір сатысында қиясы мен
қыспағы, қызығы мен қиындығы қос-қабат күрес жолынан өтті. Жазушының
өмірлік жолын сараласақ, оның баспа директоры, Қазақ әдебиеті,
Социалистік Қазақстан газеттері мен Ара журналының редакторы, Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстанның өнер істері
басқармасының бастығы, көп жыл СССР және Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің
депутаты, Қазақстан Компартиясы съездерінің делегаты, Орталық Комитетінің
мүшесі, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, СССР Лениндік және
Мемлекеттік сыйлықтар Комитетінің мүшесі, Азия, Африка жазушыларымен
байланыс комитетінің мүшесі болды. Ташкент, Бейрут, Дели, Алматы
қалаларында өткен халықаралық конференциялардың белсенді қатысушысы
болғанда, елді бейбітшілікке шақырған ол халық алдында азаматтық борышын
абыроймен атқарып кетті. Отаршылдықтың зұлым саясатына қарсы, тәуелсіздік,
бейбітшілік күрес жолындағы Азия, Африка жазушыларының прогрессивті,
демократиялы қозғалысының кеңейе түсуіне аянбай ат салысты. Оның Күресте
туған ынтымақ!, Каирдегі маңызды кездесу, Азия-Африка жазушыларының
қозғалысы жаңа белесте, Назым Хикмет, Судан халқының ер ұлы, Хасан
Таһир Заррух туралы екі ауыз сөз, т.б. еңбектері әдебиеттер достастығының
дамып, ынтымағының күшеюіне үлкен қызмет атқарғаны белгілі [ 1, 341 б.].
Жазушының шығармашылық жолы өз алдына бір төбе де, әдебиеттану
ғылымына қосқан үлесі жеке алып қарастыратын зерттеу тақырыптарының бірі.
Жазушылық жолды алғаш бастаған тұста-ақ ол қазақ әдебиетінің өсіп-
өркендеуіне, әдебиет сынының дамып, қанат жаюына өз үлесін қосқан оның
Суреткер парызы (1970), Заман және әдебиет (1982), Дәуір дидары
(1986), Әдебиет кәсіп емес, өнер (1987) атты әдеби-сын еңбектері жеке
кітап болып шықты.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдеби айтыстардың бел ортасында
жүріп, баспа беттерінде әдебиет мәселелері жөнінде келелі ой-толғамдарын,
байыпты пікірлерін ұсынып отырған. Әдебиет айтысына, Әдебиеттегі
жікшілдікке қарсы секілді мақалалары қазақ әдебиетінің сол тұстағы жай-
күйін, міндеттерін пайымдаған еңбектер. Өсер әдебиетке өсер сын керек деп
жазушылар съезінде әдеби сынды өсіру бағытындағы өз толғаныстарын
білдірген. Өскен талаптар тұрғысынан, Қазақстандағы әдебиет сынының жайы
мен міндеттері туралы, Қазақ совет әдебиетінің қазіргі жайы мен
міндеттері туралы, Жазушылар және ұйым міндеттері және ҚазАПП жұмысы
туралы бірнеше әдеби-сын мақалаларын жазды. Жазушы еңбектерінде әдебиеттің
идеялық-көркемдік табыстарын, олқылықтарын сөз етумен қатар, оның өсу
жолындағы проблемаларын да үнемі қозғап отырады. Майданнан ескен жел
мақаласында алғашқылардың бірі болып Қасымның Абдолласы мен Әбу
Сәрсенбаевтың Ақша бұлт поэмаларына талдау жасады. Бұл мақалада Қасым
ақынның талантын мезгілінде таныған, дарынның бұлақ көзін ашуға септігін
тигізген еңбек болды [ 1, 342 б.].
Жазушы 1945 жылы Үлкен сарынның ақыны атты мақаласын жазып,
Абайтану ғылымына да өз үлесін қосты. Бұл мақалада Абай өмірден жалпы
адамгершілік ұлы мағына іздеген деген ой түйеді. Сол жылдарда жазылған
бұл пікірі Абайдың ақындық поэзиясының түп қазығы екенін сезе білуімен
бағалы.
М.Әуезов шығармашылығы мен Абай жолы роман-эпопеясы жөнінде
жазушының әр жылдары айтқан пікірлері бар. Ол М.Әуезовтың шығармашылық өсу
жолындағы күрделі де соқтықпалы өсу жолын әділ көрсетті. Ғабиттің Әуезов
шығармаларының идеялық-көркемдік сапасын, қадір-қасиетін білгірлікпен
танып, олардың мәдениет, әдебиет тарихындағы орнын анықтауда көп еңбек
сіңірді. Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны
мақаласында Абайдың ..қазақ халқының жалғыз әдебиеті емес, бүкіл рухани
мәдениетінің келешегіне жол сілтегенін айтады. Кезінде роман туралы әр
түрлі пікірлерге қарамастан Абайдай шығарма бұл күнге дейінгі бүгінгі
қазақ әдебиетінде болған емес... Бұл қазақ әдебиетінің жаңа биігі, жаңа
белі. Осында біраз сыншыларымыз Абай тарихи салт-ғұрыптың романы ма,
тарихи-қоғам құрылысының романы ма деген сұрау қойып, тарихи салт-ғұрыптың
романы деген жауап береді. Оған байланысты романның аты Құнанбай болу
керек еді дейді де, романдағы оқиғалар желісін, кейіпкерлер жүйесін талдай
келе, Абай тарихи-қоғамдық тартыстарға құрылған, шындықты көрсете алатын
роман деп аяқтайды. Оның романда талдай келе айтқан пікірлері, терең
ойлары күні бүгінгі дейін тың. Қазақстан жазушыларының пленумдарында,
съездерінде жасаған баяндамаларында қазақ әдебиетінің көркемдік табыстарын,
даму деңгейін, шығармалардың ерекшеліктерін ашып көрсетті. Жазушының
баяндамаларында қазақ әдебиетінің ұзақ жылдарғы тарихының көптеген
мәселелері қамтылғанын байқаймыз [ 1, 342 б.].
Ғ.Мүсірепов ХХ ғасырдағы қазақ ақын, жазушылары жөнінде де көптеген
пікірлер айтады. Жамбыл туралы Алып ақын атамыз атты мақаласында Жәкеңді
қазақ халқынан шыққан жаңа заманның Гомері дейміз. Жәкең шығармалары
ғасырдан ғасырға кетеді. Халық ақындарынан шыққан мұндай алып ақын болған
емес. Еш уақытта, ешбір тарихта жүз жасаған ақынның ең соңғы сағатына дейін
ақындық қуатынан сарқылмағанын ешкім білген емес. Үздік дарын, сол үздік
қалпынан тынбастан жүзге шыға елімен қоштасты дейді 1945 жылы 24 маусымда
Социалистік Қазастан газетінде жариялаған қазанамасында.
Ғ.Мүсіреповтің бірсыпыра мақалалары көркем өнер туралы. Драма, опера,
кино өнері туралы айтулы жетістіктерді көрсетумен қатар, кемшіліктерді айта
отырып, оны болдырмау жөнінде жанашырлықпен айтқан пікірлерін көреміз.
Жазушының Қазақ халқының атақты ері (Амангелді Иманов туралы пьеса),
Абай трагедиясы, Абай - қазақ операсының жаңа белі, Абай - Қарағанды
театрының жаңа табысы, Жамбыл картинасы, Кино өнерінің келелі
мәселелері Халық қазынасы, Әдебиет пен көркемөнер талапқа сай болсын,
А.Жұбанов туралы Халықтың қадірменді ұлы секілді әр жылдарда басылған
мақалаларында өнердің халықтың рухани дамуына қосар үлесінің зор екенін
айта келе, көркем әдебиет пен өнердің ажырамас бірлігін, жазушының,
әдебиеттің тәрбиелік, эстетикалық қызметі, ақын-жазушылардың халық
алдындағы парызы, жазушылық шеберлік туралы әр жылдарда айтқан ой-пікірлері
бүгінгі әдебиетке толық қатысы бар құндылығын жоймаған пікірлер деп
айтамыз. Көркем әдебиет пен өнерге үлкен талап тұрғысынан қараған ол,
шығармаларын жазуда өзіне де сондай талап қоя білді [ 1, 343 б.].
Ғ.Мүсірепов ең алғашқы шығармаларын төңкерістік кезеңдегі өмір
шындығын суреттеуден бастап, қазақ кеңес әдебиетінің орталық тақырыбына
айналған қазақ төңкерісінің жемісі, азамат соғысы дәуірі, тап тартысы
тақырыбына көп аялдаған. Шындығында да көркем әдебиетте төңкерістік
кезеңдегі күрес оқиғаларын, жаңа дүние орнатушылардың қаһармандық бейнесін
суреттеу әдебиет алдындағы үлкен шығармашылық міндет еді. Қауымды
коммунистік идеялар рухында тәрбиелеу үшін төңкерістің көркем тарихын жасау
қажет болды. Тап тартысының сыры қандай, езілген еңбекші бұқарасы
билеушілерге қарсы күреске қалайша шықты, тартыс жолдары қалай өтті деген
мәселелердің бәрі де әдебиетте бейнеленуі керектігі туды. Ғ.Мүсірепов
төңкеріс толқыны тіршілік енгізген ел өмірін молынан суреттеуге ден қойды [
2, 17 б.].
Жазушының осындай шығармашылық талаптану, іздену сапаларының алғашқы
жемісі – Тулаған толқында атты повесі. Бұл Ғ.Мүсіреповтің болашақ
суреткерлік ерекшеліктерінің басты белгілерін анықтаған шығармасы еді.
Тулаған толқында повесінің оқиғалық негізі азамат соғысы жылдарының
тұсында болады. Мұнда негізінен алғанда екі жастың өмір шырғалаңына ұшырап,
көп сергелдеңге түскені, азаттық, бақыт үшін күрес жолына шыққаны
баяндалған. Балықшы жігіт Біржан мен ауыл кедейінің қызы Шәйзаның ескі
тұрмыс, ескі салт-сана тұтқынынан шығып, жаңа өмірге аяқ басуы айтылады.
Бірақ ол кезде жастардың сүйгеніне қосылу, қөңіл қалауымен жүруі өте қиын
мәселе. Қолында малы, аузында сөзі бар, айналасында әкімшілігі жүріп тұрған
бай-шонжарлар озбырлықтың қандай түрінен де тартынбаған кез. Бірін-бірі
сүйетін Біржан мен Шәйзаның арасына да осындай жыртқыштың бірі Оспан болыс
килігеді. Өзінің қартайып, жер таянғандығына қарамастан, Оспан болыс қалай
да Шәйзаны қолға түсіруді көздейді. Бұл кешегі теңсіздік жайлаған заманның
айқын көрінісі. Үстем тап өкілі атаулы әйел теңдігі дегенді ойына алып та
көрмеген. Қалың мал төлесе, барлық дау шешіледі дейтін заман [ 2, 17 б.].
Оспан болыс араға сол қыз тұратын ауылдың адамы Итемгенді салып жүріп,
Шәйзаның шешесінің келісімін еріксіз алады. Іштей риза болмаса да, басқа
амалы жоқтығын көрген ана қызын Оспанға беруге көніп қалады. Ағайын жағынан
Шәйзаларға жақын Итемгеннің елшілікке жүруі себебі де дәлелді. Сол тұста
қазақ жастарын алашорданың әскеріне алады деген хабар тарайды. Сол шақыруға
Итемгеннің екі бірдей баласы ілігетін болады. Міне, осындай қыспаққа түскен
Итемген Оспан алдында қызмет көрсетуге тырысып бағады.
Бұл айтылғандардың шығатын қорытынды: жазушының қазақ өміріндегі
типтік оқиғаларды іріктеп ала білетіндігі, кейіпкерлердің әрекетін шынайы
бейнелеген шеберлігі. Оспан болыс обыр да озбыр мінезімен, Итемген жағымпаз
қылығымен, Қалиша болса дәрменсіз қылығымен көрінген. Бұлардың өзгеше
болуға мүмкіндігі де жоқ секілді. Ақырында Оспан болысқа еріксіз баруды
қаламаған Шәйза өзінің сүйген жігіті Біржанға қосылады.
Бірақ оқиға мұнымен тынбайды. Қолында байлығы мен беделі тұрған Оспан
болыс та мұндай іске, сірә, көнген бе? Бұлардың арасындағы күрес
толастамайды. Ақырында елге қызылдар келгенде ғана кедей Біржан өзіне
қамқоршы табады. Оспан болыстан кек қайтарады. Оспанды да, оған ерген
Итемгенді де қаматтырып тастайды [ 2, 18 б.].
Бұл повесте теңсіздікке жаны шыдамайтын Біржан секілді қажырлы,
намысқой жігіттің ұнамды бейнесін танимыз. Повестің оқиғалары Қазақстандағы
азамат соғысы дәуірінің біраз шындығын елестетеді. Сонымен қатар мұнан
жазушының өзінің де өмірді тану дәрежесінің өскендігі көрінеді. Повестің
айтатын басты мәселесі - төңкеріс таптардың ара салмағын бір кезде езілген
Біржандардың төңкерістен кейін биікке шыққандығын, Оспан секілді болыстың
дәурені өтіп, шыңырауға құлдилағанын аңғарту. Ғ.Мүсіреповтің Тулаған
толқында повесі өзінің идеялық - көркемдік дәрежесі мен жазу мәдениеті
жағынан оның шығармашылығында елеулі шығармаларының бірі.
Осы шығармаға тақырыптық идеясы жағынан жалғас саналатын
туындыларының бірі – Өмір ертегісі. Мұнда автор қазақ кедейінің
барлығына ортақ ауыртпалықтарды жинақтап, типтендіріп көрсетуді мақсат
тұтады. Повестің орталық кейіпкері ретінде алынған Жаныспайдың көрген
білгендері – бірдің ғана емес, мыңдаған кедейлердің басындағы іс. Жаныспай
сәби кезінен бастап неше алуан қиыншылықтарды сезініп өседі. Оның көрмеген
азабы, естімеген ауыр сөзі жоқ. Ол бір кезде қойшы да, жылқышы да болады.
Кейіннен Жезқазғанда жұмыскер қатарында жүреді. Енді бірде медресенің
шәкірті болған тұсынан көреміз. Міне, осы санап көрсетілген кезеңдер
повесте таратылып айтылған. Кедей болған соң қорлық көрді деген сияқты
жалпы айтып қана қоймай, автор Жаныспайдың басынан кешкендерін жүйелеп,
шындыққа сәйкестендіріп мөлдіретіп көркем бейнелейді [ 2, 18 б.].
Жаныспай сияқты кедейлер қорлық өмірге мойынсұнып мүлде басылып
қалмады. Олар жұмысшылар арасында күрес мектебінің үлгісін көреді, адамдық
хұқы үшін күресудің жолдарын үйренеді. Сөйтіп барып шынығып, ысылады. Өмір
ертегісі повесіне Жаныспайдың және сол секілділердің ертегіге бергісісз
хиқаяларын автор кездейсоқ тізген емес, жазушының мақсаты - өмірге тән
небір ситуациялық жағдайларда да қандай езілген Жаныспай сияқты
еңбекшілер мүддесін де қадір тұта бастайды. Енді бірде оның ел арасына
барып, үлен саяси жұмыс жүргізуге дайындалып жатқандығын көреміз.
Өмір ертегісінің көздеген көп нысанасы бар. Біріншіден, қазақ
кедейінің теңсіздік заманда кешкен қиындығын беру болса, екіншіден, осы
езілген тап өкілінің халық мүддесін бірте-бірте түсіне бастағандығын
көрсету. Бұл повестің жазылған кезінде кейбіреулері қазақ арасында тап
болған жоқ, тап күресі деген болған жоқ деген жалған қисын таратып жүрген.
Ғ.Мүсірепов кедейден шыққан Жаныспайдың өмір өткелдерін көрсету арқылы
қазақ даласында тап тартысының неше алуан қатал түрлері болғанын дәлелдеуді
көздейді [ 2, 19 б.].
Тұтқын қыз әңгімесінде Ғ.Мүсірепов азамат соғысының аласапыран
оқиғаларын баяндайды. Аяқталмай қалған бұл шығармада анық байқалатын идея
– тап тартысының қайшылыққа толы көріністері. Ғасырлар бойғы үстемдігінен
айрылған қазақ байлары орыстың капиталистерімен бірлесе отырып, Кеңес
өкіметін баянды етпеуге тырысқан. Олар барлық мүмкіншілікті пайдаланып, жер-
жерде зиянкестер жасайды. Бірақ езілген еңбекші таптың өкілдері де қарап
отырмағаны мәлім. Мұндай жандар қызыл әскерлердің жеңісін сырттан тілеп
қана жатқан жоқ, өздері де күреске белсене араласты [ 2, 21 б.].
Бұл шығармада қазақ кедейі Сейтеннің қызы – Наушаның басынан кешірген
қиыншылықтары суреттелген. Ақтың әскерлері, алашордашылар бірлесіп, бейбіт
елге ойына келгенін жасайды. Осындай бір жағдайда кедей қызы Науша да
солардың қолына түсіп, тұтқын болады. Әңгімеден кеңес өкіметі үшін күрес
оңай болмағандығын, бұл жолда талай адамның тері мен қаны төгілгендігін
көреміз. Колчактың генералы Беляевтың, алашордашылы Сұлтановтың, жапонның
генералы Муратоның терең ойластырған тәслдері ақырында күйреп бітеді.
Тұтқын қыз әңгімесі еңбекші бұқараның еркіндік, теңдік, шындық үшін күрес
жорығының көрінісін береді [ 2, 22 б.].
Қазақ халқының азаттық жолындағы күресіне арналған жазушы шығармалары
жоғары аталғандармен шектелмейді. Тулаған толқында, Өмір ертегісі,
Үздіксіз өсу, Тұтқын қыз, Жайлау жолында шығармаларында басталған
тартыс шежіресіне жазушының Ана туралы әңгімелерінің бірсыпырасы да іштей
үндесіп жалғастық табады.
Осы шығармалардың көпшілігі аяқталмай қалған туындылар. Сондықтан ондай
шығармаларға толық, жүйелі талдау жасау қиын. Егер осы шығармалардың
аяқталмай қалған себебін іздестірсек, жазушының өмір материалын әлі де
толық зерттеп, тереңдеп тани алмағандығы, кейбір тарихи оқиғаларға деген
ғылыми бағалардың ол кезде беріліп болмағандығы проза жанрының құпияларын
меңгеріп жетпегендігі төңірегінен табар едік.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық ізденуінің ең бір жемісті қадамы оның
әңгіме, новеллаларынан көрінеді. Бұл жолда Ғ.Мүсірепов басқалардың ізін
қуаламай, өз соқпағын табуға талаптанған. Әсіресе, оның ұстаз тұтып, үлгі
алғаны – орыстың озық әдебиеті. Жазушының алғашқы әңгімелері тақырыптық
жағынан алуан бола тұрса да жазылу мәнері, тәсілі тұрғысынан көптеген
ұқсастықты танытады. Мұны, әсіресе, Ана туралы әңгімелерінен анық
байқаймыз [ 2, 23 б.].
Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасу дәуірінде орыс әдебиетінің айрықша
ұстаздық рөл атқарғандығы белгілі. Жазушыларымыз орыс классиктерінен өмір
оқиғаларының төңкерістік дамуы үстінде суреттеуді, күрескер адамның
бейнесін жасауды үйреніп қана қоймай, кей жағдайда олармен тікелей
тақырыптас, үндес шығармалар да жазды. Соның бірі мысалы Ғ.Мүсіреповтің
Ана туралы әңгімелер циклі. Мұның пролетариат әдебиетінің атасы А.М.
Горькийдің анық ықпалымен жазылғандығы анық.
Ана туралы новеллалар шоғыры алғаш рет 1934 жылы Ана атты кітапта
топталып берілді. Онда Адамның анасы, Өлімді жеңген ана, Ананың
анасы, Ашынған ана, Ананың арашасы новеллалары бар. Кейінгі жылдарда
Ғ.Мүсірепов ана туралы новеллаларына қайта оралып, оған тың шығармалар
қосып отырды. Мәселен, соғыс кезінде Ер ана, Ақлима тәрізді
новеллаларын жариялады. Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі.
Дегенмен, ананың ұлылық сипатын жүйелеп жазған, жан-жақты бейнелеген
суреткер Ғ.Мүсірепов болып табылады.
Ана туралы тақырыпқа баруы М.Горькийдің әсерімен болғандығын автордың
өзі былай деп мәлімдеген: Горькийдің тақырыбын, жазу әдісін ұғынам деп
талаптанғанымда ұшы-қиыры жоқ кең байлықтың ішіндегі ең бір негізгісі –
күшті адам екен деген қорытындыға келдім... Құлақта ертеден бір әңгімелер
жүретін еді. Горькийдің Аналарын қайта бір оқығанда, сол әңгімелерім
тіріле бастады. Көп ойланбастан-ақ Горькийдің аналарында да, өзімде де бар
әңгімелерді қағазға түсірдім [ 2, 24 б.].
Ана туралы новеллалар тақырыптық жағынан ұқсастығының үстіне, идеялық
бағыты, пафосы жағынан да бірін-бірі толықтырып отырады. Олардағы ортақ
типтік орай – шындық үшін, әділет үшін өмірдің небір қиындығына да қарсы
тұрып, кедергілерді жеңе білетін, әлемге өмір тарататын, сол өмір үшін
өліммен айқасатын, қауіптің алдында қорқып иілмейтін, өзінің ұлылығын
сезінетін, әрі мейірбан, әрі айбатты күрескер, өршіл, өжет ананың образы.
Осы образ қазақ әдебиетіне өзінің үлкен сонылығын, жаңа сипатын, әсерлі
күшін алып келген. Ғ.Мүсіреповтің новеллаларындағы Қапия, Нағима, Наталья,
Ақлима секілді аналар өздерінің тәлім-тәрбиелік қуаты мен ерлігі жағынан
үлкен күрескер адамдармен бара-бар тұрады. Ғ.Мүсіреповтің әңгімелері мен
новелларында, очерктерінде жасалған адамдар бейнесін аналардың өшпес
тұлғалары байыта түседі.
Алайда, тақырыпық ұқсастық пен идеялық үндестігін біріктірген осы
новеллалардың жазылу тәсілдері мен мәнерлері түрлі-түрлі. Ананың анасы
деп аталған новеллада автор есте жоқ ескі заманның, жаугершілік дәуірдің
бір қатал оқиғасын қайта жаңғыртып баяндайды. Бір елді бір елдің шауып
алуы, шекарасын бұзып, халқын, мал-мүлкін талауы үздіксіз жүріп тұрған сол
бір қатал заманда да әйелдің ұлылығына бас иген адамдар болғандығын айтқысы
келген. Жазықсыз елді шауып, жас қызды тұтқынға алып бара жатқан озбыр
жаулаушыларды қыздың анасы дәлелді сөзбен тоқтатып, даналықпен жеңеді.
Ертеде кімді-кім жауламаған, кімге-кім зәбір көрсетпеген. Оның бәрі
бірдей көркем әдебиет кестесіне лайық келе бермес. Аңыздан біз талай-талай
дана қарияның да, тапқыр баланың да әңгімелерін естігенбіз. Соның бірі -
әлгі айтқан, тұтқындалып кетіп бара жатқан қызды алып қалған ананың
әңгімесі. Ал осы қарапайым әңгіме осыншама үлкен идеялық көркемдік мазмұнға
қалайша ие болды? Мұның себебі социалистік реализм әдебиетінің табиғатынан,
жазушының шеберлігінен, революциялық романтикалық дүниетанымынан іздеу
керек [ 2, 24 б.].
30-жылдарда қазақ әдебиеті жаппай өрлеу, көркею жолын кешті.
Жазушылар өткен өмірдің де өз заманының да оқиғаларын бейнелеу үстінде
бәрінен бұрын бір мәселеге айрықша көңіл бөлді. Бұрыннан бекіп қалған ескі
салт-сананы, көне әдет-ғұрыпты кім бұзса, зорлыққа, қорлыққа кім көнбесе,
халықты, көпшілікті кім қадірлей білсе, өз намысын, ел намысын кім қорғай
білсе – соның бәрі әдебиетіміздің қалаулы қаһарманына айналды. Аңыздағы
аналарды Ғ.Мүсіреповтің құрметтейтіні – сол аналардың өжеттігі, адамшылық
үшін күрестері, жоғары саналылығы. Бұлар жазушы үшін әйел теңдігіне әлі де
болса немқұрайлы қараушылықтан арылып болмаған кезде аса қажет, төңкерістік
әсері бар мәселелер еді [ 2, 25 б.].
Қорлыққа көнген, қасірет шеккен әйелдердің шерлі күйін ертеде қай
жазушы жазбап еді? Бірақ кеңес жазушысына керегі – ондай зарыққан,
қамыққандары емес, өмірдің әділетсіздігіне қарсы күресе білетін, жаңа
тұрмыс құруға мінезімен, ісімен, өршілдігімен септесе білетін әйелдер. Ана
туралы әңгімелердің дүниеге келуі – замана талаптарына байланысты.
Әдебиеттің өмір қажеттігінен туатындығы, оның әрдайым белгілі
тенденцияларға қызмет ететіндігі осыдан да айқын көрінсе керек.
Ашынған ана новелласы 1916 жылдың оқиғасына байланысты бір эпизодты
суреттеуге арналған. 16 - жыл әкелген қасірет Қапия ананың иығына батқан.
Оның жан дегенде жалғыз баласы ұлы қара жұмысқа алынатын болады. Содан
Қапия барлық айла-амалды, әрекетті қолданып, қалайда баласын аман алып
қалуды көздейді. Осы жолда талай азаптар шегеді. Қатты бұлқынған ашу
үстінде болысқа және оның қасындағыларына қарсы пышақ та жұмсайды. Көп
уақыт абақтыда қамалып жатады. Бірақ ешқандай күш оның жігерін жасыта
алмайды. Міне, балаға деген сүйіспеншілік зорлыққа қарсы өшпенділік
қарапайым ананы орасан ерліктерге алып барған.
Бұл әңгімеде үстем тап өкілдерінің зорлықшыл кескіндері де анық
суреттеледі. Солардың бірі – Алтыбас. Ол әңгімеде азулы, қара күштің иесі
болып көрінеді. Есігінде көптен қызмет еткен, малын бағып күлін шығарып
жүрген Қапия жесір әйелдің баласының тапқан ақысын да түгел бермейді. Қайта
ақысын сұрағандығы үшін ашуланып, жас баланы солдатқа жаздырады. Баласы
үшін ара түсіп жалынған Қапияны мазақ етеді. Алтыбастың бойына үстем тапқа
тән қатал, қайырымсыз мінездер жинақталып берілген. Новелланың соңында
келтірілген мына сөздер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz